Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(137). 2012
Ү.Субханбердина еңбектеріндегі қазақ библиографиясы және кітаптану ілімі C. Б. Жұмағұлов
1, С. У. Такиров
2Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 1профессоры, 2доценті, Қарағанды, Қазақстан Аннотация. Мақалада көрнекті ғалым Ү. Суханбердина ғылыми еңбектерінің ғылыми жаңашыл-
дығы мен ғылыми өзектілігі қазақ библиографиясы мен кітаптану контексінде алып қаралады.
Авторлар ғалымның ғылыми еңбектері мысалға ала отырып, қазақ библиографиясы мен.
Әдебиетші ғалым Ү.Субханбердина қазақ баспасөзі, кітап тарихын зерттеу, библиогра- фиясын түзу сынды ұлттық әдебиеттану ғы- лымының зерттеу нысанынан тыс қалып келген руханият әлемінің аса өзекті де күрделі ар- насында ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Қазақ әдебиеттануының соны табысын айғақтайтын әрі тың қадам болып табылатын «Айқап» бе- тіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. І-бөлім» (1961), «Қазақтың револю- циядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі мате- риалдар. Мазмұндалған библиографиялық көр- сеткіш. 2-бөлім» (1963), «Әдеби мұра. Револю- циядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар» атты іргелі (1970) еңбектері үлкен маңызға ие. Халқымыз- дың ғасырлар бедеріндегі қоғамдық-саяси дамуындағы рухани өмірінің шежіресі қазақ баспасөзінің тарихын зерттеу мейлінше мол батылдық пен парасатты талап ететін-ді. Бұл орайда Х.Бекхожиннің «Тұңғыш қазақ газеті
«Дала уалаяты» (1949), Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» (1950) еңбектері ХХ ғасырдың 50-жылдар басындағы идеологиялық талаптағы «Қазақ баспасөзін зерттеудегі өрес- кел қателіктер», «Тарихи шындық бұрмаланба- сын» атты мақалаларда сыналғанын ескерсек, ұлтымыздың сан қатпарлы рухани және қо- ғамдық даму белестерімен сабақтас баспасөз тарихының бастапқы және кейінгі асыл ар- наларын зерделеп, ғылыми шежіресін екшей отырып библиографиясын түзудегі Ү.Субхан- бердинаның құнды кітаптары да кеңестік саясат ызғарына ұшырап, ұлттық мүддеге терең тамыр тартатын тың ізденістері тоталитарлық жүйе тезіне алынды.
«Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-ха- барлар. Мазмұндалған библиографиялық көр- сеткішке» Алаштың рухани және саяси кө- семдері Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы материалда- рын сол кезеңнің өзінде батылдықпен енгіз-
генімен олардың құнды мұралары цензура тарапынан алынып тасталды (1,16). Ғалым кітап редакторы Е.Ысмайыловпен бірге саяси қысымға алынып, Б.Кенжебаевтың «Айқап»
журналы туралы еңбек» («Қазақстан Мұға- лімі».1961.4.ҮІІІ) атты мақаласындағы оң пікірі және де кемел іске тірек бола білген Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, С.Зиманов қамқорлығы ғана идеологиялық қуғын-сүргін тепірішінен қорғап қалды. Алайда Қазақтың мемлекеттік баспасы библиографияның екінші бөлімін басудан бас тартты (2,9). Бұдан қазақтың төңкерістен бұ- рынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдардың библиографиялық көрсеткішін жарыққа шы- ғару қаншалықты қиын өткелдерден өте оты- рып жүзеге асқанын әрі осы шырғалаңды жол- да тар жол, тайғақ кешсе де ұлт руханиятына деген адалдығынан бір табан шегініс жасамаған зерттеушінің қажыр-қайратын еш боямасыз танимыз.
Ү.Субханбердинаның «Айқап» бетіндегі ма- қалалар мен хат-хабарлар. Қазақтың револю- циядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі ма- териалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш». І-бөлім» кітабы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз бетін- де жарияланған маңызды материалдарды Ре- сейдегі құнды мұрағат негізінде қамтыған ал- ғашқы күрделі де мейлінше маңызды көрсеткіш болды. Осы іргелі еңбекке жазған «Айқап»
журналы туралы дерек» рецензиясындағы Б.Кенжебаевтың «Бізде қазақ революциядан бұрын шыққан газет, журналдар бетінде жа- рияланған мақалалар мен хат-хабарлардың библиографиялық көрсеткіштері жоқ, болған емес» («Қазақстан мектебі».1961.4.ҮІІІ) деген пікірі тұрғысынан келгенде ғалым еңбегінің соны ғылыми жаңалығы айқын танылады.
Әдебиетші «Айқап» журналында жариялан- ған материалдарды тақырыптық тұрғыдан алғаш жүйелеп, көрсеткішті негізгі сегіз та- рауға (қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайлары, тарихы, мәдениет, оқу-ағарту, тіл және әдебиет, баспасөз, денсаулық сақтау, дін мәселелерін қатысты мағлұматтар) топтасты- ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 3(137). 2012
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(137). 2012 рып берді. Онда журнал бетінде жарияланған
мақала, хат-хабарлардың толық библиогра- фиялық деректерімен қатар мазмұндамасы жазылып, авторлардың алфавиттік көрсеткіші де қамтылды. «Айқап» журналы туралы» ма- қалада зерттеуші басылымның маңызы туралы айта келіп: «Революциядан бұрын қазақ тілінде 14 газет, бір журнал шыққан. Олар: «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1883), «Дала уалая- тының газеті» (1888-1902), «Серке» (1907),
«Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз),
«Қазақстан» (1911-1913), «Ешім даласы»
(1913), «Қазақ» (1913-1918), «Айқап» (1911- 1915), «Алаш» (1916-1917), «Бірлік туы»
(1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917)» деген құнды дерек келтіреді. Соның барысында Б.Кенже- баевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басын- дағы демократ жазушылары» (1958) еңбегіндегі қазақ баспасөзі тарихына қатысты қамтылмай қалған дерек көздерін «Алаш», «Бірлік туы»,
«Сарыарқа», «Ұран», «Үш жүз», «Тіршілік»
басылымдармен толықтырды. Ал, «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалға библиографиялық көрсеткіш. 2-бөлім» (1963) кітабында 1870- 1913 жылдар аралығында жарық көрген «Түр- кістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Қазақстан» басылымдарындағы түрлі ғылым салалары тақырыбындағы мақала-ха- барлар қамтылды. Еңбектің «Қазақтың рево- люциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі жөнін- де» тарауында қазақ басылымдары туралы маңызды деректер беріліп, ұлт баспасөзінің тарихын тану мен зерттеудің өзекті арналарын айқындай түсті.
Ғалымның аталған еңбектері қазақ бас- пасөзінің мазмұндалған библиографиялық көр- сеткішін құрастыру, зерттеу барысында ғы- лыми-зерттеушілік нысанына өз деңгейінде алына қоймаған әрі мейлінше күрделі кезең болып табылатын Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген құнды басылымдарды жинақтау арқылы рухани өмірге сіңіру, ғылыми айна- лымға енгізу талабындағы әдебиеттанудағы тың да батыл ізденіс болды. Ғалымның «Қа- зақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі және көркем әдебиеті (ХІХ ғасыр аяғы-ХХ ғасырдың басы)» (1964) тақырыбын- дағы кандидаттық диссертатциясы да қазақ баспасөзімен қатар оларда жарияланған әдеби туындыларды жүйелі қарастыруымен құнды.
Әдебиетші құрастырумен, алғы сөзімен жарық көрген қазақ мерзімді басылымдарында
жарияланған көркем шығармалары қатарында Ш.Құдайбердіұлы мұрасы да кеңестік цензура қысымына қарамастан ғылыми айналымға жол тауып отырды. Мәселен, «Әдеби мұра» кіта- бына «Қалқаман-Мамыр» жырының он нұсқа- сының бірін және де бір аңыз-әңгімесі, екі вер- сиясы мен жеті варианты бар «Еңілік-Кебек- тің» «Дала уалаятының газетіндегі» нұсқасын ғылыми принциптілікпен енгізген болатын. Өз кезегінде Ү.Сұбханбердина және Ш.Ахметов, М.Ғұмарова, Б.Ысқақов, Т.Қанағатов, Г.Сұл- танғалиева, Е.Байтоқов, С.Шоқпарова, Қ.Қаб- доловалар ат салысуымен жарық көрген қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының екінші томдына халқымыздың төңкеріске дейінгі ғашықтық жырлары (лиро-эпос) қамтылып, 191 жырға сипаттама берілді. Осы қолжазбалардың жүз қырық екісі қазақ топырағында, елуге жуығы Шығыс сюжетіне құралған дастандар екені айқындалды. Бұл ретте кітапта Ш.Қ.-ның
«Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі- Мәжнүн» дастандарының қамтылуы аталған ғалымдардың ғылыми обьективтіліктерін де көрсетеді. Міне, аталған томның сөз басында Б.Ысқақов «Қалқаман-Мамыр», «Еңілік-Кебек»
қолжазба сюжеттік желісі, композициялық құ- рылысы, стильдік ерекшеліктерін де қарас- тырды (3,9-11).
«Қазан университетінің кітапханасындағы қазақ қолжазбалары» («Қазақ ССР ҒА хабар- шысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы». 1969.
№4), «Шығыс сюжеттері» («Қазақ ССР ҒА ха- баршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы».
1972.№6), «Шығыс зерттеуші ғалымдары және қазақ әдебиеті» («Жұлдыз». 1983.№4), «Шы- ғыстанушылар және қазақ әдебиеті» («Жұл- дыз».1983.№4) сынды проблемалық мақала- ларында ұлт руханиятының асыл арналарын зерттеу мен жариялауда қашан да елдік қа- сиеттерді басты орынға қойған Ү.Субханбер- динаның құрастыруымен, алғы сөзімен жарық көрген «Ғашық-наме. Шығыс хикаяларының желісіне құралған қазақ дастандары» (1976.
1986) Шығыс хикаяларының желісіне құралған қазақ дастандарының тұңғыш рет жеке кітап болып шығуымен құнды болып табылады.
Дастандардың тақырыптық-идеялық желісін, олардың қазақ топырағында тууы мен жа- риялануын қарастырған әдебиетші жинақта
«Бозжігіт», «Сейфүлмәлік», «Таһир-Зуһра»,
«Мұңлық-Зарлық», «Иранғайып Шаһ Ғаббас»,
«Жүсіп-Зылиха» дастандарын қамтыды. Жи- наққа «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын енгізбек бол- ғанымен ғалымның өзі кейіннен жазғанындай
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(137). 2012 цензура қысымынан «оң ниетімізді іске асыра
алмадық» (4,28).
Ғалым кеңестік дәуірдегі тоталитарлық жүйе қысымына қарамастан өзінің қай еңбе- гінде болмасын Алаш арыстары, соның ішінде Ш.Қ. мұрасын ғылыми негізді бағалауғы күш салды. Оған жоғарыда қарастырылған еңбектер айқын дәлел десек, өз кезегінде «Қазақ фоль- клоры мен әдебиет шығармаларының тексто- логиялық зерттелуі» атты ұжымдық ғылыми мақалалар жинағына енген «Шығыс тақыры- бына жазылған қазақ дастандарының алғашқы басылымдары» зерттеуінде классикалық шығыс әдебиетінің дәстүрінде қазақ топырағында туған мұралар кеңінен талданды. Соның ішінде Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының қазақ арасына ауқымды тараған нұсқасын саралауы ерекше назар аудартады. Өйткені аталған дас- танның қазақ әдебиетінде орнығуы Шәкәрім шығармашылығынан ажырағысыз өзекті мә- селе. Міне, Ү.Субханбердина «Ләйлі-Мәжнүн»
поэмасының қазақ арасына мол тарағаны - Физули нұсқасы. Осы нұсқаның толып жатқан қолжазбалары архив қазыналары мен кітапхана қорларында сақтаулы тұр. «Шолпан» журна- лының 1922 жылғы 2,3 және 1923 жылғы 4,5,6,7,8, сандарында басылған. Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллин 1935 жылы поэмаға алға сөз жазып жеке кітап етіп жариялаған болатын» (5) деп Шәкәрім мұрасының маңызын сол кезеңнің өзінде-ақ әділ бағалады. ХІХ-ХХ ғасыр басын- дағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік, рухани өмірі тыныс-тіршілігінің айнасы іспеттес қазақ кітаптарын зерттеу, библиографиялық көрсет- кішін жариялау сынды маңызды істердің ғы- лыми-әдіснамалық мәселелерін ұлттық әде- биеттану ғылымында уақыт талабына орай жандандыру, жаңаша сипатта жаңғыртудағы зерттеушінің «Қазақ кітаптары. Библиогра- фиялық көрсеткіш» (С.Есова, Д.Сейфуллина- лармен бірге) (1986.1994), «Дала уалаятының газеті» (1-5 кітап) (1989-1994), «Қазақ кіта- бының шежіресі» (Д.Сейфуллинамен бірге) (1996), «Қазақ. Алаш. Сарыарқа» (1993), «Қа- зақ халқының атамұралары» (1999), «Түркістан уалаятының газеті» (2003) еңбектері айрықша аталады. Атап айтқанда, Ү.Сүбханбердинаның (С.Есова, Д.Сейфуллиналармен бірге) «Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807- 1917)» (1986) еңбегі үлкен маңызға ие де- сек, библиографиялық көрсеткішке сол кезде әдеби мұрасы әлі толық ақталмаған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қараш кітаптарын
батылдықпен енгізгені үшін авторлар «айып ақша» төледі (6,28). Осындай басты идео- логиялық кедергілер бола тұра Ү.С. «Есімдер көрсеткішінде»: «Ұмтылған» - бүркеншік ат, шын аты – Құдайбердіұғлы Шәкәрим» (5,186) деп көрсетті. Ал «Кітап тақырыптарының көрсеткішінде» Ш.Құдайбердіұлының «Иман ғибадат (Мұсылмандық кітабы)», «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр» кітаптарының ат- тары атап көрсетілді. Бұл тұрғыда қазақ кітап- тарының 1803 жылы жарық көрген «Сейфул- мәліктен» бастау ала отырып кейінгі даму тарихын зерттеуді ғылыми негіздеген аталған ұжымдық еңбек К.Матыжанов атап өткеніндей
«Ә.Жиреншин өз зерттеуінде 150 кітап атауы мен 180 басылымды атаса, М.Бөжеев 280 кітап атауы мен 499 басылымды көрсетеді. Ү.Суб- ханбердинаның аталған еңбегінде 480 кітап атаулары мен 720 басылымды айқындайды».
1807-1917 жылдар аралығында басылып шыққан қазақ кітаптары қамтылған іргелі еңбек Ү.Субханбердинаның «Қазақ кітапта- рының тарихынан» атты зерттеу мақаласымен ашылған. «Туған мәдениетіміздің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі – қазақ кітап- тары. Енді сол қазақ кітаптарының тарихын түбегейлі зерттеу үшін алдымен қазақ кітап- тарының библиографиясын құрастырып алуы- мыз керек» деп білген ғалым төңкерістен бұ- рын жарық көрген қазақ кітаптарының библио- графиясын жасауда Мәскеу, Қазан, Ташкент, Алматы қалаларындағы ғылыми кітапханала- рындағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжаз- балар қорында сақталған қазақ кітаптарының фотокөшірмелерін және микрокөшірмелерін түсіріп алуда маңызды да кемел істер атқарды.
Еңбекті дайындау барысында мұрағат мате- риалдарын игеру, түрлі каталогтарды, проспек- тілерді, библиографиялық тізімдерді, естелік пен мемуарларды, төңкерістен бұрын шығып тұрған газет-журналдарда басылған мәліметтер ыждахаттылықпен пайдаланылып, қазақ кі- таптарының картотекасы түзілді. Картотекада негізінен Қазан, Орынбор, Уфа, Ташкент және Петербургте араб әрпімен басылып шыққан қазақ тіліндегі кітаптар және мәтіні екі тілде (қазақ-орыс) қатар басылған кітаптар, сондай- ақ қазақша-татарша-орысша, орысша-қазақша, қазақша-орысша-парсыша-арабша т.б. сөздік- тер де алынды. Қазақ кітаптарының басылу, жарық көрі тарихына кеңінен тоқталып, төң- керістен бұрын басылған қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың халқымыздың тарихын, әдеби, мәдени өмірін зерттеу үшін маңызы өте
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(137). 2012 зор екенін баса көрсеткен ғалым «Бұл кітаптар
тарихи деректерді, архив қазыналарын толық- тырып, қазақ халқының саяси, мәдени өмірінен құнды мағлұматтар береді» деген сындарлы пікір білдірді.
ХІХ ғасырдағы орыс шығыстанушы ориен- талистерінің қазақ халық ауыз әдебиеті нұс- қаларын, ақын-жыраулардың өлең-жырларын жазып алып, кітап етіп бастырудағы еңбек- теріне, сонымен қатар халқымыздың ағартушы қайраткерлері Ыбырай, Абай кітаптарының жарық көруіне тоқталады. Классикалық Шы- ғыс тақырыбына жазылған қазақ қисса дас- тандарына, шығыстық сюжетке құралған поэ- маларды анықтай отырып, «Бозжігіт», «Сей- фүлмәлік», «Көрұғлы», «Ләйлі-Мәжнүн»,
«Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Жүсіп- Зылиха», «Таһир-Зуһра» сынды кітап болып басылған нұсқалардың кейбірінің мазмұнын, басылу тарихын әдеби материалдарға сүйене отырып қарастырады. «Революциядан бұрын жарық көрген әрбір кітап, газет-журнал - халқымыздың азаматтық тарихы» деген ғалым Дулат, Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп, Н.Науша- байұлы, Ғ.Қараш кітаптарының аттарын да ғылыми батылдықпен енгізді.
Қазақ баспасөзі тарихындағы алғашқы қар- лығаштардың бірі саналатын «Дала уалая- тының газеті» жинағы бірінші кітабының (1989) Ү.Субханбердина құрастыруымен жа- рық көруі де заңды болатын. Жинақта 1888- 1894 жылдары аралығында Омбыда қазақ және орыс тілдерінде шыққан басылым беттерінде жарияланған материалдар берілді. Аталған іргелі басылымның барлығы бес кітабын ғы- лыми ыждахаттылығымен, қажыр-қайратымен жарыққа шығарған әдебиетші 1-кітапта (1989) Шәкәрім ақынның «Д.У.Г.» бетінде жария- ланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» (1892. №№29,31,32,34-40), 4-кітапта
«Редакцияға келген хат» (1895. №49) мұра- ларын қамтыды. «Дала уалаятының газеті»
және қазақ әдебиеті мен мәдениеті» атты кі- ріспе мақалада ғалым басылымның шығу тарихына тоқталып, онда басылған шығарма- ларда «қазақ өмірінің барлық күрделі құбы- лыстары мен оқиғалары толық, тұтас қам- тылмаса да, қазақ халқының тарихында болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш баспасөз бетіне түсіп, ұлт әдебиеті мен мәдениетінің негізін қаласуға көмектесті» деп басылым бетінде Ы.Алтынса- рин туралы жазылған мақала, Абай өлеңдерінің тұңғыш баспа бетін көруі және де қазақ тіліне
аударылып берілген шығармалар, газет бетін- дегі әдебиет мәселесі туралы пікір таласы, өзге де мәселелерді жан-жақты қарастырды. Ғалым газетті ғылыми тұрғыдан игеру жұмысы «әде- биетіміздің дамуына проблемалық, теориялық мәселелерді кеңінен көтеруге, оны терең жан- жақты зерттеу ісіне көп себін тигізетін саласы»
деп аталған кітапта газет бетінде жарияланған әдеби публицистикалық материалдардың үлгі- лерін ауқымды әрі жүйелі қамтыды. 1888-1893 жылдарда «Дала уалаятының газеті»-особое прибавление к «Акмолинским областным ведо- мостям», «Киргизская степная газета» бетте- рінде басылған әдеби нұсқаларға түсініктер де берілді.
Ү.Субханбердина құрастырумен жарық көр- ген «Айқап» (С.Дәуітовпен бірге) (1994), «Қа- зақ» (С.Дәуітов, Қ.Саховпен бірге) (1995), «Қа- зақ. Алаш. Сарыарқа» (1993), «Қазақ халқының атамұралары» (2002), «Түркістан уалаятының газеті» (2003) библиографиялық кітаптарының да ұлт руханиятындағы маңызы айрықша.
Оларда баршы саналы ұлт зиялылырымен қатар Шәкәрімнің қазақ газет-журналдарында жария- ланған мақала, әдеби туындылары жүйелі қам- тылды. Мәселен, «Айқаптың» авторлары»
бөлімінде ақын өмірі, шығармашылығы туралы құнды деректер беріліп, журналда ақынның
«Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітаптары туралы ха- барлар, «Біздің мұқтаждарымыз», «Сөз та- ласы», «Басқармаға хат» т.б. мақалалары жа- рияланғаны туралы құнды деректер берілген.
Сондай-ақ «Айқап» журналында басылған ма- қалалар мен хат-хабарлардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде» Ш.Құдайбер- діұлы мұрасы қамтылып, оларға қысқаша түсі- ніктемелер берілді. Ал «Қазақта» «Бүркеншік есімдер көрсеткішінде» «Ұмтылған» Шәкәрім- нің бүркеншік есімі болғанын түйсе, кітапта ақынның «Қазақ құтты болсын!» өлеңі, Ә.Бө- кейханның ақын кітаптарына жазған сын ма- қалалары, «Желкектің» «Шәкәрім ақсақалға»
мақаласы қамтылған.
«Қазақ кітабының шежіресі» (1996) атты 1807-1917 жылдар аралығында жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиялық көрсет- кішінің «Кітап тарихы-адамзат тарихы» атты кіріспе мақаланың да кітаптану ілімінде ма- ңызы зор. Мәселен, онда Шәкәрім шығарма- шылығы қарастырылып, ақынның 1911 жыл- дары Орынбордың «Үміт» баспасынан «Иман Ғибадат (Мұсылмандық кітабы)», «Кәрімов- Хусаиынов» баспасынан «Түрік, қырғыз, қазақ
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(137). 2012 һәм хандар шежіресі», 1912 жылы Семейдегі
«Жәрдем» баспасынан «Қалқаман-Мамыр»,
«Қазақ айнасы» кітаптары жарық көргені ту- ралы құнды деректер, мәліметтер берілген.
«Қазақ халқының атамұралары» (1999) атты ұлт руханиятын еселеуге соны тыныс дарытқан 834 беттік мазмұндалған іргелі библиография- лық көрсеткіште 1870-1918 жылдар аралығын- да жарық көрген сегіз қазақ баспасөзінің («Түр- кістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш»,
«Сарыарқа», «Бірлік туы») аса маңызды дерек- тері мен мәліметтері қамтылып, 84 ұлт зиялы- сының суреті, барлығы 5204 мақаланың маз- мұндамасы топтастырылды.
Ү.Субханбердинаның «Түркістан уалатының газеті» («Білім және еңбек».№5), «Абайдың өзі тірі кезінде басылған екі өлеңінің текстоло- гиясы» («Қазақ ССР ҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1971.№3»), «Дала уалаяты»
Шоқан туралы» («Қ.Ә».1985.21.ҮІ), «Тұнық бастау («Дала уалаяты» газеті жайлы)» («Білім және еңбек». 1988.№8), «Д.Сұлтанғазиннің қа- зақ тіліндегі мақалалары» («Жұлдыз». 1989.
№4), «Айқап» туралы ақиқат» («Зерде». 1991.
№11), «Шырғалаңнан өткен шығармалар:
(Ш.Құдайбердиев пен М.Дулатовтың шығарма- лары жайында)» («Халық кеңесі».1992.21.Ү),
«ашылған бүркеншік аттар» («Қазақ үні». 1993.
сәуір) т.б. мақалаларының да ғылыми сипаты, танымдық-тағылымдық маңызы зор.
Түйіндей айтқанда, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының тұтас руханият әлемін тануда үлкен маңызға ие ұлт баспасөзі мен кітап тарихын зерттеуде ерекше қажыр-қайрат пен
ғылыми ерлік танытқан ғалымның ғылыми мұрасы бүгіндері жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Әдебиетші мұрасын зерттеу қазақ биб- лиографиясы мен кітаптану ілімінің өзекті мәселелерін қарастыру мен танудағы бірден бір құнды арна болып қала бермек.
Әдебиеттер:
1. Субханбердина Ү. Кітап жолы-арман жол. – Алматы, 2001.
2. Субханбердина Ү. Алғы сөз. – Кітапта:
«Дала уәлаятының газеті». 5 кітап. – Ал- маты, 1998.
3. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипатта- масы. – 2 том. – Алматы, 1979.
4. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш.
– Алматы, 1995.
5. Қазақ кітабының шежіресі. 1807-1971. Биб- лиографиялық көрсеткіш. – Алматы, 1996.
6. Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармала- рының текстологиялық зерттелуі. – Алматы, 1983.
7. Қазақ кітабының шежіресі. 1807-1917. Биб- лиографиялық көрсеткіш. –Алматы, 1986.
* * *
В статье рассматривается научная новизна и актуаль- ность научных трудов видного ученого У. Субханбердиной в контексте казахской библиографии и книговедения.
Авторы на примере научных работ ученого анализируют пути развития казахской библиографии и книговедения.
* * *
In article is considered scientific novelty and urgency of the scientific works seen scientist U.Subhanberdina in context of the Kazakh bibliography and book conduct. The Authors on example of the scientific work scientist analyse the way of the development to Kazakh bibliography and book conduct.
Ваовено аоа