• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Қазақстандық кәсіпорындардың дәрменсіздік мәселелері. Проблемы экономической несостоятельности казахстанских предприятий.»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Қазақстандық кәсіпорындардың дәрменсіздік мәселелері. Проблемы экономической несостоятельности казахстанских предприятий.»"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

ӘОЖ 005.334.4(574)

Ж.А. Бимендеев

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

E-mail: [email protected]

Қазақстандық кәсіпорындардың дәрменсіздік мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандағы ұйымдардың дәрменсіздік мәселелері қарастырылған. Дәрменсіздік институ- ты ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ретінде бағаланады. Оның даму деңгейі мен мемлекет тарапынан тиімді реттелуі ұлттық экономиканың жалпы жағдайы мен кәсіпкерлік мәдениетінің көрсеткіші жағынан талданады. Ұйымдардың, кәсіпорындардың дәрменсіздік мәселелері мемлекеттік тиімсіз заңнамалық реттеудің, кәсіпкерлік секторының мәдениеті мен этикасының төмендігінің, дағдарыс менеджерлерін дайындау мәселелері, ел аумағында немесе аумағынан тыс қатаң бәсекелік ортада кәсіпорындарымыздың жұмыс жасауға дайын еместігі, сонымен қатар, ұлттық экономика барлық субъектілерінің банкроттығын алдын алу шаралары мен механизмдерінің жетілмегендігінің салдары болып табылатындығын айғақтап отыр.

Кәсіпорындардың дәрменсіздігі мен банкроттығын алдын алудың немесе реттеудің ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге өте икемді бейімделгіш болып келуі қажет. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешпесек, елімізде дағдарыстың барлық күрделі әлеуметтік-экономикалық салдарларына кезігуіміз мүмкін.

Түйін сөздер: дәрменсіздік, банкроттық

Zh.A. Bimendeyev

Problems of economic insolvency Kazakh enterprises

This article explores the practice and problems of insolvency Kazakh enterprises. Bankruptcy Institute is rated as the most important component of the national economy . According to the level of its development and effective regulation by the state is judged on the overall state of the economy and culture of entrepreneurship. The problem of insolvency organizations, businesses, business entities is a consequence of inefficient state legislative regulation, low culture and ethics of the business sector , the problem of training the crisis managers, companies unwillingness to work in a tough competitive environment within the country or abroad , as well as the improvement of methods and not mechanisms to prevent the bankruptcy of all subjects of the national economy.

Mechanisms for the prevention or control of insolvency and bankruptcy of enterprises should be very flexible to changes in the internal and external environment. Without solving these problems, we may face a more complex socio-economic consequences of the crisis in all its forms in our country.

Key words: insolvency, bankruptcy.

Ж.А. Бимендеев

Проблемы экономической несостоятельности казахстанских предприятий

В этой статье рассматривается практика и проблемы несостоятельности казахстанских предприятий. Институт банкротства оценивается как важнейшая составляющая национальной экономики. По уровню его развития и эффективного регулирование государством судят об общем состоянии экономики и культуре предприниматель- ства. Проблема несостоятельности организации, предприятий, субъектов бизнеса является последствием не- эффективного законодательного регулирования государства, низким уровнем культуры и этики предпринима- тельского сектора, проблемы подготовки кризис-менеджеров, неготовностью предприятий работать в жесткой конкурентной среде внутри страны или за ее пределами, а также, не совершенствованием методов и механиз- мов предотвращения банкротства всех субъектов национальной экономики.

Механизмы предотвращение или регулирование несостоятельности и банкротства предприятий должно стать очень гибким к изменениям внутренней и внешней среды. Без решения указанных проблем мы можем столкнуть- ся более сложными социально-экономическими последствиями кризиса во всех его проявлениях в нашей стране.

Ключевые слова: несостоятельность, банкротство

(2)

Ұлттық экономика тиімді қызметін қамсыз- дан дыруда заманауи банкроттық институтының реттеуші ролі өте маңызды болып отыр. Себебі нарықтық экономика категориясы ретінде экономиканың дамуына жағдай жасайтын банкроттық институты – әлеуеті бар, бірақ уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тартымды кәсіпорындарды оңалту немесе бәсекеге қабілетсіз нарық субъектілерін жоюға бағытталған өзінше «нарықтық санитар» деп атауға болады. Нарықтық инфрақұрылымның бұл бөлшегінің жетік дамуы ұлттық экономи- ка субъектілерінің инвестициялық тартымды, инновацияларға мүдделі әлеуетін айқындайтын маңызды алғышарт.

Борышкерлер мен кредиторлардың мүдделі құқықтарын шынайы ескеретін банкроттық- тың тиімді жүйесін қалыптастыру мемлекеттің реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.

Қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру мен реттеудің жетілмегендігі кредиторлардың, яғни банктер, қаржылық құрылымдар мен бизнес әріптестестердің жағдайларының нашарлауына, ол өз кезегінде бизнес субъектілері үшін қажетті несиенің қолжетімділігі мен бағасына әсер етіп әлеуметтік-экономикалық салдарларға алып келуі мүмкін. Мұнда «домино принципі» белең алып, тізбектелген кері үрдісті жылдамдатып тереңдету қаупі туады.

Дәрменсіздік мәселелерін зерттеген ре сей- лік ғалым В. Степанов «Қазіргі таңда дамыған экономикалық инфрақұрылымы бар мемлекет- терде дәрменсіздікті шешуді реттеу заңнаманың жедел дамып келе жатқан саласы болуда.

Елдердің эконикасының дамуы мен қатар кәсіпорындардың дәрменсіздік мәселелерін шешудегі тәжірибені қолдануда заңнамалық нормаларды әрдайым жетілдіріп отыруды талап етеді» деген тұжырым жасайды.

Әлемдік тәжірибеде дәрменсіздік жүйесін біріншісі, борышкердің мүдделеріне (Франция, АҚШ), екіншісі кредиторлардың мүдделеріне (Англия, Германия және т.б.) бағытталған екі үлкен топқа бөледі. Бірақ, бүгінгі таңда көртеген мемлекеттерде борышкерлер мен кредиторлардың құқықтары мен мүдделері арасындағы тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік беретін американдық және англиялық жүйе- лердің өзіндік артықшылықтарын ескеретін аралас модельді құру мен қолдану керектігін көрсетіп отыр. Жалпы айтқанда, дамыған

мемлекеттердің заңнамасының ұлттық экономи- каларға өз септігін тигізе алатын және қайта қалпына келу әлеуетті кәсіпорындарды қаржы- лық сауықтыру мен оңалтуға максималды бағытталғандығын аңғаруға болады. Оның өзінде заңнаманы жетілдіру мен бизнеске қолайлы орта қалыптастыруда әрекеттегі кәсіп- орындар мен жұмыс орындарын сақтаудағы жағдай жасау мен кредиторлар құқықтарын шектеудегі тепе-теңдікті орнатуға бағытталады.

Негізгі регуляторлық функция мемлекет орган- дарында екендігін ұмытпауымыз керек, себебі ұлттық экономика шеңберінде әлеуметтік жауапкершіліктің орасан бөлігі мемлекеттің иығына түседі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың дәрменсіз- дігін шешуде ел заңнамасындағы өзгерістердің мәніне тоқталсақ. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67 «Банкроттық туралы» заңында, яғни 2013 жылы 21 маусым- да енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есекере келе, дәрменсiздiк – ақшалай мiндет- темелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiн- деттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар- ды, сон дай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот бел- гi леген қабiлетсiздiгi деп аталып көрсетілген [1].

Еліміздің банкроттық институтының қалып- тасуын белгілі ғалымдар мен сарапшылар бірнеше кезеңге бөледі, оларды талдай келе даму кезеңдерін төмендегі кестеден аңғаруға болады [2].

Бірінші кезең төлем қабілетсіз борышкерді тарату, жою процедурасымен банкроттық мәселелерін тек заңдық-құқықтық шаралар- ды қолданумен реттеуге бағытталғандығына байла нысты. 1992 жылы 14 қаңтарда қабыл- данған Қазақстан Республикасының «Банк- роттық туралы» Заңы борышкерді оңалту мен оның төлем қабілеттілігін қалпына кел- тіруді қарастырды, соған қарамастан, төлем қабілетсіз кәсіпорындарды, яғни борышкерлер мен креди торлардың аса мүдделі еместігінен көп қолданылмады. Бұл кезең әрбір мүдделі жақ тардың (банктер, салық органдары, қыз- меткерлер және борышкерлер) өз қысқа

(3)

мерзімді мүдделеріне әрекет етумен сипаттал- ды. Мұнда алаятық жағдайлары аз болмады, борышкерлермен мүлікті қайта ашылған ұйым- дарға аудару, сату және өзара тиімді негізде таңдалған жеке кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру болды. Бұл 2003 жылы «мүлкі жоқ» немесе «жоқ» борышкерлерді тарату, жою механизмдерін енгізуге түрткі болды.

Келесі кезең төлем қабілетсіз ұйымдарды оңалтудың мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз- делген экономикалық амалдарын нығайтумен байланысты. 2006 жылғы Қазақстан Республи- касының «Банкроттық туралы» Заңы дағдарысқа қарсы басқару шараларын қарастырды. Оған мониторинг (кредиторлар мүдделерін қорғау мен төлем қабілетсіз ұйымдарға қаржылық- экономикалық шараларды қолдану мақсатында қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасау) пен сырттай байқау (банкроттық ту- ралы істі қозғамай тұрып борышкердің мүл- кінің сақталуын қамтамасыз ету, қаржылық жағдайының талдауын жасау, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін айқындау үшін сотпен енгізілетін шара) кірді [2].

Жалпы айтқанда, 1992 жылғы дәрменсіздік туралы заң қабылданғаннан бастап, банкрот- тықты реттеуге бағытталған 30-дан астам өзгер- ту лер мен толықтырулар енгізілген.

2011 жылғы еліміздің дәрменсіздік туралы заңнамасына енгізілген өзгертулер кредитор- лар кеңесі институтын енгізу, жеделдетілген сауық тыру және оңалту шаралары шеңберінде кредиторлар комитетінің өкілеттігін кеңейтуге арналған болатын. Ескерте кету керек, заңна- маға сәйкес конкурстық өткізу мен сауықтыру шараларына кредиторлар комитеті әр түрлі құрылады. Конкурстық өткізу кезінде креди- торлар комитетінің құрамын конкурстық басқарушы құрса, ал сауықтыру шараларын- да кредиторлар кеңесімен құрылды. Соған қарамастан, банкроттық процедуралары кезінде маңызды институт ретіндегі кредиторлар кеңесі заңнамада жоқ. Кредиторлар мүдделерін өкілет- тігі көп кредиторлар комитеті орындайды, сондық тан, әр кредитордың жеке құқықтарын қатысты шешім қабылдауда шектелген тұлғалар саны ғана құқыққа ие.

Соңғы жылдары дәрменсіздікке арналған заңнамаға көбінесе оңалту шараларына қатысты өгертулер болды, ал кредиторлардың

құқықтарын қорғау бойынша банкроттық про- цедураларына маңызды өзгерістер енгізілмеді.

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды оңалту ша- раларын қолдануды ынталандыруға бағытталған 2012 жылы 17 ақпанда № 564-IV «Қазақстан Рес пуб ликасының кейбір заңнамалық акті- леріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бөлек заңы қабылданған болатын. Онда сот органдарының қатысуынсыз борышкер мен оның кредиторлар арасындағы қарыздарды реттеуге бағытталған, тек өздері арасында жеделдетілген сауықтыру шарасын қолдану тәжірибесін айқындады.

Бүгінде сарапшылар борышкерге мүдде- ленген компаниялардың алдында өз қарыз- дарын қасақана ұлғайтуға негізделген кредитор- лар комитетінде басым орынға ие және тиімсіз сауықтыру немесе банкроттық процедураларын басқа кредиторларға еріктей алатын, мүдделену мәселесінің бар екендігін айтып отыр.

Қазіргі таңда заңнамада егізілген өзгерістер мемлекеттік органдардың құзырлылығын арт тырған. Оған конкурстық, оңалтуды бас- қару шының және сырттай байқау әкімшісін тағайындау мен шеттету; конкурстық іс жүргізу, оңалту және сырттай байқау рәсімдерінің іске асырылуына мемлекеттік бақылау жүргізу;

конкурстық, оңалтуды басқарушы және сырттай байқау әкімшісінің ағымдағы және қорытынды есептерін қарау; кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту; конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту және т.б. жатады.

Кредиторлардың құқықтарын шынайы қорғаудың маңыздылығы С.А. Давыден- ко және Дж. Р. Франкстың «Банкроттықтың мағынасы неде? Франция, Германия және Ұлыбританиядағы дефолттарды зерттеу»

атты 2008 жылы жарияланған еңбектерінде көрсетілген. Франция, Германия және Ұлы- британияда банк алдындағы қарыздары мен міндеттемелері бойынша дефолт деп танылған орта көлемді компанияларды талдай отырып, авторлар қымбатқа түсетін банкроттық заңының бөлшегін «жеңілдету» үшін, елдер арасындағы кредиторлар құқығындағы айырмашылықтар банктерді несие беруде қарыздар мен міндетемелерді қайта қарау тәжірибесін қайта бағалауға итермелейтіндігін анықтаған. Мыса- лы ретінде, кредиторлар құқықтарын шектейтін және кепіл құнын төмендеткен заңға қарсы

(4)

әрекет ретінде француз банктері банкроттық рәсімінде талаптау құқығының әлсіреуіне туын- дайтын тәуекелдерді азайту үшін, қажетті кепіл көлемін ұлғайтқан [3].

Соған қарамастан, сарапшы мамандардың пікірінше «Банкроттық рәсімінің елеулі бөлігі түрлі мүдделі кредиторлармен келісілмей-ақ, салық органдарымен бастамасымен жүзеге асырыла бастайды. Ескеретіні мұнымен ірі кре- диторлар келіспейді, себебі, салық органдары дәрменсіздік жағдайынан шығаруға болатын тиімді және әлеуеті бар кәсіпорындардың өзін, соңында банкроттық рәсімдерін қолдану арқылы кредиторлар талаптарының аз бөлігін ғана қанағаттандырып банкроттық «шұңқырына»

жүктейді». Халықаралық және отандық тәжіри- беде кредиторлар дағдарыс жағдайында кәсіпорынның немесе фирманың банкроттықа ұшырауы емес, компанияның қызмет етуіне және өз қарызын өтей алуы үшін, оның оңалуына мүдделі екендігін көрсетіп отыр [4].

Кредиторлар құқығының қорғаудың маңызы бар екендігі анық, оны ескермеу бизнеске, оның ішінде, шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелік ресурстардың қолжетімділігіне шек- теу қою түріндегі кері салдарларды тудыра- ды. Ол банктердің несие құнына банкроттық заңнамасының жетілмегендігінен туындайтын тәуекелдерді қосуына алып келеді.

Заңнамадағы кемшіліктер басқа да әлеу- меттік-экономикалық салдарларға алып келу мүмкіндігін жоғарылатады деуге болады.

Біз оны еліміздегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы жағдайын талдау арқылы көре аламыз. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылдың 01 қыркүйегіне еліміз бойынша 87 шаруашылық жүргізуші субъектісі таратылған, борышкер

502 шаруашылық жүргізуші субъектісі та- ратылу барысы сатысында, сырттай байқау рәсіміндегі борышкерлердің саны 9, оңалту рәсіміндегі мекемелердің саны 154, конкурстық іс жүргізу рәсімінде 1893 шаруашылық жүргізуші субъектісі болып отыр. Мұнда биз- нес субъектілерінің көп бөлігі құрылыс, қызмет көрсету және көтерме және бөлшек сауда сала- лырына жататындығын айта кету керек.

Дүниежүзілік Банк және Халықаралық Қаржы Корпорациясының жылсайынғы

«Биз нес жүргізу – 2014: Орта және шағын кәсіпорындардың қызметін реттеуді түсіну»

(«Doing business») баяндамасында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметімен айналысу жағдайы бойынша өз аймағында тартымды бо- лып, 189 елдің ішінде жалпы 50-ші орынды ие- ленсе 2013 жылы 53–ші орын, 2012 жылы 47–

ші орын және 2011 жылы 58–ші орында болған.

Мысал үшін Беларусь Республикасы – 63 орын- да, Кырғызстан Республикасы – 68 орында, Молдова Республикасы – 78 орында, Ресей Фе- дерациясы – 92 орында, Украина – 112 орында, Тәжікстан – 143 орында, Өзбекстан – 146 орынға табан тіреген [6].

Әрине толықтай халықаралық ұйымдардың жүргізетін сараптамалық талдауларын және рейтингтерін толыққанды ұлттық экономиканың мән жайын көрсетеді деп айту қиын, бірақта Ел- басымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»

стратегиясындағы айқындалған межелерге же- туге, кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға, ин- новацияларды дамытуға бағытталғын шаралар кешенін қалыптастыруда ескерудің қажеттігі айқын.

«Doing business» рейтингісінің методоло- гиясы кәсіпкерлікпен айналысудың жеңілдігін айқындайтын 10 негізгі индикатордан құралады, олар 2012, 2013 және 2014 жылдар бойынша төмендегі кестеде көрсетілген:

1-кесте – Қазақстанның «Doing business» рейтингісіндегі орны

Қазақстан Республикасы

Рейтингтегі орны, жылдар бойынша

2012 2013 2014

«Easy of Doing Business Rank» Кәсіпкерлікпен айналысу мен оны жүргізудің

жеңілдігі қорытынды рейтингісі Оның ішінде индикаторлары бойынша: 47 53 50

1 «Starting a business» (Кәсіпорындарды тіркеу, ашу) 57 27 30

(5)

2 «Dealing with Construction Permits» (Құрылысқа қажетті рұқсаттарды алу) 147 149 145 3 «Getting Electricity» (Электр энергиясымен камту желілеріне қосылу) 86 85 87

4 «Registering Property» (Мүлікті тіркеу) 29 27 18

5 «Getting Credit» (Несиелеу) 78 82 86

6 «Protecting Investors» (Инвесторларды қорғау) 10 21 22

7 «Paying Taxes» (Салық салу және төлеу) 13 18 18

8 «Trading Across Borders» (Халықаралық сауда) 176 186 186

9 «Enforcing Contracts» (Келісім-шарттардың орындалуын қамтамсыз ету) 27 26 27 10 «Resolving Insolvency» (Дәрменсіздікті немесе төлем қабілетсіздігін шешу) 54 55 54

Ескерту: Кесте www.doingbusiness.org ресми сайтының ақпараты негізінде құрастырылған.

1-кестенің жалғасы

«Doing business» рейтингісіндегі «Кәсіп- орындарды тіркеу, ашу» индикаторының 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 30 позицияға жоғарылауы себебінің негізі ретінде, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 60-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бой- ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту- ралы» Заңының қабылдануы. Бұл заң заңды тұлғалардың құрылуы мен оның қызметін жеңілдетуге, оңтайландыруға бағытталған. Со- нымен қатар, еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға арналған. Бұл құжат брйынша 41 заңнамалық актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөліміне, Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Шаруашылық серіктестіктер, Жауакершілігі шектеулі серіктестіктер, Жеке кәсіпкерлік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі), Банкроттық, Банктер және банк қызметі және Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және фи- лиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы және де басқа заңдарына өзерістер енгізілді.

Бұл заңның нормалары бір шетінен заңды тұлғаларды тіркеу процедураларын максималды түрде жеңілдету, екіншіден, заңды тұлғаларды таратуда тіркеу процедураларын одан әрі оңтайландыруға бағытталып отыр.

«Құрылысқа қажетті рұқсаттарды алу»

индикаторының жылдар бойы салыстырма- лы бірқалыпты төмен орындарға ие болуы еліміздегі бұл саладағы нормативтік-құқықтық реттеу механизмдерін одан әрі жетілдіруді та- лаптайды.

«Электр энергиясымен камту желілеріне қосылу» индикаторының өзгермеуі, бүгінгі таңдағы электр өндіруші, тасымалдаушы және тұтынушы кәсіпорындар арасындағы байла- ныстың әлсіздігі, электр энергиясымен кам- ту желілеріне қосылу қажетті рұқсаттамалық шаралардың көптігі сияқты кері көріністерден болуы мүмкін. Оны шешуде заманауи басқару шешімдері арқылы қолайлы ету.

«Мүлікті тіркеу» көрсеткішінің әлсін жоғарылауы жоғарыда атап өткен заңнамадағы өзгертулер мен толықтырулар толықтай жүзеге асырыла шешілуі мүмкін.

«Инвесторлар құқығын қорғау» бойын- ша Қазақстан Республикасы төмендегідей кепілдіктерді:

• ҚР аумағында инвесторлар қызметінің құқықтық қорғауына кепілдігі;

• Кірістерді пайдалану кепілдіктері;

• Инвесторларға қатысты мемлекеттік ор- гандары қызметінің жариялылығы;

• Мемлекеттік меншіктеу және деректе- мелеу барысында инвесторлар құқықтарына кепілдігі;

• Инвесторлар құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдігі.

Қазақстан 44 елмен Инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу жөніндегі келісім

(6)

және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде бір Келісім жасасты, олар инвес- торлардың құқықтарын қорғаудың мына- лар сияқты қосымша кепілдіктерін ұсынады:

кемсітуден, деректемелеуден және мемлекеттік меншіктеуден қорғау, арбитраждық келісім болмағанда халықаралық арбитраж соттарын- да инвестициялық дауларды шешуге құқығы айқындалған. Шетел инвесторларының кеңесі Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын ин- весторлармен тікелей диалогты қамтамасыз ету және дамыту мақсатында құрылған [7].

Жылсайынғы «Doing Business – 2013»

рейтингісіндегі «Салық салу және төлеу» ин- дикаторы Қазақстанда бірнеше жылдар көле- мінде кәсіпкерлердің құжат айналымын жеңіл- детуге бағытталған жұмыстардың жүр гізілуі одан әрі жалғастырылмақ. Салық органдары жаңа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу арқылы салық төлеушілерге өз салықтық міндеттемелерін жүзеге асыруға қажетті уақытты азайтуға талпынуда. Сонымен қатар, барлық салықтық жеңілдіктер мен прференциялардың тиімділігіне қатысты ревизия жүргізілуде.

«Салық салу» көрсеткіші бойынша

«Doing Business 2011» Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 14 позицияға жоғары көтеріліп 183 елдің ішінде 39-шы орында болған. 39 18 2012 жылы еліміз 13-ші орында болды. Мұнда позициялардың тез жақсаруының негізгі фак торлары болып жаңа Салық кодексінің енгізілуінен болған әсер, ол осы «Салық салу және төлеу» индикаторының құрамдас бөлік- терінің жақсартуына мүмкіндік туғызды. Со- нымен, жалпы салық мөлшерлемесі (пайдаға

%-бен) – 28,6% Қазақстанда әлем елдері арасын- да ең төменгі болып саналады. Мысалға 2013 жылы Еуропа мен Орталық Азия елдерінде – 40,4% болса, ЭЫДҰ елдерінде (ОЭСР) – 41,3%, 2014 жылы осы елдерде сәйкесінше 38,7%

және 41,3% құраған. Төлемдер саны 7 төлем (2011 жылы 37 төлем), ал салық төлеушілерге өз міндеттемелерін жүргізуге қажетті уақыт – 188 сағатты құрады (2011 жылы 302 сағат).

«Doing Business-2013» қорытындысы бойынша еліміз 5 позицияға төмендеген. Көрсеткіштің төмендеуіне байланысты салық органдарының реформаларды жалғастырудың керектігін көрсетіп отыр.

Қазақстандық кәсіпкерлерден талап етілетін құжаттардың көлемін қысқартуға қарамастан,

салық органдарының тиімсіз басқаруы мен салықтық бизнес үдерістердің тым артық рет- телуіне қатысты мәселелер бар. Қазіргі уақытта салықтық аппеляциялық шағымдану саласына қатысты бірқатар шешілмеген мәселелер бар.

Қазақстанда салық органдарынан тәуелсіз, сотқа дейінгі органдарды құру қажеттігі туындатып отыр. Сонымен қатар, тексеру актілері бойынша даулы төлемдердің жоғары пайыз мәселесін шешу, салықтық заңнаманың даулы сұрақтары бойын- ша салық органдарының ресми ұстанымдарына қатысты база қалыптастыру тұр [8].

Рейтингтегі «Халықаралық сауда» көрсет- кішінің 2012 жылы 176 орыннан 2013 жылы 186 дейінгі 10 көрсеткішке төмендеуі импорт пен экспорттық операцияларды жүргізуге кететін уақыт мөлщері мен оның құнының жоғарылығында болып отыр деуге бола- ды. Ол Қазақстанда әлем елдеріне қарағанда едәуір жоғары деңгейде. Мысалға 2013 жылы Қазақстанда экспорт жасауға қажетті құжаттар саны – 10, кететін уақыт – 81 күн, ал құны – 4885 АҚШ доллары (бір контейнер үшін) болса, ал импорт жасауға қажетті құжаттар саны – 12, оған кететін уақыт 69– күн және құны – 4865 АҚШ доллары тұруда. Еуропа мен Орталық Азия елдерінде экспортқа шығуға қажетті құжаттар саны – 7, кететін уақыт – 25 күн, құны – 2109 АҚШ доллары болса, импорт жасауға қажетті құжаттар саны – 8, кететін уақыт – 26 күн және құны – 2339 АҚШ доллары тұруда ЭЫДҰ елдерінде экпорт бойынша 4 құжат, 11 күн және 1070 АҚШ доллары қажет болса импорт бой- ынша құжат көлемі 4 құжат, 11 күн және 1090 АҚШ долларын құрауда. Мемлекет тарапынан отандық бәсекеге қабілетті өндірушілердің та- уарларын шетелдерге шығару қатысты қолдау шараларын толықтай қайта қарастыру керек секілді.

«Келісім-шарттардың орындалуын қамтама- сыз ету» индикаторы бойынша еліміз әлем елдері ішінде алғашқы отыздыққа кіреді. Де- генмен, қарастырылып отырған 2012,2013 және 2014 жылдар ішінде аса өзгерістердің бола қоймауы, мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі оңтайландыруға және субъектілердің сауда-экономикалық қатынастарға түсуінен ту- ындайтын міндеттемелерінің мерзіміне сәйкес орындалуын қамтамасыз етуде заңнаманы жетілдіруге бағытталған шараларды уақыт тала- бына сәйкес жүргізу керек.

(7)

«Doing business» рейтингісіндегі «Несиелеу»

индикаторы екі индекстен құралады: заңдық құқықтар индексі және несиелік ақпараттың тереңділігі индексінен. Заңдық құқықтар индексі банкроттық туралы заңнаманың қандай дәрежеде қарыз алушылар мен кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғалатындығын көрсетеді. Соның нәтижесінде ол несиелеуге ықпал етеді. Есепке сәйкес Қазақстан Республи- касы «несиелеу» көрсеткіші бойынша 86-шы орынды иеленген (2013 жылы 82-ші, 2012 жылы 78-ші орын).

«Дәрменсіздікті шешу» индикаторын өл- шегенде кәсіпорынның дәрменсіздігі не төлем қабілетсіздігі кезіндегі борыштарды қайтаруға кететін уақыт ұзақтылығы ескеріледі. Бұл көрсетікіш бойынша еліміз 54-ші орынға

тұрақтаса, 2013 жылы 55-ші орында, 2012 жылы 54-ші орындарды иеленген. Соған қарамастан, кәсіпорынның дәрменсіздігін немесе төлем қабілетсіздігін шешуге кететін уақыт 1,5 жылды құрап отыр.

Қорытындылай келе, дәрменсіздік сала- сын мемлекеттік реттеуші болып табылатын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2012-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес, дәрменсіздік мәселелерін шешуге оны оңтайландыруға ниетті екенін көруге болады. Әрине түрлі рейтингтердің ел экономикасы нақты жағдайының көрсеткіші деп айту қиын. Бірақ оларды ескермеу мен есепке алмау болашақта жүйелік қателіктер мен түрлі әлеуметтік салдарларға алып келуі мүмкін.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67 «Банкроттық туралы» заңы

2. Жаримбетов Ж. Банкротство: кто на самом деле вредит экономике?, 01.03.2010. официальный сайт интернет медиа- портала Gazeta.kz http://articles.gazeta.kz/art.asp?aid=143197.

3. Davydenko S.A., Franks J.R., «Do Bankruptcy Codes Matter? A Study of Defaults in France Germany and the UK», The Journal of Finance, Vol. 63, Issue 2, pages 565–608, April 2008

4. Тенелов Д., Эксперты приветствуют законодательные изменения в сфере банкротства // Панорама, 2011 официаль- ный сайт газеты Панорама http://panoramakz.com

5. Жанайдаров И.У. Изменение законодательства и государственной политики в отношении правового регулирования института несостоятельности (банкротства) в Республике Казахстан //«Нефть, Газ и Право Казахстана», № 1/2011 г.

6. Доклад Международной Финансовой Корпорации и Всемирного Банка «Ведение бизнеса – 2014: Понимание регули- рования деятельности малых и средних предприятий»

7. http://invest.gov.kz/?option=content&section=4&itemid=111&lang=kz 8. http://www.bnews.kz/ru/news/post/124258/

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

ҚР АК, АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі т.б.. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері Бұл тақырыпты оқу барысында, «Азаматтық құқық»

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (2015 жыл 2 қараша № 383-V) 3-бабында «Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер

Құқық қағидалары адам құқығы мен азаматтық қоғамның негізі ретінде зерттелді. Адам құқығының тео- риясы азаматтық қоғамның құқықтық мемлекеттің негізгі

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде энергиямен жабдықтау шартына 482-бапта анықтама берілген: энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен

Зерттеудің нақты мақсаты — Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының азаматтық заңнамасында заңдық терминологияның қалыптастырылуы мен жұмыс

«Уақыт кезеңiмен анықталатын мерзiмнiң басталуы» [7; 132]. Азаматтық кодекстің «Меншiк құқығы ұғымы жəне оның мазмұны» деп аталатын 188-бабының 1-тармақшасында

Сонымен, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы нормаларды сипаттайтын əдіс, қағида жəне санат ретіндегі диспозитивтіліктің жалпы сипаттамасын

частей» деген норманың аудармасындағы «мотивировочная часть» сөзі — «уəждеу бөлігі» деп аударылған. Уəждеуден гөрі «дəлелдеу» деген сөзді