1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов
Р. Ә. Қозбағаров
КөЛІК ТЕхНИКАСЫН өНдІРУ ЖӘНЕ ЖөНдЕУ
ТЕхНоЛоГИяСЫ НЕГІЗдЕРІ
Оқулық
Алматы, 2013
2
ӘОЖ 621.01/.03 (075) КБЖ 34.5 я 73 К 83
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен Пікір жазғандар:
А. Г. Акчурин – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Ә. Т. Тұрдалиев – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Ж. С. Мұсаев – техника ғылымдарының докторы, профессор.
Кульгильдинов М. С.
Көлік техникасын өндіру және жөндеу технологиясы негіздері:
Оқулық. /Авторлар ұжымы: М. С. Кульгильдинов, К. Ә. Жүсіпов, Р. Ә. Қозбағаров/ Алматы, 2013. – 280 б.
ISBN 978-601-7427-15-3
Оқулық негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көлік техникасын өндірудің технологиясы негіздері берілген. Машина жасау технологиясының теориялық негіздерімен қатар, бөлшек беттерін өңдеу тәсілдері мен типтік бөлшектерді өндіру технологиясы қарастырылған. Сонымен бірге жинақ процестерінің технологиясы мен машина бөлшектері және агрегаттарын жинау үлгілері келтірілген. Роботталған өндіріс технологиясы бойынша да мағлұматтар берілген. Екінші бөлім көлік техникасын жөндеу технологиясына арналған.
Мұнда машиналарды жөндеудің теориялық негіздерімен қатар, машиналарды техникалық күту мен жөндеуді (қалпына келтіруді) ұйымдастыру және көлік техникасын күрделі жөндеудің өндірістік процесі кеңінен қарастырылған.
Оқулық көлік техникасы және технологиялары мамандықтары бойын- ша білім алатын студенттері мен көлік техникасын жасап шығару саласында қызмет етушілерге арналған.
ISBN 978-601-7427-15-3
© М. С. Кульгильдинов және т.б., 2013
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2013
К 83
ӘОЖ 621.01/.03 (075) КБЖ 34.5 я 73
3
КІРІСПЕ
Адамзат қоғамы әртүрлі мақсатқа арналған тұрақты өнім шығармайынша және оны үнемі дамытып отырмайынша өмір сүре ал- майды. Ал өндірісті өз кезегінде машинаның қолданылуынсыз елестету мүмкін емес. Машиналарды дайындап шығару машина жасау техноло- гиясы заңдылықтарын қолдануға негізделген адамзат тіршілігінің ерек- ше саласы болып табылады.
Машина жасау өндірісінің технологиясы әртүрлі технологиялық үдерістердің (құю, қалыптау, термиялық өңдеу, бояу және т.б.) жиынтығы болып саналады. Сонымен бірге машина жасау технология- сы машина жасау өндірісінің соңғы сатысын, яғни дайындамалардың дайын детальға және жинақ бірлігіне айналуын қамтиды.
«Көлік техникасын өндіру және жөндеу технологиясы негіздері»
атты оқу пәні салалас технологиялық және техникалық пәндерге негізделген. Бұл пәнді оқығанға дейін білімгерде материалтану, конструкциялық материалдар технологиясы, метрология, өзара ауыстырымдылық пен стандарттау, машиналарды жобалау негіздері бойынша мағлұматтар болуы тиіс. «Көлік техникасын өндіру және жөндеу технологиясының негіздері» пәнінің басты мәні машиналар- ды жинау мен детальдарды дайындау және жөндеудің технологиялық үдерістерін заманауи талапқа сай құрастыра білуді үйретуде бо- лып табылады. Оқулықтағы оқу материалдары технологиялық та, конструкторлық та мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге арналып жазылған.
Машина жасаудың жалпы қағидаларына сәйкес оқулықта машинаны жинау мен оның детальдарын дайындау және жөндеудің сапасына ерек- ше назар аударылған. Сапа мәселесі машинаны шығару мен жөндеудің технологиялық үдерістерін автоматтандыру негізінде шешілген.
Технологиялық үдерістерді құрастыру барысында электрондық есеп- теу машиналарын пайдалану машина жасау технологиясының ғылым ретінде дамуындағы жаңа саты болып есептеледі.
Машина жасау республика экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің әр саласындағы жаңа машиналар мен механизмдерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі осы саланың дамуымен тығыз байланысты болады. Машина жасаудағы технологиялық үдерістерді жетілдіру көлік техникасын жасау саласының жедел дамуына әсерін тигізеді. Көптеген жаңа машиналар жасалды, атап айтар болсақ, жол төсемелерін жылдам салатын шынжыр табанды машиналар жиынтығы, автоматтандырылған бетон және асфальтараластырғыш қондырғылар, өнеркәсіптік трактор- лар базасындағы жоғары өнімділікті бульдозер-қопсытқыштар, жүк
4
көтеру крандарының, автомобильдердің, қуатты локомотивтердің жаңа модельдері.
Саланың бүгінгі таңдағы шешетін стратегиялық мәселелеріне жаңа техника жасау және тозған негізгі қорларды жаңарту, жаңа технология- ларды іске асыруды жатқызуға болады. Еліміздің көліктік кешеніндегі маңызды мәселелердің бірі – негізгі қорларды, яғни көлік өндіретін заводтардың технологиялық жабдықтарын техникалық тұрғыда жаңарту болып саналады.
Қазіргі кезең көліктің арнайы түрлерін, оның ішінде машина жасау мен құрылыс индустриясын осы саладағы шетелдік фирмалармен коо- перациялау негізінде сапасы жоғары жаңа көлікті өндіруді дамытумен сипатталады.
Механикаландыру саласына қойылатын өндірістік, технологиялық және экономикалық талаптар сан алуан, ал әсіресе нарық жағдайында кереғар пікірлер (мысалы, машинаның қуатын арттыру және массасын азайту) болады, бұл машинаның конструктивтік массасын азайтуға мүмкіндік беретін болаттар мен басқа да материалдардың жаңа да сапа- лы маркаларын қолдануға жағдай жасайды.
Машина жасауда гидравликаланған, автоматтандырылған маши- налар өндіру көлемін өсіру жоспарлы түрде жалғасуда. Соңғы жылда- ры ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасына сәйкес еліміздің көлік саласындағы техникалық оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кеңінен қолға алынған. Қазіргі отандық экономиканың құрылымдарын қайта құру заманында ма- шина жасау өндірісін техникалық қайта жарақтау көлік техникасын жасаудың әлемдік нарыққа сәйкестенген материалдық базасын құруды қамтамасыз етуге тиіс.
5
К1. КөлІК ТЕхниКАСын өндІРу БОйыншА нЕГІзГІ ТЕРМиндЕР МЕн АнықТАМАлАР
Автоматтық манипулятор – қозғалу функцияларының орындалу- ын оператордың қатысуынсыз қамтамасыз ететін құрылғы.
Агрегат – машинаның белгілі бір функцияларды орындайтын және оның бөлшектерін, топтамаларын, буындарын аяқталған конструктивті- жинау элементіне біріктіретін бөлігі.
Ағымды өндіріс – бұйымды белгілі бір интервалмен шығару және технологиялық жабдықтарды технологиялық үдерістер опера- цияларының орындалу кезегімен орналастыру арқылы сипатталатын өндіріс.
Айналымға беру (Sа) – аспаптың немесе дайындаманың бір айна- лымына сәйкес келетін беру.
Ақпараттық жүйе – өнеркәсіптік роботтар (ОР) мен сыртқы орта- ның жағдайы жайлы ақпаратты алу, өзгерту, өңдеу және беруді қам- тамасыз ететін өзара байланысқан және өзара әсерлескен техникалық құралдар жиынтығы.
База – дайындамаға немесе бұйымға тиесілі болып және базалау үшін қолданылатын жазық бет немесе осы функцияларды орындайтын жазықтықтар қатары, ось, нүкте.
Базалық деталь – бұйымның күрделі элементтерін жинау бастала- тын деталь.
Базалық буын – машинаның күрделі элементін жинау басталатын буын.
Басқару жүйесі – оқытуды (бағдарламалауды), бағдарламаны сақтау және оны қайта жаңартуды (ақпаратты санау және басқару белгілерін өнеркәсіптік роботтың орындау органына беру) қамтамасыз ететін өзара байланысқан және өзара әсер ететін басқару құралдарының функ- ционалды жиынтығы.
Бекітпе – өңделетін дайындаманың немесе жинақ бірлігінің мықтап бекітілген кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.
Беру – дайындаманың немесе кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінің беру қозғалысы бойынша осы нүктенің траекториясы бойы- мен жүріп өткен қашықтығының қозғалыс циклдарының сәйкес санына қатынасы.
Беру қозғалысы (дб) – жылдамдығы кесудің бас қозғалысы жылдамдығынан кем болатын дайындаманың немесе кесу аспабының түзу сызықты немесе айналма қозғалысы.
Беру қозғалысының жылдамдығы (Vб) – беру қозғалысындағы кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.
6
Беттік ақау – деталь бетіне шығып тұратын капилляр түріндегі ақау немесе сызат.
Бұйым – өндірістің соңғы сатысындағы өнім. Берілген жөндеу өндірісінің нысанына байланысты жинақталып аяқталған өнім (мыса- лы, экскаватор, локомотив және т.б), сонымен бірге жеке элементтер де (мысалы, агрегат, буын, деталь) өнім бола алады.
Бұйым жасаудың еңбексыйымдылығы – жұмыс уақыты бірлігінде анықталатын бұйымды шығаруға жұмсалған еңбек шамасы.
Бұйым конструкциясының технологиялылығы – бұйымды шығару, жөндеу және техникалық күтуді шығарылуы, пайдаланы- луы және сапа көрсеткіштері бірдей жағдайдағы конструкциялармен салыстырғандағы ең тиімді технология бойынша қамтамасыз ететін конструкция қасиеттерінің жиынтығы.
Бұйым конструкциясы технологиялылығының деңгейі (Кд) – технологиялылықтың қол жеткізген көрсеткішінің техникалық тапсыр- мада берілген базалық көрсеткіштің мәніне қатынасы.
Бұйымның материалсыйымдылығы – масса бірлігімен анықталатын бұйымды өндіру мен оны пайдалануға жұмсалатын мате- риалдар көлемі.
Бірліктік өндіріс – ереже бойынша қайта өндіру қарастырылмаған және бірдей өнімдерді кіші көлемде шығарумен сипатталатын өндіріс.
дайындау-аяқтау уақыты – орындаушының технологиялық опе- рацияларды орындауға, дайындауға және технологиялық жабдықтарды ауысым соңында ретке келтіруге жұмсалатын уақыт аралығы.
даналық уақыт – технологиялық операция циклінің бір мезгілде дайындалатын немесе жөнделетін бұйымдар санына қатынасына неме- се жинау операциясының күнтізбелік уақытына тең уақыт аралығы.
деталь (бөлшек) – әртүрлі бірлесулердің жоқ болуымен сипаттала- тын машинаның элементар бөлігі.
детальдардың (буындардың) өзара ауыстырымдылығы – детальдың (буынның) кез келген машинаға ауыстырып-салуға болатын өндіру кезінде қарастырылып қойылған қасиеті.
Жону – айналмалы басты кесу қозғалысындағы және оның траекториясының радиусының өзгеру мүмкіндігіндегі жұқалап өңдеу.
Жұмыс жобасы (жұмыстық сызбалар) – ғимараттар мен құрылымдарды салу, жабдықтарды орналастыру және кәсіпорынды пайдалану бойынша барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін және бекітілген техникалық жоба негізінде дайындалатын құжаттар жиынтығы.
Жұмыс нормасы – сәйкес біліктілікті бір немесе бірнеше орындаушының белгілі бір ұйымдастыру-техникалық жағдайлардағы уақыт бірлігінде орындалуға тиіс шектелген жұмыс көлемі.
7
Жұмыс орны – жұмыс орындаушылар, олар күтетін технологиялық жабдықтар, конвейер бөлігі, шектеулі уақытқа қойылатын еңбек құрал- дары орналасатын кәсіпорын құрылымының элементарлы бірлігі.
Жұмыс орнын күту уақыты – орындаушының жұмыс орнын күтуге және технологиялық жабдықтарды жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге жұмсайтын даналық уақыттың бір бөлігі.
Жүріске беру (Sж) – аспаптың немесе дайындаманың бір жүрісіне сәйкес келетін беріс.
Кесудің бас қозғалысы (дк) – ең жоғары жылдамдықпен кесу үдерісі кезіндегі дайындаманың немесе кесу аспабының түзу сызықты немесе айналма қозғалысы.
Кесу жылдамдығы (V) – басты кесу қозғалысында кесу жиегінің не- месе дайындаманың қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.
Кесумен өңдеу – жоңқа пайда болуымен сипатталатын материал қабаттарын кесу арқылы жаңа беттерді алу операциясы.
Кесу режимдері – кесу жылдамдығы мен берудің немесе беру қозғалысы жылдамдығы мен кесу тереңдігі мәндерінің жиынтығы.
Көліктік өнеркәсіптік робот – қосымша өту немесе жылжыту опе- рацияларын орындауға арналған робот; тасымалдау операцияларында негізгі технологиялық жабдықтарды күту, дайындамаларды бекіту және детальдарды, аспаптар мен жабдықтарды босатып алу, детальдар ба- заларын тазалау және де тасымалдау-қойма операцияларын орындау кезінде, «ал-қой» түріндегі іс-әрекеттерді орындайды.
қозғалыс циклі – кесу аспабының немесе дайындаманың толық айналымы, жүрісі немесе екі мәрте жүрісі.
қосымша уақыт – еңбек құралын өзгертуді және оның одан соңғы жағдайын анықтауды қамтамасыз етуді қажет ететін жұмыстарға жұмсалатын уақыт.
Манипулятор – кеңістікте нысанның жылжуы кезінде адам қолының функциясына сәйкес қозғалыс функцияларына арналған жұмыс орга- нымен жабдықталған машина немесе басқару құрылғысы.
Массалы өндіріс – көптеген жұмыс орындарында бір ғана жұмыс операциясы орындалатын, ұзақ уақыт үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін үлкен көлемде бұйым шығарумен сипатталатын өндіріс.
Машина жасау өндірісі – машина жасау технологиясы басымдықпен қолданылатын өндіріс.
Машина металқұрылымы – машинаның басқа бөліктері мен табанына қабылдап алған жүктемені беретін машинаның есептік құрылымы.
Металқұрылымның жауапты элементі – жұмыс істеу мүмкіндігі жойылған кезде машинаны ары қарай пайдалануға рұқсат етпейтін эле- мент.
8
негізгі уақыт – еңбек құралын өзгертуге және оның одан кейінгі жағдайын анықтауға жұмсалатын даналық уақыттың бір бөлігі.
номинал қалыңдық – шақтама ескерілмеген жағдайда сызбада көрсетілген қалыңдық.
нормативтік құжат – өндірістік қауіпсіздік талаптарын қарастыратын құжат (стандарт, ереже, техникалық шарттар, әдістемелік нұсқаулар және т.б).
Операцияны бекіту коэффициенті (Ко.б) – ұзақтығы бір ай бола- тын жоспарлы период кезінде орындалған және орындалатын барлық әртүрлі технологиялық операциялар санының жұмыс орындары санына қатынасы.
Осьтік өңдеу (бұрғылау, үңгілеу, тесу) – тек басты кесу қозғалысы осінің бойымен ғана беру қозғалысы мен траекториясының радиусы тұрақты болған жағдайдағы айналмалы басты кесу қозғалысы арқылы жұқалап өңдеу операциясы.
өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі (өТдАЖ) – «Адам-машина» жүйесіндегі инженерлік жұмыстың барлық көлемінің едәуір бөлігі ЭЕМ-да (электрондық-есептегіш ма- шиналар) орындалатын және ӨТЖБЖ (өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі) стандартына негізделген жүйе.
өндірісті технологиялық дайындаудаң бірыңғай жүйесі (өТдБЖ) – технологиялық дайындау үдерісін ұйымдастыру мен басқарудың мемлекеттік стандарттармен бекітілген жүйесі. Мұнда типтік технологиялық үдерістерді, стандартты технологиялық жабдықтарды, өндірістік үдерістерді механикаландыру мен автоматтан- дыру құралдарын, инженерлік-техникалық және басқару жұмыстарын кеңінен қолдану қарастырылған.
өндірістік үдеріс – берілген кәсіпорында бұйымды шығару мен жөндеуге қажетті адамдар мен еңбек құралдарының іс-әрекеттері жиынтығы.
өндірістік үйлесімді жүйе (өҮЖ) – сандық бағдарламалық басқарудағы (СББ) жабдықтар жиынтығы. Олар әртүрлі қосылыстар түрінде, яғни роботталған технологиялық кешендер (РТК), өндірістік үйлесімді модульдер (ӨҮМ), технологиялық жабдықтардың жеке бірліктері және берілген уақыт аралығында автоматтық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелер түрінде болады.
өнім сапасы – арналуына сәйкес белгілі бір талаптарды қанағаттандыруға қабілеттілікті тудыратын өнім қасиеттерінің жиынтығы.
өңдеу циклы – технологиялық немесе өндірісітік үдерістің қандай- да бір периодты қайталанатын операциясының басынан бастап аяғына дейінгі өлшенетін уақыт аралығы.
9
өтпе – дайындаманы өңдеу кезінде материалдың бір бөлігін бір рет кесіп өту.
Припуск (әдіп) – өңделіп жатқан беттің қажетті қасиеттеріне қол жет- кізу мақсатында дайындама бетінен алып тасталатын материал қабаты.
Припуск шақтамасы – припуск өлшемдерінің ең жоғарғы және ең төменгі мәндерінің айырмасы.
Сапа деңгейі – берілген бұйым сапасының көрсеткіштерін сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерімен салыстыруға негізделген өнім сапасының қатысты сипаттамасы.
Сәйкестік сертификаттау – машинаның немесе өндірістің серти- фикаттау органдары жүргізген отандық немесе шетелдік нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін бекіту.
Сериялы өндіріс – бұйымдарды шығару немесе жөндеуді период- ты қайталанатын партия бойынша қамтамасыз ететін өндіріс.
Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТқБЖ) – барлық машина жасау және машина жөндеу кәсіпорындарында қолданылатын және технологиялық құжаттамаларды жасау, рәсімдеу, топтау, айналысқа түсіру тәртібі бойынша өзара байланысқан ережелерді анықтайтын жүйе.
Технологиялық операция – бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі.
Технологиялық өтпе – тұрақты технологиялық режимдер мен қондыру кезінде технологиялық жабдықтаудың бірдей құралдармен орындалатын технологиялық операциясының аяқталған бөлігі.
Технологиялық үдеріс – еңбек құралдарының жағдайын өзгерту бойынша мақсатты бағытталған іс-қимылдан тұратын өндірістік үдерістің бір бөлігі.
Типтік (топтық) технологиялық үдерістің картасы – бұйымды шығару мен жөндеудің технологиялық үдерісін, оның бір түрінің жасалуының, өңделуінің, жиналуы мен жөндеуінің өтпелерді, технологиялық құралдар мен материалдарды және еңбек шығындарын ескере отырып, технологиялық кезегімен сипаттауға арналған құжат.
Тұрақ (орын) – операцияның белгілі бір бөлігін орындау бары- сында мықтап бекітілген өңделетін дайындама мен жиналатын жинақ бірлігінің аспапқа немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қатысты алғандағы бір орынға бекітілген жағдайы.
Тірек нүктесі – таңдап алынған координаталар жүйесіндегі дайындаманың немесе бұйымның байланыстарының бірін көрсететін нүкте.
уақыт нормасы – сәйкес біліктілікті бір немесе бірнеше орындаушының белгілі бір өндірістік жағдайларда кейбір жұмыс көлемін орындауға жұмсалатын шектелген уақыты.
10
Фрезерлеу – аспапқа беру қозғалысын бірден-бір перпендикуляр бағытпен беретін және кесу траекториясының радиусы тұрақты болған кездегі айналмалы басты кесу қозғалысы бойынша жұқалап өңдеу.
Аспап пен дайындаманың жанасу бетінде кесудің басты қозғалыс жылдамдықтарының векторлары мен дайындаманың аспапқа қатысты алғандағы беру қозғалысы қарама-қарсы бағытталған фрезерлеу қарсы фрезерлеу деп, ал бір жаққа бағытталған фрезерлеу жолай фрезерлеу деп аталады.
шығару такті – машиналарды, детальдарды немесе дайындама- ларды шығарудың периодты түрде жүргізілгендегі уақыт аралығы.
К2. КөлІК ТЕхниКАСын ЖөндЕу ТЕхнОлОГияСы БОйыншА нЕГІзГІ ТЕРМиндЕР МЕн АнықТАМАлАР
Ағымдағы жөндеу жұмыстары – көлік техникасының жұмысқа жарамдылығы немесе қамтамасыз етілуі және басқа бөлшектерін қалпына келтіру үшін орын ауыстыру барысында орындалатын жөндеу жұмыстары.
Ақау – нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу.
Аралық жөндеу кезеңі – көлік техникасының жөндеу жұмыстары немесе техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерінің аралығындағы істелген жұмыстар.
дайындық коэффициенті – бақылаудағы нысандардың жұмыс істеу жағдайының қорытынды уақытының осы нысандар саны мен пайдалану ұзақтығының (жоспарлы жөндеу мен техникалық күтуді жүргізерде кеткен тұрып қалуды есептемегенде) көбейтіндісіне қатынасы.
детальдарды дефектациялау – детальдардың әрі қарай пайдалануға жарайтын-жарамайтынын анықтауға арналған олардың техникалық жағдайына түгел бақылау жасау.
диагностика – нысанның техникалық жағдайын анықтауға арналған теорияны, әдістерді және құралдарды қамтитын сала.
дұрыс жағдай – көлік техникасының нормативті-техникалық және конструкторлық (жобалық) құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетін жағдайы.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары – нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарымен жоспарлы түрде қарастырылған жөндеу.
Жөнделетін нысан – тоқтап қалған немесе ақаулардың жөндеуге келетін жағдайлардағы жөнделуі мен жұмысқа жарамдылығы.
11
Жөнделмейтін нысан – тоқтап қалу немесе ақаулардың пай- да болған жағдайда жөнделуімен жұмысқа жарамдылығының қайта қалпына келмейтіндігі.
Жөндеу жұмыстары – машинаның жұмысқа жарамдылығы немесе дұрыстығын қалпына келтіру және оның ресурстарын немесе құрамды бөліктерін орнына келтірудегі операциялар кешені. Операциялардың бұл кешеніне: бөлшектеу, тазалау, жағдайды бақылау, бөлшектерді қалпына келтіру, жинау, реттеу, монтаждау кіреді.
Жөндеу жұмысының көлемі (атқарылатын міндетті жұмыстар- дың көлемі) – қалпына келтіру, тексеру немесе құрастырмалы бірлік- тер мен бөлшектерін ауыстырудағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі бойынша орындалатын операциялар тізімі.
Жөндеу жұмыстарының өндірістік үдерісі – ең соңында техниканың түзелмейтін немесе жұмысқа жарамсыздығын нормативті- техникалық құжаттарда қарастырылған бойынша түзелетін немесе жұмысқа жарамды етіп шығаратын өндіріс қаражаты мен адамдардың іс әрекеттерінің жиынтығы.
Жөндеу жұмыстарының технологиялық үдерісі – ең соңында нормативті-техникалық құжаттардың талаптарымен сәйкес келетін техниканың құрамды бөлшектерінің жүйелі бірігуі (ажырауы) немесе оның жөндеу жұмыстарының жағдайы, мөлшері, түрлерінің өзгеруіне дейін жетіп орындалатын өндірістік үдерістің қорытынды бөлігі.
Осыған байлынысты технологиялық үдерістер: бөлшектеу, жинастыру, хромдау немесе пісіру арқылы бөлшектерді қалпына келтіру, тазалау және т.б. арқылы орындалады.
Жөндеу-механикалық шеберханалары – көлік техникасын ағымды жөндеуден өткізуге арналған және оларды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жөндеу-механикалық заводтардан келетін агрегат- тарды пайдаланатын кәсіпорындар.
Жөндеу өндірісінің мамандандыруы – машиналар немесе жинақ бірліктері, сонымен бірге детальдарды қалпына келтіру бойынша белігілі бір аяқталған технологиялық процестерді орындауды арнайы кәсіпорындарда, цехтарда немесе участоктарда ұйымдастыру формасы.
Жөндеу өндірісін технологиялық дайындау (ЖөТд) – белгіленген мерзім, көлем, сапа және шығындар кезінде жөндеу кәсіпорнының ма- шина жөндеуге технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы.
Жөндеу өндірісінің шоғырлануы – жөндеу үдерісінің ірі жөндеу кәсіпорындарында немесе ірі жөндеу цехтарында жинақталуы.
Жөндеу-техникалық заводтары – көлік техникасын және де осы техниканың агрегаттары мен тораптарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған кәсіпорындар.
12
Жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі – күрделі жөндеу кезінде тораптарды толық ауыстыратын, ал сонан соңғы жөндеулерде айналма қордан түсетін жөндеулі бөлшектермен біртіндеп ауыстыратын әдіс.
Жұмыс мерзімі – нысанды пайдаланудан бастап немесе оны жөндеуден соң қайта бастап шекті жағдайға өткенге дейінгі пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы.
Күрделі жөндеу жұмыстары – көлік техникасының толықтай және дұрыстығын қалпына келтіру немесе ресурстарын толықтай қалпына келтіруге жақын немесе оның құрастырмалы бірліктерін ауыстыру мен кез келген бөлшектерін, оның ішінде базалық бөлшектерді қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу жұмыстары.
Күрделі-қайта қалпына келтіру жөндеуі – жұмыс істеу мерзімі өтіп кеткен машиналарға арналған жөндеу. Бұл процесс ақауларды ма- шинаны бөлшектеп шашып болған соң анықтаудан, оларды жөндеп және машина ресурсын келесі қараудан өткенше қайта қапына келтіруден тұрады.
Пайдалану – бұйымның сапасы жүзеге асатын, қолдау табатын және қалпына келтірілетін өмірлік циклінің бір сатысы. Жалпы алғанда пайдалануға оны арналуы бойынша қолдану, тасымалдау, сақтау және техникалық күту мен жөндеу кіреді.
Ресурс – машинаны пайдаланудан бастап немесе жөндеуден соң қалпына келтіріп, шектік жағдайға дейінгі жұмысының қорытынды есептік ұзақтығы.
Техникалық жағдай – нысанның техникалық құжаттамалары бекіткен белігі бір уақыт мезетінде жағдай параметрлері және белігілерімен сипатталатын өндіріс немесе пайдалану қасиеттерінің өзгеру жиынтығы.
Техникалық жоба – жобалау тапсырмасында болжамдап шешілген технологиялық, құрылыс, тасымалдау тағы сол сияқты мәселелерді негіздейтін және жобалау тапсырмасы негізінде бекітіліп жасалған құжат.
Техникалық қызмет көрсету – операциялар кешені немесе белгіленген, күту, сақтау және тасымалдау бойынша пайдалану кезіндегі машинаның жөнделуі немесе жұмысқа жарамдылығын ұстап тұруды қамтамасыз ететін операциялар.
Техникалық қызмет көрсету циклі (жөндеу циклі) – нормативті- техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) белгілі бір жүйесінде орындалатын, машинаның ең аз істелінген немесе қайталанатын уақыт интервалы.
Техникалық пайдалану коэффициенті – пайдаланудың белгілі бір кезеңінде нысанның жұмыс істей алатын қорытынды уақытының
13
математикалық күтуінің сол кезең ішінде техникалық күту және жөндеумен белгіленген нысанның жұмыс істей алу жағдайы мен тұрып қалуының қорытынды уақытының математикалық күтуіне қатынасы.
Толықжинақты жөндеу – келесі қарауға дейін жұмыс мерзімін ұзарту арқылы машинаның дұрыстығы мен ресурсын қайта қалпына келтіру үшін және зерттеу нәтижесінде анықталған ақауларды жою мақсатында жұмыс мерзімі өтіп кетсе де, машинаның жұмыс жағдайында орындалатын жөндеу үдерісі.
Ұзақмерзімділік – техникалық күту мен жөндеудің бекітілген жүйесінде жұмыс істеудің шектік жағдайына жеткенге дейінгі бұйымның жұмыс істей алуын сақтау қасиеті.
шектік жағдай критериі – нормативті-техникалық және конст- рукторлық (жобалық) құжаттамалармен бекітілген көлік техникасының шектік жағдайының белгісі немесе белгілерінің жиынтығы.
14
1 - Б ө л І М . КөлІК ТЕхниКАСын өндІРу ТЕхнОлОГияСыныҢ нЕГІздЕРІ
1-тарау. МАшинА ЖАСАу ТЕхнОлОГияСыныҢ ТЕОРиялық нЕГІздЕРІ
1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
Бұйым және оның бөліктері. Бұйым дегеніміз – кәсіпорында дай- ындалатын өндіріс өнімі. Берілген өндірістің соңғы сатысына байланы- сты бұйымға дайындалған (жөнделген) машиналар ғана емес, сонымен бірге жиналған машинаның жеке бөлшектері де жатады. Мысалы, экс- каватор зауыты үшін бұйым ретінде экскаватор, мотор жасау зауыты үшін – қозғалтқыш, поршень зауыты үшін – поршень болып табыла- ды.Бұйымдардың мынадай түрлері болады: детальдар, жинақ бірліктері, кешендер, жиынтықтар.
деталь – жинақтау операциясын қолданбастан біртекті материал- дан дайындалған бұйым.
Жинақ бірліктері – құрамдас бөліктері дайындаушы-кәсіпорында бір-бірімен өзара жинақтау операцияларымен (пісіру, бұрау және т.б.) біріктірілген бұйым. Техникалық әдебиетте «жинақ бірліктері»
мағынасын білдіретін «торап» термині қолданылады. Техникалық тұрғыдан алғанда торап – басқа жинақтау бірліктерінен немесе бұйымнан бөлек жинауға болатын және бұйымда құрамдас бөліктерімен бірігіп қана жеке функцияны атқаратын жинақтау бірлігі, мысалы, тісті дөңгелектерімен бірігіп жиналған білік.
Технологиялық тұрғыдан алғандағы бұйымның құрамдас бөлігінің сипатты белгісі ретінде бұйымның басқа бөліктерімен жеке жина- лу мүмкіндігін атап өтуге болады. Конструкциясына байланысты бұйымның құрамдас бөлігі жеке детальдардан немесе жоғары қатарлы құрамдас бөліктерден тұрады. Құрамдас бөліктер бірінші, екінші және одан да жоғары қатарлы болып келеді. Бірінші қатардағы құрамдас бөлік бұйымның құрамына бірден кіреді. Ол жеке детальдардан неме- се екінші қатарлы бір не бірнеше құрамдас бөліктер мен детальдардан тұрады. Екінші қатардағы құрамдас бөлік бірінші қатардағы құрамдас бөлікке кіреді. Ол детальдарға немесе үшінші қатардағы құрамдас бөліктер мен детальдарға, т.с.с., ең жоғары қатардағы құрамдас бөлік тек қана детальдарға бөлінеді. Бұйымды құрамдас бөлікке жіктеудің бұл түрі технологиялық белгілер бойынша жүргізіледі.
15
Кешен – дайындаушы-кәсіпорында жинау операцияларымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан пайдалану функцияларын орындауға арналған екі және одан да көп бұйым, мысалы, цех-автомат, бұрғылау қондырғысы және т.б.
Жиынтық – жалпы пайдалануға арналған көмекші сипаттағы бұйымдар топтамасы.
Бұйымды функционалды белгісі бойынша құрамдас бөлікке жіктеудің басқа да түрі бар. Мысалы, оған қозғалтқыштың газ тарату механизмін, майлау немесе салқындату жүйесін және т.б. жатқызуға болады. Технологиялық тұрғыдан қарағанда бұйымның бұл құрамдас бөліктері жинақтаушы болып табылмайды, себебі оларды көбінесе бұйымның басқа бөліктерімен бөлек толығымен жинауға болмайды.
Қазіргі кездегі машина жасауда жинақ жалпы және торапты болып бөлінеді. Жалпы жинақ нысаны болып бұйым есептелсе, торапты жинақ нысанына оның құрамдас бөліктері кіреді.
Машина жасауда бұйымның құрамдас бөліктерге бөлінуі, сызбалар мен басқа да техникалық құжаттардың рәсімделуі мемлекеттік стан- дарттар талаптарына сәйкестендіріп жүргізіледі.
өндірістік және технологиялық үдерістер. Машина жасау (маши- на жөндеу) кәсіпорындарында бұйымды шығаруға (жөндеуге) байла- нысты әртүрлі үдерістер орындалады.
Машина жасау технологиясында зерттеу және жасау нысандарына төмендегілер жатады:
– өңдеу түрлері, дайындамалар таңдау, өңделетін бет сапасы, өңдеу дәлдігі мен олардың припускілері, дайындамаларды базалау;
– беттерді (жазық, цилиндрлік, күрделі профильді және т.б.) механикалық өңдеу тәсілдері;
– типтік детальдарды (тұрқылар, біліктер, тісті дөңгелектер және т.б.) дайындау әдістері;
– жинау үдерістері (детальдар мен тораптарды біріктіру сипаты, жи- нау жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру);
– жабдықтарды құрылымдау.
Берілген кәсіпорында бұйымды дайындау (жөндеу) үшін қажетті адамдар іс-әрекеті мен өндіріс құралдарының өзара байланыстағы жиынтығын өндірістік үдеріс деп атайды. Өндіріс құралын өзгертіп және оның одан кейінгі жағдайын анықтау бойынша іс-әрекеттен тұратын өндірістік үдерістің бір бөлігін технологиялық үдеріс деп атай- ды. Технологиялық үдерісті орындау барысында берілген техникалық талаптарға сәйкес бұйым алу мақсатында материал мен шикізаттың формасын, өлшемдері мен қасиеттерін өзгертуге қол жеткізуге болады.
Қоюшы кәсіпорындағы қосымша өңдеуді немесе жинауды қажет ететін бұйым шикізат деп аталады. Технологиялық үдерістердің
16
түрлері: механикалық, термиялық өңдеудің, жинаудың технологиялық үдерістері және т.б.
Бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі технологиялық операция деп аталады. Технологиялық операцияның негізгі элементтері мемлекеттік стандартпен анықталады.
Технологиялық операция технологиялық үдерісті өндірістік жоспар- лау үшін негіз болып саналады, яғни үдерістің еңбек сыйымдылығын есептеуге, біліктілік бойынша қажетті жұмысшылар санын анықтауға және т.б. Операция технологиялық және қосымша өтпелерге бөлінеді.
Материалдан жоңқасымен бірге жаңа қабатты бөліп алу арқылы жаңа беттерді алу кесумен өңдеу деп аталады. Кесумен өңдеудің жалпы түріне өткір жүзді аспаптармен орындалатын өткір жүзді өңдеу жата- ды.Технологиялық өтпе – тұрақты технологиялық режимдер мен қондыру кезінде технологиялық жабдықтаудың бірдей құралдармен орындалатын технологиялық операциясының аяқталған бөлігі.
Мысалы, алдымен біліктің бір сатысын, сонан соң екіншісін кескішпен тізбектеп кесу екі технологиялық өтпеден тұрады; егер бұл сатыларды бірмезгілде екі кескішпен кесуді орындайтын болсақ (1.1- сурет), онда бұл бір өтпемен кесу болып табылады. Дайындаманың бір бетін алдымен қаралтым, сонан соң таза режимде өңдеу екі технологиялық өтпеден тұрады, себебі бұл жағдайда кесу режимі өзгереді.
1.1-сурет. Екі кескішпен білік сатыларын өңдеу сұлбасы:
d1, d2 – білік сатыларының диаметрлері; l1 – бірінші кескіштің жұмыстық жүрісі, l2 – екінші кескіштің жұмыстық жүрісі
Технологиялық өтпені орындау кезіндегі жұмысшының барлық іс-әрекеті жеке-жеке тәсілдерге бөлінеді. Өтпе кезінде орындалатын және
бір мақсатқа біріктірілген адамның іс-қимылының аяқталған жиынтығы тәсіл деп аталады.
17
Бекітпе – өңделетін дайындаманың немесе жинақ бірлігінің мықтап бекітілген кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.
дайындама – материалдың формасын, өлшемдерін, бет сапасы мен қасиеттерін өзгерте отырып, деталь немесе ажырамайтын жинақ бірлігін дайындайтын өндіріс заты. Беттердің формасы, өлшемдері және кедір-бұдырлығы өзгермейтін, бірақ технологиялық өтпені орындауға қажетті жұмысшы іс-қимылынан тұратын технологиялық операцияның аяқталған бөлігі қосымша өтпе деп аталады. Қосымша өтпенің мысалы ретінде өңдеу алдында дайындаманы бекітуді, кескіш бастиегін бұруды және т.с.с. айтуға болады. Өтпе жұмыстық және қосымша жүрістерден тұрады.
Жұмыстық жүріс – нәтижесінде дайындаманың формасы, өлшемдері, беттік кедір-бұдырлығы немесе қасиеттері өзгеріске ұшырайтын, аспаптың дайындамаға қатысты алғанда бір рет қана жыл- жу түріндегі технологиялық өтпенің аяқталған бөлігі. Әрбір жұмыстық жүріс барысында өңдеу режимін өзгертпестен материалдың берілген тереңдіктегі бір қабаты ғана алынады.
қосымша жүріс – нәтижесінде дайындаманың формасы, өлшемдері, беттік кедір-бұдырлығы немесе қасиеттері өзгеріске ұшырайтын, бірақ жұмыстық жүрісті орындау үшін қажет болатын аспаптың дайындамаға қатысты алғанда бір рет қана жылжу түріндегі технологиялық өтпенің аяқталған бөлігі. Қосымша жүрістің мысалы ретінде токарь станогі суппортының кесу біткеннен соңғы бастапқы орынға жылжуын айтуға болады.
1.2-сурет. Беттерді фрезерлеу: а – бірінші тұрақ; ә – екінші тұрақ;
1 және 5 – өңделетін беттер; 2 – бекіту жабдығының бұрылу бөлігі;
3 – бекіту жабдығы; 4 – орнықтырғыш
Тұрақ (орын) – операцияның белгілі бір бөлігін орындау бары- сында мықтап бекітілген өңделетін дайындама мен жиналатын жинақ бірлігінің аспапқа немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қатысты
18
алғандағы бір орынға бекітілген жағдайы. Мысалы, 1.2-суретте 1 және 5 беттерді екі тұрақта фрезерлеу көрсетілген; дайындама жабдықтың 3 бұрылу бөлігінде 2 бекітілген. 1 бетті өңдеп болған соң (бірінші тұрақ), дайындаманы босатпастан жабдықтың бұрылу бөлігінің көмегімен 180°-қа бұрады, орнықтырғышпен 4 белгілейді және 5 бетті фрезерлейді (екінші тұрақ).
шығару бағдарламасы – жоспарланған период ішінде бұйымның әрбір атауы бойынша шығару көлемі көрсетілген дайындалатын немесе жөнделетін бұйымдардың берілген кәсіпорын үшін бекітілген тізімі.
Дайындау-аяқтау уақыты бойынша бірдей операциялар кезінде белгілі бір уақыт интервалында өңдеуге жіберілетін бір бағыттағы еңбек құралдары мен типтік өлшемдері өндірістік партияны құрайды.
Технологиялық жабдықтар мен технологиялық құрал-саймандарды технологиялық операцияларды орындауға дайындау баптау (наладка) деп аталады. Баптауға жабдықты станокқа, кесу аспаптары жиынтығын өлшемге орнату т.с.с. жатады.
Технологиялық құрал-саймандарға технологиялық үдерісті жүзеге асыруға қажетті өндіріс құралдарының жиынтығы жатады.
Технологиялық жабдық – технологиялық үдерістің белгілі бір бөлігін орындау үшін материалды немесе дайындаманы, оларға әсер ететін құралдарды орналастыратын технологиялық құрал- саймандар (технологиялық жабдық мысалына құю машиналары, пре- стер, металкескіш станоктар, пештер, гальваникалық ванналар, сынақ стендтері және т.б. жатады).
Технологиялық құрал-саймандар – технологиялық үдерістің белгілі бір бөлігін орындау үшін технологиялық жабдықты толық- тыратын технологиялық құрал-саймандар (кесу аспабы, қалыптар, айлабұйымдар, мөлшерлегіштер, пресс-формалар, үлгілер, құю форма- лары, т.с.с).
Машина өндірісі дегеніміз – шикізат пен жартыфабрикаттарды дайын детальдарға, тораптарға, механизмдер мен машиналарға қайта өңдеуге байланысты жеке үдерістер жиынтығы. Жалпы өндірістік үдерістерге оның қалыпты жүруін қамтамасыз ететін операциялар кіреді (центраралық көлік, жабдықты жөндеу және т.б.).
Машина жасау зауытының құрылымдық негізі ретінде өндірістік участоктардың бірігуінен құралатын цех саналады. Өндірістік участок заттық, технологиялық немесе заттық-технологиялық принциптер бой- ынша ұйымдастырылған жұмыс орындары топтарын біріктіреді. Бір айға тең жоспарлы период кезінде орындалған немесе орындалатын әртүрлі технологиялық операциялардың барлық санының (o) жұмыс орындары санына (p) қатынасы операцияларды бекіту коэффициенті деп аталады:
19
Ко. б = о/р; (1.1) Операцияларды бекіту коэффициенті өндіріс типінің негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.
Уақыт бірлігінде шығарылатын бұйым санына, оларды дайындау технологиясы мен ұйымдастыруына байланысты машина жасау өндірісі бірліктік, сериялық және массалы (ағымды-массалы) болып бөлінеді (1.1– кестені қараңыз).
1.1-кесте өндіріс түрлерінің сипаттамалары
Белгілері Өндіріс түрлері
Бірліктік Сериялы Массалы Жұмыс орындарының көпшілігінде
жұмыс сипаты орныққан - – + +
Жабдықпен құрал-саймандардың
мамандануы - – + +
Жұмыс орындарының ағыммен
орналасуы - – + +
Жүк ағымының үздіксіздігі - – + +
Өндірістік жұмысшылардың
біліктілігі (салыстырмалы) жоғары орташа орташа, төмен Ескерту: «-» белгісі аталған белгінің орын алуының болмауын білдіреді, «+» белгісі – орын алуы болады, «– +» белгісі – орын алуы болуы да, болмауы да мүмкін.
Бірліктік өндіріс жеке алынған бұйымдарды белгісіз бір уақыт аралығында дайындап шығарумен сипатталады. Бұл өндірісте жабдық пен құрал-саймандарды мамандандыру мүмкін болмайтындығы, әртүрлі жұмыс орындарында әртүрлі операциялардың орындалуы, жүк ағымдары арасында үзілістің болуы сипат алады. Алайда өндірістің бұл түрінен толығымен бас тартуға болмайды, себебі көлік техникасын жа- сау өнеркәсібі әрқашан да техниканың керемет жеке конструкцияларын қолдануды қажет етіп отырады.
Көлік техникасын жасауда сериялы өндіріс басымдыққа ие. Мұнда белгілі бір уақыт аралығында бұйымдар жеке партиялар мен сериялар бойынша дайындалады (сериядан соң серия немесе сериялар арасында үзіліс жасау арқылы).
Сериялық өндіріс бұйымдарды периодты түрде қайталанып отыратын партиялармен шығарумен немесе жөндеумен сипаттала-