М.М. Иманбеков, Р.Б. Маженова, С.М. Абылайхан
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан (E-mail: [email protected])
Болашақ тəрбиеші мамандарды мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға даярлау
Мақалада білім беру саласының алғашқы сатысы — мектепке дейінгі ұйымдар баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын, үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін дамытатын орталық деп көрсетілген. «Инновация», «педагогикалық технология» ұғымдарына талдау жасалған. Осы мəселемен айналысқан ғалымдардың еңбектеріндегі мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын педагогикалық технологиялардың қағидалары мен олардың критерийлерінің маңызына жан-жақты тоқталып, мəні кеңінен ашылып қарастырылған. Білім беру жүйесіне қажетті жаңалық енгізу барысында мектепке дейінгі ұйымның оқу-тəрбие үрдісінде қолданылатын қазіргі бағдарламалар мен педагогикалық технологиялар, атап айтқанда, жобалау, ақпараттық-қатынастық, терапия жəне оның түрлері, сын тұрғысынан ойлау, М. Монтессори педагогикасы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау, тəрбиеші мен баланың портфолиосы, компьютерлік технологиялар жəне олардың мақсаттары мен ерекшеліктері жайында мəселелер зерттелген. Бұл технологияларды дұрыс қолдануға болашақ мамандарды, тəрбиешілерді даярлау қажеттігі мен оларға қойылатын талаптар сараланып, тəрбиеші жұмысынан күтілетін нəтижеге қолжеткізудің жолдарының кезеңдері талданған.
Кілт сөздер: мектепке дейінгі ұйымдар, инновация, педагогикалық технология, тəрбиеші, жобалау, ойын, денсаулық сақтау, терапия, сын тұрғысынан ойлау, талаптар, портфолио.
Қазіргі таңда қоғам сұраныстарына сəйкес мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу, уақыт талаптарына сай құру — көкейкесті мəселенің бірі. Осыған орай, мектепке дейінгі білім беруді инновациялық тұрғыдан қарау, озық тəжірибелер мен идеяларды насихаттау қажеттілігі туып отыр. Мектепке дейінгі ұйымда білім беру жүйесінің басқа да институттары секілді белгілі бір қоғамның, қоғамдық қарым-қатынас жүйесінің негізінде өз қызметін атқарады, сондықтан да олардың жалпы жағдайы, орны көбіне сыртқы факторлардың əсерінен, қоршаған əлеуметтік ортамен қарым-қатынасының кейіпімен анықталады.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың
қолында», — деп Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев атап өткендей, 2010 жылдың
7 желтоқсанынан 2011–2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы мен Мектепке жасына дейінгі – туылғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды дамытудың мемлекеттік жалпыға бірдей стандартымен реттелетін мектепке дейінгі ұйымдар балаларды тəрбиелеу жəне білім беру мазмұнын ізгілендіруінің күшеюі мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу мен оқытудың жаңа ұйымдастырушылық нысандарын, технологияларын үнемі ізденісін талап етеді. Сол себепті, Қазақстанда білім беру жүйесі – əлемдік білім беру кеңістігінде оған лайықты орын алуға жағдай жасап, соған ұмтылу үстінде. Ол үшін үздіксіз білім беру үрдісінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйым, ондағы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тəрбие үрдісі басты орында болу керек.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз [1].
Ал қазіргі кезде педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Осыған орай оқытудың, тəрбиелеудің əр түрлі технологиялары жасалып, мектепке дейінгі ұйымның тəжірибесіне енгізілуде. Оларды ғылыми тілмен «инновациялық процесс», немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу», деп атайды.
«Инноватика» ұғымының мəні латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту,
жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа əдістерді, тəсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалануды айтады [2].
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық процесс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі»,
— деген анықтаманы ұсынады. Инновация мəселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың
(Д.М.Жүсібалиева, Б.Ə.Əбдікəрімұлы, М.С.Мəлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева, тағы басқалардың) еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді екен. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны
«жаңалық», «жаңа əдіс», «өзгеріс», «əдістеме», «жаңашылдық» ал, инновациялық процесті «жаңа
əдістеме енгізу құралы», деп білеміз [3].
Инновациялық оқытуға көшу өз кезегіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалануды көздейді. Бұл — мектепке дейінгі ұйымдардың білім мазмұны мен оқыту əдістерін, бағдарламаларын, формаларын, жаңашыл педагогтардың тəжірибесін, соның ішінде педагогикалық жүйенің қазіргі талаптарға сай əдістемелік жаңаруы болып табылады.
Ендеше, педагогикалық технология өзінде барлық жаңа əдістерді, тəсілдерді жинақтайды, сондықтан олар инновациялық деп аталады. Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа əдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үрдісінде өзгерістер орын алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың назарын балалардың шығармашылық жəне интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік жəне қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дəстүрлі əдістердің орнын баланың танымдық дамуын белсендіруге бағытталған тəрбие мен оқытудың белсенді əдістері басуда.
Өте қарқынды дамып жатқан ғылым, техника, өндіріс білім беру жүйесінің барлық сатыларына оқытудың тиімді əдістерін қарастыруды талап етіп отыр. Сондықтан да əрбір мектепке дейінгі ұйым балаларға дұрыс білім мен тəрбие беретін жолдар, тəсілдер, бағдарламалар қарастырып келеді.
Өйткені педагогикалық жаңа технологияны қолдану балабақшаны сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып əрбір балабақша өзіндік даму жолын табуға, əрбір тəрбиешіге өзінің əдістемелік жүйесін құруға септігін тигізбек [4].
ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тəрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тəсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми жəне оқу-əдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту жəне кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім еруді ақпараттандыру болып табылады.
Педагогикалық технология — бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пəндер мен əдістемелердің: оқу-тəрбие урдісін ұйымдастырдуың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен əдістерінің күрделі жəне ашық жүйелері, мұнда əр позиция басқаларына əсер етіп, ақыр аяғында, баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
В.И.Ядэшко жəне Ф.А.Сохина педагогикалық қызмет педагогикалық технологиялардың негізінде құрылған төмендегі арнайы қағидаларға сүйенеді деп көрсетті.
Педагогикалық такт — бұл педагогикалық қызметті іске асыру принципі ретінде анық жəне түсінікті, ол кез келген педагогикалық қарым-қатынаста қақтығыстан шығу немесе оны болдырмау жағдайында маңызды шарт болып табылады. Бұл педагогтың кəсіби қызметінің, мінез-құлықтарының шарасы; педагог – тəрбиеленуші, педагог – ұжым арасында дұрыс қарым-қатынас құрудың маңызды шарты; өзара əрекеттесу жəне ықпал ету құралдарын, формаларын, əдістерін қолдану мен таңдау шарасы болып табылады.
Тəрбиеленуші тұлғасын құрметтеу жəне талапқа үйлесімділік — бұл принцип жалпы педагогика қағидасы болып табылады. Тұлғалық-бағдарланған жəне гуманды-педагогикалық қызмет, алдымен, əрбір тұлғанының бірегейлігін жəне қайталанбастығын құрметтеуге бағытталған. Бірақ тұлғаны құрметтей отырып, оның өзіндік дамуы мен өзін-өзі жетілдіруде жоғары деңгейге жеткізуге көмектесетін əлдеқайда жоғары талаптар қояды.
Жасырын педагогикалық позиция — бұл принцип, егер педагог, тəрбиеші позициясы көп жағдайда ашық жəне көрнекті болмаған жағдайда педагогикалық əсер нəтижелі болады.
Тəрбиеленуші бəрін өзі ойланады, ал педагог оны ынталандырады, кеңес береді, оны қолдайды.
Ұжымның даму деңгейін ескеру – бұл қалыптасқан адамгершілік нормалар мен құндылықтардың əр түрлі деңгейінде болады. Балалар ұжымы оның дамуының бастапқы кезеңінде болады, ал тəрбиеші оларға қалыптасқан ұжым ретінде сүйенеді. Нəтижесі — педагогикалық
қызметтің тиімсіздігі, қақтығыс жəне өзара түсінбеушілік. Кез келген адамгершілік нормалар мен құндылықтарға сəйкес жеке тұлғамен, сонымен қатар ұжыммен ұзақ, тынымсыз жұмысты қажет етеді [5].
Ал, «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағының авторлар ұжымы педагогикалық технологияның негізгі критерийлерін төмендегідей көрсетті:
– тұжырымдамалық;
– жүйелілік;
– басқарушылық;
– тиімділік;
– жаңғыртушылық.
Тұжырымдамалық критерий – білім беру мақсаттарына қолжеткізуді философиялық, психологиялық, дидактикалық жəне əлеуметтік-педагогикалық негіздеуден құралатын белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенеді.
Жүйелілік критерий – технология жүйенің барлық белгілеріне ие болуы тиіс: процесс логикасы;
оның бөлімдерімен өзара байланысы; тұтастығы.
Басқарушылық критерий – нəтижелелерді түзету мақсатында диагностикалық мақсатты болжау, оқу үдерісін жоспарлау мен жобалу, кезеңдер бойынша диагностикалау, құралдар мен əдістерді түрлендірудің мүмкіндігі.
Тиімділік критерий – нақты бір жағдайда қолданылатын педагогикалық технологиялардың нəтижелер бойынша тиімді жəне шығындар бойынша оңтайлы болуы, белгілі бір оқу стандартының жетістікке жетуіне кепілдік беруі тиіс.
Жаңғыртушылық критерий – білім беру ұйымдарында білім беру технологияларын қолдану мүмкіндігі (қайталау, жаңғырту), яғни технология педагогикалық аспап ретінде тəжірибесіне, еңбек өтіліне, жас ерекшелігіне жəне жеке қасиеттеріне қарамай, оны пайдаланатын кез келген педагогтың қолында тиімді болуына кепілдік берілуі тиіс [6].
Алайда балабақшада қызмет істейтін тəрбиешілердің басым көпшілігінің кəсіби мамандық иесі болмауы, білім беру ұйымдарында тəжірибелі тəрбиешілердің жеткіліксіздігі, осы саладағы еңбек өтілінің аздығы, педагогикалық мамандар мəселесінің тұрақсыздығы педагогтарға инновациялық технологияларды жүзеге асыруда қиындықтар туғызып келеді [4].
Осындай қиындықтарды алдын алуда жаңаша оқыту процесін ұйымдастыру, жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нəтижесінде елеулі мəселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Бұл бірден бір педагогқа, яғни өз мамандығын терең игерген маманға, байланысты.
Мектепке дейінгі ұйымның негізгі субъектісі – тəрбиеші, ол – мектепке дейінгі ұйымдарда баламен тікелей қарым-қатынасқа түсіп, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұратын əлемге табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайтын, ең алдымен, кəсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық əлеуеті мол, ата-аналармен бірлесе отырып, баланың дұрыс өсіп-жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанда жүргізетін тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тəрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептелінеді. Сондықтан топтағы психологиялық ахуал, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың балабақшаға келуге деген ынталығы, тағы да көптеген жағдайларға тəрбиеші жұмысына байланысты.
Осыған орай біз қызмет атқарып жүрген Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінде 5В010100 — «Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу» мамандығы бойынша болашақ тəрбиешілерді даярлаймыз.
Аталған мамандықтың оқу жоспарына «Мектепке дейінгі білім беру мен тəрбиелеудегі қазіргі педагогикалық технологиялар» элективті курсы енгізілген. Курс əдістемелік жағынан толық қамтылған. Курстың мақсаты — болашақ педагогтарға, тəрбиешілерге мектепке дейінгі ұйымның оқу-тəрбие үрдісінде қолданылатын отандық жаңа, инновациялық педагогикалық технологиялар жайында білімдер мен іскерліктерді шығармашылықпен игеруге көмектесу.
Осы пəннің шеңберінде қарастырылатын тақырыптар: мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын инновациялық технологиялар, мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбилелеу бағдарламалары, мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық-қатынастық технология, М.Монтессори технологиясы, ойын технологиясы – балаларды тəрбиелеу мен дамыту құралы, балабақшада жобалау технологиясын пайдаланаудың тиімділігі, мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау
технологиялары, балабақшада компьютерлік технологияның қолданылуы жəне арттерапия – оқытудың жаңа үлгісі ретінде, бала мен тəрбиеші портфолиосы технологиясы.
Əр технологияның мақсаты мен ерекшеліктері болады, жеке тоқталып өтсек:
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты — баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады. Денсаулық сақтау технологиясынын таңдау мыналарға тəуелді:
мектепке дейінгі ұйым типіне, мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына, педагогтардың жұмыс жасайтын бағдарламаларына, мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына, педагогтың кəсіби құзыреттілігіне, балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.
Ойын технологиясының мақсаты: дидактикалық, тəрбиелік, дамытушылық, əлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-əрекеттің психологиялық тетігі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Сонымен қатар ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Жобалау технологиясының мақсаты — белгілі бір теориялық немесе тəжірибелік мəселелерді шешу арқылы нəтижеге қолжеткізу, оны көзбен көру, санада сəулелендіру, көңілге тоқу жəне оны жүзеге асыру. Балалардың өздігінен дербес əрекет етуіне жағдай жасау (жеке, жұппен жəне топпен жұмыстар). Жобаның мазмұндық бөлігінің құрылымын жүйелей алу.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды-есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Ақпараттық-қатынастық технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникациялық қабілеттіліктерді дамыту,
«ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді
қабылдау қабілеті болып табылады.
Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясынның (ӨТШТ) басты идеясы тапсырмаларды шешу үшін қолдануға, баланың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін балабақшаларда табысты қолданылады.
М.Монтессори технологиясының мақсаты — балаға өзін-өзі тəрбиелеуге, өз бетінше оқуға, өз бетінше дамуға жағдай жасау. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, əр түрлі жаттығулар арқылы дамыта отырып, ұйымшылдық, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
Монтессори педагогикасын пайдалану арқылы балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тəрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тəуелсіздік рухында тəрбиелеу жүзеге асырылады. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер», — дейді мұндағы бала.
Компьютерлік технология — білім беру жүйесін компьютерлендіру, оқытудың, тəрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған əдістемесін білім беру саласында компьютерлік технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз ету үрдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне компьютерді енгізудегі ең басты мақсат — ақпараттық технологияларға толы қоғамдық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыру. Компьютерлік сауаттылыққа үйретудің алғышарты – балаларға танымдық түсінік беру. Балалар берілген тақырыптарға сай əрекет етуді үйренеді, нəтижесінде олардың дүниетанымы, зейіні, есте сақтау қабілеті, қабылдауы, шығармашылық қабілеті, ойы мен қиялы, жан-жақты ойлау қабілеті, ой-өрісі, логикалық ойлауы, айналадағы қоршаған ортамен байланысы одан əрі дами түседі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты — шығармашылық, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, рухани дүниесін байыту, оқырмандығын күшейту, ауызша-жазбаша тіл мəдениетін дамыту, ойлау, елестете алу қабілетін қалыптастыру, көзқарасын тереңдету, өзінше бағалап, ой түюге баулу, ойын жеткізе алу, танымдық оқу ауқымын кеңейту, шығармашылық ізденісіне жол ашу.
Терапия технологиясы: балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес əрі өте тиімді əдіс. Бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез келген жағдайды шешуге көмек көрсету технологиясы.
Тəрбиеші мен баланың портфолиосы технологиясы: бұл баланың жəне тəрбиешінің белгілі бір даму кезеңінде оның жеке жетістерін бағалау, жинақтау жəне белгілеу тəсілі. «Педагог – бала – ата- ана» өзара байланысы, бала тұлғасын қалыптастыру.
Осындай инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік, тағы басқа қасиеттерінің қалыптасуына оң əсерін
тигізеді, əр педагог өзін-өзі дамытып, оқу тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі жəне көп күш жұмсауды қажет етеді [5].
Инновациялық технологияларды енгізуде балабақша педагогтары төмендегі маңызды мəселелерді ескеру қажет:
– инновациялық бағытты балалардың жас жəне даму ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс
таңдай білу;
– инновациялық технологияларды жүзеге асыруда қажетті құжаттар мен құрал-жабдықтарды,
кəсіби сауаттылық тұрғысынан дайындап алу;
– инновациялық технологияны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау;
– инновациялық технологияны жүзеге асырудың тұжырымдамасын, жоспарын бағдарламасын
жасау.
Балалардың əр жас кезеңдерінің психологиялық жəне баланың жеке даму ерекшеліктерін оқу тəрбие жұмыстары барысында ескеріп отыру қажет. Маманға мектеп жасына дейінгі балалардың əр жас кезеңдеріне байланысты түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял жəне сөйлеу қабілеттерінің даму ерекшеліктері бала жасына қарай даму сатысы жəне балалардың таным қабілеттерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру жолдары, оқу іс-əрекеттерінде инновациялық əдістерді қолдану, қазақ этнопедагогикасы материалдарын инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру [4].
Аталған педагогикалық технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңда əр педагогтың міндеті болып табылады. Ал оларды дұрыс пайдалану бірден бір ұстазға, тəрбиешіге, өз мамандығын терең игерген маманға байланысты.
Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тəрбиешілеріне келесі бірыңғай əдістемелік талаптар қойылады:
– педагогикалық жəне психологиялық деңгейін арттыру;
– оқыту мен тəрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру жəне оны
өзінің кəсіптік жұмысында қолдана білу;
– білімін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру;
– авторлық бағдарламалар, оқу құралдарын, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру;
– тəрбиешінің педагогикалық-кəсіптік оң көзқарастарының жəне құндылықтарының
қалыптасуына жағдай туғызу.
Ф.Н. Жұмабекова осыған сəйкес тəрбиешінің жұмысынан күтілетін нəтижеге қолжеткізу жолдарын төмендегідей үш кезеңге бөліп көрсеткен:
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды оқып үйрену кезеңі – бұл
уақытта тəрбиешілер ақпарат көздерімен жұмыс істеп, ғылыми-педагогикалық, əдістемелік əдебиетерге талдау жасауға үйренеді. Эксперимент жұмыстарын жүргізе алу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеу жүргізуге қажетті білім көлемін арттыру жолдарын табу керек.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тəрбиелеу мен білім беру
мазмұнына қатысты пайдалануда кейбір тəжірибелер жинақтау кезеңі – эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті тəжірибе қалыптастыру. Ол үшін тəрбиеші арнайы эксперимент жоспарын құрып, бақылау, қалыптастыру жəне қорытынды эксперимент жүргізеді.
3. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалануда өзіндік зерттеу
жүргізу кезеңі – мұнда балалармен зерттеу жұмысын жүргізу, пікірін дəлелдеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеуге байланысты білімдер жинақтау, əдіс-тəсілдердің тиімдісін таңдай білуге дағдылану [5].
Ал, Ə.С. Əмірова жəне К.А. Анартаева инновациялық жаңа технологияларды іске асыру барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды ұсынады:
1. Педагогтың педагогикалық кəсіби іс-əрекетіне деген сенімділігі, шығармашылық шеберлігі.
2. Тəрбиелеу мен білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі.
3. Тəрбиенің жеке тұлғаға бағытталған модельге көшуі.
4. Балалардың тұлғалық бағдарлы дамуының ескерілуі.
5. Оқу урдісінің кез келген кезеңіндегі бала дайындығының іске асырылуы мен кепілдігінің міндеттілігі.
6. Оқыту технологиясында пайдаланылатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі.
7. Балалардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі.
8. Балаларды өздігінен қорытынды жасауға белсенді іс-əрекетті ұйымдастыру.
9. Оқу процесін жобалағанда іс-əрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дəлелділігінің бірлігі.
10. Оқу процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы.
11. Балалардың шығармашылық іс-əрекетін ұйымдастыру.
12. Шығармашылық іс-əрекетті нəтижеге жеткізу [7].
Қорытындылай келе, қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерістер мен білім беру саласының алғашқы сатысы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сəбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тəрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр, аталған міндеттерді шешуде кезек күттірмейтін мəселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудің жолдарын нақтылау — болашақ маман қолында екенін ұмытпайық.
Əдебиеттер тізімі
1 Наурызбаева С. Шағын орталықтарда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі / С. Наурызбаева // Білім көкжиегі. — 2014. — № 1. — 9-б.
2 Əмірова Ə.С. Мектепке дейінгі тəрбие əліппесі / Ə.С. Əмірова, Ғ.З. Таубаева, А.Т. Искакова. — Алматы: RONDOA баспасы, 2010. — 156 б.
3 Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық-əдіснамалық негіздері:
монография / Ф.Н. Жұмабекова. — Астана: Сарыарқа, 2010. — 286 б.
4 Бадел А. Мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының кəсіби біліктілігін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру / А. Бадел // Білімдегі жаңалықтар. — 2014. — № 3. — 47–49-б.
5 Бекбосынова Т.Т. Инновациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі / Т.Т. Бекбосынова // Білім көкжиегі. — 2013.
— № 12. — 8–10-б.
6 «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы мектепке дейінгі ұйымда оқу-тəрбиелік процесте ойын технологиясын қолдану: əдіст. құрал. — Астана, 2014. — 84 б.
7 Əмірова Ə.С. Тіл дамыту: əдіст. құрал / Ə.С. Əмірова, К.А. Анартаева. — Астана: Арман-ПВ, 2013. — 168 б.
М.М. Иманбеков, Р.Б. Маженова, С.М. Абылайхан
Подготовка будущих воспитателей дошкольных организаций образования к использованию новых педагогических технологий
В статье рассмотрены особенности первой ступени образования — дошкольных организаций — с учетом особенностей личности ребенка, формирования полноценной среды для его развития и начального уровня развития непрерывного образования. В ходе внесения изменений в систему дошкольного образования, необходимых в организации учебно-воспитательного процесса, происходит внедрение современных педагогических технологий и программ, применяемых в процессе, в частности, проектной, информационно-коммуникативной, терапии, критического мышления, педагогики Монтессори, игровых, здоровьесберегающих, компьютерных и педагогических технологий. Авторами показаны цели и особенности изучаемой проблемы. Выделены предъявляемые требования по правильному применению этих технологий, необходимые будущим специалистам, воспитателям.
Ключевые слова: дошкольные организации, инновация, педагогические технологии, воспитатель, проектирование, игра, здоровьесбережение, терапии, критическое мышление, требования.
M.M. Imanbekov, R.B. Mazhenova, S.M. Abylaikhan
Training of future tutors of the preschool organizations using of new pedagogical technologies
The features of the first step of education - the preschool organizations taking into account features of the identity of the child, formation of the full-fledged environment for his development and the initial level of development of continuous education are considered in the article. During introduction of changes in system of preschool education, necessary in the organization of teaching and educational process there is an
introduction of the modern pedagogical technologies and programs applied in the course of, in particular, design information and communicative, therapies, critical thinking, Montessori's pedagogics, game, health saving, computer and pedagogical technologies, are considered the purposes and features of a problem.
Qualifying standards on the correct use of these technologies necessary for future experts, tutors are considered.
Keywords: preschool organizations, innovation, pedagogical technologies, tutor, design, game, health-saving, therapies, critical thinking, requirements.
References
1 Nauryzbaeva, S. (2014). Shahyn ortalyktarda innovatsiialyk tekhnolohiialardy paidalanudyn tiіmdіlіhі [The effectiveness of the use of innovative technologies in mini-malls]. Bіlіm kokzhiehі – The horizons of education, 1, 9 [in Kazakh].
2 Amirova, A.S., Taubaeva, G.Z. & Iskakova, A.T. (2010). Mektepke deiіnhі tarbie alіppesі [ABC pre-school education].
Almaty: RONDOA [in Kazakh].
3 Zhumabekova, F.N. (2010). Mektepke deiіnhі kezende bіlіm beru mazmunyn zhanartudyn pedahohikalyk-adіsnamalyk nehіzderі [Psychological and methodological foundations of updating the content of education in the period of pre-school age]. As- tana: Saryarka [in Kazakh].
4 Badel, A. (2014). Mektepke deiіnhі uiymdary pedahohtarynyn kasіbi bіlіktіlіhіn innovatsiialyk tekhnolohiialar nehіzіnde zhetіldіru [Improving the professional development of teachers of pre-school institutions on the basis of innovative technologies].
Bilimdehi zhanalyktar – News in education, 3, 47–49 [in Kazakh].
5 Bekbosynova, T.T. (2013). Innovatsiialyk tekhnolohiiany paidalanudyn tiіmdіlіhі [The effectiveness of the use of innovative technologies]. Bilim kokzhiehi – The horizons of education, 12, 8–10 [in Kazakh].
6 «Nur Bolashak» mektepke deiіnhі uiymdar odahy mektepke deiіnhі uiymda oku tarbielіk protseste oiyn tekhnolohiiasyn kol- danu [Union primary organizations of «Nur Bolashak»: the Use of game technologies in educational process of the preschool organization]. (2014). Astana [in Kazakh].
7 Amirova, A.S., Anartaeva, K.A. (2013). Tіl damytu [Language development]. Astana: Arman-PV [in Kazakh].