цифрование обнаруживает растерянность героя перед действительностью, с которой он не в состоянии справиться при помощи цитат. Иро- ния автора возникает на переплетении цитат и городского сленга персонажа.
Следует подчеркнуть, решая сложную за- дачу речевой характеристики персонажа-рас- сказчика, Ю. Трифонов не стремится к натура- листическому воспроизведению прямой речи человека из интеллигентной среды, а создает внутренний монолог как форму повествования, подчиненную идейно-эстетическим задачам по- вести.
Подводя итоги, следует подчеркнуть, что
«интеллигентское просторечие», в отличие от традиционного термина «городское просторе- чие», имеет следующие основные особенности:
- «городское просторечие» в принятом тол- ковании характеризует речь «горожан среднего и молодого поколения, имеющих незаконченное среднее образование, не владеющих нормами литературного языка». «Интеллигентское про- сторечие», в нашем понимании, характеризует речь людей с высшим образованием, владеющих литературными нормами;
- употребление в речи образованных людей стилистически маркированных единиц, с одной стороны, приближает эту речь к разговорной (в особенности в ее синтаксическом построении), а с другой стороны, через стилистически сни- женные лексемы приближает их к городскому просторечию. Но с одной существенной оговор- кой: эти лексемы отличаются как качественно, так и количественно;
- качественное их отличие заключается в том, что стилистическое их снижение проис- ходит в рамках, допустимых литературным языком; количественное – в том, что сниженные
лексемы употребляются для усиления экспрес- сии и «языковой игры», а не являются пока- зателями невладения литературными нормами;
встречающиеся единичные просторечные слова и жаргонизмы употребляются на фоне лите- ратурной лексики, причем в основном при пере- даче диалогической речи.
_________________
1. Филин Ф.П. О структуре современного русского литературного языка // Вопросы языкознания. – 1973. – № 2. – С. 11.
2. Бондалетов В.Д. Социальная лингвистика. – М.:
Просвещение. – 1987. – С. 65.
3. Городское просторечие: Проблемы изучения // Сб.
статей. – М.: Наука. – 1984. – С. 188.
4. Крысин Л.П. Социолингвистические аспекты совре- менного русского языка. – М.: Наука. –1989. – С. 56.
5. Русский язык: Энциклопедия. – М.: Советская энциклопедия. – 1979. – С. 239.
6. Лингвистический энциклопедический словарь / Гл.
редактор В.Н. Ярцева. – М.: Сов. Энциклопедия. – 1990. – С. 402.
7. Жаналина Л.К., Аубакирова К.Т. Основы стилисти- ческого словообразования. – Алматы, 1999. – С. 47.
8. Девкин В.Д. О видах нелитературности речи //
Городское просторечие: Сб. статей. – М., 1984. – С.18.
9. Винокур Т.Г. Функциональная и социальная харак- теристика стилистических свойств высказывания в совре- менном русском языке // Социальная и функциональная дифференциация литературных языков. – М.: Наука. – 1977. – С. 317–318.
10. Русский язык и советское общество: Социолого- лингвистическое исследование. Морфология и синтаксис современного русского языка. – М.: Наука. – 1968. – С. 233.
* * *
«Әдеби тіл» әдеби нормаларға ие жоғары білімді адам- дардың сөйлеуін сипаттайтын, сонымен қатар озінің сөй- леуін күшейту үшін экспрессия, бағалау, мәнерлілік сияқты стилистикалық таңбалық бірліктерді қосатын тіл.
* * *
«Literary popular speech» characterizes speech of people with the higher education, owning literary norms, but including in the speech стилистически marked units for expression strengthening, оценочности, expressiveness.
Н. А. Оспанова
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЕҢЕУДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Теңеу - адамның рухани дүниесінің аса қуат- ты көріністерінің бірі. Ең алдымен ол ең пәр- менді ойлау формаларының қатарына жатады.
Теңеу таным құралы болумен қатар, эстетика- лық категориялардың да бірі болып табылады.
Олай болуы заңды да. Өйткені адамның көркем ойлауының, соған орай көркемдік танымының аса қуатты құралдарының бірі - көркем әде-
биетті теңеулерсіз көз алдына елестету мүмкін емес. Теңеу барлық халықтың фольклорында да, жазба әдебиетінде де кеңінен орын алып, әдеби персонаждардың портреттерін жасауда, табиғат көріністерін суреттеуде, кейіпкерлердің мінез- құлқын, іс-әрекеттерін сипаттауда, басқа да толып жатқан жай-жағдаяттарды баяндауда ұтымды стильдік тәсіл ретінде мейлінше мол
қолданылады. Ақын-жазушыны қинайтын «сөз азабының» бір ұшығы осы теңеулерге келіп тіреліп жататыны анық. Шығарманың идеялық мазмұнымен ұштасып, оның көркемдік өресімен ұласып жататын, сәтімен табылып, шебер қию- ласып тұратын, «тас бұлақтың суындай сыл- дырлаған өңкей келісім» дегеніміз шығарманың тілі, сол тілдің көркем өрнек, көшелі түйіндері - теңеулер. Мәселен, әдебиетші ғалымдар Абай поэзиясының тілі, оның жаңалығы, көркемдігі жайында сөз қозғағанда, оның «Кәркиден пілдей қуатына», «Арыстанның жалындай бұйра тол- қынына», «Піскен алма секілді тәтті қызына», I.Жансүгіровтің «Балға ашытқан қымыздай тәтті қызына», тұрақты теңеулердің моделі негізінде жасалған «Трактордай тепкінді ауыл, Электрдей екпінді ауылына», «Паровоздай қайратты ерлер, Зеңбіректей айбатты ерлеріне» көңіл аудармай өте алмаса керек. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің
«Ұялшақ көркем келіндей, Сүюге тосқан ерін- дей, Албырап тұрған қызыл гүл, Солды, қурап бұзылып» секілді тосын, тың теңеуі де өзінің жаңалық-ерекшелігімен мен мұндалап қол бұлғап тұр [1, 7б.].
Теңеу басқа лингвистикалық категориялар мен единицалардан өзінің логикалық құры- лымы, компаративтік семантикасы, стильдік функциясы және танымдық мүмкіндігі арқылы өзгешеленіп тұрады. Сонымен қатар теңеу тіл- дің барлық деңгейлерімен - фразеологиясымен де, сөз тудыру жүйесімен де, синтаксисімен де - тікелей қарым-қатынаста өмір сүреді.
Демек, теңеу тілдің барлық деңгейлерімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүретін, өзінің компаративтік мағынасы мен компаративтік функциясын сол деңгейлердің көмегімен жүзеге асыратын көпдеңгейлі (многоуровневый), күр- делі тілдік құбылыс болып табылады.
Теңеулер туралы жан-жақты ғылыми түсінік осы кітаптың соңғы сөзі ретіңде беріліп отырған профессор Т. Қоңыровтың зерттеуінде толық баяндалады.
Белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері - ұлттық харак- тердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды.
Сонымен, теңеу - көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялар- дың бірі. Сондықтан да теңеуді таным құралы ретінде философияда, стильдік әдіс ретінде әде- биеттану ғылымында, тілдің бейнелі конструк-
циясы ретінде тіл білімінде зерттейді. Теңеуді бұлайша жан-жақты зерттеп, оның логикалық, эстетикалық, лингвистикалық табиғатын егжей- тегжейлі сипаттау орыс ғылымында да, европа халықтарының ғылымында да бірсыдырғы дұ- рыс жолға қойылған. Л.И. Тимофеевтің «Әде- биет теориясының негіздері» жөніндегі оқулы- ғында теңеу былайша сипатталады: «Екі құбы- лысты бір-біріне жанастыра отырып, біреуінің қосалқы белгілері арқылы екіншісін сипаттай- тын троптың ең қарапайым, ең алғашқы түрі теңеу болып табылады». Ал И.В. Гутаров теңеу- ге мынадай анықтама береді: «Теңеу дегеніміз - суреттеуді неғүрлым көрнекі ету мақсатымен бір затты, үғымды күйі басқа бір заттармен, үғымдармен салыстыруға негізделген көркемдеу тәсілі». Тілдің бейнелеу тәсілдерінің семантика- сын зерттеуші орыс ғалымы А.И. Федоров теңеудің бейнелілік мәні туралы былай дейді:
«Теңеудің бейнелілік мәнісі бір-біріне жақын немесе біртектес белгілері бар екі немесе одан да көп затты, кұбылысты, әрекетті, сапаны са- лыстыруға негізделеді». «Түр-түсі, қасиеті мен мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас қүбылыстар- ды біріне-бірін тікелей салыстыруды теңеу дейді» - деген анықтама береді А.Т. Рубайло.
Мәселен, Л.И. Тимофеев теңеудің екі шегі бо- лып келетінін атап көрсетсе, Б.В. Томашевский оның үш мүшелі болатынын дәлелдейді, те- ңеудің семантикалық структурасының үш мү- шелі болатынын теңеуді лингвистикалық түрғы- дан зерттеушілер де қостайды. Ағылшын тілін- дегі теңеулік конструкцияларды зерттеуші С.М. Мезенин тілдің кез келген бейнелі тә- сілдерінің, соның ішінде теңеудің, семантика- лық структурасының үш компоненттен тұра- тынын атап көрсетеді. Олар: 1) теңеудің агенті, 2) теңеудің референті, 3) теңеудің модулі. Ло- гика ғылымында да теңеу категориясының бар екені белгілі. Рас, логикадағы теңеу мен тілдегі теңеу бір емес. Ондағы теңеу категориясы ойлау заңдылықтарына байланысты болғандық-ан, оның мазмұны мен өмір сүру формасы тілдегі теңеу категориясынан, әрине, басқа. Әйтсе де тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз органикалық бірлікте өмір сүретіндіктен, бұлардағы теңеу категорияларының жалпы структуралары бір- біріне ұқсас болады. Сол себепті логикалық те- ңеу де үш элементтен тұрады. «Теңеу (латынша - соmparito) формалды логиканың категориясы ретінде үш элементтің болуын қажет етеді.
Олар:
а) сипаттауды қажет ететін ұғым (соmpan- dum);
ә) сипаттаушы ұғым (соmpatum);
б) екі ұғымның арасында «көпір» қызметін атқаратын байланыстырушы элемент.
Жаңадан танылған және бұрыннан танылған нәрселердің арасындағы бұл ортақ нәрсе латын- ша tertum comparaitions деп, яғни салысты- рылған екі ұғымның арасындағы үшінші теңеу, үшінші өлшем деп аталады» [1, 13б.].
М.Б.Крепс те теңеудің үш мүшелі бола- тынын атап көрсетіп, ол мүшелерді өз тер- миндерімен атайды. Олар: сипатталушы мүше -
«тема», сипаттаушы мүше - «рема», салыс- тыруга негіз болган белгі - «теңеудіц негізі».
Осы үш мүшенің бірлігінен келіп теңеудің семантикалық структурасы шығады. Қазақ филологиясында бұл мәселенің мүлдем беті ашылмағаны белгілі. Соған орай, теңеу мүше- леріне берілген атаулар да жоқ, яғни қазақ тілін- де ол мүшелерді белгілейтін ғылыми терминдер жоқ. Біз жоғарыда теңеу мүшелеріне байла- нысты терминдердің бірнеше тобымен танысып өттік. Осылардың ішінде, біздіңше, көкейге қонымдылары, тілге жеңілдері, теңеу мүшелері- нің семантикалық табиғатын барынша ашып көрсететіндері - Б.В. Томашевскийдің термин- дері. Сол себепті де қазақ теңеу-нің семантика- лық структурасы үшін Б.В. Томашевскийдің терминдерін қолданған дұрыс. Сонымен, қазақ теңеулерінің семантикалық структурасын белгі- леу үшін Б.В. Томашевскийдің терминін қабыл- дап, соған орай қазақ теңеуінің мүшелерін бы- лайша атаймыз: 1) теңеудің сипатталушы мү- шесі немесе теңеудің предметі, 2) теңеудің си- паттаушы мүшесі немесе теңеудің образы, 3) предмет пен образға ортақ қасиет немесе теңеудің белгісі.
Біздің теңеулер жөніндегі бұдан былайғы баяндауымыздың барлығында да осы терминдер қолданылады.
"Тіл - халықтың бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры" деп Б.Момышұлы айт- қандай, тіл халықпен бірге жасасып отырады.
Тілді дамытып, көркемдік, бейнелілік сапасын күшейтіп отыратын әр халықтың көркем сөз шеберлері болады. Олар бейнелеу тәсілдері арқылы көркем әдебиетте өз іздерін қалдырады.
Осындай бейнелеу тәсілдерінің бірі теңеусіз бірде-бір прозалық не поэзиялық шығарманы кездестіре алмайсыз. Теңеу көркем әдебиетте айтылған ойдың эмоциональды-эксперссивтік әсерін күшейтіп, эстетикалық сипатын нәрлен- діреді. Теңеу образыңда қолданылған сөздерге қарап, әр халықтың тарихы мен мәдениетінен мағлұмат алуға болады [1, 9б.].
Қазақтың белгілі филолог ғалымы Т.Қоңыров теңеулердің көркем әдебиеттегі орнын анықтай
келе, оларды таным құралы ретінде филосо- фияда, стильдік әдіс ретінде тіл білімінде зерт- тейтінін айта келіп, мынадай айқын, анық, тұ- жырымды анықтама береді: "Теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоциональды-экспрессив- тік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қы- рынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы".
Қазақ теңеулерінің грамматикалық табиғаты жөнінде пікірлер (зерттеулер) жоқтың қасы.
Дегенмен кейбір оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде белгілі бір ақын-жазушының шы- ғармаларындағы теңеулер және олардың жасалу тәсілі жөнінде айтқан бірлі-жарым пікірлер де жоқ емес. Мәселен, қазақ теңеулерінің жасалу тәсілдері жөнінде академик Қ.Жұмалиев былай деді: «Орыс тіліндегі теңеулер «как, так, то что, будто, подобно, что» арқылы жасалынатыны тәрізді, қазақта да кейбір теңеулер «секілді»
деген сездер арқылы жасалынады. Бұл орыс тіліндегі теңеулердің «будто», «подобно» деген сөздер арқылы келетін теңеулеріне дәл келеді.
Бірақ орыс тілінде теңеулердің көпшілігі творительный падеж арқылы жасалынады. Бұл бізде жоқ; Бізде мұның орнына теңеудің өзіне тән белгілі бір жұрнақтары бар [2, 92б.].
Белгісіз нәрсені жұртқа мәлім белгілі нәр- селерге салыстыру осы жұрнақтар арқылы орындалады (-тай-тей, -дай -дей, -дайын, -дейін, -ша, -ше, «дай» жұрнағымен байланысты ке- летін «мын»). Немесе «Теңеулердің көпшілігі зат есімге, есімше, етістікке жалғанған -тай - тей, -дай -дей, -ша,-ше және -дайын-дейін жұрнақтары арқылы жасалады».
Қ.Жұмалиевтің бұл пікірінен шығатын қо- рытынды мынау: қазақ теңеулерінің жасалуы- ның үш түрлі тәсілі бар: бірінші, дай-дей, -тай- тей,
-дайын-дейін, -тайын-тейін жұрнақтары арқылы, екінші, -ша-ше жұрнағының көмегімен үшінші — секілді, сияқты, тәрізді сөздері.
Қ.Жұмалиевтің бұл пікірлері негізінен дұрыс болғанымен, тенеудің жасалу тәсілдерін түгел қамти алмайды. Қазақ теңеулерінің төмендегі- дей жолдары бар:
1) -дай-дей, -тай-тей, -дайын-дейін, -
тайын-тейін жұрнақтарының көмегімен;
2) -ша-ше жұрнағының көмегімен;
3) шығыс септігі жалғауының (-нан-нен, - дан-ден, -тан-тен) көмегімен;
4) секілді, сияқты, тәрізді ,іспетті сөз- дерінің көмегімен;
5) бейне сезінің көмегімен;
б) тең сөзінің көмегімен;
7) ұқсас сөзінің көмегімен;
8) параллелизм тәсілі көмегімен;
9) аралас тәсілдің (бейне және -дай-дей;
бейне және секілді) көмегімен;
10) қосалқы тәсілдер көмегімен;
Метафора мен теңеудің семантикалық айыр- машылығы: теңеуде бір-бірімен салыстырылған заттар (образ, предмет) әр уақытта өздерінің тура мағынасында қолданылады да, ал мета- форада предмет тура мағынада, образ келтірінді мағынада жұмсалады. [3, 18б.]
Барлық қазақ филологтары бір ауыздан мойындайтын теңеудің үш тәсілі бар. Олар:
1) -дай-дей, -тай-тей, -дайын-дейін, -
тайын-тейін жұрнақтарының көмегімен;
2) -ша-ше жұрнағының көмегімен;
3) шығыс септігі жалғауының (-нан-нен, - дан-ден, -тан-тен) көмегімен;
Осындағы мысалдардың конструкциялары өздерінің структуралық құрылымы жағынан теңеуге қойылатын шарттарға толық сәйкес келеді. Мәселен,
Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек, Көзінен жасы шықса, бойына ем (А.) Қайғың болар шермен тең,
Қара көңлің жермен тең (Ә. Т) Ердің көңілі күнмен тең, Ездің көңілі түнмен тең (Ә. Т)
Бұлардың барлығы теңеу, егер бұлар мета- фора болған болса, онда олардың «образдары»
келтірінді мағынада жұмсалған болар еді, ал бұл көрсетілген мысалдардың барлығының «образ- дары» тура мағыналарында жұмсалған. «Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек» теңеуінің үш элементі түгелдей айтылған. Мұнда предмет - әйел адам, образ - гүл, белгі - дымды сүю. Гүл - нәзік өсімдік, ол ерекше күтімді қажет етеді, яғни ол ылғи да суарып тұруды керексінеді; әйел адамның жаны да нәзік, ол қуаныш, қайғы, махаббат, жауыздық тәрізді нәрселерді жанымен ұғынып, жүрегімен қабылдайды; оларға өзгеше тебіреніп ерекше елтиді; осы күшті сезім оның көзінен жас болып тамшылайды; демек, көз жасы әйел адамға тән сезім көріністерінің айны- мас атрибуты болып табылады. Сонымен гүлге су керек, әйел адамға көз жасы тән. Олай болса, гүл де, әйел адам да «дымды сүйеді», ендеше талданып отырған теңеудегі «дымды сүймек»- осы теңеудің белгісі (қасиеті).
Ағылшын тіліндегі теңеулер негізінен теңеу жасайтын элементтер арқылы құрылады. Олар
мыналар: like, as, such as, as if, seem, as though, as like, as…as, т.б.
"The intensification of some feature of the concept in question is realized in a device called simile. Ordinary comparison and simile must not be confused. They represented two diverse processes.
Comparison means weighing two objects belonging to one class of things with the purpose of establishing the degree of their sameness or difference. To use a simile is to characterize one object by bringing it into contact with another object belonging to an entirely different class of things. Comparison takes into consideration all the properties of the two objects, stressing the one that is compared. Simile excluded all the properties of the two objects expect one which is made common to them. [4,р494].
Ағылшын тілінде теңеулі сөйлем мен жай сын есімі бар сөйлем екеуінің құрылым жағынан ажырату күрделі. Сондықтан да жай салыстыру мен теңеу шатастырылмауы қажет. Салыстыру бір класқа жататын екі заттың ұқсастығын не- месе әртүрлілігінің салмақтығын өлшеу мағына- сын береді. Ал теңеу болса, бір затты әсерлеу үшін оны басқа бір класқа жататын өзге бір затпен салыстырып, теңейді. Салыстыру екі зат- тың барлық қасиетіне салыстырылып отырған затқа екпін қоя отырып қарастырады. Ал теңеу екі затқа ортақ болған белгіден басқа барлық қасиетін қарастырады. Мысалы: «Тhе bоу seems tо bе as clever as his mother.»- « Бала өзінің анасы сияқты ақылды болып көрінеді », бұл сөйлем құрылымы жағынан теңеуі бар сөйлемге ұқсас, бірақ бұл жай ғана салыстыру. Өйткені бала да, ана да заттың бір ғана «адамзат» типіне жатады.
Және де ұқсастықты табуда тек сапасына екпін түсірілген. Бірақ мына мысалда, « Maidens, like moths, are ever caught by glare.»
Бұл таза теңеу, өйткені “Maidens” қыздар және “Moths” көбелектер әртүрлі класқа жатады, сондықтан Байрон сөйлемді тартымды, әрі әсерлі ету үшін (Maiden) қыз теңеу концептісінен (Moth) көбелектен тауып отыр.
Similes forcibly set one object against another regardless of the fact that they may be completely alien to each other. And without our being aware of it, the simile gives rise to a new understanding of the object characterizing as well as of the object characterized [4,р 495].
Яғни теңеу бір затты екінші бір затқа, олар- дың толық жат екеніне қарамастан бір-біріне күштеп сипатталады. Және ол туралы біздін қанша толық, жақсы білгенімізбен, теңеу ол зат- тың сипаттауының жаңа бір қырынан әсерлеп, бейнелеп береді.
Заттың жекеменшігі әртүрлі көзқарастармен көрінуі мүмкін, мысалы: өзінің іс-әрекетімен, өзінің орнымен, мінез-құлқымен т.с.с. Ағылшын тілінде теңеу сын есімді толықтауышпен, пы- сықтауышпен, етістікті баяндауышпен және бас- қа сөйлем мүшелерімен қүрылуы мүмкін. Осы теңеулерді көрсеткен көптеген ағылшын тілінде жазылған шығармалардан алынған стилистика- лық құрылымдарды қарастырып көрейік.
“His mind was restless but it worked persely and thoughts jerked through his brain like the misfiring of a defective carburettor” (S. Maugham)
Өзінің қолданысымен бұл теңеудің құры- лымы өте қызық. Оны тексеріп қарастырып ке- рейік. «jerked» (итеру, бірден тарту) «thoughts»
(ой, ақыл) сөзімен тіркесіп метафора кұрайды.
Оны «like the misfiring of a defective carburettor»
(бұзылған карбюратордьң сым-тетіктері сияқты) сөз тіркесі теңеу етеді, ал бұндағы «to jerk » сөзі өзінің тура логикалық мағынасында тұр. Бір сөзбен айтқанда, оның іс-қимылы теңеу мағы- налары арқылы суреттелді. Келесі мысал:
“It was that moment of the year when the countryside seems to faint from its own loveliness, from the intoxication pof its scents and sounds”
Жартысы метафорадан тұратын бұл теңеулі сөйлем. Егер «seems» кұрылымдық сөзі болма- ғанда, біз оны метафора дер едік. Шынында да, егер біз «seems» сөзін тастап, «the countryide to faint from.» деп айтсақ, онда басты сөз «faintі»
(есінен тану) метафораға айналар еді. Бірақ
“seems” сөзі әлсіз, жабырқау, іс-әрекетсіздік түсінігінен өзгеше тұрады. «faint» сөзі арқылы екінші мүше, адамзат мағынасы ойға келтірілсе ғана, ол теңеу болады.
Теңеу құрайтын «sеет» және «as if» элемент- терінің семантикалық табиғатының ұқсастығы бір-бірінен алыстау беріледі. «lіке» және «аs»
байланыстырушылары да әртүрлі. Бұлар кате- гориялық және іс-әрекетте екі заттың ортасын- дағы ұқсастықты тіпті ашық негіздейді.
Кейде теңеу кұраушы «lіке» элементі өзіне қоса отырып сөз тіркесінің соңында орналасады және жартылай суффикс болады, мысалы:
«Emily Barton was very pink, very Dresden- china- shepherdess».
Жай образды тілде, ол келесі қалыпты алар еді: «Emily Barton was very pink, and looked like a Dresden-china- shepherdness» [5, р 28].
________________
1. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы : Мектеп, 1987. – 192б.
2. Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1988. -92б.
3. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қол- данылуы.- Алматы: Мектеп, 1996. - 18б.
4. Encyclopedia International, 1981, p.494
5.An outline of English lexicology .Leonhard Lipka Max Niemeyer: Verlag Tubingen.1990. –р.28
* * *
В настоящей статье анализируются пути создания сравнений в казахском и английском языках.
* * *
The article is concerned with structure of the making the simile in English and Kazakh languages.
Ы. Палтөре
АБАЙДЫҢ «АБРАЛЫҒА» АТТЫ ӨЛЕҢІНІҢ МӘТІНІНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Абай Құнанбайұлының 1876 жылы «Абра- лыға» деген атпен шығарған өлеңі халық ара- сында көп жағдайда «Мен жасымнан көп көр- дім» деген өлең шумағының алғашқы жолымен де кеңінен танылған. Өлеңнің құрылысы шағын, тармақ саны әр түрлі буынды 22 тармақтан, 3 шумақтан тұрады. Бұл «...өлең алғаш рет ақын- ның 1933 жылы Қызылордада жарық көрген то- лық жинағында жарияланған. Өлең басылым- дарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді» [1, 405-б.].
Бұл өлең хакім Абайдың шығармашылы- ғындағы «Көкбайға», «Күлембайға», «Дүтбайға»
деген сияқты жеке адамдарға арнап шығарған өлеңдер қатарына жатады. Дей тұрғанмен мұн- дай өлеңдердің астарынан сол кездегі қоғамдық проблеманы көреміз. Абай Құнанбайұлы кей өлеңдерін сатиралық бағытқа жазуға мәжбүр болған. Басқаша айтқанда, бір кісіге арнап, оның бойындағы кемшіліктерді өлең шумақтарына арқау етіп, өзі өмір сүрген қоғамдағы жағымсыз, нәрселерге, құбылыстарға жалпы бұқара халық- тың назарын аударып, оларға бой алдырмаудың маңыздылығын көрсету мақсатында жеке адам- дардың атын атап өлең шығарған. Сондықтан өлең арналған кісілер мен Абай арасында жеке