• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Проблема преемственности социального строя тюркских племен Центральной Азии в средневековые»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Проблема преемственности социального строя тюркских племен Центральной Азии в средневековые»"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

Өс кенбaй М.Ә.

Ортaғaсырлaрдaғы Ортa Aзия түр кі тaйпaлaры ның әлеу мет тік

құ ры лы сындaғы сaбaқтaстық мә се ле ле рі

Мақала Ортағасырлардағы Орта Азия түркі тайпаларының әлеуметтік құрылысы, оның ішінде билеушілер лауазымдарындағы сабақтастық мәселесіне арналған. Түркі тайпалары басшыларының есімдері мен лауазымдарынан, тайпа басшысына берілген «қаған»

лауазымы бүкіл тайпа, халық атына ұласып, ол басшы билеген халық қағанат болып саналғаны анықталды. Сондай­ақ, қағанға оның атқарған қызметіне қарай, оның құрметіне қарай бір емес, бірнеше лауазым берілгенін Батыс түркі қағанаттары билеушілер есімдері негізінде мысал келтірілген: Сы­жабғу хан Толыс­тегін, Ирбис Ышбара (631­633 жж.), Ышбара­Толыс­шад хан (634­639 жж.), Халлық Ышбара­Жабғу хан (653­657 жж.) және т.б. Түркі, Батыс және Шығыс түркі, Түргеш, Ұйғыр, Қимақ, Қырғыз, Қарлұқ сынды қағанаттардың билеушілер лауазымы уақыт өте келе ауысқанымен, олардың негізгі қызметі дәл өзінің алдында болған билеуші топтардағыдай, сол қалпында сақталғанын атайды. Сонымен қатар, қытай жазбалары, араб деректері негізінде түркілерде жиі кездесетін жиырма сегіз билік лауазымын атап көрсетіп, олардың біразына салыстырмалы талдау жасалған. Нәтижесінде, автор VII­ХІІ ғасырлар арасында билік еткен түркі тайпаларының билеушілер титулдарында үзілмей келе жатқан тәртіп – сабақтастық бар екенін анықтайды.

Түйін сөз дер: Ортa Aзия, Тaйпa, Қaғaн, Сaбaқтaстық.

Oskenbay M.A.

The problem of continuity of social structure of the Turkic tribes of Central Asia in the medieval period

This article examines the medieval social structure of the Turkic tribes of Central Asia, including the continuity of the titles of Turkic tribes rulers.

The title of rulers of the Turkic tribes and tribal associations «qagan» was later transferred as the defining name of all the population belonging to this tribe and they were called kaganates. Also, in honor of Qagan, in accor­

dance with achievements and committed heroic deeds, were given several titles, for example, among the rulers of the Western Turkic Kaganate, in addition to their own names, there were several titles: Sy­zhabgu Khan Tolys­tegin, Irbis Yshbara (631­633), Ishbara­Tolys­shad Khan (634­639), Hallyk Yshbara­Zhabgu Khan (653­657) and others. Over time, the titles of the rulers of the Turkic khanate, Western and Eastern Turkic Kaganate, Tur­

gesh, Uigur, Kyrgyz, and Karluk Khaganates had changed, but their main activities had been preserved. In addition, based on the Chinese and Arab sources, the main twenty­eight titles of Turkic tribes were identified and a comparative analysis was made. As a result, the author concludes that, in the VII­XII centuries, the titles of the Turkic tribes of Central Asia had a coherent order of continuity.

Key words: Central Asia, Tribe, Qagan, Continuity.

Ос кенбaй М.A.

Проб лемa преемст вен нос ти со циaльно го ст роя тюркс ких пле мен Центрaль ной Aзии

в сред не ве ко вые

В дaнной стaтье рaссмaтривaет ся сред не ве ко вый со циaль ный ст рой тюркс ких пле мен Центрaль ной Aзии, в том чис ле о преемст­

вен нос ти ти ту лов прaви те лей тюркс ких пле мен. Ти тул прaви те­

лей тюркс ких пле мен и пле мен ных объеди не ний «кaгaн» в дaль­

ней шем пе редaвaлся кaк оп ре де ляющее нaзвa ние всех нaсе ле ний принaдлежaщих этому пле ме ни и нaзывaлись они кaгaнaтaми. Тaк же в чес ть Кaгaнa, в соот ве тс твии с дея тель ностью и со вер шен ны­

ми ге роичес ки ми пос тупкaми присвaивaлось нес колько ти ту лов.

Нaпри мер, у прaви те лей Зaпaдно го тюрк ско го Кaгaнaта, по ми мо собст вен ных имен, бы ли нес колько ти туль ных имен: Сы­жaбгу хaн То лыс­те гин, Ир бис Ышбaрa (631­633 гг.), Ышбaрa­То лыс­шaд хaн (634­639 гг.), Хaллык Ышбaрa­Жaбгу хaн (653­657 гг.) и дру гие. С те­

че нием вре ме ни ти ту лы прaви те ли Тюрк ско го, Зaпaдно го и Вос точ­

но го тюрк ско го кaгaнaтов, Тюр гешс ко го, Уйгурс ко го, Кыр гызс ко го, Кaрлукс ко го кaгaнaтов ме ня лись, но их ос новнaя дея тель ность сохрa­

ни лась. Кро ме то го, нa ос но ве китaйс ких и aрaбс ких ис точ ни ков бы­

ли выяв ле ны ос нов ные двaдцaть во семь ти ту лов тюркс ких племён и сделaн срaвни тель ный aнaлиз. В ре зуль тaте aвтор делaет вы вод, что в VII­XII веках в ти тулaту ре тюркс ких пле мен Центрaль ной Aзии су­

(2)

Қaзaқстaн Республикасы, Aлмaты қ.

E-mail: [email protected]

Кіріспе

Ортағасырлардағы Орта Азия түркі тайпаларының әлеуметтік құрылысы рулық-тайпалық қатынасқа негізделді.

Рулық-тайпалық қатынас көшпенді түркі тайпаларының әкімшілік, иерархиялық, тіпті территориялық қызметін атқарды.

Ру дегеніміз экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы бар, арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы.

Түркі халықтарының әлеуметтік танымында терең орын алған лақап есім беру дәстүрі сол халықтардың фольклорлық шығармаларында, көне аңыздарда, ертегілерде, батырлық эпос- тарда да кең көрініс тапқан. Онда басты қаһарманға жаңа есім беру екі түрлі жағдайда жүзеге асқан. Бірі – ерлік көрсетуінен кейін, екіншісі – таққа отырған кезде. Ерлік істерге жеке-дара жауға шауып, асқан батырлық көрсету, жабайы аңды өлтіру, түрлі күрес сайысында жеңіп шығу, т.б. жатады. Түркі қағанаты қағандарының: Елтеріс, Ішбара, Үкі, Ірбіс сынды хандар лау- азымы олардың ерлік жасағаннан кейін берілген лауазымдары болып табылады.

Түркі тайпалары басшыларының есімдері мен лауазымда- рынан аңғаратынымыз, тайпа басшысына берілген «қаған» ла- уазымы бүкіл тайпа, халық атына ұласып, ол басшы билеген халық қағанат болып саналған. Кейде қағанға оның атқарған қызметіне қарай, оның құрметіне қарай бір емес, бірнеше лауазым берілгенін Батыс түркі қағанаттары билеушілер есімдерінен көре аламыз: Сы-жабғу хан Толыс-тегін, Ирбис Ышбара (631-633), Ышбара-Толыс-шад хан (634-639), Халлық Ышбара-Жабғу хан (653-657) және т.б.

Түркі мемлекеттері рулық-тайпалық құрылысқа негізделген, этникалық жақындығына, аумақтық ыңғайластығына орай бірнеше тайпалық одақтардан конфедерациялық жағдайда құрылған. Олардың көпсатылық басшылық органдары болды және белгілі тәртіп бойынша қағанның аға-інілері, балалары мұрагерлік жолмен иелік етті. Құрамындағы көптеген тай- паларды бақылап ұстап отыру үшін оларды жеке әкімшілік аймақтарға бөліп, оларға бақылаушы тағайындалатын.

ОРТAҒAСЫРЛAРДAҒЫ ОРТA AЗИЯ ТҮР КІ ТAЙПAЛAРЫ НЫҢ

ӘЛЕУ МЕТ ТІК ҚҰ РЫ ЛЫ СЫНДAҒЫ СAБAҚТAСТЫҚ МӘ СЕ- ЛЕ ЛЕ РІ

(3)

Ортaғaсырлaрдaғы Ортa Aзия түр кі тaйпaлaры ның әлеу мет тік құ ры лы сындaғы сaбaқтaстық мә се ле ле рі

Түркі тайпалары титулдарына байланыс- ты деректер

Ортағасырлық Орта Азия түркі тайпалары қоғамы әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлінген және олардың әрқайсысының өзіндік атаулары болған. Әлеуметтік иерархияның ең басында тұрған Қаған болды.

Қаған – хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді – түркі мемлекеттерінің басшысы. Түркі, Батыс және Шығыс түркі, Түргеш, Ұйғыр, Қимақ, Қырғыз, Қарлұқ секілді қағандықтарды басқарған. Ол жоғарғы билеуші, әскербасы болды. Қағандықтағы жоғары лауазымдарға қаған өз туыстарын тағайындап, соларға арқа сүйеп отырған. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп төстеді және өз үлестеріне тиісті әскерді басқарды.

Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті. Соғыс ашу не- месе бітімге келу, шетелдік елшілерді қабылдау, құрылтай жиналысын шақыру, ру басшыла- рын тағайындау, алым-салықты қадағалау, т.б.

істермен айналысты (Наделяев, 1969:405).

Түркі тайпалы титулдарына байланысты ең алғашқы мәліметтердің бірі Қытай деректерінен кездеседі. Онда Орта Азиядағы сяньби тайпа басшысының титулы туралы келесі мәліметтер бар: «402 жылы жужандар өздерінің ханын бұрынғы ғұндардан келе жатқан «шаньюй»

емес, орнына «қаған» деп атайтын болды».

Қаған титулы кейіннен аварлар мен VI ғасыр ортасында ең үлкен көшпелі империя Түрік қағанатын құрған түркілерге көшкен болатын (551 жылдан бастап). Қағанат құлағаннан кейін бұл титул басқа түркітілдес халықтарда (хазар- лар, ұйғырлар, қарлұқтар, қырғыздар, қимақтар және т.б.) жалғасын тапты. Мемлекет қағанат деп аталды, ал оны билеуші титулы қаған болды.

«Син Таншу» кітабында түріктердің ла- уазымы туралы құнды дерек бар: «Олардың билеушісі қаған, қағанның әйелі қатұн деп ата- лады.…(ашина нәсілінен басқа) өзге рулардың қол бастағандары шад, ұлдары мен інілері тегін деп аталды. Ірі ұлықтары ябғұ, күлліг чор, аба, сылифа 俟利發, тұдұн, іркін, яньхунда, сели- фа 頡利發, тарқан сияқты 28 дәрежеге бөлінді.

Шенді мұрагерлікпен иеленді, ұлық санына шек қойылмады. Жасауыл сарбаздары бөрі деп аталды» (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері, 2006:37).

Мемлекеттік ең жоғары органы қаған тұқымдары мен ірі тайпа көсемдерінен құралған

тағдырына қатысты мәселелер қарастырылып отырған. Қытай деректерінде түріктердің ең ірі ұлығы – ябғу, одан кейінгісі – шад, одан кейінгісі – тегін, одан кейінгісі – Елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер, барлығы төменгі шендегілермен қосқанда жиырма сегіз дәреже деп көрсеткен.

Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады.

...Туларында бөрінің зермен айшықталған бас бейнесі бар. Жасауыл сарбаздары «Бөрі» деп айтады. Бұл қытай тілінде «Лаң» (қасқыр) де- ген ұғымды білдіреді. Өздерінің қасқырдан туған ежелгі тегін ұмытпау үшін осылай айтады (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері, 2006:37).

Қытай жылнамаларының негізінде жазған еңбегі барысында Нығмет Мыңжан бес тайпа- лы дулаттан құралған сол қанат тайпаларының билеушілері «шор» деп, ал бес тайпалы нүшбеден құралған оң қанат тайпаларының билеушілері

«еркін» деп аталғандығын жазады. Автор бұдан әрі: «...жұңғоның тарих кітаптарында бұл тайпалардың аттары атынан олардың бастықтарының аты, одан бұл бастықтардың ла- уазымы тіркеліп жазылғандығын» айтады. «...

мәселен, «түргеш – алаш – шор» деген тіркестегі

«түргеш» – тайпаның аты. «Алаш» осы тайпаны билеуші адамның аты. Ал «шор» осы адамның лауазымы (мансабы). «Азғыр – нижұқ – еркін»

деген тіркестегі «азғыр» тайпаның аты, «нижұқ»

тайпа билеушісінің аты. Ал еркін» – сол адамның лауазымы» (Мыңжан, 1994:119). Автордың айтып отырған билеуші аты мен оның лауазы- мы атының бұлайша тіркесуі жөнінде басқа да зерттеушілердің пікірлері де жоқ емес.

Мәселен, белгілі тарихшы Г.Б. Хабижа- нова «тайпалардың соңына жалғанған «чур»

жұрнағын зерттеушілердің бірқатары түркі халықтарына кеңінен таныс «чор» жұрнағымен байланыстырады. «Чор» дулуларға ғана тән саяси титул ғана емес, сонымен қатар отыз оғландардың да «отыз чор» атты титулы болған»

дей келе, бұған дәлел ретінде автор зерттеуші Т.Акеровтың дулу мен отыз оғлан тайпаларының арасындағы байланыстың болу ықтималдығы туралы айтқан тұжырымын басшылыққа алады (Хабижанова, 2003:92-105).

Ал Н. Мыңжан «Жұңғоның» ескі тарих кітаптарын пайдалана отырып дулаттардың бес тайпасының тізімін билеуші атауларымен бірге былайша көрсетеді:

1. Түргеш – алаш – чор ұлысы;

2. Қойлау – күлұг – чор ұлысы;

3. Чимойын (шимүгін) – лұи – чор ұлысы;

(4)

5. Жаныс – шопан – чор ұлысы (Мыңжан, 1994:121).

Аталғандар тізіміндегі алғашқылары – тайпа атаулары, екіншілері – алаш, күлұг, тон, шопан- дар – тайпа билеушілерінің атаулары, ал үшінші, яғни чорлар – олардың лауазымдары болып отыр.

Дәл осындай көріністі Батыс түрік қаға- натының оң қанатына енген аталмыш «оңдық шадыпыттарда» да дулаттардағыдай тайпаның аты оны билеушінің атымен және лауазымы- мен қатар аталатын болғанын көреміз. Тарихи мәліметтердің хабарлауынша, нүшбилерде мы- надай бес ірі ұлыс болған:

1. Азғыр (әскіл) – күл – еркін ұлысы;

2. Қасо – күл – еркін ұлысы;

3. Барысқан (барсаған) – тон ашбар – еркін ұлысы;

4. Азғыр (әскіл) – нижұқ – еркін ұлысы;

5. Қасо – шопан – еркін ұлысы (Мыңжан, 1994:122).

Яғни бұл аталғандардың алғашқылары – азғыр, қасо, барысқандар тайпа атаулары болса, ал екінші реттегі күл, тон ашбар, нижұқ дегендер – сол тайпаларды билеген адам аттары, соңғы – еркін олардың лауазымдары болып отыр.

Қытай деректерінде батыс түркіліктердің, дәлірек айтар болсақ дулулар одағының құрылуының алғышарттары жайлы жақсы баяндалған болатын, мәселен: «Батыс түріктің арғы атасы – Нағыд Түрік шадтың немересі Тұрұм. Лауазымы Тай Ябғұ. Оның үлкен ұлы Түмен Ел қаған, екінші ұлы – Істемі. Істемінің ұлы – Тарду қаған, Бұқа қаған деп те аталады.

Бастапқыда Шығыс түрікпен бірге Үйсіннің байырғы мекеніне бөлініп қоныстанды. Шығыс жағы Түрікке, батысы Лейжу теңізіне, оңтүстігі Шәлік еліне, солтүстігі Қаңғайға тіреледі, астанаға солтүстігінен жеті мың ли қашық.

Агни елінен солтүстік-батысқа қарай жеті күн жүргенде, оның күнгей ордасына, солтүстікке қарай сегіз күн жүргенде, оның теріскей ор- дасына (Бесбалыққа) жетуге болады. Түрік, Нүшбе, Қарлық, Чоңұт, Чұмұл, Үбір сияқты аталар аралас қоныстанды. Ғұрып-салты Түріктермен барандас, тек тілдерінде болар-бол- мас айырмашылық бар» деген жолдардан жалпы

«түрік» атауының – Бес түрік – Дулу одағымен пара-пар болып отырғандығына көз жеткіземіз.

Ал дулу одағының құрамындағы – Түргеш- Алаш чор ұлысы Іле өзенінің орта және төменгі аймағын мекендегені белгілі.

Бұл мысалдар тарихи қызметтері, ерлік істері мен ел есінде ерекше сақталған билеушілер мен

батырлардың өздерінің нағыз есімдерімен қатар ерлік, батырлық немесе титулдық, лауазымдық есімі бірге айтылатынын көреміз.

Қытай деректерінде келесідей түркі басшыларының титулдары жиі кездеседі: кэ- хань – қаған, катун –хатун, дэлэ – тегін, шеху – ябғу, ша – шад, тутунь – тұтұқ, дагань – тарная, бе –бек, мохэ – бага, мохэду – баһадүр, гудулу – құтлұқ, бигя – білге, дынли – тәңірі, т.с.с. (Би- чурин, 1950: 305, 334, 356).

Күлтегін жыры да алғашқы Түрік қағандарының аталуымен басталады:

Биікте көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған иелік еткен (Гумилев, 1994: 310).

Деректерде «хан», «қаған» терминдері ұқсас мағынаны білдіретін, кейде екеуі де бір мағынаны білдіретін термин ретінде қолданылады. Жалпы түркі мемлекетінің басшысын хан деп атаса, қаған деген атау хақ хан, ханның ханы, нағыз хан деген мағыналарды берген. Ортағасырларда түркі мемлекеттерін жаулап алушылар да, оған басшылық жасағысы келетіндер де көп болды.

Сол арқылы қағандар бүкіл әлемді басқаруды көздеп, билік тағына келген тұлғалар өздерін барынша ерекшелеп, жоғарылатып көрсетуге тырысқан.

Л.Н. Гумилевтің «Көне түркілер» атты еңбегінде автор түркі қағанатының мемлекеттік құрылымын егжей-тегжей сипаттаған: «Мем- лекетте ханнан кейінгі тұрған тұлға жабғу бол- ды. Жабғу вице-корольдің міндетін атқарды, ал бұл лауазымға әдетте тек билік басындағы рудың тұқымдары ғана ие бола алды. Мысалы, Бумын ел ханның тұсында жабғу титулы оның ағасы Істеміде болды. Бірақ, оның жабғу титу- лы оған тақты мирас етуге құқық бермеді; тақ мирасқорына қызметінен тәуелсіз «тегін» деп аталатын ерекше титул берілді.. «Шад» титулы қаны бір, өздерінің қол астында жасақтары мен жері бар билеуші әулет өкілдерінің ханзадала- рына берілді...» (Гумилев, 2003:53). Гумилевтің ойынша, түркі мемлекеті «рулық қатынасты басынан өткізген әскери демократия кезеңінде тұрды» (Гумилев, 2003:64).

Қойшығара Салғараұлы түріктердің басшы- лар иерархиясын қағаннан кейін жабғу болды, одан кейінгі билік дәрежесі тегін деп атал- ды. Үшінші билік иесі ұлық бегі. Төртінші –

(5)

Ортaғaсырлaрдaғы Ортa Aзия түр кі тaйпaлaры ның әлеу мет тік құ ры лы сындaғы сaбaқтaстық мә се ле ле рі

түмен бегі деген топтарға бөледі (Салғараұлы, 1999:17).

Орыс шығыстанушы-тюркологы Платон Ми- хайлович Мелиоранский көне түркі жазбаларын зерттей келе түркілердің басшыларын келесідей сатылайды: шад (кіші шад), жабғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған (Мелиоранский, 1899:110).

Түркеш қағандығындағы билік, негізінен, әкеден балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырған. Бірақ бұл дәстүр қағандықтың ішкі- сыртқы жағдайындағы өзгерістерге қарай ұдайы өзгеріп отырған. «Бес Арыс» Дулаттан шыққан әкелі-балалы Өжелі мен Сақал билігі 711 жылғы қырғыннан соң үзіліп қалды да, 715 жылдан кейін шеп тайпасынан шыққан Сұлу шордың қолына өтті. Сұлу 738 жылы өлтірілген соң, түркеш тағына Сақал мен Сұлудың ұрпақтары таласып, оны біржола күйретіп тынды.

Түркеш қағандығындағы мансап баспал- дақтары Шығыс Түрік қағанаты мен Батыс Түрік кағанатындағыдай айқын, тұрақты болған жоқ.

Бұл мәселе төңірегінде қалам тартқан ғалым Зардыхан Қинаятұлы былай дейді: «Түргеш қағанатында ... орталық немесе бас билік ұзаққа созыла алмады. Қағандық бір орталыққа әкімшілік жүйесі негізінде емес, ру-тайпалық әскери құрылым бойынша басқарылғандықтан, ішкі-сыртқы жаулардың бүлдіру әрекетіне тосқауыл бола алмады. Сондықтан да, түркеш тағына кім күшті болса, сол отырып, елдің берекесін кетірді. Қаған тағына бірде тегін, бірде тархан, енді бірде шор (күлшор) мен еркіндер (күлеркіндер) отырса, кейде бойла (ата бойла) лауазымдылар отыра беретін болған. Мәселен, түркештің төртінші қағаны Наватегін еді.

Сұлұқтың (Сұлуды айтып отыр) мұрагері Тоқсан күлшор болатын (Кинаятулы, 2007:185).

Түркеш еліндегі ірі мемлекеттік лауазымдар қатарында тушы-домжы (ду можы, ду моду, ду жы, т.б.), тамғаш-танбашы дегендер де бар. Ду мо жы, ду жы дегендер – түріктің ту ұстаушысы, орда нөкері (гвардия) дегенді білдіретін әскери зор лауазымның аттары. Әдетте, тушы түркештің «Бес Нүшбесі» ішіндегі азғыр (Азкіі) тайпасының күлеркіндерінен тағайындалатын болған. Қытай жазбаларында «түркештің орданың бас байрақшы мансабы – думо» деп жазылған (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері, 2006:39). Белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлы аталғандарға назар сала отырып, түркілерде лауазым көп болғандығын айтады (Қинаятұлы, 2010:191).

Қытай жазбалары, орда хаттамаларында

ларына берілді делінетін атақтар мен шендердің саны ондап саналады. Егер, қытай жазбалары- на сенер болсақ, түркештер ешқашан дербес мемлекет құрып көрмеген, тек Таң ордасының жергілікті бір аймағы болып шығады. Бұл, әрине, тарихи шындыққа сай келмейді, сондықтан біз мүмкіндігімізге орай, әр түрлі деректерді са- лыстыра талдау арқылы қорытынды жасауға тырыстық.

Түркештердің қоғамдық қатынастары, отбасылық өмірі, әлеуметтік ой-санасы жалпы түркілік сипаттан өзгеше болмаған. Отбасында әке мен шеше, ру ішінде рубасы, ақсақалдар, ал қағанатта қаған билігі мен беделі бұлжымас деп мойындалатын. Отбасы – ру – мемлекет біртұтас, халық – әскер біртұтас, бұл ұғымдар түрік халықтарын халық етіп, түркілер құрған үлкенді-кішілі мемлекеттерді мемлекет қылған мықты ұғымдар еді.

VI ғасырдың екінші жартысы немесе VII ғасырдың бас кезінде қарлұқтардың бір бөлігі ба- тыс түрік әскерлері құрамында болып, олардың басшысы «жабғу» лауазымын қабылдаған.

Олардың басқа бөлімдері, бас билеушілері Моңғолиядағы Өтікен жерінде болған көрінеді.

Бұл мәселе төңірегінде өз еңбегінде арнайы тоқталған ғалым З. Қинаятұлы былай дейді:

«Қарлұқ тайпалары одағының көсемі Елте- бер деп аталды. Шығыс және Батыс Түрік қағанаттары шекарасының түйіскен жерінде бо- луы қарлұқ тайпаларының тарихы географиялық жағдайымен байланысты болды. Олар түркі саяси бірлестіктерінің ықпалында болған еді.

682 жылы Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болды. Ежелгі түрік деректері бойынша, 711-712 жылдары түрік қағандары ағайынды Күлтегін мен Могилян ханға қарсы алғаш бас көтергендер қарлұқтар болды. Бұл туралы «Күлтегін» ескерткішінде:

«Күлтегін 27 жасқа келгенде қарлұқтар еркіндік пен бостандығы үшін бізге дұшпан болды», – деп жазылған. 715 жылы Білге қаған мен Күлтегін

«қасиетті Тамаг» тауы етегінде қарлұқтарды жеңді (Қинаятұлы, 2010:193).

VIII ғасырдың орта шенінде қарлұқтар Шығыс және Батыс қағанаттың құлауына әкеп соқтырған саяси оқиғаларға да қатысты. 734 жылы Білге қаған қайтыс болып, Шығыс Түрік қағанаты өзінің құдіретті тірегінен айырылды.

742 жылы қазіргі Моңғолия даласында саяси билік ұйғыр, қарлұқ және қосынды (басмыл) тай- палар одағына өтті. Алғашында басмылдар үстем болды да, олардың көсемі өзін қаған деп жария-

(6)

мен ұйғырлардың біріккен күштері басмылдарға соққы берді. Ішкі Азияда жаңа мемлекеттік бірлестік – Ұйғыр қағанаты (744 – 840) құрылды»

(Кинаятулы, 2007:197). Автор бұдан әрі Ұйғыр қағанатының саяси үстемдігі шығыста Алтайдан Маньчжурия даласына, оңтүстікте Гоби шөліне дейін жетіп, ал 758 жылы Енисей қырғыздары да ұйғырларға бағынғандығын атап өтеді.

Көріп отырғанымыздай, Шығыс және Ба- тыс Түрік қағанаттарының орнын басқан ұйғыр, қарлұқ және басмыл сынды тайпалық одақтар өздерінің алдында болған билеушілердің лау- азымдарын сол қалпында сақтап, билік басына келгенде өздерін де қаған деп жариялады.

Әл-Масуди қарлұқтардың арасынан Афра- сиаб және Ашина әулетінен хандардың ханы (қаған) шыққанын және ол аймақтағы күллі түрік тайпаларының үстінен билік жүргізе ала- тынын мәлімдейді. Ашинаның үрім-бұтағы болу қарлұқ көсемдеріне ескі ябғу лауазы- мын ысырып тастап, жаңа қаған лауазымын қабылдауға мүмкіндік берді. «Ябғу – қарлұқтар патшаларының бұрынғы лауазымы, – деп жаза- ды X ғасырдағы Худуд әл-алам» авторы (Храков- ский, 1959: 213).

Шамамен екі жүз жылға жуық дербес өмір сүрген Түркі (Көк Түрік) қағанаты 745 жылы құлдырап тарих сахнасынан ысырылса да, Түрік атауы деректерінде Түрікмен, орыс деректер- де Торк атымен белгілі бола бастады (Tashagıl, 2004:19). Бұл тулары түрік тарихшысы, про- фессор Ахмет Ташағыл Түркі империясының өлмегендігін, аты тарих сахнасынан кеткенімен де, заты бүгінге дейін жасағандығын дөп ба- сып айтады (Tashagıl, 2011: 415). Автордың ой- ынша, оның түркі қанаттары арасында саяси- этникалық сабақтастық болған. Расында да, түркі қағанаттарының аясына топтасқан тайпа- лар тарихта әртүрлі атауларға ие болып, соған орай олардың құрған мемлекеттерінің де аты өзгеріске ұшырап, алайда заты – этникалық денесі сол күйінше сақталып отырған.

Бір қызығы Қимақ қағанаты басшыла- рының титулдары уақыт өте өзгеріске ұшы-

рап отырды. Бірақ атауы өзгергенімен, негізгі атқаратын қызметі өзгермегенін ескеру ке- рек. Гардизи бойынша Қимақтардың бас- шысы «шад-тұтық» деп аталған. «Шад»

және «тұтық» титулдары көнетүркі ескерт- кіштерінде кездеседі. Б.Е. Көмеков өзінің

«Государство кимаков IX – XI вв. по арабским источникам» атты еңбегінде былай деп баян- дайды: «840 жылы Ұйғыр қағанаты құлаған соң, оған кірген эймюр, баяндур, татар тай- палары қимақ бірлестігіне қосылып кетеді.

Дәл осы кезде қимақ федерациясы пайда бола бас тайды. Қимақ тайпалық одағының құрылуымен ондағы басқару титулдарында да өзгерістер болды. Енді қимақ тайпаларының басшысы «байғу» деген титулға ие болды»

(Кумеков, 1970:116).

Владимир Минорскидің ойынша, «байғу»

термині «жабғудың» өзгеріске ұшыраған түрі (Minorsky, 1970:100). «Жабғу» дәрежесі бой- ынша «шадтан» жоғары тұрды. Бұл дәрежені қарлұқ, оғыз, ұйғыр және тағы басқа түркі тай- палары басшыларында болған.

Х-ХІ ғасырлардағы Қимақтардың басшыла- ры туралы қызықты деректі Ибн әл-Йакубидің түркітілдес тайпалардың және халықтар бөліміндегі жазбаларынан көреміз: «Түркістан және түріктер бірнеше халықтар мен мемле- кеттерге (мамлик) бөлінеді. Олардың ішінде қарлұқ, оғыздар, тоғыз оғыздар, қимақтар түркі тайпаларының ішіндегі ең мықтылары және әрқайсыларының өздерінің мемлекеттері мен өздерінің хандары бар» (Jakubi, 1892:295).

Қимақтарда мемлекеттілік пайда болғаннан бастап (ІХ ғасырдың соңы – Х ғ.) олардың бас- шылары ең жоғарғы түркілердің титулы – қаған деп аталды. Әл-Хорезми былай дейді: «Қаған түріктердің басшысы. Қаған – хандардың ханы, яғни парсылар шах-аншах деп айтатындай, ол басшылардың басшысы». Осыған байла- нысты Б.Е. Көмеков Қимақтардың мемлекет құрылуындағы басшылардың титулдарының синхронды сатылануын келесі кестеде көрсетеді:

(Кумеков, 1970:116).

1-кесте – Қимақ басшылары титулдарының синхронды сатылануы

Қимақтар тайпасы Шад-тұтық

Қимақ тайпалық одағы Жабғу

Қимақ мемлекеті Қаған

(7)

Ортaғaсырлaрдaғы Ортa Aзия түр кі тaйпaлaры ның әлеу мет тік құ ры лы сындaғы сaбaқтaстық мә се ле ле рі

Әл-Идриси қимақ қағаны тек сол патша әулеттен шыққан адам ғана бола алады де- ген дерек қалдырған. Худуд әл-алам еңбегінде қимақтардың басшысы қаған деп аталған және оның қол астында он бір әскербасы (‘amil) болғанын, және олардың енші жерлері (‘amal) олардың балаларына мирас болып берілетіндігі жазылған (Minorsky, 1970:100).

Хакастардың тарихын жазған орыс ғалымы Қызыласов хакастардың басшыларының VI-VII ғғ. деректерде атаулары «Елтебер»,

«ажо», «бек», «қаған» деген титулдарға ие болғанын айтады. VIII ғасырдағы руна жаз- балары халықтардың екі түрін ажыратып көрсетеді: елтебері бар халық (елтеберлік будун) және қағаны бар халық (қағанлық бу- дун). Бұл кездегі мемлекет құраған тайпаның басым бөлігі қырғыздар болған. Сондықтан оның халқы, этникалық алуан түрлілігіне қарамастан, олардың барлығын қырғыз будун (қырғыз халқы) деп, мемлекетін қырғыз жері

деп атаған (Кызыласов, 1993:52).

Бұл кезеңдегі қырғыз тайпасының мемлекет- ке үстемдік жасағанын Н.Я. Бичуриннің келесі жазбаларынан да көре аламыз. Түрік қағаны Қапаған қырғыздардың ханы Барс бекті қаған деп аталуын мойындап және Құтлұқ Елтеріс қағанның қызын оған ұзатуға келіседі. Бұл оқиға Білге Қаған ескерткішінде де жазылған: «Менің ағам-қағанмен бірге... Кетмен үстірті арқылы өтіп қырғыздар мекеніне дейін жеттік. ...Барсбек бол- ды; біз ол кезде оған қаған титулын бердік және оған менің кіші қарындасымды ұзаттық» (Ма- лов, 1951:38-39). Осылайша, Қырғыз мемлекеті Түркі қағанатымен бір деңгейге теңесті. Қырғыз қағаны түрік қағанымен тең дәрежеде болды, екі елдің де билеуші рулары әулеттік неке арқылы бейбіт келісімге келді. Кейіннен Мойын шордың қырғыз елін талқандағаннан кейін Қырғыз мемлекеті Ұйғыр қағанатына тәуелді болады да, қырғыз билеушісі өзінің «Қаған» титулынан ай- ырылады.

2-кесте – В.В. Трепавлов бойынша көшпелі империялардың Жоғарғы билеушілерінің титулдарын салыстыру (Трепавлов, 2015:101)

Мемлекет

Жоғары Билеушісі толық титулы элементтері Көктегі қолдаушысы

болуының көрсеткіші

Этносаяси

анықтамасы Құрметті теңеу Өзіндік

титулы

Ғұн Аспанмен

тағайындалған Ғұндық Ұлы Шаньюй

Түркі Аспан тәрізді немесе аспанмен жаралған

(тағайындалған) Түркі Дана немесе билеуші Қаған

Моңғол Мәңгі аспан күшімен

тағайындалған Ұлы Моңғол

державасы Мұхит Хан

Жоғарыдағы кестеден көретініміз, түркі тайпаларының билеушілерінің титулдары ғұндардан бастап белгілі бір сабақтастықпен ата- лып келген. Орхон деректерінде жиі кездесетін

«Аспанмен жаралған», «Ұлы көк аспан тағайындаған», «Ұлы аспанның қалауымен»

деген, билеушілерді аспанмен теңеген теңеулер бекер кездеспейді. «Аспанның қалауымен, менің басыма бақ қонды, мен қаған болдым (таққа отырдым); ...Қағандарға мемлекет беретін Ұлы көк аспанның өзі ...түркі халықтарының аты өшпесін, даңқы жоғалмасын деп мені қаған етіп тағайындады»; «Ұлы аспан сендерге хан сыйла-

Кеңістікті «кеңдік» мағынасын қарастыратын түрлі терминдермен теңдестіруге қарамастан, мифологиялық кеңістік қанша дегенмен ұйымдастырылған, бөліктерге бөлінген, яғни, құрамдас әрі жиынтықты. Ол «мәдени саланың сакралданған мифтендірілген нысандары»

терминімен белгіленетін архаикалық мәдениет бұйымдарымен толтырылған. Бұлар құдайлар, адамдар және топографиялық бөліктер бо- луы мүмкін. Әдетте, архаикалық кеңістік көлденеңінен шектелмегендіктен, тік құрылымға ие болған. Төрт тараптан тұратын әлем және ғалам кеңістігінің үш дербес құрылымы туралы

(8)

арқылы жалғанып, рөлдерін өзендер, таулар, ағаштар, құстар мен жан-жануарлар ойнай- ды. Бұл үлгіні түркі эпитафиясының мына шумақтары жарқын көрсетеді: «Жоғарыда көк аспан, (ал) төменде қара жер жаратылғанда, олардың ортасында адамзат баласы пайда болған. Адамзат баласының үстінде менің ба- баларым Бумын-қаған (және) Істеми-қаған (патшалық құрған)» (Омарбеков, 2015:5).

Ғұндар бастап түркілерде кездесетін билеушілер титулындағы космогониялық ұқсастықтан аңға- ратынымыз ғұндар мен түркілер идеологиясын- да сабақтастық болған.

Қорытынды

Түркі тайпалары басшыларының титул- дары осылай өзгеріске ұшырап отыруынан қорытынды жасайтын болсақ, сол кездегі мем- лекет ішінде өмір сүріп отырған тайпаның са- яси жағынан, әлеуметтік жағынан қай тайпа

басым болса, сол тайпаның басқару формасы басқарушы мемлекеттің қолданысына енеді.

Көріп отырғанымыздай, V ғасырлардағы көне түркілер мен VIII-XII Орта Азия мем- лекеттері басшыларының титулдары арасын- да байланыс бар. Бұл ортағасырлардағы түркі тайпалары арасында сабақтастық болғанының тағы бір дәлелі.

Түркі мемлекеттері билеушілері белгілі бір принциппен билік басына келіп отырған. Ол – сабақтастық принципі. Сабақтастық қай кезде де үзілмеген. Бұл – тіршіліктің даму заңдылығы.

Көшпенді тіршіліктің ықпалындағы жеке-же- ке тайпалардың белгілі бір кезеңде одақ болып бірігуі негізінде елді басқаруда жаңа бір ұйымдар қалыптастырып, олармен бірге қоғамдық жаңа құқықтар мен жаңа ережелері тәріздес түрлі ка- тегориялар да туып отырған. Соның нәтижесінде қоғам мүшелері жаңа қоғамдық сананың пайда болуына қадам жасайды. Бұның негізі ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан сабақтастық.

Әдебиеттер

1 Ahmet Taşağıl. (2004) Çin kaynaklarına göre eski türk boyları (M. Ö. ІІІ – M.S. Х. ASIR). Ankara.

2 Ahmet Taşağıl (2011). Kazakistan topraklarında ömür süren töles boylarının stratejlik önemi (6-7 yy.lar). ІV Хaлықaрaлық Түркология конгресі. 2011 жыл 13-14 мaмыр. Түркістaн.

3 Minorsky V. (1970) Hudūd al-ʻĀlam; «The regions of the world»; a Persian geography, 372 A.H.-982 A.D. (Book). Vol.

II.London: Luzac.

4 Бичурин Н.Я. (1950) Собрaние сведений о нaродaх, обитaвших в Средней Aзии в древние временa. Т. I. Москвa- Ленингрaд: Aкaдемия нaук СССР.

5 Гумилев Л.Н. (2003) Древние Тюрки. История обрaзовaния и рaсцветa Великого тюркского кaгaнaтa (VI-VIII вв.

н.э.), 2003.

6 Гумилев Л.Н. (1994) Көне түріктер. Aлмaты: Aнa тілі.

7 Древнетюркский словaрь (1969). Редaкторы В.М. Нaделяев, Д.М. Нaсилов, Э.Р. Тенишев, A.М. Щербaк. Ленингрaд:

Нaукa.

8 Йaкуби. Булдaн (1892) Kitabal-Boldanauctore Ahmadibn AbiJacubibn Wadhihai-Katibal-Jacul– BAG, edidit M. J. de- Goeje. Pars VII. Lu,gduni Batavorum.

9 Кинaятулы З. (2007) Преемственность в истории госудaрств кочевников. В кн.: История кaзaхской госудaрственности древность и средневековье. Aлмaты: Aдaмaр. С. 6-32; 10-11.

10 Кумеков Б.Е. (1970) Госудaрство кимaков IX-XI вв. по aрaбским источникaм. Aлмa-Aтa.

11 Кызылaсов Л.Р. (1993) История Хaкaсии, с древнейших времен до 1917 годa. Москвa: Нaукa.

12 Қинaятұлы З. (2010) Шыңғысхaн және қaзaқ мемлекеті. Екі томдық ғылыми зерттеу (моногрaфия). Aлмaты: Тaрих тaғылымы.

13 Қытaй жылнaмaлaрындaғы қaзaқ тaрихының деректері (б.з. 275-840 жж.) (2006) Екінші кітaп. Aлмaты: өнер.

14 Мaлов C.E. (1951) Пaмятники древнетюркской письменности. Тексты и исследовaния. Москвa-Ленингрaд, Издaтельство Aкaдемии нaук СССР.

15 Мелиорaнский П.М. (1899) Пaмятник в честь Кюль-тегинa. ЗВОРAО, Т.12.

16 Мыңжaн Н. (1994) Қaзaқтың қысқaшa тaрихы. Aлмaты: Жaлын.

17 Ортa Aзия көшпелілері өркениетінің тaрихы: Т. II. Ортa Aзия көшпелілерінің дәстүрлі мәдениеті: негіздері және тaрихи сaбaқтaры (2015). Жaуaпты ред., Т. Омaрбеков. Aлмaты: Қaзaқ университеті.

18 Сaлғaрaұлы Қ. (1999) Түріктер (Тужиө). Жыужәндaр. Aлмaты: Сaнaт.

19 Трепaвлов В.В. (2015) Степные империи Еврaзии: Монголы и тaтaры. Москвa: Квaдригa.

20 Хaбижaновa Г.Б. (2003) Теле и телеу: этнические гипотезы //Aлaш: историко-этнологический нaучный журнaл.

№1(4). Aлмaты, 2003. С. 92-105.

21 Хрaковский В. (1959) Шaрaф aз-зaмaн Тaхирa aл-Мaрвaзи. Глaвa о тюркaх. Труды секторa востоковедения AНКaз.

ССР, т. 1. Aлмa-Aлмa.

(9)

Ортaғaсырлaрдaғы Ортa Aзия түр кі тaйпaлaры ның әлеу мет тік құ ры лы сындaғы сaбaқтaстық мә се ле ле рі

References

1 Ahmet Taşağıl. (2004) Çin kaynaklarına göre eski türk boyları (M. Ö. ІІІ – M.S. H. ASIR). Ankara.

2 Ahmet Taşağıl (2011). Kazakistan topraklarında ömür süren töles boylarının stratejlik önemi (6-7 yy.lar). ІV Halyқaralyқ Tүrkologija kongresі. 2011 zhyl 13-14 mamyr. Tүrkіstan.

3 Minorsky V. (1970) Hudūd al-ʻĀlam; «The regions of the world»; a Persian geography, 372 A.H.-982 A.D. (Book). Vol.

II.London: Luzac.

4 Bichurin N.Ja. (1950) Sobranie svedenij o narodah, obitavshih v Srednej Azii v drevnie vremena. T. I. Moskva-Leningrad:

Akademija nauk SSSR.

5 Gumilev L.N. (2003) Drevnie Tjurki. Istorija obrazovanija i rascveta Velikogo tjurkskogo kaganata (VI-VIII vv. n.je.), 2003.

6 Gumilev L.N. (1994) Kөne tүrіkter. Almaty: Ana tіlі.

7 Drevnetjurkskij slovar’ (1969). Redaktory V.M. Nadeljaev, D.M. Nasilov, Je.R. Tenishev, A.M. Shherbak. Leningrad: Nau- ka. 8 Jakubi. Buldan (1892) Kitabal-Boldanauctore Ahmadibn AbiJacubibn Wadhihai-Katibal-Jacul– BAG, edidit M. J. deGoeje.

Pars VII. Lu,gduni Batavorum.

9 Kinajatuly Z. (2007) Preemstvennost’ v istorii gosudarstv kochevnikov. V kn.: Is-torija kazahskoj gosudarstvennosti drevnost’ i srednevekov’e. Almaty: Adamar. S. 6-32; 10-11.

10 Kumekov B.E. (1970) Gosudarstvo kimakov IX-XI vv. po arabskim istochnikam. Alma-Ata.

11 Kyzylasov L.R. (1993) Istorija Hakasii, s drevnejshih vremen do 1917 goda. Moskva: Nauka.

12 Қinajatұly Z. (2010) Shyңғyshan zhәne қazaқ memleketі. Ekі tomdyқ ғylymi zertteu (monografija). Almaty: Tarih taғylymy.

13 Қytaj zhylnamalaryndaғy қazaқ tarihynyң derekterі (b.z. 275-840 zhzh.) (2006) Ekіnshі kіtap. Almaty: өner.

14 Malov C.E. (1951) Pamjatniki drevnetjurkskoj pis’mennosti. Teksty i issledovanija. Moskva-Leningrad, Izdatel’stvo Aka- demii nauk SSSR.

15 Melioranskij P.M. (1899) Pamjatnik v chest’ Kjul’-tegina. ZVORAO, T.12.

16 Myңzhan N. (1994) Қazaқtyң қysқasha tarihy. Almaty: Zhalyn.

17 Orta Azija kөshpelіlerі өrkenietіnің tarihy: T. II. Orta Azija kөshpelіlerіnің dәstүr-lі mәdenietі: negіzderі zhәne tarihi sabaқtary (2015). Zhauapty red., T. Omarbekov. Almaty: Қazaқ universitetі.

18 Salғaraұly Қ. (1999) Tүrіkter (Tuzhiө). Zhyuzhәndar. Almaty: Sanat.

19 Trepavlov V.V. (2015) Stepnye imperii Evrazii: Mongoly i tatary. Moskva: Kvadriga.

20 Habizhanova G.B. (2003) Tele i teleu: jetnicheskie gipotezy //Alash: istoriko-jetnologicheskij nauchnyj zhurnal. №1(4).

Almaty, 2003. S. 92-105.

21 Hrakovskij V. (1959) Sharaf az-zaman Tahira al-Marvazi. Glava o tjurkah. Trudy sektora vostokovedenija ANKaz.SSR, t. 1.

Alma-Alma.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Несмотря на диверсификацию путей и механизмов обеспечения безопасности, по мнению боль- шинства специалистов, военно-политическое сотрудничество стран

Түркі тілдес халықтар тарихының даму барысын игеру; - көтеріліп отырған мəселе арқылы негізгі ғылыми əдебиеттерді меңгеруге көмектесу; - студенттерге

Түркі тілдес халықтар тарихының даму барысын игеру; - көтеріліп отырған мəселе арқылы негізгі ғылыми əдебиеттерді меңгеруге көмектесу; - студенттерге

басыншақ-жасқаншақ; бағырсақ — бауырмал. Қазіргі түркі тілдерінде сапалық сындардың күшейту тəсілдері бір-біріне ұқсайды. Есімдерге жұрнақтар

Сондай-ақ сөздіктің араб және мәмлүк-қыпшақ (түркі, қыпшақ неемсе ескі қыпшақ) тілдерінен қазақ тіліне аударылуы арқылы қазіргі түркі

Қазіргі түркі тілдерінде ата сөзі əзербайжан, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, ұйғыр тілдерінде көне түркі тілімен ұштасып ата

Суй империясының күшейе отырып, өз сыртқы саясатын белсенді жүргізуі, Шығыс Цинхай, Тайван жерлерін басып алып, шығыс және батыс қанатқа бөлінген

Үшіншіден, Жошы Ұлысында түркі халықтарының тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз еткен және олардың Алтын Орда тәрізді Ұлы мемлекетін тарих