Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КҮЙШІЛІК
ӨНЕРІ
МӘУЛЕТ АРДАБИ (Алматы, Қазақстан) ОӘЖ781.7
ART STUDIES
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КҮЙШІЛІК ӨНЕРІ (КҮЙЛЕРДІ ОРЫНДАУ ӨНЕРІ)
Абстракт
Қазақ даласындағы күйшілік өнер, өңірлік және орындаушылық ерекшелігі әртүрлі бірнеше орындаушылық мектептерге бөлінді. Батыс Қазақстанның күйшілік өнері (Төкпе дәстүр) көптеген ғылыми еңбектерде зерттелсе, шертпе күй дәстүрі туралы тек соңғы кезде ғана дәйекті тұжырымдар жазыла бастады. Әйтседе, шертпе күй мектептерінің орындаушылық ерекшеліктері оның ішінде, әсіресе, Қытайдағы қазақтарда сақталған күй мұралары қазіргі кезде толық зерттелген жоқ. Осыған орай ұсынылып отырған мақаланың мақсаты - Қытайдағы қазақтардың күйшілік өнерін айрықша көркем ерекшеліктерін тұтас көркем құбылыс ретінде айқындау болмақ. Мақалада тарихи және салыстырмалы- теориялық зерттеу әдістемелері қолданылады. Сондықтан мақала тұңғыш рет: Қытайдағы қазақтың күйшілік дәстүрі үш аймаққа бөлініп қарастырылады;Қытайдағы қазақтың әр аймағына тән күйшілік дәстүріне жалпылама ғылыми сипаттама жасалады;әр үш аймақта кездесетін дәстүрлі көне
домбыралардың түрлеріне тән перне тағу үлгілері ғылыми тұрғыдан сарапталады.Қытайдағы қазақтың рулы ел болып қоныстанған рухани мәдениеті,соның ішінде, күйшілік өнері аймақтағы рулардың салт- дәстүрімен біте қайнасып дамығандықтан, әр аймақтың музыкалық өнері кең тарихи-мәдени аяда қарастырылмақ.
Тірек сөздер: күйшілік өнер, домбыра, Іле аймағы, перне, қағыс.
ТРАДИЦИОННОЕ ИСПОЛНИТЕЛЬСКОЕ ИСКУССТВО КАЗАХОВ КИТАЯ (ИСКУССТВО ИСПОЛНЕНИЯ КЮЕВ)
Абстракт
Традиционное исполнительское искусство (искусство исполнения кюя на домбре) по своей специфике делится на разные школы. Искусство исполнения кюев Западного Казахстана (токпе кюй) исследовано во многих научных работах. В последнее время о традициях шертпе кюй начали писать обоснованные
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
заключения. Однако исполнительские особенности школ шертпе кюй полностью еще не исследованы, в том числе наследие кюев казахов, проживающих в Китае.
В данной работе автор ставит своей целью изучить искусство инструментальной музыки (кюя) казахов Китая как цельное художественное явление, сопоставляя методы исторического и теоретического исследования. В статье рассматривается три школы искусства исполнения кюя казахами,
проживающими в Китае, дается общая научная характеристика традициям этого вида искусства, т. е. искусства исполнения кюев. Анализируются образцы струн для старинных инструментов всех трех регионов с точки зрения науки. Духовная культура казахов, проживающих в Китае, в том числе исполнительское искусство, развивалась вместе с традициями и обычаями народов этих регионов, поэтому музыкальное искусство каждого региона рассматривается как историко-культурное наследие.
Развитие этого вида музыкального произведения во всех трех регионах делится на два больших этапа: середина ХІХ в. и начало ХХ в. В первый период исполнители трех регионов внесли огромный вклад в развитие исполнительского искусства, сохраняя все традиции. Второй период представляет группа городских (сценических) исполнителей, побывавших в Европе, также внесших новшества в традиционное искусство. Произведения композиторов-кюйши ХХ в. Илийского края постепенно начали приобретать современную форму и развиваться в новом направлении. Со второй половины ХХ в.
национальный инструмент – домбру начали создавать по новой форме, и она постепенно теряла те звуковые краски, которые были присущи мелодиям казахской степи.
Ключевые слова: искусство исполнения кюев, домбра, Илийский край, струны, игра.
TRADITIONAL PERFORMING ARTS OF ETHNIC KAZAKHS IN CHINA (KYUI PERFORMING ART)
Abstract
Traditional Performing Arts (performance of kyui on dombra) in its specificity is divided into different schools.
Kyui performing Art of Western Kazakhstan (tokpe kyui) studied in many scientific papers. In recent years, scholars started writing reasoned opinions about the traditions of shertpe kyui as well. However, performing peculiarities of shertpe kyui schools are still not fully studied, including kyuis heritage of Kazakhs living in China.
In this article, the author aims to explore the art of instrumental music (kyui) of Kazakhs in China as a whole artistic phenomenon by comparing the methods of historical and theoretical research. The article discusses three schools of kyui performance art of Kazakhs living in China, and provides a general description of the scientific traditions of this art form, i.e. art of kyui performing. Samples of strings for old instruments of all three regions are analyzed in terms of science. The spiritual culture of Kazakhs living in China, including the performing arts has evolved along with the traditions and customs of the peoples of those regions, so the art of music of each region is considered as a historical and cultural heritage.
The development of this type of musical composition remained in all three regions, is divided into two large stages: the middle of the 19th and early 20th centuries. This was the period when the artists of three regions have made an enormous contribution to the development of the performing arts, maintaining all traditions.
The second period of development represents a group of urban (stage) artists who have visited Europe, and brought novelties to the traditional art. The works of kyuishi-composers of the twentieth century in Ili region gradually began to acquire its modern form and evolve in a new direction. Since the second half of the twentieth century, the national instrument - dombra has been made in a new design, way and it gradually started to lose those sound colors that were inherent in the melodies of the Kazakh steppe.
Keywords: kyui performing art, dombra, Ili region, strings, performance.
Кіріспе
Халқымыздың күй өнері сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес рухани асыл қазына. Қазіргі күйтану ғылымында күйшілік өнер, өңірлік және орындаушылық ерекшелігі жағынан әр түрлі бірнеше орындаушылық
мектептерге бөлінді. Атап айтсақ: Шығыс
Қазақстан, Жетісу, Арқа, Қаратау, Сыр бойы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау күйшілік мектептері қатарлы жеті үлкен орындаушылық мектеп болып қалыптасты. Осы орындаушылық мектептің ішінде Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі. Бұл орындаушылық мектептің үлкен бір тармағы - Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
автономиялы районындағы қазақтардың (өлке деп түсінген дұрыс) күйшілік
мектебі. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық районына қарасты Іле қазақ автономиялық
облысының Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарында Санжы, Бұратала
облыстарында, Құмыл аймағында, Гансу өлкесінде, Күйтүн, Шыхызы, Үрімжі қалаларында өмір сүріп жатқан екі миллионнан астам қандастарымыз [1, 265-296 бб].
Мақаланың өзектілігі: Қытайдағы қазақтардың күйшілік өнері туралы толық зеттеулер ғана емес, жалпы осы өңірдің күйшілік дәстүрлері туралы материалдардың өзі бүгінгі күнге дейін мардымсыз болуы мәселені арнайы зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу әдістемелері: Мақалада тарихи және салыстырмалы-теориялық зерттеу әдістемелері қолданылады.
Салыстырмалы теориялық зерттеу домбыра пернелерінің және әр аймақтың күй өнерінің көркем ерекшеліктерін сараптауға мүмкіндік туғызады. Ал тарихи зерттеу әдіснамасы күй жанрларының және күйші
сазгерлер мен орындаушылардың шығармашылығынан аздаған тарихи деректерге тоқталуды көзейді.
Зерттеу нәтижелері: Музыкатану, Этномузыкатану саласына және орта- жоғары музыкалық оқу құралдарына асе қажет еңбек.
Зерттеу кезеңдері: Үш аймақтағы сақталған күйлердің дамуы үлкен екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең бұл ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басы кезіндегі күйшілік өнердің дамуы. Бұл кезек үш аймақтағы арыдағы күйшілер салып кеткен күйшілік өнердің дәстүрлі дамыған кез.
Екінші кезең ХХ ғасырдың ортасы мен ХХІ ғасырдың басы. Бірінші кезеңде
үш аймақтағы күйшілік дәстүр ескіліктің қаймаған бұзбай дамыды. Ал екінші кезеңге келгенде Европалық оқыту үрдісіне ұшыраған қалалық (сахналық) күйшілер шоғыры пайда болып, өз аймағындағы дәстүрлі өнерді дәріптеудің орнына жаңаша көзқарас пайда
болды. Сол себепті де, ХХ ғасырдағы Іле аймағындағы күйші-композиторлардың шығармалары ескілікті сарыннан, әдіс- амалдардан ажырып осы заманғы формада дами бастады.
Үш аймақтағы домбыра аспабы да алғашқы ескі шаппа домбырадан ХХ ғасырдың ортасынан кейін жаңа формаға келтіріліп жасалып, қазақы дыбыстық бояуынан айырыла бастады.
Бұған дәлел, сол кейінгі жаңа формада жасалған домбыраларда тартылған күйлермен, ескі домбыраларда тартылған күйлердің дыбыстық
бояуындағы айырмашылық болып отыр.
Қазіргі таңда Қытайдың Шыңжаң өлкесінде, қазақтың күйшілік өнерін жалғастыру мақсатындағы бірді- екілі орта музыкалық оқу орындары ғана бар. Олар жоғарыда айтқан күйшілік аймақтардың аймақтық және орындаушылық ерекшеліктерін басты назарда ұстап сол аймақтардығы атадан балаға жалғасқан күйшілік өнердің мұрагерлерін дайындауға пәрменді жұмыс істей алмай отыр. Мұндағы себеп, болашақ өнерге мұрагер жастарды өзі туылып өскен аймақтағы қаймағы бұзылмай сақталған төл өнерге деген көзқарастарын нақтылы айқындамаудан, сондай-ақ сахналық үрдіске бой ұрып дәстүрлі күйшілік өнердің далалық таза табиғатын сақтамаудан. Сондықтан келешекте үш аймақ топырағындағы күйшілік өнердің аймақтық және
орындаушылық ерекшеліктерін кешенді салытсырмалы зерттеп, ғылыми
практикалық жүйеге енгізу жоспарланып
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
отыр.
Мәселені талқылау: Қазіргі таңда тек Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын күй өнерінің жанашырлары монография, ноталық жинақ негізінде ғана бірді-екілі жинақтар шығарған [6], [7], [8], [9], [10], [11], [12], [13], [14], [15], [16], [17], [18], [19],[20],[21],[22],[23].
Әйтсе де шертпе күй мектептерінің орындаушылық ерекшеліктері оның ішінде әсіресе Қытайдағы қазақтарда сақталған күй мұралары толық
зерттелді деу ерте. Осы өңірдегі күй мұраларымызды бізге белгілі Байжігіт, Тәттімбет т.б. күйшілік өнер иелерінде сақталған өзіндік қолтаңбаларын Шыңжаң қазақтарындағы күйшілік өнердің өзгеше айырмашылықтарымен салыстыра айқындауды қажет етеді.
ҚХР Шыңжаң қазақтарының күйшілік өнері туралы толық зеттеулер ғана емес, жалпы осы өңірдің күйшілік дәстүрлері туралы материалдардың өзі бүгінгі күнге дейін мардымсыз болды. Сондықтан, Қытайдағы қазақтарда сақталған күйшілік дәстүрді аймақтық ауқымында зерттеу – уақыт күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Мәселені зерттеудегі экспедициялық сапарларда аймақтың өнерін жинап, хаттау бағыты.Бала күнімнен осы туылып өскен өлкемдегі күйшілік өнердің болашақ зерттелуі қатты толғандырды, соның нәтижесінде Іле, Алтай, Тарбағатай күйшілік аймақтарына көптеген
этнографиялық экспедиялар жасап жоғалып бара жатқан (ән-күй, қара өлең, сыңсу, жоқтау, қисса-дастандар, ауыз әдебиетінің үлгілері, саятшылық өнеріне қатысты) баға жетпес қыруар материалдарды жазып алдым. Сондай- ақ осы материалдардың бір бөлімін (100 ге тарта ән-күй) «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000
әні» 2009 ж, антологиясына енгізумен қатар М.Әбуғазы мен бірлесіп «Әшім және Іле аймағының күйлері» 2008 ж, атты хрестаматиялық жинақ етіп баспа бетінен шығардым. Менің жинауымдағы күй аңыздары мен күйлердің ноталық нұсқалары 2009 жылы жарық көрген
«Шыңжаң қазақтарының рухани мәдениет үлгілері» атты көптомдық еңбекте жарық көрді. Әрі күйшілік мектеп жайында онға тарта ғылыми мақала жаздым.
Мәселені зерттеуде мақала авторының үлесі. Шыңжаң
қазақтарының тарихи-этнографиясына шолу жасай отырып, сол өңірдегі
күйшілік өнерге ықпалы қарастырамын.
Қытай жеріндегі қазақтардың этникалық қоныстану жағдайы яғни, ұлы жүз қазақтары (негізінен албан мен суан рулары) Жетісу өңірі мен Шыңжаңның Іле өңірінде қоныстанған.
Орта жүз қазақтары (наймандар, абақ керей рулары) қазіргі Қытай
территориясындағы Алтайдың Жеменей, Сауыр өңірінде қоныстанған. Ал найман мен уақ руларының біразы Тарбағатай өңірі атап айтқанда бүгінде Қытайдың Іле өңірінде жасап отырған іргелі қызай тайпасы болып отыр. Осы аймақта рулы ел болып қоныстанған қазақтың рухани мәдениеті оның ішінде күйшілік өнері әр аймақтағы рулардың салт-дәстүрі мен біте қайнасып дамыды. Яғни, Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың күйшілік мектебі жалпы күйшілігі жағынан үлкен үш аймаққа бөлінеді.
І. Іле аймағы. ІІ. Тарбағатай аймағы ІІІ.
Алтай аймағы.
Мәселені зерттеуде аймақтық ерекшеліктерді айқындау
Іле аймағының күйшілік мектебі Жері жағынан Қазақстанның Жетісу аймағымен шекаралас жаз жауыны мол, қысы жылы құнарлы аймақ. Қорғас,
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
Қоңқай Шоқырақұлы (1838)
Қожеке Назарұлы (1823- 1881)
Мергенбай Ерденұлы (1843- 1929) Сыбанқұл Қалбасұлы (1865-1945)
Рақыш Қожекеұлы (1877-1951) Мазақ Жалғабайұлы (ХІХ-ХХ)
Тілеміс Есенұлы (1863-1920) Тергеусіз Бәлекейұлы (1886- 1947)
Әшім Дүңшіұлі (1896- 1962)
Дәулет Мазақұлы
Әтіхан Исаұлы (1900-1973) Имаш Асқарбекұлы (1922) Камал Мақайұлы (1925) Әліпбек Мәлікұлы (1928-1975) Наурызбек Әбдісәметұлы (1930- 1985)
Әбеуғали Әділбекұлы (1930-2003) Мәлік Әлиақынұлы (1936)
Қуанышбай Тергеусізұлы (1938- 1984)
Үсейімбек Қолтықбайұлы (1938) Шапшал, Күнес, Тоғызтарау, Текес,
Нылқы, Құлжа аудандары қатарлы сегіз аудан бір қаладан құралып орталығы Құлжа қаласы. Осы сегіз ауданда ханзулар (қытай), қырғыздар, ұйғырлар, моңғолдар мен қоса
қазақтар жиі қоныстанған. Негізінен найманның қызай тайпасынан басқа бір ауыл қоңыраттар, албан-суан рулары өмір сүреді. Бұндағы қазақтардың тіршілік көзі негізінен көшпелі мал шаруашылығы және жартылай отырықшы егін шаруашылығы. Іле күйшілік мектебінің өкілдері қазақтың үлкен екі рулық тайпасынан құралады.
Яғни Орта найманның қызай тайпасынан шыққан қоңқай, мазақ, тілеміс, тергеусіз, әшім сияқты күйшілермен қатар Ұлы жүз
албан руынан шыққан Қожеке күйші бастаған күйшілер қауымы. Қожеке Жетісу күйшілік мектебінің және осы Іле күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі.
Себебі, Қожеке 1823 жылы Жетісуда туылып, 1860 жылдар шамасында Іле аймағына қоныс аударып Іле күй мектебінің қалыптасуына үлкен ықпал етіп, соңғы өмірі Іле аймағында өтті.
Төмендегі кестеде Іле өңірінің арыдан жеткен күйшілері:
Ілеаймағында көнеден бізге жеткен күйлердіңбасты ерекшеліктері: әуені жағынан ескі бақсылық сарындар, қара өлең, жоқтау, сыңсудың әуендері жиі кездеседі. Себебі Іле аймағындағы қазақтарда күні бүгінге дейін салт-дәстүр таза сақталған. Мысалы: қыз ұзату тойы
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
аяқталып, қызды жат жұртқа шығарып саларда, ескіден келе жатқан жосын бойынша қыз ауылындағы сері жігіттер жар-жар айтып, қыздың басына бөртпе салып айнала қоршаған жеңгелері барған жеріне балдай батып, судай сіңуіне өсиет тәрбие негізінде қызбен қосылып сыңсу айтады. Ал кісі өлімінде де, сай сүйекті сырқырататын жоқтау айтылады. Іле өңіріндегі ескіден келе жатқан ойнамалы бақсылар домбыра және қобыз аспабын тарта білген. Яғни домбыраның орта шеніндегі«ре-ми»
дыбысынан басталатын зарлы әуенді безілдете тартып бақсылық ойнаған.
Мысалы: 1930-1940 жылдары Іле өңіріне танымал Мұса деген бақсы болған. Мұсаның баласы Қасейін де Іле өңіріне танымал бақсы. Осы Қасейін бақсының әуендетіп айтатын өлеңінің текісі мынандай болған:
Ой, алла-ау, пірім-ау, Алпыс қойдың терісі.
Ау болмаған әулием,
Сексен қойдың терісі.
Жең болмаған әулием, Тоқсан қойдың терісі.
Тон болмаған әулием,
Ой, Алла деңдер - деп шаңыраққа өрмелей жөнелетін. Міне жоғарыдағы айтылған бақсылық әуеңдердің тексі сонау арыдағы Қорқытқа қатысты жырлардан және Алпамыс батыр жырынан да кездеседі. Сондай-ақ осы ескі әуендердің барлығы Іле аймағы күйлерінде мен мұндалап тұрады. Өзге шертпе күй мектептеріндегі күйлер орындалуы жағынан негізінен (көбінесе теріс бұраудағы күйлерде) орта буынның
«до-до» дыбысынан, немесе кіші сағаның
«до-соль» дыбысынан басталса, Іле аймағындағы теріс бұраудағы Әшімнің
«Терме күй» атты күйінде, негізгі әуен бас буынның «Ми бемоль-Си бемоль»
дыбысынан басталып орта буынға аялдамай, бірден сағаға кетеді.
Ал Әшімнің «Ақ ерке» атты күйінде негізгі әуен «Си бемоль»дыбысынан
басталып, бірден сағаға шарықтап шығады. Күйшілік өнердегі бұрын соңды кездеспеген бұндай ерекшелік Іле күйшілік мектебінің ірі тұлғаларының бірі Әшім Дүңшіұлының күйлерінен жиі
кездеседі[2,19-35-51-74 бб]. Мысалы:
Сонымен қатар Іле аймағындағы оң бұраудағы кейбір күйлерде кездесетін мелизимдердің ерекшеліктері өзгеше.
Бұл ерекшеліктерді көбінде дәстүрлі
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
орындаушылықтағы қолдан көріп үйрену немесе құйма құлақтық қасиет арқылы болмаса тыңдаушы(үйренуші) байқамайды. Әрі бұндай ерекшеліктер ноталық жазбаға түсе бермейді.
Яғни Әшімнің Шыңжаң өңірінде көп тартылып жүрген «Алмалы кеңес»,
«Нәсихат», Мазақтың «Кеңес» қатарлы күйлерінде кездесетін дыбысты тұтып
алу«фложелет» әдісі орта буынның астыңғы «ре» дыбысына алынғанымен, естілгенде жоғарғы «ре» дыбысы болып естіледі. Манағы астыңғы «ре» дыбысына алынған «фложелет» әдісін өте мұхият тыңдамаса үстіңгі бос ішек «ре» дыбысы болып та естіледі. Мысалы: күйші Камал Мақайұлының орындауындағы Әшімнің
«Алмалы кеңес» күйінің 16 тактісінен
басталып, 21тактісіне келгенде
алынатын «фложелет» әдісі төмендегідей
екі түрлі болып естіледі. Соңғы тактідегі тұтып алу «фложелет» әдісі жоғарғы
«ре» дыбысы болып естіледі:Мұхият тыңдамаған жағдайда, соңғы тактідегі
тұтып алу «фложелет» әдісі төмендегідей бос ішектегі «ре» немесе бос ішектегі
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
«ре-соль»дыбысы болып естіледі.
Нәсихат күйінің 7-8 тактісінде орта буын астыңғы «ре» дыбысына қойылған
тұтып алу «фложелет» әдісі жоғарғы
«ре» дыбысы болып естіледі:Дұрыс тыңдамаған жағдайда, насихат күйінің
7-8 тактісінде астыңғы «ре» дыбысына қойылатын тұтып алу «фложелет»
әдісінің беретін дыбысы бос ішектегі
«ре» дыбысы болып естіліп тұр:Күйші Камал Мақайұлының орындауындағы
Мазақтың «Кеңес» күйінің 14 тактісінен басталып, 19 тактісіне келгенде
алынатын «фложелет» әдісі төмендегідей екі түрлі болып естіледі. Бұл үлгіде
«Кеңес» күйінің 19 тактісінде орта
буындағы астыңғы «ре» дыбысына қойылған тұтып алу «фложелет» әдісі жоғарғы «ре» дыбысы болып естіледі:Бұл
үлгіде «Кеңес» күйінің 19 тактісінде орта буындағы астыңғы «ре» дыбысына қойылатынан тұтып алу «фложелет» әдісі
жай естілген жағдайда, жоғарғы «ре»
дыбысы болып естіледі:Жоғарыдағы әдіс-амалдар көбінде қолдан көру арқылы парықталады. Жай қарағанда
әуен жағынан ұқсас болғанымен, шын мәнінде беретін дыбыстық тембірі (бояуы) мүлдем бөлек. Жалпы тұтып алу«фложелет»әдісі бұл қазақтың
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
күйшілік өнерінде өте жиі қолданылатын әдіс. Осы Қожеке күйлерінде де
жоқтау, сыңсу, қара өлең сарындары мен қатар күй өнеріндегі жоғалып бара жатқан күй тартудың ескі әдіс- амалдары жиі көрінеді. Манағы талдаған тұтып алу «фложелет»әдісі Қожекенің
«Нұрғазарын бұлбұл», «Сарыбарпы
бұлбұл», «Қызайлармен қоштасуы» сынды көптеген күйлерінде кездеседі[3, 38-47 бб.].
Іле аймағы күйлері құрылысы
жағынан және диапазоны жағынан күй құрылысының дамуы структураларын сақтай отырып, бас буыннан (бас
шенінен) үлкен саға «ре» дыбысына дейін шырқап шығып, әр күйдің тарихынан сыр шертеді.Сондай-ақ бұл өңірдегі күйлердің қағысы көбінде төмен қазақша күреп тарту әдісімен айқындалады. «Күреп тарту» әдісі дегеніміз - ескіден келе жатқан шертпе күй тартудағы оң қолдағы төрт саусақтың бір уақытта қимылдап, шерту әдісі[4]. Бұндай әдісті халық арасында қазақы шертіс деп те атаған.
Бұл өңірдегі домбыра аспабының құрылысы белгілі кезеңдерге
байланысты өзгеріп отырған. Сондықтан аспаптың өзгеруіне байланысты
күйлердің де құрылысы басқаша
дамыған. Үш аймақтағы домбыралардың жасалу пішіні шертпе күйлерге арнайы арналып шанағы жалпақ (қалақ), мойны жуандау, перне саны (алғашқы үлгілерінде) 13-14 байламға дейін ғана болған. Бұл домбыраларға ерте кезде ешкінің ішегінен қолдан иіріп ішек тағып күй тартқан. Ешкінің ішегінан ішек тағылып тартылған күйлердің қазақы дыбыс бояуы басым болып қоңыр үнді болып естілген. Кейіннен Шаңхайдан арнайы қазақтың домбыра аспабын зерттеген ұлты ханзу (қытай) маманның құрастыруымен жасалған домбырада орындалды. Бұл домбыра бұрынғы
домбыраларға қарағанда шанағы үлкейтіліп 17 перне тағылып жасалды.
Ішегі сым темірден тағылды. Шаңхайда алғаш жасалған домбыраның құрылысы негізінен ескі шаппа домыралардың құрылысын негіз етіп алып, шанағы дөңгелек формада, мойынындағы перне саны көбейтіліп ұзындау болып жасалды. Бұл домбыралар мен
тартылған күйлер «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясына Дәулет Халықұлы, Камал Мақайұлы қатарлы күйшілердің орындауында енді [5,62-99 бб.]. Шаңхайда жасалған домбыраға темір ішек тағылғандықтан тартылған күйлердің үні дутар аспабының үніне жақындау сыңғырлап естіледі.
Қытайдағы домбыра үлгісі Шаңхайдан алғаш рет 1955 жылы сол үш аймақтағы көнеден сақталған домбыралардың үлігісінен алынып жасалды. Кейіннен 1975 жылдары Қазақстан шеберлерінің жасаған домбыраларының үлгісіне негізделіп жасалды. Төменде (1, 2, 3-суреттерді қара) Іле аймағындағы ескі домбыраның үлгісі мен 1955 жылы Шаңхайда жасалған домбыраның үлгісі берілді:
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
Тарбағатай аймағының күйшілік мектебі
Қазақстанның Семей өңірінен басталып, қазіргі Қытай Халық
Республикасының Тарбағатай аймағын толығымен қамтиды. Қытайға қарасты Тарбағатай өңірі – Тарбағатай аймағы деп аталады. Тарбағатай аймағы Дөрбілжін ауданы, Толы ауданы, Қобық ауданы, Сауан ауданы, Шағантоғай ауданы, Шиху қалашығы қатарлы 5 аудан бір қалашықтан құралып, орталығы – қазіргі Шәуешек қаласы.
Жоғарыда аталған аудандарда қазақта орта жүз – арғын, найман, керей, уақ
рулары жиі қоныстанып ұлтымыздың салт-дәстүрімен рухани мәдениетінің қаймағын бұзбай сақтап келеді.
Тәңір тауының солтүстік сілемін ондағы жергілікті қазақтар
«Еренқабырға» деп атайды. Айбынды Алтай тауының шығысы Моңғол Халық Республикасына, батысы Қазақстанға сұғынады. Тянь-Шань мен Алтай тауларының ортасында әйгілі Жоңғар ойпаты жатыр. Осы ойпаттың батысынан Тарбағатайдың Барлық, Жайыр,
Орқашар таулары бой созады.
Қайрақбай, Бәзғалам, Әнжан, Нәсілбай, Ақымжан, Сайлыбай,Үрістем, Заманбек, Бейісбай, Жұмажан,
Кәсімбай, Әнуаш, Қизат, Айтыкен, Отан, Мұқаш, Ұран, Аршын т.б. күйші композиторлар осы орындаушылық мектептің өкілдері болып саналады.
Осы үш аймақтың ішінде аты көп аталмай жүрген күйшілік өнері нағыз зерттеуді қажет ететін, Үрімжіге жақын орналасқан Нансан, Баркөл, Қанас, Боғда қатарлы жерлер бар. Бұл жерлерде ертеректе домбырашылық,
3 сурет. Іле аймағы күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі, Әтіхан Исаұлынан мұра болып қалған 17 пернелі домбыра.
Суретте: күйшінің немересі Гымыңәлі Бекдәулетұлы.
Қайрақбай Шәлекенұлы (1828- 1877)
Ақымжан Болдырғанұлы (1864-
1943) Сайлыбай Далабайұлы (1864-
1945)
Заманбек Әнжанұлы (1888-1944) Бейісбай Шабанбайұлы (1898- 1947)
Үрітем Дүйсенбайұлы (1895- 1962)
Бәзғалам Айқынбайұлы (1860- 1932)
Жұмажан Сыдықұлы (1909- 1982)
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
қобызшылық, сыбызғышылық өнер кең дамыған. Солардың ізін жаластырушы сыбызғышылар қазірде Нансан өңірінде көптеп кездеседі. Солардың бірі
Нансанда тұратын әйгілі сыбызғышы Бейілхан Қалияқпарұлы.
Тарбағатай өңірінде сыбызғышылық өнер ерте кезде қалыптасқан, яғни аты үш аймаққа мәлім Қайрақбай күйші өз кезінде асқан сыбызғышы болған адам.
Осы Қайрақбай күйшіден бастау алған Тарбағатай аймағы күйшік мектебінің күйлері төмендегі кестедегі күйшілер арқылы бізге жетті:
Тарбағатай аймағының күйлері құрылысы, әуені жағынан Қазақстанның шығыс өңірі Семей, Өскемен өңіріндегі күйшілік мектепке өте жақын тіпті бір деп айтуға болады. Ескі күйлердің дені көбіне теріс бұрауда тартылып тарихы жағынан аңыз күйлер болып келеді.
Әсіресе Іле, Алтай өңірлеріне ортақ болған жиі тартылатын «Ақсақ аю»,
«Жорға аю», «Мерген күйі», «Шыңырау», сияқты күйлер көптеп кездескенімен осы күйлердің бұл өңірдегі тартылуы күйдің құрылысы және нұсқалық жағынан өзгеше дамығаны мен сарыны жағынан Іле, Алтай өңіріндегі күйлермен бірдей.
Бұл аймақтағы теріс бұраудағы күйлер домбыраның кіші сағасы «до-соль»
дыбысынан немесе орта буын «до- до» дыбысынан басталып тартылады.
Жалпы үш аймақтағы теріс бұраудағы күйлердің дені сыбызғы күйлерімен және қобыз күйлерімен астасып жатады. Тіпті көптеген күйлер сыбызғыдан домбыраға түсіріліп тартылған. Тарбағатай күйшілік мектебінің арыдағы өкілі Қайрақбай өз заманында асқан сыбызғышы
болған[6,77-79 бб.]. Кейіннен Қайрақбай күйлерін жеткізушілер сыбызғы
күйлерінің көбін домбырада тартқан.
Тарбағатай өңірінің күйлеріндегі бір ерекшелік табиғатқа, жан-жануарларға, үлкен келелі кеңестерге арналған үлкен
тақырыптық желілес күйлер шоғыры жиі кездеседі. Мысалы: Қайрақбай күйші өз заманында Алтай-Тарбағатай өңірін билеген төрт төбе бидің бірі болып күймен төрелік айтқан. Өзі араласқан келелі кеңестерге байланысты бірнеше
«Кеңес» тақырыбындағы күйлері мен қатар сән-салтанат құрғанда мінген жорға, сайгүліктеріне арнаған «Мол қоңыр», «Майда қоңыр», «Тел қоңыр»
сияқты желілес күйлер шоғырын
қалыптастырған. Сол сияқты Іле күйшілік мектебінің ірі өкілі Әшім де «Кеңес»
тақырыбында желілес жеті күй тартқан.
Алтай аймағының күйшілік мектебі
Алтай аймағы Шіңгіл ауданы, Көктоғай ауданы, Бурылтоғай ауданы, Жеменей ауданы, Қаба ауданы, Буыршын ауданы қатарлы алты аудан бір қаладан құралып, орталығы – қазіргі Алтай қаласы. Жазы салқын қысы суық болатын Алтайдың әсем табиғаты көз тартады. Айбынды Алтай тауының шығысы Моңғол Халық Республикасына, батысы Қазақстанға сұғынады. Жоғарыда аталған аудандарда қазақта орта жүз – арғын, найман, керей, уақ рулары жиі қоныстанып ұлтымыздың салт-дәстүрімен рухани мәдениетінің қаймағын бұзбай сақтап келеді. Алтай аймағы күйшілік мектебі, Қытай Халық республикасына қарасты Алтай өңірі мен қоса Алтай тауының арғы бетіндегі Моңғол Республикасына қарасты қазақтарда сақталған күйшілік мектепті қамтиды[7, 267-272бб]. Алтай аймағы күйшілік мектебінің арыдағы өкілдері Бейсенбі Дөненбайұлынан басталып төмендегі мұрагер
домбырашылар арқылы бізге жетті:
Алтай күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі Бейсенбі өз дәуірінде Алтай-Тарбағатайдағы төрт төбе бидің бірі болған [8,215 -219 бб.].Бейсенбінің күйлерінде де желілес «Кеңес»
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
тақырыбындағы күйлер шоғыры бар.
Бұл күйлер ел арасындағы жиын-
топтардағы келелі кеңестерді бейнелеп, сол заманнан сыр шертеді. Бейсенбі күйлерінің тікелей жеткізушілері туралы нақтылы деректер қазіргі таңда жеткіліксіз болғандықтан көптеген орындаушылар Бейсенбінің көптеген күйлерін түп нұсқадан аутқытып немесе бір күйден бірнеше нұсқа жасап тартып жүр. Сондықтан Бейсенбі күйлері келешекте үлкен ізденіс пен зерттеуді қажет етеді. Ал Мүкей күйлері сарыны жағынан өзгеше дамыған. Яғни күй басталып тартылғанда орташа екпінде ойлы толғана басталып, кенеттен жүрдек екпінде жорғалап кетеді. Мысалы:
Мүкейдің «Қосбасқан қоңыр», «Құр ойнақ», «Қосбасар» сияқты күйлерінде әуен бастапқы да бір қалыпты басталып күйдің ортасына қарай желдіртіп
жорғалатып кетеді. Бұл ерекшелік тек Мүкей күйлерін де ғана кездеседі.
Екі ішекте алма-кезек үздіксіз теріліп тартылып отырады.
Сондай-ақ Мүкей күйлері қазақтың би өнеріне де өте жақын, күй тартылып келе жатып кенеттен кілт тоқтап, қайтадан жорғалай жөнелуі бейне бір әсем құстың, немесе бір жануардың жорғалап жүргенін көз алдыңызға елестедеді. Сондай күйлердің бірі Мүкейдің «Қосбасқан қоңыр» деген күйі, бұл күйге елімізге танымал биші Шұғыла мың бұрала билеген. Осында Алтай өңірінде көптеген күйлерге биленетін буын биі, бүркіт биі деген билер жиі
кездеседі. Ал аңыз күйлер шоғыры да Алтай өңірінде оң және теріс бұрауда өте ертеден дамыған. «Алакөз аттың жүрісі»,
«Ақсақ марал», «Аққу», «Шыңырау» сияқты аңыз күйлер шоғыры көптеп кездеседі.
Бұл күйлердің орындалу ерекшелігі өте өзгеше, ескіден келе жатқан перне басу әдістерімен қоса қазақы дыбыс бояулары асқан шеберлікті қажет етеді. Үш аймақтағы күйлер құрылысы жағынан да, сарыны жағынан да Шығыс Қазақстан күйшілік дәстүріне жатады. Бұлай дейтініміз, шығыс өңірдің күйшілік өнерінің ерекшелігі Жетісу, Арқа күйшілік мектептеріне үлкен ықпал еткендігін белгілі жазушы, тарихшы М. Мағауин былай деп жазады: «Арқа күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі Қызылмойын Қуандық күйші, ол Тәттімбеттің ұстазы Байжігіт күйшінің мұрагері»[9]. Міне, сол Қызылмойын Қуандықтың күйлері Іле аймағындағы Камал Мақайұлының орындауында бізге жетіп, күй қазынамызға қосылды.
Байжігіт күйлерінде тұтып алу әдісімен қатар екі пернені бір саусақпен
сырғытып алу әдісі, бір қағыспен үш дыбысты қатар алу әдістеріөте жиі кездеседі. Осы әдіс-амалдар үш аймақ күйлерінде де жиі кездесіп, орындаушысынан асқан шеберлікті қажет етеді.
Қорытынды.
Бұл мақалада Қытайдағы қазақтардың күйшілік өнерінің кейбір өзіндік көркем тілі және орындаушылық ерекшеліктері
сипатталды. Назарда күйшілік өнердің өкілдері мен орындаушылары кешенді зерттелді. Осы жолдағы келешек қадам – аймақтыңкүйшілік өнерін, орындаушылық ерекшеліктерін Шығыс Қазақстан, Арқа күй өнерімен кешенді салыстырмалы зерттеу жүргізу арқылы, ғылыми теориялық айналымға енгізу болмақ.
Central Asian Journal of Art Studies 2 (02) 2016
Әдебиеттер:
1. Мәсімахынұлы Д. Еуразиялық өркениет - ежелгі түркі және қытай елінің рухани қарым-қатынасы. Астана.: Фолиант баспасы, 2012. 265-296 бб.
2. Әбуғазы М., Мәулетұлы А. Әшім және Іле аймағының күйлері. Алматы Лем баспасы, 2008.
3. Тұрлықожаұлы Д. Мазақұлы Д. Досмырзаұлы Ә. Дәулетұлы Е. Шәріпұлы Ә. Қожеке Назарұлы Күй толқыны. Шинжаң жастар баспасы. 1984.
4. Таласбек Әсемқұлов. Домбыраға тіл бітсе. Жұлдыз журналы. 1989, №5.
5. Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі антология. EL production company, Ltd.
2009 - 62-99 бб.
6. Әлімбекұлы Байақын, Халықұлы Дәулет. Күй қайнары. Күйтүн Іле халық баспасы, 1985.
7. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты. Шетел қазақтарының өнері, ұжымдық монография. Курсив ЖШС баспаханасы. 2014. 267-272 бб.
8. Қ. Абдоллаұлы. Бейсенбі күйлері. Шыңжаң халық баспасы, 2006.
9. Мұхтар Мағауин. Күй иесі Байжігіт. - Жұлдыз журналы. 1976, № 9.
10. Сейдімбек Ақселеу. Қазақтың күй өнері. Монография. Астана Күлтегін.
2002. 832б.
11. Сейітқазинұлы Қизат. Күйші баба Бәзғалам және оның күйлері жайында. Тарбағатай газеті: 2000. 23с.
12. Іле тарихи материялдары. Іле халық баспасы . 2004.
13. С. Тоқтабаев. Дала дарабоздарының екі реткі кездесуі. Іле газеті, 2008,15 ақпан.
14. М. Таңғытұлы. Шығыстың шырын шертпелері. Шәуешек баспасы. 2003.
15. Мырзаханұлы Ж. Қазақ халқы және оның салт-санасы. ҚХР Үрімжі халық баспасы, 1992.
16. Құрманжан Зікіриаұлы, Тұрсынжан Бәзілханұлы. Шыңырау1- кітап халық күйлерінен музыкалы-этнографиялық жинақ. ҚХР Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, 2000.
17. Камал Мақайұлы, Ақберді Зиятбекұлы, Еркебай Қабылжанұлы.
Қоңқайдың қоңыр күйлері. Шыңжаң халық баспасы, 2013.
18. Отан Кәсімбайұлы, Кәсімбай ән-күйлері. Шыңжаң халық баспасы, 2008. 293-294б.
19. Дәулет Мазақұлы. Көк өзен. Шыңжаң Шинхуа баспасы, 1993.
20. Оқабай Тойынбаев, Дәріпбек Мәжін. Көктем шуағы. Шыңжаң халық баспасы, 1988.
21. Мұқатбек Әбдіхадырұлы. Сыбызғы сазы. ҚХР Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, 1991.
22. Камал Мақайұлы. Күй пірі. Шыңжаң халық баспасы, 2008.
23. Ниғымет Қамзайұлы. Саз сардары. ҚХР Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, 2008.
Автор туралы мәлімет: Мәулет Ардаби – Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА докторанты.
e-mail: [email protected]
Author’s data: Maulet Ardabi – doctor degree student of KazNAA T. Zhurgenov.
e-mail: [email protected]
Сведения об авторе: Маулет Ардаби – докторант КазНАИ им. Т. К.
Жургенова.
e-mail: [email protected]