• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

3 (5 Каз) М 87 әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған (2012 жыл №10 хаттама) Пікір жазғандар: Х.М

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "3 (5 Каз) М 87 әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған (2012 жыл №10 хаттама) Пікір жазғандар: Х.М"

Copied!
200
0
0

Толық мәтін

(1)

ОРАЗГҮЛ ХАСЕНҚЫЗЫ МҰХАТОВА

ТАРИХИ ЖӘНЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ

ДЕРЕКТЕР

АЛМАТЫ – 2012

(2)

ӘОЖ 94(574) ББК 63. 3 (5 Каз) М 87

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған (2012 жыл

№10 хаттама) Пікір жазғандар:

Х.М. Әбжанов - тарих ғылымдарының докторы, профессор Т. Омарбеков - тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Р. Несипбаева - тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мұхатова О.Х. Тарихи және тарихнамалық деректер. Монография. - Алматы, 2012. - 269 бет.

ISBN 978-601-247-732-0

Монографияда ұлт даналары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Барлыбек Сыртанұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Қошке Кемеңгерұлының, Жақып Ақпаевтың, М. Тынышпаевтың және өзге де зиялылардың тарихи көзқарастары көрсетіледі. Сонымен қатар Ә.Б.Тұрсынбаев, Ж. Жұмабеков, Кеңес Нұрпейісұлы, У. Шәлкенов сынды кеңестік тарихшы-ғалымдардың зерттеулері тарихнамалық тұрғыда талданады. Ұлттық саяси элитаның өкілдері Жұмабай Шаяхметов, Жұмабек Тәшеновтің өмірлік және қызметтік ұстанымдары қарастырылады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланған деректерге тарихнамалық шолу жасалады. Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттары деректанулық тұрғыда талданады.

Монография студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, тарихнама пәнінен дәріс беретін оқытушыларға және қазақ тарихына қызығушылық танытатын барша оқырмандарға арналады.

(3)

МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ

1-ТАРАУ. ҰЛТ ДАНАЛАРЫ ЖӘНЕ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Мәшһүр Жүсіп және қазақ тарихы мәселелері.

Халқы үшін еңбек еткен тұлға (Барлыбек Сыртанұлының қызметі және еңбектері)

Тарихшы, шежіреші – Шәкәрім

Қошке Кемеңгерұлы және қазақ тарихының мәселелері Қошке Кемеңгерұлы және “Бұрынғы езілген ұлттар”

Жақып Ақпаев қазақтың шығу тегі мәселелері

М. Тынышпаев және қазақтың этникалық тарихының мәселелері Ұлт зиялылары және тәуелсіздік идеясы

2-ТАРАУ. КЕҢЕСТІК ҒАЛЫМ-ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Ә.Б.Тұрсынбаев - Қазақстанның аграрлық тарихының білгірі

Батыл әрекетке ұмтылған ғалым (тарихшы Ж. Жұмабеков еңбектері жайында) Кеңестік аграрлық тарихшылардың тұжырымдарына жаңа көзқарас

Кеңес Нұрпейісұлы және отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері

Кеңес Нұрпейістің отандық тарихнама ғылымына қосқан үлесі У. Шәлкенов және этнографияның өзекті мәселелерінің зерттелуі 3-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ САЯСИ ЭЛИТА ӨКІЛДЕРІ ТУРАЛЫ Билік құрсауына қамалған тұлға

Өз заманының ірі тұлғасы (Жұмабек Тәшенев туралы)

4- ТАРАУ. ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАРИХНАМАСЫ Қазақ қоғамындағы әйел – ананың орны мен рөлі мәселелерінен

Қазақ халқының ұлттық тағамдарын зерттеу: бағыттары мен проблемалары Қазақ батырлары тарихының мәселелерін зерттеу

5-ТАРАУ. «МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМСЫ АЯСЫНДА

ЖАРИЯЛАНҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

«Мәдени мұра» бағдарламасы мәселелерін зерттеу: бағыттары мен деңгейі

(4)

Ресей бодандығындағы қазақ тарихының мәселелері Қазақстан тарихы бойынша орыс деректеріне сипаттама

Қазақстан тарихы бойынша орыс деректеріне тарихнамалық шолу 6-ТАРАУ. ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ТАЛДАУЛАР

Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттарын сыныптау мәселесі

Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттары өлкедегі рухани отарлау тарихының деректері

ҚОРЫТЫНДЫ

(5)

АЛҒЫ СӨЗ

Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ, дүниежүзілік тарихи үдерістің заңдылықтары, қазақ тарихының әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі, Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың, олардың тарихтағы рөлі, субъективті факторлардың ықпалы және сол сияқты көптеген мәселелер жатады.

Отан тарихын терең зерттеген сайын, әрі жаңа методологиялық ұстанымдарды қалыптастыру барысында оның зерттелмеген мәселелерінің шаш етектен екендігіне көз жеткізілуде. Оның үстіне соңғы уақыттарда тарихи зерттеулер жүргізуде ғылым мен техниканың жаңа технологиялық жетістіктері пайдаланылуда. Осының барлығы тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі жағдайы, зерттеулерге талдау жасаудың деңгейі оның теориялық-методологиялық негіздерін жетілдіруді талап етеді.

Тарихнамалық проблемаларды методологиялық ой-елегінен өткізу тарихи оқиғаларды түсінуді жаңа деңгейге көтереді. Ал тарихи деректерге деректанулық талдау жасау өткенді жай түсіндіріп қана қоймайды, сонымен қатар ғылымның жай-күйін, оның қозғаушы күштерін, даму тенденцияларын айқындайды.

Соңғы жиырма жылда тарихнамалық және деректанулық зерттеулерді жүргізуге ықылас артып, тарих ғылымының тарихын терең түсінуде бірқатар зерттеулер жүргізілді. Мұның өзі жаңа, ғылымның түрлі салаларында қол жеткізілген жетістіктер тұрғысынан тарихнамалық және деректанулық методологиялық талдаудың заңдылықтары мен өзіне тән белгілерін тануды талап етті. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалды. Тарихнамалық зерттеулердің методологиялық тұғыры болып танымның жалпы ғылыми мәртебесін иемденуші дербес диалектикалық-материалистік, философиялық ілімдер жүйесі, теориялық-әдіснамалық ұстанымдар қалыптастырылды. Сонымен қатар ұлттық деректану ғылымының негізі қаланып, бұл саланың теориялық- методогиялық негіздері анықталды. Орыстың белгілі ғалымы И.Д.Ковальченко:

“Тарих ғылымында тарихи теориялық және методологиялық түйіткілдерді шешу қазір ерекше маңызды міндеттердің бірі. Тарихнамалық зерттеулер қазіргі кезде кең көлемге ие болды, бұл пән өзіндік даму жолынан өтті, ол тарих ғылымының сұраныстарын қанағаттандырады. Алайда басты мәселе бұл емес, бізге аса қажет міндет тарихнаманың методологиялық тұстарын жетілдіру”1,- деп жазғандай методологиялық проблемалар өз шешімін таппаса, зерттеушілер

1 Ковальченко И.Д. Методологические и историографические вопросы исторической науки. -Томск , 1974. -43 б.

(6)

әдіснамалық жағынан пісіп-жетілмесе ғылым жаңа, сапалы жетістіктерге жете алмайды.

Тарихнаманың және деректанудың методологиясы “тарих адамның іс- әрекеті” принципіне негізделіп, тарих методологиясымен, сондай-ақ жаңадан қалыптасып, ғылымтану, информатика, болжау, әлеуметтік психология тәрізді пәндермен тығыз өзара байланыста ғылымнан көрініс беруде. Бұл пәндердің сапалы даму деңгейі, теориялық-методологиялық негіздері және зерттеу әдістері тарихнаманың әдіснамалық проблемаларын оқып-үйренуде маңызды болып табылады.

Тарихнамадағы методологиялық проблемаларды оқып-үйренуді ғылымдағы

“тарих және қазіргі заман” парадигмасымен байланыстыра жүргізу өзекті болып табылады. “Тарих және қазіргі заман” проблемасын мына төмендегі бірқатар мәселелермен етене жақын шешу қажет. Олар: зерттеу тақырыбын таңдау, оны қарастырудың теориялық және методологиялық деңгейі, қорытындылар жасау, тұжырымдардың қазіргі заман үшін маңызы.

Тарихнама ғылымтанушылық рөл атқара отырып, нақты тарихи зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды жақтарын тұтастай көрсетіп береді. Тарихнаманың тағы бір ерекшелігі осы ғылым саласы арқылы белгілі бір мәселенің зерттелу деңгейін анықтап қана қоймай, сол мәселе ауқымында жаңа, тың тақырыптар айқындалып, зерттеушілерге ұсынылады. Тарихнамалық талдау неғұрлым терең, жан-жақты жасалса, соғұрлым мәселенің мән-мазмұны, зерттелу бағыттары мен үрдістері барынша анықталады, зерттелуге тиісті тың тақырыптар молаяды. Осы жағынан алғанда тарихнамалық зерттеу жүргізудің маңызы артып, көкейкесті бола түседі.

Дегенмен осындай тенденциямен қатар методологиялық ізденістер жүргізуді талап ететін жаңа проблемалар, зерттеулердің жаңа бағыттары пайда болуда.

Осыған орай тарихнамалық және деректанулық зерттеулер жүргізудің методологиясын көрсету мақсатында тарихнамашыларға осы еңбегімізді ұсынып отырмыз. Зерттеуіміз тарихшылардың, жас ізденушілердің және қалың оқырман қауымның кәдесіне жарар деген ниеттеміз.

Монографияның мақсаты - тарих ғылымының салалары тарихнаманың және деректанудың өзіне тән зерттеу методологиясын, ерекшеліктері мен заңдылықтарын пайдалана отырып, тарихнамалық еңбек жазудың, деректанулық талдау жасаудың бағыт-бағдарын, үлгісін нақты мәселелерді қарастыру арқылы көрсету.

Автор өзінің алдына мынадай міндеттерді қояды :

ұлт даналары және зиялыларының тарихи көзқарастарын қарастыру;

кеңестік ғалым-тарихшылардың еңбектеріне тарихнамалық талдау жасау;

ұлттық элита өкілдерінің өмірі мен халқына сіңірген еңбегіне баға беру;

кейбір этнографиялық мәселелерді тарихнамалық тұрғыда зерделеу;

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланған деректерге тарихнамалық шолу жсау;

Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттарына деректанулық талдау жүргізу. Осы соңғы тарау шәкіртім-

(7)

Гүлжан Бөлегенқызымен бірлесе отырып дайындалды.

Автор тарихнамалық зерттеудің методологиясын көрсетуде, өзінің пікірін танытып, тұжырымдарын түйіндеуде кеңестік және қазіргі кезеңдегі Ресей Федерациясы, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихшылары мен тарихнамашыларының, деректанушыларының көзқарастарына сүйенеді.

ҰЛТ ДАНАЛАРЫ ЖӘНЕ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Мәшһүр Жүсіп және қазақ тарихы мәселелері.

ПМУ хабаршысы. Гуманитарлық серия. 2009. №1. -105-139 бб.

Биылғы жылы қазақ халқының танымал ақыны, этнографы шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осы күнге дейін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектері тек қана философиялық, әдеби, ауыз әдебиеті, фольклористика тұрғысынан зерттеліп келіп, өкінішке қарай тарихи тұрғыда қарастырылмаған. Сондықтан біз осы жұмысымызда осы олқылықтың орнын толтыруға тырыстық. Өйткені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ халқының тарихын зерттеуде аса ірі үлес қосқан тұлғалардың бірі екені даусыз. Оның қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеп деректерді жинауы, қазақ халқын аралап ауыз әдебиет, шежіре үлгілерін жинап нәтижесінде 30 томдық «Мес»

жинағын шығаруы дәлел бола алады. Себебі бұл жинақта төл тарихымызға арналған жазбалар орын алды. Өз кезінде мол мұра қалдырған адамның бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тарихымызға елеулі үлесі, оның еңбектеріндегі тарихи жыр, аңыз-әңгіме, дастан тағы басқалары дәуірлер мен кезеңдерге байланысты ретімен берілуінде. Бұл жерде айтқымыз келіп тұрғаны оның еңбектерінде нақты дәуірлеу болмасада хронологиялық талдау байқалады. Бұл жерде тарихымызға қатысты оқиғалармен үрдістер ретімен көрсетіліп тарихи сабақтастық сақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбасында белгілі-бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыптасуына, тіпті олардың тұрмыс тіршілігіне, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің молынан ұшырасуы назар аудартады.

Мәселен, «Бұл қазақ қай уақыттан үш жүз атанған» оның ішінде «Алаш» деген қай ел, не себепті олай айтылғандығы, «Жүз» деген атау қайдан шыққан деген сұрақтарға өз көзқарасын білдірген. Сол арқылы қазақ елінің пайда болуы тарихнамасына шолу жасалынады.

Көрнекті ақын, публицист, этнограф, жиһанкез, саяхатшы, ағартушы, көріпкел, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (шын есімі Көпжасар) 1858 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызылтау жерінде дүниеге келген.

Мәшһүр - Арғынның Сүйіндік тайпасынан тараған ұрпақтың өкілі. Шежіре арқылы көрсететін болсақ, Жүсіп Сүйіндіктің Құлболды руының Күлік атасының Тілеуімбет тармағынан тарайды. Өз атасы Ақжігіттен туған

(8)

Сырмағамбет, әкесі - Көпжасар.

Сүйіндік→Құлболды→Күлік→Тілеуімбет→Ақжігіт→ Сырмағамбет → Көпжасар → Мәшһүр Жүсіп.

Туғанда азан шақырып қойылған есімі - Адам Жүсіп болған көрінеді.

Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған Мұса Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып:

«өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен», - деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кеткен [1. 1 б].

Мәшһүр 3 жасқа толғанда әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ»

болып шыққан. Сонда Көпей: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас, жұтамас байлық» - деген даналықты ескеріп, баласын оқытуға бел буған.

Сөйтіп бала Жүсіп Баянауыл медресесінде Қамар (Хамараддин) хазіреттен білім алып, алғаш оқуға ден қойған.

Мәшһүр ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр- дастандарды жаттап өскен. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте танытқан. Ақындық жолға түсуінің 15 жасында басталғанын ақын былай баяндаған: «Айырылдым дәл он бесте ақыл-естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен...» [2.147 б].

Мәшһүрдің есейіп, оңы мен солын тани бастаған кезі XIX ғасырдың екінші жартысындағы ел өміріндегі өзгерістерге тұспа-тұс келді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға билік жүргізіп келген Қоқан хандығы XIX ғасырдың 50-60- жылдары саяси билік дағдарысына ұшырап, үнемі Бұхар хандығымен соғыс жүргізумен болды [3. 79-80 б б].

Сол мезгілде Ресей екі жақтан: Сырдария (Ақмешіт) пен Жетісудан (Верный) шабуылдап, Ұлы жүз жерін басып алды. Қазақстанды тұтас иемденгеннен кейін, Ресейдің отаршылдық саясаты күрт өзгерді. Саяси-әскери отарлау кезеңі аяқталып, патша шенеуніктері қазақ еліне Ресей заңдарын, әкімшілік-басқару жүйесін тікелей енгізіп, рухани отарлау, шаруаларды қоныстандыру әдістерін жүзеге асыра бастады [4. 116 б].

Әкесінің ақыл-кеңесімен білім алуды жалғастыру мақсатында Мәшһүр Жүсіп 1872 жылы Бұхарадағы Көкілташ жоғары діни медресесіне оқуға түскен.

Оны 1874 жылы тәмамдап, өз заманына лайық жоғары мұсылмандық білім алып, ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгеріп шыққан.

Еліне оралған соң екі жылдай ауылда балаларды оқытып, ағартушылық қызметпен айналыса бастаған,

Мәшһүрдің тұрмысын жақсартуды ойлаған Арғындар арасында жомарттығымен, мырзалығымен, ағайынға қайырымдылығымен аты шыққан Әкімбек Мырза Жүсіпке қаражат беріп, астына ат міндіріп, алдына мал салып, Көпей отбасының дәулеттенуіне мұрындық болған [3. 79 б]. Тұрмысы түзелген Мәшһүр 1887, 1895, 1907 жылдары үш рет Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарканд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтқан, Осы жылдары белгілі оқымыстылармен, ақындармен кездесіп, түркітанушы-академик В.В.Радловпен танысқан. Орта Азия қалаларына сапар шегуде ғалым, білгірлермен жүздесіп қана қоймай, сонымен қатар сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерін жазып алды. Осы тұста айта

(9)

кетерлік бір жайт Мәшһүр ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандарды бала кезінен-ақ жаттап, кейбіреулерін жыршылардан жазып алған. Мәселен, Ә.Марғұланның айтуынша Жүсіп 7 жасында «Ер Олжабай батыр» жырын сақау ақынның аузынан қағазға қондырған. Бала Жүсіптің осындай маңызды іспен айналысуына ұстазы Қамар хазіреттің де ықпалы болғаны даусыз.

Айта кетерлік бір жайт, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпақтары қазіргі Жүсіповтер әулеті аталарының мол мұрасын зерттеп, талдап, көптеген еңбектерін ғылыми айналымға өндіріп, ғылым үшін келелі нәтижелерге қол жеткізуде. Міне осы Жүсіповтер әулетінің шаңырағында жинақталып, сақталған (Мәшһүрге қатысты) жеке мұрағат қорларында ғалымды деректанушы, тарихшы ретінде сомдайтын мәліметтер жиі кездеседі. Солардың бірінде Мәшһүрдің ауызша тарих айту дәстүріне сәйкес елеулі істер атқарғандығы жайлы жазылған. 1881 жылы Мәшһүр 23 жасында Ақмола дуанына сапар шегіп, Мейрам Жанайдаров үйінде бір жыл қыстап, Қара өткелдегі Әліке Байдалы, Аққошқар Сайдалы, Бердалы қожадан Қаракесек шежіресін, Қазыбек би тарихын, Бөгенбай батыр немересі Сәбелең (Саққұлақ) шешеннен Қанжығалы, Бөгенбай батыр шежіресін, Қоңырқұлжа сұлтанның ұрпағымен бірге ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ел тарихы хақында мәлімет жинақтаған. 1870 жылы Санкт-Петербург каласынан В.В.Радловтың «Түркі тайпаларынын, халық әдебиеті үлгілері» атты еңбегі басылып шыққан.

М.Ж.Көпеев осы кітапты 1881 жылы Ақмола өңіріне барған сапарында Мейрам Жанайдарұлының кітапханасынан кездестіріп, тұпнұсқасын көшіріп алған [4.

22 б]. Еңбекпен танысқаннан кейін, оның жариялануына байланысты өз пікірін былайша білдірген: «Жетпіске жетіп, жер таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған күнімізде Василей Василевич Радлоф қазақ әдебиетін бастырған екен. Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған. «Қазақты: түбі» деп Василей Василеич Радлоф баспаға бастырған» [5. 91-96 б б].

Кейіннен өзі де «Қазақ түбі» деген еңбек жазуда осы В.В.Радловтың зерттеуіне сүйеніп, мәліметтерді салыстырып, талдап отырған.

Мәшһүр қазақ сахарасын көп аралап, сапар, саяхат шегіп, ауыз әдебиет үлгілерін жинауға ынталы болған. Мәселен, 1887 жылы Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл, Нұраны асықпай аралап көрген. Жай ғана саяхаттап, барды-жоқты көрумен шектелмей, ел жадындағы баға жетпес деректерді қағаз бетіне түсірумен де айналысқан. Ташкентте болған кезінде Сыздық төреден әкесі Кенесары туралы айтқан әңгімелерін жазып алған [5. 12 б].

Арада біраз уақыт өткеннен кейін 1889-1891 жылдары Кіші жүз жеріне аяқ басып, халқымен сұхбаттасқан. Осы сапарында төкпе жыршылар мен жыраулардың аузынан Жәңгір хан, Науша батыр, Исатай, Шернияз туралы аңыз-әңгімелерді, ру-тайпалардың шежірелерін, шежірелік баяндауларын жинаған [6. 220 б].

Осылайша Мәшһүр өмірінің айтарлықтай бөлігін салт атпен қазақ даласын аралаумен, мол рухани мүра жинаумен өткізген. Там-тұмдап жинаған мәліметтерінің негізінде зерттеу еңбектерін жазып, оларды қолжазбалық кітап

(10)

түрінде жинақтаған. Солардың арасында «Мес» деп аталатын 30 томдық жинағының ішінде төл тарихымызға қатысты қолжазбалар орын алған.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесі , негізгі еңбектері және ондағы тарихи деректер.

Мәшһүр Жүсіптің қазақ тарихы туралы жазылған еңбектерінің бірі –«Қазақ түбі». Бұл еңбектің бірнеше нұсқалары бар. Әр үлгіде ел тарихы түрлі қырларынан баяндалады. Дегенмен тарихи тақырыптарды қамтитын Мәшһүр шығармаларының ортақ атауы – «Қазақ түбі». Еңбек ауыз әдебиеті үлгілерінің негізінде жазылған. Тарихи жыр, аңыз-әңгіме, дастан т.б. дәуірлер мен кезеңдерге байланысты ретімен берілген. Шығарма тарихи сипаттағы еңбек түрінде бағаланғанымен тарихи аңыз-әңгімелердің мазмұны әдеби тұрғыда ашылған.

Мәшһүр Жүсіп өзінің осы еңбегінде қазақ тарихының ежелгі дәуірден бастап XX ғасырдың бас кезі аралығындағы өзекті оқиғалар мен процестерге тоқталып, оларды баяндап, кейбіреулеріне сипаттама беріп кеткен.

М.Ж.Көпейұлы жазбаларындағы ел тарихының мерзімдік шегі аса ауқымды болғандықтан тарихи оқиғалар тізбегін материалдың топтастырылуына, көлеміне, мазмұнына, қолжазбада орналасуына сәйкес 11 кезеңге жіктеуге болады. Бұл кезеңдер:

1. Адам Ата - Ел хан (б.з. ҮІІІ ғ. дейін);

2. Ел хан - Қондыкер жұрты (ҮІІІ-ІХ ғ.);

3. 92 баулы Қыпшақ (ХІ-ХІІ ғғ.);

4. Шыңғыс хан - Жәнібек Барақұлы (ХІІІ-ХҮ ғғ.);

5. Жәнібек - Салқам Жәңгір (ХҮ-ХҮІІ ғғ.);

6. Әз Тәуке - Абылай сұлтан (1680-1734 жж.);

7. Абылай хан( 1734-1781 жж.);

8. Уәли-Саржан (1781-1836 жж.);

9. Кенесары (1837-1847 жж.); Ю.Қоқан (ХҮІП-ХІХ ғ. 60-ж.);

11.Патшалы Ресейдің отарлау саясаты (XIX ғ. II жартысы - 1907 ж.) [4. 73 б].

Айта кетерлік бір жайт, мұндай кезеңдерге бөлу шартты түрде жасалған.

М.Ж.Көпеевтің өзі төл тарихымызды дәуірлемеген, дегенмен оған қатысты оқиғалар мен процестер ежелгі дәуірден бері қарай хронологиялық ретпен көрсетіліп, тарихи сабақтастық сақталған. Автор қазақ тарихындағы елеулі оқиғаларды бөліп көрсетіп, оларды тарихи тұлғалармен байланыстырып, өзіндік тұжырымдар түйіндеп отырған. Мәселен, М.Ж. Көпеев «Қазақ түбі»

еңбегінде Нұх пайғамбарға, яғни адамзат тарихындағы топан су қаптаған оқиғаға ерекше тоқталып, Нұх заманы туралы діни сипаттағы аңыз-әңгімелерді берген [7. 223 б]. "Наурыз" атты еңбегінде Баянауыл мен Көкшетау жерлеріндегі ежелгі дәуірдің іздерін көрсетеді.

Зерттеуінде түркі дәуірінің, соның ішінде оғыздар кезеңіне тоқталып, оны сипаттап, қазақ тарихымен, салт-дәстүрмен байланыстырған. Өзінің тұжырымдарын пайымдауда шежіре, аңыз-әңгімелерге сүйенген. «Бұл шежіреден біздің алып отырған сыбағамыз - Уыз (Оғыз) хан балаларына өз пайым-парасатын, көзіне көрінген нәрсенің толымды-жарамдысын ат қылып

(11)

қоя беріпті: Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп. Сол аттарды күні бүгінге шейін біздің қазақ айдың басында туған баланың атын Айбас кояды. Таң ата туған баланың атын Таңатар қояды. Күн шыға туса, Күншығар кояды. Түн ортасында туса, Түнқатар қояды. Көл басында туса, Көлбай қояды. Тауда туса Таубай, жайлауда туса Жайлаубай, қыстауда туса Қыстаубай, күзекте туса Күзекбай, Күзеубай. Есілде туса Есілбай. Нұрада туса Нұрабай. Уыз ханнан үстап қалған үлгі-өнеге – осы» [7. 223 б]. - деп Мәшһүр Жүсіп Оғыздар заманында қалыптасқан төрт өрнек-үлгінің алғашқысын сипаттаған. Қалған үшеуін ғалым мына төмендегідей етіп баяндаған: «Екінші өрнек үлгісі - киіз үй. Бір нәрсені біреу іздеп таба алмай келсе: «Осы уыз үйлі пәленнен таба алмағаның ба?» - дейді. Үшінші өрнек үлгісі - топырлатып жылқы сою, қой сою, қара сабаға қымыз толтыру. Төртінші үлгісі- тоғыз-тоғыздан сый, сыйлық, сияпат. Өлген өлігіне мал шығарса да тоғыздан. Байлар өлсе жаназаға барып келушілерден:

«Неше тоғыз шығарыпты?» - деседі [7. 223 б].

Оғыз кезеңін қорыта келіп, шежіре арқылы қазақтардың үш жүзге бөлінуін:

«Арғы атамыз Ер Түрік, екінші буын атамыз Мұғол, Маңғұлыскейге қосыламыз. Үшінші буын атамыз - Уыз хан. Ай мен Күн, Жұлдызына таласпай- ақ қоялық. Үш оқты бізге қимай ма?! Біз неге бұл күнге шейін үш жүз атанып, үш алаш атанып жүрміз?!» [7. 223 б], - деп түсіндіреді. Мәшһүрдің үш оқ жайындағы пайымдауына келетін болсақ, оның өзі негізсіз емес. Х.Әділгереев

«Қазақ халқы құралуы тарихынан» атты мақаласында

Оғыз мемлекетінің үш ордаға бөлінгендігі туралы жазған. Отандык тарих ғылымында оғыз ұлысының боз оқ, үш оқ тайпаларынан құралғандығы жайындағы да пікірлер кездеседі [8.10 б]. Мұндай пікірлер М.Ж.Көпеев пайымдауларын бекіте түседі.

«Қазақ түбінде» түркі дәуіріндегі Ел хан жұртының тарихы әңгімеленген.

Ел жадындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының шығу тегі жөнінде былай деп жазған: «Біздің қазақ халқының қариялары: «Біз үш ханның баласымыз, - десіп сөйлейді, - Сейіл хан, Жайыл хан, Ел хан. Сейіл ханнан - сегіз арыс түрікпен. Жайыл ханнан - Майқы, Майқыдан туған өзбек Елден- Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: үлкені - Мың, ортаншысы - Жүз, кішісінің аты - Қырық, - дейді. Сыбаннан Қазақ пен Созақ. Созақ баласы - Қарақалпақ.

Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы: «Қазақтың атасы осы үшеуі екен», - деп айтысады. Ел ханның балалары Қондыкер жүрты. Ол қайда десең халифа қол астында «Қондыкердің ауыр жолы» деп айтыла тұғын бұрынғының сөзінде бар емес пе» - дейді [9].Түрікмен (Түрікпен) дегеннің мәнісі Қондыкер жұрты ауып кеткенде, бұлар мұнда қалғаны үшін маңайындағы сарт-сауан: «Түркі мүнда!», - деп, Түркілерден қалғандар», - деп, сонан түрікмен атанып кеткен деседі» [10. 10-21 бб].

Осы мәліметтерді пайдаланған Ә.Х.Марғұлан ІХ-ХІ ғасырларда Қондыкер шежіресінің шығуына негіз болған оғыз тайпалары ХҮ ғасырда Түркия жеріне ауып, сол аумақта орнығып, соған сәйкес Осман түріктері атанғандығын дәйектеуге тырысқан [11. 352-354 бб].

М.Ж.Көпеев көрсетілген үшінші кезеңде 92 баулы Қыпшақ тарихы туралы әртүрлі мәліметтер келтірген. Сарыарқа жерінің тарихын сөз қылған

(12)

кітабында Дешті Қыпшақ заманы баян еткен. Автор Дешті Қыпшақтың аумағын: «Әркім білімі жеткен жерден сөйлеу керек. Күн батысы Сырдария, күн шығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі Жетісу, Семиреченский өзені, солтүстігі - Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман қадымда Дешті Қыпшақ жүртының қонысы еді. Сол Қыпшақтан 92 ру ел тарайды. «Қытай көп пе, Қыпшақ көп пе» - деп мақал болған себебі сол»

[12. 112-113, 121 бб], -түрінде анықтап көрсеткен.

ХІІІ-ХҮ ғасырларды қамтитын төртінші кезең бойынша «Қазақ түбі»

Шыңғыс хан мен оның әулетінің шежіресін тарқатып, тарихын баяндаған [13.

15 б]. Автор Шыңғыс әулетінің шежіресін Жәнібекке дейінгі, Жәнібектен кейінгі кезеңдерге бөліп берген. Бұл шежірені жай ғана тізбектеп көрсетумен шектелмей, оны фольклорлық мәліметтермен толықтырып, Қ.Халидтың, Ш.Құдайбердиевтің жазба шежірелерімен, орыс ғалымдарының зерттеулерімен байланыстырып, салыстыра отырып тарқатқан. Сол шежіренің бір нұсқасы мынадай: "Шыңғыс хан ұлы - Жошы хан. Бұл Жошы ханның балалары: Бату хан, лақабы «Сайын хан», бір баласы Бөрке (Бүрік) хан. Бұлардың заманында Мауралінхәрдегі, Дешті Қыпшақ үшке бөлініп: Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда атанды.

Алтын Ордада Бөрке хан болды. Ақ Ордада Шайбан хан хан болды. Көк Ордада Токай Темірхан хан болды. Тоқай Темірден Өз Темір, мұның ұлы Хожақол, мұның ұлы Бадақол, мұның ұлы Орыс хан, мұның ұлы Барақ хан, мұның ұлы Әз Жәнібек хан, мұның ұлы Жәдік хан...» [14 68 б].

Келтірілген шежіре үзіндісі Ш.Құдайбердіұлының еңбегіндегі мәліметтерге үндес. Сөзіміз дәлелді болу үшін Шәкәрім тарқатқан шежіреге назар аударайық. «Шыңғыстың үлкен баласы Жошы хан өлген соң орнына Бату (Жошы баласы) хан болды. Оны орыстар Бати дейді. Лақап аты Сайын хан еді.

Оның орыс жұртын қаратып алғаны 1242 жылы. Батудан соң інісі Бүрге хан болды. Жошыдан бұрын ол Еділ-Жайықта қыпшақ атанып тұрған түріктер бар еді. Сол себептен Дәшті Қыпшақ хандығы деп аталушы еді. Бүрге хан кезінде үш ордаға бөлініп, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп бәрінің үстінен Алтын Ордадағы Бүрге хан билеуші еді. Ақ Ордаға Жошының Шайбан деген баласы хан болып, бер жақтағы тәмам көшпелі ел Көк орда атанып, оған Жошының Тоқайтемір деген баласы хан еді» [15. 21-22 бб]. Екі шежіре үзінділерін салыстыра отырып, Ш.Қүдайбердіұлының мәліметтері анағүрлым нақты екендігін байқаймыз. М.Ж.Көпеев шежіресінің маңызын жоққа шығармаймыз, дегенмен шежіре кестесінде кейбір ауытқулардың орын алғандығына назар аударамыз. Мәселен, Мәшһүр шежіреде Орыс ханды Бату ханның ұрпағы деп көрсеткен [16. 12 б]. Шын мәнінде Орыс хан (Ұрұс хан) - Орда Еженнен тараған ұрпақ. Мұны орыс зерттеушілері Б.Д.Греков, А.Ю.Якубовский де дәлелдеген. Олар Жошы ханның ұлы Орда Еженнен Сасыбұқа, одан Ерзен, одан Шымтай, Шымтайдан Орыс хан тараған деп жазған [17.230 б].

Моңғолдың төл тарихи шежірелерінің бірі «Чингис ханы язгуур тормийн қадигууд» Орыс ханды Орда Еженнің тоғызыншы ұрпағы деп таниды . В.В.Вельяминов-Зернов батыс европалық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, «Орыс Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің ұрпағы, Көк Орданың

(13)

түлегі деп жазды [18. 122 б]. Осы мәліметтерге қарап Орыс ханның Орда ежен ұрпағы болғандығы даусыз деп тұжырымдаймыз.

Мәшһүрдің Әмір Темір, Тоқтамыс, Едіге туралы айтылған тарихи аңыз- әңгімелері ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы қазақ тарихын жан-жақты қарастыруға септеседі. Осы орайда «Қазақ түбінің» бір ерекшелігі онда Әмір Темір хақында сақталған діни фольклор беріліп, соңында әмірдің жарқын істері автор тарапынан бағаланған. «Дүниеде қылқан еш ісінде салдырғаны мешіт, медресе.

Шаһынша әулие хазірет сұлтан Алғарфин Қожа Ахмет Иассауиының үстіне күмбез салдырған. Ташкентте Зеңгі Ата деген әулиенің үстіне күмбез салдырған... Бұхарай Шарифтың осы күнгі қорғанын Әмір Темір салдырған», - деп Әмір Темірдің кесенелер салдыруын жоғары бағалаған [7. 1-2б;

1.28-тізім. 84 б].

Мәшһүр «Қазақ түбінде» Қазақ хандығы тарихын Жәнібек Барақұлынан бастаған. Керей ханның есімі аталмайды. Жәнібектен кейін хан сайланған Бұрындықты Жәнібектің баласы деп көрсетіп, жаңсақтық танытады [4. 85 б].

Еңбегінің кейбір нұсқаларында Жайық бойынша ордасын салғызған Алтын Орда билеушісі Жәнібек Өзбекұлын қазақтың ханы Жәнібек Барақұлы ретінде танып, ханның өзін Батый ұрпағы, ноғайлының ханы деп есептейді. Осыған орай автор: «Әз Жәнібек - Жиренше шешен заманындағы хан. ... ноғайлының ханы болған. Жайық бойында ордасы болған. Мұның хан күнінде казақ та бүған қараған деседі» [7.244 б]. - деп жазған.

Жәнібек Барақұлының Қазақ хандығының іргесін қалаған хандардың бірі болғандығы тарихтан аян. Алайда Мәшһүрдің мұндай пайымдауына Қазақ шежірешілерінің Қазақ хандығы тарихын Алтын Орданың тарихи жалғасы ретінде қабылдауы ықпал еткен тәрізді. Оның үстіне шежірешілердің сөзін қаз- қалпында қабылдаған ғалым ноғайлы халқы мен қазақ жүрты кезінде бір ел болған деген тұжырымға келген. Мұның өзі автордың өзі пайдаланған деректерді үнемі сыннан өткізіп отыруға дағдыланбағандығын көрсетеді.

Ноғай Ордасы Қазақ хандығынан анағұрлым ерте құрылған этносаяси бірлестік болғаны, оның ХІҮ ғасырдың соңында Жайық пен Жем өзендерінің, ал Қазақ хандығы аралығында құрылуының мерзімі ХҮ ғасырдың екінші жартысы екендігін көптеген тарихи деректер мен зерттеулер дәйектейді [19.

127 б]. Ноғай Ордасының құрамына барлық қазақ тайпаларының кірмегендігі де ақиқат.

«Қазақ түбінің» авторы Қасым ханның заманына ерекше тоқталып өткен.

Мәшһүрдің Қасым ханның өзіне, билігі жайындағы пікірлері М.Х.Дулати, В.В.Вельяминов-Зернов тұжырымдарына ұқсас. «Қазақ түбі» нұсқаларының бірінде Қасым хан жайлы былай деп жазған: «Әз Жәнібектің 9 ұлы болыпты.

Оның бірі - Қасым хан. Бұл тақты Сарайшықтан көшіріп, Ұлытауға орнаттырған. Қазақты қатарға қосып кеткен осы Қасым хан. Қазақтың ортасында «Қасым ханның қасқа жолы» делінген сөз үлгі, өсиет болып қалды.

Баласы Жәнібектің сардар Қасым, Қазақтың біріктіріп, құрап басын.

Осы жер ата қоныс мекенің деп,

Найзамен сызып кеткен шекарасын» [20. 127 б].

(14)

М.Ж.Көпеев «Қазақ түбінде» Қасым ханнан соң Хақназар туралы көптеген мәліметтер берген. Бұдан кейін Тәуекел, Есім хандардың билігі тұсындағы қазақ елі жайлы айтып кеткен.

Халықтың ауызша тарих айтуында Әз Тәуке ханның билігі бірліктің, берекеліктің, молшылықтың заманы сипатталады. Тәуке ханның тұсында қазақ елінің ынтымақ-бірлігі қайта қалпына келтіріліп, уақытша болса да «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» кезең туды. Дәстүрлі шаруашылықпен қатар отырықшы мәдениет, қала мәдениеті өркендеп, көрші елдермен қарым- қатынас жақсарды. Елдің ішкі, сыртқы жағдайының өзекті тұстары жылына бір рет шақырылатын құрылтайдың басты назарында тұрды. Әз Тәукенің заманы турасында Мәшһүр Жүсіп былай деп жазған: «Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен» [1.1 б].

М.Ж.Көпеев Тәукені тарихи тұлға ретінде де дәріптеген. «Салқам Жәңгірден кейін Әз Тәуке хан болды. Мұның өзі ақылды кісі болды, табанды кісі болды. «Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды" деген қалыппен хандық қылды. «Күлтөбеде күнде кеңес» деген сөз - осы Әз Тәуке тұсында айтылған сөз. «Кері кеткен елдің кеңесі көп болады, кедей елдің көш басшысы көп болады». Бұл сөз де сол Әз Тәуке заманында айтылған сөз екен» [14.70 б], - деген автор пайымдаулары Тәуке хан билік еткен кезеңнің сипатын айқын көрсетеді. Сонымен катар М.Ж.Көпеев Тәукенің ата-бабасы мен ұрпақтары туралы да мәліметтерді келтіріп, шежіре тарқатқан. Осы турасында автор:

«Еңсегей бойлы ер Есімнен Салқам Жәңгір. Салқам Жәңгірден Әз Тәуке. Әз Тәукеден Болат хан. Болат ханнан Әбілмәмбет, Сәмеке. Салқам Жәңгірдің бір катынынан Уәлі бақы жалғыз, мұнан Қанішер Абылай жалғыз. Қанішер Абылайдан Көркем Уәлі жалғыз. Мұнан Әбілмәнсұр жалғыз...» [15. 23 б], - деп жазып, Әз Тәуке ханның әулеттік шежіресін нақты көрсетіп берген.

«Қазақ түбі» әңгіме-аңыздарында 1723-26 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды...» оқиғасы да орын алған. Жоңғар жаулап алуына байланысты халықтың басына түскен қасірет калмақтың дәуірлеуімен байланыстырылып, окиға желісі тартьшды баяндалған. Ұлы қасіреттің сабақтарын танытатын оқиғаға байланысты тарих пен шежірелік есепшілер мәліметтері қатар беріліп, соның нәтижесінде «Қазақ түбінің» мазмұны зерттеушілер үшін қүнды бола түскен. Сол заманның халыққа түсірген ауыртпалығы, тарихи шындық еңбектен айқын көрініс тапқан. «Ақтабан шүбырынды 1723 жылы болған деседі. 1643-те қоңтажы күшейіп, қалмақ аса дәуірлеген деседі. 1720-ның шамасында Қалдан Шерін Түркістан, Ташкенді түгел билеп, пайжын Ташкентте қылған деседі. Қалдан Шерін құба қалмақтың ханы, тамам қалмақтың хандары Қалдан Шеріннің аузына қараған деседі. Қазақтан бақ тайған соң Ұлы жүз Қоқантқа, Орта жүз Самарқанға, Кіші жүз Хиуаға қорғалады... Сол ауып келе жатқанда қалмақ шапқыншылығына ұшырады» [16. 246 б]. - деген мәліметтер қазіргі төл тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан қалыптастыруда дәйекті дерек бола алады.

Өз кезегінде «Ақтабан шұбырынды»... оқиғаларын анағұрлым терең әрі

(15)

жан-жақты М.Тынышпаев зерттеген болатын. Ұлт зиялысы осы мәселеге өзінің еңбегін арнады [17.23б]. М.Ж.Көпеев М.Тынышпаевпен салыстырғанда ұлы қасірет жылдарын негізінен аңыз-әңгімелердің желісіне сүйеніп, Тәуке хан заманынан бастап, одан кейінгі 1715-1738 жылдар аралығындағы үш жүздің саяси тарихына жеке-жеке тоқталған. Дегенмен бұл оқиғалардың барлығы үстірт қарастырылған, өйткені шежіреші оларды арнайы зерттеу мақсатын қоймаған.

«Қазақ түбінде» Абылай хан заманы топтама жинақтарынан ханның ата- тегі мен әулеті, сол кездегі атақты билер мен батырлар, заң жоралғылары, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы сақталған фольклорлық үлгілер, тарихи зерттеулерден алынған деректер негізінде көрініс тапқан [18. 23-24 б б].

1739-1750 жылдардағы қазақ-қалмақ қатынастары тарихы «Қалдан Шерін»

әңгімесінде орын алған [19. 60-63 б б]. 1750-1758 жылдардағы саяси оқиғаларға Абылай сұлтанның белсенді араласуы да «Қазақ түбінде» жазылған. Осыған байланысты Мәшһүр Абылайдың жоңғарларға қарсы күресін жоғары бағалап, былай деп жазған: «Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған. Абылай хан ат арқасына мінген соң, қалмақтың бетін қайтарған.

Алатаудың бергі жағында, Алтай тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп, күн көріп отыра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аударған, басына қара қан жаудырған Абылай болатұғын, ақыры қалмақты су сепкендей қылды» [20. 322 б].

1752-1758 жылдардағы саяси оқиғаларға байланысты беделі артып, билігі күшейген Абылай сұлтан Ресей мен Қытай арасында бейтараптық бағыт ұстап, алма-кезек екі жақты қолдап, нәтижесінде қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалған. Осы хақында Мәшһүр Жүсіп Абылайдың көреген саясатын дөп басып, даналығын көрсете: «Орыспен жауласпады, ел болды. Шүршітпен жауласпады, ел болды. Екеуіне де тіл болды... шүршіт ханы Абылайға «Ежен» атын байлады... Керей төресіне «күңлік», найман төресіне «уаңлық», арғын төресіне

«ханлық» берген шүршіт ханы Еженнің екі жорасы. Сонда Арғында ханлық алған екі төре: бірі – Абылай, бірі - Бөкей...», – деп жазған [18. 24 б].

«Қазақ түбі» топтамасында 1822-1836 жылдар аралығындағы оқиғалар қысқаша түрде әңгімеленген. 1836-1838 жылдардағы Исатай қозғалысы туралы мәлімет аз берілген [21. 106 б]. Қайыпқали Есімов, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов көтерілістеріне қатысқан Кіші жүздің атақты батыры Науша

Қаржауұлы жөнінде біршама мәліметтер жиналған. Мәшһүрдің пікірінше Науша батыр Бөкей ордасында Қайболды (яғни Қ.Есімов) деген төремен бірлесіп, патша әскерімен соғысып, Шабар Ақшабарұлы көмегімен Кіші жүзге өткен. Наушадан кейін 7 жылдан соң Жайықтан орыс әскерінен қашқан Исатай да өтіп, Кіші жүзде хан-сұлтандармен келісе алмаған [22. 201-202 б б]. Бұл оқиғалардың шынайылығын А.Ф.Рязанов, И.Кенжалиев, Ж.О.Артықбаев дәйектенді[23. 85 б].

XIX ғасырдың орта кезіндегі қазақ елінің тарихын әңгімелеуде Мәшһүр Жүсіп ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Бұхар, Қоқан хандықтарының тарихын шежіре ретінде келтіреді. Автор XIX ғасырдың бірінші жартысында казақ жерлерінің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының Қоқан хандығының қол астында

(16)

болғандығын өзінше былай деп сипаттаған: «Кеше ХҮІІІ ғасырдың ішінде Қазақ уалаятында «Қоқан заманы» деген заман болды. Сонда қазақта мақал болып қалды: «Ақ жалау барда малым бар деме, Әзірейіл барда жаным бар деме» – деген сөз. Ол «ақ жалау» деген Қоқан хандарының ел шабатұғын қосыны екен... Сонда аса зорлық қылып шапқанда біздің Арғынды, оның ішінде Қуандық, Қаракесекті баса шапқан екен...» [24. 107 б], .

Осы Бұхар, Қоқан хандықтарын, жалпы алғанда Орта Азияны, қазақтың Ұлы жүзін орыс әскерлерінің империяға қарату үшін жаулап алу жорықтарына М.Ж.Көпеев тоқтала келіп, 1865 жылы Ташкентті Черняев отрядының басып алу ұрысына Шоқан Уәлихановтың қатысқандығына назар аударған. «...Уәлі ханның Айғаным деген тоқалынан Шыңғыс төре. Сұлтанғазы мен Шыңғыс баласы Шоқан ұрысқа қолбасылық қылып, Ташкентті орыс алғанда Шернейф жанаралмен бірге тұрып, бірге жүрген...» [6. 41 б], – деп өзі пайдаланған деректерге сүйеніп, пікірін шыңдай түскен.

Осылайша Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ түбі» тарихи мұрасында Отан тарихының ежелгі дәуірден XIX ғасырдың соңына дейінгі аралықтағы тарихи оқиғаларға шолу жасалып, кейбір тұстарына сипаттама беріліп, ой қорытылған.

Оны тарихнамада өзіндік орын алатын көлемді еңбектердің қатарына жатқызуға болады. Бұл еңбектің бір ерекшелігі онда ресми құжаттарда, өзге де деректерде кездеспейтін мәліметтер берілген. Сондығымен де ол қайталанбас артықшылыққа ие болған. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тарихын түрлі көзқарастар, нұсқалар бойынша баяндауы өткенге тайталас пікірлер негізінде қарауға үйретеді. «Қазақ түбін» тек тарихи оқиғаларды баяндайтын топтама ғана емес, төл тарихымызға қатысты мол дерек беретін, әсіресе, ауызша тарих айту дәстүріне сәйкес мәліметтер жинақталған деректер жинағы ретінде бағалауға болады.

«Мес» жинағы Әбілғазының «Түрік шежіресі» негізінде жазылса, «Қазақ түбін» құрастыруда Қ.Халид, Ш.Құдайбердіұлы шежірелерін, В.Радлов, В.В.Вельяминов-Зернов, Ш.Уәлиханов зерттеулерін, естеліктерді, тарихи әңгіме, аңыз, жыр, ертегілерді пайдаланды.

Сонымен қатар М.Ж.Көпеев араб, парсы, түркі тілдерінде басылып шыққан ортағасырлық кітаптарды да өзінің ғылыми ізденісіне жұмсай білген, Баласы Мұхаммед, Фазыл көшірмесінде сақталған мәліметтерге қарағанда Мәшһүр Жүсіп Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегімен де таныс болған көрінеді.

«Өзбектен Қазақ пен Қырғыз. Бұхардан арғы халықты Тауариқ кітабы (бұл жерде автор Қ.Халидтың еңбегі туралы айтып отыр) айтады. Мір Мырза Хайдар хазірет басқандар. Өзіміз Бұхарда оқып көрдік. Көрдім. Парсыша жазылған екен. Ол кісі шаһарда өлсе керек. Ғабдилуәлі маркұм наклият бин ғабрахан» [25.96 б], – деген Мәшһүрдің өзінің сөздері осының айғағы.

Осы орайда айтарымыз М.Ж.Көпеев еңбек жазуда тарихи деректерді өте көп пайдаланған. Мұның өзі автордың шығармаларын салмақты да салиқалы етіп, оқырманына түсінікті болып, шынайылығымен тартымды бола түскен.

Содан да болса керек өз кезегінде Ә.Х.Марғұлан Мәшһүр зерттеулерін, өзін жоғары бағалаған. Ә.Марғұланның: «Мәшһүр ақындықтан басқа ғалым адам.

Күншығыс, араб, парсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия,

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

эпосының тереңіне бойлайды, араб, парсы, дари, пехлеви тіл- деріндегі ескі кітаптар мен қолжазбалар құпиясына үңіледі. Толассыз іздену нэтижесінде

1960 – 1965 жылы Талас даласында Жетісу археологиялық экспедиясымен тарих, археология және этнология институтының АН КазССР мен институт АН КирССР

Экономика сериясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.. Экономика ғылымдары ақпан/февраль

«Мастер мен Маргаритаң, Т. Апдайктың шы-ғармаларында мифті жиі қолданады. Айтматовтың «Боран-ды бекетң романында басқа да шығармаларында мифтерді

Жинақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының

Темірғали Көпбаев 1994 жылдың басында арнайы шақырумен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика

Есім ; ҚР Білім және ғылым м-гі, әл-Фараби атын ҚазҰУ.. Хакім Аба :

Үшіншіден, Жошы Ұлысында түркі халықтарының тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз еткен және олардың Алтын Орда тәрізді Ұлы мемлекетін тарих