• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр «Тау бөктері аймағында өсірілетін дегерес тұқымды қойлардың өнімділігіне қарай қанының белоктық құрамының өзгерістері. Изучение связь биохимических показателей крови с продуктивностью овец дегересской породы, разводимых в условиях предгорной зоны

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр «Тау бөктері аймағында өсірілетін дегерес тұқымды қойлардың өнімділігіне қарай қанының белоктық құрамының өзгерістері. Изучение связь биохимических показателей крови с продуктивностью овец дегересской породы, разводимых в условиях предгорной зоны"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

224 Тау бөктері аймағында өсірілетін дегерес тұқымды қойлардың өнімділігіне қарай ...

ӘОЖ: 636:612,1]: 636.3

Т.Н. Несіпбаев, М.М. Жылқышыбаева*

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ., Қазақстан

*e-mail: m.malikovna78 mail.ru

Тау бөктері аймағында өсірілетін

дегерес тұқымды қойлардың өнімділігіне қарай қанының белоктық құрамының өзгерістері

Организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз етіп, мал өнімділігін қалыптастыруда плазма белоктары маңызды рөл атқарады. Дегерес тұқымы қойларының 48-сапалы биязылау жүнді типтерінің өсіру ортасының жағдайына бейімделгіштік қасиеті басқа типтермен салыстырғанды жоғары. Қойдың өнімдік сапасы мен гематологиялық көрсеткіштер арасындағы байланыс, малдың орта жағдайына бейімделгіштік қабылетін анықтайтын болжам болып табылады.

Түйін сөздер: 48,50,56,58 – ші сапалы биязылау жүнді дегерес қойлары, , , γ- глобулиндер.

Т.Н. Несипбаев, М.М. Жылкышыбаева Изучение связь биохимических показателей крови

с продуктивностью овец дегересской породы,

разводимых в условиях предгорной зоны Алматинской области.

В сравнительном аспекте исследованы сезонные колебания биохимического состава сыворотки крови у внутрипородных типов дегересских овец полутонкой шерстью в условиях предгорной зоны. Полученные данные послужили основой для сравнительной оценки адаптивных возможностей курдючных овец разных генотипов. Биохимический состав крови отличается заметной стабильностью у животных с полутонкой шерстью 48, 50 качества, что свидетельствует об их лучшей приспособленности к условиям зоны разведения.

Ключевые слова: 48,50,56,58 – качества, дегересских овец полутонкой шерстью, , , γ- глобулины.

T.N. Nesipbaev, M.M. Zhylkyshybaeva

The study of biochemical blood relationship with the productivity of sheep degeresskoy breed bred in conditions of foothill zone of Almaty region

The experimental data significantly enrich scientific information on mechanisms of sheep adaptation to the breeding zones, and enable to discover more deeply the role of the blood system to provide adaptive responses of the organism to environmental conditions. The resulting experimental data can be used to assess the physiological adaptive capacity of sheep. In degeres sheep with semi-coarse wool and pale gray fleece and with semi-thin wool of 48 and 50 -quality the biochemical blood composition is notable for evident stability, reflecting their better adaptability to the conditions of the breeding zone as compared with the other populations of this breed.

Keywords: 48,50,56,58 – quality degeresskih sheep wool semifine, , , γ -globulins.

Мал тұқымының генотипі мен өскен орта- сының жағдайларына байланысты қалыпта- сатын биологиялық ерекшеліктер болады.

Сондықтан шаруашылық жағдайында малдың биологиялық әлеуетін тиімді пайдалану үшін, организмнің генетикалық қасиеттері мен өскен ортаның паратиптік факторларының арасында

қайшылық болмауы керек [1]. Осыдан малды әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарға ғылыми негізде дұрыс аудандастыру қажеттігі туындайды. Малдың өнімділігін арттыру үшін сыртқы ортаның қолайлы болуының қажеттігі белгілі. Қай тұқымнан шыққан мал болса да, азықтандыру, бағып күту жағдайы үйлеспесе,

(2)

225 Т.Н. Несіпбаев, М.М. Жылқышыбаева

сол сияқты қолайсыз ортаға тап болса, ол өзінің генетикалық әлеуетін танытып, жоғары өнім- ділік көрсете алмайды. Малдың әр түрлі тұқымдарының биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың сыртқы ортаның алуан түрлі факторларына бейімделгіштік қабілетін ескергенде ғана биологиялық әлеуеттері сарқа пайдаланылады[2-6].

Баяндалған жайттармен және әлемеде ашық түсті биязылау жүндерге сұраныстың артуымен байланысты республика қой шаруашылығында еті бағалы азық-түлік, ал жүні кілем-тоқыма өндірісі үшін құнды шикізат көзі болып табылатын биязылау жүнді қой тұқымдарын көбейтуге бағытталған селекциялық жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда [7].

Организмде үздіксіз жүріп жатқан алуан түрлі процестердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуде қан жүйесі маңызы рөл атқарады. Сондықтан көптеген ғалымдар бұл жүйені организмнің айнасы ретінде қабылдап, түрлі мақсатпен зерттеген [8-12].

Организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз етіп, мал өнімділігін қалыптастыруда плазма белоктары маңызды рөл атқарады. Плазмадағы белоктар ұлпа белоктарын құрайтын қор бо- лып, креаторлық байланысты қамтамасыз етеді [13-17]. Олар өзінің буферлік қасиетінің арқа- сында қанның сілтілік-қышқылдық (рН) тең- дестігін реттеуге қатысып, липопротеидтер құ- рамына кіреді де, липидтер мен липоидтарды тасымалдауға қатысады. Олардың қанның қор- ғаныстық қызметін қамтамасыз етуде, телімді және жалпы иммунитетті қалыптастыруда ма- ңызы зор (Мыс., γ- глобулиндер). Ал альбу- миндер беткейіне токсиндерді тұтып, оларды бейтараптауда зор рөл атқарады [18-20].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу Алматы облысы тау бөктері айма- ғында орналасқан «Мәди» атты асыл тұқымды жеке шаруашылықта биязылау жүнді дегерес қойларына жүргізілді. Тәжірибедегі қойларды жүн сапасына қарай бөліп (48, 50, 52, 56-шы), топтастырдық. Әр топта тірі массасы мен жүн сапасына қарай іріктелген 5 бастан мал болды.

Тәжірибе жылдың төрт мезгілінде жүргізіл- ді. Малдан қанды жайылымға шығар алдында, ашқарын жағдайында, ойық венадан алдық.

Қан сарысуынан жалпы белок мөлшері биурет реакциясы арқылы «Витал СПб» реактивінің көмегімен, оның фракциялары: альбуминдер мен глобулиндер, нефелометриялық әдіспен

«Вельд» реактиві арқылы зерттелді.

Тәжірибеде жинақталған материалдар Н.А.Плохинский мен Е.А.Меркурьевалардың вариациялық статистика тәсілі негізінде

«Biomet» компьютерлік бағдарламасы арқылы биометриялық өңдеуден өткізілді, сенімділік көрсеткіші р < 0,01.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау 1-ші суретте келтірілген мәліметтерге қара- ғанда биязылау жүнді дегерес қойының бұл типінің қанындағы белоктар деңгейіде жыл маусымына байланысты айтарлықтай өзгеріс- тер байқалды. Атап айтқанда, альбуминдер мөлшерінің деңгейі көктем айларында біршама төмендеп, жазғы және күзгі жайылым жағдай- ларында біраз жоғарылады. – глобулиндер көрсеткішіне келетін болсақ, көктемгі жайы- лым жағдайында ол біраз жоғарылап (17,0 0,7%), жаз және күз маусымдарында сәл төмендегенімен, бірқалыпты деңгейде (15,8 3,3 – 15,8 1,3 %) сақталды.

(3)

226 Тау бөктері аймағында өсірілетін дегерес тұқымды қойлардың өнімділігіне қарай ...

– глобулиндердің ең төменгі деңгейі

(14,71 0,0%) қысқы жайылым жағдайында

байқалды. – глобулиндер деңгейі жыл маусымдарына байланысты ауытқымалы сипатта болды. Көктемгі жайылым жағдайында қысқы деңгеймен салыстырғанда бұл белок фракциясының мөлшері біршама кемігенмен, жазғы жайылым жағдайында ол қайта жоғарылап,

күзде тағы төмендеді. Сондай-ақ – глобулиндер динамикасында да толқынды сипат байқалды:

қысқы маусымдағы деңгеймен салыстырғанда ол көктемде айтарлықтай жоғарылап, жаз айларында күрт төмендеді де, күзде қайта жоғарылады. Демек, жоғарыда баяндалған жайттар қан құрамындағы белоктар деңгейінің жылдың маусымдық өзгерістеріне сезімталдығын аңғартады.

Сурет 2 – 50 – ші сапалы биязылау жүнді дегерес қойлары қанының белоктық құрамы. Абсцисс өсінде – жыл маусымдары. Ординат өсінде – альбуминдер мен

глобулиндер деңгейі Суретте бейнеленген деректерге қарағанда,

жыл маусымымен байланысты белок құра- маларының көрсеткіштерінде біршама ауыт- қулар байқалады. Атап айтқанда альбуминдер көрсеткіші көктемде қысқы деңгеймен салыс- тырғанда біршама жоғарылады да, жаз айла- рында аз ғана төмендеп, күзде қайта жоға- рылады.

Қыс және көктем маусымдарында – гло- булиндер көрсеткіші бірдей деңгейде (14,0 0,5 – 14,9 0,1 %) сақталды да, жазғы жайылым жағдайында күрт төмендеп ( 11,4 0,6 %), күзге қарай қайта көтерілді (15,81 0,9%). – глобу- линдер деңгейі қысқы және көктемгі жайылым жағдайларында бір қалыпта сақталып, жаз айларында күрт жоғарылады да, күзгі жайылым жағдайына қарай біршама төмендеді. – глобу- линдер көрсеткішіне де ауытқымалы сипат тән болды: қысқы деңгеймен салыстырғанда көк- темде ол жоғарылады, одан әрі жазда айтар- лықтай төмендеп, күзде қайта жоғарылады.

Сонымен, зерттелген қойдың бұл типінің қанындағы жалпы белок құрамаларының маусымдық динамикасына ауытқымалы сипат тән болатынын байқаймыз.

3-суретте келтірілген деректерге қарағанда қойдың бұл типінің қанында да альбуминдер деңгейі жыл маусымына байланысты айтар- лықтай ауытқып отырды: ол көктемде қысқы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға төмендеп, жазда күрт жоғарылады да, күз айларында қайтадан біршама төмендегенімен, қысқы деңгейден 11 пайызға жуық көтеріңкі болды. – глобулиндер деңгейінің динами- касына да толқынды сипат тән: қысқы жайы- лым көрсеткішімен салыстырғанда көктемде ол 7,2 пайызға көтеріліп, жазғы жайылым жағдайында осы деңгейден 26,4 пайызға төмендеді де, осы шамаға күзгі жайылым жағ- дайына қарай қайта көтерілді. – глобу- линдердің жоғарғы деңгейі көктемгі жайылым жағдайында байқалды да, күзгі жайылым жағ- дайында бұл көрсеткіш төмендеді. – глобу- линдердің көктемгі жайылым жағдайындағы көрсеткіштеріне қарағанда қыс маусымындағы көрсеткіші 16 пайызға төмен болды. – глобулиндер көрсеткіші де жыл маусымына қарай ауытқып отырды. Қыс маусымынан көктемге қарай ол жоғарылап, жазға қарай төмендеді де, күзде аздап қайта көтерілді.

(4)

227 Т.Н. Несіпбаев, М.М. Жылқышыбаева

Сурет 3 – 56 – шы сапалы биязылау жүнді дегерес қойлары қанының белоктық құрамы . Абсцисс өсінде – жыл маусымдары. Ординат өсінде – альбуминдер мен глобулиндер деңгейі

Кестеде келтірілген деректерге қарағанда дегерес қойының бұл типінің организміндегі белок қоры жыл маусымының қолайлығына сәйкес өзгеріп отырады, оған қандағы альбумин мөлшерінің жаз, күз айларында жоғары деңгейге жетуі дәлел.

Зерттелген қой типінің қанында альбумин- дер мөлшері жыл маусымымен байланысты ауытқып отырды: қысқы деңгеймен салыс- тырғанда ол көктемде біраз төмендеп, жаз ай-

ларында күрт көтерілді де, күзде қайта төмен- деді. – глобулиндер қыс және көктем ай- ларында бірдей деңгейде сақталып, жазда күрт төмендеді де, күзге қарай осы деңгеймен салыс- тырғанда 75 пайызға жоғарылады. – глобу- линдер мен – глобулиндердің маусымдық динамикасы ұқсас болды: көктемгі жайылым жағдайында олардың деңгейі жоғарылап, жазда төмендеді де, күз айларында шамамен сол деңгейде қалды.

Сурет 4 – 58 – ші сапалы биязылау жүнді дегерес қойлары қанының белоктық құрамы. Абсцисс өсінде – жыл маусымдары. Ординат өсінде – альбуминдер мен

глобулиндер деңгейі Баяндалған жайттарды қорытындылай келе

қанының белоктық құрамы зерттелген бұл қой типі организмінде белоктық қор деңгейі жыл маусымына байланысты айтарлықтай ауытқып отыратынына көз жеткізуге болады.

Біздің зертеулерімізде 48-сапалы биязылау

да олардың орта жағдайына бейімделгіштік қасиеті басқа типтермен салыстырғанды жоғары болады. Сондай-ақ 50-сапалы биязылау жүнді қой типтері қанының биохимиялық құра- мындағы альбуминдер мен – глобулиндердің физиологияда қабылданған қалыпты көрсет-

(5)

228 Тау бөктері аймағында өсірілетін дегерес тұқымды қойлардың өнімділігіне қарай ...

бейімделгіштік қабілетін бағалаудың жанама көрсеткіш ретінде қабылдауға болады. Мұндай ұстанымның практикалық маңызы өте зор.

Сонымен, дегерес қойының салыстырмалы түрде зерттелген типері қанының белоктық

құрамының көрсеткіштері негізінде 48-ші және 50-ші сапалы биязылау жүнді қойларына жоғары резистенттік тән және олар өсіру өңірінің экологиялық жағдайларына жақсырақ бейімделген деген қорытынды жасауға болады.

Әдебиеттер

1 Несіпбаев Т. Физиологические параметры гематологических показателей некоторых курдючных овец, разводимых на юго-востоке Казахстана. (Рекомендация). Алматы, 2008. – 29 б.

2 Антонец А.Г., Иванов М.Ф. Некоторые результаты австрализации // Стратегия и основные направления развития овцеводство и козоводство в России.-2002.- С. 49-55.

3 Сабденов Қ.С., Жұмашев Ж.Ж., Құлатаев Б.Т., Каташева А.Ч. Қазақтың архармеринос қой тұқымы жүн өнімділігін арттыруда қанның биохимиялық көрсеткіштерін пайдалану: ұсыныстар.- Алматы, 2007.

4 Морозова В.Т. Клиническое значение гематологических исследовании // Клиническая лабораторная диагностика.- 1993.- №1.- С. 20-25.

5 Муравев А.В. Муравьев А.А. Оптимальный гематокрит в норме и патологии // Мат. Междунар. конф. «Гемореология в микро- макроциркуляции». – Ярославль, 2005.- С.17.

6 Кольбай И.С., Курманбаев Р.Х. Изменение состава крови у овец в различных регионах Приаральия в зависимости от сезона // IV съезд физиологов Казахстана: тез. докл.- Астана, 1999. – С. 194-196.

7 Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Малдың ішкі құрылымы және оны зерттеу әдістері // Мал өсіру және селекция.- Алматы: ЖШС «Бастау», 2006. -153 б.

8 Маковский В.П. Неспецифические факторы иммунитета в разное время года у овец // Студент и научно-технический прогресс: матер.XXXVII международной научной студенческой конференции. – Новосибирск, 1999. – С. 58.

9 Курманбаев Р.Х. Протеолитическая активность тканей и состав крови у овец в Приаралье и их коррекция с помощью цеолита: автореф. ... канд. биол. наук: 03.00.13. – Алматы: Ин-т ФЧЖ МОН РК, 2001. – 29 с.

10 Жильцов Ю.Д. Кислотно-основное состояние крови здоровых людей с различными группами крови в разные сезоны года // Лабор. дело. – 1990. – № 11. – С. 36-38.

11 Corrada Y., Castex G., Gobello C., Sosa Y. Secretory patterns of prolacnin in dogs. Circannual and ultradian rhythms //

Reprod. Domest. Anim. – 2003. – №3. – Р. 219-223.

12 Петрова П.Г. Экология, адаптация и здоровье: Особенности среды обитания и структуры населения Республики Саха / под ред. Н.А. Агаджаняна. – Якутск: НИПК «Сахаполиграфиздат», 1996.- 272 с.

13 Павлова А.И. Проблемы адаптации крупного рогатого скота в Якутии: дис… докт. вет. наук.- Якутск, 1997.- 246 с.

14 Чугунов А.В. Адаптация крупного рогатого скота в условиях крайнего Севера.- Якутск: ЯЦНТИ, 1993.- 21 с.

15 Шуваев В.Т., Микитюк В.В. Генетико-экологическая адаптация корриделей на Украине // Овцы, козы, шерстное дело.- 2002. – №4.-С. 7-11.

16 Меерсон Ф.З. Адаптационная медицина: концепция долговременной адаптации. – М.: «Дело», 1993.- С. 19-20.

17 Ульянов А.Н., Куликова А.Я. К адаптации зарубежных мясошорстных пород овец и перспективы их использования // Овцы, козы, шестное дело.- 2002. – №5. -С.36-39.

18 Свечин К. Б. Индивидуальное развитие селскохозяйственных животных. – Киев, 1986. -116 с.

19 Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Тұқымдарды жерсіндіру // Мал өсіру және селекция. – Алматы:

ЖШС «Бастау», 2006. – 49 б.

20 Чугунов А.В. Адаптация крупного рогатого скота в условиях крайнего севера.- Якутск : ЯЦНТИ, 1993. – С. 23-24

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

На фоне препарата манжетки содержание мочевины в крови животных третьей группы увеличилось на 6,6 % (р &lt; 0,05) по сравнению со второй группой, в пятой группе

Қазіргі технологиялар іргелі ғылыммен тікелей байланысты; ол тек қана өндірістің материалдық негізімен ғана емес, сонымен қатар қоғамның білімділік

Полученные результаты показали, что у детей, проживающих в городе Темиртау, в верхних дыхательных путях наблюдаются катаральные и атрофические

Полученные результаты показали, что у детей, проживающих в городе Темиртау, в верхних дыхательных путях наблюдаются катаральные и атрофические

Таким образом, полученные данные говорят о том, что на показатели естественной резистентно- сти и биохимический состав крови

даған жоқ, және өнеркәсіптік механизмдерді қолдану мүмкіндігі туралы ешкім ойламады. Сарапшылардың көпшілігі төмен энергиясы бар технология ешкі өсіруде

Қадам қысқартылған да болуы мүмкін, онда ол полюстік бӛліктен қысқа болады (y&lt; τ), ол 3.2 суретте кӛрсетілген. Айнымалы ток машиналарында индукцияның

Целью нашей работы служила изучение селекционного состояния в популяциях каракульских овец казахского внутри породного сура каракульской породы