ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ф. Б. Бөрібекова Н. Ж. Жанатбекова
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
Оқулық
Алматы, 2014
технологиялар» пəні бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын меңгеруге бағыттайды.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен жəне білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды жəне оқу- тəрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-əрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тəрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мəселесі теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Практикалық сабақтарда білімгерлердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда əртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау жəне педагогикалық ситуацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте маңызды болып отыр.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесідей тұжырымға келуге болады: өзіндік жұмыс білімгердің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Əрбір өзіндік жұмысты бастар кезінде білімгер алында белгілі бір мақсат, проблема болуы қажет.
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» курсы бойынша
берілген өзіндік жұмысты орындау барысында əр білімгер өзінің жеке тəжірибесін пайдаланып, алған білім деңгейінде жұмыс жасайды.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы білімгерге арнайы тапсырма береді, ал білімгер берілген тапсырманың қажеттілігі жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білім деңгейін саралап тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады жəне
ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды.
Үшіншіден, алған нəтижесіне талдау жасайды.
Білімгерлерге берілетін өзіндік жұмыстар дидактикалық жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өзіндік жұмыс;
білімді пайдалануға арналған өзіндік жұмыс; теориялық материалды тексеруге арналған өзіндік жұмыстар.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» курсын меңгеруде білімнің өрінен көрінуге тілектеспіз.
Автор
1. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПƏНІ РЕТІНДЕ
Жоспар:
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері.
1.2. Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік.
1.3. Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан
берілген анықтамалар.
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп- өркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жыл оқыту моделі.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – алған білімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тəрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің əлемдік озық үлгісін өнегесін, тəжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», – деген сөзі еріксіз еске түседі.
Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі.
Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел – бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат – білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы – жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады.
Курстың объектісі – қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың мазмұны бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102 – БОПƏ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес жоғары кəсіби білімнің құрамдасы ретінде.
Курстың пəні – 050102 – БОПƏ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сы- ныптар мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік жəне дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері:
• «педагогикалық технология», «оқу пəндерін оқыту
технологиялары» ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасау;
• Бастауыш мектептегі пəндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау жасау;
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес студенттердің білім, білік жəне дағдыларына қойылатын талаптар:
– курстың объектісі, пəні, міндеттері мен зерттеу əдістері жайлы түсініктері болуы тиіс;
– математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға сипаттама жасап, талдай алулары тиіс;
– қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс;
– белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық үдерісті таңдай жəне құра алулары тиіс.
1.2. «Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті.
Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте- бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан.
Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен
«техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп,
тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны
білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме»
түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың
«дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің
мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология»,
«оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген
түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге:
педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология»,
«оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы»
ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы
педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан
«педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие
технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я.
А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты.
Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», – делінген.
Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс
беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушы- ның педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
1.3. «Педагогикалық технология» ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар
В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп түсіндіреді.
Б. Т. Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы», – деген анықтама берсе, Г. К. Селевко «педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады:
- ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагоги- калық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;
- бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс;
- нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау.
Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: «педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу».
В. В. Воронов «педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», – деп есептейді.
В. М. Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» – десе, М. Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» – деп анықтама береді.
Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі (Монахов В. М.), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі, білімді меңгерудегі техникалық жəне олардың өзара əрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).
В. Н. Бордовская жəне А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г. М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология əдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тəрбиелеудегі мақсаттары мен нəтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кəсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің жəне өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-əрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының əрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген:
ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың жəне ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсат- тар қоюдың тұтас үдерісін айтамыз.
Сонымен, педагогикалық технология – оқыту үдерісін түгелдей қолдану жəне бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі əдісі ретінде түсіндіріледі.
Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технологияның əртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Қазіргі кезде оқытуда дəстүрлі
жəне дəстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту əдістері пайдаланылуда.
Дəстүрлі əдістің негізін сыныптың сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа əдістер 50-60-шы жылдарда пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқаларының идеялары жалғасты. М. Н. Скаткин: «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мəселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нəтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс» – дейді.
Ғалым дидактик В. В. Давыдов М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа əдістердің енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тəжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен əдістерін жетілдіру мəселелері шешімін күтуде.
В. В. Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені меңгертуге болады. Соның нəтижесінде білім, білік жəне дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тəрбиелеу мен оқыту баланың жеке дара ерекшеліктерін дамытады. Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мəселелер: оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу əрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В. В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту əдістерінен тұрады. Оқу əрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіндіру) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дəрежесі, ал қабылдау əрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарының негізгі ой- тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жеке-
леп саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бақылау сұрақтары:
1. «Қазіргі заманғы педагогикалық технология» пəнінің
объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттерін саралаңыз.
2. «Технология» ұғымын түсіндіріңіз.
3. «Педагогикалық технология» ұғымына берген педагог-
ғалымдардың түрлі пікірлерін сипаттаңыз.
4. «Педагогикалық технология» ұғымының мағынасын атаңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Технология» ұғымын зерттеген ғалымдар
«Технология» ұғымы Сипаттамасы
Педагогикалық түсіндірме сөздіктегі анықтамасы
В. Даль анықтамасы
В. П. Беспалько анықтамасы М. В. Кларкин анықтамасы Б. С. Блум анықтамасы т.б.
2. «Педагогикалық технология» ұғымына анықтама берген
ғалымдар:
Педагогикалық технология»
ұғымы
Сипаттамасы
Б. Т. Лихачев анықтамасы
В. П. Беспалько анықтамасы И. П. Волков анықтамасы В. М. Монахов анықтамасы М. В. Кларкин анықтамасы т.б.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ə. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. /Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде оқыған лекция. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр
2. Назарбаев Н. Ə. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! / Қазақстан халқына Жолдау. – Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2011 жыл.
3. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». – Астана, 2007
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2006.
6. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауы. – Астана, 14 желтоқсан 2012 ж.
7. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.
8. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995.
9. Бабанский Ю. К., Поташник М. М. Педагогикалық процесті
оптималдандыру /сұрақтар мен жауаптар/. – Алматы: Мектеп, 1984.
10. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – //Қазақстан мектебі, 2001, №2.
11. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред.
Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
12. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. – Владивосток, 2000.
13. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999
14. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
15. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая техноло-
гия: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей.
– 1989. – C.3-53.
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
2.1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
2.2. «Инновация» туралы жалпы түсінік.
2.3. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері.
2.4. Инновацияның негізгі қағидалары.
2.5. Білім берудің инновациялық əдістері мен технологиялары.
2.6. Инновациялық əдістердің классификациясы.
2.7. Инновациялық технологиялардың өлшемдері.
2.1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Ре- спублика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми- əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында»
деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нəрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мəлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тəрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар:
білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері – жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында.
Осы тұрғыда Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде елбасы
Н. Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» – атты тақырыпта оқыған лекциясында:
«Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда
жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет,» – деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
2.2. «Инновация» туралы жалпы түсінік
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған
əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны
былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – дейді.
Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа»,
«жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген
терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп»
енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
«Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда
мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.
Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.
Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке- дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
«Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина,
техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз
«жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
2.3. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады:
I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инно- вацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инно- вациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізіл- ген жаңалықтардың нəтижесін бағалау.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
- оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді
түрде қарастыру.
Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастыру- шылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.
Оқытудың инновациялық технология бойынша əдістемелік жүйесі сапалы нəтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Сондықтан инновациялық əдіс-тəсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үдерісінің өзара сапалы нəтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология- ларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- оқушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа
инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жəне одан шығатын нəтиже оқытушының кəсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі əрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысын-
да əрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, əрі жетіспеуі, кадрлық əлеуеттің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының
бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.
Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нəтижені пайдалана білу – əрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру – міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
2.4. Инновацияның негізгі қағидалары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылық жəне шығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді.
- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі жəне орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
- білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
- мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.
1-сурет. Білім жүйесінің сызбасы
Кесте Білім жүйесінің түсініктері
Рет тəртібі Оқушы іс-əрекеті
Білу Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, түсінеді, ойлайды.
Түсіну Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
Қолдану Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, іздейді.
Талдау Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа мəселені шешеді.
Топтау Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.
Бағалау Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
Көптеген мектептер жаңа оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін енгізе бастады. Алайда, мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтердің оны іске асырудағы білімнің жетіспеушілігі арасында алшақтық байқалады. Ал білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты төмендегі сызбадан көруге болады.
ȱV ɲɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԕ
ȱȱȱ ɷɜɪɢɫɬɢɤɚɥɵԕ
ȱȱ ɚɥɝɨɪɢɬɦɞɿɤ
ȱ ɨԕɭɲɵɥɵԕ
1-сызба. Білімді меңгеру деңгейлері
Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модем, жоба жасату, қорғату,
оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі
қолданылады.
2.5. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлері Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, əрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-əрекетін бақылау жатады.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
Масырова Р., Линчевская Т. «Жаңару» (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.