• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТОНИМИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТОНИМИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ"

Copied!
3
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ: МОДЕЛЬДЕР, ƏДІСТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР

КОМПЕТЕНТНОСТНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ:

МОДЕЛИ, МЕТОДЫ, ТЕХНОЛОГИИ

365 УДК 8111.512.122

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТОНИМИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ Нұргужа Ə.Н., 1 курс, ақпараттық технология жəне робототехника, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Утебаева А.К., Тілдер даярлау орталығының аға оқытушысы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Бұл мақалада қазақ тіл білімінде толық зерттеулер аз метонимия көріктеу құралы- ның қазақ көркем шығармаларындағы кең қолданысын зерделеп, айқындайды. Зерттеу барысында метонимияның Ə.Кекілбаевтың көркем шығармаларындағы қолданысынан мы- сал келтіріліп, талдаужасалды. Зерттеу қорытындысы жазушы жай метонимиялармен қатар күрделі метонимияларды өз мақсаттарына сай шеберлікпен қолданғанын көрсетеді.

Көріктеу құралдарының тіліміздегі өнімді қолданатын бір түрі – метонимия (алмасты- ру). «Метонимия» гректің сөзі («metonymia»), атын өзгертіп, алмастырып атау деген мағы- наны білдіреді. Метонимия дегеніміз – бір жақ аттары алынып, өз мағынасында емес, екінші мағына аралығында жақындығымен бірінің орнына екіншісі алмастырылып қолданылатын жəне сол құбылысты түгел көрсете алатын көркемдік тəсіл. Фразеологизмдердің жаны сөй- леу стилінде басым болғандықтан, көркемдік тəсілдердің бұл үлгілері фразеологиялық тір- кестерде молынан кездеседі [1,72 б.].

Тіл білімінің зерттеуші ғалымдары метонимияға əр түрлі анықтама берген. І.Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың анықтауынша, «Бір сөздің орнына екінші бір сөздің ауыс қолданылуы- нан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады». Ал, Ə. Хасенов былай деп анықтама береді: «Метонимия дегеніміз – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы жəне ішкі мəн-мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы» [2,58 б.].

Қазақ халқының ірі ғалым лингвисі, аудармашы, түрколог, А.Байтұрсынов метонимия- ға өз пікірін былай жеткізеді: «Арасында жақындығы бар екі нəрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту түрі болса, ондай ауысу, алмастыру (яғни метонимия) деп аталады»

[3,159-160 б.].

Метонимияның метафорадан айырмашылығы – метафора негізінен ұқсас екі затты не- месе құбылысты бір атаумен (сөзбен) атаса, метонимия ойда сақталынып тұтас бір сөзді айт- пай-ақ, сол сөздің екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жібереді, оның себебі – метони- мия қазақ тілінде ертеден қалыптасқан ұғымдарға сəйкес жасалынады. Метафораға қарағанда метонимияның қолдану аясы тар болады. Метафора стиль түрлерінің кез-келгенінде қолда- нылады, ал, метонимия көркем шығармалар стилінде көбірек қолданыс табады. Сөздердің метонимиялық мағынасы жазба əдебиеттен гөрі сөйлеу тілінде жиірек қолданылады [4,60 б.].

Қазақ тіл білімінде метонимияға арналған толық зерттеулер өте аз. Метонимияны тілдік құбылыс ретінде қазақ тілінде тұңғыш зерттеген Л.Нұржекеева ғылымда метонимияны синек- дохадан бөліп, екеуін троптың екі басқа түрі деп қарайтындар да бар екенін айта келіп, өзінің соңғы пікірге қосылатынын айтып, бұлойын жан-жақты дəлелдей отырып, жаңа ғылыми ереже ұсынады. Ол ереже метонимия мен синекдоханың негізгі табиғаты мен ерекшеліктерін түгел қамтиды. Сондықтан синекдоханы метонимияның бір түрі деп қарастырады [4,27 б.].

Жұрт жазда жиын той болмаса, алыстан бір аса қадірлі қонақ келмесе, бостан-босқа қан шығармайды [5, 223 б.]. Берілген мысалдағы мал соймау тіркесінің тұлғалық құрылымын өзгертіп, болымсыз мағынадағы «қан шығармау» фразеологиялық тіркесінің «қан» компо- ненті арқылы «қызыл көрмеу» яғни, «ет көрмеу», «қан шығармау» метонимиясы арқылы

«мал сойылмау» мағынасын түсінеміз.

(2)

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ: МОДЕЛЬДЕР, ƏДІСТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР

КОМПЕТЕНТНОСТНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ:

МОДЕЛИ, МЕТОДЫ, ТЕХНОЛОГИИ

366

Бір-бірінің қарасын сонадайдан ғана көріп отырған екі суыт жүргінші түс қыңа тау қой- науына қия жақпарланбай жайпауыт қолаттанып шығатын жайдақ сайдың жайылма табанында отырған құрым үзік қоңыр үйдің үстінен шықты [5,259 б.].

Арамдап жүрер көлденең сұғанақ тұмсық жоқ па екен деп, төңірекке қарап еді, табал- дырықтың сыртынан абажадай екі бірдеңе қарауытты [5,260 б].

Берілген сөйлемдердегі «екі суыт жүргінші» адам мағынасында, «сұғанақ тұмсық» ит ма- ғынасында жұмсалғанметонимия тіл сырын түсіне білгенқас шебердің ғана қолынан келер іс.

Бұл салған ойран-бүліктердің тұсында тек басын баққандар ғана қол аяғы сау қалады [5, 8 б.].

Бұл сөйлемдегі «басын баққандар» халықтық қолданыстағы «басын бақты» – өзін-өзі қорғады мағынасында берілген [6,102б.]. Жазушы Ə.Кекілбаев етістік тұлғалы тұрақты тір- кеске есімшенің «қан» жұрнағын жалғау арқылы заттандырып, сол арқылы күрделі метони- мия жасаған. Бұндағы «басын баққандар» тұрақты тіркесі «өзін ғана қорғаушылар» деген мағынаны алмастыру арқылы берілген. Адамның бір мүшесі «бас» арқылы жалпы адамдар деп түсінеміз.

Ол жолы Əбілқайырдың қасындағы қол бұдан əлдеқайда көп [5,232 б.]. Бұл сөйлемдегі

«қол»сөзі адамның денесінің бір бөлігін білдіріп тұрған жоқ жəне жекеше түрде тұрғанмен, көптік мағынада қолданылып, «əскер» дегенмағынаны білдіріп тұр. Қазіргі қазақ əдеби тілде

«қол» сөзінің бұл метонимиялық мағынасы тұрақты. Мұнда «қол» сөздері метонимиялық ма- ғынада қолданылған. Бірақ қайта-қайта қостарына соғып, қайта-қайта табақтас бола бермес, қаусылдасқан қалың қолды бойыма үйретіп алам ба деп қорқады [5, 12 б.].

Дəстүрлі қолданыстағы «табақтас болды» деген тұрақты тіркес екі түрлі мағына береді:

1. дастарқандас болды, табақтас болды. 2. жемтіктес болды [6,484 б.]. Бұл сөйлемде берілген

«табақтас» сөзі дастарқандас сөзін алмастырып, жалпының жалқысы ретінде ашық метони- мия болып тұр. Өйткені жалпы атау «дастарқан» болса, онда көптеген тамақтың түрі көп табақта орналасады, ал табақ оның бір бөлшегі болып табылады.

Сонымен қатар, «қалың қол» тіркесі де метонимиялық тұрақты тіркес қатарына жата- ды. «Қол » деген сөз адамның дене мүшесінің бірі, ал, бұл жерде қолданылған «қол» сөзі

«көп əскер» деген мағынада қолданылған. Бұл ашық метонимияға жатады. «Қалың қол» тұ- рақты тіркес халықтық қолданыста кездеседі «мол сарбаз, көп əскер» мағынасында жұмсала- ды. Ал, «бойы үйренді» тұрақты тіркес халықтық қолданыста екі түрлі мағынада қолданысқа түседі: 1. қорқынышы басылды, 2. жатырқамады мағынасын береді. [6,122 б.]

«Таңның атуы, күннің батуы аузым жабылмады» [5, 239 б.]. Халықтық қолданыстағы

«аузын ашпады» – бір ауыз бірдеңе деп қарсы сөз айта алмады, сөйлемеді, тіл қатпады мағы- насын береді [6,67 б.].Осы тұрақты тіркеске қарама-қарсы мағынасында жұмсалатын «аузым жабылмады» тұрақты тіркесі «көп сөйлемеді» деген мағынаны алмастырып метонимия түрінде қолданылған.

«Енді сары шатыр маңына көзін сатушылардың көп болатынын біліп, əдейі жұрт көзі- нен жасырынып, соңында кетті» [5,40б.]. Етістік мағынасындағы «көзін сатты» тұрақты тір- кесі халықтың қолданыстағы «телмірді, тіленді, аңдыды» мағынасында беріледі [6,263 б.].

- Айта қоярлық хабар шамалы, – дедіқапсағай қара, көптен ұстара тимей тікірейіп тұр- ған қылтанақ шашының арасынан жылт-жылтдомалап жатқан бүрге тамшылардыжеңімен жасқап.

- Башқұрттар не дейді?

- Недеуші еді, үндемейді.

Хан иығын тіктеп отырды.

- Жол-жөнекей соққанелдеріңне дейді?

- Башқұрттар өздігінен қодыраңдап жүрген жоқ, бір шапқанда бес шапқанына қараған- дақолтықтарынан дым бүркушілербар деседі [5, 211 б.].

(3)

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ: МОДЕЛЬДЕР, ƏДІСТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР

КОМПЕТЕНТНОСТНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ:

МОДЕЛИ, МЕТОДЫ, ТЕХНОЛОГИИ

367

Бір – екі атты шауып келді [5, 49б.]. Ал, анау қамшылары бұлғақтапжалба тымақтар- дансұрасаң, көзіңді ашып-жұмғанша жаныңды жанаттан бір-ақ шығарады [5,6 б.].

- Аман болса, енді бір аптадаел қарасынаілінбес пе екенбіз [5, 7б.]. Берілген тіркестер арқылы («қапсағай қара», «башқұрттар не дейді?», «елдеріңне дейді?», «қолтықтарынан дым бүркушілер», «жалба тымақтардан», «ел қарасына») түр-тұрпат, ақыл-мінез, іс-əрекет, ұлт ерекшеліктері арқылы адамды бейнелейтін метонимиялар жасаған.

Жазушы Ə.Кекілбаев тұрақты тіркесті заттандырып, «телмірушілер, аңдушылар» мағы- насын алмастырып тұрған күрделі метонимия түрінде қолданған.

Не керек қараң қалған қараша ауыл Боз дөнде баяғыша мүлгіп тұрды.

Қайран елқанды қолданжайрап қалды Қыр кектің бір үйірін айдап қалды.

Қыр желі құтырынды, ысқырынды, Ақ боран азу тісін қайрап қалды.

Қайғыдан қар жамылып қасқа дала

Жоғарыда берілген өлең жолындағы «қанды қол» фразеологиялық тіркесі жаудан, дұшпаннан зардап шеккен ел деген мағынада жазушы қолданған метонимия түріндегі тіркес қазақ тілінің фразеологиялық қазынасын толықтырып байытты деуге болады.

Сонымен, Л.Нұржекееваның ізімен метонимия мен синекдоханы бір категория деп қа- рай отырып, оларға мағыналық жағынан ашық метонимия ( синекдоха) жəне көмескі метони- мия ретінде мысалдар келтірдік. Жазушы бірде тұрақты тіркес компоненттерінің бірі болды- рып жай метонимияларды қолданса, тағы бірде күрделі метонимия болатын тұрақты тіркес- терді өз мақсаттарына сай шеберлікпен қолданған.

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі 1. З.Қабдолов «Сөз өнері» / А., 2002

2. Ə.Хасенов «Тіл білімі» / А., 1996

3. Т.Қоңыров «Тұрақты теңеулер сөздігі» / А., 2007

4. Л.Нұржекеева «Метонимияның лингвистикалық табиғаты» / А., 1992 5. Ə.Кекілбайұлы «Он екі томдық шығармалар жинағы» / А., 1999 6. І.Кеңесбаев«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», 1977

УДК372.881.111.1

ADVANTAGES AND DISADVANTAGES OF TEACHING COMMUNICATION IN ENGLISH DURING THE PANDEMIC TIME

Калинина И.А., 4 курс, кафедра иностранных языков, Костанайский региональный университет им. А.Байтурсынова

Подавец О.Д., старший преподаватель, Костанайский региональный университет им.

А.Байтурсынова,

The article is an identification of the advantages and disadvantages of teaching communi- cation in English during a pandemic time. The work proposes the most productive methods of teaching communication in a distance format.The topic under consideration will be of interest to specialists in the field of teaching foreign languages.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Бұл аудармашының екі (не бірнеше) тілді ғана жетік біліп қана қоймай, екі (не бір- неше) саяси дискурсты да жете меңгеру талабын қояды. 2) Метафора

«Мен екі аяқ ас іштім» – (асының орнына ыдысын); алмастырып айту- лары – бəрі де метонимия. Өмірдегі іс-əрекет, не əртүрлі бір-бірімен байланысты өмір құбы-

Сонымен қатар Қазақ- стан Республикасының «Білім туралы» Заңын- да, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, Қазақстан Республи-

Заң қабылданды. 20 мая был принят Закон РК «О статусе сто- лицы Республики Казахстан». Маусымның 10-ында Тəуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының ашылу салтанаты

Теңеу – жазуышының затты, құбылысты басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы, оның ерекше белгілерін ашатын əдеби көркемдегіш құрал.

- Қазақта әрі ғалым, әрі жазушы, өрі әдебиетші-сыншы, әрі аудармашы Ебекең біреу-ақ, неге білмеймін?- деп едім, екеуі

Теңеу – екі нəрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тəсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нəрсені

Экспрессивті-бағалауыштық метафора (жексұрын, оқжылан, жолбике, көртышқан) [4]. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы «З. Шүкіровтың