• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Determination of the effectiveness of the mechanism of innovative development of entrepreneurship on the basis of Public-Private Partnership in the Republic of Kazakhstan

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Determination of the effectiveness of the mechanism of innovative development of entrepreneurship on the basis of Public-Private Partnership in the Republic of Kazakhstan"

Copied!
12
0
0

Толық мәтін

(1)

Кіріспе

Әлемдік экономикалық қатынастардың өзгеруі және ұлттық экономиканы инте- грациялық процестерге көшу жағдайында

Е.М. Әбенов Ш.Ш. Тұрмаханбетова А.Б. Тулаганов

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected], [email protected], [email protected])

ХҒТАР 06.81.12

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамыту механизмінің тиімділігін анықтау

Аннотация. Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақты дамытудың негізгі ме- ханизмдерінің бірі мемлекеттік жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып саналады. Даму институттары мен экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпкерлердің өзара тиімді әріптестігі арқылы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, ха- лықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға болады.

Авторлар бұдан бөлек кәсіпкерлер мен даму институттарының басты міндеттері мен негізгі мақсатын қарастырып, сызба сурет арқылы Қазақстанда МЖӘ негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамытуға жауапты ұйымдардың қызметі нәтижесінде ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін әзірледі.

Елдің экономикалық дамуына мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі оң әсер беретін құбылыс екендігі туралы нақты дәлелдер мен көзқарастарын мемлекеттік бағдарлама- лар, заңдарды басшылыққа ала отырып келтірілген.

Соңғы уақыттарда кәсіпкерліктің инновациялық даму қызметтін қолдау мақсатын- да Қазақстан Республикасында қабылданып, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен бірқатар нормативті-заңды құжаттар қарастырылды.

Авторлардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі арасындағы қарым-қатынас негізінде кәсіпкерліктің инновациялық даму үдерісінің жаңа механизмдері мен бағыттары анықталды.

Түйін сөздер: даму институттары, инновациялық гранттар, стартап, кластер, кор- поративтік инновациялар нарығын, әріптестік, кәсіпкерліктің инновациялық дамуы.

DOI: https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-2-79-90

құрылымдық өзгерістерге және мемлекет пен кәсіпкерліктің іс-қимыл байланысына қажет- тілік туындады. Бұл бюджет қаражатының шығысын азайтып, инновация және бәсекеле- стікті дамытуды мемлекеттік деңгейде мемле-

(2)

кеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) институ- тын тиімді пайдалану мен басқаруды тиімді ұйымдастыру қажеттілігін білдіреді.

Қазіргі нарық экономикасының қарқынды дамуы жағдайында кәсіпкерліктің инноваци- ялық даму моделін қалыптасыру қажеттілігі мемлекет пен кәсіпкерліктің келісе отырып өзара әрекеттесу маңыздылығын айтуға бо- лады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономи- калық даму барысындағы субъектілер мүдде- лерінің қарама-қайшылығының тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдарда жинақталған тәжірибе- лер дәлел болғандай, әлеуметтік-экономи- калық дамудың белсенді әлеуетінің ең басты механизмдерінің бірі МЖӘ болып табылады.

Бұндай ынтымақтастық- әлеуметтік шару- ашылық жүргізудегі біршама жаңа құбылыс болып табылады, әрі мемлекет меншігін басқарудың тиімділігін арттыруға мемле- кет пен кәсіпкерліктің өзара әрекеттестік үрдісінің кеңеюін және формаларының күр- делене түсуін сипаттайды.

Мақаланың мақсаты мен міндеттері. Мақа- ланың зерттеу мақсаты болып МЖӘ негізінде кәсіпкерліктің инновациялық дамуын басқару механизмінің теориялық-әдіснамалық және ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарын негіздеу болып табылады.

Қарастырылып отырған сұрақтың тарихы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында МЖӘ-ті дамыту мәселелері, сондай-ақ оның елдің экономикалық жүйесінің инноваци- ялық құрамдас бөлігін қалыптастырудағы, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру- дағы рөлін зерттейтін сұрақтар көптеген ға- лым-экономистер мен практиктердің тұрақты назарында.

Зерттеу әдістері

Жалпы ғылыми және жеке ғылымдардың, анықтау және түрлендіру, сапалық және сан- дық, эмпирикалық және теориялық әдістер- мен білімді байланыстыра отырып ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар әзірленді.

Талқылау және нәтижелер

МЖӘ негізінде кәсіпкерліктің инноваци- ялық дамуында даму институттарының қы- зметіне ерекше назар аудару қажет. Кәсіп- керліктің инновациялық дамытуда МЖӘ-ке қызметіне бағытталған олардың мынадай не- гізгі функцияларын атап көрсетуге болады:

инвестицияларды тарту және инновациялық және индустриялық сипаттағы (Қазақстанның инвестициялық қоры, Даму Банкі, Қазинвест) жобаларды қаржыландыруға жәрдемдесу.

Инфрақұрылымды және инновациялық қыз- мет субъектілерін құру (Технологиялық даму жөніндегі агенттік). Шетелдік инвестициялық қорлардың капиталына қатысу және шетелдік инвестициялар (Технологиялық даму жөнін- дегі агенттік, KazynaCapitalManagement). Қа- зақстан Республикасы кәсіпкерлерлік саласы- ның өндірген өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжыту (инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Корпорация, экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі Корпорация).

Қазақстанда МЖӘ негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамыту механизмі келесі негіз- гі бағыттар бойынша жүзеге асырылады (1-су- рет):

- инновациялық гранттар беру;

- квазимемлекеттік ұйымдар арқылы стартаптарды қолдау;

- инновациялық кластерлерді дамыту;

- корпоративтік инновациялар нарығын дамыту және т.с.с.

Төмендегі сызбада аталған бағыттар бойын- ша жасалатын түйінді іс-шаралармен қатар, оларды жүзеге асыруға жауапты ұйымдар да келтірілген.

Енді аталған бағыттар мен қолданылатын механизмдерді жекелеп қарау арқылы олар- дың нәтижелілігі мен тиімділігін анықтауға болады.

Қазақстанда бүгінгі күні инновацияны да- мыту және инновациялық экожүйені құру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілу- де. Солай, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын [1], сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» [2] және

«Қазақстан Республикасының 2015-2019 жыл-

(3)

дарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы» мемлекеттік бағдарламаларын [3]

іске асыру шеңберінде елдегі кәсіпкерліктің инновациялық белсенділік деңгейі 2019 жыл- дың қорытындысы бойынша 11,3%-ды құрап, тұрақты өсуді көрсетті. Салыстыру үшін, 2017

жылы көрсеткіш 9,6%-ға, ал бір жыл бұрын 9,3

% тең болды [4].

Инновациялық өнімдер мен технология- лардың үлесін арттыру бойынша жұмысты жүйелендіру үшін жұмыс заңнамалық дең- гейде де жүргізіледі. Мысалы, Қазақстанда Сурет 1 – Қазақстанда МЖӘ негізінде кәсіпкерлікті

инновациялық дамытуға жауапты ұйымдар Ескерту: автор құрастырған

(4)

кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаға өз- герістер енгізілді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Инновациялық техноло- гиялар паркі» туралы Заңы қабылданды. Осы заңның негізінде халықаралық стартаптар тех- нопаркі, кластер, АЭА құрылып жұмыс жаса- уда.

Инновациялық саланың жеке бағыты ин- новациялық гранттар беру болып табылады.

Бұл механизм Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген және жоға- рыда айтылған мемлекеттік бағдарламаларда да қарастырылған [6].

Инновациялық грант – мемлекеттік бюд- жеттен кәсіпкерлердің индустриялды-инно- вациялық жобаларын дамуға берілетін қайта- мымсыз қаржы түрі [7].

Тағы бір қолдау шарасы жер қойнауын пай- даланушылардың міндеттемелері шеңберінде жобаларды қаржыландыру болып табылады.

Заң бойынша олар инновациялық жобалар- ды қаржыландыруға өткен бір жыл өндіруге жұмсалған шығыстардың 1%-ын бағыттауы тиіс. Мысалы, 2015-2019 жылдар аралығын- да отандық жер қойнауын пайдаланушылар

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен жалпы сомасы 10,9 млрд.

теңгеге 116 жобаға шарт жасасты [8].

Қолданылатын шаралар және технологи- яларды жедел дамытуға, инновациялық қыз- метті ынталандыруға, зерттеулер жүргізудің ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жетілдіруге, жаңа технологияларды әзірлеуге, сондай-ақ оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсетеді.

Инновациялық гранттар Қазақстандағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау- дың маңызды құралдарының бірі болып та- былады.

Олар 3 негізгі бағыт бойынша беріледі:

1. Коммерцияландыруға арналған инно- вациялық гранттар.

2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті тех- нолгиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар.

3. Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар.

2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін 18 663,3 млн. теңгеге 356 грант берілді (Кесте 1).

Кесте 1 Қазақстанда гранттар беру инновациясы Жылдар Келісім – шарт-

тар саны Гранттар көлемі, млн. тг.

2011-2012 129 7 129,6

2013 44 821,4

2014 8 641,1

2015 51 1 607,6

2016 66 1 995,6

2017 9 1 687,0

2018 18 4 673,5

2019 1 107,4

Барлығы 356 18 663,3

Ескерту: [9] әдебиет негізінде автор құрасты- рған

Жұмсалған инновациялық гранттардың нәтижелігі және тиімділігі бөлімнің аяғында нақтыланады. 2019 жылы Қазақстан Прези- дентінің жарлығымен еліміздегі инноваци- ялық және ғылыми – техникалық дамуымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, ин- новация және аэроғарыш өнеркәсібі мини- стірлігі айналысады. Инновациялық гранттар- ды ұсыну бойынша операторлық қызметтерді

«Qazaqindustry» Қазақстандық индустрияны және экспортты дамыту орталығы» АҚ көрсе- теді.

Инновациялық стартаптарды қолдау:

2018 жылдың 6-қарашасында «Astana Hub»

IT-стартаптары халықаралық технопаркінің жұмысы басталды. Технопарк «Цифрлы Қа- зақстан» мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты-инновациялық экожүйені да- мыту шеңберінде ашылды [10].

Astana Hub-тің негізгі міндеті – Қазақстан стартап мәдениетін дамыту және перспекти- валы жоғары технологиялық IT- жобаларды қолдау. Бұл үшін технопаркте стартапшілер- лерге қазіргі заманғы техника, технологи- ялық-инфрақұрылым тегін беріледі, инве- сторларды іздеу және сыртқы нарықтарға шығу бойынша қолдау көрсетіледі.

Атап айтқанда, қабылданған заңнамалық түзетулер стартапшыларға жеңілдетілген визалық және еңбек тәртібін қолдануға мүм-

(5)

кіндік береді. Олардың барлығы жеке табыс салығы (ЖТС), қосылған құн салығы (ҚҚС), тауарлар импортына ҚҚС, сондай-ақ рези- дент еместерге әлеуметтік салық сияқты са- лықтарды төлеу толық босатылады.

Бұдан басқа, Astana Hub стартаптардың ие- леріне даму үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша оқыту арқылы сапаны «күшейтуге»

мүмкіндік береді. Әңгіме трекерлер, инкуба- ция және акселерация мектептері кәсіпкер- лікті дамыту және инвестиция тарту бойынша қажетті білім береді.

Қазіргі уақытта Astana Hub жүктелуі 100%- ды құрайды және келесі негізгі нәтижелермен сипатталады (Кесте 2).

Технопарктің табысты стартаптарының мысалдары ретінде келтіруге болады: ин- тернет-дүкендерден сәлемдемелер беруге арналған Tastamat тәулік бойы пошталық терминалдарды, ата-аналарға баланың орна- ласқан жерін қадағалауға мүміндік беретін Kids securety GPS-білезіктері, онлайн несие бойынша қарызы бар Қазақстандықтарға заң көмегінің жобасы – antidolg. AbsCrypt-бәсеке- лестерінен әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін үлкен медиафайлдарды цифрлау бағдарла- масы.

2018 жылы «GVA Alatau Fund» бірлескен қазақстандық-американдық венчурлік қоры құрылды, ол бүгінгі күні Қазақстанда алғаш рет «Стартап Қазақстан» акселерация халықа- ралық бағдарламасы аяасында 100-ге жуық стартап-жобаны қаржыландырды [11].

Инновациялық кластер құру:

Қазақстанда инновациялық экожүйені құру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жұмысының маңызды бағыт- тарының бірі болып табылады. Бұл міндетті Қазақстан Президенті – Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында қойды [12].

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер- кәсібі министрлігі осыған байланысты инно- вациялық кластерлер (технологиялық плат- формалар) құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл стартаптарды бизнес-объектілерді, бір сектор мен аймақта жұмыс істейтін зерттеу ұйымдарын біріктіру және күш-жігерді, қу- аттарды және озық тәжірибені біріктіруге бағытталған.

Құзіретті органмен басым бағыттар бойын- ша 8 кластер анықталды:

- индустрия 4.0;

- Smart city;

- жасанды интеллект;

- мемлекеттік қызмет көрсетудегі инно- вациялық шешімдер;

- шикізатты қайта өңдеу және жаңа ма- териалдар;

- аэроғарыш өнеркәсібі;

- жаңа энергетика және жасыл техноло- гиялар.

Осы кластерлердің әрқайсысында пилот- тық жобаларды іске асыруға жауапты ба- залық ұғым-құзыреттер орталығы бар. Ол

Көрсеткіштер 2018 2019 Барлығы

AstanaHub-та орналастырылған стартаптар саны 142 91 233 Astana Hub акселерациясына өткен стартап саны 47 44 91 Жеңілдікті салық шеңбері режимі шеңберінде тіркелген қаты-

сушылар саны 81 87 168

Astana Hub-та ашылған зертханалар саны 8 9 17

Astana Hub алаңында өткізілген іс-шаралар саны, оның ішінде:

Іс-шаралар саны 200 414 614

Қатысушылар саны 14 200 13 205 27 405

Ескерту:[10]әдебиет негізінде автор құрастырған

Кесте 2 Astana Hub IT – стартаптары халықаралық технопаркінің жұмыс көрсеткіштері

(6)

құзыреттілікті, сондай-ақ халықаралық әріп- тестік байланыстарды ұлғайту мен масштаб- тау мүмкіндігіне ие. Бұл орталықтардың не- гізгі міндеті корпорацияларды, стартаптарды, инвесторларды, ғылыми ұйымдар мен жоға- ры оқу орындарын тарта отырып, кластер- лерді қалыптастыру болып табылады [13].

Корпоративтік инновацияларды дамыту:

Корпоративтік инновациялар – тәжірибе, жобалар алмасу, бірлескен бастамаларды іске қосу үшін қажет. Бұл технологиялық кәсіп- керлікті дамыту бойынша жағдай жасау және халықаралық инновациялық экожүйелерде елдің ұстанымын күшейту үшін маңызды.

Корпоративтік инновацияларды дамы- ту үшін бүгін «Astana Hub» арқылы IT-стар- тап паркінің экожүйесіне инновациялық инқұрылымның аймақтық объектілерін (тех- нопарктер, инкубаторлар, акселераторлар, инновациялық орталықтар. IT-хабар, Акаде- мия стартапы, коммерцияландыру кеңселері, ЖОО, ҒЗИ және т.б.) белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мұндай желіні құру үшін «Astana Hub» ко- мандасы республикалық маңызы бар 3 қалада

және 14 облыс орталығында бар. Әрбір аймақ үшін жеке даму жоспары әзірленді. Осылай- ша, технопарк аймақтық инновациялар ор- талықтарына команда, инфрақұрлым құрып, стартап бағдарламаларын таңдап алуға, инве- сторларды тартуға көмек көрсетеді.

Бұл аймақтардағы стартап жобаларының бастапқы кезеңінде алдын-ала дайындық са- тысындағы инновациялық жобаларды дайын- дауды қамтамасыз етуге, бұдан әрі олардың республикалық деңгейде Astana Hub бағдар- ламаларына неғұрлым тиімді қатысуы және халықаралық әріптестермен ынтымақтасуы үшін мүмкіндік береді.

Венчурлік инвестициялар нарығын дамы- ту:Қазақстан Республикасында ұлттық инно- вациялық жобаны құру мен дамытуда негізгі ролді венчурлық қорлар алады. 2004 жылы елімізде венчурлік қорлардың құрылуы- на Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) түрткі болған. ҰИҚ Қазақстанның даму институ- ты «Қазына» тұрақты даму қорына кіретін ұйым болып саналады. Венчурлық иннова- циялаудың негізгі қызметі инновация жаса- уда шетелдік капитлды тарту, венчурлық қор

Қор атауы Құрылды Қор қаржысы, млрд. тенге ҰИҚ үлесі, млрд. тенге

1 «Венчурлык Кор Адвант» 2004 ж 2,7 1,3

2 «Жоғары технология қоры «Әрекет» АҚ 2004 ж 3,8 1,3

3 «АИФРИ «Венчурлық Қор Сентрас» АҚ 2004 ж 2,6 1,3

4 «Almaty Venture Capital» АҚ 2005 ж 2,6 1,3

5 «АИФРИ Gilotnur Technology Ғund» АҚ 2005 ж 2,6 1,3 6 «Logycom perspective innovations» АҚ 2008 ж 2,4 1,2

7 «Wellington partners ventures III» 2004 ж 84,0 4,4

8 Орталық Азия шағын кәсіпкерлікті қолдау

қоры CASE 2005 ж 4,2 2

9 Flagship ventures fund 2004.L.P. 2006 ж 15.1 10.0

10 Mayban – JAICVentureund 2007 ж 21,0 2,1

11 Vertex III (C.I.) Fund L.P. 2006 ж 53,2 2,1

12 «Naspers» венчурлік компаниясы 2008 ж 22,7 4,2

Ескерту: автор құрастырған

Кесте 3 Қазақстан Республикасындағы венчурлік қорлардың

құрылған жылдары мен қаржылық үлесі

(7)

венчурлық инвестициялауды ұйымдастыру арқылы жеке заңды тұлғалардың капиталын шоғырландыруды атайды.

Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына олар- дың қаупінің төмендеуіне инновациялардың коммерцияландыру саласында мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара тиімді әрекет жасаула- рына өзіндік септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасында венчурлік ас- социациясы құылған, оның құамында 12 вен- чурлік қор кіреді.

Қазіргі кезде 5 қор 13 жобаны қолдап, жал- пы құны 5,6 млрд тенге тұрады. Жобалар био- технология, фармацевтика, IT салаларында.

Қазақстан Республикасында венчурлік қор-

ларға ұсыныс берушілердің 23% ғалымдар, ал қалған көп үлесті кәсіпкерліктер және ірі мемлекеттік кәсіпорындар алады.

Қазақстан венчурлік қаржыландыруды да- мытудың тригері 2018 жылғы шілдеде қабыл- данған «Венчурлік қаржыландыру туралы»

Заң болып табылады.

Венчурлік қаржыландыру – бұл, әдетте, ин- новациялық өнімдерді өндіру бойынша жаңа- дан құрылатын технологиялық компания- ларға ұзақ мерзімді жоғары тәуекелді жеке инвестициялар.

Отандық инновациялық жобаларды осын- дай инвестициялармен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы «QazTech Ventures» АҚ венчурлік қоры құрылды.

Сурет 2 – Қазақстанда жұмсалған инновациялық гранттардың нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері

Ескерту: автор құрастырған

(8)

2018 жылы Инновациялық технологиялар паркі дербес кластерлік қоры басқарушы әріптесі «Tech Garden Ventures, LLC болып табылатын GVA Alatau Fund бірлескен қа- зақстандық – америкалық венчурлік инве- стициялық қоры құрылды. Қор Қазақстан Респуликасының аумағында тіркелген ком- паниялардың перспективалық жобаларына, оның ішінде Astana Hub қатысушыларына ин- вестициялайды. Құрылған күннен бастап Қор Индустрия 4.0, Финтех, Ақылды қала және жаңа материалдар сияқты бағыттар бойын- ша 95 стартап-жобаға 1 млрд.теңгеге жуық қаржы салды.

МЖӘ механизмін қолдану аясы дамып келеді. Осы салада жаңа технологияларға көшу және басқару, ұйымдастыру құрылымы жағынан инновациялық алға басу бар.

Сонымен, инновациялық саладағы МЖӘ- бұл инновациялық жобалар мен бағдар- ламаларды іске асыру инновациялық ин- фрақұрылым субъектілерін, (венчурлік қорлар, технологиялар трансферті орталықта- ры, бизнес-инкубаторлар, стартап-мектеп-

тер, арнайы экономикалық аймақтар, техно- парктер, кластерлер, гранттар беру және т.б) құру және жетілдіру арқылы мемлекет пен кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық, басқару және құқықтық қатынастары мен іс-қимылда- рының жиынтығы.

Жоғарыда аталған механизмдердің ішінде тек қана инновациялық гранттардың нәти- желілігі мен тиімділілігін анықтаудан ақпа- раттық мәліметтері берілген. Басқа бағыт- тар бойынша жұмсалған шығындар мен қол жеткізілген нәтижелер қаржылай өлшемі болмағандықтан, яғни ұйымның күнделікті қызметінде институционалды немесе консуль- тациялық қолдау шараларына негізделгендік- тен олардың нәтижелері де қоғамдық немесе әлеуметтік жақсартулармен ғана сипатталуға нақты тиімділікті анықтауға мүмкіндік бер- мейді.

Берілген иновациялық гранттар, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасына оң мультипликативті әсер етеді. Мысалы грант алушылар 198,5 млрд. теңгеге өнім шығарды, оның ішінде 179,7 млрд. теңге өнім сатылды,

Механизмдер Жылдар

Іс-шара бойын- ша нәтижелік

көрсеткіш

Бюджеттен жұм- салған қаражат, млрд. теңгемен

Жүзеге асы- рылған жоба-

лар саны 1 Инновациялық гранттар

беру 2011-2019 18,7 356

2 Стартаптарды қолдау 2018-2019 233 3 Инновациялық стартап-

тарды қолдау 2015-2019 5,4 107

4 Корпоративтік инноваци-

ялар нарығын дамыту 2018-2019 17 ұйым 5 Кластерлерді дамыту 2018-2019 8 кластер 6 Венчурлік инвестициялар

нарығын дамыту 2018-2019 12 5,6 13

7 Жер қойнауын пайдала-

нушылар 2015-2019 10,9 116

Ескерту: автормен құрастырылған

Кесте 4 Қазақстанда МЖӘ негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамыту

механизмдерінің нәтижелері

(9)

оның ішінде сыртқы нарыққа-60,2 млрд. тең- ге. Осылайша әрбір 1 теңге грантқа-10,55 теңге өнім өндірілді.

Сонымен қатар, инноваторлармен ел бюд- жетіне 12,6 млрд. теңге салық төленді, олар 3 778 жұмыс орнын құрды, оның ішінде 1 972 тұрақты жұмыс орындары.

Сонымен инновациялық жобаларды МЖӘ механизмі арқылы қолдаудың барлық тетік- терін қарастыра отырып, олардың арасында қаржылық құралдармен қатар, ұйымдасты- рушылық (яғни, тек жеке жаққа қолайлы жағдай жасаумен ғана шектелетін) және кеңес берушілік (яғни, қажетті ақпарат пен қызмет- керлердің біліктілігін арттыруға байланысты) бағыттардың қолданылатынына көз жеткі- земіз. Осы механизмдерді нақты қызметтері- не байланысты реттеп олардың нәтижелерін 4-кестеге жинақтадық. Кестеден көріп оты- рғанымыздай кейбір механизмдер бойынша нәтижелер қаржылық болғандықтан, олар- дың қорытынды көрсеткіштері белгілі болса (шығарылған өнім, өткізілген өнім және т.б.) олардың тиімділігін есептеуге мүмкіндік ала-

мыз. Ал тиісті қортынды көрсеткіштер бол- маған жағдайда және механизм қаржылық болмаса тиімділік деңгейін анықтау мүмкін емес.

Жоғарыда аталған механизмдердің қолда- нылуымен Қазақстанда 592-ға жуық иннова- циялық бағытталған МЖӘ негізінде жобалар жүзеге асырылуда.

Қорытынды

Сонымен, Қазақстанда МЖӘ негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамыту меха- низмдері мен олардың тиімділігін бағалау нәтижесінде негізгі тиімді механизм ретін- де даму институттары (квазимемлекеттік) арқылы инновациялық грантарды атап өтуге болады. Себебі, МЖӘ негізінде жұмсалған ин- новациялық грантарды 1 теңгесі 10 теңгеден артық өнім өндіруге, 3 778 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 1972 тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай өндіріл- ген өнімнің 30%-ын экспортқа шығару нәти- жесі анықталып отыр.

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары. Қазақстан Респу- бликасының Үкіметінің 2017 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысы. [Электрондық ресурс] - URL: http://

adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000799 (қаралған күні: 01.02.2021).

2. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы. [Электрондық ресурс] - URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827 (қаралған күні: 20.01.2021).

3. «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық да- муы». Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусым № 627 қаулысы. [Электрондық ре- сурс] - URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000627 (қаралған күні: 20.01.2021).

4. Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайты. [Электрондық ресурс] - URL: https://www.stat.gov.kz/ (қаралған күні: 18.12.2020).

5. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы «Инновациялық технологиялар пар- кі» инновациялық кластері туралы» Заңы. [Электрондық ресурс] - URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/

Z1400000207 (қаралған күні: 20.01.2021).

6. Предпринимательский кодекс Республики Казахстан от 29 октября 2015г. (с изменения- ми и дополнениями по состоянию на 26.07.2020г. [Электрондық ресурс] - URL: http://online.zakon.kz/

Document/?doc_id=38259854 (қаралған күні: 01.02.2021).

7. «Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту тура- лы». Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мини- стрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ бұйрығы. [Электрондық ресурс] - URL: http://adilet.zan.kz/

kaz/docs/V2000021361 (қаралған күні: 01.02.2021).

(10)

8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мини- стрлігі сайты. [Электрондық ресурс] - URL: https://itk.kz/ru/sez-pit-alatau/18-2012-03-06-12-52-17/2012-03- 06-12-52-43/5807-23-01-2018-pit-alatau-budet-preobrazovan-v-sez-almaty.html (қаралған күні: 01.02.2021).

9. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мини- стрлігі сайты. [Электрондық ресурс] - URL: [Электрондық ресурс]. ttps://gov.egov.kz/ memleket/ entities/

mdai/ activities/ 1501?lang=kk&parentId=9 (қаралған күні: 01.02.2021).

10. Astana Hub IT-стартаптары халықаралық технопаркінің ресми сайты. [Электрондық ресурс] - URL: https://astanahub.com/ (қаралған күні: 01.02.2021).

11. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мини- стрлігі сайты. [Электрондық ресурс] - URL: https://gov.egov.kz/memleket/entities/mdai/activities/1501?lang=

kk&parentId=9 (қаралған күні: 01.02.2021)

12. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы. [Электрондық ресурс] - URL: http://adilet.zan.kz/

kaz/docs/ K18002018_1. (қаралған күні: 19.01.2021)

13. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мини- стрлігі сайты. [Электрондық ресурс] – URL: https://gov.egov.kz/memleket/entities/mdai/activities/1508?lang

=kk&parentId=9 (қаралған күні: 19.01.2021)

E.М. Abenov, Sh.Sh. Turmakhanbetova, A.B. Tulaganov L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

Determination of the effectiveness of the mechanism of innovative development of entrepreneurship on the basis of Public-Private Partnership in the Republic of Kazakhstan

Abstract. One of the main mechanisms for the sustainable development of the economy of the Republic of Kazakhstan is public-private partnership (PPP). Through mutually beneficial partnership of development institutions and entrepreneurs in various sectors of the economy, it is possible to develop the competitiveness of the Republic of Kazakhstan and improve the socio-economic situation of the population.

In addition, the authors considered the main tasks and goals of entrepreneurs and development institutions, developed organizational and economic mechanisms for cooperation.

There is presented a concrete evidence that the partnership of the state and entrepreneurship has a positive impact on the economic development of the country.

Conceptually, it is shown that within the framework of public-private partnership, each individual form of communication has its own characteristics, in particular, an individual approach to each contact on private property issues is necessary.

There were recently reviewed the state programs adopted and implemented in the Republic of Kazakhstan and a number of regulatory documents In order to support the activities of innovative development of entrepreneurship.

As a result of the study of the authors, there are identified new mechanisms and directions of the process of innovative development of entrepreneurship on the basis of the relationship between the state and the business partnership.

Keywords: development institutions, innovation grants, startup, cluster, corporate innovation market, partnership, innovative development of entrepreneurship.

Е.М. Абенов, Ш.Ш. Турмаханбетова, А.Б. Тулаганов

Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Определение эффективности механизма инновационного развития предпринимательства в Республике Казахстан на основе государственно-частного партнерства

Аннотация. Одним из основных механизмов устойчивого развития экономики Республики Казах- стан является государственно-частное партнерство (ГЧП). Через взаимовыгодное партнерство институ-

(11)

тов развития и предпринимателей в различных отраслях экономики возможны развитие конкуренто- способности Республики Казахстан, улучшение социально-экономического положения населения.

Кроме того, авторы рассмотрели основные задачи и основные цели предпринимателей и институтов развития, выработали организационно-экономические механизмы сотрудничества.

В статье приведены конкретные доказательства того, что партнерство государства и предпринима- тельства оказывает положительное влияние на экономическое развитие страны. Концептуально пока- зано, что в рамках государственно-частного партнерства каждая отдельная форма общения имеет свои особенности, в частности, необходим индивидуальный подход к каждому контакту по вопросам частной собственности.

В целях поддержки деятельности инновационного развития предпринимательства в последнее время были рассмотрены принятые и реализуемые в Республике Казахстан государственные программы и ряд нормативно-правовых документов. В результате исследовательской работы авторов определены новые механизмы и направления процесса инновационного развития предпринимательства на основе взаимо- отношений между государством и предпринимательским партнерством.

Ключевые слова: институты развития, инновационные гранты, стартап, кластер, рынок корпоратив- ных инноваций, партнерство, инновационное развитие предпринимательства.

References

1. Kazakstan Respublikasynyn 2025 zhylga dejіngі Strategiyalyk damu zhospary. Kazakstan Respublikasynyn Ukіmetіnіn 2017 zhylgy 30 karashadagy №799 kaulysy [Strategic Development Plan of the Republic of Kazakhstan until 2025. // Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated November 30, 2017

№799]. [Electronic resource] - Available at: http://adilet.zan.kz/eng/docs/P1700000799:, (Accessed: 01.02.2021) 2. «Cifrly Kazakstan» memlekettіk bagdarlamasy Kazakstan respublikasy Ukіmetіnіn 2017 zhylgy 12 zheltoksandagy № 827 kaulysy [State program «Digital Kazakhstan» Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 12, 2017 № 827]. [Electronic resource] - Available at: http://adilet.zan.

kz/eng/docs/P1700000827: (Accessed: 20.01.2021)

3. «Kazakstan Respublikasynyn 2015-2019 zhyldarga arnalgan industriyalyk – innovaciyalyk damuy».

Kazakstan Respublikasynyn Ukіmetіnіn 2014 zhylgy 9 mausym № 627 kaulysy [«Industrial and innovative development of the Republic of Kazakhstan for 2015-2019» // Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated June 9, 2014 № 627]. [Electronic resource] - Available at: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/

P1400000627: (Accessed: 20.01.2021)

4. Kazakstan Respublikasy strategiyalyk zhosparlau zhane reformalau agenttіgі Ulttyk statistika byurosynyn resmi sajty [National Statistics Bureau of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Strategic Planning and Reform]. [Electronic resource] - Available at: https://www.stat.gov.kz/:, (Accessed: 18.12.2020)

5. Kazakstan Respublikasynyn 2014 zhylgy 10 mausymdagy «Innovaciyalyk tekhnologiyalar parkі»

innovaciyalyk klasterі turaly» Zany [The Law of the Republic of Kazakhstan dated June 10, 2014 «On the innovation cluster» Park of Innovative Technologies»]. [Electronic resource] - Available at: http://adilet.zan.kz/

eng/docs/Z1400000207:, (Accessed: 20.01.2021)

6. Predprinimatel’skij kodeks Respubliki Kazahstan ot 29 oktyabrya 2015g. (s izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 26.07.2020g. [Entrepreneurial Code of the Republic of Kazakhstan dated October 29, 2015.

(with changes and additions as of 26.07.2020g.]. [Electronic resource] - Available at: http://online.zakon.kz/

Document/?doc_id=38259854:, (Accessed: 01.02.2021)

7. «Salalardy tekhnologiyalyk damytuga innovaciyalyk granttar beru kagidalaryn bekіtu turaly». Kazakstan Respublikasynyn Cifrlyk damu, innovaciyalar zhane aerogarysh onerkasіbі ministrіnіn 2020 zhylgy 1 kazandagy

№ 364/NK bujrygy [«On approval of the Rules for providing innovation grants for technological development of industries.» Order of the Minister of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan dated October 1, 2020 № 364 / OD]. [Electronic resource] - Available at: / http://adilet.zan.kz/eng/

docs/V2000021361:, (Accessed: 01.02.2021)

8. Kazakstan Respublikasynyn Cifrlyk damu, innovaciyalar zhane aerogarysh onerkasіbі ministrlіgі sajty [Website of the Ministry of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan]. [Electronic resource] - Available at: https://itk.kz/ru/sez-pit-alat

(12)

au/18-2012-03-06-12-52-17/2012-03-06-12-52-43/5807-23-01 -2018-pit-alatau-budet-preobrazovan-v-sez-almaty.

html:, (Accessed: 01.02.2021)

9. Kazakstan Respublikasynyn Cifrlyk damu, innovaciyalar zhane aerogarysh onerkasіbі ministrlіgі sajty [Website of the Ministry of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan]. [Electronic resource] - Available at: [Electronic resource]. ttps: //gov.egov.kz/ memleket / entities / mdai / activities / 1501? lang = kk & parentId = 9 (Date of application:, (Accessed: 01.02.2021)

10. Astana Hub IT-startaptary halykaralyk tekhnoparkіnіn resmi sajty [International Technopark of IT- startups Astana Hub]. [Electronic resource] - Available at: https://astanahub.com/:, (Accessed: 01.02.2021)

11. Kazakstan Respublikasynyn Cifrlyk damu, innovaciyalar zhane aerogarysh onerkasіbі ministrlіgі sajty [Website of the Ministry of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan]. [Electronic resource] - Available at: https://gov.egov.kz/memleket/entities/mdai/activities/1501?la ng=kk&parentId=9:, (Accessed: 01.02.2021)

12. Kazakstandyktardyn al-aukatynyn osuі: tabys pen turmys sapasyn arttyru: N. Nazarbaevtyn 2018 zhylgy 5 kazandagy Kazakstan halkyna zholdauy [Welfare growth of Kazakhstanis: increasing income and quality of life: N. Nazarbayev’s message to the people of Kazakhstan on October 5, 2018]. [Electronic resource] - Available at: http://adilet.zan.kz/eng/docs/ K18002018_1, (Accessed: 19.01.2021)

13. Kazakstan Respublikasynyn Cifrlyk damu, innovaciyalar zhane aerogarysh onerkasіbі ministrlіgі sajty [Website of the Ministry of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan]. [Electronic resource] - Available at: https://gov.egov.kz/memleket/entities/mdai/activities/1508?la ng=kk&parentId=9:, (Accessed: 19.01.2021)

Авторлар туралы мәлімет:

Әбенов Е.М. – негізгі автор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менеджмент»

кафедрасының аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Тұрмаханбетова Ш.Ш. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менеджмент» кафе- драсының э.ғ.к., доценті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Тулаганов А.Б. – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менеджмент» кафедра- сының доценті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Abenov E.M. – The main author, Senior teacher of Management at L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Turmakhanbetova Sh.Sh. – Associate Professor of the Department of Management at L.N. Gumilyov Eurasian National University, Candidate of Economic Sciences, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Tulaganov A.B. – PhD, Associate Professor of the Department «Management» at L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

For innovative development of tourism industry of Kazakhstan it is necessary to follow the model of the innovation-oriented policy in the field of tourism which

Therefore, the article provides a comprehensive analysis of the dynamic indicators of enterprises in the West Kazakhstan region for the introduction of innovations and

The Constitution of the Republic of Kazakhstan of August 30, 1995, and the constitutional law of the Republic of Kazakhstan on elections have undergone

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Венчурлік қордың шарты бойынша екі немесе одан да көп тұлға өз салымдарын бірік- тіруге және пайда табу үшін заңды тұлға құрмастан венчурлік

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication office

Среди уголовных правонарушений, признаваемых в качестве долж- ностных, по нашему мнению следует декриминализировать статью 363 Уголовного Кодек- са Республики