АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ СОТТЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ
Ниязбекова А.Ж., заң факультетінің магистранты
Ильясова Г.А., з.ғ.к., азаматтық жəне еңбек құқығы кафедрасының профессоры Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Азаматтық істердің соттылығы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында жеке, кең ауқымда, терең зерттелмеген тақырыптардың бірі болып табылады.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында белгіленгендей, əркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығы бар. Бұл бір жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып жолдану құқығын, екінші жағынан, соттың берілген арызды қарау жəне ол бойынша заңды, негізді шешім қабылдау міндетін білдіреді. Соттық қорғануға конституциялық құқық ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 3-тармақшасында белгіленген «Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды» деген қағидамен тікелей байланысты. Аталған ереже ҚР АПК-нің 8-бабының 3-бөлігінде де бекітілген. Соттылық туралы ережелер алғаш рет конституциялық болып отыр, бұл осы іс іс жүргізушілік институтының маңызының жоғары екендігін дəлелдейді. Соттылықты заңсыз белгілеу, өзгерту ҚР Конституциясының жəне жоғарыда келтірілген өзге құқық нормаларының талаптарын бұзу болып танылады.
Азаматтық істерді шешу кезінде сот органдарының жіберетін қателіктерінің көбісін соттылық ережелерін бұзудың салдары деп айтуға болады. Бір сот органдарының да, заңмен қорғалатын мүдделерін не бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау үшін сотқа жолданған тұлғалардың да көп шығын мен уақытты бекер жіберуіне жиі əкеліп соғады, ал бұл өз кезегінде сот төрелігіне нақты қол жеткізуді елеулі түрде шектейді. Сондықтан да азаматтық істердің соттылығын нақты анықтау жəне ажырату ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 3-тармақшасының ережесін іске асыруда маңызды болып табылады.
Соттылық Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарының іщінде ерекше орын алады. Соттылық жалпы сот құрылысы үшін де, оның ішінде азаматтық іс жүргізу үшін де өзіндік ерекше маңызға ие күрделі құқықтық институт болып табылады.
Азаматтық істердің соттылығы түсінігін дұрыс анықтаудың жəне оны теориялық жəне практикалық тұрғыдан терең, жан-жақты жəне кең ауқымда реттеудің азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы үшін де, сот практикасы үшін маңызы зор.
К.И. Малышев «Курс гражданского судопроизводства» атты еңбегінде соттылықты былай анықтайды: «Соттылық – бұл сотқа таныс істердің негізінде соттың осы істі қарастыру жəне шешуге қабілеттілігін немесе құзыреттілігін білдіретін істердің ведомстволық бағыныстылығы»
[1, 164]. Демек, белгілі бір сотқа істің ведомстволық бағыныстылығы, біріншіден, ведомствоның
шегіне немесе осы сот қараған таптың билігіне, екіншіден, осы істің ерекше жағдайларына байланысты болады. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көріп тұрғанымыздай, К.И. Малышев соттылықты іс жүзінде істің ведомстволық бағыныстылығымен теңестіреді. Біз мұнымен келісе алмаймыз, себебі, соттылық ведомстволық бағыныстылықпен теңестірілмейді, байланысады.
Соттылық ведомстволық бағыныстылықтан туындайды, пайда болады, алдымен ведомстволық бағыныстылық, содан кейін соттылық анықталады. Сонымен қатар ғалым соттылықтың тектік жəне жергілікті (аумақтық) түрлерін қарастырды, соңғысын жалпы жəне айрықшаға; жалпы соттылықты шарттық жəне заңды, ал айрықшаны ерекше жəне əлективті
(косымша) түрлерге бөлді. Мұндай бөлу қазіргі азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында
соттылықтың қолданыстағы түрлерге бөлінуіне негіз қалады.
Ал, Е.В. Васьковскийдің ойынша, соттылық - бірыңғай соттардың кеңістіктік құзыреті [2,
208]. Бұл анықтамамен толығымен келісе алмаймыз. Себебі, соттылық ұғымымен бірыңғай
соттардың ғана емес, əр түрлі деңгейдегі - жоғарыдан төменге дейінгі соттардың құзыретін түсінеміз. Соттылықты кеңістіктік құзырет деп қана анықтауға болмайды, себебі кеңістіктік құзырет соттылықтың аумақтық деп аталатын түрінің ғана мəнін ашады, оның екінші атауы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген авторлардың пікірінен өзге көзқарасты А.Х. Гольмстен ұстанады. Ол соттылықты белгілі бір азаматтық істердің біртекті соттардың басқасында емес, нақты сотында қаралатын істердің катарына жатуы деп белгіледі. Ғалым ойын əрі қарай былай жалғастырды:
«барлық біртекті соттар өзара тек қана жергілікті аудан бойынша ажыратылып, соның аумағында
Ре по зи то ри й Ка рГ У
олар өз билігін жүзеге асырады. Демек, соттылық болып белгілі бір істердің сол жердегі мемлекеттік аумаққа тиесілі болатындығы табылады» [3, 73]. А.Х. Гольмстеннің пікірінен соттылықты белгілеуде істің тұрған аумағына, орналасқан жеріне қарай сот анықталатындығын түсінуге болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында соттылық ұғымына анықтама берілмеген, ал азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында азаматтық іс жүргізу құқығыныңаталған институтының анықтамасы жөнінде түрлі пікірлер бар. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында З.Х. Баймолдина, У.К. Ихсанов, Г.Ж. Сулейменова сынды отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша азаматтық істердің соттылығына берген анықтамалары бар.
З.Х. Баймолдина соттылыққа мынадай анықтама береді: «Соттылық - бұл соттардың ведомстволық бағыныстылығына жататын азаматтық істерді қарау жəне шешу бойынша бірінші сатыдағы соттың пəндік өкілеттігі» [4, 284].
Г.Ж. Сулейменованың пікірінше, соттылық - белгілі бір сотта қаралуына байланысты істердің белгілерінің жиынтығы [5, 43]. Азаматтық істердің соттылығының түсінігіне қатысты бұл пікірді қолдай алмаймыз, себебі істердің белгілері азаматтық істердің емес, қылмыстық істердің соттылығын анықтайтын критерий болып табылады.
У.К. Ихсанов азаматтық іс жүргізуде соттылық деп сот органдарына ведомстволық бағынысты азаматтық істерді сот жүйесінің түрлі звенолары арасында бөлуді түсінеді [6, 158].
Э.О. Дүйсенова мұндай анықтамамен келіспейді, себебі, «соттылықты сот жүйесінің тек түрлі звенолары арасында ғана азаматтық істерді бөлу деп түсінетін болсақ, бұл азаматтық істердің соттылығының мəнін толық ашпайды əрі тарылтады. Сот жүйесінің түрлі звенолары деп жоғарыдан төменге дейінгі соттар (ҚР Жоғарғы соты, облыстық жəне оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) жəне соларға теңестірілген соттар) түсінілетіндіктен, ғалымның жоғарыда аталған анықтамасы азаматтық істердің соттылығының бір түрі - тектік соттылықтың ғана түсінігін береді, себебі, тектік соттылық сот жүйесінің түрлі звеносындағы соттардың бірінші саты соты ретінде азаматтық істерді қарау жəне шешу жөніндегі өкілеттіліктерін анықтайды» деп пайымдайды [7, 4]. Теорияда қалыптасқандай, азаматтық істер соттылығының дəстүрлі түрлері аумақтық соттылық пен тектік соттылық бірігіп азаматтық істердің соттылығын құрайды.
Алдымен тектік, содан кейін аумақтық соттылық анықталады.
Сонымен қатар У.К. Ихсанов жоғарыда айтылғаннан өзгеше, белгілі бір азаматтық істің соттылығын анықтау - нақты қай сот осы істі қарауға жəне шешуге өкілетті екендігін анықтау болып табылады деген дұрыс пікір айтады [6, 158].
Азаматтық істер соттылығының түсінігі шетелдік бірнеше ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей берілген.
В.Ф. Тараненко, А.А. Добровольский соттылықты соттық органдарға ведомстволық бағынысты барлық істерді осы сот жүйесінің түрлі соттарының арасында бөлу деп қарастырады
[8, 94; 9, 113]. Бұл пікірмен де келісуге болмайды. Соттылықты сот органдарына ведомстволық
бағынысты істерді бөлу арқылы анықтау оның заңи мəнін ашпайды əрі тарылтады, істерді бөлу ведомстволық бағыныстылықтың функцияларының бірі болып табылады.
Ю.К. Осипов соттылықты сот органдарына ведомстволық бағынысты істерді əр түрлі соттардың бірінші саты соты ретінде қарауға құзыреті деп анықтайды [10, 92].
Г.Л. Осокина соттылық деп жалпы юрисдикция соттарының оларға ведомстволық бағынысты, жалпы ережелер жəне заңмен белгіленген ерекшеліктер негізінде ажыратылатын заңды істерді қарау мен шешу жөніндегі өкілеттілігін атайды [11, 415]. Э.О. Дүйсенованың пікірінше, бұл пікір қате, себебі, соттылық деп тек жалпы юрисдикция соттарының ғана емес, арнайы юрисдикция соттарының (мамандандырылған соттар) да, яғни сот жүйесін кұрайтын барлық соттардың азаматтық істерді бірінші саты соты ретінде қарауын түсінеміз [7, 5].
В.В. Комаров соттылықты белгілі бір сотта бірінші саты соты ретінде қарауға жататын нақты азаматтық істің қасиеті деп түсінуді ұсынады [12, 201]. Біз соттылықтың мұндай анықтамасына қарсымыз. Егер соттылықты азаматтық істің қасиеті деп түсінсек, нақты заңды іс пен сот органы арасында құқықтық байланысты жоққа шығарып аламыз. Азаматтық істің қасиеті соттылықты анықтайтын негізгі белгі болып табылмайды. Біздің ойымызша, азаматтық істің соттылығын анықтауда істің қасиеті жеткіліксіз, бастысы, соттың құзыретін анықтап алу қажет.
Заң əдебиеттеріне жасалған талдау соттылық жөнінде ортақ түсініктің, бірыңғай анықтаманың қалыптаспағанын көрсетеді.
Азаматтық істердің соттылығы түсінігі жөнінде ғалымдардың айтқан əртүрлі ойларын талдап, заң əдебиеттерінде неғұрлым жиі қолданылатын келесідей төрт түрлі пікірді бөліп көрсетуге болады.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Бірінші пікірге сəйкес, соттылық деп бірінші саты сотының сотқа ведомстволық бағынысты азаматтық істерді қарау мен шешу жөніндегі құзыреті, юрисдикциялық өкілеттілігі түсініледі.
Бұл пікірді ұстанушы З.Х. Баймолдина, Т.П. Ерохина, М.А. Митина, Ю.К. Осипов, т.б. Екінші пікір бойынша, соттылық - соттарға ведомстволық бағынысты істің белгілі бір соттың қарауына жатқызылуы (Н.И. Авдеенко, А.А. Власов, т.б.).
Үшінші пікірді қолдаушылар соттылық деп сот органдарына ведомстволық бағынысты азаматтық істерді сот жүйесінің түрлі соттарының арасында бөлу деп қарастырады (А.А. Добровольский, У.К. Ихсанов, В.Ф. Тараненко, т.б.).
Төртінші пікірге сəйкес, соттылық құқық институты, яғни азаматтық істі бірінші саты ретінде қарау үшін соттарға ведомстволық бағынысты істердің сот жүйесінің нақты сотының қарауына жатқызылуын реттейтін заңи институт ретінде түсініледі. Бұл пікірді ұстанушылар - М.А. Викут, Т.П. Ерохина, Н, М. Коршунов, Ю.Л. Мареев, т.б.
Отандық жəне шетел құқық əдебиеттеріне жасалған талдау азаматтық істердің соттылығы ұғымы жөнінде бірыңғай түсініктің жоқ екендігін көрсетеді. Біздің пікіріміз бойынша, азаматтық істердің соттылығы түсінігін екі мағынада: обьективтік жəне субъективтік мағынада қарастырған жөн.
Объективтік мағынада - соттарға ведомстволық бағынысты барлық азаматтық істердің ішінен нақты соттың қарауына жатқызылған істердің белгілі бір шеңберін түсінеміз. Субъективтік мағынада азаматтық істердің соттылығын екі тұрғыдан қарастырамыз: біріншісінде - бірінші саты соты ретінде азаматтық істі мəні бойынша қарау жəне шешу жөніндегі соттың құқықтары мен міндеттерінің шеңбері, яғни құзыреті ретінде, екіншісінде - тараптардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген соттылық ережелеріне жəне соттың соттылықты анықтау жөніндегі қызметіне бағынуы ретінде түсінуге болады.
Соттылық бірінші аталған мағынасында көбінесе материалдық құқық нормаларымен, екінші жағдайда азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен белгіленеді. Өйткені, азаматтық істер соттылығын объективтік мағынада түсінгенде соттарға ведомстволық бағынысты істерге материалдық, яғни азаматтық, еңбек, жер, қаржы, тұрғын үй, отбасы, салық, кеден, əкімшілік, т.б.
кұкық қатынастарынан туындайтын азаматтық істерді жатқызамыз. Бұл азаматтық істер соттылықты тікелей реттейтін ҚР АПК-мен қатар, аталған кұкық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде де көзделген. Ал субъективтік мағынада, соттылық жөніндегі құқықтық қатынас іс жургізушілік сипатқа ие болатындықтан, оның субъектілері - соттың азаматтық істі бірінші саты ретінде қарап шешу жөніндегі құзыреті, соттылықты анықтау жөніндегі қызметі жəне тараптардың соттылыққа қатысты іс-əрекеттері азаматтық іс жүргізу нормаларымен реттеледі. Себебі соттылық ережелерінің басым көпшілігі ҚР АПК-де белгіленген (ҚР АПК-нің 3-тарауы).
Азаматтық істерді шешу жөніндегі өкілеттіліктердің иеленушісі ретіндегі соттың іс жүргізушілік жағдайын анықтайтын соттылық институтын мынадай екі маңызды белгімен сипаттауға болады деп есептейміз:
бірінші белгі - сот жүйесінің нақты сотының бірінші саты соты ретінде қарауына сотқа ведомстволық бағынысты азаматтық істердің жатқызылуын реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының болуы, яғни соттылық ережелерінің тек заң актілерімен белгіленуі;
екінші белгі - реттеудің оқшауланған объектісінің, яғни бірінші саты ретінде азаматтық істі қарау мен шешу үшін сотты таңдаумен байланысты коғамдық қатынастардың болуы.
Азаматтық істердің соттылығы институтының нормативтік базасын ҚР Конституциясы, ҚР АІЖК, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы ҚР Конституциялық Заңы, ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары, т.б. құрайды. Негізінен, соттылықты реттейтін нормалардың басым бөлігі ҚР АІЖК-де белгіленген.
екінші белгі - реттеудің оқшауланған объектісінің, яғни бірінші саты ретінде азаматтық істі қарау мен шешу үшін сотты таңдаумен байланысты коғамдық қатынастардың болуы.
Азаматтық істердің соттылығы институтының нормативтік базасын ҚР Конституциясы, ҚР АІЖК, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы ҚР Конституциялық Заңы, ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары, т.б. құрайды. Негізінен, соттылықты реттейтін нормалардың басым бөлігі ҚР АІЖК-де белгіленген.
Қазақстан Республикасының заңдарында, оның ішінде ҚР АПК-де «соттылық» ұғымына анықтама берілмеген.
Біздің пікірімізше, соттылық мемлекеттің сот жүйесіндегі оның орны мен маңызын белгілейтін сот төрелігі органының құзыретінің негізі болып табылады жəне сот жүйесінің түрлі
Ре по зи то ри й Ка рГ У
звенолары жəне бір звено немесе тең құзыреттегі соттар арасында істерді неғұрлым тиімді бөлу міндетін атқарады.
Соттылық институтының міндеті азаматтық істерді неғұрлым тез жəне дұрыс қарау, шешу, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін неғұрлым тиімді қорғау мақсатында соттар арасында азаматтық істерді қарап, шешу өкілеттілігін дұрыс ажырату болып табылады. Соттылық соттық қорғану үшін жолдануға субъективтік құқықтың болуын емес, оның заңмен белгіленген ережелерді сақтап жүзеге асырылуын анықтайды.
Соттылықтың ҚР АПК-нің нормаларымен реттелуіне қарайтын болсақ, аталған Кодекстің 23- бабының 2-бөлігіне сəйкес, соттар Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан жəне басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істерді қарайды. Бұл соттарға ведомстволық бағыныстылығы негізінде қаралатын азаматтық істердің заңды тізбегі болып табылады.
Соттылық институтының ҚР АПК-нің Жалпы ережелер бөлімінде бекітілуі оның азаматтық сот ісін жүргізудегі негізгі рөлін белгілейді.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларының Қазақша мəтінінде кемшіліктер кездеседі. Осыған көңіл аударған ғалымдардың бірі А.Ж. Касенованың пікірінше, заңның мəтіні қаншалықты деңгейде жетілмеген болса, соншалықты оның іске асуында қиындықтар туады. А.Ж. Касенова ойын əрі қарай былай жалғастырады: КР АПК-гі ең басты жетіспеушілік - аударманың мағыналық сəйкессіздігі. Бірқатар баптарын орыс тілінен аударғанда, олар өз мағынасынан айрылып, бұрмаланып кеткен. Орыс тіліндегі «подсудность», «подсудные»
деген сөздердің АПК-де берілген қазақша «соттылық» деген аудармасымен келісу қиын. Өйткені бұл сөз қылмыстық құқықта басқа мағынаны білдіреді. Сондықтан «сотқа бағыныстылық»,
«соттың қарауына жататын» деген сөздерді ұсынуға болады» [13, 38].
Белгілі бір азаматтық істің соттылығын анықтау, яғни осы іс бойынша құзыретті, тиісті сотты белгілеу сотқа жолданатын тұлға үшін де, талапты қабылдау кезінде судья үшін де қажет. Нақты азаматтық істің белгілі бір сотқа соттылығын белгілеу сотқа жолдану құқығын іске асырудың қажетті шарты болып табылады. Соттылық институты азаматтық іс жүргізу құқығынан басқа, қылмыстық іс жүргізу құқығында да қолданылатындықтан оның заңды реттелуінің азаматтық іс жүргізу құқығымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін де маңызы зор.
Біздің ойымызша, «азаматтық істердің соттылығы», «ведомстволық бағыныстылық»,
«құзырет», «юрисдикция» ұғымдарын бір ұғым ретінде түсінуге болмайды. Өйткені, бұлардың
əрқайсысының құқық жүйесінде алатын орны бөлек, өз шешу сұрақтары, реттеу пəні, объектісі, қолданылатын саласы бар. Аталған ұғымдардың бір-бірінен айырмашылықтарын таба отырып, оларды бір-бірімен байланыста қолдана білу керек. Сонда ғана əрбір азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін тиісті органда қорғау құқығы жүзеге асырылатын болады.
Соттылық жəне онымен сабақтас өзге ұғымдар (ведомстволық бағыныстылық, құзырет, юрисдикция) жөнінде нормативтік-құқықтық актілер мен заң əдебиеттеріне жасалған талдаудың нəтижесінде аталған ұғымдардың түсінігі жөнінде пікірлердің саналуандылығынан олардың бірыңғай ұғымдық аппаратының қалыптаспағанын анықтадық жəне азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылық пен өзге сабақтас категориялармен арақатынасы мен айырмашылық белгілері заң əдебиеттерінде нақты ажыратылмаған жəне кұқық актілерінде белгіленбеген деген түйінге келуге болады. Сот тəжірибесінде бұл істі оны қарауға өкілеттілігі жоқ соттың өз іс жүргізуіне қабылдауына немесе керісінше, істі қарауға өкілетті соттың оны қабылдаудан бас тартуына əкеліп соғады, ал бұл ҚР Конституциясында белгіленген əркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуы құқығын бұзады.
Əдебиеттер тізімі:
1 Малышев К.И. Курс гражданского судопроизводства: В 3-х т. - СПб.: Типография Стаполевича, 1879. - Т.2. - 448 с.
2 Васьковский Е.В. Учебник гражданского судопроизводства. - 2-е изд., перераб. - М.:
Издательство бр. Башмаковых, 1917. - 426 с.
3 Гольмстен А.Х. Учебник русского гражданского судопроизводства. - 5-е изд. исправл. и дополн. - СПб.: Типография М. Меркушева, 1913.- 412 с.
4 Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В 2-х т.
Общая часть (Темы 1-15): Учебник. - Алматы: КазГЮА, 2001.-Т. 1.- 416 с.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
5 Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Республике Казахстан: Учебное пособие / Под ред. Р.Т. Тусупбекова. - Алматы: КазГЮУ, 1999. - Часть 1.- 234 с.
6 Научно-практический комментарий к ГПК Казахской ССР. - Алма-Ата: Казахстан, 1976. - 543 с.
7 Дүйсенова Э.О. Азаматтық-істердің соттылығы: теориялық жəне практикалық аспектілері:
заң ғылым. канд. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған дис. автореф. – Астана, 2008. – 30 б.
8 Советский гражданский процесс / Под ред. М.А. Гурвича. - М.: Высшая школа, 1975. - 399 с.
9 Советский гражданский процесс: Учебник / Под ред. А.А. Добровольского, А.Ф.
Клейнмана. - М.: Изд. МГУ, 1970. - 440 с.
10 Осипов Ю.К. Подведомственность и подсудность гражданских дел. - М.: Юрид. лит., 1962.
- 112 с.
11 Осокина Г.Л. Гражданский процесс. Общая часть. - М: Юристь, 2004. - 669 с.
12 Гражданское процессуальное право Украины / Под ред. В.В. Комарова. - Харьков:
Одиссей, 2002. - 476 с.
13 Касенова А.Ж. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу Кодексінің тілі:
көкейтесті мəселелері // Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мəселелері: Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. - Алматы, 2001. – Б.33-44.
НЕОБХОДИМАЯ ОБОРОНА, КРАЙНЯЯ НЕОБХОДИМОСТЬ И САМОЗАЩИТА ВО ВНЕДОГОВОРНЫХ ОБЯЗАТЕЛЬСТВАХ
Тулебай А., магистрант юридического факультета КарГУ им. академика Е.А. Букетова В науке гражданского права широко известно деление обязательств по признаку оснований возникновения на договорные и внедоговорные. Договорные обязательства возникают по соглашению сторон, а внедоговорные – из оснований предусмотренных законом.
Внедоговорные обязательства – это обязательства, возникающие не на основе соглашения сторон, а в связи с наступлением фактов, предусмотренных в законе, а именно: а) причинение вреда одним субъектом другому; б) приобретение или сбережение имущества за счет средств другого лица без достаточных оснований (неосновательное обогащение); в) совершения некоторых действий в чужом интересе без поручения [1].
Данные обязательства опосредуют отношения, не характерные для нормального течения жизни, т.е. аномальные имущественные отношения. Например, отношения, связанные с повреждением или уничтожением чужого имущества лицом, с которым собственник, по поводу этого имущества, не состоит в договорных отношениях. Не характерным для нормальных отношений между субъектами гражданского права будет и ситуация, при которой лицо получает имущество, ошибочно присланное на его адрес другим лицом, вследствие чего, у передавшего это имущество образуется юридически необоснованная убыль, а у получившего – неосновательное приращение. Отношения, которые не являются объектом гражданских прав, но защищаются с помощью гражданско-правовых средств (т. е. являются объектом защиты гражданских прав), могут самостоятельно защищаться лишь посредством реализации мер защиты внедоговорных отношений [1].
Внедоговорные обязательства возникают вне зависимости от воли не только того, кто причинил вред или неосновательно обогатился, но и от воли другой стороны – потерпевшего.
Иное дело, что потерпевший может не реализовывать свои права, возникающие из такого обязательства, что будет соответствовать принципу автономии воли, характерному для гражданского права [1]. Основными функциями внедоговорных обязательств и внедоговорной ответственности являются: охранительная функция; компенсационная (восстановительная);
предупредительно-воспитательная (превентивная).
Одной из задач института внедоговорных обязательств является воздействие на участников имущественных отношений с целью стимулирования сокращения гражданских правонарушений, поскольку внедоговорные обязательства влекут за собой причинение субъектам права непредвиденных забот и имущественных потерь. В то же время потенциальные правонарушители, зная о возможных последствиях причинения вреда или удержания, неосновательно приобретенного или сбереженного, имущества, побуждаются к корректировке своего поведение и