• Медленный ученик. Учителя должны убедиться в том, что наименее успевающие учащиеся не представят худший доклад группы. Если это происходит, опыт данного метода может иметь неприятные последствия. Чтобы справиться с этой проблемой, создаются
«экспертные» группы. Перед тем как представить доклад своей группе, каждый ученик входит в экспертную группу, состоящую из других учеников, которые подготовили доклад по этой же теме. В экспертной группе учащиеся имеют возможность обсудить свой доклад и изменить его на основе предложений других членов их группы экспертов. Также, преподаватели могут тщательно контролировать группы экспертов, чтобы убедиться, что каждый ученик имеет полный доклад, который представит своей группе.
Резюме. Таким образом, мы выяснили, что применение данного метода на уроках английского языка в школе способствуют улучшению коммуникативных навыков.
Основным преимуществом успешной активизации и вовлечения в учебный процесс учащихся достигается посредством групповой работы, но для получения более эффективных результатов преподавателю необходимо проводить мониторинг мини-групп с целью выявления проблем и вопросов, возникающих при выполнении заданий.
Литература:
1. Aronson, E. (2000-2008). Jigsaw Classroom: Overview of the technique.
2. Slavin, Robert E., 1990, Cooperative Learning. New Jersey: Prentice-Hall.
3. Group problem solving process: Social interactions and individual actions.
JournaloftheLearningSciences, 17(3), 415-463.
4. Ross, J. & Smythe, E.(1995). Differentiating cooperative learning to meet the needs of gifted learners: A case for transformational leadership. Journal for the education of the Gifted, 19, 63-82.
Ыбытаева А.К., академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, педагогика факультеті, ДФ – 31 тобы, студент
(Ғылыми жетекшісі – п.ғ.м. аға оқытушы ЖусупбековаЗ.Д.)
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі – білім. Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларына республика тұрғындарының барлығының бірдей сапалы білім алудағы, азаматтардың зият дамуы мен психикалық – физиологиялық жəне жеке ерекшеліктеріне сəйкес білімге қолжетімділікпен қамтамасыз етілу теңдігі жатады.
Инклюзивті білім беру – барлық адам үшін сапалы білімге қол жеткізу жағдайларын туғызуға бағдарланған білім беру жүйесіндегі трансформациялық үдерістердің бірі.
Инклюзивтік білім беру – білім алу қажеттіліктері ерекше балалардың физикалық, психикалық, зияткерлік, мəдени – этникалық, тілдік жəне басқа да ерекшеліктеріне қарамастан оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу, сапалы білім алу мен əлеуметтік бейімделу жəне қоғамға интеграциялану кедергілерін жою [1, 8 б.].
Қазақстан республикасы Президентінің 07.12.2010 жылға №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырды. Алғаш рет Қазақстан Республикасы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды əлеуметтік жəне дəрігерлік-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы Заң қабылдады. Заңның 15 бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негізде техникалық кəсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру бағдарламасына сəйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқы қарастырылған.
Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы - Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Аталған құжатта бұл 2020 жылға қарай 3030 мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуы мен тəрбиеленуіне қажетті тең дəрежелі қолжетімді жағдайлар туғызылады (мектептер психолог – педагогтармен қамтамасыз етіледі, оқушыларға психологиялық – педагогикалық қолдау жасау жұмысы қолға алынады, арнайы компенсаторлық индивидуальды техникалық құралдармен жабдықталады); республикадағы барлық мектептің 70 %-ы инклюзивті білім беру жағдайына көшеді; мүгедек оқушыларға
«кедергісіз орта» туғызған мектептер үлесі – 20 %-ды құрайды» - делінген [2].
Қазақстан бойынша ақпарат көздерінен жинақталған статистикалық мəліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда біздің еліміздеарнайы білім беретін мекемелер саны төмендегідей көрсеткішті көрсетуде.
Кесте 1
Арнайы мекеме Арнайы мекеме саны Мүмкіндігі шектеулі балалар саны
Арнайы бала-бақша/арнайы топтар
39/315 15 мың
Арнайы мектеп/ арнайы сыныптар
106/1219 26 мың
Колледж 178 3 мың
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдауды орталықтарының көрсеткіштеріне талдау жасар болсақ, елімізде 17 реабилитациялау орталықтары, 133 психологиялық-педагогикалық коррекциялау кабинеттері, мектеп жанындағы 558 логопедиялық пунктері көрсетуде.
Республикада 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 138 513 бала бар, ол барлық балалар санының 2,8 % құрайды. Соның ішінде, мектеп жасындағы балалар саны - 93 740 бала, мектеп жасына дейінгі - 44 773 бала.
Арнайы оқу бағдарламасы бойынша 62 мыңға жуық қатысушы , мектепке дейінгі арнайы бағдарлама бойынша - 27 мыңнан астам бала білім алуда.
Жалпы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде білім берудің 2 жүйесін: жалпы жəне арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама- қайшы қоймай, қайта жақындатады.
Саламан Декларациясына сəйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері төмендегідей:
- Əрбір бала білім алуға құқылы жəне оны алуға тиіс.
- Əрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері жəне оқуға деген мұқтаждықтары болады.
- Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті.
3. Əрбір адам қарым – қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір – біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым – қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы – құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Əрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыру.
8. Жан – жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға жəне білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациялық процестердің «кристалдану орталығы» болуы тиіс [1, 9-10 б.].
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық жəне жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде əрбір оқушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі–оқытудың əдіс – тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне жаңа технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру жəне жұмыс істеу болып табылады[3, 3 - 5 б.].
Компьютерлік технологиялардың дамуы қоғамды жылдам өрістеп жатқан интеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудың ауқымды проблемасымен бетпе-бет келтіріп отыр.Бұл проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мəдениетті де, білім беру қызметін де, өндірісті де түгел қамтиды. Ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз керек. Ол - жалпы білім беретін мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалық жəне сенсорлық даму деңгейлері бойынша бір текті еместігі. Əсіресе оқу мекемелеріне келуге дəрмені жоқ, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар, сондай-ақ мүгедек балалардың жағдайы айрықша назар аударуды талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу, əлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі əлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда ақпараттық технологияның барлық мүмкіндігін пайдаланған жөн.Мектеп алдында мынадай міндет тұр:оқушылардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай əлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру.[4, 15-16 б.].
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына электронды білім беру, қашықтықтан оқыту жүйесі де жол ашады. 2011 жылдан бері мемлекеттік бағдарлама аясында, үйінде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады. Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақта мен манипуляторлар, есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоноы бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде принтерлер мен Брайль дисплейлері, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары жəне тағы басқалары аса маңызды.
Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника жəне құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.
Республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95%, білім беру арнайы мекемелерінің 41% логопедтік жаттықтырғыштармен, 37% -есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған.
Қазіргі кезде мектептерде жаңа үрдіске сай жеке компьютерлер, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиа кабинеттері ашылды.Арнайы мектептердің 20%-ында интерактивті тақталар орнатылған. Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуде аса маңызды құрал.
Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Барлық пəндер бойынша бағдарламаға сай тақырыптық DVD, CD-ROМ дискаларымен қамтамасыз етілген. Мультимедияның əдістемелік күші оқушыны бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс жəне музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл
Ре по зи то ри й Ка рГ У
мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен əлдеқайда тиімді, əрі əсерлі. Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген.
Яғни, оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% жəне көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио жəне видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуальдық, рухани азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді.
Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нəтижелер:
- Ұсақ қол моторикасын дамытудың бір əдісі;
- Көзбен тікелей көру арқылы тақырыпты тез түсінуге мүмкіндік алады;
- Өзіндік ізденіс, өзіндік ойлау жүйесінің дамуына əсері мол;
- Оқу материалын жеңіл меңгертуге оң ықпал етеді;
- Фонематикалық қабылдауының дамуына көмектеседі;
- Оқуға деген белсенділігі мен қызығушылығы артады;
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
- оқушылардың естесақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлауқабілеттерін дамытады;
- оқу материалдарын жиі қайталау шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
- өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоцианалдық сезімдеріне əсер етеді;
- іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
- өнерге деген эстетикалық белсенділікке баға беруге талпындырады [5, 37 б.].
Мүмкіндігі шектеулі балалармен өткізілетін əрбір сабақты балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет. Қызығу танымдық іс – əрекеттің қозғаушы күші. Оқушыларда танымдық қызығуды қалыптастырудың үш жағдайы бар:
1. Оқытудың мазмұны, оның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары.
2. Оқушының таным əрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын жəне əдістерін жетілдіру.
3. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынасы, сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.
Оқыту құралдары ретінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеу тəсілдері əртүрлі: топпен, жеке, сыныппен. Белгілі ғалымдар Ж. Пиаже («Психогенездік білім» 1961)жəне Л.С.Выготский («Оқыту үрдісінде балалардың ақыл-есінің дамуы» 1935) ұйымдастырылған жаңа білімге немесе жаңа əрекетпен оқыту бойынша қызмет жағдайында ғана педагогтар оқыту үрдісін тиімді дамытуына үміт артатындығын өзінің жұмыстарында жазды. Демек кез-келген оқыту, тек білім беруден басқа түзете-дамыту жұмыстары болатын көрнекті-тəжірибелік сиқырлы іс-əркет, ол виртуалдық іс-əрекет деңгейіндегі интерактивті технологияларды-компьютерлік ойындарды қолдану болып табылады. Сабақта түрлі əдіс- тəсілдерді қолдану мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық, эмоционалдық, коммуникативтік дамуын жетілдіруге үлесінің зор екендігі практика жүзінде жүргізілген жұмыстардың нəтижесінен көруге болады [6, 15 б.].
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:
• Əдістемелер арқылы іс-əрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды əрекеттері дамып, қалыптасады;
• Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;
• Психологиялық интерактивті жаттығулар, əдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;
• Дəстүрлі əдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы көрсетілген көрнекі-
Ре по зи то ри й Ка рГ У
жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық- эмоционалды сферасы жағынан тиімділігін қарастырсақ:
- Ақпараттық технологияларды қолдануда тиімді интерактивті əдістерді пайдаланып, мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттыру;
- Релаксациялық-медитациялық жаттығуларда ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі психологиялық ахуалдарын тұрақтандыру;
- Вербальді емес психологиялық сферасын тұрақтандырып, қалыптылыққа негіздеп, дамыту;
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың коммуникативтік сферасын дамыту жағынан тиімділігін қарастырсақ:
• Қоршаған ортамен, ұжыммен, топпен жұмыстанып, бірлесе əрекет жасау;
• Вербальді, вербальді емес қарым-қатынасын түзете- дамытып, ортада өз «Менін»
қалыптастыру [7, 10-12б.].
Арнайы мамандардың, түзете дамыта оқыту сынып жетекшілерінің ақпараттық технологияны үнемі сабақтарында қолданып отыруының нəтижесінде оқушылардың жыл сайын жалпы сыныптарға ауыстырып, əлеуметтендірудің жағдайы жақсы жолға қойылып келеді. 2014-2015 оқу жылында жалпы мектеп бойынша 40 бала тіркелсе, оқу жылының аяғында 5 оқушы тіркеуден шығарылды. 2015-2016 оқу жылында 2 түзете дамыта оқыту сыныбына екі оқушы тіркеліп, 3 сыныптан 1 оқушы жалпы сыныпқа ауыстырылды. Жалпы мектеп бойынша дамуында кедергісі бар 64 оқушы болса, оның 6 оқушысы тіркеуден шығарылды.
Қорытакелгенде,инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пəндер бойынша бағдарламаларын құрастырып, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігі тиетіні белгілі. Инклюзивті оқытуда мұғалім жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігіның зор екендігін заман таладыбы дəлелдеп отыр. Осы игерілген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану аясын арнайы білім беру мақсатында да қолдануға бейімдесек, толыққанды білімділікке қол жеткізер едік.
Əдебиеттер:
1. Тебенова Қ.С. , Айтжанова Р.М., Рымханова А.Р. Педагог мамандарды инклюзивті білім беру жүйесіне даярлау. Қарағанды. 2016 ж. – 8 - 10 б.
2. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
3. К.Ж. Бұзаубақова. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Тараз. 2014ж. - - 3 – 5 б.
4. «Мектептегі психология» журналы, №10, 2013ж. – 15 – 16 б.
5. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж. -37 б.
6. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007. – 15 б.
7. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008. – 10 – 12 б.