ƏОЖ 347,918: 347, 918, 2: 347, 999 (574)
Ж.С. Шукенова
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2-курс докторанты, Қазақстан, Түркістан қ.
E-mail: [email protected]
Қазақстандағы арбитраж: қазіргі таңдағы жағдайы мен перспективасы
Аңдатпа. Сот жүйесін дамытудың перспективалары сотқа дейін сот өндірісіндегі бақылау аясын деңгейі бойынша кеңейту мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл мақалада ралық жəне арбитражды сот жүйелерінің қазіргі таңдағы даму жолдары қарастырылады.
Түйін сөздер: сот, аралық сот, арбитраж, талапкер, жауапкер.
Сот жүйесінің реформасы жалғасады, біз бұл жолда сынамалар мен қателер əдісін қолданамыз, себебі демократиялық қатынастағы дамыған мемлекеттердегі сот жүйесін көзсіз көшіру мүмкін емес. Оған қоса біздің сот жүйеміз нөлден басталмайды, керісінше өзінің нақты іргетасы болады. Негізгі назар Қазақстан Республикасының сот жүйесіне аударылған, оны дамыту үшін жаңа перспективалар мен міндеттер қойылады. Қазақстанның сот жүйесі азаматтардың құқығы мен бостандығын, меке- мелер мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттіліктеріне жауап береді.
Сот құқықтық жүйесінің дамуы тиімділік пен деңгей негізінде жүзеге асырылады жəне бірнеше бағыттар бойынша болжанады [1].
Сот жүйесін дамытудың перспективалары сотқа дейін сот өндірісіндегі бақылау аясын деңгейі бойынша кеңейту мүмкіндіктеріне бай- ланысты. Аралық жəне арбитражды сот жүйелері дами бастады.
Казіргі таңда саяси жəне экономикалық жүйе қалыптасуда. Əкімшілік командалық экономика механизмдері мен институттар бөлшектелініп, нарықтық инфраструктура мен оған сəйкес бəсекелестік орта құрылған. Қазіргі таңда меншіктің əртүрлі формалары қалыптасты, кəсіпкерліктің əртүрлі түрлері жүзеге асырылу- да, бағалар мен сыртқы сауда либерализацияла- нуда, банк жүйесі өзінің қызметтерін кеңейтуде, кəсіпкерлерге экономикалық қызмет бостандығы берілген, мемлекет пен бизнес қатынасының
жақындығы заңмен реттеліп отырады. Респу- бликада мемлекетіміздің болашағын жақсарту негіздерін қалыптастыратын кəсіпкерлік клас- тар пайда болуда, жыл сайын шетелдік ин- вестициялар ағымы кеңеюде. Нəтижесінде, макроэкономикалық тұрақтылық пайда болды.
Демек, Қазақстанның өзіндік ұлттық нарықтық экономикасы бар жəне əлемдік экономикалық жүйесінің интеграциялық процес тер шегіне енген болатын. Саяси қайта өрлеу, эко номи- каның даму ырғағы сот жүйесіндегі адек- ватты өзгерістерді талап етеді, ол да ұйым- дастырушылық жəне құқықтық негізін қалып- тастыра отырып динамикалық түрде дамуда.
Нарықтық қатынастардың белсенді дамуы, аза- маттар мен шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігінің ұлғаюының нəтижесінде құ- қықтар мен заңды мүдделерін қорғауды қамта- масыз ету бойынша мемлекеттік шараларды қабылдау қажеттілігі туды.
Осыған байланысты Қазақстандағы аралық сот қатынасы, яғни осы сот шешімдерінің орын- далу сұрақтарын қарастыру қажет. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодекс нормаларына сəйкес, жазбаша шешім негізінде (арбитражды келісім) тараптар мүліктік даула- рын аралық сотқа қарастыруға беруге құқылы болып табылады. Бірақ мүліктік дауларды шешу мен ол шешімді орындау механизмі бойын- ша аралық сот қызметінде өзіндік заңнамалық заңды реттеу болмайды, ол нəтижесінде күрделі жағдайлар туғызады, ол кезде тараптардың бірі
аралық сот шешімін орындаудан бас тартады жəне сот қорытындыларымен келіспейді.
Аралық сот шешімдерін мəжбүрлі түрде орындауға қатысты сұрақтарды реттейтін нор- маларды қолдану бойынша сот тəжірибесінің дамуы мақсатында 2001 жылдың қазан айын- да Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
«Аралық сот шешімдерін мəжбүрлі түрде орын- дау туралы арызды сот тəжірибесі ретінде қарас- тыру туралы» нормативті қаулы қабылданған болатын, себебі Жоғарғы Соттың нормативті қаулысы, заңнаманың сот тəжірибесіндегі сұрақтарға түсіндірме беретін құқықтың қайнар көзі болып табылады. Бұл нормативті қаулының мəні Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 495-бабына ұқсас аралық сот шешімдерін мəжбүрлі орындау мүмкіндігін қарастырады, онда шетелдік сот пен арбитражды сот шешімдерінің орындалуы да қарастырылады. Жергілікті аралық сот қызметі мен ұйымдарды құқықтық регламенттеудің толық еместігін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың пленарлы кеңесінің қаулысымен 2002 жылдың 28 маусы- мында алдыңғы Жоғарғы Сот қаулысы Қазақстан Республикасының «Аралық сот туралы» заң қабылданғанға дейін тоқтатылады.
2004 жылдың 28 желтоқсанда Қазақстан
Республикасында «Аралық сот туралы» жəне
«Халықаралық коммерциялық арбитраж тура-
лы» заң, оған қоса Қазақстан Республикасының Заңына «Аралық сот пен арбитраждар қыз- метінің сұрақтары бойынша Қазақстан Рес- публикасының кейбір заң актілеріне өзге- рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Заңдар негізінде 2005 жылдың 5 ақпанында Қазақстандық халықаралық арби- траж құрылды. Бұл заңдар Қазақстанда аралық сотты құру үшін қажетті шара болып табыла- ды. Осы заңдар аралық сотты құруға оң əсерін тигізеді. Оған қоса осы уақытта берілген заңда кейбір ұғымдарды анықтап, дұрыс талқылай білу қажет заңда, мысалы, аралық сот компетен- циясын шектеу мен халықаралық коммерциялық арбитраж кезінде қарама-қайшылықтар да кез- деседі.
Ең бірінші, аралық сот пен арбитраж – бұл екеуі бір ұғым екенін нақты түсіну керек.
Ағылшын тілінен аударғанда «аралық сот» –
«арбитаржды сот» деп аударылады. Арбитражды соттың мəні дауды шешу үшін тараптардың өзі
құрған мемлекеттік емес орган болып табылады.
Ал аралық сот тұрақты жұмыс жасайтын жəне нақты дауды қарастыру үшін арнайы жұмыс жа- сайтын болып бөлінеді [2].
Екі заң қалай ерекшеленеді? Бұл заңдар қандай жағдайларда қолданылады?
– Аралық сот пен халықаралық коммерция- лық арбитраж арасындағы компетенцияны шектеу нақты арбитражды органдар арасында жүргізілмейді (бір сот – тек аралық, екіншісі – халықаралық коммерциялық арбитраж);
– компетенция шектеуі резиденттілік бел- гілері бойынша жүргізіледі: резиденттер ара- сындағы дау аралық сотта тараптар ара сын дағы дау халықаралық коммерциялық арбитражда қарастырылады;
– əрбір арбитражды сот қандай да бір əр түрлі дауларды қарастырады, яғни ол аралық сот неме- се халықаралық арбитраж ретінде қолданылады.
Егер тараптар Қазақстан Республикасының резиденттері болса, онда ол аралық сот туралы заң қолданылады. Егер тараптардың бірі рези- дент болмаса, халықаралық коммерциялық ар- битраж туралы заң қолданылады.
Демек, Қазақстан Халықаралық Арбитраж аралық сот туралы Заң бойынша аралық сот, халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заң бойынша халықаралық коммерциялық арби- траж ретінде де қолданылады.
Келесі мəселелер аралық сот компе тен- цияның шектеуіне байланысты. Арбитраж- ды компетенцияға қатысты қабылданған заң- да егер Қазақстан Республикасындағы заң- нама актілерінде, бекітілмеген азаматтық құ- қықтық келсімшарттан пайда болатын даулар қарастырылады. Осыған байланысты басқа даулар арбитраждарда қарастырылмайды. Бұл арбитраждар компетенциясының шектелуі бо- лып табылады. Аралық сот компетенциясының шектелуі аралық сот туралы заңының 7-бабының 5-бөлімінде көрсетілген: «Аралық сот мемлекет, мемлекеттік мекемелер, кəмелетке толмағандар көзқарасын қозғайтын, банкроттық істері бойын- ша, тауарлар мен қызметтер нарығындағы басым табиғи монополия субъектінің тауар өндірісіне, жұмыстың орындалуына, қызметтер ұсыну ту- ралы келсімшарт дауларын қарастырмайды» [3].
Мемлекет мүдделерін қарастыруды кең түрде түсінудің қажеті жоқ. Басқа да заңды актілерге сəйкес («шетелдік инвестиция ту- ралы», «инвестиция туралы» заңдар), мемле-
кет мүддесі қарастырылған, мысалы, ұлттық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажетілігі.
Халықаралық коммерциялық арбитраж ту- ралы заңының 31-бабында аралық сот шешіміне шағымдану ЮНСИТРАЛ типтік заңына сəйкес арбитраж шешімін компетентті сот арқылы болдырмаудың екі жағдайы қарастырылған:
тараптардың бірінің шешімді күшін жою туралы арыз жазу бойынша компетенттілік сот шешімі бойынша (ол шешім арызсыз қабылданады).
Аралық сот туралы заңда аралық сот шешімін жою негізі дəл солай қайталанған, бірақ заңдылық қағидасына қарама-қайшылық тура- лы толықтырулар енгізілген. Заңдылық қағида аралық сот төрешілері мен сот өзінің шешімінде Қазақстан Республикасының Конституция нор- маларын, Қазақстан Республикасының заңды жəне нормативті құқықтық актілерін ғана басшылыққа алады (Аралық сот туралы заңның 4-бабының 2-бөлімі).
Осыған сəйкес компетентті сот аралық сот шешімінің заңдылығын тексеруге құқылы, яғни заңды жəне басқа да нормативті-құқықтық актілерге сəйкестігін тексереді. Бірақ аралық сот шешім қабылдарда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодекс нормаларын сақ- тауға міндетті ме? – деген сұрақ туады. Оған қоса, азаматтық іс жүргізу заңнамасында жеке іс жүргізу іс-əрекет жасау процестері көрсетілген.
Мысалы, өкілетіліктер азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарастырылған талаптарды сақ- тай отырып рəсімделінеді (27-бап 2-бөлім
«аралық сот туралы» заңы).
Азаматтық іс жүргізу заңнамасы туралы 23- бап көрсетілген аралық талқылауды қарастыру- ға арналған. Бірақ мұндағы баптың қалыптас- уына назар аудару қажет: аралық сот арызды алғаннан кейін аралық сот талқылауын қорғау туралы анықтаманы айқындайды, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сəйкес тараптар оның қарастырылу орнын хабарлайды, жауапкер талап арызға жаз- баша пікір жазуды ұсынады. Яғни азаматтық іс жүргізу заңнаманы қолдану өте қысқа сұраққа қатысты тараптардың талап арызды қарастыру орны туралы хабарлама жіберу, жауапкерге та- лап арызға жазбаша пікір жазуға ұсыныс жасай- ды. Оған қоса, азаматтық іс жүргізу заңнамасы альтернативті нұсқа ретінде ұсыналады:
азаматтық іс жүргізу заңнама нор малары не-
месе ережелерге сəйкес. Əрбір аралық сотта өздерінің регламенті бар, оған қоса аралық сот- та нақты дауды шешу үшін азаматтық іс жүргізу заңнаманы қолдану міндетті болып табылмай- ды. Бұдан басқа Азаматтық іс жүргізу кодексі ту- ралы аралық сот заңында көрсетілмеген. Заңда аралық сот процедурасы толығымен сипатта- лады. Негізгі сұраққа келсек, аралық істі қарау тəртібі, онда Заңға сəйкес тұрақты жүзеге асатын аралық сот аралық істі қарау жүзеге асырылады.
Нақты дауды шешу үшін аралық сот ережелерге сəйкес, тараптардың келісімімен аралық істерді қарайды.
Демек, аралық сот өзінің қызметінде аралық істі қарау ережелерін жəне аралық сот туралы заңды басшылыққа алады. Егер аралық сот ту- ралы заң мен ережелер арқылы шешімін таппай- тын сұрақтар болса, ол сұрақтардың аралық сот арқылы шешімін табады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің компетентті сот қызметі анықталған жағдайда қолданылады.
Екі заңда да аралық соттың шешімін мəжбүрлі түрде орындау тəртібі көрсетілген.
Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңның 33-бабында арбитражды шешімді орын- дауда мойындаулар мен мысалдардан бас тарту негізі туралы мəліметтер ЮНСИТРАЛ типтік заңда бекітілген ережеге жəне 1958 жылдың 10 маусымында шетелдік арбитражды шешімінің орындалуындағы мойындау туралы Нью-Йорк Конвенциясындағы ережелерге сəйкес көр- сетілген.
Қазіргі таңда мемлекетімізде атаққа ие болған аралық соттар жұмыс жасайды. Оның ішінде «IUS» заңды орталықтағы халықаралық аралық сотта бар. Нарықтық экономикалық байланыстардың дамуының күрделі шарттары (жергілікті тауар өндірісіндегі тоқтау, тауар мен қызметтер құнының өсуі, инфляция, криминал жəне т.б.) келсімшарт міндеттемелері мен даудың пайда болуында неше түрлі қиындықтарға əкеп соқтырады. Даулы жағдайлардың санының өсуі нəтижесінде іскерлік айналым тараптары азаматтық құқықтық келіспеушіліктердің ше- шімін іздеуге түрткі болады. Экономикалық дау тек қана жедел нақты шешімді қабылдау ғана емес, шешімнің орындалуын талап етеді.
Сондықтан тараптар пайда болған дауды келіс- сөздер, өзара ақылдасулар арқылы шешу қажет.
Тəжірибеде көрсетілгендей, тараптар арасындағы мəселелерде келіссөздер негі-
зінде шешу тиімді болып табылады. Ол келіспеушілікті жоюға жəне тараптардың ара- сындағы іскерлік қатынасын сақтауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары америкалық құқықтық жүйе қойнауларындағы сот өнідірісіне ұқсас пайда болған дауды соттан тыс формада шешу ТМД мемлекеттерінде жие қолданыла бастады.
Келіспеуші тараптарда үшінші тарапқа жүгіну қажеттілігі пайда бола бастады, ол пайда болған дауды əділ əрі нақты шешуді жүзеге асырады, білікті жəне тиянақты қолданыстағы құқық нор- малары қолданылады.
Қазақстанда мұндай тарап ретінде «IUS»
заңды орталықты халықаралық аралық сот орын жүреді. Мемлекетіміздегі алғашқы сот 1993 жылдан бастап 100 шаруашылық даулар- ды қарастырады, оған Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Канада, Панама жəне т.б. елдердің мекемелері мен кəсіпкерлер даулары қосылды. «IUS» аралық сотының құрамына 21 арбитр кіреді, Қазақстан, Ресей, Чехия соттары арбитаждар мен серіктес болып табылады. Аралық сот өндірісінің процедурасы арқылы ондаған даулар реттелген, кəсіпкерлер арасындағы өзара келісімдер жүргізілді. Сот шешімі бойынша Қазақстанның кейбір об- лысындағы ірі кəсіпкерлер өздерінің иелерін ауыстырған.
ЮНСИТРАЛ типтік заңның нормалары бо- йынша арбитраж, егер арбитраж келісім кезінде коммерциялық мекеме тараптары əртүрлі мем- лекетте болса, онда ол халықаралық болып та- былады. Қазіргі заманның тəжірибесін сарап- тауда көрсетілгендей, коммерциялық даулар- ды қарастыру кезінде аралық сот мемлекеттік сот алдында бірқатар басымдылықтарға ие.
Олардың қатарына арбитрді таңдау арқылы объективтілікті қамтамасыз етуді жатқызуға бо- лады. Сотқа талап арызды беру кезінде ешкім жалпы юрисдикциялық судьяны таңдауға рұқсат бермейді. Керісінше аралық сотты қалыптастыру процедурасында тараптар арбитрлерді таңдауға құқылы болып табылады. Аралық соттың құрамына мамандандырылған заңгерлер ғана емес, экономика, қаржы, сақтандыру, өндірістік технологиялар аясындағы мамандар кіреді, көп деңгейде мемлекеттік сот күрделі шаруашылық дауды шешуге дағдыланған.
Аралық соттың ерекшеліктерінің бірі дауды қарастыру процедурасының қарапайымдылығы болып табылады. Бұл істі қарау дауды сотқа
дейін реттеу міндеттілігін талап етпейді.
Арбитраждағы қарапайым процедура талап арызын қабылдауда бастарту негіздерінің ми- нимумын қамтамасыз етеді. Арбитражды іс жүргізудегі апелляциялық жəне кассациялық инстанциялардың болмауы шешімді қабылдауда уақытты қысқартады.
Тараптар үшін бірінші кезекте жауапкер үшін барынша маңызды болып мемлекеттікпен салыстырғанда бірнеше есе аз арбитраждық алымдардың құны табылады. Мысалы, «LUS»
аралық сотында арбитраждық алымдардың төмендетілген тарифы бекітілген талап қою бағасы қаншалықты көбірек болса, алымның тарифтік пайызы соншалықты төмен. Осыған байланысты арбитраждық алымдар талап арыз берілгенге дейін емес, арбитраждық шешім шыққанға дейін бөліп-бөліп төленеді.
Аралық соттың келтірілген приоритеттері кəсіпкерлік қызметтің əрбір сферасындағы мүліктік дауды шешу кезінде қолданылуы мүмкін. Оның негізгі шарты – келісімшарттағы сəйкес арбитражды ескертпелердің болуы немесе тараптардың келісімімен қосымша келісімдердің болуы. Келісімшарттарға қол қою кезінде көптеген кəсіпкелер арбитражды ескертпелер- ге назар аудара бермейді, сондықтан арбитраж процедурасын жүргізу қиынға соғады. Осылай, қазақстандық израиль кəсіпкерлері мен АҚШ компаниялар арасында бекітілген келісімшарт шарттарын орныдау кезінде инвестициялық дау пайда болады. Берілген келісімшарт ескертпелеріне сəйкес, дауды Гаага қаласында арбитражды сотта аралық талқылау тəртібінде қарастырады. Бірақ компаниялар арасындағы шаруашылық дауды аралық талқылау тəртібімен шеше алатын Гаага қаласындағы арбитраж- ды сот жоқ болып шықты, оны Қазақстандағы Нидерланд корольдігінің елшісі ресми түрде дəлелдеген. Оңтүстік Қазақстан облысындағы та- лап арыз берушінің тұрғылықты орны бойынша компанияның берілген талапкерге қайтарылған болатын. Нəтижесінде компания қиын жағдайда қалды, себебі арбитражды ескертпе келсімшарт ЮНСИТРАЛ арбитражды регламент талаптары- на да Қазақстан Республикасының заңнама та- лаптарына сəйкес емес.
Басқа жағдайда Оңтүстік Корея мен қа- зақстандық фирмалар арасындағы бекітілген келісімшартта, тараптар ЮНСИТРАЛ арбитраж ережелері бойынша аралық талқылау процеду-
расын қарастырған. Кореядағы коммерциялық арбитражды Палатада немесе Алматы қала- сындағы аралық сотта, залог ұстаушының таң- дауы бойынша альтернативті ескертпелермен дау ды қарастыру талқыланған. Арбитраж- ды таңдау құқығын жүзеге асырғаннан кейін кореялық компания талапкер ретінде өзінің талаптарымен «IUS» заңгерлік орталықтың аралық сотына жүгінді, жауапкер оған қарсы болмай, аралық сот мен арбитр кандидатурасына таңдауда келісіп қол қояды.
Осы жағдайды қарастыра отырып жəне мəселенің күрделілігін түсінгеннен кейін,
«IUS» заңгерлік орталық мамандары даулар- ды шешудің альтернативті құралдарын іздеу мен аралық сот беделін көтеру бойынша іс- шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Осы мақсатта басқа мемлекеттердегі арбитраж- ды тəжірибе меңгеріледі, тематикалық семинар- лар мен конференциялар жүргізіледі, заңгерлік профельдегі екі жетекші жоғары оқу орнында арнайы сабақтар өткізіледі, көрсетілген сұрақтар бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жарияланады. Бірақ көрсетілген мəселелерді шешу үшін барлық заңгерлік қауымдастықтар бірігіп, аралық сот мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.
«Аралық сот туралы» жəне «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» заңдар 2004 жылы қабылданғанымен берілген институттар- ды кеңінен қолдануда жеткілікті ипульс бермеді.
Осыған байланысты Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі Əділет министрлігі дайын- даған компетенциялардың кеңеюін қарастыра- тын арбитражбен аралық сот қызметін жүзеге асыру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қолдады.
Заң жобасы 2012 жылдың 27 қаңтардағы мемлекет басшысының Қазақстан халқына деген жолдауын жүзеге асыру бойынша іс шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 13 бөлімінің орындалуын қарастырған. Заң жобасы арбитражды жəне аралық сот компетенциясының құқықтық аясын кеңейтуге бағытталған.
Қолданыстағы заңдармен көрсетілгендіктен азаматтық-құқықтық шарттардан емес, аза- маттық-құқықтық қатынастардан туын дай- тын арбитраждар мен аралық соттардың бағы- ныштылығына қатысты даулардың сипатын кеңейту ұсынылады.
Сол уақытта заң жобасын дайындаушы- лар «арбитраж жəне аралық сот адамның өмірі мен денсаулығына, жеке өміріне, жеке от- басы құпиясына байланысты мүліктік емес сипаттауға дауларды қарастыруға құқығы жоқ»
деген ережені ұсынған болатын. Оған қоса
«Халықаралық коммерциялық арбитраж тура-
лы» заңды «Халықаралық арбитраж туралы» деп өзгерткен болатын, себебі «коммерциялық» ұғым аясында мүліктік қатынастар қарастырылады.
Берілген түзетуді енгізу қажеттілігі
«Аралық сот туралы» заңның 1-бап 1-бөлімінің,
«Шетелдік арбитражды шешімдерді орындау
туралы» Нью-Йорк Конвенциясының 2-ба- бына сəйкес қабылданған. Əлемдік тəжірибе туралы айтқанда Украина, Польша, Австрия заңнамаларына сəйкес арбитражды талқылау құралы ретінде мүліктік жəне мүліктік емес сипаттағы даулар қолданылады. Осыған бай- ланысты аралық сот пен арбитраждар компе- тенциясын кеңейту қажет. Оған қоса жалпы юрисдикциялық азаматтық істер сотының ста- тистикасына тоқталу қажет. 2010 жылы сот 700 мың азаматтық істі қарады, осыған байланысты қарастырылған азаматтық істердің 75%-ы талап арыз өндірісті істер құрайды, 2011жылы аралық сот 22 істі, ал арбитражды сот 3 істі қарастырған.
Біздің пікірімізше, аралық сот пен арбитраждар компетенциясын кеңейту мемлекеттік соттың жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Оған қоса тұрғындарға аралық сот ерекшелігі туралы, оның орналасқан орны ту- ралы, қолжетімдігі барысында ақпараттар беріп отыру мақсатында «Аралық сот тура- лы» заңға аралық сот қызметінің шарттарын бекітетін нормалар енгізілген. Берілген заңға азаматтық іс жүргізу кодексі, салық пен басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі, қылмыстық іс жүргізу кодексі жəне де «Аралық сот туралы»,
«халықаралық коммерциялық арбитраж туралы»
заңда толықтырулар мен өзгерістерді енгізуді қарастыратын заң жобаларының сипатын толықтыратын түзетулер енгізу жоспарланды.
Арбитраждар мен аралық соттың рөлін бекіту үшін берілген сферадағы заңды жүзеге асыру жеткіліксіз болып табылады. Қоғамға арбитражды жəне аралық сот қызметі туралы ақпарат беріп отыру қажет, берілген жұмысқа барлық компетентті мемлекеттік органдар, Жоғарғы Сот, индустрия министрлігі жəне
жаңа технологиялар мен экономикалық даму министрлігі, кəсіпкерлік бірлестіктер қатысу қажет.
Демек, осы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстандағы арбитраждың даму перспективалары сəтті жүзеге асырылады. Барлық əлемде дауларды шешудің альтернативті процедурасы дамуда жəне мемлекеттік сот орындарына конструктивті бəсекелеске түсетіндей болып табылады.
Қазақстандағы арбитражды талқылау əлемдік стандартқа сəйкес келуде. Ия, ол заңды тұлға мен азаматтардың құқытарын қорғау жүйесінде өзінің жоғарғы орнын табады.
Əдебиеттер
1 Сулейменова Г.Ж. Перспективы разви- тия судебно-правовой реформы в Республике Казахстане // Вест. КазГЮУ. – Астана, 2009. – C. 64-69.
2 Syleimenova G.J. Perspektivi razvitia sydeb- no-pravovoy revormi v RK // Vest. KazGUY. – As- tana, 2009. C. 64-69
3 «Аралық сот туралы» Қазақстан Респуб- ликасының 2004 жылғы 28 желтоқ сандағы № 22 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; «Егемен Қазақстан» газеті. – № 2. – 6 қаңтар. – 2004.
4 «Халықаралық коммерциялық арбитраж
туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы №23 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; «Егемен Қазақстан» газеті. – № 3, 7 қаңтар. – 2004.
References
1 GJ Suleimenov. Expectationes of develop- ment iudicialium, et legalis reformationem, Reipu- blicae Kazakhstan / / Occidente. Kazakh rei publi- cae legis University. – Astana, MMIX. C. 64-69.
2 Syleimenova G.J. Perspektivi razvitia sydeb- no-pravovoy revormi v RK / / sinu. KazGUY. – As- tana, MMIX. C. 64-69
3 . «Aralyқ centum turaly» Kazakhstan MMIV Respublikasynyң zhylғy XXVIII zheltoқsandaғy № XXII Zaңy Kazakhstan Respublikasy Parlamentiniң Zharshysy, MMIV g., № XXIV, CLI-құzhat, «Egemen Kazakhstan» MMIV zhylғy VI қaңtar numerus II
4 «Halyқaralyқ kommertsiyalyқ arbitralis tura- ly» MMIV zhyly XXVIII zheltoқsandaғy № XXIII Zaңy Kazakhstan Respublikasy Parlamentiniң Zharshysy, MMIV g., № XXIV, CLII-құzhat, «Ege- men Kazakhstan» MMIV zhylғy VII қaңtar № III
Ж.С. Шукенова
Арбитраж в Казахстане: современное состояние и перспективы
В статье рассматривается вопросы относительно целей развития судебной практики по применению норм, регулирующих вопросы обращения к принудительному исполнению решений третейских и арбитражных судов, исследование которых имеет особенно большое практические значение.
Ключевые слова: суд, арбитраж, обвиняемый, истец.
J.S. Shukenova
Arbitration in Kazakhstan: Current Status and Prospects
The article discusses, questions regarding the development of jurisprudence on the application of the rules governing recourse to the enforcement of arbitral awards and arbitral tribunals, the study of which has particularly high practical value.
Keywords: court, arbitration, defendant, plaintiff.