ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
5В070400 -Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы студенттері үшін әдістемелік нұсқауы
Алматы 2017
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ Компьютерлік технологиялар кафедрасы
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: З.А.Акижанова. «Оқу практикасы». 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының барлық түрінің студенттері үшін тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2017. – 20 б.
Әдістемелік нұсқаулықта «Оқу практикасы» бойынша тапсырмаларды орындауға, сонымен қатар жеке тапсырма тақырыптарына нұсқаулар мен есепті рәсімдеуге талаптар берілген.
Бағдарлама 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының компьютерлік сыныптарында оқу машықтануынан өтуге арналған.
Пікір беруші: доц. Г.Д. Мусапирова
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2015 ж. жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2017 ж.
2015 ж. Баспаның жиынтық жоспары, реті 199
Акижанова Зауре Абеевна
ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы студенттері үшін әдістемелік нұсқауы
Редактор Қ.С. Телғожаева
Стандарттау бойынша маман Н.Қ.Молдабекова
«__»____2016 ж. басуға қол қойылды Таралымы 30 дана
Көлемі 1,31 оқу-бас. ә.
№ 1 типографиялық қағаз Пішімі 60Х84 1/16
Тапсырыс ____Бағасы 655 т.
.
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Компьютерлік технологиялар кафедрасы
БЕКІТЕМІН ОІЖ Проректор ___________________С.В. Коньшин
«_______» _______________ 2016 ж.
ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы студенттері үшін әдістемелік нұсқауы
КЕЛІСІЛДІ ОӘБ басшысы
_____________М.А. Мустафин
“____”________2016ж.
КТ кафедрасы отырысында қарастырылды және мақұлданды,
№3 Хаттама 27.10.2016 ж.
Келісілді:
КТ кафедрасының меңгерушісі __________________ З.К.Куралбаев ОӘК төрағасы
______________Б.К.Курпенов
“____”________2016 ж.
Стандарттау бойынша маман __________________
“____”________2016 ж.
Редактор
______________
“____”___________2016 ж.
Құрастырушылар:
________________ З.А. Акижанова
Кіріспе
Оқу практикасы білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және бірінші курста өтеді.
Оқу практикасы 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығында оқитын студенттер үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша оқу үрдісінің маңызды элементі болып табылады.
Оқу практикасы бойынша әдістемелік нұсқаулық 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының типтік жоспары негізінде құрастырылған.
Оқу практикасы бойынша әдістемелік нұсқаулық келесі құжаттарға сілтеме жасайды:
1) ҚР БжҒМ 29.01.2016 ж. №107 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары.
2) «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамдағы кәсіптік практиканы өткізу мен ұйымдастыру ережесі жайында, 2016 ж.
Оқу практикасының өткізілу мерзімі оқу жұмыс жоспарына сәйкес
«Компьютерлік технологиялар» кафедрасында тағайындалады.
1 Практиканың мақсаттары мен мәселелері
1.1 АЭжБУ білім алушылары үшін оқу (танысу) практикасының мақсаты алғашқы кәсіптік құзіреттіліктерді алу, яғни оқу үрдісінде алған теориялық білімдерді бекіту, зерттеу қызметіндегі алғашқы дағдыларды алу, мамандық бойынша жұмыстың дағдылары мен тәжірибелік икемділіктерді алу болып табылады.
1.2 Оқу (танысу) практиканың мәселелері болып табылады:
- жоғары оқу орны қызметтерінің негізгі бағыттарымен танысу;
- ұйымдастырушылық-құқықтық формалармен, құрылыммен, болашақ мамандықтың нысаны болып табылатын басқаруды ұйымдастыру жүйелерімен жалпы танысу;
- болашақ кәсіптік қызметтің мәселелері мен қызметтерін, түрлерін үйрену;
- еңбек ұжымында жұмыс істеу дағдыларын алу;
- мамандық бойынша профильді кәсіпорындарға саяхат жасаудың көмегімен өндірістің үрдісімен танысу.
2 Практиканы өткізуді ұйымдастыру
2.1 Практиканы өткізу кестесі оқу үрдісінің кестесіне сәйкес келеді.
Практиканы «Компьютерлік технологиялар» кафедрасында бекітілген оқытушы-жетекшілер жүргізеді.
2.2 Практикаға жолдама ректордың оқу практикасы жайындағы бұйрығымен рәсімделеді. Бұйрықта практиканың кестесі (мерзімдері, базасы, аудиториясы, есепті қорғаудың күні мен уақыты), студенттердің тізімі, жетекші оқытушылар көрсетіледі.
2.3 Кәсіптік практиканы өту үшін студенттерді жолдағанға дейін оларға кәсіптік практиканың жұмыс-жоспары кестесі, жолдама, практиканы өту жайындағы күнделік-есебі беріледі.
2.4 Практиканың қорытындысы бойынша студенттер есептері мен күнделіктерін «Компьютерлік технологиялар» кафедрасына көрсетеді. Есеп практиканың жетекшісімен тексеріледі. Есепті қорғау үшін кафедра меңгерушісінің өкімімен комиссия құрылады.
3 Оқу практикасының мазмұны
3.1 Оқу практикасы университетте «Компьютерлік технологиялар»
кафедрасында өтеді, болашақ кәсіптік қызметтің нысандары болатын болашақ кәсіптік қызметтің нысандары болып табылатын ұйымдарға таныстыру саяхаттары ұйымдастырылады: "Казақтелеком", АҚ "MS-ProfessionalSystems", ЖШС, «ЭкоЭнергоГаз» ЖШС, "Инфокоммуникативтік технологиялар академиясы дирекциясы "Қазақтелеком" АҚ филиалы, "Ұлттық ақпараттандыру орталығы ", "Казсельэнергопроект институты".
3.2 Практика кестеге сәйкес ректордың бұйрығымен өткізіледі.
Практика кезінде студенттер кәсіпорынға өндіріспен танысу үшін, оқу бағдарламаларын орындау үшін, MS Access ДҚБЖ мәліметтер қорын құруы қажет.
3.3 Практика күнделігіне жеке тапсырмалар жазылады. Практика күнделігінде орындалған жұмыстың мазмұны мен жасалған жұмыстың өзгешелігі көрсетіледі, жетекші қолын қояды, күнделік толтырылады.
Практиканың қорытындысы, жеке тапсырмалар бойынша есеп құрастырылады.
3.4 Жеке тапсырмаларды орындау оқытушының жетекшілігімен жасалады. Жетекші тапсырманың орындалуы мен оған жасалынған есепті үнемі тексеріп отырады.
Практика бойынша есепті қорғау практиканың кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Студенттер техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқамалықтан өтулері қажет.
3.5 Жеке тапсырманы орындауды аяқтағаннан кейін студент өзінің есебін комиссияның алдында қорғауы қажет, күнделікті, есепті және бағдарлама жазылған дискіні өткізуі қажет.
Оқу практикасы бойынша есепте келесі бөлімдер болуы қажет:
1) Негізгі бет.
2) Кіріспе:
- практиканың мәселелері мен мақсаттары, өткізілу орны, практиканың ұзақтығы;
- практика үрдісінде орындалған жұмыстардың тізімі;
- өндіріспен танысу үшін кәсіпорындарға бару, кәсіпорынның болашақ мамандықпен байланысты болатын жалпы құрылымын және бөлімшелердің қызметтерін сипаттау.
3) Негізгі бөлім:
- студенттің практика кезінде шешкен есебінің кестелермен кестелермен, суреттермен, графиктермен суреттелген сипаттамасы және т.б;
- бағдарламалар үшін: тапсырмалар, есептің қойылымы, бағдарлама мәтіні, бағдарламаның орындалуының қорытындысы.
4) Қорытындысы:
- практика үрдісі кезінде алынған білімі мен тәжірибелік дағдылары;
- практикалық сұрақтар мен есептердің шешуді жетілдірулер бойынша ұсыныстар.
5) Әдебиеттер тізімі.
4 Тапсырмалар мен орындалу кезеңдері
Практика кезінде студенттер кафедрада өздерінің «Информатика» және
«Алгоритмдеу және бағдарламалау» пәндерін оқығандағы жаңа практикалық дағдыларын тереңдете алады.
Тапсырмалар келесі себептермен таңдалып алынды: студенттер информатика пәнінен MS Access ДҚБЖ-да жұмыс істеуді үйренді;
реляциялық мәліметтер қорын жобалау тапсырмасы студенттерді мәліметтер қорымен жұмыстар бойынша жаңа деңгейлерге, жаңа мәліметтер қорларын құруға дайындайды. Мәліметтер қорларының модельдерін дұрыс анықтау үшін MS Access МҚБЖ мәліметтер қоры құрылады. Мәліметтер қорын пайдалану үшін басқа мәліметтер қорынан 3 тапсырма орындалады.
Бағдарламалау бойынша тапсырмалар бағдарламалау бойынша білімдерді бекітеді.
Тапсырмалар орындауға қарастырылған:
Тапсырма 1. Реляциялық мәліметтер қорын жобалау.
Тапсырма 2. Мәліметтер қорын құру.
Тапсырма 3. MS Access МҚБЖ сыртқы мәліметтерімен жұмыс.
Тапсырма 4. Функцияларды қолдану арқылы С++ бағдарламалау тілінде бағдарламаларды құру.
4.1 Тапсырма 1. Мәліметтер қорын жобалау
Жұмыстың мақсаты: ER-модельді пайдалану арқылы ақпараттық жүйелердің реляциялық мәліметтер қорын жобалауды үйрену.
Тапсырма:
1) Мәліметтер қорларын құрудың мақсаттарын анықтау.
2) Пәндік аймақтарды сипаттау, пәндік аймақтардың шекараларын көрсету (шектеу). Мәліметтер қорының көздері ұйымдарда пайдаланылатын құжаттар немесе мәліметтер қорының сөздік сипаттарының пайдалаланылуы болып табылады. Мәліметтер қорын орындайтын функциялардың тізімін құру.
3) Пәндік аймаққа талдау жасау. Бұл мәліметтер қорының ақпараттық нысандары жинақтарын анықтауға және олардың өрістерін (реквизиттерін), бірінші кілттік нысандарды анықтауға мүмкіндік береді.
4) Нысандар арасындағы байланыстарды анықтау. Нысандар құрылымын өзгерту (сыртқы кілттерді қосу), жаңа нысандарды қажетінше қосу. Ақпараттық-логикалық модель пәндік аймақтағы мәліметтерді ақпараттық нысандар түрінде және олардың арасындағы байланыс арқылы көрсетеді. MS Visio-да ақпараттық-логикалық модельді құру немесе т.б.
5) Мәліметтер қорына сұраныстарды қалыптастыру және ізделінген ақпаратты алуға болатын ақпараттық нысандарды анықтау (шектеуді, мысалы тек қана ағымдағы жылдың бірінші кварталында қойылған тауарларды).
Жеке тапсырманы оқытушы ұсынады немесе өздігінен таңдалады.
Жобалау кезінде оқытушымен тақырып талқыланады, қордың құрылымы түзетіледі. Қорда тапсырманы толығымен орындауға болатын жеткілікті кестелер болуы қажет.
1 Тапсырма бойынша есеп камтиды:
- мәліметтер орын құрудың мақсаты;
- жеке тапсырма;
- пәндік аймақты сипаттау;
- пәндік аймақтарда болатын құжаттар немесе мәліметтер қорының сөздік сипаттарының жұмыс жасауы;
- ақпараттық нысандар, нысандардың бірінші кілттері;
- екі ақпараттық нысандардың арасындағы байланыстар, байланыстардың сипаттары (байланыстардың типтері және жабдықтар кластары), ақпараттық нысандардың құрылымдарын өзгерту (сыртқы кілттерді енгізу есебімен), жаңа ақпараттық нысандарды қосу;
- ақпараттық-логикалық модельдің ақырғы нұсқасы;
- MS Visio моделінің түрлері;
- мәліметтер қорында көрсетілетін сұранымдар (сұранымдар тақырыптары), сұранымдарды олардан алуға болатын, сұранымдарды алу шарттарының ақпараттық нысандарын нұсқау.
4.1.1. Мысал. «Тұрмыстық техника дүкеніндегі клиенттерге тауарларды жеткізу» мәліметтер қорын құру. Мәліметтер қоры сатып алынған тауарларды жеткізу жайындағы мәліметтер құрайды. Клиент өтінішті тауар жайындағы, тауардың күні, төлемі көрсетілген чекті көрсетеді. Аталған мәліметтер қоры дайындықты, сақтауды, клиенттердің өтініштері бойынша мәліметтерді қарастыруға, сонымен қатар тапсырыс берілген тауарлардың көлемі мен мерзімін, дүкеннің міндеттерін орындауды талдау бойынша мәліметтерді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық қамтама қосымшасы қамтиды:
- жеткізілген тауарлар жайындағы ақпараттық анықтамалықты;
- жоспарланған жеткізулер жайындағы мәліметтер;
- іс жүзіндегі жеткізулер жайындағы мәліметтер.
Дүкенде бар:
1) Жеткізілген тауарлар жайындағы ақпарат (бұл тауарлар анықтамасы):
Тауар коды Атауы Өлшем бірлігі Бағасы Қосымша ақпараттар
2) жоспарланған жеткізулер жайындағы мәліметтер: өтініштер тізімі.
Клиенттің өтініші (келісімшарты) тауарды жеткізу бойынша клиент, тауар, тауардың саны, тауарға төлеген чектің нөмірі жайындағы мәліметтер беріледі.
Өтініш №__
«___»____________ 201__ж.
Клиент
Аты, тегі, әкесінің аты_________________
Мекен-жайы__________________
Телефон_________________
Чек №_________ ________
Тауар коды
Атауы Өлшем бірлігі
Бағасы Қосымша ақпараттар
Сомасы Жеткізілім мерзімі
Барлығының сомасы______________
3) Қоймадан жеткізілген тауарлардың іс-жүзіндегі мәліметтері:
жүкқұжат тізімі. Жеткізу жүкқұжаты жеткізілген тауарлар жайындағы мәліметтерді береді:
Жүкқұжат №__
«___»____________ 201__ж.
Дүкен ___________ Аты, тегі, әкесінің аты____________
Өтініш №__ Мекен-жайы_____________________
Телефон_________________
Тауар коды
Атауы Өлшем бірлігі Бағасы Қосымша ақпараттар
Сомасы
Барлығының сомасы ______________
Ұйым қызметіндегі құжаттардың талдауы жүйелер реквизиттерін ерекшелеуді береді, ақпараттық нысандарды, осы нысандар кілттерін және нысандар арасындағы байланыстарды анықтайды.
Жобалау кезінде нысандар Тауар, Сатып алушы және олардың бірінші кілттері бөлінді. Нысандарда реквизиттер бар: Тауар (тауар коды, тауардың атауы, тауардың өлшем бірлігі, тауар бағасы), Сатып алушы (клиент коды, аты, тегі, әкесінің аты, клиенттің мекен-жайы, клиент телефоны).
Әрбір нысанда нысанды анықтайтын бір дана бірмағыналы кілт болады (алғашқы кілт). Нысандар тіктөртбұрыштармен білінеді, нысандардың аты – зат есімдер, байланыстардың аты – етістіктер. Алғашқы кілттер курсивпен ерекшеленеді.
Екі нысанның (бинарлық) байланыстары болуы мүмкін:
1) 1:1 («Бірге бір») мұнда, бірінші нысанның бір данасына екінші нысанның бір данасы, керісінше, екінші нысанның бір данасына бірінші нысанның бір данасы сәйкес келеді.
2) 1:М («Бірге бірнешеу») мұнда, бірінші нысанның бір данасына екінші нысанның 0,1,.... данасы сәйкес келеді, ал, екінші нысанның бір данасына бірінші нысанның бір данасы сәйкес келеді.
3) М:М («Бірнешеуі бірнешеуге») мұнда, бірінші нысанның бір данасына екінші нысанның 0,1,.... данасы сәйкес келеді, ал, екінші нысанның бір данасына бірінші нысанның бірнеше данасы сәйкес келеді.
Байланыстағы нысандарда әлсіз нысандар болуы мүмкін (бұл нысанның жабдықтар класы міндетті емес) – онда нысанның барлық данасы осы
байланысқа қатыспайды, сонымен қатар нысандар тығыз, күшті байланыста болуы мүмкін (бұл нысанның жабдықтар класы
міндетті) – сонда нысанның барлық даналары осы байланыста болады.
«Бірге бір» нысандар байланысында: егер де қос нысан тығыз байланыста болса, әдетте нысандар бір нысанға бірігеді.
«Бірге бір» нысандар байланысында: егер бір нысан әлсіз байланыста болса, онда екі нысан сақталады, ал, күшті байланысы бар нысанға бірінші әлсіз байланысы бар нысанның алғашқы кілті қосымша өріс (сыртқы кілт) қосылады.
«Бірге бірнешеу» нысан байланысында: егер екі нысан да күшті байланыста болса, онда екінші (М) нысанға бірінші (1) нысандағы алғашқы кілтке сәйкес қосымша өріс (сыртқы кілт) қосылады.
«Бірге бірнешеу» нысан байланысында: егер (М) екінші нысанда әлсіз байланыс болса, онда қосымша байланыстыратын нысан қосылады, оның алғашқы кілті екі нысандардың кілттерден құрастырылады. Қосылған нысанның алғашқы кілттің бөліктері екі нысандармен байланыстыратын сыртқы кілттер боп жұмыс істейді.
«Бірнешеуі бірнешеуге» нысан байланысында: әрқашанда қосымша байланыстыратын нысан қосылады, оның сыртқы кілттерді бірінші және екінші нысандардың маңызды сыртқы кілттері қосылады.
Тауардың сатып алынуын қарастырамыз. Сатып алушыға Чек шығарып беріледі (чек коды, күні). Сатып алушы мен Чек нысандар арасындағы байланысты «Жазғызып алады» деп атаймыз, бұл байланыстың типі 1:1 болады. Байланыс екі нысанға да күшті, сатып алушының мәліметтері сақталмайды, ал әрбір чек бір сатып алушыға тиесілі болады. Онда екі нысанды бір Чек нысанына чектің мәліметтері мен сатып алушының мәліметін қосып алғандағы нысанға ауыстыруға болады (чек коды, чек күні, аты, тегі, әкесінің аты, клиенттің мекен-жайы, клиент телефоны). Сатып алушы нысанның кілті клиент коды -чек коды кілтімен ауыстырылады.
Тауар мен Чек нысандарының байланысы «Чекте көрсетіледі»
және М:М типті болады, сондықтан құрастырылған Чектің_құрамы байланыстырушы нысаны пайда болады, оның кілті (чек коды, тауар коды). Чек пен Чектің_құрамы нысандарының байланысы 1:М, М- байланысты жабдықты кластардағы нысандар міндетті (күшті байланыс), сондықтан Чектің_құрамына Чектің байланысы үшін өріс қосылады.
Тауар және Чектің_құрамы нысандарының байланысы 1:М, М- байланысты нысанға жабдықтар класы міндетті (күшті байланыс), сондықтан Чектің құрамы нысанына Тауар байланысы үшін өріс қосылады.
Чектің_құрамы нысанына қосымша тауардың саны мен әрбір тауардың бағасы мәліметтері қосылып жазылады. Чектің бағасы бойынша қорытындысына Чек нысаны қосылады.
Осылайша, Чек нысанын аламыз (чек коды, чек күні, аты, тегі, әкесінің аты, клиенттің мекен-жайы, клиент телефоны, қорытынды бағасы), Тауар (тауар коды, тауардың атауы, тауардың өлшем бірлігі, тауардың бағасы), Чектің
құрамы (чек коды, тауар коды, тауар саны). Әрбір тауардың бағасын (бағасы =тауар саны * тауар бағасы) өрісімен есептейміз.
Тауарды жеткізуге өтінішінің сатып алушымен дайындалуын қарастырамыз. Өтініш нысанында реквизиттер бар: өтініштің нөмірі, өтініштің күні. Өтініш және Чек нысандарының байланысы «Чек бойынша өтініш» деп аталады, байланыс типі 1:1. Бірақ, Чек жағынан байланыс әлсіз, өйткені барлық сатып алушылар өтінішке жүгінбейді.
Сондықтан, Өтініш нысанына чек коды сыртқы кілт есебінде қосылады (өтініш коды, өтініш күні, чек коды).
Өтініште чек бойынша төленген тауарлар тізіміндегі жеткізілген тауарлар Чектің_құрамы нысанында көрсетіледі. Өтініш пен Чектің_құрамы нысандарының байланысы 1:М байланыс типті
«Өтініште көрсетіледі». Чектің_құрамы нысанының байланысы әлсіз, өйткені, барлық тауарлар өтінішке кірістірілмейді, сондықтан да, Чектің_құрамы жаңа нысаны пайда болады. Өтініш_құрамы нысанына Чектің_құрамы нысаны мен өтініш нысандарына сыртқы кілттер байланыс үшін енгізіледі. Өтініш_құрамы нысанында тауардың саны көрсетілмейді, өйткені оған мән Чектің_құрамы нысанынан алынады.
Осылайша Өтініш нысанын аламыз (өтініш коды, өтініш күні, чек коды, қорытынды бағасы), Өтініш_құрамы (өтініш коды, чек коды, тауар коды), әрбір тауардың бағасы есептелетін өріс болып табылады.
Тауарды жеткізуді қарастырайық. Бір жүкқұжат бойынша бір өтінішпен тауар жіберіледі. Жүкқұжат пен Өтініш нысандарының байланыстары
«Өтініш бойынша жазғыздыртып алынады», байланыс типі 1:1. Бірінші Өтініш қалыптастырылатынын есепке алу қажет және Жүкқұжат нысаны мен Өтініш нысандары қалыптастырылған кезде байланыстар қатынаспайды және Өтініш жағынан нысанның байланысы әлсіз болады.
Сондықтан да, нысандар қосылмайды және Жүкқұжатта Өтініш коды көрсетіледі.
Жүкқұжат құжатында өтініште көрсетілген жеткізілген тауарлар жазылады. Жүкқұжат_құрамына Өтініш_құрамына енген барлық тауарлар нысаны енгізіледі. Жүкқұжат_құрамы мен Өтініш_құрамы нысандарының байланыстары 1:1, бірақ, Өтініш_құрамы жағынан байланысы әлсіз болады. Сондықтан Жүкқұжат_құрамы нысанына Өтініш_құрамы нысанымен байланыстағы сыртқы кілт енгізіледі.
Сөйтіп біз, Жүкқұжат нысанын аламыз (жүкқұжат коды, жүқұжат күні, өтініш коды), Жүкқұжат құрамы(жүкқұжат күні, өтініш коды, чек коды, тауар коды).
Реляциялық мәліметтер қоры пәндік аймақта логикалық құрамда болады (4.1 сурет).
4.1 сурет - Реляциялық мәліметтер қоры пәндік аймақта логикалық құрамда болады
Мәліметтер қорына сұраныстарды құруға болады:
а) чектегі әрбір тауардың бағасын есептеу. Ол үшін бағасы = тауардың саны * тауардың бағасы формуласы бойынша есептеу қажет. Мәліметтер Чектің_құрамы және тауар ақпараттық нысанынан алынады;
б) чектегі барлық тауарлар бойынша қорытынды бағасын есептеу.
Мәліметтер Чектің_құрамы, чек және тауар ақпараттық нысанынан алынады, бағасы есептеледі және қатысы бар берілген чектегі барлық жазбалар бойынша қосылады;
в) №__ тапсырыс орындалғанын анықтау. Мәліметтер Өтініш, Өтініш_құрамы, Жүкқұжат, Жүкқұжат_құрамы кестесінен алынады.
1 1
1
Содержим.Накладн ой
Накладная
Код чека Код товара Колич товара стоимость СодержимЧека
Код чека Дата чека Ф.И.О. клиента Адрес клиента Итог.стоимость покупки
Чек
Код Накладной Дата
Код Заявления Итог стоимость
Код Накладной 1
М
Код Заявления Дата Заявления Код чека
Итог.стоимость Заявление 1
Код Заявления Код чека Код товара Колич товара стоимость СодержимЗаявл 1 М
1 1
1
М 1
1
Содержим.Накладн ой
Накладная
Код чека Код товара Колич товара стоимость СодержимЧека
Код чека Дата чека Ф.И.О. клиента Адрес клиента Итог.стоимость покупки
Чек
Код Накладной Дата
Код Заявления Итог стоимость
Код Накладной 1
М
Код Заявления Дата Заявления Код чека
Итог.стоимость Заявление 1
Код Заявления Код чека Код товара Колич товара стоимость СодержимЗаявл 1 М
1 1
1
1
1 1
1
Жүкқұжат құрамы Жүкқұжат
Тауар коды Атауы
Өлшем бірлігі Тауардың бағасы
Тауар
1
Жүкқұжат коды Күні
Өтініш коды Қорытынды бағасы
Жүкқұжат коды Өтініш коды Чек коды Тауардың коды
1
М
М
Өтініш коды Өтініш күні Чек коды Қорытынды бағасы Өтініш
1
1
Өтініш коды Чек коды Тауардың коды Өтініш_құрамы мазмұны
1 М
1 1
1 Тауар коды
Чектің күні Клиенттің аты, тегі, әкесінің аты Клиенттің мекен- жайы
Телефоны Итог.стоимость Чек
Чектің коды Тауардың коды Тауардың саны Бағасы
Чектің құрамы
1
1
Мәліметтер қорын жобалау үшін MS Visio, ERWin немесе басқаларды қолдануға болады. MS Visio-дағы модельдің түрі (4.2 сурет).
4.2 сурет - MS Visio пәндік аймағындағы реляциялық мәліметтер қорының құрылымы
4.1.2. Мысал. «Фитнес - орталық. Клиенттерге қызмет көрсетуді алуға жазбаға жазу» мәліметтер қорын құру. Бізде мәліметтер құрылымы мен мәліметтер жайындағы мәліметтерді сипаттайтын ешбір құжаттар жоқ. Біз Фитнес – орталық қызметкерлерінен алынған жұмыстардың сипаттарына жүгінеміз. Клиент айлық абонемент сатып алып, сосын прейскурант бойынша базалық қызметтерге қосымша қызметтерді таңдайды. Абонемент бағасы өзгереді, абонемент базалық бағасынан және алынатын барлық қызметтердің бағасынан тұрады. Бұл қызметтерді орталықтың қызметкерлері жасайды.
Клиент кез-келген қызметкерді таңдай алады. Клиентпен күнге және уақытқа келіскен соң, қызметкер өзінің жұмыстылығының кестесіне қарайды және клиентпен келіскен соң күні мен уақытын белгілейді. Осылайша, біз мәліметтер қорының реквизиттерін анықтаймыз, оларды ақпараттық нысандар бойынша топтастырамыз, сосын, осы ақпараттық-логикалық модель нысандарды байланыстыра аламыз. Мәліметтер қорында абонемент бағасы, бағасы көрсетілген қызметтер тізімі, қызметкерлер тізімі, клиент пен оның
абонементі жайындағы мәліметтер, клиентке көрсетілетін қызметі, күні және қызмет уақыты қызметкерлер жайындағы мәліметтер көрсетіледі. Бұл мәліметтерден басқа аталған қызметкердің осы айдағы жұмыстылығы жайында сұраныс алуға болады.
4.2 Тапсырма 2 Мәліметтер қорын құру
Жұмыстың мақсаты: 1 тапсырмада құрылған модельдің ақпараттық жүйедегі реляциялық мәліметтер қорын құру.
Тапсырма:
1) МҚБЖ Access-те мәліметтер құру.
2) Мәліметтердің сұлбасын құру.
3) Сұраныстар құру.
2 тапсырма бойынша есеп қамтиды:
а) сипаты бойынша кестенің құрылымын: кестенің тағайындалуы, кесте өрістерінің тағайындалуы, берілген өрістердің типтерін, бірінші кілттің нұсқауы, осы кілттердің көмегімен қорытынды кесте байланыстырылады;
б) кестелердің берілгендері: сосын сұраныстарға қатынасатын сұраныстарды мәліметтердің тек қана бір бөлігінде көрсетуге болады;
в) мәліметтер қорының құрылымы; кестелердің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
г) сұраныстар: әрбір сұраныс үшін сұраныс мәтіні, сұраныс конструкторы, сұраныстың орындалу қорытындысы беріледі.
Сосын мәліметтер қорының қызметтері, мәліметтер қорымен жұмыстар, сұраныстардың орындалуы сипатталады.
Бағдарламалық қамтама ретінде Microsoft Access МҚБЖ таңдалған.
Мәліметтер қоры ақпараттық-логикалық модельдер берілгендеріне сәйкес құрылады. Мәліметтерді құру кестелердің құрылымдарын қалыптастырудан, сосын, мәліметтер қорының тұтастылығын қолдау үшін сұлба құрылады.
Кестені толтыруды тікелей кесте немесе формалар арқылы жүзеге асырауға болады.
1 және 2 тапсырмаларға бақылау сұрақтары:
1) Мәліметтер қоры өзі нені көрсетеді?
2) «Реляциялық мәліметтер қоры» деген не?
3) Microsoft Access мәліметтер қорының негізгі нысандарын атаңыз.
4) Бірінші кілттік, оның тағайындалуы.
5) Екінші кілттік, оның тағайындалуы.
6) Мәліметтер сұлбасы дегеніміз не?
7) Кестелер арасындағы байланыстар қандай рөл атқарады?
4.3 Тапсырма 3. Access сырттық мәліметтерімен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Access-тегі сыртқы мәліметтермен жұмыс жасауға үйрену.
Тапсырма:
- Access басқа мәліметтер қорынан мәліметтерді қолдану;
- Access басқа мәліметтер қорынан басқа мәліметтерді экспорттау.
Студенттер тапсырмада импорт пен экспорттың тәсілдерін өздігінен өздерінің мәліметтер қорын Access басқа мәліметтер қорына үйренуі қажет:
1) Жаңа мәліметтер қорын құру.
2) Берілген мәліметтер қорындағы мәліметтердің бір бөлігін импорттау.
3) Ескі мәліметтер қорына өзгертілген және қосымша мәліметтерді экспорттау.
4) Жаңа және ескі мәліметтер қорындағы қорытындыларды салыстыру.
4.4 Тапсырма 4. Функцияларды пайдалану арқылы бағдарламаларды құру
Жұмыстың мақсаты: бағдарламалау бойынша дағдыларды функцияларды қолдану арқылы бекіту.
Тапсырма:
1) Бір мән қайтаратын немесе қайтармайтын функцияларды құру.
2) Параметрлерді хабарлауда міндетті түрде параметрлерді мәндері мен сілтемелері бойынша хабарламалар қолданылуы қажет.
3) Массивтерді хабарлауды пайдалану.
4) main функциясында қолданылушылардың шақыруын және фукциялардың дейінгі және кейінгі берілген функцияларды шақыруды ұйымдастыру.
Бағдарламалардың мысалдары төменде көрсетілген.
4.4.1. Мысал.
Студенттің аты, сынақ кітапшасының нөмірін көрсететін struct құрылымын құру. Топ студенттерінің массивін құру. n элементтерден тұратын a массивін құру. Массив элементтерін енгізу, шығару функциясын құру.
Көрсеткіштер арифметикасын қолдана отырып 2, 3 және 6 индекстерімен массив элементтерін шығару.
#include "stdafx.h"
#include <iostream>
#include <conio.h>
#include <stdlib.h>
using namespace std;
structure struct{
char name[20];
long zach;
}
void vvod(structure struct a[], unsigned int N);
void shygaru(structure struct a[], unsigned int N);
void esepteu(structure struct a[], unsigned int N);
void read(structure struct s);
void show(structure struct s);
int main(){
system("color 0f");
setlocale (LC_ALL,"Russian");
unsigned int N=0;
int T;
cout<<"\nӨлшемін енгізіңізN = ";
cin>>N;
structure struct * ptr;
structure struct * a=new structure struct[N];
cout<<"\Массив элементтерін енгізіңіз: \n"<<endl;
vvod(a,N);
cout<<"\nШығарушы массив : ";
shygaru(a,N);
esepteu(a, N);
getch();
return 0;
}
void vvod(structure struct a[], unsigned int N){
for (int T=0; T<N; T++){
cout<<"a["<<T<<"]=";
a[T].read();
}
}
void shygaru(structure struct a[], unsigned int N){
for (int T=0; T<N; T++){
a[T].show()<<" ";
} }
void esepteu(structure struct a[], unsigned int N){
structure struct * ptr;
ptr=a;
cout<<"\n*a = "<<*a<<"\t *ptr = "<<*ptr<<endl;
ptr+=2; a+=2;
cout<<"\n*a = "<<*a<<"\t *ptr = "<<*ptr<<endl;
ptr++; a++;
cout<<"\n*a = "<<*a<<"\t *ptr = "<<*ptr<<endl;
if (N>6){
cout<<"\n*a = "<<*(a+3)<<"\t *ptr = "<<*(ptr+3)<<endl;
} }
void read(structure struct s){
cout<<”Студенттің атын енгізіңіз ”;
gets(s.name);
cout<<”Сынақ кітапшасының нөмірін енгізіңіз ”;
cin>>s.zach;
}
void show(structure struct s){
cout<<”\n студенттің аты - ”<<s.name<<endl;
cout<<”\nСтуденттің сынақ кітапшасының нөмірі - ”<<s.zach<<endl;
}
4.4.2. Мысал. Қаладағы температураны (ай (үш бірінші символдар), күн, температура) қаланың мерзімдегі температурасы жайындағы массивтер мәліметтері, оларды температура бойынша сұрыптау, мерзімнің бірінші айындағы ең төменгі температура туралы мәліметтерді шығару.
#include<iostream>
using namespace std;
struct Temp {
string mon;
int day;
float temp;
};
struct Temp_S {
Temp t[1000];
int size;
};
void show(Temp &t) {
cout<<"Mes`yac \""<<t.mon<<"\", den`:"<<t.day<<"\tTemperatura:
"<<t.temp<<"*C"<<endl;
}
void show(Temp_S T) {
for(int i = 0; i < T.size; i++)
show(T.t[i]);
} }
void set(string m, int d, float t, Temp &T) {
T.mon = m; T.day = d; T.temp = t;
}
void add(Temp_S &T, Temp t) {
T.t[T.size] = t;
T.size++;
}
void zap(Temp_S &T, Temp &t) {
set("JUN", 15, 28, t); add(T, t);
set("JUL", 23, 35, t); add(T, t);
set("AUG", 15, 30, t); add(T, t);
set("JUN", 12, 20, t); add(T, t);
set("JUL", 24, 31, t); add(T, t);
set("AUG", 6, 28, t); add(T, t);
set("AUG", 7, 19, t); add(T, t);
set("JUL", 19, 24, t); add(T, t);
set("AUG", 23, 26, t); add(T, t);
set("JUN", 30, 28, t); add(T, t);
set("JUL", 12, 30, t); add(T, t);
set("AUG", 20, 31, t); add(T, t);
}
void swap(Temp &t1, Temp &t2) {
Temp temp;
temp = t1;
t1 = t2;
t2 = temp;
}
void sort(Temp_S &T) {
for( int i = T.size-1; i >= 0; i--) for(int j = 0; j < i; j++) {
if(T.t[j].temp < T.t[j+1].temp) swap(T.t[j].temp, T.t[j+1].temp);
} }
main() {
Temp_S x;
Temp y;
x.size = 0;
zap(x, y);
show(x);
sort(x);
cout<<"\n"<<endl;
show(x);
float flag1 = 49;
int flag2 = 0;
for(int i = 0; i < x.size; i++) {
if(x.t[i].temp < flag1 && x.t[i].mon == "JUN") {
flag1 = x.t[i].temp;
flag2 = i;
} }
cout<<"\n"<<endl;
show(x.t[flag2]);
}
Жеке тапсырмалар мысалдары.
1. a1a2a3...an, мен n-нен тұратын символдар қатары берілген. Бір бос орынмен бөлінген символдар топтарын сөздермен атаймыз. Бірнеше сөздерден тұратын сөйлем берілсін. Ол символдан басталсын және нүктеден аяқталсын. Сөйлем арифметикалық амалдар жазбасынан (+ және -) бүтін сандардан (мысалы, «25 + 4230 =. »). Қорытындыны шығару, сөйлемге қорытындыны енгізу және шығару.
2. n натурал санын шығару қажет (мұндағы, n<=10), xi,yi координата ортасының мәні және ri n үшін шеңбердің радиусы. Егер үш және одан да көп шеңберлер қиылысатын және түйісетін болса, онда бұл шеңберлердің нөмірлерін, олардың санын, олардың ортасының және радиустарының координаталарын шығару.
3. Мәзір тағамының құрылымын құру (атауы, бағасы) және кафе мәзірі, бағасы бойынша мәзірді сұрыптау, 20 теңгеден аспайтын тағамдардың орташа бағаларынан өзгешелікті тағамдардың бағасын шығару.
5 Есепті қорғау
Студент есепті практика бойынша оқытушы мен комиссияның алдында қорғайды. Есепті қорғаған кезде студент ұсынылған есептің мазмұнынан жақсы хабардар болуы, теориялық және практикалық сипаттағы сұрақтарға жауап беруі қажет.
Есепті қорғау қойылған баллдық-рейтингілік әріптік баға жүйесімен бағаланады, ал қорытындысы сынақ кітапшасына жазылады.
Қанағаттанарлықсыз бағасымен бағаланған есеп қайтадан жөндеуге жатады және қайтадан рецензиялануы қосымша сессияны өткеннен кейін көрсетіледі.
Әдебиеттер тізімі
1 Информатика. Базалық курс. ЖЖО үшін оқулық. С.В.Симоновичтің редакциясымен. – Спб.: Питер, 1999. – 640 б.
2 Бекаревич Ю.Б., Пушкина Н.В. Access 2007 Өздігінен үйреткіші.—
СПб.: БХВ-Петербург, 2007.
3 Шилдт Г. С++ Базалық курсы:, 3-ші шығарылым: Ағылшыннан аударылған-М.: «Вильямс» баспа үйі, 2010.- 624 б.:ил.-Парал.ағылш. басты беті.
4 Лафоре Р. С++ объектілі-бағытталған бағдарламалау. Классика Computer Science. 4-е баспасы - СПб.: Питер, 2011.- 928 б.: ил.
5 Роб П., Коронел К. Мәліметтер қоры жүйелері: жобалау, іске асыру және басқару.- 5-ші баспасы, қайтадан қарастыру және қосымша;
Ағылшыннан аудару - СПб.: БХВ - Петербург, 2004. – 1040 б.:ил.
Мазмұны
Кіріспе ……… 3
1 Практиканың мақсаттары мен мәселелері……..……… 3
2 Практиканы өткізуді ұйымдастыру .……….……….…… 4
3 Оқу практикасының мазмұны ……… 4
4 Тапсырма және оның орындалу кезеңдері………..……… 5
5 Есепті қорғау ……… 18
Әдебиеттер тізімі… ………..……… 19