• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

First sources of the history of Kazakh-Turkish relations

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "First sources of the history of Kazakh-Turkish relations"

Copied!
15
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2616-7255 ISSN (Online) 2663-2489

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР. ФИЛОСОФИЯ. ДІНТАНУ сериясы HISTORICAL SCIENCES. PHILOSOPHY. RELIGION Series

Серия ИСТОРИЧЕСКИЕ НАУКИ. ФИЛОСОФИЯ.

РЕЛИГИОВЕДЕНИЕ

№ 4(133)/2020

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2020

Nur-Sultan, 2020

Нур-Султан, 2020

(2)

Аблажей Н. тар.ғ.д., проф., РҒА СБ Тарих институты, Новосібір, Ресей (Тарих) Аманжолова Д. тар.ғ.д., проф., РҒА СБ Ресей тарихы институты, Мәскеу, Ресей (Тарих)

Алпысбес М. тар.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Тарих)

Гасанов З. тар.ғ.к., проф., ҰҒА Археология және этнография институты. Баку, Әзербайжан (Тарих) Ковальская С. тар.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан,

Қазақстан (Тарих)

Сактаганова З.Г. тар.ғ.д., проф., академик Е.А. Бөкетов атындағы Караганды университеті, Караганда, Қазақстан (Тарих)

Адаева Г. философ.ғ.к., ассоц. проф., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Философия)

Бурбаев Т. философ.ғ.к., ассоц. проф., ҚР жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Философия)

Дашковский П. тар.ғ.д., проф., Алтай мемлекеттік университеті, Барнаул, Ресей (Философия) Синан О. философ.ғ.д., проф., Коджаэли университеті, Коджаэели, Туркия (Философия) Толғамбаева Д. философ.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Философия)

Шамахай С. РhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Философия)

Муминов А. тар.ғ.д., проф., Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICO), Кала, Түркия (Дінтану)

Кабылова А. философ.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Дінтану)

Сатершинов Б. тар.ғ.к., проф., ҚР БжҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Дінтану)

Султонов У. тар.ғ.к., проф., Ғылым академиясының Бируни атындағы шығыстану институты, Ташкент, Өзбекістан (Религиоведение)

Шаповал Ю. философ.ғ.к., проф., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Дінтану)

Ярош О. философ.ғ.к., Г.С.Сковорода атындағы философия институтының, Киев, Украина (Дінтану)

Бас редакторы: тар.ғ.д., проф., академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Сыдықов Е.Б. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

жауапты редактор (тарих) Жанбосинова А., тар.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан жауапты редактор (философия) Ғарифолла Е., философ.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан жауапты редактор (дінтану) Смагулов М., философ.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Редакция алқасы

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтпаев к-сі, 2, 402 б.

Тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31-457) E-mail: vest_hist@enu.kz Жауапты хатшы: Тубышева А.А.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР. ФИЛОСОФИЯ. ДІНТАНУ сериясы

Меншіктенуші: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тіркелген.

27.03.18 ж. № 16994-Ж -тіркеу куәлігі. Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 7 дана. http://bulhistphaa.enu.kz/

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі ,13/1, тел.: (7172)709-500 (ішкі 31 457)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, №4(133)/2020 BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University.

Historical Sciences. Philosophy. Religion Series, 4(133)/2020

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение, №4(133)/2020

МАЗМҰНЫ/CONTENT/СОДЕРЖАНИЕ

Бас редактордың алғы сөзі Welcome speech of Editor-in-Chief

Вступительное слово главного редактора... 7 Аблажей Н.Н., Наземцева Е.Н. Батыс Қытайдағы қырғыз-қазақ босқындары мен орыс эми- гранттары: босқын мәселесін шешу жолдары (РСФСР ҰКИД материалдары бойынша 1923 ж.)

Ablazhei N.N., Nazemceva E.N. Kirghiz refugees and Russian emigrants in Western China: Ways of resolving the refugee question (Based on the materials of the People's Commissariat for Foreign Affairs of the Russian SFSR in the summer of 1923)

Аблажей Н.Н., Наземцева Е.Н. Кирбеженцы и русские эмигранты в Западном Китае: пути решения беженского вопроса (по материалам НКИД РСФСР лета 1923 г.)... 13 Айтмағамбетов Д.Р., Мустафа Г., Тұрсұн Х.М. Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері

Aitmagambetov D.R., Mustafa G. Tursun H.M. Primary sources of the history of Kazakh-Turkish relations

Айтмағамбетов Д.Р., Мустафа Г., Турсун Х.М. Первичные источники истории казах- ско-турецких взаимоотношений... 24 Амангелді Т., Сандыбаев Ж.С. Исламға дейінгі "Соғыс" ұғымы және оның қазіргі таңдағы жиһадпен байланысы

Amangeldi T., Sandybayev Zh.S. The concept of the "war" in pre-Islamic period and its connection with the modern jihad

Амангелди Т., Сандыбаев Ж.С. Концепция "войны" в доисламский период и ее связь с совре- менным джихадом... 33 Атантаева Б.Ж., Камалжанова Т.А. Күнделікті өмірдегі депoртация үрдісі: Шығыс Қа- зақстан өңірі бойынша деректер және материалдар

Atantayeva B.Zh., Kamaljanova T.A. Deportation Everyday Life: sources and materials (in case of East Kazakhstan)

Атантаева Б. Ж., Камалжанова Т.А. Депортационная повседневность: источники и мате- риалы (на примере Восточного Казахстана)... 42 Башмаков А.А., Маслов Х.Б., Тулеубаев Ж.З. Қазақстандық бірегейліктің қайнар көздері және қоғамдық сананы жаңғырту

Bashmakov A.A., Maslov H.B., Tuleubaev J.Z. Origins of Kazakhstan identity and modernization of public consciousness

Башмаков А.А., Маслов Х.Б., Тулеубаев Ж.З. Истоки казахстанской идентичности и модер- низация общественного сознания... 63 Жахина Т.С. Танымда логикалық және интуитивті білімнің арақатынасы

Zhakhina T.S. Correlation of logical and intuitive knowledge in cognition

Жахина Т.С. Соотношение логических и интуитивных знаний в познании... 71

(4)

Кистаубаева А.К. Қазақтардың Францияға еңбек көші-қоны Kistaubayeva А.K. Labor immigration of Kazakhs to France

Кистаубаева А.К. Трудовая иммиграция казахов во Францию... 77 Нуртазина Н., Азмуканова A. Қазақстан тарихындағы әлеуметтік катаклизмдерді

қабылдаудың исламдық ракурсы («Зар заман" мектебінің мұрасы мысалында»)

Nurtazina N., Azmukhanova A. Islamic perspective on the social cataclysms in the history of Kazakhstan (on the example of the heritage of the school “Zar zaman”)

Нуртазина Н., Азмуканова A. Исламский ракурс восприятия социальных катаклизмов в истории Казахстана (на примере наследия школы "Зар заман")... 87 Пушкарева Н.Л. Ғылыми қоғамдастықты этнология әдістерімен зерттеу: гендерлік тәсілдің маңыздылығы

Pushkareva N.L. Study of scientific community by methods of ethnology: gende

Пушкарева Н.Л. Изучение научного сообщества методами этнологии: значимость гендер- ного подхода... 100 Самашев С.К. Оғыз таңбалары

Samashev S.K. Oghuz tamgas

Самашев С.К. Огузские тамги... 117

(5)

7

№ 4(133)/2020 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religion Series Құрметті әріптестер мен оқырмандар!

Назарларыңызға журналдың кезекті нөмірі ұсынылды. Алдағы 2021 жыл қарсаңында біз оны дамытудың жаңа басымдықтарын белгіледік, оны іске асыруда редакциялық құрамның түбегейлі өзгеруіне, жаңа біліктілік рейтингтеріне қол жеткізу мақсатында жарияланатын мақалаларға қойылатын талаптардың күшеюіне негізделеді.

Журналдың бас редакторы ретінде мен ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі ко- митеттің (Committee on Publication Ethics, COPE) «журнал редакторы үшін ең үздік тәжірибе қағидалары мен мінез-құлық кодексін» (Code of Conduct and Best Practice Guidelines for Journal Editors), жауапты редакторлар, редакциялық кеңес өз қызметінде баспа этикасы жөніндегі ере- желерге сүйенетін болады (Publication Ethics Resource Kit, немесе PERK).

Тәжірибелік қызметте мақалалардың сапалы мазмұнын жақсарту, жаңа авторларды тар- ту үшін біз тақырыптық, арнайы журнал шығарылымдарын, арнайы конференция шыға- рылымдарын қолданамыз. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мәртебесі ғылыми, инновациялық маңызы бар, ғылыми үлес қосатын және ғылыми жаңалыққа ие мате- риалдарды жариялауға міндеттейді. Біздің журналдағы авторлық жарияланымдарға қойыла- тын академиялық талаптар Web of Science және Scopus халықаралық базалары журналдары- ның талаптары деңгейіне сәйкес келетін болады.

Бұл шығарылымда Мәскеу, Новосібір, Алматы, Қарағанды және Нұр-сұлтан қалаларының авторлары бар. Орыс авторларының құрамы ғылыми қоғамдастықта танымал ғалымдар Н.Л.

Пушкарева мен Н.Н. Аблажеймен ұсынылған. Н.Л. Пушкареваның екі жүзден астам жұмысы басылымдарда жарияланған, әрі РҒДИ индекстейтін басылымдар болып табылады, дәйексөз- дер саны 6000-нан асады, ал Индекс Хирша - 41. Оның «Ғылыми қоғамдастықты этнология әді- стерімен зерттеу: гендерлік тәсілдің маңыздылығы» атты мақаласы этнографиялық білімнің әдіснамасы мен әдістерін әлеуметтану мен социопсихологияда қолдануға баса назар аудара- ды. Автор ғылым этнографының басты міндеті-ғалымның күнделікті практикалық іс-әрекетін зерттеу, «зертхана әлемін» құру, ғылыми қоғамдастықты әлеуметтік институционализациялау деп санайды. Н.Н. Аблажей мақаласы «Батыс Қытайдағы қырғыз-қазақ босқындары мен орыс эмигранттары: босқын мәселесін шешу жолдары (1923 жылғы жаздың РСФСР ҰКИД матери- алдары бойынша)», біздің новосібірлік серіктесіміз, өте қызықты тақырыпты ‒ 1916 жылғы кө- теріліс оқиғаларының назарында қырғыз және қазақ халқының (кирбежендер) және орыс эми- гранттарының туралы баяндап, Батыс Қытайға жаппай эмиграциялау мәселелерін көтереді.

Бір мақала археологиялық зерттеулерге арналған: біздің университеттің докторанты С. Са- машев әртүрлі жазбаша дереккөздер мысалында оғыз таңбаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтап, мәселенің тарихнамасына ғылыми үлес қосты.

Авторлар ұжымы - Д.Р. Айтмағамбетов, М. Гиритлиоглу, М. Тұрсын және А.К. Қыстауба- ева жалпы тарих мәселелерін қозғады. Алғашқы авторлардың «Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері» мақаласы түркі өркениеті тұжырымдамаларының фо- кусында қазақ-түрік қатынастары тарихы бойынша дереккөздерге талдамалы шолу болып табылады. Франция үкіметінің 1945-1980 жылдардағы иммиграциялық жұмысшылар мен қызметкерлерге қатысты саясатын талдау, А.К. Қыстаубаева «Қазақтардың Францияға еңбек көші-қоны» мақаласында ЕО елдеріндегі қазіргі заманғы көші-қон проблемаларын көрсетеді, автор қазақтардың Францияға еңбек көші-қон себептеріне назар аударды. «Зар заман» қазақ мектебінің рухани мұрасы туралы, оларды қазақтардың діні, этникалық санасы мен мәдени- еті мәселелерін зерттеу кезінде балама тарихи көздер ретінде пайдалану қажеттілігі туралы

«Қазақстан тарихындағы әлеуметтік катаклизмдерді қабылдаудың исламдық ракурсы («Зар за- ман» мектебінің мұрасы мысалында)» мақаласының авторлары Н. Нұртазина, А. Азмұқанова мәлімдеді. Қабаттасқан оқиғалар аясында өзекті - Атантаева Б.Ж., Камалжанова Т.А. авторлар-

(6)

8 № 4(133)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 дың «Күнделікті өмірдегі депoртация үрдісі: Шығыс Қазақстан өңірі бойынша деректер және материалдар» мақаланың ішінде мемлекеттік оңалту комиссиясының мәселелері көтерілген.

Еуропадағы радикалды ислам өкілдерінің террористік актілері аясында - Амангелді Т., Санды- баев Ж.С. авторлардың «Исламға дейінгі «Соғыс» ұғымы және оның қазіргі таңдағы жиһадпен байланысы» тақырып бойынша материалдар ұсынылды.

Алдағы сайлау қарсаңындағы өзекті мәселелерді Қазақстанның Даму стратегиясының бағдарламалық ережелерінің негізінде «Қазақстандық бірегейліктің қайнар көздері және қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын А.А. Башмаков, х. Б. Маслов, Ж. З. Төлебаев біріккен авторлар ұжымы қарастырды. Классикалық философия Т.С. Жахинаның «Танымда логикалық және интуитивті білімнің арақатынасы»мақаласында ұсынылған.

Құрметпен, бас редактор Е.Б. Сыдықов

(7)

24 № 4(133)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489

1Д.Р. Айтмағамбетов, 2М.Гиритлиоглу, 3 Х.М. Тұрсұн

1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

2,3Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан (E-mail: 1aitmagambetovduman@mail.ru; 2mgiritlioglu60@hotmail.com; 3tursunhazret@mail.ru)

ҒТАМР 03.20.

Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері

Аңдатпа. Түркі халықтары тарихы әлемдік тарихи ойдың шеңберінде қалыптасты.

Дүниежүзі тарихының мазмұнын құрылымдауда европоцентризм тұжырымдарының үстемдік етіп келгендігін ескерер болсақ, түрік өркениетінің өзіндік ерекшеліктері болғандығы да ескерілуі қажет. Мұндай зерттеудегі мақсат түркі тарихын әлемдік тарихтан ерекшелендіруді емес, керісінше оның құрамында қалыптасқан түркі ха- лықтары тарихының шынайы мазмұндалуына назар аударылуды көздейді. Мақалада қарастырылған қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихи алғышарттарын айқындау басты мақсат болып белгіленді. Өйткені, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қазіргізаманғы қазақ-түрік байланыстарынының бағыт-бағдарларын белгілеуде ортаға- сырлардан басталған туыстық байланыстардың деректік негіздерін айналымға ұсыну- дың ғылыми маңызы ерекеше.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары барынша жақын ықпалдастық ор- нықтарған мемлекеттерінің алдыңғы қатарында Түркия Республикасы тұрғаны бел- гілі. Мақалада қазақ-түрік байланыстары тарихының ерте кезеңіне қатысты дереккөз- дерге талдау жасалады. Мұрағат деректеріне талдау жасай отырып, екі елдің арасында қалыптасқан достық, стратегиялық әріптестіктің тарихи алғышарттары туралы тұжырымдар жасалған.

Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын ғылыми қалпына келтірудің ба- сты шарттарының бірі-оның ғылыми дерекөздер кешеннің болуы. Ғылыми, объективті ақпараттар мен мәліметтерді қамтыған дереккөздер тарих мазмұнын қалпына кел- тірумен қатар тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндірудің басты құралы болып саналады. Қазіргі кезде Түркияның архивтерінен қазақ-түрік байланыстарын айғақтай- тын деректер табылып ғылыми айналымға ұсынылуда. Ол деректерді тақырыптық, хронологиялық және жанрлық тұрғыда топтастыруды қажет етеді.

Осы дереккөздердің қатарында тақырыбы бойынша Қазақ хандығы мен Осман мемле- кеті арасында хронология бойынша Қазақ хандығы, жанры бойынша архивтік әрі дипло- матиялық құжаттарды қарастыруға болады. Өйткені, қазақ-түрік саяси-мәдени бай- ланыстарының бастау нүктесі ретінде бұл деректердің ғылыми маңызы ерекше. Қайып хан Тәукеұлының Осман сұлтаны ІІІ Ахметке жіберген елшілігі екі елдің бүгінгі заманғы саяси байлыныстарына негіз қалады деп бағаланады. (286)

Мақалада осы алғашқы дипломатиялық байланыстың кейінгі кездегі байланыстарға қазақ-түрік саяси байланыстарына ұласқандығы жөнінде деректер сараланады. Қолы- мызға ілінген деректер Қазақ хандығы ыдырап, Ресей империясының модернизациялық ықпалына тартылған кезеңде отарлық биліктің екі елдің байланыстарына кедергі жа- сап баққанымен де үзіліп қалмай, одан әрі жалғасқандығын көрсетеді. Әсіресе, бұл байла- ныс діни-рухани және мәдени-ағартушылық бағыттарда биресми тұрғыда жеке тарихи тұлғалардың саяси, діни-ағартушылық қызметтері арқылы жалғасты. Мақалада бірқа- тар архив және баспасөз деректері талданып, ғылыми айналымға ұсынылады.

Түйін сөздер: қазақ-түрік байланыстары; Қазақ хандығы; Осман сұлтандығы; Қайып хан; қазақ елшілігі; Мұстафа Шоқай.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-24-32

(8)

25

№ 4(133)/2020 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religion Series Кіріспе. Қазақ хандығы туралы Османлы

мемлекетіне алғашқы хабарлар 1521 жылдың көктемінде жеткен. Осы кезде Қырым ханы Мұхамед-Герей Сүлеймен Сұлтанға Ноғай хандығындағы саяси ахуал туралы жолдаған хатында «Мұнда әуел алдында ноғай елі мекендеген иелікке қазақ деген атпен мәлім аса бір үлкен ел хандарымен бірге көшіп келіп, қоныстана бастады. Бұл жақты күшті қылып тұрар» [1, б. 31] деген мазмұнда хабар берген екен. Қазақ хандығы мен Қырымның арасындағы саяси байланыс осы екі елдің ортасындағы Ноғай Ордасына қатысты өрбиді.

1523 жылы Қырымға Қазақ хандығының елшілігі жіберілген. Елшіліктің мақсаты Ноғай Ордасына қарсы бірлескен шаралар іздестіру болса керек дейтініміз, сол жылы ноғайлар қырымдықтарға қатты соққы берген болатын. Осы қазақ елшілігі жөнінде Қырым билеушілері Мәскеуге жолдаған хаттарында екі елдің арасында достық туралы келісім бар екендігі хабарлайды. Екі ел арасындағы достық, татулық ниеттерін қазақ билеушілері Хажытарханда мерт болған Мұхамед- Герейдің орнына Османлы тарапынан хандыққа бекітілген Сағадат-Герейдің таққа отыру салтанатына орай жеткізілсе керек.

Сағадат-Герей хан өз жолдауында «...өзге жақтағы қазақ ханы, ол да маған туыс...»

десе, Дәулетбақты бек: «Қазақтардан да ...

кісілер келді» дейді. Ал Әбдірахман бек: Ана жақтан оған (Қырымлы ханына) қазақтардан кісі келді» [1, б. 31] деп қазақ елшілігінің келгендігін және Қазақ хандығымен келісімге қол жеткізілгендігін растайды.

Осман сұлтаны ІІІ Ахмет өз заманында отаршыл Ресейдің ортаазиялықтарға ықпалын азайтуды көздеген тұлға болса, қазақ ханы Қайып билікке келген жылдары (1715) шығыстан – жоңғар, оңтүстіктен – хиуа- қоқан, солтүстіктен ресейлік басқыншылар көз алартқан қиын заман болатын.

Осындай алмағайып жылдары Қайып хан Тәукеұлы түрік сұлтанына 1711 және 1713 жылдары екі хат жазыпты. Бірінші хатты зерттеуші-шығыстанушы И.В.Ерофеева осман-түрік тілінің маманы Т.Бейсембиеваның қатысуымен орыс тіліне аударған.

Қайып ханның хаты мынадай дәстүрлі мадақпен басталған: «Екі қасиетті қаланың (Мекке мен Медина) қызметшісі, жер мен теңіз қожасы, қағандардың қағаны Ахмет хан сұлтанды билік пен ерлік, өрлік пен әділеттілік, даңқ пен қайырымдылық нұрландырады, дініміздің шынайы сәруары – ұлы билеуші орданың және даңқты әрі жоғары Осман-хан әулетінің лайықты әрі мақтаулы ізбасарының даңқын татулық пен келісім, ақкөңілділік пен ынтымақтастық айшықтайды». Осман сұлтанына арналған бұл мадақ сөздердің астарында Осман мемлекетінің күш-қуатына деген мақтаныш әрі оның билеушісіне деген бауырлас халықтың құрметі аңғарылады.

Одан әрі «Сіздің мәртебелі ойыңыз алдында шынайы досыңыз Тәшкенттегі Афрасиаф тағында отырғанына осы айтылғандар ашық айқындық берсін. Өзіміздің құзырымыздағы және иелігіміздегі: Түркістан, Әндіжан, Сайрам, Қарақалпақия және басқа да халықтар шариғаттың жасыл байрағын асқақтату үшін таңертең де, кешке де шынайы ізгілікпен дұға жасаймыз» деген мәтіннен Қазақ ханының өз заманындағы иеліктері туралы нақты ақпаратты кездестіреміз. Сол кездегі қалыптасқан тарихи жағдайларда Қазақ хандығының иелігі Түркістан мен Сайрамнан өзге қарақалпақ жері мен Ферғана аңғарындағы Андижанға дейін таралғандығын хан сеніммен айтады.

Хаттың мәтінінде Мәскеу мемлекеті тарапынан «Ака Аштак» иелігіндегі сунниттерді бағындырып, салық төлетіп тұрғандығын «біздің мемлекетіміз бен Мәскеу мемлекетінің арасында «Ака Аштак»

деп аталатын иелік бар» деп жазады. «Осы халық бүкіл әскерімен және туы астына жиналғандармен Мәскеуден қорыққандықтан мұсылман дініне шексіз беріліп бізге көшті.

Егер сіз бізге қол ұшын беретін болсаңыз, біз дінсіздерден осы иеліктің сегіз қаласын тартып алар едік. Егер біз бірлесе қимылдасақ, Мәскеу иелігіне айықпас кесір келтіреміз» дейді.

И.В.Ерофеева хатта айтылған «Ака Аштак»

иелігі Жайық-Орал алқабы дей отырып,

«ака» сөзін «өзен» деп тәпсірлеген [2]. Біздің пікіріміз, бұл жердегі «Ака» - Ока өзені болса, Д.Р. Айтмағамбетов, М. Гиритлиоглу, Х.М. Тұрсұн

(9)

26 № 4(133)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері

«Аштак» сөзі башқұрттардың ежелгі атауы

«естек - ештек» болуы керек.

Одан әрі түріктермен соғыста орыстардың жеңіліс тапқандығы туралы хабарды қуанышпен қарсы алғандығын «Осы оқиға туралы хабар бізге жетісімен біз өзімізге шынайы берілген және мәртебелі Құрбан- бек көкілташ арқылы сіздің сарайыңызға осы хатты жолдадық. Сіздің үкіміңіз қандай болатындығы туралы хабарды жылдам жіберсеңіз, біз оны асыға күтеміз. Сіздің ізгілікке толы салтанатты сарайыңыздан айтылғанның бәрін біз жоғары дәрежеде орындауға дайынбыз» деген уәдемен аяқтайды. Хаттың мазмұнынан Осман сұлтандығын орыс басқыншыларына қарсы күресте бірлесе әрекет етуге шақыруын Қазақ хандығының сыртқы саясатта одақтас іздеген әрекеті аңғарылады.

XVIII ғасырдың басы қазақ елі үшін қасіретін ала келді. XVII ғасырдың 20-жылдарында қалмақ қолы көрші жатқан башқұрт, түркімен, қазақ, қарақалпақтарға қырғидай тиіп өз үстемдігін орната бастаған еді. Қалмақ ханы Аюке (1646-1724) Ресейге елші жіберіп, оған бағынышты екенін білдіріп, I Петрдің сеніміне кіреді. Тіпті, орыс патшасы оған Ресейдің оңтүстік бөлігін көшпелілерден қорғауды тапсырады. Орыс патшасының тілін тапқан Аюке Стамбулға хат жолдап, сұлтанға бағыныштылығы мен адалдығын білдіріп елші аттандырады. Осман сұлтанының елшіге берген жауабында, егер қалмақтар Қырым ханымен және айналасындағы мұсылмандармен тату тұратын болса, оны өз қанатының астына алатынын білдіреді.

Біраз жыл өткен соң Осман сұлтанына қайта елші жіберген Аюке алғысын білдіріп, сұлтанның айтқанын екі етпей орындағанын, мұсылмандармен бірігіп Ресеймен күресе беретіндігін жазған. Бір қызығы, хаттарда Аюке «Қыпшақ» ханы аталып, сұлтанның көңілін табу үшін өзін мұсылмен үмбетінен, қыпшақ қауымынан етіп көрсеткен. Осы кезде Аюкенің Осман сұлтанына елші жібергенін сезген Қайып хан Сейітқали батырды Стамбулға жедел аттандырып, оның жымысқы әрекетін әшкерелейді. Қайып хан екіжүзді

Аюке Ресеймен одақтасып, мұсылмандарға қысым көрсетіп жатқаны, содан соң, қалмақты екі рет шауып жазасын бергендігін баяндаған.

Хат соңына қазақ ханы Қайып Мұхаммед хан деп қол қойылған.

ХVІІІ ғ. бас кезінде Ресейбашқұрт түріктерінің аумағын жаулап алып Қазақ хандығымен тікелей шекаралас болды. Екі елдің арасында күрделі қарым-қатынас қалыптасты.Осы кезеңде 1711 ж. жеңіспен аякталған «Прут соғысы», Османлы билігінің халықаралық беделін көтерген оқиға болды.

Өз кезегінде бұл оқиға Қазақ хандарының ежелден дұшпан болған Ресейге қарсы күресте Османлының қорғаушы бола алатындығына деген сенімдерін күшейткен еді [3, б. 191].

Ресейдің басқыншылығынан қорғану үшін Қайып Мұхаммед хан 1715 ж. Құрбанбек бастатқан тағы да бір елшілік жіберген. Оның жіберген хатында Қайып Мұхаммед хан Ресей тарапындағы оқиғаларды патшаға жазған және башқұрт түріктерінің әлсіздігін пайдаланып отырған орыстардың залымдықпен башқұрт елін басып алғандарын, Османлы өкіметінің көмегімен бұл шабуылдарға қарсы шыға алатындарын айтқан [4, б. 351]

Османлы астанасынан Қазақ ханына жолданған жауап хаттың да дерегі қызықты.

Османлы өкіметі Қазақ хандығына көмек көрсету Прут соғысындағы жеңістен кейінгі орыс патшалығымен жасасқан келісімдердің шарттарына сәйкес емес. Сондықтан қазақ ханы өз бетінше еркін әрекет жасауына болады деген мазмұнда жауап қайтарылған [4, б. 352].

Бұл хаттың түп мағынасында қазақ ханының Ресеймен соғысына Османлы мемлекетінің куанышты болатыны аңғарылады. Солай дегенмен де, Османлы сұлтаны Ресеймен жасалған келісім бойынша, қазақ хандығына көмек көрсете алмайтындықтарын білдіреді [4, б. 184].

Түркия Республикасы Премьер- Министрлігінің Османлы Архивінде осы дипломатиялық байланысты айғақтайтын құжаттар сақталған.Осы құжаттар Османлы сұлтандығы мен Қазақ хандығының алғашқы дипломатиялық байланыс болғандығы туралы мәлімет береді. Қайып Мұхаммед хан

(10)

27

№ 4(133)/2020 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religion Series

Д.Р. Айтмағамбетов, М. Гиритлиоглу, Х.М. Тұрсұн елшıсі Сейітқали батыр 1713 жылдың тамыз

айында Османлы астанасына келіп, Қайып Мұхаммед хан тарапынан патшаға жіберілген қымбат маталар мен сәйгүліктерді сыйлық ретінде тарту еткен [5].

Османлы сұлтаны ІІІ Ахмед тарапынан жақсы қарсыланып, жақсы шығарып салынған елші келген жолы Бағдад бағытымен еліне қайтқан [6, б. 185.]. Осы жерде айта кетерлік бір жағдай, И.В.Ерофеева және т.б.

ғалымдардың деректерінде қазақ елшілігінің Стамбулға барған бағыты жөнінде нақты деректер айтылмайды. Мәтінмен танысу барысында біз елшілердің Хиуа, Бұқара, Самарқанд, Бағдат арқылы барып, осы жолмен кері қайтқандығын нақтыладық.

Қазақ хандығының елшілері үшін ең жақын жол Қырым хандығы арқылы Қара теңізбен кемемен Стамбулға бару әлдеқайда тиімді болатын. Әйтсе де, Қырым хандығымен арада Ресей протекторатындағы Қалмақ елімен қырғи қабақ жағдайда болған Қазақ хандығы үшін елшілікті қауіпсіз санаған Бағдат бағыты арқылы жөнелткенді дұрыс санаған сияқты.

Кіші жүз ханы Әбілқайыр да Османлы өкіметіменбайланыс орнатуға әркет жасағандығын айтуға болады. Осыған байланысты З.В.Тоған былай жазады:

1741 ж. Әбілқайырдың Петербургке келген елшілерітүрік елшісін кездестіріп, Түркияныңқазақтарды орыс бодандығынан құтқарып, өз қарамақтарына қабылдауы туралы Әбілқайырхан атынан өтініш айтқан [7, б. 175]. Бірақ бұл өтініштер сол кездегі қалыптасқан тарихи жағдайларға байланысты қабылданбаған. Осы жылдардан кейıн Османлы мемлекеті мен Қазақхандығы арасындағы тікелей байланыс үзілген деп санауға болады. Сондықтан осы хат алмасулардан кейін екі мемлекет арасындағы дипломатиялыққарым-қатынастың болғанын растайтын ешқандай құжат кездестірмедік.

Бәлкім, ондай қарым-қатынастар болса да Хиуа мен Бұхара хандықтарының делдалдықтарымен іске асқан болуы мүмкін деген болжам жасаймыз. Әзірге ондай деректер қолымызға түскен жоқ.

Османлы мемлекеті орыс қауіпі пайда болғаннан бастапсыртқы саястында

Түркістан хандықтарына көмек беру саясатын жүргізгендігін айтуға болады. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, елдер арасының қашықтығы орыс басқыншылығына тосқауыл жасайтындай пәрменді әреке етуге мүмкіндік бермеген сыңайлы.

Мехмет Сарайдың тұжырымында орыс отаршылығына қарсы қазақ-түрік ынтымақтастығының іске аспай қалуына байланысты «Түркістан хандықтарының Османлы өкіметінің ескертулеріне карамай, бір-бірімен соғысулары да бұл мемлекеттерді тоздырған. Түркістан хандықтары бұл жағдайда орыстардың басқыншылығына қарсы тұрулары мүмкін болмаған [8, б. 2]

деген дәлелкеңірек таратуды қажет етеді.

Османлы мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынастар ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде басталған, қалыптасқан тарихи жағдайлар қазақ билеушілерін бауырлас түрік елінен көмек сұрауға мәжбүрлеген. Кіші жүз қазақтарының орыс ықпалынан қысым көріп, олардың айдап салуындағы қалмақтармен жиі қақтығыстарға баруы, осы кезеңде башқұрт жерінің орыс ықпалында қалып қоюы жағдайды мүлдем шиеленістіріп жіберген. Екі елдің тікелей шекаралас болмауы, жер шалғайлығы тікелей байланысты шектеді. Батыста Ресей, оңтүстікте Парсы мемлекеттері Османлының әскери немесе басқа да көмек беруіне кедергі жасады. Жер шалғайлығы екі елдің жылдам хабар алып отыруына, барыс-келіс жасауына мүмкіндік бермеді. Оның үстіне Қазақ хандығының саяси бытыраңқылыққа түсуі, Бұқара, Хиуа хандықтарымен көбіне қырғи-қабақ жағдайда болуы Орталық Азиядағы түркі мемлекеттеріндегі саяси бірліктің болмауын танытатын еді. Осы саяси ахуалдан хабардар болып отырған Османлы билігінің бұл аймақта батыл саясат жүргізуіне салқынын тигізді. Османлыдан қазақ хандығы үшін қиын сәтте пәрменді көмек келмеуінің осындай тарихи жағдайлары болды.

Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихының дереккөздерінің қатарында ХХ ғасыр бас кезінде жарық көрген газеттерді атаймыз. Қазақ жеріне кеңінен таралған

(11)

28 № 4(133)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489

«Қазақ» газеті бауырлас ел ретінде өзінің бірінші санынан бастап Түркияда болып жатқан оқиғаларды оқырмандарына хабарлап тұрды. «Сыртқы хабарлар» топтамасында («Қазақ». 1913 ж., №1, 2 февраль) Балқан соғысы туралы «Түркия мен төрт патшаның соғысынан... біреуден-біреуге ауызбен айтқан хабарлардың ішіне айтушылардың сөзі қосылып, дұрыс-бұрысыараласып, әлігі хабар қазақ ішіне бара қоймайды» деп, осы соғыс туралы толық ақпарат берудің қажеттігін алға тартады.

Газеттің екінші санында «Соғыс жайынан»,

«Балқанда» және «Түркия хабары» атты үш мақала жарық көрген [9]. «Балқанда»

мақаласының авторы Шектібаев түріктер «ХІІІ ғасырда Түркістанда болып, жауынгер, мықты халық болған» деп мақтанышпен жазады.

Қажылық сапар сол кезеңдегі халықаралық байланыстардың атрибуттарының біріне айналған еді.Орта Азия мен қазақ жерінен қажылық сапарға бару үшін Стамбұл маңызды рөл атқарғандығын «Қазақ»

газетіндегі хабарлардан біле аламыз.

Теміржол арқылы Одесса қаласына барған қажылар қаладағы түрік консулдығына барып, төлқұжат жаздырып алып, сапарын одан әрі жалғастыратын болған [10].

«...Біздің қазақ Стамбулдағы османлы түріктерін «түрік» деп атайды, халифе жұрты деп атаушылар да бар. Төтесі оларды османлы түріктері деп атау керек», - деп жазады Ғ.Ж.А.Жәнібеков. «Осы күнде бұл бауырларымыз османлы түріктері өздерінің жеңілгенінде неліктен жеңілдік деп, соның себептерін іздеп жатыр, - дей келіп, - Түрік патшалығының оқу-һөнерде кемдігін осы болып өткен Балқан соғысы анық көрсетті» деп оның себебін нақтылап, өз пікірін білдіреді.

Автор бұндай кемшіліктің бүгінгі күні қазақта аса зор екендігіне назар аударады [11].

Түркияның архивтерінде Ресейдегі қос төңкеріс қарсаңындағы қазақ-түрік байланыстарын айғақтайтын деректер сақталған. Осы деректерді талдау бірқатар мәселелерге айқындық береді. 1917 жылы ақпанындағы Қазан төңкерісі бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясына

қарсы соғысқан Ресейге жаңа бір леп ала келді.

Көбінесе Германияның қауіпсіздік қызметінің дереккөздері арқылы Осман империясына жеткен төңкеріс жайлы мәліметтерге қатысты Садразам (премьер-министр –авт.) Талат Паша

«Танин» газетіне берген сұхбатында: «Біз бен Ресей арасындағы барлық келіспеушіліктер Патша үкіметінің Түркияны жою саясатынан туындап отыр. Жаңа Түркия жаңа Ресеймен бейбіт келісімге келе алады» [12] деп айтқан болатын. Шынымен аз ғана уақыттан кейін жаңа Ресеймен жүргізілген келіссөздер Брест- Литовск бейбіт келісімінің (20 желтоқсан, 1917 – 3 наурыз, 1918) құжаттарында көрініс тапты.

Осман мемлекеті Ресейдегі жаңа өзгерістерге қатысты әуелі жақын көршілері Кавказ және Әзірбайжанға көңіл бөле бастады. Ресейдің басқа да аймақтарында тұратын түркі халықтарының азаттықтарын алуларына бағытталған іс-әрекеттер жасады.

Қырымда, Ташкентте, Бакуде, Орынбор мен Мәскеуде түркістандықтар, қазандықтар, қырымдықтар, әзірбайжандар бір-бірімен кездесіп, тәуелсіз түрік дүниесін құру жолында әрекет етті [7, б. 156].

Естелік жанрындағы дереккөздердің қатарында қазақ-түрік байланыстарының бел ортасында жүрген М.Шоқайдың жазбаларының да құбылысты ғылыми қалпына келтірудегі маңызы үлкен.

Балқан соғысы кезінде Ресей жоғары оқу орындарындағы түркі-мұсылман студент жастары саяси белсенділік танытқандығын М.Шоқай естелігінде «1910-1914 жылдары Петербург университетінде оқып жүрген болатынмын... Петербург көшелерінде

«Аясофия үстіне крест» қоюды талап еткен ереуілдер өтіп жатқан. ...біз – әзірбайжан, татар және түркістандық студенттер орыстардан бөлініп, өзімізше әрекет жасамақ болдық. Ол кезде қызмет бабында Петербургта тұрып жатқан түркістандық адвокат Серәлі Лапиннің келісімін алып, сол кісінің үйінде бас қосып тұратын болдық... Бас қосуымыздың күн тәртібі бір ғана тармақтан тұратын. Егер Балқан соғысына Ресей араласатын болса, онда біздің позициямыз қандай болуы тиіс деген мәселе төңірегінде пікір алысатынбыз»

[13, б. 362] деп тебіреніспен жазады.

Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері

(12)

29

№ 4(133)/2020 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religion Series М.Шоқайдың сөз етіп отырған түркі-

мұсылман студент жастарының Балқан соғысына байланысты туындаған толқуларына 1912 жылы Петербургтегі Әскери- медициналық академияның соңғы курсында оқып жүрген С. Асфендияров та қатысқан. Бұл жөнінде: «Менің есімде 1912 жылдың күзінде, бірінші Балқан соғысы тұсында Петербургте қазақ, татар, өзбек студенттері арасында Түркияны қолдаған үлкен қозғалыс болды.

Болгар студенттері бізбен жұдырықтасу алдында тұрды. Сол кездері болып тұрған мәжілістердің бірінде Бөкейхановқа «біз Түркияға барамыз, нағыз ұлтжандылықтың дәлелі осы болмақ дедік». Бөкейханов сонда біздің түрікшілдігімізге үзілді-кесілді қарсы шығып, «өздеріңді ешқандай да сағыммен алдамаңдар, ескі Түркия ыдырау үстінде»

деген сияқты ойларын айтып, біздің назарымызды батыстық өркениетке бұрды»

[14, б. 91] деген естеліктің мәліметтері де назар аудартады.

Ресейде тұратын түркі халықтары тәуелсіздік жолында қадам жасап жатқанда Осман империясының астанасы Стамбулда білім алуға келген қырғыз, қазақ, әзірбайжан, башқұрт, қырымдық және қазандық студенттер де өз жұрттарының азаттыққа жетуі жолында бірталай іс-шаралар атқарды. Өздерін «Астрахан, қырғыз, қазақ түркілерінің делегаттары» ретінде танытқан бір топ студент Ресейде болып жатқан өзгерістер туралы Осман Үкіметіне ақпарат беру және осы аймақтарға назарын аударту үшін жұмыстар жасаған. Осы одақты құру үшін әзірлеген баяндамаларын Қарулы күштердің басшылығына ұсынады. 1917 жылдың 2 шілдедегі манифесте қырғыз-қазақ түріктерінің тарихи дамуы жайында сөз қозғалып, осыдан кейін аталмыш аймақтар үшін қандай жұмыстар жасалуы керектігі көрсетілген. Манифест «Түрік халқының бір бөлігі болып табылатын он екі милионнан аса халқы бар қырғыз-қазақ түріктері қоныстанған жер көлемі жағынан Ресейдің құрамындағы түріктердің басым бөлігін құрайды» деп басталып, одан әрі тарихи жағдайларда Ресейдің отарына айналу себептері

баяндалады. «Ресей патшалығының зұлым саясаты қырғыз-қазақ түріктерінің бір ғасырға жуық уақыт еркін дамуына кедергі болды...

«қырғыз-қазақ балалары ретінде алты-жеті жылдан бері Стамбулдың білім ошақтарында білім алдық. Қырғыз-қазақ жастары Ресейде басталған төңкеріске байланысты Ресейдің бодауынан құтылуды және өз жерінде тәуелсіз өмір сүруді қалайды. Сонымен қатар, Ұлы Түркіліктің қалыптасатын сәті туды деп ойлайды. Осы мақсатта қолдан келгенше жанқиярлық танытып, тіпті өлімге болса да бас тігіп, мемлекетімізге оралуды қалаймыз.

Осы орайда әрекет ететін жоспарымыз бен атқаратын іс-шаралардың мақсатына қатысты бірнеше баптан тұратын манифесімізді Ұлы Үкіметке ұсынып отырмыз. Келешекте бір Түрік байрағының астында бірігетін қырғыз-қазақ бауырларыңыз жалғыз ғана арқа сүйеріміз ретінде үкіметіңізден материалдық әрі рухани қолдау көрсетуді сұрайды» деп, атқарылатын жұмыстардың мынадай қағидаларын ұсынады: Қырғыз- қазақ түріктерінің өз шекарасында ішкі тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін әрекет ету; Көшпенді өмірді тоқтатып, тез арада отырықшы өмірге көшуге әрекет ету; Ішкі тәуелсіздік пен шекараны сақтап қалу үшін әскери ұйым құруға кірісу; Қырғыз- қазақ түріктердің ағартушылық деңгейін көтеру, тұтастығын сақтап қалу үшін білім- ғылым ұйымын құру; Орталықтандырылған басқару жүйесі ғылым-білімінің тез арада кеңінен таралуы үшін мүмкіндігінше Осман Империясына білім алушыларды жіберіп отыру». «осы аталған бес қағидаларды жүзеге асырып... халықты бір ғана түркі байрағының астында біріктіру үшін жанқиярлықпен еңбектену және сол жолда өлу» [15].

Бұл манифестен Түркияда білім алып жүрген аз ғана қазақ жастарының тәуелсіздікке деген ұмтылысы аңғарылады.

Әйтсе де, қазан төңкерісі ала келген көңіл- күйдің әсерімен тәуелсіздік алуға әрекет етіп, Осман мемлекетінен қолдау сұрағандар тек қырғыз-қазақ жастары ғана емес еді. Түрік- ислам әлемінің арқа сүйері ретінде танылған Стамбул қаласына дәл сол кезеңдерде Д.Р. Айтмағамбетов, М. Гиритлиоглу, Х.М. Тұрсұн

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.. Гумилев атындағы Еуразия

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Қазақстан Республикасындағы түрік диаспоралары тіліндегі қазақ

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан, Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА),

1 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң теориялық математика және ғылыми есептеулер институты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан. 2

1 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң теориялық математика және ғылыми есептеулер институты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан. 2

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: asanusenov463@gmail.com, mira7906@mail.ru,

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан (E-mail: Dauam@mail.ru ).. Қазақстандағы

Шектерi белгiлi функциялардан құрылған функцияның шегiнiң сол белгiлi шектер арқылы бейнеленетiн және «анықталмағандық» деп