ƏОЖ 002.2 (097)
С. Медеубек
Журналистика факультеті, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
E-mail: [email protected]
Фольклор мен шешенсөз
Автор қоғамдық санаға ауызша ақпарат тарату арқылы қозғау салу өнері – шешенсөздің ерекшелігін айқындау үшін фольклормен салыстырады. Фольклордың ертегі жанры мен шешенсөздің оқиғат жанрын шендестіру нəтижесінде тың тұжырымдар ұсынады.
Түйін сөздер: фольклор, жанр, ертегі, оқиға.
S. Medeubek Folklore and Journalism
This article discusses some issues oral journalism. Also well represented on the above practice issues. Shows the point of view of leading academics and practitioners in the study area. Conducted with specific examples of oral folklore and journalism people. At the end of the publication of the findings are useful for theory and practice.
Keywords: folklore ,genre, tale, proizschestvie.
С. Медеубек Фольклор и публицистика
В настоящей статье рассматриваются отдельные вопросы устной публицистики. Также широко представ- лена практика по рассматриваемой проблематике. Приведены точки зрения ведущих ученых и практиков в исследуемой области, примеры устной публицистики и фольклора народа. В конце публикации даются выводы, полезные для ученых и публицистов.
Ключевые слова: фольклор, жанр, сказка, произществие.
Жеке адамның, сол адам өмір сүрген əлеуметтік ортаның, сол əлеумет қалыптасқан қоғамның, сол қоғам ғұмыр кешіп жатқан заманның тыныс тіршілігінен, парасат -пай- ымынан, арман-мүддесінен, танымы мен талғамынан туындайтын қажеттілігі мен сұранысынан халыққорындағы (фольклордағы) мұралар да мол мағұлымат береді. Ондағы жеке адам дегеніміз – айтушы. Яғни жырау, жыр- шы, ертегіші, əңгімеші ролін атқаратын тұлға.
Осы тұста фольклор шешенсөзге ұқсайды.
Ал кейіпкерлер мен олар басынан кешірген уақиғалар мен жағдаяттар жəне оқиғалар уақыт тұрғысынан көнерген, типтендірілген, қиялдан қосылған ғажайыптармен түрлендірілген. Бұл тұрғыда фольклор шешенсөзден ажырайды.
Жалпы шешенсөздің фольклормен аражігін
ажырату үшін жанрлық ерекшеліктерін салы- стырып көрген тиімді. Əуелі болған істі баяндау- ды өзек ететін жанрларды ғана алып қарастырып көрелік.
Адамдардың өмір сүру қалпынан, тұрмыс- тіршілігінен, өмірді қайтсем жақсартамын де- ген арман, мүддесінен туындаған ертегілер сол заманның белгілі бір дəрежеде шындығын да суреттейді, баяндайды.
Қиял-ғажайып ертегілердің өзі қиялдан шық қан қисынсыз өтірік емес əлеуметтік бай- ланыстардан, өндірістік қатынастардан, психо- логиялық алмасулар мен сабақтасулардан келіп туындаған оқиғалардың айтушылар мен тыңдаушылар санасында қайта жаңғыруы.
Олар бұқараның талғамы мен талабын, заман сұранысын өтеу қажеттілігінен өмірге келген.
Сондықтан да қиял-ғажайып ертегілердегі мифологиялық элементтер шындық өмірдің еле- сін де береді.
Қиял-ғажайып ертегі адам, қоғам санасынан ғайып болған əлеуметтік өмір сүру белгілерін де сақтаған.
«Қиял-ғажайып ертегі өткен өмірді көз жұма еске алу немесе ежелгі əлуметтік қатынастардың жəне діни наным-сенімнің ғажайып жаңғырығы ғана емес, ол сондай-ақ жарқын болашаққа ұмтылған əлеуметтік əділеттілікке талпынған тамаша өмірге, зейнетті еңбекке қол созған адамдардың арман аңсарының көрінісі», - дейді Э.В. Померанцева [2].
Көшпелі көне заманда тұрмыстық ертегілер де белгілі бір дəрежеде қоғамдық санаға қозғау салу міндетін де атқарған. Ертегідегі бұрынғы замандар шындығы кейінгі тыңдаушысы үшін санаға сыймайтын елес, өтірік болып көрінеді.
Ертегідегі оқиғалар алғаш айтылғанда өмірдің өз шындығы еді, жəй шындық емес, естігендер есінде қалатын, таң қалатын, тамсанатын, қуанатын, қорқатын, жиренетін, яғни көргеннің көз алдынан кетпейтін, тыңдағанның құлағында қалатын ерекше шындық еді. Енді ол бір адам- нан екінші адамға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа көшкенде, бір жылдан екінші жылға, бір ғасырдан екінші ғасырға ауысқанда шындықтың өзі емес оның елесіне айналады.Елесті нақты шындыққа жақындататын, элементтер қосылады.
Бірақ сол шындық оқиға əу баста неге ай- тылды, не мақсатпен елге таратылды, оқиғаның тууы жалпы жұрттың санасына əсер етті ме?
Оқиғаның болмысы бұхараның таным-түсінігіне ықпал етті ме? Оқиғаның себебі мен салдары, нəтижессі халық санасына түрткі болды ма? Осы сұрақтарға жауап тапқан сайын ертегі мақсаты да шешенсөз жанрларының түпкі мұратымен сабақтасады.
Ертегі əдетте жас өспірім балалар үшін шығарылады. Солардың санасына қозғау салар ізгіліктер мен игі істерді үлгі ету мақсатында айтылған өткен шақ оқиғалары пəрменді де ықпалды болуы үшін қиялдан неше түрлі қисындар тудырып, бір оқиғаны бір оқиғамен бай- ланыстырып, бір кейіпкерден екінші кейіпкерді ерекше етіп асыра суреттейді. Бұл асыра су- реттеулер əсерлі, ықпалды болады. Қатардағы өзі білетін адамдарға ұқсас кейіпкерден гөрі өзі көрмеген, білмейтін, естімеген кейіпкердің болмысы баланы ерекше қызықтырады. Ойдан шығарылған ғажайыптар бала қиялына қанат
бітіреді, ол да ұшқыш кілемге отырып алып аспан шарлағысы келеді. Ол да алтын құйрықты құлынды ұстап алғысы келеді. Ол да Ертөстік болып көргісі келеді. Осылайша фольклордың балаларға арналған түрі де санаға қозғау са- лады. Ойға ой қосады. Бірақ, нақты əрекетке бірден бастап алып кетпейді. Сонысымен де ол шешенсөзден бір ажырайды.
Фольклор айтушысы бүгінгінің болмысын ашу үшін кейде өткенді қозғайды.Халық басында ескі замандарда болған оқиғаны мысал қылып ай- тады, кейіпкерінің ел үшін жасаған ерекше істерін өнеге етуді көздейді. Сондай істі бүгінгі ұрпақ та жасаса деген ниетте болады. Мұндай мұратты шешенсөз айтушылары да көздейді. Бірақ, дəл осы тұста ол біздің бүгінгі ұғымымыздағы, айқындамамыздағы шешенсөзден бөлектенеді.
Бөлектейтін нəрсе - оның кейіпкерінің өмірде жоқ, мағұлыматтарының ескі, деректерінің көне екендігі.
Халықтың елді, жерді, Отанды сүюге шақыру, ел қорғаны болуға баулу, туған топыраққа деген сүйіспеншілікті ояту идеялары батырлар жы- рында кейіннен айтылған секілді болғанымен, бұл идея өз заманында ел басында күн туғанда əр ауылдың өз Қобыландысының, тіпті əр қазақтың қанында ойнағаны рас. Сыртқы жаудан елді қорғау əр батырдың парызы мен міндеті болған.
Мұны біз бас кейіпкердің аузына салынған сөзден білеміз.
Қобыланды батыр:
«Таулар күйіп, тас жанған, Алты жаста зарпыма.
Қорған болып туғанмын Туғаннан-ақ халқыма!» - дейді.
Ия, туа салысымен еліне қорған болу, сол за-
мандар перзенттерінің басты ұраны, мақсаты мен міндеті болған. Ат жалын тартып мінісімен ер аза- мат елін, жерін сыртқы күштерден қорғауға əзір тұрған. Өйткені, заман талабы, қазақ қоғамының алдында тұрған басты мүдде сол болатын. Сол мүдде үшін күрес тудырған сан батырлық, сан ерлік Қобыландылар арқылы жасалған.
Қобыландылар ерлігі елге үлгі, ұрпаққа ұран болып, халық жадынан қайта жаңғырғанда ол ақын, жыраулардың жүрегін жыр болып жарып шыққан. Ақын кейіпкерін сөйлеткенде өзінің ойындағы арманы мен мүддесін, көңіл-күйін соның аузымен де айтқызып отырады. Басқаша айтқанда ақынның, жыршының, жыраудың да бойында сол асыл мұраттар тулап жатпаса, ерлік
пен елдік рух оның да бойында атойлап тұрмаса, сөзі сенімсіз шығар еді. Сөзі сенімді шыққан жерде айтушының ерлік іс істеуге шақырып отырғанын əркім-ақ түсінеді.
Қобыланды:
«Жалғыз шығып елімнен, Артықша жедім уайым», - дейді.
Елден жалғыз бөліну – Қобыландыдай батырдың өзіне зор уайым. Өйткені, ол елін ерекше сүйеді, соның амандығын, бірлігін, ынтымағын тілейді. Мұны естіп, тыңдап отырған зейінді тыңдаушының да жүрегінде еліне деген сүйіспеншілігі оянады. Қобыландының жүрегі қысылған шақта да елім деп соғады. Елін медет тұтады. Бұл Қобыланды секілді батырдың көзі тірісінде-ақ айтқан сөзі екенін еске салады жыр авторы:
Қобыланды Қараманға:
«Ата-ана, көп елім,
Хабарсыз жатыр жерінде» дейді.
Мұнда да батыр туған Қобылан елім деген сөзді еміне айтады. Қобыландының жеті Каміл бабасы:
«Өзіңнің осы сауыңда, Олжаға салып қоймаңыз, Қара Қыпшақ еліңді...» - дейді.
Мұнда да жыр кейіпкері сол заманның басты проблемасын айтады. Ол мəнді мəселе елді жау- дан қорғау болатын.
«Қыпшақты жауға бергенің -
Ол да саған өлім-ді», - дейді, батырлық намысын оятып.
Тағы да Қобыландының сөзін тыңдаңыз:
«Жау шауыпты елімді, Жау басыпты белімді,
Жау кесіпті желімді (құрылғы. авт.) Менен қалған байтақ ел
Көрген сияқты көрімді...
Артында қалған елінің зорлық-зомбылық көргенін, жерінің жау қолында кеткенін, малының (бұл жерде құлындарды тізіп байлауға арналған желі арқылы рəміздік-нышандық ұғымда айты- лып тұр. Авт.) талан-таражға түскенін естіген батырдың қабырғасы қайысады, жаны ауырады, байыз таппай азат етуге аттанады. Қарлығадай сұлу да адал, ғашық жанды сол жолда тастап
кете барады:
... Қалмақтың ханы Алшағыр, ...Шауып кеткенге ұқсайды, Қараспантаудағы елімді...
...Хош, Қарлыға, аман бол, Қалмақ алған халқыма, Жалғыз кетіп барамын».
Елінің басына күн туғанда батыр жанын қоярға жер таппайды. Оның бұл психологиялық ахуалын жырау былай суреттейді:
Асылдан соққан найза деп, Пенделік тартқан халқыма Тигіземін пайда, – деп, Таң атқанша Қобыланды Үш айналды шəһəрді - дейді.
Еліне, жеріне деген мұндай ынтызарлықты жыршының аузынан естіп отырған тыңдаушының да сүйспеншілігі оянары, азаматтық-патриоттық рухы көтерілері сөзсіз. Айтушының əу бастағы көздеген мақсаты да сол болатын.
Қобыланды:
«Əділ сұлтан бір жанын, Қылып отыр дегейсің Ағайын жұрттан садаға,
- дейді. Демек, еліне əділ сұлтан болған Қобыланды жұрты үшін мал-мүлкін садаға қылады. Оны жыршы мына əрекетімен дəлелдейді:
Қалмақтан алған көп олжа, Əділдікпен Қобыланды Жиып алып көп халқын Бөліп берді қолынан Пақыр, кедей, кеміне Кедей байға теңеліп Риза болды бəрі де
Қобыланды сынды еріне [2].
Айтушы өткен шақпен сөйлеп отырып, осы шақтың есіне əділдік керек екенін ай- тады. Тыңдаушыға бай болсан, батыр бол- сан Қобыландыдай əділ бол, кедей-кепшіктің жағдайына қара дегенді үшінші жақта айтады.
Иə, қазақ фольклорының сарқылмас асыл қазынасы – батырлық жырлар да азаматтық- патриоттық асыл мұраттарды насихаттай оты- рып, тыңдаушысын ел мен жерді сүюге шақырады екен. Бұл тұста шешенсөздің басты мақсатымен
бірдей. Бірақ шешенсөз фольклор секілді өткен шақтың мысалымен сөйлемейді, осы шақтың дерегі, мəліметі, айғағымен сөйлейді.
Халыққорының (фольклордың) жанрлары – ертегілердегі, батырлық, ғашықтық жырлардағы, тұрмыстық–салттық өлең-жырлардағы негізгі идея шешенсөз айтындарының идеясымен са- рындас, тамырлас. Фольклордың адам санасына қозғау салу идеясы мен шешенсөздегі дəл сон- дай мұрат екі желіде көрінеді. Бірінші желі – ай- тушы мен тыңдаушы шындығы, осы шақтағы болмысы, көңіл күйі. Екінші желі – айтылған ойдың астары, түпкі мақсаты мен мұраты жəне олардың жүзеге асуы. Анығырақ болуы үшін халыққорының ең мəшһүр жəне ескірмейтін жанры – ертегі мен шешенсөз айтынддарын қатар қойып көрелік.
Ертегінің анықтамасы əркімге мағұлұм.
Қазақ ауызекі тілінде «əңгіме айт» дегенде, айту- шы болған іс туралы баяндайды. Осы болған істі баяндауды шешенсөзде үш түрге бөлуге болады:
- уақиғат – елдің, қауымның басынан өткен, ұзаққа созылған, кең ауқымды қамтыған уақиғалар туралы аузша айтылған ақпараттар жиынтығы
- оқиғат – уақыт өлшемі жағынан қысқа, кеңістік ұғымымен салыстырғанда тар шеңберде болған оқиға туралы ауызша айтылған ақпараттар жиынтығы.
- жағдаят – жеке адамның немесе қауымның еркінен тыс болған, əуреге түсірген, шешілуі қиын істер мен жағдайлар туралы ауызша айтылған ақпараттар жиынтығы Осы үшеуінің арасынан бір ғана оқиғатты ертегімен салы- стырып көру арқылы шешенсөздің фолклордан ажырар тұсын анықтауға болады.
Ертегі өткен өмірдің елесін, ойдан құралған оқиғаларды айтады.
Оқиғат бүгінгі, дəл осы шақта болып жатқан оқиғаны баяндайды.
*Ертегі кейіпкерінің өмірде болғаны,
болмағаны белгісіз.
Оқиғатта кейіпкер дəл осы шақта болып жатқан оқиғаның ортасында жүреді.
*Ертегіде айтушы оқиғаны өткен шақпен ба- яндайды;
Оқиғатта айтушы оқиғаны осы шақпен суреттейді.
*Ертегіде кейіпкер айналасы, оқиға
ортасының тынысы, дыбысы, суреті тек сөзбен жеткізіледі.
Оқиғатта болып жатқан оқиғадағы дауыстар,
дабыстар, дыбыстар, əрекеттер, қақтығыстар, бейнелер, кескін-келбеттер құлаққа немесе көзге бірден жеткізіледі. (радиода естіртеді, теледи- дарда əрі естіртеді, əрі көрсетеді.)
*Ертегіде мəлімет, мағұлымат, дерек, факт
пайдаланылмайды.
Оқиғатта мəліметтің, мағұлыматтың, деректің, фактінің болғаны айтушының пікірін растау үшін, ойын салмақтандыру үшін, сөзін дəлелдеу үшін маңызды.
*Ертегіде кейіпкерлердің түр-тұлғасы, бет-
бейнесі, іс-əрекеті осы күнгі адамдарға мүлдем ұқсамайтындай ерекше жаратылыс ретінде суреттеледі.
Оқиғатта кейіпкердің шынайы болмысы дəлдікпен берілуге тиіс. Өйткені, ол өмірде бар (болған) адам.
*Ертегінің тыңдаушысы - балалар, айтушы-
сы- əдетте ересектер. Немесе өзінің тұрғыласы.
Оқиғаттың айтушысы оны көзімен көрген кез келген есті адам. Тыңдаушысы – ес кірген баладан есту-көру қабілеті бар қарттарға дейінгі адамдар.
*Ертегінің айтылуында қалыптасқан фор-
мулалар қолданылады. мысалы, «ерте, ерте, ертеде...» немесе «баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда...» деген сияқты санаға сіңісті болған тұрақты тіркестер сол қалпы басқа ертегіде де пайдаланыла береді.
Оқиғатта ондай тұрақты формулалықтар болмайды. Өйткені əр оқиға тосын құбылыс.
Жəне ол оқиға сол қалпында қайталанбайды.
*Ертегінің мəтіні өзгеріске ұшырайды.
Бірнеше варианты болады. Əр айтушының қабілет-қарымына, тыңдаушының танымы мен талғамына жəне сұранысына қарай мəтін жетіле түседі. Жылдар бойы, ғасырлар бойы айтыла да береді.
Оқиғаттың мəтіні екінші рет қайталанбайды.
Тек таспаға жазып алынғаннан кейін қажеттілік үшін қайта көрсетілуі немесе тыңдалуы мүмкін. Бірақ оның əсері айтылған сəттегі тыңдалғанындай болмайды.
*Ертегі тыңдаушының қалауына қарай
айтуға да, тыңдауға да ыңғайлы жағдайда, орта- да айтыла береді.
Оқиғат тек оқиға болып жатқан жерде ғана айтылса, өз мəні мен мазмұнын жоғалтпайды.
*Ертегі бір немесе бірнеше адамға айтылуы
мүмкін. Яғни оның кеңістігі алқалық ауқымнан əрі аса бермейді.
Оқиғаттың кеңістігінде шек жоқ. Ол да бір
немесе бірнеше адамға, тіпті ақпарат құралы арқылы ғаламдық кеңістікке таратылады.
*Ертегіде негізгі айтылар ойдың өзиесі –
халық;
Оқиғатта айтылар ойдың өзиесі – айтушы, журналист.
*Ертегі мəтіні халық жадында сақталады.
Бір адам екінші адамға, бір ұрпақ екінші ұрпаққа жеткізу арқылы ұмытылмайды.
Оқиғаттың мəтіні оқиғаның ізі суығаннан көмескіленеді. Тек дерек, мəлімет, факт қалып, ал мəтін айтылған қалпында халық жадында сақталмайды. (Таспаға жазып алып қалу арқылы ғана кейінгіге жетуі мүмкін.)
*Ертегінің тақырыбы мəңгілік құндылықтар туралы болады.
Оқиғаттың тақырыбы қоғам өмірінде орын алған кез келген мəселе туралы болады. Ол бір күндік оқиға ертең үшін аса маңызды болмауы
да мүмкін. Сондықтан ол халық жадынан тез ұмытылады.
Енді, осы ертегі мен оқиғаттың тоғысатын тұсы бар ма? Бар: Бірінші тоғысы – екеуінің де ауызша айтылатынында; Екінші тоғысы – екеуінде де оқиға баяндалады. Бірінде өтіп кет- кен оқиға, екіншісінде болып жатқан оқиға ай- тылады. Үшінші тоғысы – түпкі мақсаттарында – тыңдаушының санасына қозғау салу, өмірге, болмысқа деген көзқарасын қалыптастыруында.
Бірі өткен оқиға арқылы, екіншісі бүгінгі оқиға арқылы ықпал етуді көздейді. Осы түпкі мақсатқа келгенде екеуінде айырмашылық көрінеді.
Біріншісі тағылымдық-тəрбиелік мақсатты бірінші орынға қояды, ал екіншісі ақпараттық- танымдық мақсатты бірінші орынға қояды.
Екеуін салыстыра келгенде айтпағымыз ертегі халыққорының (фольклордың) төл айтыны ретінде өмір сүре береді, ал оқиғат шешенсөздің кəсіби айтыны ретінде қала береді.
Əдебиеттер
1 Померанцева Э. В., Советская фольклористика, в кн.: Русское народное поэтич. творчество, под ред. П. Г. Бога- тырева, 2 изд., М., 1956.
2 Батырлар жыры. 4 том, 1996жыл, «Жазушы» баспасы.
References
1 Pomerantseva EV, Folklore Fontes iuris Germanici antiqui in libro.: Russian folk poetica. Quibus ingenium est.
Bogatyreva PG: 2. M. MCMLVI.
2 Batyrlar zhyry. IV 1996zhyl est «Zhazushy» Baspasy.