• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Semantic features of names of natural phenomena in Turkish and Kazakh proverbs and sayings

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Semantic features of names of natural phenomena in Turkish and Kazakh proverbs and sayings"

Copied!
10
0
0

Толық мәтін

(1)

ХҒТАМР16.01

Б.М. Сүйерқұл*

Ж.А. Жармуханова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

*Корреспонденция үшін автор: akbotakoz@mail.ru

Түрік және Қазақ мақал-мәтелдеріндегі табиғат

құбылыстары атауларының семантикалық ерекшеліктері

Аңдатпа. Түрік және қазақ тілдеріндегі табиғат құбылысы атауларының мақал- мәтелдерде көрініс табуы – арнайы зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Табиғат құбылысы атауларының бұрынғы және қазіргі нұсқаларының айырмашылығы мен күнделікті өмірдегі жұмсалымы мақала тақырыбының маңыздылығын арттыра түседі. Осымен байланысты, паремиялардың ауызша сөзжұмсамдағы қолданыстық ерекшеліктерін өзге тілдермен салыстыра зерделеудің берері мол.

Табиғат құбылыстары атауының семантикалық ерекшеліктері, әсіресе ауыспалы мәнде қолданылуы тіл иесі халықтың өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста тани бастағаннан бергі сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігінде қалыптасқан білім қорын айшықтайды. Мақала авторлары климаты әр түрлі аймақтарда орналасқан түбі бір түркі халықтарының мақал-мәтелдерін өзара салыстыру арқылы олардың аялық біліміндегі ортақ ұғымдармен қатар айырмашылықтарды таңбалайтын тілдік тетіктерді анықтауды мақсат еткен. Аталмыш мақсатқа жету үшін екі міндет қойылған: түрік тіліндегі табиғат құбылыс атауларының қатысуымен жасалған мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын тауып, салыстырмалы талдау жасау, сондай-ақ табиғат құбылысы атауларын тікелей және ауыспалы мағынадағы қолдану арқылы сөйлеушінің түпкі прагматикалық діттемін, ұстанымын анықтау.

Зерттеу барысында тілдік деректерді жүйелеу, салыстыру, саралау, талдау әдістері пайдаланылды.

Түйін сөздер: қазақ, түрік, мақал-мәтел, семантика, прагматика.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-6887/2021-135-2-138-147 Түсті: 16.02.2021 / Жарияланымға рұқсат етілді: 29.03.2021

Кіріспе

Ғасырлар бойы ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал- мәтелдерден қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман- мүддесін, қалыптасқан өзіндік ділін байқауға болады. Сол секілді түрік халқы үшін де мақал-мәтелдердің алатын орны айрықша. Мағынасы терең, ойды дәл жеткізуге мүмкіндік беретін мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған. Қазақ мақал- мәтелдерінен жүйелі ойға құрылған шешендік сөзді ғана емес, халықтың тұтас өмірін, материалдық мәдениеті мен руханиятындағы негізгі ұғым-түсініктерді, ұстанымдарды көруге болады.

Түркі халықтарының терең мағыналы сөздерге ерекше мән бергенін осы мақал- мәтелдерді жиі қолдануынан байқаймыз. Олардың басты ерекшелігі – сөйлеушінің

(2)

ойын барлық кезде тікелей айтпай, меңзеу арқылы тұспалдап жеткізуінде. Сол арқылы қоғамда жағымсыз әрекеттерге қатысты ойды тікелей атап айтпай, астарлап жеткізу қалыптасқан. Үлкендер әрбір игілікті іске орай жақсы сөздерін айтып, қолдау көрсетіп, жылағанды жұбатып, сағы сынғанды жігерлендіріп, түңілгеннің жүрегінде үміт отын жаққан. Қарапайым сөздермен айтылатын ойды мақал-мәтелдер арқылы әсерлеп жеткізген.

Мақал-мәтелдер қазақ және түрік тілдерінде кең тараған. Олар қоғам өмірінің барлық саласын қамтыған. Сондықтан да Отан, ата-ана, достық, байлық, табиғат Ана, шаруашылық, еңбек, білім туралы мақал-мәтелдер туыстас тілдерде молынан кездеседі.

Бірақ олар заман талабына сай, әр ғасырда өзгеріп, толығып отырған.

Қазақтың би-шешендері жер дауы, жесір дауы сияқты шиеленіскен істерде тапқырлығымен тамсантып, парасат деңгейінің жоғарылығын танытқан. Барша жұртты аузына қаратып, шебер сөйлей білмеген шешеннің беделі болмаған. Өйткені кез келген даулы істе жүйелі сөйлеп, тапқырлық танытпаса, оны «тыңдайтын құлақ болмаған».

Осындай ерекшелік түрік мәдениетінде де кездеседі. Олар да айтқан сөздерін бір-біріне үлгі етіп, өсиет ретінде таратқан. Ағайын арасындағы татулық, өнеге туралы ойларын алға тартып, тәрбие құралының бірі ретінде пайдаланған. Екі түркі халқының да өмірінде мақал-мәтелдер сөз өнерінің жақсы дамығанын, шешендік қырларын, өзге халықтардан алған тәжірибесін және мәдениеттің жоғарылығын көрсетеді.

Түркітану ғылымында және қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық аспектіде қарастырған академик Ә.Т.Қайдардың орны ерекше.

Көрнекті ғалым аталмыш бағытта жүргізген жарты ғасырлық зерттеуінің нәтижесінде жарық көрген «Халық даналығы» атты кітабында: «Даналықтың кені – шығыста, адамзат қауымындағы даналардың көбі шығыс елдерінен шыққан. Шығу тегі бір, бір ұяда өсіп, жан-жаққа тарап кеткен ірілі-ұсақты түркі халықтарының тілі ғана емес, рухани-мәдени болмысы да, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да, танымдық-тағылымдық қасиеттері де ортақ десек, мақал-мәтелдердің көбісі де түркі әлеміне ортақ мұра» деген [1; б.59]. Қазақ ғалымдарының ішінде осы тақырыпқа қалам тартып, еңбек жазған Ж.Кейкінді атап айтқанымыз жөн. Зерттеуші мақал-мәтелдерді қазақ халқының қазынасы, философиялық пайымы деп түсіндіріп кеткен [2; б. 3]. Бұдан мақал-мәтелдердің халық үшін қандай маңызды болғанын көруге болады. Сөздің қордың молдығы және байлығы, аз сөзбен көп мағына жеткізу ұстанымы туралы айтқан ғалымдардың бірі Н.Уәлиев болатын. Оның еңбегінде әдеби тілдегі, сонымен қатар күнделікті өмірдегі шешендік сөздердің қолданысы, жұмсалуы туралы жазылған [3; б. 28]. Сөз байлығының сөздік қормен байланысты екенін, ең маңыздысы ой байлығы екенін Б.Қ.Қапасованың еңбегінен аңғаруға болады [4; б.7]. Мақал-мәтелдердің ерекше қасиеттерінің бірі – ойдың тиянақты болуында және астарлап жеткізілуінде.

Бұл мәселемен шетелдік ғалымдар да айналысқан. Ч.Бриджеcтің «Proverbs» деген еңбегінде мақал-мәтелдердің күнделікті өмірдегі қолданысы, ғасырлар бойы өзгеруі және дінмен қалай байланысты екені туралы сөз қозғалған [5; б. 26]. Ч.Бриджестің еңбегінде табиғат құбылыстарына қатысты шешендік сөздер кездеседі, яғни түркі қоғамында ғана емес, сонымен бірге, батыс елдерінде де мақал-мәтелдер прагматикалық қызметін атқарып келгендігін байқауға болады. Түрік ғалымы Джерен Акбаштың еңбегінде қазақ-түрік мақал-мәтелдері лексика, морфология жағынан салыстырылып зерттелген. Автордың айтуынша, мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы пайдаланылып

(3)

келген, белгілі бір халықтың наным-сенімін, мәдениетін, өмір сүру салтын көрсететін сөздер [6; б. 26].

Біздің зерттеуіміздің ерекшелігі – мақал-мәтелдердің семантикасы мен прагматикасына назар аударылатындығында. Қазақ және түрік тілдеріндегі табиғат құбылысы атауларының мақал-мәтелдердегі көрінісін салыстыру осы мақаланың ең маңызды бөлігі болып есептеледі. Қазақ мақал-мәтелдерінің түрік тіліндегі мағынасын зерттеуде әрі олардың тікелей және ауыспалы мағынадағы қолданысын салыстыруда жоғарыда көрсетілген ғалымдардың еңбектеріндегі бірқатар ұстанымдар басшылыққа алынды. Қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердің бүгінгі сөзжұмсамдағы рөлін барынша айқын көрсетуге талпыныс жасалды.

Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі паремиялардың өміріміздегі орны, олардың басты қызметі және ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы сөз қозғалды.

Мақал-мәтелдердің халық арасында кең тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, бүгінгі күнге дейін қадір-қасиетін жоймай келуі олардың соншалықты маңызды әрі пайдалы екендігін білдіреді.

Қазақ және түрік тілдеріндегі табиғат құбылыс атауларына қатысты мақал- мәтелдердің мағыналық ерекшеліктері

Табиғат - адам өміріне әсер етуші негізгі факторлардың бірі. Белгілі аймақтың табиғи жағдайы, ағын су, тау-тастардың, ауа райының сол аумақта өмір сүріп жатқан адамдардың өмір салтына әсер ететіні белгілі [7; б. 472]. Ол әсер оң немесе теріс сипатта болуы мүмкін, мысалы, өте суық жақта немесе қысы-жазы аптап ыстықта өмір сүретін халықтардың тұрмысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көптеген қиындықтар туындайтыны мәлім. Этнос өміріндегі күнделікті тіршілікке қатысты сондай ахуалдың адамдардың мінез-құлқына, бір-бірімен қарым-қатынасына да белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізетіні сөзсіз. Осындай қилы-қилы жағдайларды халық өз тілі арқылы сипаттайды. Адам өмірінде маңызды орын алатын табиғат құбылыстарының атаулары мақал-мәтелдерде көрініс тапқан. Табиғат құбылыс атауларымен байланысты мақал-мәтелдер әлем халықтарының барлығының тілінде кездеседі. Кейбір мақал- мәтелдерде табиғаттың әдемілігі туралы сөз қозғалса, кейбірінде табиғат апаттары туралы айтылған. Бұл бөлімде қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастықтары, қызметі, пайдалану аясы салыстырмалы түрде қарастырылады.

Аталмыш тақырыпқа байланысты Ахмет Өздемир, Угур Гурсу, Мехмет Кара секілді түрік ғалымдары еңбек жазған. Олардың айтуынша, мақал-мәтелдердегі табиғат құбылысы атаулары басқа әдеби жанрларға қарағанда айқын көрсетілген. Мысалы, дастандардағы мақал-мәтелдерде табиғат құбылыс атаулары өте жиі кездеседі. Бұл «сөз мәйегінің» адам өмірінде үлкен орын алатынын көрсетеді. Қазақ халқының жері кең байтақ, таулы-тасты және өзен-көлдерге бай болғандықтан, халық арасында осы табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдер де көп. Отандық ғалым Ж.Кейкіннің еңбегінде қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тізбегі арнайы тақырыптарға бөлініп көрсетілген: Отан, достық, адалдық, табиғат құбылыстары, жан-жануарлар, тұрмысқа байланысты т.б. сөз оармдары. Ғалымның айтуынша, «Шешендік сөздер – қазақтың ұлттық әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің құнды туындысы. Термелі шешендік өнердің бір көрінісі – мақалдар мен

(4)

мәтелдер» [2; б. 4]. Осыдан мақал-мәтелдердің шешендік өнердің бір тармағы екенін, халыққа қарапайым сөздермен терең мағынаны жеткізуші рөлін атқарғанын анық аңғаруға болады. Мақал-мәтелдер тақырыптық және қызметі жағынан әр алуан болып келеді. Солардың ішінде табиғат құбылысы атауларына қатысты мақал-мәтелдер ерекше қызықты деуге болады.

Табиғат құбылысы атауларына қатысты мақал-мәтелдер қазақ және түрік тілдерінде әр қилы мағынада жұмсалады. Олардың пайда болуы да табиғат құбылыстарының адам өміріне тікелей әсер етуінен. Тіпті, адамдардың киім киісі де, өмір салты да олардың тұрып жатқан аймағына және климатына байланысты болады.

Сол себептен мақал-мәтелдерде ол анық көрінеді. Сондықтан түрік тіліндегі жел, дауыл, жаңбыр, бұршақ сияқты табиғат құбылыстарына байланысты мақал-мәтелдерді қазақ тіліндегі мағынасы ұқсас мақал-мәтелдермен салыстыра қарастыру барысында олардың танымындағы жаңа қырын ашуға болады.

«Rüzgâra tüküren kendi yüzüne tükürür» - Желге қарсы түкірсең - өз бетіңе былш етер [8; б. 256]. Мақал-мәтелдерде табиғат құбылысы атаулары кездескенімен, олардың беретін мағынасы терең. Жоғарыда көрсетілген мақалда «жел» сөзі қолданылған, алайда оның бізге айтып тұрған мағынасын адамдардың мінезімен байланыстыруға болады.

Адамға қандай қатынас жасасаң, ол да саған сондай қатынас жасайды деген мағынаны білдіреді.

«Abanın kadri yağmurda bilinir» – «Матаның қадірі жаңбырлы күні білінеді», қазақ тіліндегі баламасы: Алтынның қолда барда қадірі жоқ [8; p. 258]. Түрік тілінде бұл мақал жаңбырлы күні, суық кезде іздеп киетін бір киім, мата атауымен байланыста алынып, баламалы сипатта түсіндірілген. Ал қазақ тілінде бұндай жағдайды құны жоғары алтынмен теңеген, яғни қолда барда ештеңенің қадірі болмайды, оны жоғалтқан кезде іздеп таба алмайтынымыз жайлы сөз етілген. Бұл мәтелді белгілі бір нәрсеге ғана емес, сонымен бірге, адамдарға да қатысты пайдалануға болады. Себебі жанымыздағы адамдардың қадірін білмей қалатын кезіміз болады. Қоғам мүшесі ретінде бәріміз бір- бірімізбен белгілі бір байланыста өмір сүреміз. Кейде бір-бірімізді ренжітіп алатын жағдайлар болады. Алайда уақытында жанымыздағылардың қадірін білсек, ешқандай түсініспеушілік болмайды. Осы ой мәтелдің әлеуметтік мәнін ашып көрсетіп тұр.

«Bahtsızın bağına yağmur, ya taş yağar ya dolu» – «Бақытсыздың бағына жаңбыр, не тас, не бұршақ жауады».

Балама ретінде мынадай паремияларды келтіруге болады: Еріншектің ертеңі бітпес; Қорқаққа пана болмас қалың тоғай, жалқауға бүгінгіден ертең оңай [8; б. 315]. Түрік тіліндегі мақалда «жаңбыр» және «бұршақ» сөздері жұмсалған. Ал қазақ тіліндегі баламасында табиғат құбылыс атаулары кездеспейді. Бұл мақалдардың мағыналары ұқсас болғанымен, қолданылған сөздер әр түрлі. Қазақ тіліндегі мағынасы еріншектік, жалқаулық туралы. Ештеңеге зауқы жоқ адамның не істесе де, еңбегі зая кететіні жайлы айтылған.

«Yağmurdan kaçarken doluya tutulmak» - «Жаңбырдан қашам деп бұршаққа тап болу» (аюдан қашып‚ дөңбекке соғылу) [8; б. 117]. Түрік және қазақ тілдеріндегі мақалдың мағынасы және қызметі бір-біріне ұқсас. Ерекшелігі – қолданылған сөздерінің бірдей болмауы. Түрік тілінде жаңбыр, бұршақ сөздері қолданылса, қазақ тілінде от, жалын немесе екінші бір баламада аң атауы жұмсалған. Алайда бұндай айырмашылық мақалдардың ұқсас жағдайларда бір-бірінің орнына қолданылуына кедергі болмайды.

(5)

Бұл паремияның мағынасын «бір істі қиынсынып, уақытында жасамай кетсең, соның салдарынан, кейін одан да күрделірек проблемаға тап боларсың» деп түсіндіруге болады. Қазақ тілінде осыған ұқсас, бірақ толық балама болмайтын, мынадай мәтелдер бар: «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айырылыпты...», «Артық қылам деп, тыртық қылу».

«Rüzgar esmeyince yaprak oynamaz (dal kımıldamaz)» – «Жел соқпай жапырақ қозғалмайды». Қазақша баламасы: Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды [2; б. 26].

Түрік және қазақ тілдеріндегі бұл мақалдың мағынасы да, қолданылуы да бірдей. Тек түрікшесінде «жапырақ, тал», қазақшасында «шөп» фитонимі жұмсалған. Алайда екеуі де флораға қатысты атаулар болғандықтан, алшақтық жоқ деуге болады. Қандай да бір жақсы немесе жаман іс болсын, оның бастаушысы болады. Бірақ бұл мәтелді екі халық та негатив мәнде қолданады, яғни түркі тілдік ұжымында бұл паремия көбінесе жағымсыз жағдаятқа қатысты жұмсалады.

«Yağmur yağarken küpünü doldurmak» - «Жаңбырлы күні шелегін суға толтыру».

Орасан пайда көз шығарар [2; б.86]. Түрік тіліндегі бұл мәтел қазақ тіліндегі паремиямен мағынасы жағынан ұқсас болғанмен, айтылуында өзгешеліктер бар. Алайда бұл айырмашылық олардың мағынасына әсер етпейді. Қолданылуы жағынан да бір-біріне жақын. Бұл екеуінде де адамдардың қандай жағдайда болмасын тойымсыздығы, қанағатсыздығы, әр нәрседен пайда көруді ғана ойлатыны айтылған. Соны астарлап, түрік тілінде «жаңбыр» сөзін қолданып жеткізсе, қазақ тіліндегі баламасында көп пайданың зарары болатыны меңзелген.

Сонымен халық өмірінде мақал-мәтелдердің қолданылу аясы өте кең. Олар ерте заманнан бері ауыздан ауызға тарап, жетіп келе жатқан құнды шешендік сөздер.

Ғалымдардың мақал-мәтелдерді жинап, іріктеп, жинақ етіп шығаруы да үлкен жұмыс, әрі тәлімі мол іс. Себебі халық әдебиетін, халық мәдениетін өскелең ұрпаққа дәріптеу орасан күшті талап етеді [9; б.10]. Бұл бөлімде түрік тіліндегі табиғат құбылыстары атауына байланысты мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі ұқсас нұсқаларына тоқталдық.

Жалпы алғанда, қазақ және түрік тілдерінде табиғат құбылыс атауларына қатысты мақал-мәтелдердің қолданысы бір-бірімен шамалас екені байқалады. Олардың мағыналары, қызметі өзара ұқсас. Өйткені екеуінің түбі бір, туыс тілдер қатарына жатады. Сөздердің қолданысы мен мағынасындағы ұқсастықты жоғарыда талданған мақал-мәтелдерден айқын байқауға болады. Бұл бір жағынан генетикалық байланысты көрсетсе, екінші жағынан екі халықтың да қоршаған ортаны қабылдауындағы тәжірибе ортақтығын білдіреді. Бұл бөлімде қазіргі түрік тіліндегі табиғат құбылыстарына қатысты паремиялардың қазақ тіліндегі баламалары салыстырыла қарастырылды, сондай-ақ қазақ және түрік ғалымдарының паремиологиялық зерттеулеріне шағын шолу жасалып, ой-пікірлеріне талдау жасалды.

Қазақ және түрік мақал-мәтелдерінің тура, ауыспалы мағынада қолданылуы

Әр халықтың өз ішінде қалыптасқан салт-дәстүрі, мәдениеті, әдебиеті болады.

Сол сияқты мақал-мәтелдер де түрлі тілдерде әр алуан мәнде жұмсалады. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, адам өмірін жақсы бейнелеп, әр түрлі жағдайларда орынды пайдаланылып жүргені – осы мақал-мәтелдер. Тарихта қалған әр ұлттың өзіндік тәрбие беретін, жас ұрпақты баулуға септігін тигізетін, жөн көрсететін,

(6)

жақсы іске жұмылдыруға үндейтін сөздері болады. Түркі халықтары арасында шешендік сөздердің бір тармағы ретінде танылған бұл тұрақты қолданыстар әр түрлі нұсқада дыбысталуы мүмкін. Алайда олардың беретін мағынасы бірдей немесе ұқсас болады. Қазақ тіліндегі «мақал-мәтел» қос сөзі түрік тілінде «atasözler» деп аталады, тілімізде оның «бабалар сөзі» деген баламасы бары белгілі. Мақал-мәтелдердің қамтитын тақырыбы, қолданыс аясы әр алуан. Халықтың өмір сүріп жатқан жеріне, табиғат жағдайына, киім кию үлгісіне, күнделікті тұтынатын заттарына қарап та, олардың мақал-мәтелдері де әр түрлі болатынын аңғару қиын емес.

Тілдегі әр сөздің білдіретін өзіндік мағынасы болады. Сондай бірнеше сөздің тізбегінен құралған мақал-мәтел арқылы адам өз ойын барынша түрлендіріп жеткізеді.

Сөйлеушінің прагматикалық діттемі кейде паремия құрамындағы сөздердің орналасу ретін өзгерту, ішінара басқа сөзбен алмастыру арқылы да өзектелуі мүмкін. Қалай десек те, мақал-мәтелдер терең мағыналылығымен ерекшеленеді. Мұны түрік тіліндегі табиғат құбылысы атауына байланысты берілген мақал-мәтелдің қазақ тіліндегі тікелей мағынасын қарастырып, кейін өзінің негізі мағынасы көрсетіледі [10; б.16].

«Her zaman gemicinin istediği rüzgâr esmez» – Әрқашан теңізшінің қалаған желі еспес.

Бұл мәтелдің қазақ тіліне аударғандағы тікелей мағынасы осылай болады. Бірақ беретін негізгі мағынасы, түпкі мәні тереңде жатыр. Негізінен, бұл мәтел әр адамның қалағаны барлық кезде бірдей бола бермейді дегенді аңғартады. Қазақы тілдік санада бұл ой

«Сұраушының сүйікті асын /жеңсік асын/ кім берер?..» немесе «Бірі кем дүние» деген тұрақты қолданыстар арқылы түйінделген.

«Ağaç ucuna yel değer, güzel kişiye söz değer» - Ағаш ұшына жел тиеді, әдемі адамға сөз тиеді. Жел ағаштың ұшына қатты тиіп, оны сындырып кетуі мүмкін. Себебі ағаштың ең ұшы әлсіз келеді. Сол секілді шыншыл, мейірімді, жақсы адам да айналасына көмегін тиігізіп жүретіндігі және мұндай адамдарға айтылған жағымсыз сөздер арқылы олардың көңіліне тиіп, тез ренжітіп қоюға болатындығы туралы айтылған.

Қазақ паремиологиялық қорында «жел» сөзінің қатысуымен жасалған мақал- мәтелдер негізінен, негатив мәнде жұмсалатыны байқалады. Мұның түпкі себебі халық санасындағы «бос сөз, өсек-аяң, қаңқу сөз» мағынасын білдіретін «жел сөз» тіркесінде жатса керек. Бұл көп жағдайда шындыққа жанаспайтын, адамдардың ойынан шығарылған жайттар туралы өсек адам жанын жаралайтыны мәлім. Мысалы, күйеуінен айрылған, жалғызбасты әйелдің артынан қаңқу сөздің көбірек еретіні туралы тұжырым тілдік санамызда «Жесірдің етегін жел көтерер, жел көтермесе, ел көтерер...» деген мақал түрінде таңбаланған.

«Alçak yerde yatma sel alır, yüksek yerde yatma yel alır» - Аласа жерде жатпа, сел алар, биік жерде жатпа, жел соғар. Қазақ және түрік тілдеріндегі нұсқаларында бірдей сөздер қолданылған бұл мақалдың беретін мағынасы да өзара ұқсас болуы заңды. Қазақтың

«Көптің алды болма, көз тиеді, арты болма, сөз тиеді» деген мақалының мәні де осы паремиямен сабақтасып, сәйкес келіп тұр.

«Allah verirse el getirir, sel getirir, yel getirir» - Алла берсе, қол әкеледі, сел әкеледі, жел әкеледі. Түрік тіліндегі бұл мәтелдің мағынасы «Алла қаласа, қандай жолмен болса да, іздегеніңді алдыңнан шығарады» дегенді білдіреді. Қазақ тілінде бұл ой «Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес» мақалының екінші компоненті арқылы түйінделген. Бұл

«Алла қаласа, барлығы да болады» деген мағынаны көрсетіп тұр.

«Altın yerde paslanmaz, taş yağmurdan ıslanmaz» - Алтын жерде бүлінбес, тас жаңбырда

(7)

суланбас. Бұл мақал «алтын қанша уақыт лай, балшық жерде жатса да, бәрібір сапасы бұзылмайды, алтын болып қалады» деген мағынаны меңзейді. Сол секілді тас та қанша жаңбыр жауса да, еріп, топырақ сияқты балшыққа айналмайды, бәрібір өз қалпында қалады. Бұл жерде «алтын» деп жақсы адамды, «тас» деп адамның мінезін айтып тұр.

Мақалдың мағынасы өте терең. Қазақ тіліндегі «Ақыл айнымас, алтын шірімес» немесе

«Алтынды еріткенмен, жез болмайды; жібекті жуғанмен, бөз болмайды» деген паремияларының мағынасына саяды.

«El el ile, değirmen yel ile» - қол қолмен, диірмен желмен /айналады/. Қазақ тілінде бұл мәтелмен мағыналас «Адамның күні адаммен» деген тұрақты қолданыс бар. Түрік тілінде бұл мәтелде диірменнің жел ескенде ғана айналатындығы айтылған. Сол сияқты адамдар да бір-бірінің көмегінсіз өмір сүре алмайды. Қоғам мүшесі болғаннан кейін, әр адамның жанындағыларға көмегі керек болады. Паремияның тура мағынасы мен түпкі мәні бір-біріне жақын екенін аңғаруға болады.

Жалпы мақал-мәтелдердің қолданыс аясы өте кең. Олар өмірдің әр саласында кездеседі және көп қолданысқа ие. Мақал-мәтелдер – ерте заманнан бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтпай, атадан балаға мұра болып келе жатқан алтын қазына. Мақал- мәтедер түркі әлемін бір шатыр астына біріктіре алатын ерекшелігі бар сөздер [11; б. 41]

Осы бөлімде түрік және қазақ тілдеріндегі табиғат құбылыс атауларына қатысты мақал-мәтелдердің тікелей мағынасын және олардың беретін негізгі мағынасы қарастырылды. Зерттеу барысында түрік және қазақ мақал-мәтелдерінің семантикасына қатысты Ж.Кейкіннің, І.Кеңесбаевтың, М.Эртугрул Сарачбашлы мен И.Миннетоглуның еңбектері пайдаланылды.

Мақал-мәтелдердің тікелей мағынасы олардың жалпы халық үшін қандай маңызды толық екенін көрсете алмайды. Алайда олардың құрамындағы табиғат құбылысы атаулары жалпы беретін терең мағынасының басты өзегі болып есептеледі.

Себебі астарлы сөздерді қолдану арқылы тыңдаушыға мақал-мәтелдердің терең астарында қатталған негізі мағынасын жеткізе білу керек.

Қорытынды

Сонымен жоғарыда баяндалған мәселелерді былайша тұжырымдауға болады:

- Мақал-мәтел – сөз жауһары. Олар бүгін пайда болып, ертең жоқ болып кетпейді. Қазақ және түрік халқы мақал-мәтелдерге бай, оны күнделікті өмірде паремияларды жиі қолданатынымыздан да байқауға болады. Қазақ және түрік халықтары ежелгі заманнан бері сөздің қадірін біліп, аз сөзбен көп мағына жеткізуді жөн көрген. Қандай мәселе болса да, бір ауыз сөзбен қайыруға тырысқан, мақал- мәтелдің шығуына да осы талап себеп болса керек;

- Көптеген мақал-мәтелдердің түпкі мағынасы екі тілде бірдей түсіндіріледі.

Басты айырмашылығы құрамында қолданылған лексемалардың әр түрлі болуында, бұған қатысты бірқатар мысал негізгі бөлімде талданды;

- Мақал-мәтелдердің тақырыбы әр алуан, бірақ оларды қолданудағы прагматикалық ұстаным – біреу. Тыңдаушыға оң әсер ету, тәлім-тәрбие беру. Халықтың ғасырлар бойы жинақтаған алтын қазынасын орнымен қолданып, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – парызымыз;

(8)

- Жел, су, күннің, айдың тұтылуы, ауа райының өзгеруі сияқты табиғат құбылысы арқылы өмірдің әр түрлі жағдайын әсерлі түрде баяндайтын мақал-мәтелдер екі халықтың да паремиологиялық қорында бар және кең қолданысқа ие;

Мақал-мәтелдер туралы жазылған еңбектер көп, алайда олардың әлі де ашылмаған қырлары бар екені сөзсіз. Бұл сөз маржанының халық өміріндегі маңызын арттыра түседі және зерттеушілер алдына жаңа міндеттер қояды. Сондықтан қазақ және түрік паремиологиялық қорын бірнеше сала бойынша салыстырып, жан-жақты зерттеу - келешек еншісінде.

Әдебиеттер тізімі

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу / Ә. Қайдар. - Алматы: Тоғанай, 2004.-560 б.

2. Кейкін Ж.С. Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі / Ж.С. Кейкін. - Алматы: Өлке, 2002.- 440 б.

3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев. Алматы: Мектеп, 1984.-75 б.

4. Қапасова Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер / Б.Қ. Қапасова. - Алматы: Дәуір, 2014.-224 б.

5. Bridges Ch. A commentary on proverbs / Ch. Bridges.- USA: Versa Press, 2008.- 640 р.

6. Akbaş C. Türk dünyası atasözlerinde mitolojik izler: Yüksek lisans tezi, Gazi Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü. - Ankara, 2020. - S. 13-26.

7. Gürsu U. Kazak Atasözleri / U. Gürsu. - Ankara: Türk Dil Kurumu Yayınları, 2017.- 1175 s.

8. Бабалар сөзі: Жүз томдық. - Астана: Фолиант, 2011. - 336 б.

9. Смағұлова Г.Н. Сөздік. Мағыналас фразеологизмдер / Г. Н. Смағұлова. - Алматы, 2010.- 252 б.

10. Рыженков Г. Народный месяцеслов: Пословицы, поговорки, приметы, присловья о временах года и о погоде / Г. Рыженков. - Москва: Современник, 1991. -127 б.

11. Ergun P. Türk Kültüründe Ağaç Kültü / P. Ergun. - Ankara: Atatürk Kültür Merkezi Başkanlığı Yayınları, 2004. - 398 s.

Б.М. Суйеркул, Ж.А. Жармуханова

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

Семантические особенности названий природных явлений в пословицах и поговорках турецкого и казахского языков

Аннотация. Отражение в пословицах и поговорках названий явлений природы в турецком и казахском языках – актуальная тема, требующая специального изучения.

Различие между прежними и современными вариантами названий явлений природы и их использование в повседневной жизни повышают значимость темы статьи. В связи с этим представляется целесообразным изучение особенностей употребления паремий в устной речи в сравнительном аспекте.

Смысловые особенности названий явлений природы, особенно в переносном значении, отражают накопленный запас знаний в многовековой истории народа с тех пор, как носитель языка начал изучать и познавать себя в тесной взаимосвязи с окружающей средой. Авторы статьи ставят целью выявление языковых механизмов,

(9)

обозначающих различия в их фоновом знании, путем сравнения и сопоставления пословиц и поговорок тюркских народов, живущих в разных регионах с разными климатическими условиями. Для достижения данной цели поставлены две задачи:

найти и провести сравнительный анализ казахского эквивалента пословиц и поговорок с названиями явлений природы в турецком языке, а также определить конечную прагматическую интенцию говорящего, использующего названия явлений природы в прямом и переносном значениях.

В ходе исследования были использованы методы систематизации, сравнения, дифференциации, анализа языковых данных.

Ключевые слова: казахский, турецкий, пословицы-поговорки, семантика, прагматика.

B.M. Suyerkul, J.A. Zharmukhanova

Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

Semantic features of names of natural phenomena in Turkish and Kazakh proverbs and sayings

Abstract. The reflection in proverbs and sayings of the names of natural phenomena in the Turkish and Kazakh languages is an urgent topic that requires a special study. The difference between the early and modern versions of the names of natural phenomena and their use in everyday life increases the importance of the topic of the article. In this regard, it seems appropriate to study the features of the use of paremia in oral speech in a comparative aspect.

The semantic features of the names of natural phenomena, especially in a figurative sense, reflect the accumulated stock of knowledge in the centuries-old history of the people since the native speaker began to study and know himself in close relationship with the environment. The authors of the article aim to identify the linguistic mechanisms that indicate differences in their background knowledge by comparing and comparing proverbs and sayings of the Turkic peoples living in different regions with different climatic conditions. To achieve this goal, two tasks are set: to find and conduct a comparative analysis of the Kazakh equivalent of proverbs and sayings with the names of natural phenomena in the Turkish language, as well as to determine the final pragmatic intention of the speaker using the names of natural phenomena in direct and figurative meanings.

In the course of the study, there were used methods of systematization, comparison, differentiation, and analysis of language data.

Keywords: Kazakh, Turkish, proverbs and sayings, lexica, semantics, pragmatics.

References

1. Kaydar A. Khalyk danalygy. Kazak makal-matelderinin tusindirme sozdigi zhane zertteu [Folk wisdom. Explanatory dictionary and research of Kazakh proverbs]. (Toganay, Almaty, 2004, 560 p.), [in Kazakh].

(10)

2. Keykin Zh.S. Kazaktyn 7777 makaly men mateli [7777 Kazakh proverbs and sayings]

(Olke, Almaty, 2002, 440 p.), [in Kazakh].

3. Ualiyev N. Soz madeniyeti [Word culture]. (Mektep, Almaty, 1984, 75 p.), [in Kazakh].

4. Kapasova B.K. Til madeniyeti. Sheshendik oner [

Language culture. Oratory]. (Dauir, Almaty, 2008, 224 p.), [in Kazakh].

5. Bridges Ch. A commentary on proverbs. (Versa Press, USA, 2008, 640 p.).

6. Akbash C. Turk dunyasi atasozlerinde mitolojik izler: Yuksek lisans tezi, Gazi Universitesi Sosyal Bilimler Enstitusu [Mythological traces in Turkish world proverbs:

Master's thesis, Gazi University Institute of Social Sciences]. Ankara, 2020. P. 13-26, [in Turkish].

7. Gursu U. Kazak Atasozleri [Kazakh Proverbs]. (Ankara: Turk Dil Kurumu Yayınları, 2017, 1175 p.), [in Turkish].

8. Babalar sozi Zhuztomdyk [Words of ancestors: One hundred volumes] (Foliant, Astana, 2011, 336 p.), [in Kazakh].

9. Smagulova G.N. Sozdik. Magynalas frazeologizmder[Dictionary. Meaningful phraseology]. (Almaty, 2010, 252 p.), [in Kazakh].

10.Ryzhenkov G. Nrodnyi mesetseslov Poslovitsy, pogovorki, primety, prisloviya o vremenah goda I o pogoed [Popular month words: Proverbs, sayings, remarks, proverbs about the times of the year and about the weather].(Sovremennik, Moskva, 1991, 127 p.), [in Russian].

11.Ergun P. Turk Kulturunde Agac Kultu [Tree Cult in Turkish Culture]. (Ataturk Kultur Merkezi Bashkanlıgı Yayınları, Ankara, 2004, 398 p.), [in Kazakh].

Авторлар туралы мәлімет:

Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы - ф. ғ. д., доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.

Жармуханова Жанна Алмазовна – Түркітану мамандығының 2 курс магистранты, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.

Siyerkul Botagoz Myrzabaykyzy – Ph.D. in Philosophy, Associate Professor Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan.

Zharmuhanova Janna Almazovna – The 2nd year Master student in Turkology, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,

of Historical Sci., Assoc.Prof., Astana International University, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Raihan Tashtemkhanova Doctor of Historical Sci.,

Құзғын бөрінікіне ортақ, өзінікін ағаш басында отырып жейді; Supuzγanda ev bolmas, topurγanda av bolmas (мағынасы: Молада үй болмас, тозаңды жерде аң болмас)

Қaзaқ және пaрсы тіл де рін дегі фрaзеология лық тір кес тер мен мaқaл-мә тел дер дің дaрaлығы мен ерек шелігі.. Мaқaлaдa қaзaқ жә не пaрсы тіл де

(Са быр лы же тер мұ рат қа, Са быр сыз қа лар ұят қа) (Са быр тү бі – са ры ал тын, Са быр ет сең – бә рі ал тын) Қа зір гі тү рік жә не қа зақ тіл де рін де ма ғы на- сы

Айта кет сек, аты Еуро па ға дейін жет кен, бір ро ман ар қы лы бү кіл қа зақ ты әлем ге та ны та біл ген Мұх тар Әуе зов тің «Абай жо лы» ро ма нын да “Құс қа на

The analysis of syntactical structures of paroemia showed that in comparison with English, Kazakh, reflecting the emotional concept "fear", expresses instruction,

көңілін аулау (эмотивтік), ерік білдіру (валюнтативті), түрлі критерийлерге байланысты коммуниканттарды жіктеу (регулятивті) және т.б. да қызметтері бар. Түрік