НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ Əлімова Д.Ж.
Нарықтық экономика жағдайында жал- герлік қатынастар өте кең дами алады.
Уақытша пайдаланылмайтын ғимараттар, өндірістік, қойма жəне басқа тұрақ жайлар, жабдықтар мен құрылыстар, көлік құралда- рын мекеме басқа ұйымдарға жалға беру ақысының қолданылып жүрген ставкалары бойынша жалға беруге құқылы.
17 – «Жалдау» IAS Халықаралық қар-
жы есептілігінің стандартына сəйкес жал- дау – жалға беруші жалгерге жалдау ақысы- на немесе төлемдер тобының орнына келі- сілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Осы Стандартта қабылданған жал- дауды жіктеу жалдауға алынған активке меншік құқығына тəн тəуекел мен пайданы жалгер мен жалға берушінің қандай дəреже- де мойындарына алуына негізделеді.
Жалдау, егер ол иеленумен қатар жү- ретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тəуе- келдер мен пайданы көретін болса, қаржы- лық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тəуекелдер мен пайданы айтарлықтай көтеруге əкеліп соқтырмаса, операциялық жалдау ретінде жіктеледі.
Қаржылық жалдау – актив иеленумен қатар жүретін барлық тəуекелдер мен пайда- ларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысына құ- қықтық мəртебе берілуі де, сондай-ақ беріл- меуі де мүмкін.
Операциялық жалдау – қаржылық жалдан өзгеше жал.
Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеуі шарттың ныса- нына емес, мəміленің мазмұнына байланыс- ты болады.
Жалдаудың қаржылық ретінде таны- луы үшін мынандай талаптарға жауап беру- ге тиісті:
• жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалдаушыға көшеді;
• жалдаушының жалдау мерзімінің ба- сында осы құқықты іске асыру күні əділ құннан айтарлықтай төмен ба-
ғаға осы негізгі құралды сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асыры- латыны туралы негізделген сенім бар;
• егер меншік құқығы мүлдем берілмей- тін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзі- мінің елеулі бөлігін құрайды;
• жалдау қабылдаған күнгі жалдау тө- лемдерінің дисконттық құны ең кем де- генде жалға алынған активтің барлық əділ құнының елеулі үлесін құрайды;
• жалға алынған активтердің тек жал- гер ғана оларды елеулі түрдегі түрлен- дірусіз пайдалана алатын арнаулы си- паты бар.
Жеке немесе құрамдас түрінде қаржы- лық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге се- бепті бола алатын жағдайлардың индикатор- лары мыналар болып табылады:
• жалгер жалдауды тоқтатқан жағ- дайда, мұнымен байланысты барлық залалдар жалдаушыға жүктеледі;
• таратылған сома əділ құнының ауыт- қуынан келетін пайда немесе залалдар жалдаушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында);
• жалдаушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі.
Жоғарыда аталған мысалдар жəне индекаторлар жағдайларының бəрінде дау- сыз сипатқа ие болмайды. Егер басқа белгі- лерді негізге ала отырып, осы жалдаумен қа- тар жүретін барлық тəуекелдерді жəне пай- даны елеулі ауыстыруға əкеліп соқтырмай- тыны анық болса, ол операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Мысалы, егер жалдау мерзімінің соңында активтің көлемі осы уақыттағы активтің əділ құнына тең бола- тын белгіленбеген төлемге айырбасталса, немесе шартты жалдау ақысы туралы сөз бо- лып отырғанда, жалдаушы осындай барлық
тəуекелдер жəне пайданың елеулі бөлігін өзіне алмағанда, бұл орын алуы мүмкін.
Жалдауды жіктеу жалдауды қабылда- ған кезде жасалады. Егер жалдаушы жəне жалға беруші уақытқа тəуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, жоғарыдағы кри- терийлерге сəйкес жалдауды басқа жіктеуге əкеліп соқтыратындай түрде жалдау шартын өзгертуге келіссе жəне өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе, онда қайта қаралатын шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ре- тінде қаралады. Алайда, бағалаудағы өзге- рістер (мысалы, қызметтің экономикалық мерзімін немесе жалданған мүліктің жою құнын бағалауды өзгерту) немесе жағдай- дың өзгеруі (мысалы, жалгердің шартты орындалмауы) есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге əкеліп соқтыр- майды.
Жер учаскелерін жəне үйлерді басқа да активтерді жалдау түріндегі сияқты опера- циялық немесе қаржылық ретінде жіктеледі.
Алайда, əдетте, жер участкелері үшін белгілі бір қызмет мерзіміне тəн, егер жалдау мерзі- мінің аяғында меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе, иеленумен қатар жүретін барлық тəуекелдер мен пайданың елеулі бөлігін ол өзіне қабылдамайды, жəне мұн- дай жағдайда жерді жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Есепке алғанда операциялық жалдау ретінде көрсетілетін активтерді иеленуге немесе жалдау құқы- ғында активтерді сатып алуға кіріскен кезде жүргізілетін төлемдер берілген пайданың түсу графигіне сəйкес жалдау мерзімі бойы- на амортизацияланатын аванстық жалдау төлемдерін білдіреді.
Жалдаушының жерге сол сияқты үйге мүдделері 40 – «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сəйкес инвести- циялық жылжымайтын мүлік ретінде жік- телсе, онда жерді жалдау элементінің жəне үйлерді жалдау элементінің жеке бағасы та- лап етілмейді, жəне əділ құн бойынша есеп моделі пайдаланылады. Егер керісінше жағдайда осы элементтердің біреуін немесе екеуін анық жіктеу мүмкін болмаған жағдай да ғана осындай бағалау үшін жан-жақты есептеу талап етіледі.
40 – «Жылжымайтын мүлікке инвести- циялар» IAS Халықаралық қаржы есептілі- гінң стандартына сəйкес жалдаушы опера- циялық жалдауда өзінің меншіктік мүддесін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретін- де жіктей алады. Егер ол осыны дəл осылай жктесе, онда бұл меншіктік мүдде есепте қаржылық жалдау сияқты көрсетіледі, бұдан басқа қабылданған активке сəйкес əділ құн бойынша есеп моделі қолданылады. Қандай да бір оқиға жалдаушының меншіктік мүд- десі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетіндей деңгейге дейін сипа- тын өзгертсе де, жалдаушы мұндай жалдау- дың əлі де қаржылық жалдау ретінде есеп- теуі керек. Бұл, мысалы, егер жалдаушы:
• оның əділ құнының пайдалану тəсілі өзгерген күнге тең болатын əрі қарай меншік иесі иеленетін меншіктер санатына өтетін жалға алынған меншікті иеленсе;
• осы мүддені иеленумен қатар жүретін барлық тəуекелдер жəне пайданың қомақты бөлігіне байланысты емес үшінші тарапқа ауыстыратын қоса- лқы жалдауды білдіреді. Осындай қо- салқы жалдау үшінші тараппен, ол т- раптың мұны операциялық жалдау түрінде қабылдай алатынына қара- мастан, жалдаушының есебінде қар- жылық жалдау түрінде көрсетіледі.
Негізгі құралдарды жалдаудың жоға- рыда қарастырылған негізгі түрлерінен бас- қа мынандай түрлері де болады.
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығын- сыз жалдау – бұл жалдау шарты бойынша тек мынандай жағдайларда ғана:
• қандай да бір ықтималды шамалы оқи- ғаның басталуы жағдайында;
• жалға берушінің рұқсатымен;
• егер жалгер сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса;
немесе
• жалдауды қабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан əрі жалғасуына кепіл болған жағ- дайда, тоқтатылуы мүмкін.
Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциялары. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы сатушының оны кейіннен
кері жалдауға ала отырып активті сатуын білдіреді. Жалдау төлемдері мен сату баға- сы, əдетте, өзара байланысты болады, өйтке- ні олар кешенді түрде талқыланады. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциялары- ның тəртібі жалдаудың түріне байланысты болады.
Егер кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы қаржылық жалдауға əкеп соқты- ратын болса, онда сатудан алынатын пайда- ның теңгерім (баланс) құнынан кез келген артуы сатушы-жалдаушының қаржылық есептілігінде табыс ретінде дереу көрінісін табуға тиіс. Мұның орнына, бұл арту кейін- ге қалдырылуға тиіс жəне жалдау мерзімі ішінде амортизациялауға жатады.
Егер кері жалдау қаржылық жалдау бол- са, мұндай операция жалға берушінің жал- даушыға қаржы қаражаттарын беру тəсілі болып табылады, бұл жағдайда актив қамта- масыз ету рөлін атқарады. Осы себеп бойынша сатудан алынған түсімнің (табыс- тың) теңгерім (баланс) құнынан артық сома- сы деп есептеу дұрыс болмайды. Оның мұн- дай артуының мерзімі кейінгі қалдырылуға жəне жалдау мерзімінің ішінде амортиза- циялауға жатқызылады.
Егер кері жалдаумен жүргізілген сату операциясы жалдауға əкеп соқтыратын жəне шын мəнінде операция əділ құн бойынша жүзеге асырылатын болса, онда туындайтын кез келген пайда немесе залал дереу таны- луға тиіс. Егер сату бағасы əділ құннан төмен болса, онда кез келген пайда немесе залал, осы залалға нарықтық бағадан төмен баға бойынша болашақ жалдау төлемдері- мен өтем оның жасалатын жағдайлары қос- пағанда, мерзімі кейінге қалдырылуға жəне активті пайдалану көзделетін кезең ішінде жалдау төлемдеріне тепе-тең амортизация- лануға тиіс. Егер сату бағасы əділ құнынан жоғары болса, онда бұл артық баға мерзімі кейінге қалдырылуға жəне активті пайдала- ну көзделетін кезең ішінде амортизацияла- нуға тиіс.
Егер кері жалдау операциялық жалдау, сондай-ақ жалдау төлемері мен сату бағасы əділ құнды негізге ала отырып белгіленетін болса, онда сатудың қалыпты операциясы орын алады, кез келген пайда мен залал дереу танылады.
Операциялық жалдау кезінде, егер оның кері жалдаумен жүргізілетін активті сату операциясын жүзеге асыру кезінде активтің əділ құны оның теңгерім (баланс) құнынан төмен болса, онда теңгерім (баланс) құны мен əділ құны арасындағы айырмаға тең за- лал дереу танылуға тиіс.
Енді аталған қаржы есептілігінің стан- дартына сəйкес негізгі терминдердің мəніне т алайық.
Жалды қабылдау күні – бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасалу күні не- месе жалдаудың негізгі талаптарына қатыс- ты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жал- дау. Атап айтқанда мына күнге:
• жалдау операциялық немесе қаржы- лық ретінде жіктелген;
жəне
• қаржылық жалдау жағдайында жал- дау мерзімінің басында танылуға жа- татын сомалар анықталады.
Жалдау мерзімінің басталу күні – бұл жалға алынған активтердің пайдалану мүм- кіндігін іске асыру құқығын алған күн бо- лып есептеледі. Бұл – жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің, міндеттеме- лердің, табыстың немесе шығыстың таны- луы).
Жалдау мерзімі – жалгер шартқа сəй- кес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жал- гердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан əрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.
Жалдаудың ең төменгі төлемдері – жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін жəне оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алы- нуы мүмкін:
• жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;
• жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:
(I) жалгер;
(II) жалгермен байланысты тарап;
(III) осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден тəуелсіз үшінші тараппен.
Алайда, егер жалгердің осы құқықтық іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті əділ құнынан мейлін- ше төмен баға болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда, бұл құқықты іске асы- руға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлем- дерден жəне осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұраты- нына негізді сенімі болады.
Əділ құн – келісім жасау барысында жақсы хабардар, осындай келісімді жасауға ниет білдірген, бір-бірінен тəуелсіз екі жақ- тың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.
Экономикалық қызмет мерзімі – бұл бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі, не ұйымның активті пайдала- нуынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.
Пайдалы қызмет мерзімі – ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін жалдау мерзіміменн шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп кезеңі.
Кепілдік берілген жою құны – бұл:
• жалгер үшін: жалгер н,емесе онымен байланысты тараптың кепілдік бері- летін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез-келген жағдайда төленуге тиіс болатын ең көп сомаға тең);
• жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттеме- лерді орындауға қабілетті жалгер не- месе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.
Кепілдік берілмеген жою құны – жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек
жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.
Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға жəне жасауға байла- нысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жаоға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда, қосымша шығындарды білдіреді.
Жалдауға салынатын инвестициялар:
• жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау төлемдерінің, жəне
• жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.
Жалдауға салынатын таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді.
Алынбаған қаржылай кіріс – бұл мыналардың:
• жалдауға салынған жалпы инвес- тиция, жəне
• жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.
Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы – қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде ең төмен жалдау төлем- дерді жəне кепілдік берілмеген жою құны- ның жалпы дисконтталған құны жалданған активтің əділ құнына жəне жалға берушінің өзіндік тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.
Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы – жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүм- кін болмаса, онда жалдауды қабылдау күні- не активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтама- сыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.
Шартты жалдау ақысы – белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактор- дың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ деңгейі, бағалардың болашақ индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы).
ƏДЕБИЕТ
1 ҚР Заңы «Бухгалтерлік есеп жəне қар- жылық есеп беру» туралы №185. 23.05.2007.
2 Абленов Д.О. Аудит негіздері. – Алма- ты: Экономика. 2005.
3 Назарова Н.А. Шаруашылық жүргізу- ші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. – Алма- ты: Экономика, 2005.
4 Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. І бөлім. – Қарағанды: «Қарағанды полиграфия- сы» АҚ, 2009.
Резюме
В условиях рыночной экономики арендные отношения получили очень широкое развитие.
Временно неиспользуемые здания и сооруже- ния, торговые, складские, и другие помеще- ния, оборудование и транспортные средства организация имеет право сдать в ареду дру- гим предприятиям по действующим ставкам арендной платы.
Conclusion
Under the conditions of market economy rent relations got a very extensive development.
The organization has the right to lease a tem- porarily unused buildings, trading, warehousing, and other facilities, equipments and transport devices to other enterprises under the existing rental rates.
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА МЕКЕМЕНІҢ
КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ РОЛІ
Əлімова Н.Ж.
Еліміздің нарықтық экономика жағ- дайында саудамен шұғылданатын мекеме- лер мен кəсіпорындардың негізгі міндеттері- нің бірі – шығындардың тиімділігін артты- ру, өз шығынын өзі өтеуді қамтамасыз ету жəне табыс табу, əрі мұнымен қоса халыққа сауда қызметін керсетуді жақсарту, сауда мəдениетін көтеру жəне сатып алушылар- дың сауда жасауға кететін уақытын үнемдеу болып табылады.
Кезең шығындарының тиімділігі олар- дың сомасының өнім (тауар) оралымына қа- тынасы пайызбен көрсетіледі (шығындар деңгейі). Сонымен қатар, бұл қорларды пай- далану көрсеткіш-теріне сəйкес жəне шығын- дардың қайтарымын керсететін кері шама ретінде өнім (тауар) оралымы көлемінің шығындар сомасына қатынасы түрінде көр- сетіледі. Осыған қарағанда, кезең шығын- дарының, тиімділігін арттыру мекемелердің материалдық, еңбек пен қаржылай қорларды ең аз мөлшерде жұмсап өнім (тауар) оралы- мының көлемінің өсуін көрсетеді.
Кезең шығындарының тиімділігін арт- тыру мəселелерін шешуде бухгалтерлік есеп аса маңызды роль атқарады. Ол негізгі ақпа- рат көзі жəне экономикалық мəліметтерді жеткізуші болып табылады жəне де барлық өңделетін экономикалық ақпараттың 90%
бухгалтерлік есептің үлесіне тиеді. Бірақ атап өту керек, қай есеп – бухгалтерлік, ста- тистикалық жəне оперативтік – болсын өз- дігінен шығындарды азайта алмайды, тек қана талдау мақсаттарын орындау үшін тиіс- ті жағдайлар туғызады, оның мағынасы шы- ғындарды қайтсе азайту емес, олар шығын- дардың тиімділігін арттыру жолдарын іздеу- ге көмектеседі. Сондықтан бухгалтерлік есептің – негізгі ақпарат көздері ретінде – кезең шығындарының тиімділігін арттыру мəселелерін шешудегі ролі, ең алдымен, ша- руашылық құралдардың жəне оларды қар- жыландыру көздері немесе міндеттемелер жəне меншікті капиталды, сондай-ақ меке- мелердің қаржылық-шаруашылық қызметін жан-жақты көрсететін экономикалық қоры- тынды көрсеткіштері туралы жеткілікті толық, экономикалык негізделген жəне ең шынайы ақпарат беруімен айқындалады.
Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп материал- дық, еңбек жəне қаржы қорларын пайдалану бойынша жасалған шаруашылық операция- ларын құжаттармен негіздеуді жəне үздіксіз (уақытында) көрсетуді талап етеді, соның арқасында көптеген жəне əртекті (əртүрлі) шаруашылық операциялары қорытындыла- нады жəне үйлесімді ақпараттық жүйелер түрінде көрсетіледі, ол өз кезегінде кезең