КƏСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ МЕХАНИЗМІ ЖƏНЕ ЗАҢДЫ ТƏСІЛДЕРІ
Жағалов Р.Б , з.ғ.м., азаматтық жəне еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы., Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Ильясова М.Т., азаматтық жəне еңбек құқығы кафедрасының доценті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Құқық қорғау механизмі ретінде қорғау тəсілдерін іске асыру деп түсінеді, яғни құқықты бұзуға дейінгі жағдайды қалпына келтіру мен құқықты тануды аяқтайтын құқық нормаларды қолдану үрдісі немесе құқықты бұзу жəне оны бұзуға қауып төндіретін қатыстарды əрекетті алдын алу.
Объективті өмір сүретін азаматтың құқықты қорғау түрлері жəне жүзеге асыру мүмкіндіктері қорғаныстың келесі механизмдеріне əкеліп соқтырады. өзін-өзі қорғау; келіспеушіліктерді соттан тыс тəртіпте реттеу; арыздар мен өтініштерді бағынушылық тəртіпте атқарушы билік органдары арқылы шешу; қорғанысты прокурорлық бақылау арқылы жүзеге асыру; конституциялық қорғаныс;
азаматтық кодекс заңнамада қарастырылатын экономикалық дауларды жалпы юрисдикциялық соттарда жəне төрелік соттарда қарастыру; Азаматтық – құқықтық табысы бар экономикалық дауларды аралық соттарда қарастыру. Заңмен қарастырылған Азаматтық кодекс. Мысалға оларды қарайтындар, мемлекеттік-мəжбүрлеу шараларын қабылдауды талап етіп, құзырлы мемлекеттік органдарға (прокуратура жəне т.б ) шағымдану құқығы.
Кəсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау механизімі əртүрлі қорғау тəсілдері мен өзге де талаптарды болжайды.
Біздің көз қарасымыз бойынша құқық қорғау механизімі бұл қорғау тəсілдерін жүзеге асырылуы деп ойлаймыз.
Кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау механизімдерінің келесідей түрлері бар:
1. Əрбір кəсіпкерлік субъектісінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға құқығы бар.
Кəсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тəртіппен (төрелік, медиация, Қазақстан кəсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уəкіл, омбудсмен, келіссөздер, наразылық тəртіп жəне өзгелер) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лауазымды адамдардың əрекеттерiне
(əрекетсіздігіне) жəне мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Заңдарда арнайы көзделген жағдайларда, кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау құқығы бұзылған кəсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық əрекеттерiмен (өзiн-өзi қорғау) жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазіргі заңнамаға сүйенетін болсақ қорғаудың біз екі нысанын көрсетеміз:
Бірінші яғни қорғаудың соттағы нысаны. Кəсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгiленген тəртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
Тараптары кəсіпкерлік субъектілері болып табылатын дауларды сотқа дейін реттеу
1. Құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кəсіпкерлік субъектілері осы құқықтарды бұзушымен дауды тікелей реттеу мақсатында оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртiппен жазбаша кінəрат қоюын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дауды реттеудің сотқа дейінгі тəртібін сақтау міндетті емес болғанда, кəсіпкерлік субъектісі өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
3. Даулар сотқа дейінгі тəртіппен реттелмеген жағдайда, кəсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгiленген тəртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
Екінші қорғаудың соттан тыс нысандарына тоқталып өткен жөн:
1. Кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында жəне (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:
1) төрелікте;
2) медиация қолдану арқылы;
3) партисипативтік рəсім тəртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін.
3. Кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кəсіпкерлік субъектілері осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан кəсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уəкілге, омбудсменге жүгінуге құқылы [1].
Ережеге сай қызмет ететін заңнама кəсіпкерге өзінің құқығын қорғау үшін жағдайға байланысты қорғаныс түрлерін жəне орындалу тəртібін таңдауға кедергі келтіре алмайды.
Біздің ойымызша кəсіпкерлердің құқығын қорғау түсінігінде белгілі бір форма жүзеге асатын, анықталған шаралармен, заңнамада анықталған шекаралармен жүзеге асатын, бұзушыларға заңды жауапкершілік шараларын қолданатын, сонымен қатар осы шараларды тəжірибе жүзінде іске асыратын механизмдер жəне бұрынғы немесе даулы құқықтар мен мүдделерін мойындау немесе қайта қарау бойынша бекітілген шаралардың нормативтік жиынтығын қарастырып өткен жөн.
Кəсіпкерлердің заңды мүдделерімен құқықтарын қорғау - заңмен қарастырылған құқықтардың бұзылмауына, олардың орындалуына, бұзылған жағдайда қайта қалпына келтіруге жəне бұзу салдарын жоюға бағытталған жүйе. ҚР АК 9 бабы құқықтарды қорғап, оларға жағдай жасап жəне қорғау тəртібін орналастыратын төрелік сотта болатынын бекітеді [2].
Азаматтық құқығының ұстанымдарының негізі боп Азаматтық Кодекстің 2 бабында бекітілген жеке шаруаларға басқа адамдардың кіріспеуі жайлы мағлұматпен кəсіпкер танысуы тиіс. Бұл ұстанымдық ұғымның бірі - үкімет пен басшы органдарға кəсіпкерлердің өз дүние - мүліктерін жұмсауларында ықпал етпей, өз кірістерін бөлісіп, табыстарын пайдалануда шектеу қойылмаулары қарастырылады. Сондай-ақ талаптар тікелей заңмен бекітілмеген жағдайда қандай да бір ақпарат, келісім талап ете алмайды.
Біздің пайымдауымызға байланысты алдымен яғни біріншіден, кəсіпкерліктің мазмұнын түсініп алған жөн. ҚР кəсіпкерлік кодекстің 2 бабында келесі анықтаманы береді:
Кəсiпкерлiк - Азаматтардың, оралмандардың жəне заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кəсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кəсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кəсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашылық қызметі кəсіпкерлік болып табылады. Кəсіпкерлік қызмет кəсіпкер атынан, оның тəуекел етуімен жəне мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады [1].
Кəсіпкерлік қызметтің анықтамасынан, шаруашылық қызметтің белгілері былайша сипатталады яғни:
а) нарықтағы өнімнің, қызметтер мен жұмыстардың еркін сатылымы арқылы табыс табу;
б) кəсіпкердің өз еркімен ғана жүзеге асады. Басқарушы органдардың бұйрығымен орындалған қызмет түрі кəсіпкерлікке жатпайды;
в) кəсіпкердің толық дүние - мүлкінің негізінде жүзеге асады. Кəсіпкер өз дүние-мүлкінің меншігі болып табылады, жəне толық шығындардың тəуекелі өз мойнында болады;
г) кəсіпкер азаматтық айналымда өз атынан жұмыс істейді.
Екіншіден, кəсіпкерлердің атқаратын құқық қызметтерінің бірден бір маңыздылығы олардың (кəсіпкерлердің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Мысал келтіретін болсақ, азаматтық заңнаманың бастамаларына мыналар кіреді:
- азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
- нұқсан келтірілген құқықтарды қалпына келтіру;
- бұзылған немесе нұқсан келтірілген құқықтарды сот жолымен қорғау.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын əрекеттердің жолын кесу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу; дау айтылатын мəмiленi жарамсыз деп тану жəне оның жарамсыздығы салдарын қолдану, маңызсыз мəміленің жарамсыздығы салдарын қолдану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келмейтiн актісін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергi келтіргені үшiн мемлекеттiк басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiрiп алу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тəсілдермен жүзеге асырады.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада құқықтары бұзылған тұлғалардың тікелей деректермен немесе заңды тұрғыдан азаматтық құқықтарын қорғаудың мүмкіндігі бар деп айта кеткен жөн.
Азаматтық қорғаудың бұл тəсілдерін кəсіптік қызметтердің субъекттері толық көлемде жүзеге асыра алады. Сонымен қатар ҚР Азаматтық Кодексінің 10 бабына жəне 3 бабына сəйкес кəсіпкерлердің құқығы заңнамаға қайшы келмейтін қызмет атқаратындар заңмен қорғалады деп бекітілген, қорғаушылар: 1) Кəсіпкерлік қызметті лицензия талап етпейтін қызмет түрінен басқа жерде біреудің рұқсатынсыз жүргізу мүмкіндігінің болуы. ҚР Азаматтық Кодексінің 10 б. Қазақстан Республикасының əрбір азаматының арнайы (лицензия) рұқсат талап ететін қызметтерден басқа кəсіпкерлік қызмет істеуге шектеулер қойылмайды. Кəсіпкерлік лицензиялау қызметінің басты мəселесі өздіктерінен немесе тиесілі емес мемлекеттің жəне азаматтың мүддесін бұзушылықта шек қою керектігі. Кəсіпкерлік лицензиялаудың негізінде 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V қабылданған Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» заңнаманың негізі кіреді. Лицензияны беру талабында қандай да бір бұзушылық байқалса, ондай жағдайда ол күшін жойған болып есептеледі. Барлық алдын - ала тоқтату негіздері, қайтарып алулар, лицензияны тоқтату əрекеттері немесе күшінің жойылғанын мойындау, заңнамамен бекітіліп жемқорлықты болдырмас үшін қатал қадағалану керек туралы жазылған.
2) Экономика саласында кəсіпкерлікті тіркеудің бір ғана тіркеу органында тіркеу тəртібімен жеңілдеуі керектігі. Қазақстан Республикасының 1995 ж. 17 сəуірінен шыққан «Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі жəне филиалдар мен өкілдердің тіркеу есебі» Заңында заңды тұлғаның жалпы тіркеу реті бекітілген, ол сондай-ақ кəсіпкерлік қызметпен айналысатындарға да қатысты болмақ.
Тіркеу барысынды кəсіпкерлік қызметтің заңдылығы тексеріледі. Кейбір жағдайда жөнсіз сілтемелерге басып (тауар мен қызметтерге сұраныс жоқ, үлкен таласушылық жəне т.б.) тіркеуді тоқтатуға тыйым салынады. Арыз беруші кəсіпкер бір ғана тіркеу органына өтініш білдіруі тиіс.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу заң талаптарына сай орындалса, онда тіркеу органы тіркеуден бас тартып немесе қосымша рұқсат қағаздарын сұрауға құқылы емес. Берілген заңның 6 бабы заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу қағидаларын қарайды.[3]
Заңды тұлға тіркеуге тұру үшін тіркеу органына Қазақстан Республикасының Əділет Министрлігі бекіткен өтініш пен құрылтай құжаты, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде 3 данада тапсырылады. Өтініш, құрылтайшы құжатымен бірге құрылтайшымен немесе оның уəкілетті адамымен Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тəртіп бойынша өткізіледі.
Сондай-ақ тіркеу органына заңды тұлғаның тұратын жерін растайтын құжат, заңды тұлғаны тіркеуге мемлекеттік қорға алымның төленуі туралы түбіртек беріледі. Шағын кəсіпорынның субъектілері олардың тұратын жерін растайтын құжат тапсырмайды. Заңда жəне басқа да заңнамалық актілерде көрсетілмеген құжаттар мен ақпараттар талап етуге тыйым салынады деп көрмсетілген.
Тіркеудің мəні оның жариялық жағдайын туындатады, себебі тіркеу органдары арқылы заңды тұлғаларды сипаттайтын мемлекеттік жəне коммерциялық құпия емес ақпаратпен, материалдармен кез келген адам танысуына болады. Коммерциялық құпияны заң жүзінде сақтау кəсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың басты шарасы болмақ (ҚР АК 42 б.). Коммерциялық (кəсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады. Мəліметтердің коммерциялық құпия құрайтын тағайындау тəртібі, қорғау амалдары, сондай-ақ коммерциялық құпияның құрамына кірмейтін мəліметтер тізімі заңнамамен бекітіледі. Өздерінің жұмыс бабымен тексеру қызметін, тергеу немесе сот шараларын орындайтын тұлғалар коммерциялық құпияны жария етпеуге міндетті болып табылады.
3) Мемлекеттік органдарының заңнамалық актілерімен кəсіпкерлік қызметті тексеруге шектеулер қойылады.
4) Заңнамалық актілерде көрсетілген заңды негізде ала отырып кəсіпкерлердің қызметін мəжбүрлеу түрде тоқтату тек соттын шешімімен жүзеге асырылады.
Кəсіпкерлік қызмет кез - келген негізде тоқтатыла алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 49 бабы заңды тұлғаның сот шешімімен тарату жағдайларын қарастырады:
Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған; 2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған; 3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) жəне лауазымды адамдар болмаған;
4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған, қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған; 5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін. 6) жеке кəсіпкерге заңнамалық актілермен жасалған жұмыстардың тізімі,
Ре по зи то ри й Ка рГ У
тауарлардың түрлері мен қызметтерінің жеке кəсіпкерге немесе экспорт пен импорт үшін тыйым салынып не шектелген жұмыстарын бекіту. 7) заңнамада бекітілгендей мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа да тұлғалар мен мекемелерді кəсіпкерлердің қызметтеріне заңсыз кедергі келтіргендері үшін мүліктік жауапкершілікке тарту көзделген. Осыған тоқталып өтетін болсақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 922 бабы мемлекеттік органдардың, жергілікті басшылықтардың, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың жасаған зияндарының жауапкершілігін қарастырады. Мемлекеттік органдардың заңнамаға сəйкес емес шығарылған актілерінің кесірінен, олар сот шешімінің негізі бойынша, органдар мен лауазымды тұлғалардың кінəсінің болу не балмауына қарамастан зияндарының шығынын өтеулері керек. Зиян мемлекеттік қазынадан өтеледі. Заңсыз əрекеттерімен (əрекетсіздіктерімен) тигізген зияндары осы органдардың құзырындағы қаражатпен өтеледі. Əкімшілік басқару саласындағы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз əрекеттерімен (əрекетсіздіктерімен) келтірілген зияндары осы органдардың иелігіндегі қаражат есебінен өтеледі. 8) орындаушы, бақылаушы жəне қадағалаушы органдарына кəсіпкерліктің субъектілерімен келісім қатынастарына, осы органдардың атқару қызметіне жататын міндеттердің орындалуына тыйым салынады деп тоқталып өткен [2].
Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы жеке кəсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тəртібін бұзған жағдайда (тексеруді негізсіз тағайындау, акті шығармай жəне оны құқықтық статистика органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндірісті тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негізсіз сұрау салуларды талап ету жəне өзге де жағдайларда) өтеулі талап етілетін шығындардың көлеміне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшін жеке кəсіпкерлік субъекті қызметкерлеріне төленген сыйақы соммалары, өндірістің мəжбүрлі тоқтаған уақытына жалақы, өндірісті тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу кезінде жеке кəсіпкерлік субъектісінің алуы ықтимал жіберіп алған пайда енгізілуі мүмкін [4, 92].
Кəсіпкерліктің субъектілерімен келісім қатынастарына түсу жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі талаптарына қарама - қайшы, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 5 бабының 9 бөлімінде табыстау өкілеттілігінің осы қызметті атқаратын жеке жəне заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеуге жəне бақылауға тыйым салады [5].
Қорынтылай келетін болсақ кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында тəжірибеде өтке көп кездесетін алуан қырлы мəселелер тоқталып өткенді жөн көрдік, яғни жер тілімдерін алу бойынша, салық заңнамасы бойынша, құқық қорғау немесе өкілетті органдар тарапынан заңсыз тексерулер бойынша, тексерулер барысында құқық бұзушылықтардын орын алу салдары бойынша, мемлекеттік кіріс департаменттер тарапттарынан жəне екі жақтың міндеттерін орындамау себептері өте көп, соның ішінде:
1) кəсіпкерлік қызметтегі субъекттерінің көздеуі, күші бар заңнаманың аясында жəне келісім шартта жазылған міндеттердің орындалуына мықты кепіл қарастырылатындықтан, олар барынша тиімді пайда көруге тырысады;
2) шарттарды жасау жəне орындау барысында басшылармен басқа да мекеме жұмыскерлерінің заңды өз пайдаларында айналып өтіп, дұрыс емес мағлұмат беріп, өздеріне тиімді жағдайлар жасап, өздерін жауапкершіліктен шектеулері (əсіресе бұл бəсекесі жоқ ортада айқын анықталады);
3) даулардың көбісі заң білмеушілік себептерінен пайда болады, сондай-ақ көбінесе басшылар заңгер мамандарының ақыл – кеңестеріне жүгінбеу себептерден осындай құқық бұзушылықтар орын алып отырады.
Əдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексі. 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ) (өзгертулер мен толықтырулар 03.07.2017) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z060000124_
2 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар 01.07.2017) /
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K990000409_
3 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2007 жылғы 12 сəуірдегі N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2007 жылғы 24
Ре по зи то ри й Ка рГ У
сəуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.
(өзгертулер мен толықтырулар 27.04.2017) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V070004625_
4. Киздарбекова А. С., Асетова Г. Б. Кəсіпкерлік құқық: оқулық. - Алматы: Дəуір, 2011. - 272 б.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ (03.07.2017. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) //
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51009795
СУЩНОСТЬ АКЦИОНЕРНОГО ОБЩЕСТВА И ЕГО МЕСТО В СИСТЕМЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Толеубай А., докторант юридического факультета КарГУ им. академика Е.А.Букетова На рынке, как и в жизни вообще, люди вступают между собой в различного рода отношения.
Они вступают в эти отношения непосредственно, т.е. как обособленные физические лица, и опосредованно, через различного рода группы, объединения физических лиц. В последнем случае такая группа или объединение действуют как единое целое, имеющее какие-то общие интересы, задачи, цели. В свою очередь эти группы опять же могут объединяться в новые группы и т. д.
Объединения людей могут носить формализованный и неформализованный характер. В первом случае такие объединения получают статус юридического лица или иной разрешенный в силу законности статус, например, статус филиала, представительства юридического лица. Во втором случае они существуют без какого-либо юридического оформления [1, 13].
В соответствии со ст. 33 ГК РК «юридическим лицом» признается организация, которая имеет на праве собственности, хозяйственного ведения или оперативного управления обособленное имущество и отвечает этим имуществом по своим обязательствам, может от своего имени приобретать и осуществлять имущественные и личные неимущественные права и обязанности, быть истцом и ответчиком в суде [2].
Юридическим лицом может быть организация, преследующая извлечение дохода в качестве основной цели своей деятельности (коммерческая организация) либо не имеющая извлечение дохода в качестве такой цели и не распределяющая полученный чистый доход между участниками
(некоммерческая организация). Коммерческая организация может быть создана в форме
государственного предприятия, хозяйственного товарищества, акционерного общества, производственного кооператива. А некоммерческая организация в форме учреждения, общественного объединения, акционерного общества, потребительского кооператива, фонда, религиозного объединения и в иной форме, предусмотренной законодательными актами. Каждое юридическое лицо действует на основе ГК РК, закона о каждой из форм юридических лиц, иных законодательных актов и учредительных документов[2].
Существуют различные критерии классификации юридических лиц:
- по форме собственности;
- по цели деятельности;
- по составу учредителей;
- по характеру прав участников;
- по порядку образования [3,45].
В зависимости от формы собственности, лежащей в основе юридического лица, выделяются государственные и частные (негосударственные) юридические лица. В данной классификации можно усмотреть прямую аналогию с принятым за рубежом делением организаций на юридические лица публичного и частного права.
Коммерческие и некоммерческие организации разделяются по тому, каковы основные цели их деятельности: извлечение прибыли, а также ее распределение между участниками, либо иные цели, не связанные с предпринимательством. По общему правилу, некоммерческие организации вправе осуществлять предпринимательскую деятельность лишь постольку, поскольку это необходимо для достижения их уставных целей. При этом они не вправе распределять полученную прибыль между своими участниками. В зависимости от состава учредителей выделяются: юридические лица, учредителями которых могут выступать только юридические лица, только государство, или же любые, за отдельными исключениями, субъекты права (все остальные юридические лица) [4,38].
Различный характер прав участников в отношении юридического лица позволяет классифицировать их следующим образом: