• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

АҚЫН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫ ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТ ПЕН ТЕҢЕУ ҚОЛДАНЫСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "АҚЫН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫ ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТ ПЕН ТЕҢЕУ ҚОЛДАНЫСЫ"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

УДК 82:81-26

АҚЫН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫ ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТ ПЕН ТЕҢЕУ ҚОЛДАНЫСЫ

Есіркепова К.Қ.,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ Қанапина С.Ғ.,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ Қали А.Ə.,

3 курс студенті, ҚМПИ, Қостанай қ., Қазақстан Аннотация

Ғылыми мақала ақын Т. Молдағалиев поэзиясы тіліндегі эпитет жə- не теңеулердің стильдік кызметін анықтауға арналған. Мақалада ақын тіліндегі аталған айшықтау түрлерінің қолданыс ерекшелігі, бейнелілігі, түрлері талданған. Сонымен бірге эпитет пен теңеудің қазақ тіл біліміндегі зерттелуіне қысқаша шолу жасалған. Мақалада ақын тіліндегі мазмұнды, бейнелілігі ерекше өлеңдер тілі талдауға түскен.

Аннотация

В статье рассматриваются особенности эпитетов и сравнений в поэзии Т. Молдагалиева. Также раскрываются их стилистические особенно- сти, образность, мотивация, содержание в контексте. В статье представ- лено краткое изложение исследования данных стилистических фигур в поэзии Т. Молдагалиева.

Abstract

In article features of epithets and comparisons in T.Moldagaliyev's poetry are considered. Also their stilitichesk features, figurativeness, motivation, the contents in a context reveal. In article the summary of research of data the stiliticheskikh of figures in T.Moldagaliyev's poetry is covered.

Түйінді сөздер: дос, аға, тіл,сөз, эпитет.

Ключевые слова: друг, дядя, слово, эпитет.

Key words: friend, uncle, words, epithet.

1. Кіріспе.

Бұл дүние ең хикметті де тылсым нəрсе зарығу мен шамырқану сынды қос нүктеден жалғанын табатын адам пендесінің ішкі жан дүниесі. Махабат пен сүйспеншілік зарығу аясына жатады. Оның қанағат табатын сəті болмайды. Ол əншейін адам жанының аса нəзік əрі шекарасы қиыспаған ғаламат қуатты ,көздің көру аясынан мүлде сырт жатқан қыл шегіне дамылсыз соғылып, киелі күй болып, құйылып тұрған қомағай үн. Егер, сөзді тура өз мағы- насында қояр болсақ, бұл дүниеде зарығу мен шамырқанудан құралмайтын еш нəрсе жоқ.

Табиғат дүниесі де осыған сəйкес. Дегенмен, бұл тұрғыдан айтқанда табиғат дүниесі мен біз- дің арамызда шұбалған ұзақ бір цифр жатыр. Тұманбай Молдағалиев жырлары міне осы ұзақ цифр бір-біріне қоспай алшақтатып тұрған тылсым күллі дүниені ту сыртынан оттай ыстық құшағымен қапсыра құшақтап, сонан соң өз бойынан бұл əлемге жылылық пен нəр ғана ба- ғыштайтын зарлық пен еміреніске толы алау атқан жүрегінің киелі лүпілі арқылы майдай ерітіп жібереді де, əлгі ұзақ цифрды екі бағыттан қаусыра ығыстырып ,өзінің басталу нүкте- сінен бірақ шығарады.

(2)

2. Талқылау.

Ғалым З. Қабдолов өз еңбегінде эпитет жайлы былай дейді: тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді əдеби шығармада суреткерлік шеберлік- пен қолдану бір бар (Қабдолов З., 1992, 204 б.).

Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтай- тын суретті сөз”. (Қабдолов З., 1992, 245 б.).

Зерттеуші – ғалым А.Д. Есқараева өзінің кандидаттық диссертациясында эпитет тура- лы былайша тұжырымдайды: «тілдің аса пəрменді көркемдеу, бейнелеу тəсілдерінің бірі – эпитеттің құрылымдық, лексика – семантикалық, структуралық ерекшеліктері» көптеген зерттеуші – ғалымдардың еңбектеріне арқау болды. Мəселен, эпитет мəселесі орыс тіл білі- мінде А. Зеленецкийдің, Л.И. Тимофеев, В. Сорокиннің, Д.Э. Розентальдың, қазақ тіл білі- мінде А. Байтұрсыновтың, Қ. Жұмалиевтің, З. Қабдоловтың, Р. Сыздықованың т.б. еңбекте- рінде сөз болды.

Қазақ тіліндегі тұрақты эпитеттің тілдік табиғатын арнайы қарастырған Г.Ө. Мұха- метқалиеваның кандидаттық диссертациясында эпитетке былайша анықтама беріледі. «Эпи- тет» дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан, көркем бейнелі, образды сөз тіркесі.

Демек, эпитет – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой – қиялына əсер ету үшін қолданылатын көркем сөз образы”. (Есқараева А.Д. З. Шүкіровтің поэзиялық шығармала- рындағы метафоралық қолданыстар: филология ғылымдарының кандидаттық диссертация- сының авторефераты. – Алматы, 2003, 11 б.).

Зерттеуші – С.Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал – мəтелдердің танымдық бейнелілі- гі» (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде) атты монографиялық еңбегінде эпи- тетке тоқталып өтеді. Академик М. Балақаев өз еңбегінде: «Суреткердің өз – өзіне тəн тіл шеберлігін сөздің көркемдік қасиетін талдағанда сөз бен образ арасындағы осы бір стильдік нəзіктікті яғни жеке сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктердің бəрі жиналып келіп тұтас контекстік мəн алатындығы, ойды бейнелі, нақты, шынайы көрсету үшін эпитетсіз елестету мүмкін емес» – деп өте ұтымды тұжырым жасаған.

Қазақ тіліндегі эпитеттер басқа тілдегі сияқты негізінен зат есімнен, сын есімнен, есімше, көсемше етістіктері арқылы жасалады.

Эпитет туралы А. Байтұрсынов өзінің «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Бір нəр- сені көптен айырып, көзге көбірек түсіретін етіп айтқымыз келгенде ол нəрсенің атына айқын көрсететіндей сөз қосып айтамыз, сондықтан айқындаудың өзге түрі көркейту деп айтылады» – деп эпитетке анықтама берді. Көркейту дегеніміз – эпитет термині ретінде алынған. (Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал-мəтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұста- фин, С. Мұқанов шығармалары негізінде), 2010, 180 б.)

Зерттеуші – К.Қ. Есіркепова «1960–1980 жылдардағы əйел – ақындар поэзиясының ті- лі» (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) атты монографиялық еңбегінде эпитетке тоқталып өтеді: «Эпитет» – тіл өрнегіндегі өте жиі көрінетін əрі бояу ерекшелігі де құбыла құлпырып келетін құбылыс.

Эпитет, айтарыңды анықтау, əрі нақтылап ерекше, айырма сипат табатын суретті сөз.

«Халықтың жалпы тілінде болса да, өзіне дейінгі əдебиетте аз қолданылатын сөзбен сөйлемдерді орнықты, заңды, басқаша түрде əдебиетке енгізуді жаңалық деп қарауымыз керек», – деп ғалым Қ. Жұмалиев жазады.

Эпитет жайында айтылып жүрген теориялық пайымдауларда əлі күнге дейін бірізділік жоқ сияқты. Мысалы, Л.И. Тимофеев: «Кең мағынада қандай болса да бір ұғымды анықтап, айқындап, сипаттап жəне тағы басқа тұратын əрбір сөз эпитет болады. Бізде осы уақытқа дейін эпитет – көркем анықтауыш, реңді, бейнелі жəне тағы сол сияқты, ал жай анықтауыш сөз болғанда мұндай көркемдік болмайды деген есеппен, эпитет деген ұғымды (көркем анық- тауыш) анықтауыш сөз деген ұғымнан бөліп қарауға жиі ұмтылу бар...бұл бөлу бұрын

(3)

ескертілгендей, поэтикалық тілді ерекше, бейнелі деп қарау талабына байланысты. Біздіңше бұл дұрыс емес”, – дейді.

Кез келген сөз жеке тұрып та не болмаса алдынан, артынан анықтайтын сөздермен ке- ліп те бейне жасай береді. Олай болса, эпитет – бейнені айқындап, көріктеп тұратын көріктеу құралы. Р. Сыздықова: «Эпитет» – адамның, заттың, құбылыстың, бір белгісін, сырын, сипа- тын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитет- тің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тəн қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т.б.) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп көрсетеді, өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың, табиғи қалыпты белгісі емес”, – дейді”.

(Есіркепова К.Қ. 1960–1980 жылдардағы əйел–ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова,

М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде).

Жоғарыдағы зерттеушілердің эпитет жайында айтқан пікірлерін ескере отырып, тұ- жырымдайтын болсақ, эпитет көркем шығарма тілінің бейнелі жəне айшықты болуына үлкен ықпалын тигізеді.

«Ақын қайным» дейтұғын жеңгелер де.

Кетіп қапты бір жаққа желге мініп. (Жақыным да, азайды алысым да, 3 б.).

Ақын, балалық шағы өткен ауылда, бала кезіндегі естеліктердің бірі де қалмағанын, барлығы ұмыт болып бара жатқандығын, тіпті "ақын қайным" дейтін асыл жеңгелерінің де бұл ауылдан қашыққа кеткендігін өкінішпен айтады.

Күтпе енді сұлу қыз

Бұрышынан бір көшенің. (Жасыңды айтып қайтесің, 8 б.).

Ақын, сұлу қыз деп, кескін-келбеті көрікті, ажарлы, өңді,сəнді, əсемдігімен қоса, оның жан сұлулығын қоса айтқан.

Атып келе жатады аппақ таңы тірліктің Балғын жүзін өзінің аппақ нұрмен бояған.

(Шал боп кетем ұйқыға бала боп оянам, 14 б.).

Аппақ таң, аппақ нұр – арайлып атқан ақ таңның көркін, жарқыраған сəуле, ағараң- даған жарық, шұғыласын төккен аппақ нұр кіргізіп тұрғандай.

Болғанмен өзі отты адам, Жалғыздығы ептеп батты оған.

Сол досың бүгін шал бопты

Ақ жүзін əжім қаптаған (Едіге,19 б.).

Ақын, бала кезіндегі досының жалғыз екенін, жалғыздықтың жанға бататын жара екендігін айта келе, бала достың бүгін шал болып, ақ жүзін əжім басқан бейнесін көрсетеді.

Аспанды айбынымен жабырқатып,

Қара бұлт қап-қара шашын жайды (Басында бардай ашу, қайғы, 20 б.).

Ақын, қара бұлт қап-қара шашын жайды деп, аспаннан жарқырап шыққан күннің бе- тін, қос қанатын жайған құстай жапқан бұлтты айтады.

Ең сұлу қыз еліңдегі келе алмайтын маңайыңа,

Шолпан ғана төтеп берді лапылдаған қаныңа (Қали аға ескерткішіне, 25 б.).

Ақын, сұлу қыз деп, кескін-келбеті көрікті, ажарлы, өңді,сəнді, əсемдігімен қоса, оның жан сұлулығын қоса айтқан.

Биік тау, жан анамыз кəрі дала,

Бір жансың əрі жомарт, əрі дана (31, б.).

Ақын өлеңде, биік тау – асқар, заңғар, бəрінен биік тұрып, қарап тұратындай, ал кəрі дала деп, шетсіз, шексіз кең даланың адамға əрқашан құшақ жаятын əрі жомарт, əрі дана, яғни дархандығын айтады.

Төре жайлау – жасыл жер, жуалы бел Думанды жер, өзінше дуалы жер.

(Төрежайлауда жүр екем жұрпен бірге, 34 б.).

(4)

Ақын, Төре жайлаудың əсемдігін барынша керемет суреттеген. Көрсе көзің қызар жа- сыл жерін, думанды жер, дуалы жер деп көрсетеді.

Едігежан, білмедім, бар ма менде

Ұлы жүрек мейірімді өзіңдегі (Бар ма мен де сол жүрек, 39 б.).

Ақын жүректі ұлы деп, асқан кемеңгер, данышпан, озық ойлы жəне мейірімді етіп көрсетеді.

Арманшыл жүректегі қанды ойнатып,

Көңілді, намысты да айғайлатып (Өсті, өнді, біздің үйден ұшты бəрі, 43 б.).

Өлеңді, арманшыл жүрек қанды ойнатып деп, көкейтесті мақсат, тілектің алға қарай ұмтылдырғаны айтылған.

Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай,сəл маужырап күн көзіне еріп тұр (Өрік гүлдеп, 53 б.).

Аппақ гүл, ақ түсі – адалдықтың, пəктіктің белгісі болса, гүл – түрлі түсті, үлбіреген хош иісті өсімдіктің жалпы аты, яғни ақын, аппақ гүлмен көктем шыға нəзіктікке бөленетін жер бетін көрсетеді

Көктемдегі көк өзендей тасимын,

Жалғыз ауыз жаман сөзден жасимын (Тарыққанда табынарым – өлеңім, 66 б.).

Ақын жалғызсырағанда, көк өзендей тасып, ішінде жатқан шер-мұңды өлеңіне сыйдыратындығын, жалғыз ауыз жаман сөзден еңсесінің басылып қалатындығын айтады.

Қиял, асыл арман – тəтті алмалар,

Татпаған бар алманы, татқан да бар (Əрқашанда қадірлі ақ таң маған, 67 б.).

Ақын өлеңінде, адамның асыл арманын тəтті алма секілді көрсете отырып, сол арман- ға жеткенде бар, жетпегенде бар дейді.

Өтіп жатыр көп қызық қойлы ауылда.

Жиі барғым келеді шилі ауылға (Ойлануға уақыт жоқ той баруға, 71 б.)

Ақын, уақыттың тоқтаусыз жүріп жатқандығын, тіпті ойлануға уақыттың тапшылы- ғын, сонымен қатар балалық шағы өткен қойлы ауылға барғысы келетінін сағынышпен білді- реді.

Жапырағымды сиретті сол жел, суық жел, Қиянатқа бір қиып жіберсе қиын ба ел.

(Күнді де санап, айды да санап, жыл санап, 73 б.).

Ақын, жапырағымды сиретті сол жел, суық жел деп, ақын жанын тусінбейтін, қиянат- қа қиып жібере алатын адамдардың іс-əрекетін бейнелейді.

Бір сары тон тіктіртіппін түсімде Қара суық Алматыға жоламай, Күн біртүрлі тотығады бұлдырып.

Ақын, сары тон тіктіріппін түсімде деп, сары тонын жақсылық нышаны етіп алған, Алматының қара суығынан қашқан, тек жақсы жолға киетінін айтады.

Сары тонды кию үшін, Арқаның

Суық қысы керек шығар, Тұманбай (75 б.).

Ақын, сары тонын жақсылық нышаны етіп алған, бірақ ол тон суық қысқа төзімдікті көрсетеді.

Ақын өлеңдеріндегі теңеу қолданысына тоқталар болсақ.

Белгілі бір халықтың көркем əдебиеті басқа халықтардың əдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тəсілдерімен ерекшеленеді. Əдебиеттегі образдар жүйесі жəне сөз бейнелеу тəсілдері – ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт əдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем əдебиет үшін, əсіресе, ұлттық тілдің маңызы зор.

Түрдің өзінің көріну тəсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады.

Сол түрдің көріну тəсілдерінің бірі – теңеу категориясы. Теңеу категориясы – бүкіл бейне-

(5)

леу, көркемдеу тəсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пəрмендісі. Бейнелеу тəсілдерінің бар- лығы да бастауын осы теңеуден алады (Қоңыров Т., 1978, 3 б.).

Зерттеуші-ғалым Есқараева А.Д. өзінің «З. Шүкіровтің поэзиялық шығармаларын- дағы метафоралық қолданыстар» атты диссертациясында:

Теңеуді шығу тегінен бастап стилистикалық қызметіне дейін зерттеу жүргізген орыс ғалымдары А.Г. Рубайло, А.Н. Веселовский, Б.В. Томашевский т.б. еңбектерінің ғылыми маңыздылығы зор.

Қазақ тіл білімінде теңеу жан – жақты зерттелген. Қазақ тіл білімінің тұңғыш зерттеу- шісі А. Байтұрсынов «Теңеу заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді” деп көрсетеді.

М. Серғалиев «теңеудің стильдік қызметі əр алуан, бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады” деп, теңеудің көркем əдебиет тілінде алатын орнын айқындайды.

Қазақ тіл білімінде теңеуге толық талдау жасаған ғалым – Т. Қоңыров. «Қазақ те- ңеулері” атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын: жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан – жақты қарастыра отырып, теңеуге мынадай анықтама береді: «Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нəрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды – экспресссивтік сапасын күшейтетін, сол нəрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын əрі стильдік тəсіл, əрі таным құралы” – дейді. (Есқараева А.Д. З. Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар: филология ғылымдарының кан- дидаттық диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2003, 8 б.).

Қазақ теңеулерінің грамматикалық табиғаты жөнінде пікірлер (зерттеулер) жоқтың қасы. Дегенмен, кейбір оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде белгілі бір ақын – жазу- шының шығармаларындағы теңеулер жəне олардың жасалу тəсілі жөнінде айтқан бірлі – жа- рым пікірлер жоқ емес.

Ғалым Қ. Жұмалиевтің білдірген пікірі бойынша, қазақ теңеулерінің жасалуының үш түрлі тəсілі бар: бірінші, -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары арқылы, екінші, -ша, -ше жұрнағының көмегімен, үшінші – секілді, сияқты, тəрізді сөздері.

Қ. Жұмалиевтің бұл пікірі дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тəсілдерін түгел қамти алмайды.

Кеттіңдер-ау көзіме бір көрінбей, Жақынсыңдар Есігім, Түргенімдей Көңілім бар сендерде айта алмаған

Алма ағаштың осынау гүлдеріндей. (Бала күннің достарына, 11 б.).

Ақын, бала күнгі достарына деген сағынышының арта түскендігін, көргісі келетінін, сөйлескісі келетінін, айтатынының алма ағаштың гүлдеріндей көп екендігін айтады.

Бəріңнің де төріңде мен отырғам

Періштедей, аспаннан жерге түскен (12 б.).

Ақын, бала күнгі достарына деген сағынышын айта келіп, өзін достарына періштедей қамқоршы етіп көрсетеді.

Ішімде де көретін бардай көзі,

Байлығым да бақытым балдай сөзі.(Түн оянды, мінеки, таңға ұласып, 18 б.).

Жанға жылы тиетін, тіл қатқанда қуанышқа бөлейтін адамның сөзін, бақыты əрі бай- лығы деп санайтын ақын, балдай тəтті етіп көрсетеді.

Шағаладай аппақ боп алдымда тұр Мен аңсаған арманның үйі міне. (18 б.).

Ақын, ұнатқан жанының үйін ақ шағалаға теңейді.

Болашақты жасымда болжадым ба Жас кезіңде жанымнан қалмаушы едің,

(6)

Көлеңкемдей көлбеңдеп алдымды орап (20 б.).

Жас кезімде адамдар ісіме қарап, жанымнан көлеңке сияқты қалмаушы еді, "енді барі қайда?" деген сұраққа ақын жауап таба алмайды.

Өзіміздің Сапаргүл келіндей боп, Көтере біл ту ғылып күйеуіңді.

Сен қартайсаң, Күлтəй-ау, боздаймын мен Жүк артудан босаған кəрі нардай (21 б.).

Ақын жас кезде тынбай еңбектенетін, ал қартайғанда шаршау басып, көп істен боса- тылатынын, жүк артудан босаған кəрі нардай деп, теңеп көрсетеді.

Қали аға ескерткішіне

Аңқылдаған желдей көңіл, желбіреген ту көңіл,

Сөйлесуші ек біз екеуіміз тіл қатқандай гүлге гүл (25 б.).

Ақын, өлеңде, Қали аға ескерткішінде отырып, онымен тілдескендей болады, бұрын- ғы кезді еске алып, екеуміздің де көңіліміз желдей аңқылдаған дейді.

ҚазМУ ана- қызыққа да сен байсың,

Қыран құстай бұлтты жарып самғайсың (ҚазМУ- де өткен наурыз тойында, 42 б.).

Ақын, ҚазМУ - ды алып құс қыран құсқа теңей отырып, оның биік тұрғанын көрсете- ді.

Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай,

сəл маужырап күн көзіне еріп тұр (Өрік гүлдеп, 53 б.).

Ақын, өсіп тұрған ақ гүлді, енді ғана жауып, жердің бетін жапқан ақ қардай етіп көрсетеді.

Əндеріңе елтуші едім, желпуші едің самалдай,

Түу алысқа бастайтұғын қуанышқа далам бай (Əсет десе..., 60 б.).

Ақын өлеңде, Əсет əн айтқанда, ерекше көңіл-күйге бөленіп, əсер алатынын, самалдай желпуші едің деп көрсетеді.

3. Қорытынды.

Ақын жырларын оқып отырып күллі дүниені ту сыртынан құшақтағың келеді. Періш- те қанатындай аппақ, мамық шудалы бұлт, майда, алдымен жүрегіңнің терең қабатынан өріп шығып, əпсəтте бүкіл көкжиегіңе дейін жайылып, өз көңіл аяң мен қиял қуатың жетіп үлгір- меген, шексіз əлемге қарай самғай жөнеледі. Жүрегіңде жылылық пен сұлулық ғана қалады.

Əдебиет тізімі

Есқараева А.Д. З. Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар:

филология ғылымдарының кандидаттық диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2003. – 23 б.

Есіркепова К.Қ. 1960 –1980 жылдардағы əйел–ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М.

Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде). – Қостанай: ТОО «Центрум”, 2010. – 153 б.

Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 352 б.

Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал–мəтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С.

Мұқанов шығармалары негізінде). – Қостанай: ТОО «Центрум», 2010. – 180 б.

Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1978. – 192 б.

Молдағалиев Т. Екі томдық шығармалар жинағы. 2 том. Жадымдасың, жастық шақ. Өлеңдер.

– Алматы: Жазушы, 2005. – 384 б.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Осы екі ақынның арасындағы айтыс туралы Василий Радлов былай деп жазады: «Тұрлыбектің қасында бір Орынбай деген

Әуезовтің сол кездегі көне қазақ мәдениетін, салтын, этносын, халық тіл байлығын, әсіресе ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік,

Өзіне дейінгі əдеби тілдің, əсіресе жыраулар тілінің бар байлығын пайдаланды деген сөз оның тек көркемдеу тəсілдерін қайталауына ғана емес, сөздік

Сол кезеңдерде қазақ тілінде жарық көрген осы іспеттес əдебиеттердің тілі бір ізді, қалыптасқан жүйелі нормада болмағанын, əйтсе де қазақтың əдеби тіл

Тілдің даму барысында жоғарыда аталған жалғаулар өздерінің қолданылу өрісін тарылтады да, оларға тəн қасиеттер барыс септігінің -қа (-ке, -ға, -ге)

Біздің ойымызша, тіл мен сөйлесім бір- бірімен байланысты, бірақ екі бөлек құбы- лыс бола келіп, екеуі де: əрі қоғамдық-əлеу- меттік; əрі жекелік,

Автор бастапқы шумақтарында оқу- шының ойына Ақан туралы аңызды са- лады да, шығарманың кейінгі бөлімдерін- де лирикалық шегініс арқылы «Қайыңды

Қалқаман Сариннің махаббат пен алау сезім туралы жазған өлеңдерін оқысаңыз, ақынмен бірге жай-күйін сезінесіз.. Бұл да