• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Сайты распространяющие информацию об исламских ценностях в Kазахстане»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Сайты распространяющие информацию об исламских ценностях в Kазахстане»"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

ҒТАМР 21.41.63 https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r4

а. Жамашев1 , с. Билекен1*

1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

*e-mail: [email protected]

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАЙТЫН САЙТТАР

Бұл мақалада исламтану және дінтану саласына қатысты Қазақстан аумағындағы ислам діні бойынша ақпарат тарататын веб-сайттар қарастырылады. Қазіргі уақытта әлем бойынша адамдардың көпшілігі ақпаратты интернет көзінен алады. Қазақстанның қазіргі кездегі діни сауаттылық жағдайына жасалған талдау діни мәліметтерді таратуда сайттардың күші өте жоғары екендігіне тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұста ел қауіпсіздігі үшін діни ақпараттарды діни сайттар арқылы сенімсіз қайнаркөздерден алуға болмайды деген пікір білдіруге болады.

Сонымен қатар, бүгінгі күнгі интернет аймағында діни сайттар арқылы экстремизмнің насихатталуы күн арта өзекті мәселелер қатарына айнала бастағандығы сөз болады. Зерттеу кезінде келесі нәтижеге қол жеткізілді: қазіргі таңда жастардың көпшілігі ақпарат алу үшін бірден сайттардың көмегіне жүгінеді. Діни сауалдарға жауап табу үшін мешіт имамдарына немесе діни басқарманың сараптауынан өткен кітаптарға бет бұрудың орнына интернет бетінен оңай әрі тез жауаптарын алып жүр. Ал еліміздегі діни сайттардың барлығы діни сараптаманың оң қорытындысын алмаған. Бұл – өз кезегінде тексерілмеген діни мәліметтерді алу жастар үшін өте қауіпті жағдай және қауіптілігін қазіргі уақытта көрсетіп келе жатқандығының анық көрінісі.

Түйін сөздер: діни ақпарат, ислам, веб-сайт, интернет, ақпарат.

A. Zhamashev, S. Bileken*

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty,

*e-mail: [email protected]

Sites Preaching information on Islamic values in Kazakhstan

This article discusses Islamic religious web sites that disseminate information about Islam and reli- gion in Kazakhstan. Currently, most people in the world receive information from the Internet. An analy- sis of the current religious situation in Kazakhstan allows us to conclude that web sites have great power in disseminating religious information. In this case, it can be said that getting religious information from unreliable sources can be dangerous for the security of the country. Moreover, the spread of extremism through religious web sites has become one of the most actual problems in the modern Internet zone.

The study achieved the following result: most of the youth now turn to web sites for information. Instead of contacting the imams of the mosque or looking for answers in books that have been approved by re- ligious authorities, people take answers from easily accessible and fast Internet. Also in our country, not all religious sites received a positive assessment of religious expertise. This is a clear demonstration of the fact that unauthorized religious information currently poses a real danger to young people.

Key words: religious information, islam, web site, internet, information.

А. Жамашев, С. Билекен*

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы,

*e-mail: [email protected]

Сайты, распространяющие информацию об исламских ценностях в Казахстане В данной статье рассматриваются исламские религиозные сайты, распространяющие информацию об исламе и религии на территории Казахстана. В настоящее время большинство людей в мире получают информацию из интернета. Анализ текущей религиозной ситуации в Казахстане позволяет сделать вывод, что веб-сайты обладают большой силой в распространении религиозной информации. В этом случае можно сказать, что религиозная информация не может быть получена из надежных источников через религиозные сайты в плане безопасности страны. В то же время распространение экстремизма через религиозные сайты стало одной из самых актуальных проблем в современной интернет-зоне. В ходе исследования был достигнут следующий результат: большинство молодых людей теперь обращаются к веб-сайтам за

(2)

информацией. Вместо того, чтобы обращаться к имамам мечети либо искать ответы в книгах, которые прошли проверку религиозных управлений, люди находят ответы с легкодоступного и быстрого интернета. А в нашей стране не все религиозные сайты получили положительную оценку религиозной экспертизы. Это наглядная демонстрация того факта, что несанкционированная религиозная информация в настоящее время представляет реальную опасность для молодежи.

Ключевые слова: религиозная информация, ислам, сайт, интернет, информация.

Кіріспе

Компьютер және интернет

Қазіргі өмірдегі маңызды технологиялық дамудың бірі – компьютер мен интернет.

Уақыт пен кеңістікті шектеуді алып тастай отырып, интернет ақпараттың барлық түріне жылдам, үнемді, жан-жақты және ыңғайлы қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Байланыс процесіне ұялы телефондар енгізілуімен жеке адамдар кез келген жағдайда интернетке қосыла алатын мүмкіндікке ие болды.

Осы тұрғыдан алғанда, интернет жеке тұл - ғалардың бір-бірімен қазіргі заманғы жаңа- лықтар мен ақпараттарды ұсыну, пікірлер мен ақпараттармен бөлісу, уақыт пен кеңістікке тәуелсіз қарым-қатынас, экономикалық және жылдам байланыс, көрнекі және дыбыстық эле- менттермен байланыс сапасын жақсарту сияқты ерекшеліктерімен тиімді қолданылады. Интер- нет сонымен қатар оқу қызметін қалыптастыруда жиі қолданылатын және оқу-тәрбие процесінің әр кезеңін қамтамасыз ететін ақпараттық инфрақұрылым арқасында ақпараттың көлемін үнемі арттыратын технология болып табылады [T.C. Başbakanlık Aile ve Sosyal Araştırmalar Genel Müdürlüğü, İnternet Kullanımı ve Aile Araştırması, Ankara 2008, s.2.]

Екінші жағынан, интернетті пайдалану қарқыны көбінесе жастар арасында байқалады.

2008 жылы өткізілген «Үйде ақпараттық техно- логияларды қолдану бойынша сауалнаманың нәтижелері бойынша Интернетті пайдала- ну деңгейі 16-24 жас аралығындағы арасын- да ең жоғары деңгейге жетті [Devlet Planlama Teşkilatı, Bilgi Toplumu İstatistikleri-Bilgi Toplumu Stratejisi, Mayıs 2009, s.5.]. Жалпы, интернет, атап айтқанда, коммуникацияның жаңа нысаны және сонымен бірге ақпарат, ойындар, оқиғалар, эмоциялар, фотосуреттер, видео және әлеуметтік медиа мен қосымшалар. Қазіргі технология ғасырында белгілі бір идеялармен танысудың ең қарапайым әдістерінің бірі – интернетті пайдала- ну [Hülya Alper, “Sanal Alemde İnanç Problemleri”, Günümüz İnanç Problemleri İlahiyat Fakülteleri Kelam Anabilim Dalı Sempozyumu, Erzurum

2001, s.164.]. Сондықтан көптеген діндер вир- туалды ортаға көшіп, сенім, тарих, тәжірибе, іс-әрекет және ұйым қағидаларын интернет- қолданушыларға ұсынуда. Сонымен қатар, діни кітаптар мен мақалаларды оқу немесе діни зерттеулер жүргізу үшін цифрлы кітапханалар құрылды және бұл кітапханалар жеке адамдар үшін қол жетімді болды. Жас өспірімдік кезең – діни күмән мен тартыншақтық сезімі пайда болып, діни құндылықтар діни сананың ояна- тын кезеңі. Бұл кезде интернет жасөспірімдердің сұрақтарына жауап іздейтін және олардың діни сенімдері мен көзқарастарына әсер ететін аймақ ретінде пайда болады.

Интернет – компьютерлік желілердің өзара байланысы нәтижесінде пайда болған және бүкіл әлемді байланыстыратын алып компью- терлік желі. Біз бұл желіні нәрселердің желісі деп атай аламыз.[ Zeynel Dinler, Bilimsel Araştırma ve İnternete Bağlı Bilgi Merkezleri El Kitabı, Ekin Kitapevi Yayınları, Bursa 1998, s.158.] Бастапқыда бұл желі АҚШ-тың Феде- ралды үкіметінің Қорғаныс министрлігімен әскери зерттеу бағдарламасына қосылған түрлі университеттердің ақпараттық ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін бағдарламалар жазатын зерттеушілерден құрылды. Бұл желі ARPANET деп аталады. [Frédéric Barbier – Catherine Bertho Lavenir, Diderot’dan İnternete Medya Tarihi, (çev. Kerem Eksen), Okyanus Yayınları, İstanbul 2001, s.373.]

ARPANET-пен бірге екінші желі – USENET де дамыды. Академиялық шеңбермен шектелген бұл желі кейін сыртқы және кәсіби емес сөйлеу пәндеріне тез ашылды. Алғашқы пікірталас топ- тары бас қосқаннан кейін, 1984 жылдан бері 1000 сайтқа жеткен бұл желі бүкіл Америка құрлығына, тіпті халықаралық кеңістіктерге де таралды [Barbier – Lavenir, Diderot’dan İnternete Medya Tarihi, ss.374-375]

Біз діни мазмұндағы сайттарды қарасақ, олар әртүрлі мақсаттарға қызмет етеді, әртүрлі мазмұнға ие, олар келушілерге виртуалды орта- да әртүрлі мүмкіндіктер ұсынады; әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, діни сұрақтар қою, діни форумдарға қатысу және тағы басқа. Мысалы,

(3)

Рим-католик шіркеуінің ресми сайты (www.

vatican.ca) өз дінін көптеген халықтарға на- сихаттау үшін алты тілде шығарады. Сайенто- логия шіркеуінің сайты (wvw.scientology.org) құзырлы органдардың басшылығымен кәсіби дайындалған ресми сайт [Talip Küçükcan, “Dini Yayıncılıkta İnternet” (Sanal Dini iletişim Açısından Yeni Alanlar ve Yeni Stratejiler), II.Uluslararası Dini Yayınlar Kongresi, Ankara 2005, s.216-217.]

Құрандағы компьютерлер туралы түсінік Компьютерлер – ақпараттық және коммуни- кациялық технологиялардың негізі және қазіргі уақытта өзара байланыста адамзат қоғамының шешуші ойыншысы. Бұл Құранда Алла тағала айтқандай, «әл-қалам» ұғымына ұқсас білім жазу, сақтау, тарату және бөлісу құралы болып саналады:

«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен (оқы)!

Ол адамды (жатырға жабысатын) жабысқақ жасушадан жаратты.

Оқы! Сенің Раббың – асқан жомарт!

(Ол – адам баласына) қаламмен жазуды үйретті.

Адам баласына білмегенін үйретті.» [әл-’Аләқ : 1-5]

Жоғарыдағы пайғамбарымызға түсірілген алғашқы аяттар Ислам дінінде оқудың неме- се білім алудың маңыздылығына баса назар аударатындығын көрсетіп тұр. «Қалам» сөзі оның тура мағынасымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қоса кең мағынаға да ие. Мысалы,

«қалам» – жазу, сақтау, тарату, біліммен бөлісу немесе жай ғана ақпаратты беру құралы. Демек, компьютерді аятта Алла тағала айтқан «қалам»

ұғымына ұқсас технология ретінде қарастыруға болады.

Құранда Алла тағала адамды «ақпарат»

түсінігімен таныстырады. Алла Тағала «Бақара»

сүресінде былай дейді: Ол Адамға барлық нәрсенің атауын (мән-мағынасымен қоса) үйретті. Ар- тынша оларды періштелерге көрсетіп: «Қане, айтқандарың рас болса, Маған мыналардың атауларын айтып (мән-мағынасын түсіндіріп) беріңдерші», – деді. [әл-Бақара: 31]

Құранның жоғарыда келтірілген аяты ақ- парат ұғымының адам пайда болғаннан бері қолданылып келе жатқандығын көрсетеді. Бү- гінгі таңда бұл ұғымды – компьютер және оны- мен байланысты технологиялар десек болады.

Интернет және ислам діні

Ислам діні интернетке батыста оқитын мұсылман студенттері, батыста жұмыс істейтін мұсылман мамандар немесе шетелдегі саяси қуғын-сүргінде жүрген мұсылмандар арқылы

енгізілді [A. Mohamed Sati, İnternet İslam: An Analysis of U.S- Based Websites Dedicated to Promoting an İslamic Viewpoint in the Past 9/11 World, Ohio University, 2009, s.58. ]. Әсіресе Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагонға жасалған шабуылдан кейін мыңдаған адамдар интернетте дұға етіп, осы қайғылы жағдайға төтеп беру үшін басқа діндермен диалог жүргізе бастады. Нәтижесінде көптеген діндер веб-сайттың мазмұнын өзгертіп, исламды өз сайттарының кейбір жерлеріне енгізе баста- ды. 11 қыркүйектегі оқиға және оның салдары мұсылмандармен сұхбаттасуға және әртүрлі ис- лам дәстүрлерін білуге жағдай жасады.

Ислам жағрапиясының тысында тұратын мұсылмандардың ғаламторға ислам дінінің енгізілуіне үлкен әсер еткенін көруге бола- ды. Алайда, 11 қыркүйектегі шабуылдан кейін мұсылмандарға назар аударылып, ислам дінін қамтитын көптеген шетелдік сайттар ашыл- ды, көптеген форумдар ашылып, пікірталастар өткізілді. Ислам діні қандай дін, мұсылмандар қандай халық екендігі бәрінің назарын өзіне аударта бастады. Исламға деген қызығушылық пен білім алуға деген қызығушылық артты.

Мұсылмандардың дінін және өмір салтын түсінуге қызығушылық танытты. Нәтижесінде, мұсылман елдерінде исламдық веб-сайттардың өсуі байқалды. Қоғамдық және жеке тұлғалар дайындаған діни мазмұндағы веб-сайттар тез дами бастады.

Интернет кез келген адам үшін өз діні тура- лы ақпарат таба алатын жаңа аймаққа айналды [Agnes Mae – D. Solatan, “The Catholic Church and İnternet Use: An Evolving Perspective From John Paul II To Pope Benedict xvı”, George Town University , Washington D.C., March 27, 2013, s.4.].

Қазір виртуалды орта көптеген адамдар үшін шынайы әлем. Көптеген адамдар үшін діни және рухани араласу үшін виртуалды орта қолайлы.

[Helland, “Popüler Religion and The World Wide- Web: A Match Made in (Cyber) Heaven”, s.31.]

Қазақстандағы ислам дінінің құндылықтарын насихаттайтын сайттар

Қазақстан аумағында ислам дінін Хана- фи мәзхабы және Матуруди ақидасы бойынша насихаттап келе жатқан бірнеше сайттар бар.

Олардың көпшілігі облыс орталықтарындағы үлкен мешіттердің тарапынан жұмыс істеп жа- тыр. Атап айтар болсақ: muftyat.kz, islam.kz, muslim.kz, ummet.kz, islamdini.kz, kazislam.kz, azan.kz.

muftyat.kz сайты – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты. 1990 жылғы

(4)

12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұ- сылмандары діни басқармасы құрылды. Қа- зақстан мұсылмандарының жұмысына басшы- лық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. Діни басқарма ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти, ҚМДБ ақылдастар алқасы, қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы, ап- парат жетекшісі және діни істер, шариғат және пәтуа, мешіт істері, халықаралық байла- ныс, хаттама, қажылық, уағыз-насихат, ғылым және білім, жалпы және жастар ісі, халал өнімдерін стандарттау, баспасөз және интернет, әйелдер-қыздар секілді бөлімдер мен сектор- лардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады.

Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариғаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындары- мен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу.

islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы.

Сайт 2014 жылы 24 cәуірде ашылған. Сайттың бас редакторы: бұрынғы наиб муфти, қазіргі таңда мешіт имамы, “Әл-Әзһар” университетінің түлегі, «Имани гүл», «Дін мен діл» сын- ды бірнеше діни кітаптардың авторы Қайрат Жолдыбайұлы. Сайттың діни сарапшысы: Аб- дусамат Қасым. Сайттың негізгі діни бағыты:

Ханафи мәзхабы, Мәтуриди ақидасы. Дін мен дәстүр сабақтастығы.

islamdini.kz сайты әһли сүннет ғұлама- ларының құнды еңбектерін негізге алып, әһли сүннет ақидасына сай дайындалған. Сайт Хана- фи мазһабының үкімдері бойынша дайындал- ды. Мақалалар, сұрақтарға жауаптар «Түркістан Мәдениет Қорына» қарасты діни және тарихи туындыларды жарыққа шығарумен айналыса- тын «Түркістан Кітап үйі» баспасының ғылыми ұжымы тарапынан жіберілуде. Мәліметтердің барлығы «Әһли сүннет» ғұламаларының кі- таптарынан алынуда. Сайт хижри 1 мухаррам 1430 (29 желтоқсан 2008) жылдан бері жұмыс істеп келеді.

muslim.kz «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты. Сайтта жаңалықтар, мақалалар, сұрақ-

жауап бөлімдерімен қатар көптеген видео-ау- дио уағыздар мен дәрістер бар. Бұл мешітте жамағаттардың шешімі қиын діни сұрақтарына жауап беретін «Діни ақпарат беру» орталығы бар.

Сайтта осы орталықтың нөмерлері орналасқан.

azan.kz ақпараттық-ағарту порталы Ал- маты қаласы Орталық мешітінің сайты. Сайт azan.kz жаңалықтары, ел тынысы және әлем жаңалықтары бөлімінде жаңалықтармен бөлі- суде. Елімізге белгілі ұстаздардың дәрістерін осы сайттан табуға болады.

ummet.kz рухани-ағарту порталы. «Нұр Астана» мешітінің сайты. Сайтта жаңалықтар, мақалалар, сұрақ-жауап, ислам тарихы, бес парыз сияқты бөлімдер бар. Сонымен қатар мұсылманның бесінші парызы зекетті есептеу- ге арналған калькулятор, намаз уақыттары мен мешіт туралы ақпарат беретін бөлімдер де бар.

Бұл порталдың басқа сайттардан ерекшелігі Ummet радиосының болуы.

kazislam.kz ақпараттық-ағарту порталы.

Порталдың бас редакторы Саясат Идеятұлы.

Бұл сайт жаңалықтар, мақала, сұхбат, дінтану бұрышы бөлімдері арқылы халықты пайда- лы діни ақпарттармен қамтамасыз етіп келеді.

Сайт арқылы Балғабек Мырзаев, Жалғас Садуақасұлы, Кеңшілік Тышхан, Мұхан Исахан сияқты елімізге белгілі дінтанушыларға сұрақ жолдауға болады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі

Бұл тақырыпты және қоғамдағы жағдайды талдау үшін біз surveymonkey.com сайтын пай- даланып, мешіт жамағаты арасында сауална- ма жүргіздік. Сондай-ақ, біз тақырыбымызға қатысты kazislam.kz порталы жүргізген сауал- наманы және интернет ресурстарға жүргізген ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің дінтану сараптамасын пайдаландық.

SurveyMonkey – 1999 жылы Райан Фин- ли негізін қалаған сервистік компания ретінде онлайн-сауалнама жасауда бұлтқа негізделген бағдарламалық қамтамасыз ету. Компания де- ректерді талдауды, іріктеуді, бұрмалауды жоюды және деректерді көрсету құралдарын қамтитын ақысыз, бейімделген сауалнамаларды, сондай-ақ ақылы негіздегі бағдарламалардың жиынтығын ұсынады.

Зерттеу жұмысының нәтижелері мен талқылау

kazislam.kz ақпараттық-ағарту порталы әлеу- метік желіде «Дінге қатысты сұрақтарға жауап- ты қайдан аласыз?» деген сауалнама өткізген

(5)

болатын. Сауалнамаға барлығы 271 адам (132 ер адам, 139 әйел адам) қатысқан. Сауалнамаға қатысқандардың 73-і 17 жасқа толмаған жас- өспірімдер, 178-і 17-34 жас аралығындағы ере- сектер болса, 20 адам 35-тен жоғары жаста екен.

Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 55,8%

(159 адам) дінге қатысты сұрақтарға жауапты мешіттен, 36,5%(104 адам) интернеттен, 7,7%

(22 адам) басқа ақпарат көздерінен алады екен.

Бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен сауалнама қорытындысы.

Алматы қаласындағы ислам дінін іс жүзінде ұстанатын мұсылмандар арасында сауална- ма өткізіп көргенімізде нәтиженің өзгергенін байқадық. Сауалнамаға 58 адам (41 ер, 17 әйел) қатысты. Сауалнамаға жауап берушілердің 2%-ы 18 жасқа толмаған жасөспірім, 79%-ы 18-34 жас аралығындағы ересектер болса, 19%

адам 35-тен жоғары жаста болды. Нәтижесінде қатысушылардың 55% адам дінге қатысты

сұрақтарға жауапты мешіт имамдарынан, 17%

адам интернеттен, 11% адам адамдардан және 17% адам басқа ақпарат көздерінен алады екен. Сауалнамаға қатысушылардың 47% адам muftyat.kz сайтын, 26 % адам azan.kz сайтын және 14% адам islam.kz сайтын жиі қолданады екен.

kazislam.kz сайтында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің дінтану сараптамасы бойынша 2018 жылғы және 2019 жылдың I жартысына арналған есебі жарияланған.

Есеп бойынша 2018 жылы барлығы 8350 интернет-ресурсқа дінтану сараптама- сы жүргізілген. Соның 6104-і оң қорытынды алса, 2246-сы теріс қорытынды алған. Ал 2019 жылдың I жартысы бойыншы барлығы 2300 интернет-ресурсқа дінтану сараптамасы жүргізілген. Оның 800 оң қорытынды және 1500 теріс қорытынды алған. (1-сурет)

Әлеуметтік желіде жүргізілген сауална- ма нәтижелері көрсеткендей интернеттен діни сұраққа жауап іздеушілердың саны өте көп (36,5%). Ал намазхандардың арасында жауабын таппаған сұрақтарды интернеттен іздеушілердің қарасы аздау(17%). ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің дінтану сараптамасында көрсетілгендей 2018 жылы әрбір 4 сайттың бірі теріс қорытындыға ие бол- са, 2019 жылдың I жартысы бойынша әрбір 3 сайттың біреуі теріс қорытынды деп бағаланған.

1-сурет

қорытынды

Зерттеу нәтижелері интернет арқылы діни ақпарат жоғары деңгейде насихатталып жат- қандығын көрсетіп отыр. Осының себебінен діннен хабары аз адамдар ақпараттардың сенімді емес көздерімен жиі кездесіп жатады. Бұл – адамдардың диструктивті діни ағымдардың сайттарына тап болуының себептерінің бірден- бір жолы. Бүгінгі күні халықтың дін саласында да дұрыс ақпарат алуы негізгі басымдық беретін

(6)

мәселеге айналып отыр. Әр нәрсенің пайдалы және зиянды тұстары болады. Жасыратыны жоқ, қазір көпшілік жастар сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы діни мағлұматтарды өз бетінше алуда. Кейбірі біздің қоғамға сәйкес келмейтін өзгеше пәтуаларды ұстануда. Оның дұрыс- бұрыстығына мән беріп, байыппен қарамастан өзгелерді де соған шақырып, бүлік салып жүр.

Соның салдарынан белгілі бір ұлтқа, жекелеген адамдарға еліктеушілік, тек соның ғана айтқаны дұрыс деп, қалғанын бұрысқа шығарып, шектеулі

сана қалыбына түсе бастағаны жасырын емес.

Бұл жағдайлардың бәрі мұсылмандардың даму- ына, дінді заманауи жеткізуде, еліміздің бірлігі мен ынтымағына айтарлықтай кедергі келтірері анық. Мұның кесірі көп отандастарымыздың Ислам дініне үрке қарауына себеп болуда.

Сондықтан, кез келген діни ақпаратты алар кезде ең алдымен оның сенімді екендігіне көз жеткізіп алуымыз керек. Жоғарыда атап өткен ҚМДБ тиесілі немесе мешіттердің ресми сайттардан сенімді ақпараттар алған жөн.

Әдебиеттер

Ибрахим Гүрсес, Эсра Ирк. Интернетті пайдалану және жасөспірімдердің діни дамуы туралы зерттеу. Улудаг университеті Теология факультеті. 2018. 27 бет.

Сейд Ебрахим Хоссейни, Абдоллатиф Ахмади Рамчани, Раджа Джамилах Раджа Юсуф. Исламдық мінез-құлыққа ақпараттық технологияның әсері. Малайзия. Көпсалалы инженерлік ғылымдар және технологиялар журналы. 2014. 7 бет.

https://kitap.kuran.kz/

kazislam.kz

Хюля Алпер. Виртуалды әлемдегі сенім мәселелері. Қазіргі заманғы сенім мәселелері, Теология факультеті, Калам симпозиумы, симпозиум. – Эрзурум, 2001.

Зейнел Динлер. Ғылыми зерттеулер және Интернеттегі ақпарат орталықтары анықтамалығы, Экин Китапеви басылымдары. – Бурса, 1998.

Фредерик Барбиер – Кэтрин Берто Лавенир, Дидроттен Интернетке дейінгі медиа тарихы (Керем Эксен). – Стамбул:

Мұхит баспасы, 2001.

Хелланд. Халықтық дін және бүкіләлемдік веб.//указать адрес веб сайта

Мемлекеттік жоспарлау ұйымы, Ақпараттық қоғамның статистикалық-ақпараттық қоғам стратегиясы. – Анкара.

Мамыр 2009.

Талип Күчүкжан. Діни басылымдардағы интернет (Виртуалды діни коммуникацияның жаңа бағыттары мен жаңа стратегиясы): II Халықаралық діни жарияланымдар конгресі. –Анкара, 2005.

References

İbrahim Gürses, Esra İrk. İnternet Kullanımı Ve Ergenlerin Dini Gelişimleri Üzerine Bir Araştırma. Uludağ Üniversitesi İlahiyat Fakültesi. 2018. 27 sayfa.

Seyed Ebrahim Hosseini, Abdollatif Ahmadi Ramchahi, Raja Jamilah Raja Yusuf. The Impact of Information Technology on Islamic Behaviour. Malaysia. Journal of Multidisciplinary Engineering Science and Technology. 2014. 7page.

https://kitap.kuran.kz/

kazislam.kz

Hülya Alper. Sanal Alemde İnanç Problemleri. Günümüz İnanç Problemleri İlahiyat Fakülteleri Kelam Anabilim Dalı Sempo- zyumu, Erzurum 2001.

Zeynel Dinler. Bilimsel Araştırma ve İnternete Bağlı Bilgi Merkezleri El Kitabı, Ekin Kitapevi Yayınları, Bursa 1998.

Frédéric Barbier – Catherine Bertho Lavenir, Diderot’dan İnternete Medya Tarihi, (çev. Kerem Eksen), Okyanus Yayınları, İstanbul 2001.

Helland. Popüler Religion and The World WideWeb.// указать адрес веб сайта

Devlet Planlama Teşkilatı, Bilgi Toplumu İstatistikleri-Bilgi Toplumu Stratejisi, Ankara. Mayıs 2009.

Talip Küçükcan. Dini Yayıncılıkta İnternet (Sanal Dini iletişim Açısından Yeni Alanlar ve Yeni Stratejiler), II.Uluslararası Dini Yayınlar Kongresi, Ankara 2005.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

немесе «культқа» жатқыза беруге болатындай мүмкіндік туындайды. Сондықтан діни ағымдар мен зайырлылық ұйымдарды ажырата білген дұрыс. Діни секта — ол ұйымның

Мұғалімдерге ұсынылатын бір шара — ол математикадан сыныптан тыс оқу үшін əрбір сыныпта əдемі ұйымдастырылған кітаптар мен мақалалар

Ислам догматика мен діни ғұрыпқа негізделген діни жүйе ғана емес, сонымен қатар мұсылмандардың мінез-құлықтарын реттеу, билікті ұйымдастыру мен

Ислам догматика мен діни ғұрыпқа негізделген діни жүйе ғана емес, сонымен қатар мұсылмандардың мінез-құлықтарын реттеу, билікті ұйымдастыру мен

Дін туралы ілімдер діни (конфессионалды) ж не діни емес (конфессионалды емес) деп те б лінеді... рационализм сері тиімді

Бұл қолжазба қазақ əдебиеті үшін де, тіл тарихы үшінде, ежелгі діни-философия үшін де теңдессіз құнды, маңызды рухани мұра болып табылады.. Қазақ ССР Министрлер

Ең бірінші кезекте ол: «Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе

Бұл өңірдегі РБА-ны дамыту үшін біз ескі ғимараттар мен кесенелер және осындай тарихи сипатқа ие объектілерді пайдалана аламыз, сонымен қатар