• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Legal basis of development of the market of venture financing in the Republic of Kazakhstan

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Legal basis of development of the market of venture financing in the Republic of Kazakhstan"

Copied!
26
0
0

Толық мәтін

(1)
(2)

ISSN (Print) 2616-6844 ISSN (Online) 2663-1318

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК

Евразийского национального

университета имени Л.Н. Гумилева

BULLETIN of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ҚҰҚЫҚ сериясы LAW Series Серия ПРАВО

№ 3(128)/2019

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2019

Nur-Sultan, 2019

Нур-Султан, 2019

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Бас редакторы

Заң ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимов Ж. И. (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Абдрасулов Е. Б. з.ғ.д., профессор (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Аничкин Е. С. з.ғ.д., доцент (Россия)

Редакция алқасы

Абайдельдинов Е.М. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Абдилов Қ.С. PhD (Қазақстан)

Ақпанов А.Н. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Амандыкова С.К. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бабкина Е.В. з.ғ.к., доцент (Беларусь)

Баймаханов М.Т. з.ғ.д., проф., академик (Қазақстан) Балтабаев К.Ж. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Бурибаев Е.А. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бусурманов Ж.Д. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Винниченко О.Ю. з.ғ.д., проф. (Ресей) Исполинов А.С. з.ғ. к., проф. (Ресей)

Коняхин В.П. з.ғ.д., проф. (Ресей)

Коробеев А.И. з.ғ.д., проф. (Ресей) Мукашева А.А. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нургалиева Е.Н. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Сарсенова С.Н. з.ғ.к, доцент (Қазақстан) Тлепина Ш.В. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Томас Давулис з.ғ.д., проф. (Литва) Рейн Мюллерсон з.ғ.д., проф. (Эстония)

Трунк А. з.ғ.д., проф. (Германия)

Хасенов М.Х. PhD (Қазақстан)

Турлуковский Я. з.ғ.к., проф. (Польша)

Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Қ.Ж. Жұмабекова

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 402 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-357) E-mail: vest_law@enu.kz

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқық сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК 27.03.18 ж. № 16992-Ж-тіркеу куәлігімен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 20 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі,13/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31-357)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(4)

Editor-in-Chief

Doctor of Juridical Sciences, Professor Ibragimov Zh.I. (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Abdrassulov E.B. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Anichkin E.S. Doctor of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Russia)

Editorial board

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan)

Abdilov K.S. PhD (Kazakhstan)

Akhpanov А.Н. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Amandykova S.K. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Babkina E.V. Сan. of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Belarus) Baymakhanov M.T. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Academician

(Kazakhstan)

Baltabayev K.Zh. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Buribaev E.A. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Busurmanov Zh.D. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Vinnichenko O.Yu. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Russia) Ispolinov A.S. Сan. of Juridical Sciences, Prof. (Russia) Konyakhin V.P. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Russia) Korobeyev A.I. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Russia) Mukasheva A.A. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Nurgaliyeva E.N. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Sarsenova S.N. Сan. of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Tlepina Sh.V. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Tomas Davulis Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Lithuania) Rain Mullerson Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Estonia) Trunk A. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Germany) Khasenov M. Kh. PhD (Kazakhstan)

Turlukovsky Ya. Сan. of Juridical Sciences, Prof. (Poland) Responsible secretary, computer layout: K.Zh. Zhumabekova Editorial address: 2, К.Satpayev str., of.402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-357) E-mail: vest_law@enu.kz

Bulletin of the L.N.Gumilyov Eurasian National University. Law Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of information and communication of Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No. 16992-Ж from 27.03.2018 Periodicity: 4 times a year

Circulation: 20 copies

Address of printing house: 13/1 Kazhymukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008;

tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31-357)

© L.N. Gumilyov Eurasian National University

(5)

Главный редактор Доктор юридических наук, проф.

Ибрагимов Ж. И. (Казахстан)

Зам. главного редактора Абдрасулов Е. Б. д.юр.н., проф. (Казахстан) Зам. главного редактора Аничкин Е. С. д.юр.н., доцент (Россия)

Редакционная коллегия

Абайдельдинов Е.М. д.юр.н., проф. (Казахстан)

Абдилов К.С. PhD (Казахстан)

Амандыкова С.К. д. юр.н., проф. (Казахстан) Ахпанов А.Н. д.юр.н., проф. (Казахстан) Бабкина Е.В. к.юр.н., доцент (Белоруссия)

Баймаханов М.Т. д.юр.н., проф., академик (Казахстан) Балтабаев К.Ж. д.юр.н., проф. (Казахстан)

Бурибаев Е.А. д.юр.н., проф. (Казахстан) Бусурманов Ж.Д. д.юр.н., проф. (Казахстан) Винниченко О.Ю. д.юр.н., проф (Россия) Исполинов А.С. к.ю.н., проф. (Россия) Коняхин В.П. д.юр.н., проф. (Россия) Коробеев А.И. д.юр.н., проф. (Россия) Мукашева А.А. д.юр.н., проф. (Казахстан) Нургалиева Е.Н. д.юр.н., проф. (Казахстан) Сарсенова С.Н. к.юр.н., доцент (Казахстан) Тлепина Ш.В. д.юр.н., проф. (Казахстан) Томас Давулис д.юр.н., проф. (Литва) Рейн Мюллерсон д.юр.н., проф. (Эстония)

Трунк А. д.юр.н., проф. (Германия)

Хасенов М.Х. PhD (Казахстан)

Турлуковский Я. к.юр.н., проф. (Польша)

Ответственный редактор, компьютерная верстка: К.Ж. Жумабекова Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 402

Тел.: +7(7172) 709-500 (вн. 31-357) E-mail: vest_law@enu.kz

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева. Серия: Право Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций Республики Казахстан.

Регистрационное свидетельство № 16992-Ж от 27.03.18 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 20 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: +7 (7172) 709-500 (вн.31-357)

(6)

Мазмұны

Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық

Аничкин Е.С. Ресей Федерациясы мен Орта Азия елдерінің конституциялық құқығының

ортақтығы 8

Ибрагимов Ж.И., Жексекин А.К. Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесін

жетілдірудің мәселелері 14

Қапсәлямов Қ.Ж., Қапсәлямова С.С., Аккулов Р.Т. Орталық Азия мен Қазақстанның ба- лалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастығы және даму перспектива- лары

23

Құсайынов А.А. Жоғары білім берудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі 31 Нұрмағамбетов А.М., Нұрмағамбетова С.Б. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде сот прецедентін қолданудың құқықтық мәселелері 42

Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық құқық

Абдраманова Н.Қ. 2010-2018 жылдарындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы қылмыстың және латентті қылмыстың статистикалық көрсеткіштерін талдау 54 Абулкаирова Б.Т. Бала ауыстыруды субъективтік жақ бойынша саралау 64 Баймолдина С.М. Сыбайлас жемқорлық теріс әлеуметтік құбылыс ретінде 76 Бапанова Т.Т. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар жөніндегі нормалар бәсекелестігінің мәселелері 85 Орсаева Р.А., Сулейменов А. С. Педофилия: алдын-алу және жазалау мәселелері (жас балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтарды қылмыстық-құқықтық саралау) 92 Сембекова Б.Р., Шайхаденов Р.Н. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері (практика- лық қызметкерлерге жүргізілген сауалнама негізінде)

105

Азаматтық құқық

Уткельбаева З.И. Ислам құқығындағы мұрагерлік құқық және оның басқа құқық жүйе-

лерінен айырмашылығы 114

Еңбек құқығы

Есиркепова М.М., Анарова Р.М. Қазақстан Республикасындағы еңбек кемсітушілі-

гін құқықтық реттеу 127

Қаржы құқығы

Кусаинова Л.И., Ахметова Г.И. Қазақстан Республикасында венчурлік қаржыландыру

нарығы дамуының құқықтық негіздері 137

Халықаралық құқық

Тлепина Ш.В. Адамның азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтары сала- сындағы халықаралық-құқықтық нормаларды Қазақстан Республикасында заңнамалық қамтамасыз ету

145

(7)

Contents

The theory of the state and the law, the constitutional law

Anichkin E.S. Commonality of constitutional law of the Russian Federation and Central Asian

countries 8

IbragimovZh.I., Zheksekin A.K. Problems of improving the law – makingprocess in the

Republic of Kazakhstan 14

Каpsalyamov K.Zh., Каpsalyamovа S.S., Аkkulov R.T. Regional cooperation and prospects for the development of Central Asia and Kazakhstan in the field of children’s rights 23

Kussainov A. A. Corruption risks in higher education 31

Nurmagambetov A.M., Nurmagambetova S.B. Legal problems of application of judicial

precedent in the legal system of the Republic of Kazakhstan 42

Criminal and criminal procedural law

Abdramanova N.K. Analysis of statistical crime indicators in the territory of the Republic of Kazakhstan for the period from 2010 to 2018. and latent crime 54 Abulkairova B.T. Qualification of substitution of the child by the mens rea 64 Baimoldina S. M. Corruption as a negative social phenomenon 76 Bapanova T.T. Issues of competition rules on aggravating and mitigating circumstances of

criminal liability and punishment 85

Orsaeva R. A., Suleimenov A. S. Domestic criminal rejection of man: the problem of pedophilia and punishment for them (criminal law qualification of violence against young child) 92 Sembekova B.R., Shaikhadenov R.N. Issues of improvement of the Criminal procedure legislation of the Republic of Kazakhstan at the stage of pre-trial investigation (based on the analysis of the survey of existing practitioners)

105

Civil law

Utkelbayeva Z.I. Inheritance law in Islamic law and its difference from other legal systems 114 Labor law

Yessirkepova M.M., Anarova R.M. Legal regulation of labor discrimination in the Republic of

Kazakhstan 127

Financial law

Kussainova L.I., Akhmetova G.I. Legal basis of development of the market of venture financing

in the Republic of Kazakhstan 137

International law

Tlepina Sh.V. Legislative support of international legal norms in the field of civil and political

human rights and freedoms in the Republic of Kazakhstan 145

(8)

Содержание

Теория государства и права, конституционное право

Аничкин Е.С. Общность конституционного права Российской Федерации и стран

Центральной Азии 8

ИбрагимовЖ.И., Жексекин А.К. Проблемы совершенствования законодательного про-

цесса в Республике Казахстан 14

Капсалямов К.Ж., Капсалямова С.С., Аккулов Р.Т. Региональное сотрудничество и пер- спективы развития Центральной Азии и Казахстана в области защиты прав детей 23 Кусаинов А.А. Коррупционные риски в сфере высшего образования 31 Нурмагамбетов А.М., Нурмагамбетова С.Б. Правовые проблемы применения судебно-

го прецедента в правовой системе Республики Казахстан 42

Уголовное и уголовно-процессуальное право

Абдраманова Н.К. Анализ статистических показателей преступности на территории

Республики Казахстан за период с 2010 по 2018 гг. и латентная преступность 54 Абулкаирова Б.Т. Квалификация подмены ребенка по субъективной стороне 64 Баймолдина С.М. Коррупция как негативное социальное явление 76 Бапанова Т.Т. Вопросы конкуренции норм об отягчающих и смягчающих обстоятель-

ствах уголовной ответственности и наказания 85

Орсаева Р.А., Сулейменов А.С. Педофилия: предупреждение и проблемы наказания (уго- ловно-правовая квалификация насилия против малолетних детей) 92 Сембекова Б.Р., Шайхаденов Р.Н. Вопросы совершенствования Уголовно-процессуаль- ного законодательства Республики Казахстан в стадии досудебного расследования (на основе анализа опроса действующих практических работников)

105

Гражданское право

Уткельбаева З.И. Наследственное право в исламском законодательстве и его отличие от

других правовых систем 114

Трудовое право

Есиркепова,М.М., Анарова Р.М. Правовое регулирование трудовой дискриминации в

Республике Казахстан 127

Финансовое право

Кусаинова Л.И., Ахметова Г.И. Правовые основы развития рынка венчурного финанси-

рования в Республике Казахстан 137

Международное право

Тлепина Ш.В. Законодательное обеспечение международно-правовых норм в области гражданских и политических прав и свобод человека

в Республике Казахстан

145

(9)

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Право

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Law Series

№3 (128)/2019

137

ХҒТАР 10.63.01

Кусаинова Л.И., Ахметова Г.И.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,Актөбе, Қазақстан

(E-mail: l.i.kusainova@mail.ru, asgudi@mail.ru)

Қазақстан Республикасында венчурлік қаржыландыру нарығы дамуының құқықтық негіздері

Аңдатпа. Мақалада венчурлік қаржыландырудың, нақты инновациялық компанияның, вен- чурлік қорлар мен венчурлық басқарушылардың мәні ашылады. ҚР-ғы венчурлық қорлардың қы- зметі көрсетілді. Венчурлік қаржыландыру механизмін жеңілдету мақсатында венчурлық қорлар- дың шартын қолданудың ерекшелігі анықталды. Акционерлік қоғамдар нысанындағы венчурлік қорларды қалыптастыру кезінде инвестициялық жобаларға инвестициялар тәуекелдерін төмендету мақсатында акционерлік Келісімнің мәні мен оны қолдану ерекшеліктері ашылады. Акционерлік қоғам нысанындағы венчурлік қорларды қалыптастыру кезінде инвестициялық жобалардағы тәуе- келдерді төмендету мақсатында акционерлік келісім-шарттың мәні мен оны қолдану ерекшеліктері ашылды. Венчурлік қордың активтерін тиімді пайдалану үшін опциондық шарттарды қолдану теті- гі көрсетілді. Осылайша, венчурлік қаржыландыру бойынша қабылданған жаңа нормативтік-заңна- малық актілер мониритарлық инвесторларды қорғауға ғана емес, сонымен қатар венчурлік қаржы- ландыру нарығын одан әрі дамытуға объективті ықпал етеді.

Түйін сөздер: Венчурлік қаржыландыру, венчурлік қор, венчурлік басқарушы, акционерлік келісім, опциондық шарт.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-6844-2019-128-3-137-144 Инвестициялық жобалардағы тәуекелді инвестициялардың құқықтық қатынастары мен венчурлік қаржыландыру нарығының дамуы кез-келген мемлекеттің миноритарлы инвесторларды қорғау мақсатындағы өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Мұндай сұрақтардың шешусіз қалуы кәсіпкерлік ортаның бәсеңдеуіне, сонымен бірге кәсіпорын- дардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейіне және шетелдегі интеллектуальдық ресурстардың азаюына заң тұрғысынан әсер етеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «сандық және басқа да инно- вациялық шешімдерді әзірлеушілердің өзіндік экожүйесін дамыту маңызды мәселе болып отыр. Инновациялық экожүйе табысының негізгі факторлары нақты сектор тарапынан жаңа технологияларға сұранысты ынталандыру және венчурлік қаржыландырудың жеке нарығының жұмыс істеуі болып табылады. Бұл үшін тиісті заңнама қажет» – [1] деп атап көрсеткен болатын. Нәтижесінде кейбір заңнамалық актілерге венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының Тұжы- рымдамасы әзірленді.

Қазақстан Республикасында венчурлік қорлардың қызметі мен құқықтық ереже- лерінің ерекшеліктері алғаш рет ашылуда және патенттік құқықты, зияткерлік меншікті

Қаржы құқығы Financial law Финансовое право

(10)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Құқық сериясы

№3 (128)/2019

138

жақсартуға бағытталған венчурлік қаржыландыруды дамыту жөніндегі нормативтік-заңна- малық актілерге өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша ҚР – да қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділі- гінің төмендігі атап өтіліп және ол 9,3% – ды құрайды, бұл ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсет- кіштерінен орташа 5-7 есе аз (салыстыру үшін Швецияда бұл көрсеткіш 57% – ды, Герма- нияда – 70% - ды, Финляндияда-46% - ды, Австрияда-70% - ды, Ұлыбританияда-62% - ды құрайды). Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде Қазақстан «Инноваци- ялық әлеует» индикаторы бойынша 84-орынды, ал «Венчурлік капиталдың қолжетімділі- гі» қосалқы факторы бойынша 102 - орынды иеленеді [2].Түзетулер Кәсіпкерлік Кодекс пен келесідей ҚР заңдарына енгізілген: « ҚР инвестициялық және венчурлік қорлар тура- лы», «ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы»,

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы»,

«Акционерлік қоғам туралы»,. Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»,» Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы»,» Тауар таңбалары және қызмет көрсету таңбалары туралы», «Ақпараттандыру туралы».

Аталмыш өзгертулер венчурлық қаржыландыру, нақты инновациялық компания, вен- чурлық қор түсініктерінің мәнін кеңірек ашуға мүмкіндік берді. Осыған орай бұл заңдар жеке венчурлік капитал нарығын ынталандыруға, индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын дамытуға және венчурлық қаржыландыру аясында қазіргі халықаралық тәжірибені есепке ала отырып инновациялық белсенділікті арттыруға бағыт- талған.

Венчурлік қаржыландыру дегеніміз – бұл индустриальды-инновациялық қызмет субъектілерін қаржыландырумен байланысты қызметтің айрықша түрі болып саналатын инновациялық қызмет, яғни олардың жарғылық капиталына инвестициялар, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға борыштық қаржыландыруды ұсыну жолымен қаржыландыруға байланысты қызмет түрі [3]. Яғни венчурлік қаржыландыру – бұл иннова- цияны әзірлейтін стартаптарға инвестициялар. Қаражатты қайтарудың қандай да бір кепіл- дігін болжайтын қарапайым инвестициялардан айырмашылығы венчурлік қаржыландыру кезінде жобаның сәтсіздігіне байланысты инвестицияларды жоғалтудың әрқашан жоғары ықтималдығы бар. Инвестор ең табысты салымдардан жоғары қайтарым есебінен пайда алады. Сонымен бірге шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын жеке кәсіп- кер немесе заңды тұлға ретіндегі Стартап-компания мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағыт- талған ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының қатысуымен құрылған;

- жаңа өнім түрлерін ойлап табатын немесе бар өнімдерді (тауарлар, қызметтері, тех- нолгиялар, бағдарламалық қамтамасыз етулер) жетілдіретін[4].

Еліміздегі венчурлік қаржыландыру жағдайы туралы нақты статистика табу қиын.

Алайда, бұл салада ҚР-да бірнеше жеке компаниялар мен мемлекеттік даму институттары жұмыс істейді. Жеке секторда, мысалы, «Сентрас»тобының қоры жұмыс істесе, ал екін- шісі-екі қазақстандық және үш шетелдік венчурлік қорларға ие ТДҰА (Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік). Әдетте мұндай қорлардың заңдық нысаны-акционерлік қоғам негізінде болады.

Бұрын қолданыста болған заң бойынша Қазақстанда қорлардың екі түрін ұйымдасты- руға болатын еді: акционерлік инвестициялық қорлар (АИҚ) және пайлық инвестициялық қорлар (ПИҚ). Мұндағы мәселе олардың ұйымдастырушылық құрылымында болды. АИҚ үшін Директорлар кеңесі мен атқарушы органмен жарғылық капитал мен құрылымдар қа- жет болды. Бұдан басқа, инвестициялық қорлар саласын қатаң қаржылық есептілікті талап ететін ҚР Ұлттық Банкі реттеді. Осыған байланысты венчурлік қаржыландыру қорларын

(11)

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Право

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Law Series

№3 (128)/2019

139

ашу әлеуетті инвесторлар үшін өте тартымды емес және оған қызығушылық та болмады.

Нормативтік-заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар «венчурлік қор»

және «венчурлік басқарушы» сияқты ұғымдарды енгізуге, сондай-ақ қорлардың заңды ны- санын анықтауға байланысты.

Венчурлік қор келесідей нысанда құрылуы мүмкін [3]:

-Шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам;

-Жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, ондағы қарым-қатынас заңды тұлға құр- мастан шарт негізінде құрылады.

Заңды тұлға құрмастан құрылған венчурлік қор өз қызметін оның қатысушыларының бірлескен венчурлік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуы негізінде жүзеге асырады (венчурлық қордың шарты). Венчурлық қордың қатысушыларының саны екеуден артық бола алмайды. Венчурлік қор қызметінің айрықша түрлеріне венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыру мақсатында ақша мен өзге де мүлікті тарту және жинақтау кіреді. Венчур- лік қор ҚР Екінші деңгейлі банктерге депозиттеріне ақша салу құқығына ие[3]. Сонымен қатар, венчурлық қорлардың жабылу рәсімі жеңілдетілген. Венчурлік қорларды жабудың оңайлатылған механизмі жарғылық капиталды капиталдандыруда талап шегінің төменде- уіне әкеледі.

Венчурлік қордың шарты бойынша екі немесе одан да көп тұлға өз салымдарын бірік- тіруге және пайда табу үшін заңды тұлға құрмастан венчурлік қаржыландыру бойынша бір- лескен қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді. Венчурлік қор шарты Қазақстан Республи- касының Азаматтық кодексінде баяндалған шарттың еркіндік қағидаты негізінде жасалады және онда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сол сияқты көзделмеген, бірақ оған қайшы келмейтін әр түрлі шарттардың элементтері болуы мүмкін [5].

Венчурлік қордың шартына тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық ко- дексінде белгіленген шекте және көлемде қатысады, бұл ретте бір немесе бірнеше Тарап- тар (венчурлік басқарушылар) осындай шарттың барлық тараптарының атынан венчурлік қордың жалпы жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Венчурлік қор шартының тарапта- ры жеке тұлғалар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болуы мүмкін. Ше- телдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік құқық бойынша заңды тұлғалар болып табылмайтын шетелдік ұйымдар, егер Қазақстан Респу- бликасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Ре- спубликасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең түрде венчурлік қор шарты- ның тараптары ретінде қатысады [3].

Венчурлік басқарушы – венчурлік қордың қатысушылары жасасатын Шартқа сәйкес іс-қимыл жасау арқылы венчурлік Қорға қатысушылардың мүддесінде венчурлік қордың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, венчурлік қордың қатысушысы. Венчурлік басқарушы құқылы:

- қор активтерін басқару жөніндегі қызметке байланысты венчурлік қордың өкілі ретінде, сондай-ақ сотта венчурлік қордың атынан өкілдік етуге (арбитраж);

- бірнеше венчурлік қорлардың активтерін басқаруға. Алайда, венчурлік басқарушы, егер венчурлік қор шарттарының ең болмағанда біреуінде қатысуға тыйым салынған бол- са, бір мезгілде екі немесе одан да көп венчурлік қор шарттарына қатысуға құқығы жоқ.

Венчурлік басқарушы көрсетілген шектеуді бұза отырып жасаған венчурлік қор шарты осы шарттың кез келген басқа тарапының талап етуі бойынша венчурлік басқарушыға мұндай шарттың барлық тараптарына осыған байланысты өзі келтірген шығындарды өтеу міндетін жүктей отырып, сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін [4].

Венчурлік қордың шарты осы Шартқа тұтастай қатысуға ниет білдірген тұлғаны қосу жолымен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда венчурлік басқарушы мен осындай тұлға арасын- да венчурлік қорға жаңа қатысушының салымды ортақ іске енгізу шарттарын, тәртібі мен

(12)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Құқық сериясы

№3 (128)/2019

140

мерзімдерін айқындайтын бірігу туралы келісім жасалады. Бұл ретте венчурлік қордың шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді. Яғни, венчурлік қор шартының тараптарын вен- чурлік қор шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаға беруге байланысты, оның ішінде құқықтық мирасқорлық нәтижесінде ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл жағдай- да жаңа тұлғаның венчурлік қорының шартына қосылуы қолданыстағы венчурлік қордың шартын тоқтатуға және барлық инвесторлар арасында венчурлік қордың жаңа шартын жа- сасуға әкеп соқпайды [3].

Венчурлік қор немесе қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынатын тұлға болып табылатын қоғамның акционерлері Акционерлік келісім (shareholders’ agreement) жасасуға құқылы. Акциялармен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру және (немесе) акция- ларға құқықтарды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы шарт акционерлік келісім деп танылады. Акционерлік келісім бойынша оның Тараптары акциялармен куәландырылған құқықтарды және (немесе) акцияларға құқықтарды белгілі бір түрде жүзеге асыруға және (немесе) аталған құқықтарды жүзеге асырудан қалыс қалуға (бас тартуға) міндеттенеді. Ак- ционерлік Келісімде акционерлік Келісім тараптарының акцияларына қатысты осы Келісім жасалған қоғамның басқару органдарының нұсқауларына сәйкес дауыс беру міндеттеме- лері бола алмайды. Акционерлік Келісім оның Тараптары үшін ғана міндетті болып табы- лады. Акционерлік келісім тарабы акционерлік Келісімді бұза отырып жасасқан шартты, егер басқа тараптың шарт бойынша акционерлік Келісімде көзделген шектеулер туралы білгені немесе білетіні дәлелденсе ғана акционерлік келісімнің мүдделі тарабының талабы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін. Акционерлік келісімде акционерлік Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері және осындай міндет- темелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауап- кершілік шаралары көзделуі мүмкін[4].

Акционерлік Келісім (оның бір бөлігі немесе бөліктері) өзінің қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:

1) акционерлік келісім жасалған мерзім аяқталған;

2) бұрын жасалған акционерлік Келісімнің ережелеріне қайшы келетін жаңа Акцио- нерлік келісім жасасу;

3) Акционерлік Келісімде көзделген өзге де жағдайларда [6].

Акционерлік келісім мен бір акционерлік қоғам жарғысының арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, бір акционерлік қоғам жарғысының талаптары төмендегідей жағдай- да қолданылуы тиіс.:

1) акционерлік келісімде, егер олар акционерлердің өзара қарым-қатынастарына қа- тысты болса;

2) жарғыда, егер оларды қолдану акционерлік қоғамның үшінші бір тұлғамен қатына- сы үшін маңызды болса.

Венчурлік Қорға қатысушылар, венчурлік Қорға қатысушы болуға ниет білдірген тұлғалар, венчурлік қор, стартап-қызметі үшін венчурлік қаржыландыру берілетін ком- пания және (немесе) осындай стартап-компаниялардың қатысушылары (акционерлері) венчурлік қордың және(немесе) стартап-компанияның активтеріне не оларға қатысуға қа- тысты өзара опциондық шарттар (stock option) жасасуға құқылы. Стартап-қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын компания және (немесе) осындай стартап-компа- ниялардың қатысушылары (акционерлері) стартап-компанияның қызметкерлерімен стар- тап-компанияның мүлкіне немесе оған қатысуға қатысты опциондық шарттар жасасуға құқылы. Опциондық шарт, егер опциондық шартта көзделген іс-әрекеттерді жасау туралы талап белгіленген мерзімде мәлімделмесе, тоқтатылады. Шарт жасасуға арналған опцион қайтарып алынбайтын Офертаның акцептіне арналған мерзім белгіленбеген жағдайда, егер шарттың немесе әдет-ғұрыптың мәнінен өзгеше туындамаса, бұл мерзім бір жылға тең деп

(13)

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Право

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Law Series

№3 (128)/2019

141

есептеледі. Егер шартты жасасуға опцион өзгеше көзделмесе, ол бойынша төлем қайтарып алынбайтын Офертаның негізінде жасалатын шарт бойынша төлемдер есебіне есептелмей- ді және акцепт болмаса, қайтаруға жатпайды. Шарт жасасуға арналған Опцион шарттың жасалуы тиіс нысанасын және басқа да маңызды талаптарын айқындауға мүмкіндік беретін шарттарды қамтуы тиіс. Жасалуға жататын шарттың мәні қайтарып алынбайтын Оферта- ның акцепті кезінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен сипатталуы мүмкін. Шарт жасасуға арналған Опцион жасалуға жататын шарт үшін белгіленген ны- санда жасалады. Егер мұндай келісімнің мәнінен өзгеше туындамаса, шарт жасасуға ар- налған Опцион басқа келісімге енгізілуі мүмкін. Шарт жасасуға арналған опцион бойын- ша құқық, егер осы келісімде өзгешекөзделмесе немесе оның мәнінен өзгеше туындамаса, басқа тұлғаға берілуі мүмкін [3]. Сондай-ақ, енді шартқа «кепілдіктер туралы» (warranties) ережені қосуға болады. Бұл Шарт талаптарын, мысалы, баға, қандай да бір шектеулердің күшін сақтау мерзімі және т.б. анықтайтын өтініштер. Оларды бұзу инвесторға шартты бұзуды және шығындарды өтеуді талап етуге құқық береді. Венчурлік қаржыландыру мақ- сатында шарт жасасқан тарап шарт жасасу, оны орындау немесе тоқтату үшін маңызы бар мән-жайлар туралы екінші Тараптың дұрыс емес растамаларына негізделген ақылға қо- нымды түрде сүйене отырып, ол келтірілген залалдарды өтеуге құқылы, егер:

1) мән-жайлар туралы дұрыс емес растама берген Тарап олардың дұрыс еместігі ту- ралы және контрагенттің келісілген шарттарда шарт жасасу кезінде осындай дұрыс емес растауларға сүйенетіні туралы білсе немесе білуге тиіс болса;

2) мән-жайлар туралы растамалар жазбаша нысанда жасалса және осындай растау- ларды берген адамның өзі үшін міндеттемелер немесе өзге де азаматтық-құқықтық салдар- лар жасау ниетін білдірсе.

Міндеттеме тараптары өздерінің венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыруы кезінде әрекет ете отырып, шартта бір тараптың басқа тараптың шартта айқындалған мән-жай- лар басталған кезде туындаған және оның тарапының міндеттемені бұзуына байланысты емес мүліктік жоғалтуларын (міндеттемені орындаудың мүмкін болмауынан, үшінші тұлға- лардың немесе мемлекеттік билік органының шартта көрсетілген тарапқа немесе үшінші тұлғаға талаптар қоюынан туындаған жоғалтулар және басқалары) көздеуі мүмкін. Шарт- та мұндай шығындарды өтеу мөлшері немесе оны анықтау тәртібі айқындалуға тиіс. Егер Тарап шығындардың мөлшерін ұлғайтуға қасақана жәрдемдескені дәлелденсе, сот шарт тараптары көздеген шығындарды өтеу шегін азайтуға құқылы. Егер шартта өзгеше көздел- месе, Шарттың Тараптары көзделген шығындар Шарттың жасалмаған немесе жарамсыз деп танылуына қарамастан өтеледі. Егер шығындар үшінші тұлғаның заңсыз әрекеттері- не байланысты туындаған жағдайда, мұндай шығындарды өтеген тарапқа кредитордың шығындарды өтеу туралы талабы осы үшінші тұлғаға ауысады [3].

Осылайша, нормативтік актілердегі қабылданған өзгерістер Қазақстан Республика- сында венчурлік қаржыландыру нарығын дамыту үшін құқықтық негіз береді. Сонымен, венчурлық қаржыландырудың құқықтық базасын құру және оны жетілдіру арқылы инду- стриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту көзделген. Жалпы, еліміздегі жеке венчурлық капитал нарығын ынталандыру - шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тартудың тағы бір маңызды қадамы.

Венчурлік қорлар инновациялық инфрақұрылымның бір бөлігі болып табылады. Вен- чурлік қорларды қоса қаржыландыруды ұлттық даму институттары және тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша индустриялық-инновациялық қы- зметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-иннова- циялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйенің өзге де субъектілері жүзеге асырады. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын даму институттары осындай қорларды бірлесіп қаржыландыра алады.

(14)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Құқық сериясы

№3 (128)/2019

142

Мұнымен айналысатын институттардың толық тізімін уәкілетті мемлекеттік орган – инду- стрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді. Олардың қатарына ТДҰА АҚ жатады. Қазіргі таңда бұл агенттіктің атауы QazTech Ventures АҚ-ға ауыстырылды. Оның мақсаты – венчурлық капитал нарығы мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту болып та- былады. Аталмыш мақсатты жүзеге асыру келесідей үш бағытқа негізделген: 1) венчурлық қаржыландыру; 2) жеке бизнес-инкубаторларды қолдау; 3) технологиялық консалтинг.

Венчурлік қаржыландыру көлемінің жалпы әлемдік көрсеткіші 2017 жылы $155 млрд құрады, бұл ретте АҚШ үлесіне жаһандық инвестициялардың 70%, ал Еуропа мен Азияға инвестициялардың 14% тиесілі.

Жалпы алғанда, Қазақстанда венчурлік қаржыландыру дәуірі 2003-2004 жылдары ұлттық инновациялық қор (бүгінде QazTech Ventures АҚ) құрылғаннан басталды, оның не- гізгі мақсаты - гранттық қаржыландыру және тікелей инвестициялар арқылы инновация- ларды ілгерілету болатын. ТДЖҰА гранттарын бөлудің басым бағыттары: ақпараттық-ком- муникациялық технологиялар, биотехнологиялар, энергия тиімділігі, робототехника.

Сондай – ақ венчурлік қорлар қатарында-»Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (мұнда шетелдік қатысушылардың қазақстандық әріптеспен бірлескен серіктестігі болуы мүмкін). 100 миллион доллар капиталы бар жаңа қорлардың бірі-Singulari Team-жасанды интеллект пен робототехниканы инвестициялайды. Тағы бір венчурлік қор – «Сентрас»

(«Сентрас» қаржы тобы мен Қазақстанның ұлттық инновациялық қоры құрған) – фин- тех-ке маманданған. Қор-Қазақстанның венчурлік нарығы көшбасшыларының бірі, оның портфелінде орта есеппен 15 жоба. Бүгінде Қазақстандағы Венчурлік капиталдың жиын- тық көлемі 260 млн. ҚР Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасында Венчурлік капитал қаражаты есебінен ақпараттық технологиялар мен интернет-бизнес саласына инвестициялау қарастырылған [7].

Қазақстандағы венчурлық қаржыландырудың ағымдағы жай – күйі оның қалыпта- судың бастапқы кезеңінде екенін мойындауға тура келеді. Венчурлік қаржыландырудың дамуын тежейтін факторлардың бірі – батыс елдеріне қарағанда қор нарығының терең емес сыйымдылығы, және венчурлық қорлардың өсу серпіні қор нарығының дамуымен байла- ныстылығында. Көбінесе белгілі бір жоба шеңберінде венчурлік инвестициялар жобаның неғұрлым жетілген кезеңдерінде IPO арқылы іске асырылады. Капитал салымдарын шығару рәсімінің қарапайымдылығы – венчурлік қорлар/инвесторлар тарапынан қызығушылықты айқындайтын маңызды артықшылық.

Сонымен, венчурлік қаржыландырудың құқықтық базасын құру және оны жетіл- діру арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту көзделген. Жалпы, еліміздегі жеке венчурлік капитал нарығын ынталандыру – отандық және шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тарта отырып венчурлік капи- талдың табысты нарығын құру болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы- на Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы да- мудың жаңа мүмкіндіктері. [Электрон. ресурс]. – URL: http://www.akorda.kz/kz/addresses/

addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-nazarbaevtyn-kazakstan- halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-10-kantar (Қар. мерзімі: 04.07.2019)

2 Токтабаев Т. В МИР РК состоялись публичные слушания по вопросам рискового (венчур- ного) финансирования от 02.04. 2018. [Электрон. ресурс]. – URL: http://dep-jurid.miid.gov.

kz/ru/news/v-mir-rk-sostoyalis-publichnye-slushaniya-po-voprosam-riskovogo-venchurnogo- finansirovaniya (Қар. мерзімі: 10.07.2019)

(15)

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Право

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Law Series

№3 (128)/2019

143

3 Қазақстан Республикасының «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңы (01.01.2019 ж. толықтырулар мен өзгерістермен) [Электрон. ресурс]. – URL: https://online.

zakon.kz/m/Document/?doc_id=51049233 (Қар. мерзімі: 13.07.2019)

4 Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәти- желерін коммерцияландыру туралы» Заңы (01.01.2019 ж. толықтырулар мен өзгерістермен) [Электрон. ресурс]. – URL: http://adilet.zan.kz/kaz/archive/docs/Z1500000381/04.07.2018/info (Қар. мерзімі: 17.07.2019)

5 ҚР Азаматтық кодексі (27.02.2017 ж, толықтырулар мен өзгерістермен) [Электрон.

ресурс]. – URL: https://online.zakon.kz/m/document/?doc_id=62006061(Қар. мерзімі: 25.

07.2019)

6 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2015 жылдың 29 қазаны, (01.01.2019 ж. толықтырулар мен өзгерістермен) [Электрон. ресурс]. – URL: https://online.zakon.kz/m/

Document/?doc_id=39147530 (Қар. мерзімі: 31.07.2019 )

7 Ж.Кулибаева Существует ли венчурное финансирование в Казахстане? Часть 2... The wall street journall Курсив. [Электрон. ресурс]. – URL: 04 июля 2018г. https://kursiv.kz/

news/finansy/2018-07/suschestvuet-li-venchurnoe finansirovanie-v-kazakhstane-chast-2 (Қар.

мерзімі: 05.08.2019)

Кусаинова Л.И., Ахметова Г.И.

Актюбинский региональный государственный университет им.К.Жубанова, Актобе,Казахстан

Правовые основы развития рынка венчурного финансирования в Республике Казахстан

Аннотация. В статье раскрывается сущность венчурного финансирования, конкретной ин- новационной компании, венчурного фонда, венчурного управляющего. Показана деятельность венчурного фонда в РК. С целью упрощения механизма венчурного финансирования раскрыта особенность применения договора венчурного фонда. С целью снижения рисков инвестиций в инвестиционные проекты при формировании венчурных фондов в форме акционерных обществ раскрыт сущность акционерного соглашения и особенности его применения. Для эффективного использования активов венчурного фонда показан механизм применения опционных договоров. Та- ким образом, принятые новые нормативно-законодательные акты по венчурному финансированию позволят не только защитить мониритарных инвесторов, но и объективно способствует дальней- шее развитие рынка венчурного финансирования.

Ключевые слова: Венчурное финансирование, венчурный фонд, венчурный управляющий, акционерное соглашение, опционный договор.

Kussainova L.I., Akhmetova G.I.

K. Zhubanov Aktubinsk Regional State University, Aktobe, Kazakhstan

Legal basis of development of the market of venture financing in the Republic of Kazakhstan

Abstract. The article reveals the essence of venture financing, a specific innovation company, venture capital fund, venture manager. The activity of the venture fund in the Republic of Kazakhstan is shown. In order to simplify the mechanism of venture financing, a feature of the application of a venture fund agreement has been disclosed. In order to reduce the risks of investment in investment projects in the formation of venture funds in the form of joint-stock companies, the essence of the shareholder

(16)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Құқық сериясы

№3 (128)/2019

144

agreement and the features of its application are disclosed. For the effective use of the assets of the venture fund, the mechanism for applying option contracts is shown. Thus the adopted new regulatory acts on venture financing will not only protect monitored investors, but also objectively contribute to the further development of the venture capital market.

Keywords: Venture financing, venture fund, venture manager, shareholder agreement, option agreement.

References

1 Qazaqstan Respýblıkasynyń Prezıdentі Nursultan Nazarbaevtyń Qazaqstan halqyna Joldaýy. 2018 jylǵy 10 qańtar. Tórtіnshі ónerkásіptіk revolıýtsııa jaǵdaıyndaǵy damýdyń jańa múmkіndіkterі [Address by the President of the Republic of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev to the People of Kazakhstan. January 10, 2018. New opportunities for the development of the Fourth Industrial Revolution.] [Electronic resource]. Available at: http://www.akorda.kz/kz/addresses/

addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-nazarbaevtyn-kazakstan- halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-10-kantar (Accessed: 04.07.2019).

2 Toktabaev T. Informatsııa MIR RK po voprosam rıskovogo (venchýrnogo) fınansırovanııa ot 02.04. 2018 [RK MIR held public hearings on risk (venture) financing] [Electronic resource].

Available at: http://dep-jurid.miid.gov.kz/ru/news/v-mir-rk-sostoyalis-publichnye-slushaniya-po- voprosam-riskovogo-venchurnogo-finansirovaniya (Accessed: 10.07.2019).

3 Qazaqstan Respýblıkasynyń «Investıtsııalyq jáne venchýrlіk qorlar týraly» Zańy (03.07.2019 j. tolyqtyrýlar men ózgerіstermen) [The Law of the Republic of Kazakhstan «On Investment and Venture Funds» (as amended and amended by 01.01.2019)] [Electronic resource]. Available at:

https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=51049233 (Accessed: 13.07.2019).

4 Qazaqstan Respýblıkasynyń «Ǵylymı jáne (nemese) ǵylymı-tehnıkalyq qyzmet nátıjelerіn kommertsııalandyrý týraly» Zańy (04.07.2018 j. tolyqtyrýlar men ózgerіstermen) [Law of the Republic of Kazakhstan «On Commercialization of Scientific and (or) Scientific and Technological Activities» (as amended and amended by 01.01.2019)] [Electronic resource]. Available at: http://

adilet.zan.kz/kaz/archive/docs/Z1500000381/04.07.2018/info (Accessed: 17.07.2019).

5 QR Azamattyq kodeksі (Jalpy bólіm) (01.07.2019 j, tolyqtyrýlar men ózgerіstermen) [Civil Code of the RK (27.02.2017, with additions and changes)] [Electronic resource]. Available at:

https://online.zakon.kz/m/document/?doc_id=62006061 (Accessed: 25. 07.2019).

6 Qazaqstan Respýblıkasynyń Kásіpkerlіk kodeksі 2015 jyldyń 29 qazany, (01.08.2019 j.

tolyqtyrýlar men ózgerіstermen) [The Code of Business Conduct of the Republic of Kazakhstan as of October 29, 2015 (with amendments and additions as of 01.01.2019)] [Electronic resource].

Available at: https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=39147530 (Accessed: 31.07.2019).

7 Kýlıbaeva J. Sýestvýet lı venchýrnoe fınansırovanıe v Kazahstane? Chast 2. The wall street journall Курсив. 04 июля 2018г. [Is there venture financing in Kazakhstan? Part 2 ... The wall street journall Italic] [Electronic resource]. Available at: https://kursiv.kz/news/finansy/2018-07/

suschestvuet-li-venchurnoe finansirovanie-v-kazakhstane-chast-2 (Accessed: 05.08.2019).

Авторлар туралы мәлімет:

Кусаинова Л.И. - к.э.н., доцент АРГУ им К.Жубанова, Актобе, Казахстан.

Ахметова Г.И. - к.э.н., ст. преподаватель АРГУ им К.Жубанова, Актобе, Казахстан.

Kusainova L.I. - Candidate of Economic Sciences, Associate Professor of A.G. Zhubanov ARGU, Aktobe, Kazakhstan.

Akhmetova G.I. - Ph.D., Art. Lecturer at the ARSU named after K. Zhubanov, Aktobe, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Учитывая, что основной акцент у нас ранее был сделан, в основном, только на одну из составляющих информаци- онного общества - на

Abstract. Using a theoretical analysis, the article presents examples of international universities of the countries that founded international universities in Kazakhstan. An

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

По мнению автора, осо- бенность феодального по своей классовой сущности суда биев заключалась в том, что бий, осуществляя судебное принуждение, опирался, как

Abstract: The article considers the problematic aspects of protection against discrimination in the workplace from the point of view of compliance with the legislation of the

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication office

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication office

На основании Постановления Правительства РК «О мерах по выполнению резолюции Совета Безопасности ООН №1374 от 28 сентября 2001 года», утвержденного 15 декабря