• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Доктринальный анализ признаков объективной стороны уголовных правонарушений, посягающих на экологическую безопасность в контексте нового Уголовного кодекса Республики Казахстан»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Доктринальный анализ признаков объективной стороны уголовных правонарушений, посягающих на экологическую безопасность в контексте нового Уголовного кодекса Республики Казахстан»"

Copied!
10
0
0

Толық мәтін

(1)

Каражанов М.Д., Жампеисов Д.А.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі контекстінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарының белгілерін доктриналды талдау

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының күшіндегі жаңа қыл­

мыстық кодексі контекстінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарының белгілерін доктриналды талдау жасалған. Мақала авторлары осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағын өз көз­

қарастары жағынан ашқан. Қылмыстық заңанаманы экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтары бойынша ары қарай жетілдірудің нұсқаулары берілген.

Түйін сөздер: экологиялық қауіпсіздік, экологиялық қылмыс­

тық құқық бұзушылықтар, экологиялық қылмыстық құқық бұзу­

шылықтардың объективтік жағы, объективтік жақтың белгілері, доктриналды талдау.

Karazhanov M.D., Zhampeissov D.A.

Doctrinal analysis of the actus criminal offenses encroaching on ecological safety in the context of the new Criminal Code of the Republic of Kazakhstan

In this article the doctrinal analysis of the actus criminal offenses en­

croaching on ecological safety in the context of the new Criminal Code.

The author gives his vision of the objective side of these criminal offenses.

Recommendations for further improvement of the criminal law as part of the objective side of the criminal offenses encroaching on ecological safety.

Key words: ecological safety, environmental criminal offenses, the ob­

jective side of the criminal offenses of the actus, doctrinal analysis.

Каражанов М.Д., Жампеисов Д.А.

Доктринальный анализ признаков объективной стороны уголовных правонарушений, посягающих на экологическую безопасность в контексте нового Уголовного кодекса Республики Казахстан

В данной статье проводится доктринальный анализ признаков объективной стороны уголовных правонарушений, посягающих на экологическую безопасность в контексте действующего нового УК РК. Авторами дается свое видение объективной стороны данных уголовных правонарушений. Даны рекомендаций для дальнейшего совершенствования уголовного законодательства в рамках объективной стороны уголовных правонарушений, посягающих на экологическую безопасность.

Ключевые слова: экологическая безопасность, экологические уголовные правонарушения, объективная сторона уголовных пра­

вонарушений, признаки объективной стороны, доктринальный анализ.

(2)

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты, Қазақстан Республикасы, Семей қ.

*E-mail: [email protected]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ КОНТЕКСТІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҚТАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІН ДОКТРИ-

НАЛДЫ ТАЛДАУ

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарын доктриналды тал- дау жасау үшін оның міндетті және факультативтік белгілерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарай ашудан бастау керек.

ҚР ҚК-нің 324-бабында объективтік жақ үш міндетті белгіден тұрады:

Іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), яғни табиғи ресур- старды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды немесе өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу немесе реконструк- циялау, пайдалануға беру немесе пайдалану, өнеркәсiп, энерге- тика, көлiк немесе байланыс объектiлерiн, ауылшаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалаларды не басқа да елдi мекендердi салу кезiнде әскери не- месе қорғаныс объектiлерiне, әскери немесе ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу;

зардап – қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса не- месе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе;

осылардың арасындағы себептік байланыс [1].

Осы баптың диспозициясы барлық экологиялық қыл- мыстардағы сияқты бланкеттік болып келеді және әртүрлі қоршаған орта саласындағы актілерге сілтейді.

ҚР ҚК-нің 246-бабында экологиялық талаптар бұзылуы мүмкін болатын жұмыстар түрлері көзделген.

Осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрастыру заң ғылымдарының кандидаты Т.Е. Недураев пікірінше, заң шығарушы экологиялық қауіпсіздікті өндірістің барлық саты- ларында объектілерді жобалау, пайдалануға беру мен пайдала- нуды қамтамасыз етумен сипатталады, – деп көрсетеді [2].

Заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Дубовиктің заң шығарушы экологиялық талаптардың бұзылуы кезінде жұмыстардың ашық тізімін береді деген пікірімен де келісе алмаймыз [3]. Заңда көзделген заңдық құрылым жартылай ғана, себебі объектілерді пайдалануға беру мен пайдалану реттелген де, ал пайдаланудан кейінгі кезең реттелмеген. Осы жағдайға байланысты, Семейдегі керосин көлі туралы мы- салдан, пайдаланудан кейінгі кезеңде де адам денсаулығына,

(3)

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі контекстінде экологиялық ....

қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілуі мүмкін ғой. Оны экологиялық сараптама жасау жолы- мен қоғамға қауіптілік деңгейін анықтайды. Бұл тек объектілерді пайдаланудан кейін ғана мүм- кін болады. Алайда, тек осында ғана адамның денсаулығына қандай зиян келтіргенін біле ала- ды: орташа, ауыр зиянды.

Осы бапқа қатысты, барлық нормативтік актілерді және соттардың нормативтік қаулы- ларын талдау нәтижесінде жеке жұмыс түрлері бойынша қалай экологиялық талаптар бұзыла- тындығы жөнінде нақты түсініктеме көрсе- тілмеген.

Сондықтан, осы бұзылатын қызмет түрлерін қарастырып түсініктеме беруді жөн көрдік.

Жобалау – жобаны, мүмкін болатын объектіні жасау процесі. Заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің пікірінше, жо- балау – объектіні жасау, қалпына келтіру немесе толық жөндеу бойынша жобалау құжаттамасын және оны техника-экономикалық дәлелдеу негізінде жасау қызметі [4].

Алайда, И.Ш. Борчашвилидің пікірі бой- ынша ҚР ҚК-нің 324-бабы жобалаудың барлық аясын емес, тек қана архитектуралық-құрылыс саласындағы жобалауды ғана қамтиды. Ал жаңа жобалау түрлерін мәселен, еңбек процестерінің, экологиялық, әлеуметтік, генетикалық тағы басқа жобалауларды қамтымайды. Заңға жүгінсек, Қазақстан Республикасының Экологиялық ко- дексінің 47-бабында экологиялық сараптама объектілері белгіленген, оның ішінде жоба- лау кезінде қандай мүмкін болатын қызмет түрлері анықталған: «қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жоба- лау құжаттамасы; қоршаған ортаға эмиссия- лар нормативтерiнiң жобалары; iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жоба- лары; жер қойнауын пайдалану жөніндегі опе- рацияларды жүргізуге арналған келісімшарттар жобалары; ерекше қорғалатын табиғи аумақ- тарды құру және кеңейту, республикалық ма- ңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жара- тылыстану-ғылыми және техникалық-экономи- калық негіздемелердің жобалары» [5].

Сондықтан, жобалау кезінде зардап орын ал- майды, ол тек зардап болу қаупін тудырады. Сол

себептен заң шығарушы ҚР ҚК жобасында осы ерекшелікті сондықтан ескерген деп санаймыз.

Мұндай жағдайда, заң ғылымдарының док- торы, профессор Н.А. Лопашенко пікірімен келісуге болады, жобалау кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы келесі сатыларда эко- логиялық талаптар бұзылмаса да, заңда көздел- ген зардаптарға әкелуі мүмкін, – деп көрсетеді [6].

Әрекетсіздік түріндегі тәртіп мүмкін бо- лады, егер міндеттер жүктелген адам, өзінің қызметтік міндеттерін орындамағанда орын ала- ды. Мәселен, тазарту құрылғыларына жауапты адам оны жөндеу, тазалау және бақылау бойын- ша қызметті орындамаса мүмкін болады.

Әрекет немесе белсенді тәртіп жауапты адаммен объектілерді жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру, пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздік бойынша ережелерді тиісті орындамаса орын алады.

Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде эко- логиялық талаптардың бұзылуы тікелей Эко- логиялық кодекспен айқындалады. Оларға: қор- шаған ортаға антропогендік жүктеменің рұқсат етілген нормативтерін есепке алмау; қоршаған ортаны ластаудан алдын алу бойынша іс- шаралардың жобада болмауы; табиғи ортаны қалпына келтіру бойынша талаптарды орында- мау; ғимараттар мен құрылыстарды және өзге объектілерді бекітілмеген жобалар негізінде салу және жаңғырту тағы сол сияқтылар жа- тады.

Жобалау кезінде бұзылуы мүмкін шаруа- шылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республика- сының Экологиялық кодексінің 198-бабында белгіленген: «Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауылшаруашы- лығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйеле- рiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, техноло- гиялық процестердi, бұйымдар мен жабдық- тарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде:

қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы;

қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы; қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;

қоршаған ортаны ластауды алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы; табиғи ресурстар- ды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс» [5]. Осы қойылған экологиялық талап- тарды бұзса, онда ҚР ҚК-нің 324-бабындағы кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау кезінде талаптардың бұзылуы орын алады.

(4)

Орналастыру – бір нәрсені жүйеге келтіру тәртібі [7]. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.Д. Курченко орналастыру деп жоспарланған ғимараттардың белгілі орынға белгіленуі, ал- дын ала белгіленген органдармен құжаттаманы және орналастыру орны бойынша келісім жасауға бағытталған ұйымдастырушылық іс- шаралардың жасалуын көздейді [8]. Заң ғы- лымдарының докторы, профессор И.Ш. Бор- чашвили объектіні орналастыру деп белгілі аймаққа кеңістіктік оны қалыптастыру бойынша қызметті түсінеді [4].

Сонымен, қылмыстық-құқықтық сипатта объектіні орналастыру ғимараттарды, үй-жай- ларды, жолдарды тағы басқа белгілі бір жер учаскесінде қалыптастыру бойынша қызмет.

Орналастырудың экологиялық талаптары тағы да Қазақстан Республикасының Экология- лық кодексінің 201 және 205-баптарында бел- гіленген. Қазақстан Республикасының Эколо- гиялық кодексінің 201-бабында Кәсiпорындар- ды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талап- тар көзделген: «Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын жерлердi айқындау қоршаған ортаны қорғаудың шарт- тары мен ережелерi сақтала отырып, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдар- лары ескерiлiп жүргiзiледi. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орна- ластыру кезiнде күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары белгiленедi» [5].

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 205-бабында атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар көзделген: «Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттiк экологиялық және санитарлық- эпидемиологиялық сараптамалардың оң қоры- тындысы болғанда жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пай- далануды қауiпсiз түрде шығаруды қамтамасыз ететiн шешiмдердi, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс. Атом электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде Қазақстан Респуб- ликасының заңнамасына сәйкес толық радиа- циялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiн- дегi шаралар қабылданады. Жылу электр стан- цияларының iргелес аумақтың ауа бассейнiнiң жай-күйiне зиянды әсерiн шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбiр энергетика ұйымы (және оның әрбiр ластаушы көзi) үшiн жылу электр

станциясының экологиялық қауiпсiздiгiн қам- тамасыз ететiн бақылау көрсеткiштерi (секун- дына грамм есебiмен) және жылдық норматив- тер (жылына тонна есебiмен) белгiлеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүр- гiзiледi. Бақылау көрсеткiштерiн (секундына грамм есебiмен) есептеу және қоршаған орта- ға эмиссияларды азайту жөнiндегi тиiстi iс- шараларды әзiрлеу жылу электр станцияла- ры жабдықтарының жоспарланып отырған ең жоғары өнiмдiлiгiн негiзге ала отырып (жо- спарлы жөндеудi, резервке шығаруды ескере отырып) жүргiзiледi. Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде тиiстi өңiрлердiң электр энергиясына нақты қажеттiгi, аумақтың сейсмикалығы мен объектiнi орна- ластыруға арналған жердiң рельефi, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулi түрдегi терiс өзгерiстердi болғызбауды қамтамасыз ететiн ормандар мен жерлердi сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын тиiмдi қорғау жөнiндегi шаралар толық ескерiлуге тиiс. Жо- балану және салыну үстiндегi электр станци- ялары үшiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн сақтау оларды пайдалануға қа- былдау кезiне қарай қамтамасыз етiлуге тиiс»

[5].

Салу – жаңа кәсіпорындардың, объектілердің пайда болуына әкелетін, сондай-ақ оны жаңғырту және толық жөндеу бойынша қызмет. Салуға әрекет ретінде өндірістік және өндірістік емес сипаттағы кәсіпорындар мен құрылыстарды жа- сауды жатқызамыз.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 202-бабында салу мен жаңғыртуға байланысты экологиялық талаптар көзделген.

«Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық және санитарлық- эпидемиологиялық сараптамалардың оң қоры- тындылары болғанда және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асы- рылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға залал келтiре отырып, өзгертуге жол берiлмейдi. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған орта- ны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс. Жоба бекiтiлгенге дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға тыйым салынады» [5].

Пайдалануға беру – толық көлемде құрылыс объектісін салу, жаңғырту, толық жөндеуді

(5)

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі контекстінде экологиялық ....

бекітетін қызмет. Бұл қызмет нормативтік ак- тілермен реттелген дайын объектіні беру және алу бойынша қызметті қамтиды.

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi. Қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсызданды- ру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ор- таны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекуль- тивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құры- лыстарды және өзге де объектiлердi пайдала- нуға тыйым салынады [5].

Пайдалану – көзделген мақсаты мен қол- данылуы бойынша өндірістік және өндірістік емес объектілерді қолдану.

Пайдалану кезінде қоршаған орта сала- сындағы бекітілген технология мен талаптарды сақтау керек.

Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауылшаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген тех- нологиялар, қоршаған ортаның ластануын бол- дырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла оты- рып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс [5].

ҚР ҚК-нің 324-бабында көзделген нор- мадан заң шығарушы «өзге объектілер» де- ген сөзді қолданып, олардың тізімін ашық қалдырды. Сондықтан, бұл объектілерге өнді- рістік емес мақсаттағы ғимараттарды, құры- лыстарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын, қорғаныс объектілерін жат- қызуға болады.

Қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі қоршаған ортаға ірі за- лал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе зардаптардың орын алуы табы- лады [9].

ҚР ҚК-нің 324-бабы онда көзделген бір зар- дап немесе бірнеше зардаптар болғанда ғана аяқталған болып саналады.

ҚР ҚК-нің 3-бабының 2-бөлігінде ірі залал – айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері.

Егер ҚР ҚК-нің 324-бабының зардаптарын саралау кезінде өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер неме- се су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн жағдай орын алса онда олар ҚР ҚК-нің 169-бабы «Эко- цид» бойынша саралануы тиіс.

Адамның денсаулығына зиян – жеңіл, орта- ша, ауыр болып келтірілуі тиіс.

Іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік байланыс міндетті түрде болуы тиіс. Тек осы іс- әрекеттер ғана, осындай зардап тудыруы тиіс.

Сондықтан, зиянды зардаптар өзге факторлар- дан пайда болмағанын ескеру керек, сондай- ақ аса қажеттілік жағдайында жасалғанына да көңіл бөлген дұрыс болады.

ҚР ҚК-нің 324-бабының 2-бөлігінде міндетті белгі ретінде зардап – қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Аса ірі залал деп 324, 325, 326, 328, 329 , 330, 332, 333, 334, 337 және 343-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі. Ал қалған зардаптар ауыр зардаптар қатарына жатқызылады.

ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігінің объек- тивтік жағы экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттар- ды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдала- ну немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса не- месе адамның денсаулығына зиян келтiрсе деген норма қамтиды [1].

Бұл баптың диспозициясы бланкеттік болып табылады және қажетті күшіндегі экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық неме- се биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптардың белгілейтін заңнамаға жүгіну керек.

Осындай экологиялық талаптарды Қазақ- стан Республикасының Экологиялық кодексінің 40-тарауы белгілейді. Бұл нормалар 280-282 баптарды қамтиды. Ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттарды, оның ішінде генетикалық

(6)

түрлендірілген организмдер мен өнімдерді өн- діру мен пайдалану жөніндегі операциялар ба- рысында:

1) өндіру, сақтау, тасымалдау және пайда- лану процесінде қоршаған ортаға әсер етудің шекті жол берілетін белгіленген нормативтерінің орындалуы;

2) оларды қолданудың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.

3) оларды қолданудың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы;

4) генетикалық түрлендірілген өнімдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкі- летті орган және халықтың санитарлық-эпи- демиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат берген тізбе шеңберінде ғана пайдаланылуы қамтамасыз етілуге тиіс [5].

ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігінде көз- делген әрекеттердің анықтамасын көздейтін Қазақстан Республикасында радиоактивті заттар мен қалдықтардан басқа, қалғандары бойынша бірде бір нормативтік акті жоқ.

Ол ұғымдарды анықтау тек заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің қыл- мыстық кодексе түсініктемесінде берілген.

Оларды ресейлік ғалымдардың пікірлерімен салыстырмалы беріп, белгілі тұжырымға келеміз.

Өндіру – бұл өндірістік-технологиялық про- цесс, оның нәтижесінде химиялық, биологиялық және радиоактивті заттар пайда болады. Ре- сей ғалымы Э.Н. Жевлаков өндіруге қауіпті қалдықтарды жоймау, залалсыздандырмау, олар- ды жинақтауды айтады [10]. Алайда, өндіру қандай да бір жаңа заттардың пайда болуы сипаттаған соң қалдықтарға қатысты сұрақтар бұл норма көлемінде реттелмейді, себебі нор- маның мазмұны тек көзделген заттар тізімін ғана қамтиды.

Тасымалдау – бұл көлік түрлерімен (авто- көлік, теміржол, әуе, су, құбыр көлігі) ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды көшіру табылады.

Сақтау – экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды тұлға иелігінде ұстау (қоймада, өндірістік жайда тағы сол сияқтылар). Заң ғылымдарының кан- дидаты, доцент Ю.А. Тимошенко пікірінше, сақтау қалдықтар мен заттарды кейін көму мақсатында орналастыру түсініледі [11]. «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан

Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңының 1-бабына сәйкес сақтау – радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды пайда- лану, қайта өңдеу немесе көму үшiн қайтарып алу мүмкiндiгiн көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның iшiнде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру [12].

Көму – заттарды суға немесе жерге енгізіп қалдыру. «Атом энергиясын пайдалану тура- лы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңының 1-бабына сәйкес көму – ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қал- дықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орнала- стырылуы [11]. Осы ұғымды Ю.А. Тимошенко да қолдайды, ол көму ретінде қолдану мақсатынсыз арнайы сақтау орындарында, адам қолы жетімсіз жерлерге орналастыруды түсінеді [12].

Пайдалану – қоршаған орта мен адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзумен экологиялық қауiптi химиялық, радио- активтi және биологиялық заттарды қолдану.

Өзге жұмыс істеу – бұл уәкілетті органдардың рұқсатынсыз заттарды алу, беру, тастау және жою деп түсіндіріледі. Ресей Федерациясында өзге жұмыс істеуге «Өндіріс пен тұтыну қалдықтары туралы» 1998 жылдың 24 маусымындағы №89 Ресей Федерациясының Заңының 1-бабының мазмұнынан жинауды, залалсыздандыруды, қат- тау, жою жатады.

Бұл анықтамалар салыстырмалы-талдау жо- лымен берілген болатын біздің заңнамада осындай анықтамаларда келіспеушіліктер бол- мауы үшін Қазақстан Республикасының Эколо- гиялық кодексінің осы бөлігіне «Атом энер- гиясын пайдалану туралы» Қазақстан Респуб- ликасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңы мен «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі тура- лы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №302 Заңына осы ұғымдардың анықтамасын енгізген жөн деп санаймыз. Бұл жағдай құқық қолдану қызметінің тиімділігін көтеруге үлкен үлесін қосады және осы баптың диспозициясы бланкеттік болуына байланы- сты әрбір нақты жағдайда қандай экологиялық талаптар бұзылатындығын анықтауға көмек- теседі.

ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігіндегі қыл- мыс құрамы материалдық, яғни зардаптар орын алса ғана аяқталады.

Қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса не- месе адамның денсаулығына зиян келтiрсе ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.

(7)

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі контекстінде экологиялық ....

Адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса ең даулы сұрақтардың бірі болған еді.

Жаңа қылмыстық заңнама осы мәселені шешті нақты ҚР ҚК-нің 3-бабының 2-тармағында 325, 326, 328, 335, 337 және 342-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі деп көрсетеді.

ҚР ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігінде қоршаған ортаға ірі залал келтірген не келтiру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған әрекеттер үшін жауаптылық көзделген [1].

Сонымен қатар, осы баптың диспозиция- сында қылмыстың жасалу жағдайы міндетті белгісі ретінде қаралады – төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалу табылады. Бұл ұғым экологиялық құқықтағы екі ұғымды толық қамтыды деп санаймыз. Оның біріншісі төтенше экологиялық жағдай, ал екіншісі экологиялық зілзала аумағы.

ҚР ЭК-нің 173-бабында оған анықтама берілген: «төтенше экологиялық жағдай – шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде қоршаған ортада халықтың денсаулығына, та- биғи экологиялық жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай- күйiне қауiп төндiретiн тұрақты терiс өзгерiстер болатын аумақ учаскесiнде туындаған эко- логиялық ахуал» [5].

Отандық экологиялық заңнамада экология- лық зілзаланы атап өткен (ҚР ЭК-нің 173-бабы).

Экологиялық зiлзала – шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процес- терi нәтижесiнде халықтың денсаулығының едәуiр нашарлауына, табиғи экологиялық жүйе- лердiң бұзылуына, өсімдіктер мен жануар- лар дүниесi жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған қоршаған ортаның орны толмас, терең өзгерiстерi болған аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал [5].

Осындай жағдай қиындық туғызбау үшін экологиялық ахуал аумағына анықтаманы эко- логиялық кодексте жіктеп беру керек, себебі бұл құқық қолдану практикасында қиындықтар туғызады.

ҚР ҚК-нің 325-бабының 3-бөлігінде міндетті белгі ретінде зардап – қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың

жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

ҚР ҚК-нің 325-бабында көзделген қылмыс құрамы саралау кезінде қылмыстық жауапты- лықты жоққа шығаратын мән-жайларды, оның ішінде: аса қажеттілік, орынды тәуекел және бұйрықты немесе өкімді орындауды ескерген жөн.Бұл зардаптар ҚР ҚК-нің 3-бабының 3-тар- мағына сәйкес ауыр зардаптар қатарына кір- гізілген.

Сондықтан, ҚР ҚК-нің 324-бабын саралау кезінде келтірілген зиян басқа амалдармен жой- ыла ала ма, тыйылған қауіп пайда болған қауіп деңгейі мен сипаты жағынан жоғары болды ма осыны дәлелдеу керек болады.

Тәуекелмен байланысты жаңа өндірістегі тәжірибелерді де қылмыстық құқық бұзушылық деп санауға келмейді, себебі осы жерде жасалған процестердің заңды екенін дәлелдеу керек. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне не- месе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске не- месе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды (ҚР ҚК-нің 36-бабы).

Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттардың ай- налымы кезінде экологиялық талаптарды бұзу кезінде қылмыс екенін жоятын мән-жайдың тағы бір түрі бұйрықты немесе өкімді орындау болып табылады (ҚР ҚК-нің 38-бабы). Технологиялық процестермен анықталған іс-әрекеттерді орын- даушы адам формальды заңда, жоғары заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге қайшы келетін болса да, қылмыстық жауаптылыққа тар- тылмауы тиіс.

ҚР ҚК-нің 326-бабының 1-бөлігінің объек- тивтік жағы – микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе уытты зат- тарды жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу не оларды қайта өңдеу, сақтау немесе көму үшiн Қазақстан Ре- спубликасына заңсыз әкелу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса жауаптылыққа әкеледі [1].

Осыған байланысты заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Дубовик пікірі өзекті, ол осы қылмыстық құқық бұзушылық затымен жұмыс істеу кезінде өзінше ерекше объективтік жақты құрайды, – деп көрсетеді. Барлық әре- кеттер мен әрекетсіздік олармен жұмыс істеу кезінде оның тәртібін бұзады [3].

(8)

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 42-тарауында өндіріс және тұтыну қалдықтармен жұмыс істеу барысында жинап қою, жою немесе көму көзделген, бірақ нақты осы қылмыс затына қарасты микробиологиялық не- месе басқа да биологиялық агенттер немесе ток- синдер бойынша бұл талаптар көзделмеген екен.

Сондықтан, осындай экологиялық талаптарды енгізген дұрыс болады. Осы жерде, біз Э.Н. Жев- лаков пікірмен келісеміз, ол микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi неме- се токсиндермен жұмыс істеу барысында эко- логиялық талаптарды белгілейтін арнайы нор- мативтік-құқықтық акті жоқ деп көрсеткен [10].

Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн заңсыз әкелу Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы рұқсатымен жүзеге асырылады. Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыз- дандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер им- портына тыйым салынады [5].

ҚР ҚК-нің 326-бабының 2,3 бөліктері көзделген 325-баптағы сияқты зардаптар пайда болғанда ғана жауаптылыққа әкеледі.

ҚР ҚК-нің 327-бабының 1-бөлігінің объек- тивтік жағы келесі белгілермен сипатталады:

іс-әрекет – ветеринариялық қағидаларды бұзу;

зардап – эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы керек;

себептік байланыс – іс-әрекет пен зардап ара- сында болу керек.

Аталған норма бланкеттік сол себептен, ветеринарлық ережелер «Ветеринария тура- лы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңымен реттеледі. Осы Заңның 1-бабының 8-тармағында орысша тұп- нұсқасында «ветеринарные правила», ал қазақша нұсқасында «ветеринарлық қағидалар» деген сөз қолданылады, бұл аудару терминдік кемшілік, себебі ҚР ҚК-де ветеринарлық ережелерді бұзу туралы сөз көтеріліп отыр сондықтан осы кемшілікті түзету қажет.

Ветеринария туралы Заңның 1-бабына сәй- кес ветеринариялық (ветеринариялық-санита- риялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринария- лық-санитариялық бақылау объектілеріне қойы- латын ветеринариялық (ветеринариялық-санита- риялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің не- гізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұл- ғалардың орындауы үшін міндетті болып табы- латын нормативтік құқықтық акт [13].

Ветеринарлық ережелерді бұзу әрекет (ауру жануарларды әкелу және әкету) және әрекетсіздік (аурулардың алдын алу іс-шараларының сақ- талмауы) түрінде бола алады. Осы қылмыс аяқталған болу үшін көзделген зардаптар орын алуы тиіс.

Ветеринария туралы Заңның 1-бабына сәйкес эпизоотия – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы.

Жануарлардың аса қауіпті аурулары – уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең тарала- тын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары.

Жануарлардың жұқпалы аурулары – жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары [13].

ҚР ҚК-нің 327-бабының 2-бөлігінде объек- тивтік жақ келесі белгілермен сипатталады:

Іс-әрекет – өсiмдiктердiң аурулары мен зиян- кестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қа- ғидаларды бұзу;

Зардап – ауыр зардаптарға әкеп соқса;

Себептік байланыс – іс-әрекет пен зардап арасында болуы тиіс.

Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелер

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Рес- публикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 Заңымен реттеледі. «Өсімдіктерді қорғау тура- лы» Заңның 1-бабына сәйкес өсiмдiктердi қорғау – өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысыра- бын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс- шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы. Зиянды организмдер – топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары. Ерекше қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары [14].

Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелер деп өсімдіктер дүниесін аурулардан, зиянкестер- ден, эпифитотийдің таралуынан қорғау, сондай-

(9)

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі контекстінде экологиялық ....

ақ агротехникалық, химиялық, мехаикалық және биологиялық алдын алу шаралары мен карантинді ережелерді түсіну керек. Осын- дай ережелерді бұзу әрекет және әрекетсіздік (зиянкестерді жою бойынша іс-шаралар қабыл- дамау) түрінде де болады.

Осы іс-әрекеттер ауыр зардаптарға әкелгенде ғана қылмыстық жауаптылық орын алады.

Ұқсас екі қылмыста ҚР ҚК-нің 327-бабының 1-бөлігінде «өзге де ауыр зардаптар», ал 2-бөлігінде «ауыр зардаптар» деген сөздер қолданылады. Осы жағдайға И.Ш. Борчашви- ли, Н.А. Лопашенко, А.Г. Князев, Д.Б. Чураков сияқты ғалымдар көңіл бөлген. Сондықтан, осы баптың 2-бөлігінде кез келген ауыр зардаптар орын алса болды, ал «өзге» сөзі қолданылмайды.

Алайда, осы жағдайда екі ұқсас қылмыста «ауыр зардаптар» деп көрсеткен дұрыс болар.

ҚР ҚК-нің 327-бабының 1,2 бөліктерінде де себептік байланыс анықталуы тиіс. Заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Ду- бовик пікірінше, зардаптардың орын алуы табиғи және кездейсоқ факторларға байланы- сты болуы мүмкін немесе басқа құқыққа қайшы әрекеттермен де [3].

ҚР ҚК-нің 343-бабының 1-бөлігінің объек- тивтік жағы – экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру іс-шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың мұндай іс-шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi үшін жауаптылық көзделген [1].

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы фор- мальды болады, яғни аталған іс-шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың мұндай

іс-шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi кезіне бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталады.

Әрекетке сипаттама беру барысында заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Бор- чашвили зарарсыздандыру деп әртүрлі заттар мен құрылыстар үстінен радиоактивтік қалдық- тарды жоюды айтады. Ол толық және ішінара болуы мүмкін. Ішінара зарарсыздандыру кезінде радиоактивті жұғу деңгейі төмендейді, ал то- лық зарарсыздандыру кезінде оның әсері адам денесіне минималды болады [4].

ҚР ҚК-нің 343-бабының 2-бөлігінің объек- тивтік жағы – адам өліміне әкелу қатерін туғыз- ған не адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан не ірі залал келтіргені үшін жауаптылық көзделген екен. Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы материалдық болады, көзделген зардаптардың бірі орын алуы керек.

ҚР ҚК-нің 343-бабының 3-бөлігінің объек- тивтік жағы адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына не аса ірі залал келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылықты көздейді.

Қылмыс аяқталған болып баптың диспози- циясында көзделген зардап орын алғанда бола- ды. Ол зардаптар жоғарыда толық талданып, сол баптардың тиімділігін көтеру мақсатында оның кемшіліктері ашылып жойылған еді.

Сонымен, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағына ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар құқық қолдану практикасының тиімділігі мен нормалардың жұмыс істеуін жоғарлатады деген сенімдеміз.

Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ //Adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.

2 Недураев Т.Е. Нарушение правил охраны окружающей среды пр производстве промышленных и иных работ [Электронный ресурс]: Дисс. ... канд. юрид. наук. Екатеринбург, 2005. Режим доступа: http://www.dissercat.com/content/

narushenie-pravil-okhrany-okruzhayushchei-sredy-pri-proizvodstve-promyshlennykh-i-inykh-rabo

3 Применение отвественности за экологические правонарушения: учебно-методическое пособие для практических работников /Отв. ред. О.Л. Дубовик. М.: Городец, 2007. – 544 с.

4 Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан (Особенная часть). Борчашвили И.Ш., доктор юридических наук, профессор, академик Академии естественных наук Республики Казахстан, заслуженный работник МВД Республики Казахстан. // http://adilet.zan.kz/rus/docs/T9700167_1_

5 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Кодекс. //«Заң» деректер базасы.

6 Лопашенко Н.А. Экологические преступления: Науч.-практич. Комментарий. – СПб.: Пресс, 2002. С.89-90.

7 Толковый словарь русского языка под редакцией Т.Ф. Ефремовой //http://www.slovopedia.com/15/208/1575524.html.

8 Курченко В.Д. Проблемы применения норм о преступлениях против экологической безопасности населения: дис.

...канд. юрид. наук. Волгоград, 2000. С.106.

9 Қаражанов М.Д. Экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың 2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» бойынша даму алғышарттары //«Интеллектуалдық ұлт:

(10)

ғылым, білім және инновация». IIІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Материалдары, 13 сәуір 2012.

– Семей: «Қайнар» (Семей) Университеті 2012. – 21-123 бб.

10 Жевлаков Э.Н. Уголовно-правовая охрана окружающей природной среды в Российской Федерации. – М.: Научно- исследовательский институт проблем укрепления законности и правопорядка, 2002 г. (с изменениями и дополнениями, 2004 г.) // СПС «Гарант».

11 Энциклопедия уголовного права. Т.23. Экологические преступления. – Издание профессора Малинина – СПб ГКА.

СПб, 2013. – 560 с.

12 «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі № 93 Заңы // Заң»

деректер базасы.

13 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы // «Заң» деректер базасы.

14 «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 Заңы // «Заң» деректер базасы.

References

1 Қazaқstan Respublikasynyn Kylmystyk kodeksi. Kazakhstan Respublikasynyn Kodeksі 2014 zhylgy 3 shildedegі № 226-V KRZ //Adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.

2 Neduraev T.E. Narushenie pravil ohrany okruzhajushhej sredy pr proizvodstve promyshlennyh i inyh rabot [Jelektronnyj resurs]: Diss. ... kand. jurid. nauk. Ekaterinburg, 2005. Rezhim dostupa: http://www.dissercat.com/content/narushenie-pravil-okhra- ny-okruzhayushchei-sredy-pri-proizvodstve-promyshlennykh-i-inykh-rabo.

3 Primenenie otvestvennosti za jekologicheskie pravonarushenija. Uchebno-metodicheskoe posobie dlja prakticheskih rabotnikov /Otv. red. O.L. Dubovik. M.: Gorodec, 2007. – 544 s.

4 Kommentarij k Ugolovnomu Kodeksu Respubliki Kazahstan (Osobennaja chast’). Borchashvili I.Sh., doktor juridicheskih nauk, professor, akademik Akademii estestvennyh nauk Respubliki Kazahstan, zasluzhennyj rabotnik MVD Respubliki Kazahstan.

// http://adilet.zan.kz/rus/docs/T9700167_1_.

5 Қazakstan Respublikasynyn Ekologijalyk kodeksі. Қazakstan Respublikasynyn 2007 zhylgy 9 қantardagy № 212 Kodeks.

//«Zaң» derekter bazasy.

6 Lopashenko N.A. Jekologicheskie prestuplenija: Nauch.-praktich. Kommentarij. – SPb.: Press, 2002. S.89-90.

7 Tolkovyj slovar’ russkogo jazyka pod redakciej T.F. Efremovoj //http://www.slovopedia.com/15/208/1575524.html.

8 Kurchenko V.D. Problemy primenenija norm o prestuplenijah protiv jekologicheskoj bezopasnosti naselenija: dis. ...kand.

jurid. nauk. Volgograd, 2000. S.106.

9 Karazhanov M.D. Ekologijalyk kauіpsіzdіkke karsy kylmystardyn 2004-2015 zhyldarga arnalgan «Қazakstan Respub- likasynyn ekologijalyk kauіpsіzdіk tyzhyrymdamasy» bojynsha damu algysharttary //«Intellektualdyk ult: gylym, bіlіm zhane in- novacija». IIІ-shі Halykaralyk gylymi-praktikalyk konferencija Materialdary, 13 sayіr 2012. – Semej: «Kainar» (Semey) Universitetі 2012. B.121-123.

10 Zhevlakov Je.N. Ugolovno-pravovaja ohrana okruzhajushhej prirodnoj sredy v Rossijskoj Federacii. M.: Nauchno- issledovatel’skij institut problem ukreplenija zakonnosti i pravoporjadka, 2002 g. (s izmenenijami i dopolnenijami, 2004 g.) // SPS

«Garant».

11 Jenciklopedija ugolovnogo prava. T.23. Jekologicheskie prestuplenija. – Izdanie professora Malinina – SPb GKA. SPb, 2013. – 560 s.

12 «Atom jenergijasyn pajdalanu turaly» Kazakhstan Respublikasynyn 1997 zhylgy 14 sauirdegі № 93 Zany // Zan» derekter bazasy.

13. «Veterinarija turaly» Kazakhstan Respublikasynyn 2002 zhylgy 10 shіldedegі № 339 Zany // «Zan» derekter bazasy.

14. «Osіmdіkterdі қorgau turaly» Kazakhstan Respublikasynyn 2002 zhylgy 3 shіldedegі № 331 Zany // «Zan» derekter bazasy.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

В связи с этим обосновано акцентирование внимания на проведении криминологи- ческого анализа уголовных правонарушений террористической направленности, так

Волонтерлық іс-әрекет әлі де фрагменттік сипат пен жүйелілікке ие болмауына қара-.. мастан, Қазақстан Республикасы азаматтары елдің

Среди уголовных правонарушений, признаваемых в качестве долж- ностных, по нашему мнению следует декриминализировать статью 363 Уголовного Кодек- са Республики

Эко ло гиялық қауіп сіз дік ке қол сұ ға тын қыл мыс тар дың объек ті сін анық тау мә се ле сі не // әл-Фа ра би атын да ғы Қа зақ ұлт тық уни вер си те ті нің Ха

Бірақ кейін қылмыстық ісін қысқартты, себебі қылмыстарды саралау барысында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 277-бабында көзделген

Осы жағдайда адамдар арасындағы қатынастар жеке адамға қарсы қылмыстар сияқты экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі ретінде

Оның өзінде соттар тек бір жағдайда ғана – егер сот белгілі бір іс бой- ынша қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт

Согласно статье 319 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее по тексту – ЭК РК), к видам экологических правонарушений относятся