• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ИМИДЖА БУДУЩЕГО СОЦИАЛЬНОГО ПЕДАГОГА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ИМИДЖА БУДУЩЕГО СОЦИАЛЬНОГО ПЕДАГОГА"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

280 ҒТАХР 14.35.07

БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ М.П. Асылбекова

п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан еmail: [email protected]

Мақалада жоғары білім беру жүйесін реформалау, болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыру проблемасына байланысты қазіргі заманғы білім беру – педагогикалық технологиялар саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелері оны дайындау процесінде кәсіби қызметтің табыстылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі бір стилін жасау қажеттігі қарастырылды. Сонымен қатар, болашақ әлеуметтік педагогтердің тұлғалық, құзыреттілік, коммуникативтік, мінез-құлықтық және визуалды компоненттеріне сәйкес келетін кәсіби имидждің қалыптасуының критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталып "Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджі" ұғымы нақтыланды.

Түйін сөздер: Кәсіби имидж, имиджелогия, әлеуметтік педагог, әлеуметтік педагог имиджі, кәсіби дайындық, педагогикалық шарттар

Кіріспе

Қазақстан кез келген басқа ел сияқты әлеуметтік-экономикалық жағдайы адам әлеуетімен, адамдардың кәсібилігі, құзыреттілігі мен креативтілігі деңгейімен айтарлықтай анықталады.

Осыған байланысты XXI ғасыр педагогы өз пәні бойынша іргелі білім ғана емес, сонымен қатар оқу, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, мәдени-білім беру, ғылыми- әдістемелік, ұйымдастыру-басқару қызметін кешенді жүзеге асыру үшін тиімді құралға ие болуы тиіс [1].

Жоғары білікті педагогикалық кадрларды университеттік даярлау контексінде болашақ маманның табысты кәсіби, үздіксіз білім алуға және алдағы еңбек жолында толық өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру өзектілікке ие болады. Бұл мақсатқа қол жеткізуге Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруға бағытталған.

Бұл құжаттарда әлеуметтік педагогтердің кәсіби дайындығына ерекше мән беріледі, оның бір бөлігі олардың кәсіби имиджін қалыптастыру болып табылады [2].

Әлеуметтік педагог имиджі - бұл педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі, психологиялық және әлеуметтік құзыреттілігі бар, жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары білікті маман болып табылады. Ішкі имидждік бейнесі шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби жүйелі және функционалдық қасиеттерінің тұтас жиынтығына ие болуы тиіс әлеуметтік педагог тұлғасының өзін-өзі тануын көрсетеді. Сыртқы мінездемелерден қалыптасатын бейне әлеуметтік педагогтың қоғамдық маңызы бар қызметінің сапасынан, оның оқушылармен, әріптестерімен және жұртшылықпен тиімді кәсіби өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қабілеттілігінен пайда болады.

Кәсіби қарым-қатынас және нәтижелі ынтымақтастық әлеуметтік педагогтың тікелей міндеті болып табылатындықтан, олардың өз имиджін қалыптастыру дағдылары мен іскерлігін меңгеру – жоғары оқу орнында білім алу кезеңінде оны дайындаудың маңызды міндеті болып табылады.

Негізгі бөлім

«Имидж» ұғымы мазмұнының (лат. Imago - бейнесі, ұқсастық) философиялық, социологиялық, экономикалық, саяси, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кездесетін тарихы бар. «Имидж» санатының пайда болуы, қалыптасуы және дамуы тарихнамасында ұғымға

(2)

281

дейін (тұжырымдамалық), жүйелеу (жіктеу), ақпараттық-мағыналық және терең-зерттеу кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік шындық объектісі ретінде имидж туралы түсінік мағыналы сипатқа ие емес, имидж жасау әдістері мен тәсілдерінің ерекше белгілері стихиялық және қарама-қайшылық болып табылады.

Жүйелеу (жіктеу) кезеңінде – XX ғасырдың 30-шы жылдардан бастап 70 жылдары аралығында имидж туралы түсініктерді жинақтау және кеңейту жүргізіледі. Оның анықтамаларын тұжырымдауға, эксплицирлеуге, басқа ұғымдар арқылы түсіндіруге талпыныстар жасалады, алайда имидж әлі де жеке ғылыми санат ретінде қарастырылмайды.

XX ғ. 70-90-шы жж. аралығындағы мерзімді қамтитын ақпараттық-мағыналық кезеңде шетелдік және отандық ғылыми ойда имидждің санатын мағыналық толықтыру жүзеге асырылады, имиджелогия жеке пән ретінде қалыптасты. Имидж адам өмірінің барлық салаларына еніп, пәнаралық түсінікке айналды.

Біз зерделеген, қазіргі ғылыми-зерттеулерде (XXI ғ.) имидж түрлі ғылым аясында зерттеле бастайды, оның мәні негізделеді және оның құрамдас құрамы бөлінеді [3-5].

Осы орайда, ғалым А.А. Калюжный еңбектерінде: «Мұғалім имиджі олардың: сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық менталитетінен, іс-әрекетінен, мінез-құлқынан жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой пікірінен құралады»-деп тұжырымдалған [6].

Имидж қалыптасуының маңыздылығы сезіледі, оны құрудың тиімді шарттары мен технологиялары әзірленеді және практикаға енгізіледі [7], атап айтқанда, болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың теориясы мен әдістемесі бойынша диссертациялық жұмыстарда да көрініс табады (1-Кестеде берілген).

1-Кесте. 2001-2018 жылдар аралығында әлеуметтік педагогтардың имиджін қалыптастыру мәселелері қарастырылған зерттеу жұмыстары

Зерттеушілер Зерттеудің мазмұны мен негізгі бағыттары

1 2

Әлеуметтік педагогтардың кәсіби даярлығын құраушы

Ю.Н. Галагузова (2002) жүйелі кәсіби даярлықтың теориясы мен практикасы Ч.И. Лопсан (2003),

Е.Д. Макарова (2006)

эмпатияны кәсіби-тұлғалық сапа ретінде тәрбиелеу Е.А. Журавлева (2004) психологиялық тұрақтылық

М.А. Емельянова (2005) кәсіби жетілу және оны қалыптастыру механизмдері Т.Т. Щелина (2006) рухани-құндылықтық бағыт

Т.А. Манцурова (2007) әлеуметтік педагогтың жауапкершілігі Е.А. Власова (2008) кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындық

Т.В. Склярова (2008) әлеуметтік педагогтарды даярлаудағы конфессиялық- бағытталған жоғары оқу орындарының мүмкіндіктер

Л.В. Порхун (2010) әлеуметтік педагогтардың кәсіби қызметінің өнімділігін арттырудың психологиялық технологиялары

Т.В. Третьякова (2011) әлеуметтік педагогтардың толеранттылық

Н.В. Курилович (2012) кәсіби қарым-қатынас әлеуметтік қызметкер мәдениетінің компоненті ретінде

Ю.А. Агаева (2013) корпоративтік-кәсіби мәдениет контексіндегі әлеуметтік педагогтың кәсібилігі

М.В. Дудкина (2015) әлеуметтік педагогтердің аудиториядан тыс қызметтегі жалпы мәдениетін дамыту

Л.А. Галкина (2015) кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысы

Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру мәселелері: Жалпы құзыреттілікті және оның жекелеген түрлерін қалыптастыру

(3)

282 З.М.Махмутова (2006), И.С.

Николаева (2011), С.В.

Старикова (2008), О.В.

Баркунова (2010)

Әлеуметтік педагогтың жалпы кәсіби құзыреттілігі (құрылымы, әдістері және оны дамыту құралдары))

А.Л. Фатыхова (2005) Әлеуметтік-перцептивті құзыреттілік А.В. Молчанова (2008) Кәсіби-құқықтық құзыреттілік Е.В. Кузнецова (2010) Коммуникативтік құзыреттілік Р.К. Джандосов (2007) Эстетикалық құзыреттілік Әлеуметтік педагогтардың кәсіби имиджінің құрамдас бөліктері Е.С. Головина (2005),

Е.Н. Меркулова (2006), В.П. Сморчкова (2007)

Жалпы кәсіби мәдениет

Е.В. Климкина (2001) Кәсіби-сөйлеу мәдениеті С.К. Магометова (2002) Адамгершілік мәдениет О.Ю. Кулаковская (2003) Кәсіби өзіндік сана Л.И. Кобышева (2004)

Л.Я. Елисеева (2005)

Кәсіби маңызды қасиеттер

А.А. Калюжный (2005) Мұғалімнің имиджін қалыптастыру Педагогикалық имиджелогия

А.А. Калюжный (2004) Мұғалімнің имиджін қалыптастыру психологиясы С.А. Маскалянова (2005) Кәсіби имидж

Ю.А. Сапарова, Ш.Тұрдалиева, И. Багов, А. Сабекова (2008)

Имиджелогия

Ә.М. Дүйісмағамбетова (2008) Ұстаздық келбет – педагог шеберлігінің кепілі В.А. Щербаков (2010) Құндылық бағдарлар

Н.А. Рачковская (2013) Эмоциялық мәдениет (эмоциональная )

XXI ғасырда әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытуға арналған 1-кестеде көрсетілген зерттеулердің мазмұнын, оларда қалыптасқан гуманистік құндылықты бағдарлардың, мәдениеттің жоғары деңгейінің болуын және т.б. міндеттілігін талдау қызметкерлердің осы санатының имиджін қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді.

Сонымен, Ю.А.Агаева, О.В.Баркунова, Ә.М.Дүйісмағамбетова, Е.В.Кузнецов, Н.В.Курилович және т.б., әлеуметтік педагогтың жеке тұлғасы тек кәсіби құзыреттілікке ғана емес, жоғары жауапкершілік дәрежесіне, өзін-өзі іске асыру қажеттілігіне, өзінің еңбек функцияларын орындау кезінде стратегияларды таңдауда икемділікке ие қазіргі ұрпақтың көшбасшы-тәлімгерінің үлгісі болып табылады [8-12].

В.А.Романов пен В.В.Коритчук Болашақ педагогтардың имиджін қалыптастыру тиімділігінің басты шарты – жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің тұтастығы, оның барлық компоненттерінің бірлігі мен үйлесімдігі. Мазмұндық аспектіде мұндай тұтастық кәсіби күш-жігер мен оларды қолдану тәсілдері арасындағы өзара байланыс орнату, имидждік шығармашылық іс- әрекет тәжірибесі және студенттердің өзіне эмоциялық-ерік қатынасы, кәсіби өзін-өзі білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу, оқу және технологиялық шығармашылық арқылы пайда болатын кәсіби орта құндылықтары есебінен қол жеткізіледі [13].

XXI ғасырда шетелдік зерттеушілер педагогтардың кәсіби даярлығының теориясы мен тәжірибесінің түрлі аспектілерін, олардың кәсіби имиджінің деңгейін арттыру технологиялары саласында ізденістерді жандандырып келеді. Атап айтқанда, Италия мен Швейцариядағы (C.

Fiorilli және т.б.) [14] мұғалімдердің кәсіби жану (күйзеліс) синдромының дамуына педагогтарды әлеуметтік қолдау мен эмоциялық шиеленістің әсері; бірлескен оқыту тиімділігінің, болашақ әлеуметтік педагогтардың оқу жетістіктерінің деңгейінің жеке тұлғаға (T.L.N. Emerson, l. English, K.M. McGoldrick) [15]; әлеуметтік педагогтардың кәсіби имиджін дамытудағы әлеуметтік жетілудің рөлін (V.Nagra, M.Kaur) [16]; студенттердің оқыту және даму сапасының оқытушылардың кәсіби имиджіне тәуелділігі (M. Kunter, U. Klusmann, J. Baumert, D. Richter, T.

Voss, A. Hachfeld және т. б.) тұжырымдалған [17].

(4)

283

Осылайша, әлемдік ғылыми қауымдастықтың білім беру қызметі мен дамуының басым бағыттарының қатарында негізгі құрамдас бөліктері іргелі білім беру, құзыреттілік, шығармашылық бастама ретінде, жеке кәсіби маңызды қасиеттер, өмір бойы акмеологиялық оқуға ұмтылу болып табылатын педагогтардың кәсіби имиджі қалыптасады. Демек, ол тиімді үйлесімі және педагогтың кәсіби өсу деңгейін анықтайды.

Әр түрлі ғалымдардың жарияланымдарында ұсынылған нәтижелерді жинақтай отырып, келесілерді айтуға болады: әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджі ұғымының қалыптасуы мен даму үрдісі қазіргі отандық және шетелдік ғылыми мектептерде бай әлеуметтік-педагогикалық мұра және болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінің қалыптасу тарихы негізінде дамиды. Бірте-бірте мамандардың кәсіби имиджін қалыптастыру маңыздылығын сезіну жүргізіледі, оны жетілдіру жолдары кеңінен зерттеледі және эксперименталды түрде тексеріледі.

Мұның бәрі болашақ мамандардың оқу кезеңінде оң кәсіби имиджін қалыптастыру моделін әзірлеудің өзектілігі мен мақсаттылығын көрсетеді, бұл қолданыстағы кәсіби дайындық жүйесінің деңгейін айтарлықтай арттыруға және еңбек қызметіне кірісетін әлеуметтік педагогтардың үйлесімді дамуы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зерттеу материалдары және әдістері

Біздің зерттеуіміздің эксперименталды базасына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары алынды:

Зерттеу бағдарламасына сәйкес тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс үш кезеңде жүзеге асырылды.

Айқындаушы кезеңде кәсіби имидждің қалыптасу деңгейін диагностикалаудың негізгі құралына:

- Б. Басс тұлғаның бағыттылығын анықтау (бағдарлы сауалнама);

- Кәсіби имиджді қалыптастыру қажеттілігін бағалау сауалнамасы;

- «Кәсіби имиджді қалыптастыру: менің жеке көзқарасым» сауалнама;

- «Әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджі: ол қандай?» имиджелогия бойынша тестілеу және сауалнама алу;

– Әлеуметтік педагогтың өз кәсіби имиджін құру біліктілігінің қалыптасу деңгейін бағалауға арналған сауалнама;

– "Сіздің имидж" тесті (М. Подопригора);

– "Имидж параметрлерін бағалау және жеке имиджді құру" әдістемесі (М. Спиллейн, в.

Шепельдің модификациясы);

- Өзін-өзі дамыту және кәсіби-педагогикалық қызмет деңгейінің диагностикасы (Л.

Бережнова).

Зерттеудің әдіснамалық негізін адам қызметінің пәндік сипаты туралы таным теориясының, философияның және психологияның концептуалды ережелері; оқыту және тәрбиелеу үдерісіндегі тұлға теориясы мен оның дамуы; жүйелік, тұлғалық-іс-әрекет, синергетикалық, акмеологиялық, мәдениеттанулық тәсілдердің ережелері; болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби-педагогикалық даярлығының концептуалды негіздері құрады; жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияларды қолдану бойынша қазіргі зерттеушілердің жетістіктеріне негізделген әлеуметтік педагогиканың теориялық-әдіснамалық ережелері; білім беру технологияларын қолдану теориясы мен әдістемесі.

Зерттеу нәтижелері

Анықтаушы эксперимент жүргізу барысында, атап айтқанда, эксперименттік (3-4 курстың 48 студент) және бақылау (2 курстың 39 студент) топтарында кәсіби имидждің қалыптасуының төмен (тиісінше 38,5 және 36,6%) және орташа (33,7 және 32,7%) деңгейі бар білім алушылар саны басым екені анықталды. Жеткілікті деңгей сыналушылардың 11,6% - ында және бақылау тобының 13% - ында анықталды. Эксперименталды топ студенттерінің 6,2% - ы және 7,7% - ы жоғары деңгейде болды.

Зерттеудің сапалы нәтижелерін талдау болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби дайындығының мазмұны оның кәсіби имиджін жасау бойынша мақсатты жұмысты көздемейді, сондықтан ол жиі стихиялы, жүйесіз және тәуелсіз қалыптасатын болады деген қорытынды

(5)

284

жасауға мүмкіндік берді. Бұл ретте болашақ әлеуметтік педагогтарда оқу іс-әрекетінің жоғары уәждемесі анықталды, өзінің кәсіби имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс істеуге ықыласы байқалды, алайда осы дайындық аспектісінің теориялық базасы студенттерге өз ұмтылысын сауатты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі барысында болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін құрудың педагогикалық шарттары кешенімен біз әзірлеген үлгінің тиімділігін тексеру жүзеге асырылды. Модель үш блокты құрады: мақсатты, қалыптастырушы және нәтижелі.

Мақсат нәтижені анықтайды – біздің жағдайда болашақ әлеуметтік педагогке өзінің кәсіби міндеттерін табысты орындауға мүмкіндік беретін және оның кәсіби қызметке дайындығының аяқталуын сипаттайтын жоғары оқу орны жағдайында кәсіби имидж қалыптасуының тиісті деңгейін алу.

Модельдің мақсатты блогы жүйелі, құзыреттілік, жеке-іс-әрекет, аксиологиялық және акмеологиялық тәсілдермен және мақсатты, пәнаралық интеграция, практикалық бағыт, коммуникативтік және сөйлеу әсері, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу принциптерімен ұсынылды, оларды пайдалану эксперимент көрсеткендей, әлеуметтік педагог мамандығын таңдаған студенттердің кәсіби имиджін қалыптастыруда тиімді.

Кәсіби имидждің қалыптасуының алға қойылған міндеттерін шешу үшін білім алушыларда белгілі бір мән – жайлардың болуы талап етілді-модельдің қалыптастырушы блогында ұсынылған педагогикалық жағдайлар кешені. Бұл шарттарға біз:

1) болашақ мамандыққа және кәсіби имиджді қалыптастыру процесіне студенттердің жағымды (оң) көңіл-күйін дамыту;

2) кәсіптік даярлықтың барлық кезеңінде педагогикалық имиджелогия туралы ғылыми білімнің біртұтас құрылымын құруға бағытталған оқу материалын пәнаралық ықпалдастыру;

3) болашақ әлеуметтік педагогтардың имиджін қалыптастыру процесінде оқытудың практикалық-бағдарлы бағытын қамтамасыз ету;

4) студенттердің кәсіби имиджінің қалыптасу деңгейіне тұрақты рефлексивті мониторинг жүргізу.

Модельді қалыптастырушы блок болашақ әлеуметтік педагогтың имиджін қалыптастыру дағдылары мен біліктерін дамытуға арналған құрылымдық-әдістемелік жүйенің ерекшеліктерін сипаттайды: кәсіби дайындық компоненттері – мотивациялық-құндылық, когнитивті, ұйымдастырушылық-әрекеттік, нәтижелі-шығармашылық; және білім беру қызметінің кезеңдері – мотивациялық, бағдарлы-теориялық, технологиялық.

Модельдің нәтижелі блогында игерілген құзыреттіліктердің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін қамтитын кәсіби имиджді қалыптастыру процесінің мониторинг құралы бейнеленген.

Ұсынылып отырған модель тұтас жүйе ретінде болашақ әлеуметтік педагогтың имиджін құру дәйектілігін айқын көрсетеді.

Біздің экспериментіміздің бақылау кезеңі кезінде болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін қалыптастырудың әзірленген педагогикалық шарттарын практикаға енгізу тиімділігі бағаланды, қажетті түзету жүзеге асырылды, зерттеу материалдары жинақталды және эксперименттік және бақылау топтарында жұмыс нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.

Ол 2-ші кестеде берілді. Кәсіби имидждің қалыптасу серпіні айқындаушы кезеңде қолданылуымен ұқсас диагностикалық әдістемелер кешенінің көмегімен бақыланады.

2-Кесте Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби имиджін қалыптастыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Деңгейі Эксперименталды топ Бақылау тобы

Айқындаушы кезең Бақылау кезеңі Айқындаушы кезең Бақылау кезеңі Студент

саны % Студент

саны % Студент

саны % Студент

саны %

жоғары 9 17,7 13 24,3 5 7,9 7 9,3

жеткілікті 13 24,3 17 40,4 9 17,1 9 17,1

орташа 15 36,5 10 19,5 10 32,1 11 34,6

төмен 11 21,5 8 15,8 15 42,9 12 39

(6)

285

Сурет 1 - Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби имиджін қалыптастыру нәтижелерінің динамикасы

Тәжірибелік топта жағымды кәсіби имиджге ие болу мүмкіндіктеріне деген қызығушылықтың өсуі байқалды, студенттер имиджелогия бойынша терең және құрылымдалған теориялық білімдерін, өзінің жеке тұлғасын кәсіби аспектіде позитивті таныстыру шеберлігі мен дағдыларын көрсетті.

Фишер мөлшерін пайдалану (φ) арқылы әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыру моделі сыналатын эксперименттік топтағы оң өзгерістер туралы (қателіктің 5% - дан аспайтын ықтималдығымен) және осы модель пайдаланылмаған бақылаудағы маңызды өзгерістер туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджінің проблемаларына қатысты ғылыми жұмыстарды талдау осы құбылыстың көп қырлылығы мен көп аспектілігін анықтауға мүмкіндік берді.

"Имидж" және "кәсіби имидж" ұғымдарына қатысты теориялық негіздерді зерделеу оларды нақтылауға және жүйелеуге қызмет етті. Имидждің түсіндірмесі нақтыланды: бұл бейне - жеке, топтық және қоғамдық санада арнайы құрылған, психоэмоционалдық мінездеме, ой және бір нәрсе туралы әсер ететін көрініс. Кәсіби имидж жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен құрамдас бөліктері жеке-типологиялық, субъективті-әрекеттік және тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері болып табылатын бір тұтас бейнені білдіреді.

Әлеуметтік сала педагогының кәсіби имиджін мазмұнды толтыру (құрылымы) мотивациялық-құндылық, когнитивті, ұйымдастырушылық-іс-әрекет және нәтижелі шығармашылық компоненттерді қамтиды және зерттелетін феноменнің барлық компоненттерінің қалыптасуының интегративті нәтижесін қамтамасыз ететін коммуникативтік, дамытушы, әлеуметтендіруші, рефлексивті функциялар мен өзін-өзі тану функциясын орындайды.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде: әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджі – бұл қызметкерді рухани, жоғары адамгершілік, шығармашылық тұлға ретінде сипаттайтын, кең психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік эрудицияға ие, инновациялық, психологиялық-педагогикалық технологиялар туралы білімі бар, оларды пайдалана алатын және оқушыларды, олардың ата-аналарын, әріптестерін және басқа да әлеуметтік өкілдерін оқыта алатын, сондай-ақ қоршаған ортаның өзін табысты, әлеуметтік және жеке маңызды адам және маман ретінде бағалауға мүмкіндік беретін мақсатты құрылған үлгі.

ЖОО-да оқу кезінде әлеуметтік саладағы болашақ педагогтың кәсіби имиджін алуы тиісті педагогикалық жағдайларды: студенттердің болашақ мамандыққа және оң кәсіби бейнені беруге оң көңіл-күйімен; білім беру бағдарламасын игерудің барлық кезеңінде педагогикалық имиджелогия туралы ғылыми білімнің тұтас құрылымын құру мақсатында оқу материалының пәнаралық интеграциясы; оқытудың практикалық-бағдарлы бағыттылығы қамтамасыз ету әбден мүмкін екендігі эксперименталды дәлелденген; кәсіби имидждің қалыптасуын бағалау элементтерін рефлексивті мониторингке енгізу.

Студенттерді өз кәсіби имиджін қалыптастыруға кезең-кезеңмен оқыту осы үдерістің жүйелілігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етті. Мұндай тәсіл кәсіби имидждің мотивациялық-

0 10 20 30 40 50

жоғары жеткілікті орташа төмен

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

(7)

286

құндылықты, когнитивті, ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік және нәтижелі-шығармашылық компоненттерінің бір-бірімен өзара байланысты екендігі туралы тұжырымдамалық ережеге негізделген. Қорытынды диагностиканың нәтижелері (зерттеудің қорытынды кезеңінде) студенттердің кәсіби имиджінің төмен және орта деңгейінің басым екенін көрсетті: олардың көпшілігі қажетті кәсіби қасиеттерге ие емес, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қиындықтарға тап болды, өзін кәсіби сауатты маман ретінде көрсете алмады. Оқу үдерісінде біз әзірлеген кәсіби қызметтің имидждік құрамын жетілдірудің педагогикалық шарттары мен моделін енгізу болашақ әлеуметтік сала мамандарын даярлауда осы құралдардың тиімділігін көрсетті.

Жүргізілген зерттеу қаралып отырған мәселенің барлық аспектілерін жоққа шығармайды.

Болашақта кәсіби имиджді қалыптастыру технологияларын қолдану мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру; осы үдерісте технологиялық практиканың мүмкіндіктерін ашу; мамандықтың әр студентіне педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажет болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Глузман Н.А. Проблема формирования профессионального имиджа будущего социального педагога в процессе подготовки в высшем учебном заведении // Проблемы современного педагогического образования. 2016. № 53–1. С. 74–79.

2. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //http://adilet.zan.kz/kaz/ docs/U1000001118

3. Banks S. Ethics and Values in Social Work. 4-th edition. Basingstoke: Palgrave Macmillan, 2012. 304 p.

4. Riabova Yu. Forming of future social workers professional culture in the university academic process //

Science and Education a New Dimension. Pedagogy and Psychology. –2014. Issue 19. –P. 10–13.

5. Riabova Yu. Principles of social workers’ professional activity in the modern multicultural society //

Modern Tendencies in Pedagogical Education and Science of Ukraine and Israel: the Way to Integration. 2014.

Issue 5. –Р. 366–371.

6. Калюжный А.А. Педагогическая имиджелогия. –Алматы, 2004.–177 б.

7. Wagenaar R. Competences and learning outcomes: a panacea for understanding the (new) role of Higher Education? // Tuning Journal for Higher Education. –2014. Vol. 1. Issue 2, May. –Р. 279–302.

8. Агаева Ю.А. Критерии, показатели и уровни сформированности корпоративно-профессиональной культуры будущего социального педагога // Вестник Московского государственного педагогического университета. Педагогика. 2013. –№ 1. – С. 5–8.

9. Баркунова О.В. Педагогическая практика как средство формирования компетентности социальных педагогов в процессе профессиональной подготовки в вузе // Вестник Костромского государственного университета имени Н. А. Некрасова. – 2009. –№ 4. – С. 254–257.

10. Дүйісмағамбетова Ә.М. Ұстаздық келбет – педагог шеберлігінің кепілі // ІІ Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің «Жас ғалым – 2007» ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Тараз, 2007. –187-192 б.

11. Кузнецова Е.В. Формирование коммуникативной компетентности будущего социального педагога // Социальная педагогика в России. –2010. –№ 2. –С. 83–88.

12. Курилович Н.В. Сущность, структура и содержание культуры профессионального общения будущего специалиста социальной работы // Социально-экономические явления и процессы. –2010. –№ 4 (20). –С. 139–143.

13. Романов В.А., Коритчук В.В. Подготовка выпускников педагогических вузов к реализации ФГОС // European Social Science Journal (Европейский журнал социальных наук). –2016. –№ 2 (64). –С. 346–

352.

14. Fiorilli C., Gabola P., Pepe A., Meylan N., Curchod-Ruedi D., Albanese O. & Doudin P. A. The effect of teachers’ emotional intensity and social support on burnout syndrome. A comparison between Italy and Switzerland. Revue Européenne de Psychologie Appliquée //European Review of Applied Psychology. –2015. –

№65. –Р. 275–283. DOI: https://doi.org/10.1016/j.erap.2015.10.00.

15. Emerson T.L.N., English L., McGoldrick K.M. Cooperative learning and personality types //

International Review of Economics Education. –2016. –№ 21. –P. 21-29. DOI:

http://dx.doi.org/10.1080/00220485.2014.978923.

16. Nagra V., Kaur M. Social Maturity among Student Teachers // International Journal of Education and Psychological Research (IJEPR). –2013. –№ 2 (1). –P. 10–16.

(8)

287

17. Kunter M., Klusmann U., Baumert J., Richter D., Voss, T. & Hachfeld A. Professional competence of teachers: Effects on instructional quality and student development // Journal of Educational Psychology. –2013. –

№105 (3). –P. 805–820.

ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ИМИДЖА БУДУЩЕГО СОЦИАЛЬНОГО ПЕДАГОГА

М.П. Асылбекова

К.п.н, ассоциированный профессор

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан E-mail: [email protected],

В статье рассмотрены результаты последних исследований в области современных образовательных и педагогических технологий, связанных с проблемой реформирования казахстанской системы высшего образования, формирования профессионального имиджа будущего социального педагога, необходимость создания определенного стиля социального поведения, обеспечивающего успешность и результативность профессиональной деятельности в процессе его подготовки. А также конкретизировано понятие

«Профессиональный имидж будущего социального педагога» и выделены критерии, показатели и уровни сформированности у будущих социальных педагогов профессионального имиджа, соответствующие его компонентам – личностному, компетентностному, коммуникативному, поведенческому.

Ключевые слова: профессиональный имидж, имиджелогия, социальный педагог, имидж социального педагога, профессиональная подготовка, педагогические условия

THE FORMATION OF PROFESSIONAL IMAGE OF FUTURE SOCIAL TEACHER

Marziya Assylbekova

Cand. Sci. (Pedagogy), associate professor

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan E-mail: [email protected]

In article results of the last researches in the field of the modern educational and pedagogical technologies connected with a problem of reforming of the Kazakhstan higher education system, formation of professional image of future social teacher, need of creation of a certain style of the social behavior providing success and effectiveness of professional activity in the course of its preparation are considered. And also, the concept "Professional Image of Future Social Teacher" is concretized and the criteria, indicators and levels of formation at future social teachers of professional image corresponding to its components – personal, competence-based, communicative, behavioural are marked out.

Key words: professional image, imidzhelogiya, social teacher, image of the social teacher, vocational training, pedagogical conditions

Редакцияға 05.07.2019 қабылданды

(9)

288

6 - бөлім

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Раздел 6

ИСКУССТВО И КУЛЬТУРА

Section 6

ART AND CULTURE

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Жоғары оқу орны, мемлекет, қоғам және жұмыс берушінің тең дәрежелі әрі ынтымақтастықта, үйлесімді қызметі кәсіби әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа әлеуметтік

1) Оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушы- мен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте

Мақалада болашақ кәсіптік оқыту педагогының ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылған.Болашақ мамандардың ғылыми

Low level of professional competence, failures in the relations in a pedagogical environment and others determine the need in the formation of a teacher image in a higher

Болашақ педагог мамандардың жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі іс-әрекеті – өндірістік

Оқу іс-әрекетінің негіздері оқытудың алғашқы жылдарында дәл белгіленеді. Оқу іс - әрекеті, бір жағынан, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып

Қазіргі заманғы жоғары педагогикалық білім беру үшін болашақ мамандардың кәсіби ұтқырлығының әдіснамасы — бұл біріншіден, бәсекеге қабілетті

По проблеме подготовки специалистов на основе общей цели функционирования системы непрерывного педагогического образования можно выделить цели