• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ»"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

продукции данных отраслей. Если страна богата важнейшими видами сырьевых ресурсов, это необходимо учитывать в проведении промышленной политики. Диверсификация экономики, понимаемая как интенсивное развитие не только сырьевых, но и обрабатывающих отраслей промышленности, не должна приводить к искусственному ограничению развития одних отраслей в пользу других.

Второй критерий: наличие значительного научно-технологического задела, являющегося основой для продвижения выпускаемой продукции на рынок – прежде всего, на внешний, где реализация экспортных возможностей впрямую зависит от ее конкурентоспособности.

Определение отрасли по данному критерию представляет намного более сложную задачу.

Оценка степени значительности научно-технического задела – вещь достаточно субъективная. Практически каждая отрасль имеет соответствующие научно-технические заделы. В Казахстане, к сожалению, приходится констатировать чрезвычайную ограниченность числа отраслей промышленности, отвечающих данному критерию.

Литература

1. Зулькарпаев И. У., Ильясова Л. Р. Метод расчета интегральной конкурентоспособности промышленных, торговых и финансовых предприятий // Маркетинг в России и за рубежом. 2001. № 4.

2. Портер М. Международная конкуренция. М.: Международные отношения, 1993 3. Портер М. Конкуренция. М.: Вильямс, 2005.- 608с.

4. Портер М. Конкурентная стратегия: Методика анализа отраслей и конкурентов. Пер. с англ. М.:

Альпина Бизнес Букс, 2005. - 454с.

***

Қазақстанның мұнай саласының бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері ашылған. Бәселестік экономикалық категориясы ретінде реттеу, уәждеме, бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі алғы шарты – бәсекеге қабілетті тауарларды өндіру және өткізу. Салаларда бәсекеге қабілеттіліктің болуы неғұрлым қатарлы компаниялардың бірігуінің қорытындысы болып табылады. Егер М. Портердің теориясына сүйенетін болсақ, онда Қазақстанға өнеркәсіп факторлар негізіндегі бәсекелестік және инвестициялық негіздегі бәсекелестікті дамыту тән.

***

Theoretical bases of competitiveness of oil branch of Kazakhstan are opened. As the economic category a competition carries out a number of functions of regulation, motivation, distribution and the control. The basic precondition of competitiveness - manufacture and realization of the competitive goods. Presence of competitiveness in branch grows out merges of the most succeeding companies. If to follow M. Portera's theory in Kazakhstan are inherent a competition on the basis of factors of manufacture and development of a competition on the basis of investments.

М.С. Заурбеков

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ

Нарықтық шаруашылық белгілі бір жағдайларда инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіптің кейбір салаларын реконструкциялау, халық шаруашылығын арзан электр энергиясымен және шикізатпен қамтамасыз ету, жалпымемлекеттік деңгейдегі ғылыми-зерттеу, экспериментал- дық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерін шеше алмайды. Аталмыш мәселелерді мемлекеттік меншік өз мойнына алуға мәжбүр.

Экономикалық ғылымда мемлекеттік меншік ұғымы туралы әр-түрлі тәсілдер бар. Н.

Абдуллаев мемлекеттік меншікке мемлекеттің иелігіндегі барлық материалдық және материалдық емес мүлікті жатқызады /1/. И. Дойников ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қатыстылығы бойынша мемлекеттік меншік ретінде мемлекетке жататын кәсіпорындар (компаниялар) мен мекемелерді түсінеді /2/. Кәсіпорын капиталында

(2)

мемлекеттің қатысу критериі бойынша А. Бизаге /3/ мемлекеттік меншікті, мемлекетке мүліктің толық немесе бір бөлігінің жататындығы және оны «нақты билік» нысанында басқару мүмкіндігі деп түсіндіреді, егер мемлекеттің қатысуы меншік көлемінде жартысынан аз болса, онда «мемлекеттің қатысуымен кәсіпорын» терминін қолдану ұсынған.

Мемлекеттік басқару критериі бойынша орталық үкімет меншігі және жергілікті басқару органдары меншігі болып бөлінеді.

Л. Абалкин коммерцияландыру критериі бойынша мемлекеттік меншік деп коммерциялық сектордағы мемлекеттік меншікті (қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар) және коммерциялық емес сектордағы мемлекеттік меншік (инфрақұрылым жүйелері, энергия, коммуникация жүйелері, аэропорттар, әуе компаниялары, ұлттық мұражайлар) түсінеді /4/. В. Орешин мемлекеттік меншікті жалпыұлттық мүдделер үшін қолданатын мелекетке тиесілі жалпы (бөлінбейтін) меншіктің нысаны дейді /5/.

Мемлекеттік меншіктің болуы, біріншіден, капиталды кең көлемде тиімсіз рентабелсіз салалардың пайдалану қажеттілігі; екіншіден, халықтың өмір сүру деңгейіне жалпы ұлттық және әлеуметтік мәселелерді шешудің қажеттілігінде. Меншіктің көптеген нысандарының құрылып, даму қажеттілігі нарықтағы бәсекенің қажеттілігімен анықталады. Мемлекеттік меншіктегі монополияның жойылуы мемлекеттік меншіктен бас тарту емес. Ол қаншалықты топшыланған сандық анықтама болса да, оның еліміздегі экономикадағы ролін игілікті деп айтуға болады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен кәдеге жаратуын жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді.

Тарихи тұрғыда мемлекеттік меншіктің формалары мемлекеттің қоғам үстінде тұрған және қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық құрылымды қорғаудың спецификалық қызметін атқаратын ерекше аппарат ретіндегі қажеттілігінен туындайды. Мұндай қызметтерді атқару үшін мемлекет мемлекеттік билік органдарын, полиция, әскер, соттарды және т.б.

материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті табыстар мен мүлікке ие болуы керек.

Мемлекеттік меншік иерархиялық қағида бойынша құрылған алуан түрлі және өзара байланысты қарым-қатынастарды қамтиды. Біріншіден, бұл мемлекет иелігіндегі меншіктің иемдену, пайдалану және билік етумен, мемлекеттік бюджетті бекіту және толтырумен байланысты мемлекеттік билік және басқару органдарының ішіндегі қатынастар; екіншіден, билік пен басқарудың орталық және жергілікті (аймақтық) органдар арасындағы, үшіншіден, мемлекет аппараты және нақты тауар өндіруші және шынайы кәсіпкерлер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы қатынастар.

Мемлекеттік меншікке оның субъектілерінің және иемдену, пайдалану, билік ету қатынастарының иерархиялық құрылымы тән. Батыс елдерінде мемлекеттік меншікті жеке меншіктің бір түрі ретінде бейнелеуі дұрыс емес. Мемлекеттік меншік әрдайым жеке меншікке қарама-қарсы қойылады және оның әр түрлі елдердегі ерекшеліктері ең алдымен оның нақты тарихи нысандарының ерекшеліктеріне әкеліп тіреледі.

Кеңестік ғылыми әдебиетте және заңнамада мемлекеттік меншікті жеке меншіктің бір түрі ретінде саналатын буржуазиялық мемлекеттердің меншіктерінен айырмашылығы

«бүкіл халықтық» деп түсіндірілуінде. Бірақ саяси декларацияларға қарамастан ешбір мемлекет барша халықтың ерігі мен мүддесін білдіре алмайды. Халық ең алдымен экономикалық өмір жағдайының айырмашылығының нәтижесінде әр түрлі әлеуметтік кластарға, топтарға, ұлттарға және т.б. дифференциацияланған. Олар бір бірінен қоғамдық өндіріс жүйесіндегі алатын орны бойынша ерекшеленеді. Сонымен қатар, мемлекеттің өзі халықтың үстінде тұрған және ерекше мүддесі бар айрықша аппарат болып табылады.

Сондықтан мемлекеттің саясатыда, оның ішінде меншікке қатысты саясаты да тең дәрежеде баршаның мүддесіне сай келе бермейді. Яғни, қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан да, мемлекеттің мәні тұрғысынан да мемлекеттік меншік жалпы халықтық сипатта бола алмайды. Ол қатысушылары мемлекет меншігінің объектілерін қамтитын мүлікті нақты пайдалану нәтижесінде теңсіздік жағдайында болатын және өз қажеттіліктерін әр түрлі дәрежеде қанағаттандыратын қатынастарды білдіреді.

(3)

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік меншік елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып

Экономикалық әдебиеттерде «мемлекеттік меншік» термині «мемлекеттік сектор»

терминімен алмастырылып немесе оған теңестірілетін жағдай байқалады.

«Мемлекеттік меншік» терминінен айырмашылығын анықтау үшін «мемлекеттік сектор»

терминін тереңірек қарастырайық. Автордың көзқарасы бойынша екі ұғым арасында жалпы ұқсастық пен қатар ерекшеліктерде бар.

Егер мемлекеттік меншікті меншік объектілернің жиынтығы мен меншік қатынастары арқылы сипаттасақ, мемлекеттік секторды меншік объектілері мен қатынастарын жедел мемлекеттік басқару процесіндегі объектілердің қатысу критерий бойынша анықтаған дұрыс.

Мемлекеттік секторда мемлекеттік меншік объектілерінің бөлігі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қатысуымен аралас және кейбір жағдайларда мемлекеттің оның жедел басқаруында өкілеттілігі болса жеке меншік объектілері қызмет жасайды.

Мемлекет мемлекеттік сектордағы көп түрлі меншік нысандарындағы мүліктік кешенге әсер ету арқылы экономикаға басқарушылық ықпалын кеңейтуі мүмкін. Сондықтан батыс елдерінің әдістемесінде экономикаға мемлекеттің ықпалының дәрежесінманықтау үшін мемлекеттік пен жеке меншік қатынасын емес, ал мемлекеттік сектор масштабын бағалайды.

Біздің ойымызша экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік сектордың мемлекеттік мен- шіктен айырмашылығын көрсеткен Е.В. Балацкийдің көзқарасы негізді /6/, «бұл ұғымдар әр- түрлі экономикалық жазықтықтарда жатыр және бір-бірімен алмастырылмайды», сонымен қатар «мемлекеттік секторды басқару кезінде тек меншік қатынастары ғана емес, міндетті түрде капиталды басқаруда мемлекеттің қатысуына байланысты қатынастар туындайды».

Мемлекеттік сектор кез келген мемлекет экономикасының реттеу құралы және бөлінбес бөлігі болып, жеке құрылымдар атқара алмайтын бірқатар функцияларды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сектордың мақсаты – мемлекеттің конституциялық функцияларын жүзеге асы- руын және қоғамның аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады. Елдің экономикасындағы мемлекеттік сектордың үлесі, оның қызмет етуінің сипа- ты сол мемлекеттің экономикалық саясатын, сонымен қатар, жалпы саясатын анықтайды.

Жалпы, мемлекеттік секторға тек кәсіпорындар ғана кірмейді. Мемлекеттік бағалы қағаздар қор рыногының бір секторын құрайды, ал мемлекеттік акциялар пакеті, унитарлы кәсіпорындар секілді басқару объектісі болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік несиелерге де, табиғи қазба байлықтардың барланған қорына және өзге де ресурстарға қатысты. Бірақ, әдетте мемлекеттік сектор туралы айтқанда мемлекеттік кәсіпорындарды меңзеп тұрады.

Мемлекеттік сектор мемлекеттік құрылымдық саясатта елеулі роль ойнайды. Мемлекет жаңа объектілерді салады, кеңейтеді, жеке меншік иелерінен сатып алады және ескілерін реконструкциялайды. Ағылшынның көмір өнеркәсібі мен қара металлургиясын 40-шы жылдардың соңы мен 50-ші жылдардың басында лейбористік үкімет бұл салаларды ұлттандыру процесін жүргізбегенде құлдырап кетер еді.

Мемлекеттік секторда отын, шикізат және азық-түліктің мемлекеттік резервтері елеулі орын алады. Олар елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және экономикалық тұрақтылыққа себеп болады. Әлемдік саудада АҚШ-тың түсті және сирек металдарының стратегиялық қорының ролі белгілі. Әлемдік бағалар көтерілген кезде АҚШ үкіметі осы қордың бір бөлігін сатады. Энергетикалық дағдарыс дүмпуінен кейін көптеген Батыс Еуропа елдерінде және Жапонияда ұлттық шаруашылықты болуы мүмкін мұнай эмбаргосы немесе бағалардың бірден көтерілуінен қорғау үшін сұйық отынның мемлекеттік резервтері құрылды. Түркияда салыстырмалы тиімді мемлекеттік сектор жақында қалыптасқан. Барлық кәсіпорындар екі топқа бөлінеді – мемлекеттік экономикалық кәсіпорындар және мемлекет- тік экономикалық ұйымдар. Мемлекеттік экономикалық кәсіпорындарға капиталы үкіметке тиесілі, нарықтық экономика қағидаларына сәйкес қызмет ететін заңды тұлғалар жатады.

Мемлекеттік экономикалық ұйымдар – капиталы үкіметке тиесілі, наөты өнім өндірісі және өткізумен айналысатын, көлемі, ассортименті мен бағасын мемлекет белгілейтін заңды

(4)

тұлғалар жатады(әдетте, олар монополиялар). Осылардың екеуіде «үшзвенолы» құрылымға ие, яғни барлық капиталы мемлекетке тиесілі шаруашылық бірліктерден (establishments), капиталының 50%-н астамын мемлекет иеленетін еншілес ұйымдардан (subsidiaries) және мемлекеттің қатысу үлесі 15-25% болатын құрылымдардан тұрады (partisiparation).

Экономиканы мемлекеттік реттеу аралас компаниялар саясатына ықпал ету арқылы да жүзеге асырылады. Оларда мемлекетке бақылау пакеті немесе акциялардың едәуір пакеті тиесілі болып келеді. Мемлекеттік органдар акциялар пакетін басқара отырып, инвестициялар ағымын реттейді, экономиканың дамуы үшін ірі кәсіпорындардың инвестициялық және техникалық саясатты жүргізуге ынталандырады, оның ішінде өзіндік даму бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталатын қаражаттар көлемін арттыру және осы кезде негізінен отандық кәсіпорындардың өнімін пайдалану.

Жекелеген елдерде мемлекеттік сектор ұлттық экономикалық және саяси мүддені шетелдік экспанциядан қорғаудың спецификалық ролін атқарады. Егер ұлттық капитал әлсіз, әрі бұл мәселені шеше алмаса, мемлекеттік сектор алғашқы индустриализацияда кейбір салаларды, өндіріс түрлерінің, аймақтарды шетел капиталының басып алуынан қорғаудың маңызды қызметін атқарады: олар жай ғана мемлекеттік секторға қосылады.

Мемлекеттік меншік құрылымы өзгеріссіз болып қала бермейді. Мемлекеттік сектор рентабельді емес, бірақ халық шаруашылығы тұрғысынан қажетті объектілерді құрғаннан немесе қайта ұйымдастырып, қайта жабдықтағаннан кейін жеке меншік капиталдың белсенділігі жеткіліксіз жаңа салалар мен объектілерге ауысады немесе дағдарыстағы салалар мен объектілерді санациялау үшін немесе өтелмейтін шығындарды көтеруші ретінде қажет болғанша дейін артқа шегіне тұрады.

Монопольді пайда, жалпы пайданың өзі инфрақұрылым, энергетика, шикізаттық салалар, ғылыми зерттеулер саласы, кадрларды даярлау, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы мемлекеттік сектордың бірінші кезекті мақсаты болып табылмайды, өйткені одан ешкім жоғары пайданы талап етпейді, ал шығындар бюджет есебінен жабылып отырады.

Сондықтан мемлекеттік сектор арзан қызметті жеткізуші болды, оның ішінде көлік, пошта- телеграф, электр энергиясы мен шикізат жеткізу бойынша. Ол осы арқылы жеке сектордың шығындарын төмендетеді.

Мемлекеттік сектор арқылы мемлекеттік реттеудің басты артықшылығы: ол бюджеттен қаржыландырылатын шаралардан арзанырақ түседі. Мемлекеттік фирмалардың рентабельділігі қаншалықты төмен болса да олардың өзіндік қайта өндіру қорлары бар, бағалы қағаздар шығарады, банкілік несиені пайдаланады, сондықтан олардың капитал салымдары толығымен немесе бір бөлігі олардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Кейбір кәсіпорындар бюджетке табыс әкеледі, сол арқылы мемлекеттік сектордың өзге объектілерінің шығындарын жабады.

Мемлекеттік сектордың көлемі мен құрылымын реттеу жөнінде құрылымдық саясатты бюджеттік басымдылықтармен байланыстырған дұрыс. Мемлекет алдағы жылғы бюджетті қалыптастырып, ресурстарды қайта бөлу процесінде мемлекеттік секторды қайта құру және дамытудың мақсаттары мен басымдылықтарын ескеру қажет. Оның даму жоспарына тиімсіз сегменттерді қайта құру мен қатар белгілі бір қызмет түрлерін мемлекет тарапынан қолдауды кіргізу керек.

Мемлекеттік меншік қатынастар жүйесінде басқарудың тиімділігін арттыру күрделі міндет. Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімді қызмет етуі үшін басқару объектілерінің құрамы туралы, объектілерді басқаруда мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі, мүмкіндігі, міндеттері және функциялары туралы ақпарат қажет.

Әдебиеттер

1. Абдуллаев Н. Государственная собственность и ее структура //Журнал для акционеров, 2001, №6. С.12-16 2. Дойников И.В. Государственное предпринимательство. - М.: «Издательство ПРИОР», 2000.-240с.

3. Бизаге А. Государственный сектор и приватизация. - М.: Композит.1996.

4. Абалкин Л. Роль государства в становлении и регулировании рыночной экономики //Вопросы экономики, 1997, №6. С.4-12.

(5)

5. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики. - М.: ИНФРА-М, 2000.-124с.

6. Балацкий Е.В., Особенности российской модели управления государственным сектором //Проблемы теории и практики управления, 2002, №2.

***

В данной статье рассматривается отличия терминов «государственная собственность» и «государственный сектор».

***

In given article differences of «state ownership» and «public sector» are considered.

Х.Ы. Жұмабеков

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІН САРАПТАУ

Тұрғын үй нарығындағы ұсыныстың өскелең талғампаз сұраныстан төмен болуымен байланысты тұрғын үй проблемасы еліміздің барлық аймақтары үшін көптеген жылдар бойы сандық және сапалық критерилері бойынша шиеленіскен мәселе болып отыр. Елдегі экономикалық және саяси жағдай осы проблемаларды шешуге тікелей байланысты. Қазіргі кезде халықты үймен қамтамасыз етудің ерекшелігі мемлекет барлық азаматтарға емес, олардың тек белгілі бір категориясына ғана тегін пәтер береді. Мемлекет ұлттық экономиканың даму деңгейіне сәйкес азаматтарды өмір сүрудің қалыпты жағдайларымен қамтамасыз ету, экономикалық өсуге қол жеткізу барысында оларды жақсарту міндеттерін алады. Осы мақсатта қолжетімді тұрғын үй принциптерін іске асыруға жағдай жасау керек.

Тұрғын үй құрылысы нарығындағы түрлі субъектілердің сұранысы мен ұсынысы меншік құқығы құраушысының толықтығы, олардың үй шаруашылығы, меншік иелерінің серіктестігі, девелоперлік компаниялар, мемлекеттік өкімет орындары сияқты ұйымдастырылу түрлері және саладағы рыноктық қатынастардың көп түрлілігіне (сату- сатып алу, жалға беру, жалдау, кепілдік, басқаға беру) байланысты екені белгілі. Осыларды ескере отырып, тұрғын үй құрылысы нарығын өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну бойынша әр түрлі ұйымдастыру формасындағы меншік иелерінің арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Олай болса тұрғын үй нарығының негізін қалаушы рөлі тұрғын жайға қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы нарығы келесі қызметтер атқарады: реттеуші, ынталандырушы, баға құрушы, бақылаушы, делдалдық, ақпараттық, үнемділік және нарық субъектілерінің мүдделерін іске асыру.

Жоғарыда айтылғандарды ескерcек қолжетімді тұрғын үй нарығы түрлі субъектілердің айрықша шаруашылық мүдделерінің бір біріне кедергісіз барынша толық іске асуына ықпал жасайтын құқықтық, қаржылық-экономикалық және ұйымдық шарттар жасайтын институттар жиынтығын білдіреді. Тұрғын үй нарығының өз қызметін орындауы сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке элементтерінен тұратын нарықтық механизм арқылы жүзеге асады.

Ғылыми зерттеулер нәтижелерін топтастыру және сараптау «тұрғын үй» категориясының күрделі әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Біріншіден, тұрғын үй айырбас үшін өндірілген экономикалық игілік қана емес, адамның аса маңызды қажеттілігінің бірін қанағаттандырады. Баспананың болмауынан адам қалыпты өмір сүріп, еңбек етіп, отбасын да құра алмайды. Тұрғын үй жеке адамның тәуелсіздік, оқшауланған шаруашылық жүргізу, жеке отбасын құру, қажет болған жағдайда үйін толық жабдықтап, жайлылығын сезінуге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олай болса тұрғын үй адам капиталын ұдайы өндіруге қажетті құрал болып табылады. Екіншіден,

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең алдымен, мемлекеттік билік жəне мемлекеттік органдар арқылы

Зерттеу жүйелі тәсілге және Evidence-based policy дәлелдеу саясаты қағидатын іске асыруға негізделген: кабинеттік зерттеу (ашық дерек базаларымен жұмыс) ;

Мемлекеттік аудит жүйесін, яғни негізгі оның компоненті - мемлекеттік аудиттің экономикалық бағыты: мемлекеттік қаржы ресурсын қалыптастыру және

Мемлекеттік басқару органдарының қызметіне жұртшылықтың қатысуы нәтижесінде екі тарапқа да тиімді шешім қабылдау үшін мемлекеттік

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға

Осы орайда, мемлекеттік қызметтің маңызы айқындалады: мемлекеттің конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен

Мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды табысты жүзеге асыру үшін жобалық менеджмент бойынша білікті мамандардың қатысуымен құрылған команданың

Сонымен, шет мемлекеттердің тəжірибесін зерттей отырып, мемлекеттік басқарудағы тиімділікті басқару механизмінің сипаттамасын анықтау мүмкін болды (сур..