227
ЕКІ МӘТІНДІ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Кабденова Салтанат Калижановна, Уразгалиева Салтанат Бекежановна, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қостанай қ.
Аннотация
Мәтін талдау – оқылым дағдысын жетілдіру үшін қолданылатын тапсырмалардың бірі.
Мәтінді тұтастай алып талдау арқылы оқушылар оның эстетикалық табиғатын түсінеді және филологиялық білім дағдыларын дамытады. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушы мәтіндерді жан-жақты саралауға, астарлы ойды түсінуге, ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге үйренеді.
Аннотация
Анализ текста – одно из заданий, применяемых для совершенствования навыков чтения.
Учащиеся через анализ текста понимают его эстетическую природу,в целом развивают навык чтения. Этот вид работы обучает учащихся анализировать тексты, понимать подтексты, упорядочивать мысли и аргументировать.
Abstract
Text analysis is one of the activities applied for developing reading skills. The students comprehend the aesthetic nature of the text through its analysis and develop the reading skill in general. The tasks of this type teach the students to analyse texts, to understand the implied meaning, to bring their thoughts in order and to give arguments.
Кілт сөздер: мәтін, мәтін түрлері, мәтін ерекшелігі, талдау, салыстыру, дәлелдеу Ключевые слова: текст, виды текста, особенности текста, анализ, сравнение, аргументировать
Keywords: text, types of texts, particularitıes of texts, analysis, comparison,to give arguments Мәтін - карым-катынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы терминологиялық ұғымда бертінде колданыла бастады. Мәтін - мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың хабарға көзқарасымен, хабардың нысандылығымен және прагматикалық ұстанымымен сипатталатын ауызша немесе жазбаша формадағы хабар.Заманауи мәтін лингвистикасы мәтіннің өзі мен құрылымын, категориялары мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең алдымен көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді.
И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Н. И. Шендельс, Г. В. Колшанский және баска ғалымдардың пікірінше, мәтін - тілдің модельдендірілген бірлігі, қарым- қатынаста коммуникативтік аяқталған ойға ие негізгі тілдік бірлік ретінде қоғамда қызмет ететін микрожүйе.Мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуына және айтушының (жазушының) коммуникативтік ниетіне қарай, Г.А. Золотова бес мәтін (сөйлеу) типтерін немесе сөйлеу регистрлерін бөледі: репродуктивті (бейнелеу), информативтік, генеритивтік (акпаратты жинақтау)-монологке тән, ал волюнтивтік және реактивтік- диалогке тән.
Г. Әбікенованың еңбегінде мәтіннің бірнеше типтерін көрсеткен: Стиль түрлеріне қарай: ғылыми, көсемсөз, іскери, көркем мәтін; Ақпаратты тасымалдау түрі бойынша:
ауызша, жазбаша, электронды т.б.; Көлеміне қарай: макромәтін, микромәтін, күрделі синтаксистік тұтастық т.б.;Қарым-қатынас тақырыбы мен сөйлеу тәсіліне қарай:
гуманитарлық, тарихи, танымдық, аргументтік т.б.; Берілу тәсіліне қарай: диалог, монолог, полилог.
Сөйлемді мәтіннен бөліп алып талдау оның тілдік табиғатын жан-жақты аша алмайтыны қазіргі уақытта тілші-ғалымдар тарапынан толық дәлелденіп отыр. Олар
«…бұл мына жайларға байланысты: біріншіден, қандай мәтінді қалай талдау зерттеушінің алдына қойған мақсат - міндеттерінен туындайды, екіншіден, әрмәтіннің өзінді керекшеліктері ескеріледі», - деп атап көрсетеді. Мәтінді тұтастай алып талдау
228
арқылы оқушылар оның эстетикалық табиғатын түсінсе, екіншіден, филологиялық білім дағдылары дами түседі.
Осы тұрғыда мәтін талдаудың бір жолын ұсынамыз. Мәтіндерді салыстыра талдау оқушыларға не береді? Жоғары деңгейдегі лингвистикалық дағдыларды білуге, түрлі қиын мәтіндерді түсінуге, мәтіндердің түрлері мен стилін анықтай алуға, мәтіндерді салыстыру және анализ жасай алуға, оқушылардың мәтінді түсініп оқуларына, мәтіндерді саралауға, астарлы ойды анықтауға, ойын жүйелі, дәлелді түрде жеткізуге үйренеді. Оқушылар осы тапсырманы орындау барысында екі мәтіннің ұқсастықтарын бірінші абзацқа, айырмашылықтарын екінші абзацқа саралайды. Мәтіндердің формасын, стилін, мақсатын, мазмұнын, аудиториясын, жанрын, тілін (сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде) талдап, мәтін түрінде ойларын сабақтастырып жазады. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасатуды үйрету барысында оқушыларға мәтіннің формасы екі түрлі болатынын: жазбаша - әдеби норманы қатаң сақтап жазу түрінде сипаттайды.
Ауызша мәтіндер дыбысталып, әдеби норманың еркін түрімен сипатталатынын, олар суреттеу, баяндау, талқылау, сендіру, аргумент келтіру түрінде де болуы мүмкін екенін, сондай-ақ мәтіндердің жанрлары мақала, репортаж, очерк, рецензия, интервью, комментарий, әңгіме, повесть, роман, өлең, драма, ертегі, трагедия, комедия, лекция, монография, ғылыми диссертация, бұйрық, арыз, қызметтік хат, блог-пост, үндеу мәтіні, өмірбаян, күнделік, жол жазбалары, жарнама, хабарландыру, нұсқаулық, дау тудыру, әңгімелесу, хабарлама, баяндама, мінберсөз т.б. Мәтіндердің мақсаты - ақпарат беру, қызықтыру, сендіру, дауласу, талқыға салу, суреттеу, ақыл-кеңес беру, нұсқау беру, баға беру, тәрбиелеу, хабарлау. Аудиториясы түрлі жастардағы топтарға: мысалы, тарихқа немесе футболға қызығушы адамдарға; кәсіби мамандарға: мұғалімдерге, дәрігерлерге; әртүрлі әлеуметтік топтарға: жұмыссыздарға, еріктілерге, жас қызметкерлерге, балаларға, т.б. арналатындығын, ал стилі ауызекі сөйлеу, публицистикалық, көркем әдеби, ғылыми, ресми-іскерлік болатынын, тілі жағынан қарастыруда сөз деңгейінде: лексика тұрғысынан, экспрессивті-эмоционалды тіркестер, ауызекі қарым-қатынастағы тіркестер, кәсіби тіркестер, жаргон сөздер, кірме сөздер, кейіптеу, қайталау, дыбыстық қайталау, теңеу, метафора, ирония, күшейтпелі шырайлар, бұйыру мәнді сөздер т. б. сөздердің не үшін қолданылып тұрғанын, оларды автор қандай мақсатпен жазып тұрғаны жөнінде жазу керек екенін; сөйлем деңгейінде:
жай, құрмалас сөйлемдер, толымды, толымсыз сөйлемдер, сұраулы, лепті, болымсыз сөйлемдер, синтаксистік параллелизмді сөйлемдердің қолданылуы болатынын; мәтін деңгейінде: абзац құрылымы, абзацтарды байланыстырушы сөздер, шақтардың әралуандылығы, мәтін құрылымының логикалылығы, мазмұнның қолжетімділігі, автор үні мен көзқарасын қарастыру керек екенін, олардың түрлі жолдарын мысалдар келтіре отырып дәлелді жеткізеді.
Мәтіндік деңгейде талдауда мына сұрақтар төңірегінде жауап іздеген дұрыс:
Мәтін неше абзацтан тұрады? Мәтін құрылымы қандай? (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім) Мәтіннің абзацтары қалай байланысқан? (Мыс: Сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер, т.б.)
Синтаксистік (сөйлемдік қолданыс) деңгейінде: Мәтін сөйлемдері айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлеріне жатады? Қандай ойды жеткізуді көздеген? Мәтінде дәйексөздер қолданылған ба, оның негізгі идеяны ашудағы әсері қандай? т.б.
Сөз қолданыс деңгейінде: Негізгі тірек сөз, тура және ауыспалы мағынадағы сөздер, синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер, көркемсөз қолданыстары:
эпитет, теңеу, метафора, оқшау сөздер, т.б. Шығармада қолданылған сөздер не үшін қолданылған? Талдау барысында үнемі «Автор НЕ ҮШІН қолданған? НЕГЕ мұндай тәсілді қолданған?, Ол автордың қандай ойын жеткізуге қызмет еткен?» деген сұрақтар қоя отырып, оған жауап беру керек.
229
Талдауға берілетін мәтін түрлері: 1. Белгілі бір ақпарат беру үшін жазылатын мәтіндерді ақпараттық мәтіндер дейміз. Оған жаңалық, жазбалар, жарнама, хабарландыру, кесте, мақала, комментарий, түсініктеме т.б. жатады. 2. Белгілі бір мәселе көтерілген мәтіндерді талқылау мәтіндері дейміз. Мысалы: Гендік модификацияланған өнімдерді қолдану қаншалықты дұрыс? Хайуанаттар бағын жабу керек пе? т.б. 3. Ресми формадағы мәтіндер. Оған статистикалық деректер, хронологиялық мәліметтер, өмірбаян, есеп беру, мінездеме, үндеу, жолдау, баяндама, аннотация, нұсқаулық, кеңес беру т.б. жатады. 4. Бір мәселені бөлшектеп талдау, сынау, қайта біріктіру, қорытынды жасау мақсатында жазылған мәтіндерді саралау мәтіндері дейміз. Оларға әдеби сын, графикалық мәтіндер, өнер туындыларына талдау жасау, пікір білдіру т.б. жатады. 5. Шығармашылық мәтіндерге сипаттау мәтіні, іс-шара сценарийі, әңгіме, күнделік, эссе, очерк, шығарма, ойтолғау, монолог, диалог, полилог, сұхбат т.б. жатады.
Жоғарыда айтылғандардың дәлелі ретінде екі мәтінді салыстыра талдау үлгісін ұсынамыз:
А мәтіні. Бүгіннің сөзі - болашақтың кепілі (үзінді).
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
«Біз тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?»
деп айтпайтын ба еді? Дегенмен елге соның бәрін түсіндіріп, күресе жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, міне, қазақтың саны 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті… Осы тұста халық 13-14 миллионға жуық болған еді. Қазір 4 миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық.»
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, кинодраматург:
– Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлытаудың төрінде берген сұхбаты қазақ халқының арасында жақсы қабылданған сұхбат болды...
Еуразиялық одаққа енуіміздің басты себебін де түсіндіріп берді. Әсіресе,
«шығысымызда Қытай, солтүстігімізде Ресей екі теңіз сияқты. Біз ортасында теңізі жоқ ел болғандықтан, осы екі ел арқылы шет мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысын орнатамыз. Сол үшін Еуразиялық одаққа мүше болып кірдік» дегені де ойға қонымды. Еуразиялық Одаққа мүшелікке енудің еліміз үшін қажеттілігін сездік.
Бірақ біздің бір осал тұсымыз бар. Ол - Еуразиялық одаққа кіру арқылы біз Ресейдің ақпараттық кеңістігінің тасқынында қалдық. Онсыз да Ресейдің ақпараттық тасқынына осы уақытқа дейін тоқтау болмаған еді. Енді шекара алынып тасталып, бір одаққа кіргеннен кейін бұл тасқынға тоқтау салу әсте мүмкін емес. Мұндай жағдайда қазақ тілінің жағдайы тамаша болады деп айту қиындау.
(200 сөз) http://www.turkystan.kz/kz/articles.
В мәтіні. Ұлытау төріндегі толғаныс (Елбасымен сұхбаттан үзінді)
– Құрметті Президент мырза, Сіздің бастамаңызбен құрылған Еуразиялық экономикалық одақ келесі жылдың басынан толыққанды жұмысына кіріседі. Бірақ әлі де болса, оған үрке қарайтындардың бар екенін байқап жүрміз. Осы ретте не айтасыз?
– Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын. Түсінгісі келмейтін адам бәрібір ұқпайды. Картаға қарайық, Қазақстан құрлықтың дәл ортасында орналасқан. Теңізге шығатын жолымыз жоқ...
17 миллион ғана халқымыз бар. 250 миллиардқа жақын өндіріс өніміміз бар. 17 миллион халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін әрі қарай қалай өсеміз? Егер біздің шығарған тауарларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада тұрып қалады. Ол сатылмағаннан кейін зауыт тоқтайды. Зауытта істейтін жұмысшының бәрі жұмыстан босайды. Жалақысынан айырылады. Бала-шағасын асырай алмай, босып кетеді.
Сондықтан жақын көршілермен экономикалық қарым-қатынас жасау маңдайымызға
230
жазылған нәрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ. Бұл - дұрыс. Мен бұған зерттеп-біліп, шын көңілмен барып отырмын. Бізде басқа жол жоқ. Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық жасамасақ болмайды. Беларусьпен, Украинамен қатынас жасағанымыз жөн. Мына оңтүстіктегі ағайындармен де сауда-саттығымыз болғаны дұрыс. Бірақ олардың кейбірінің бізбен сауда-саттық жасауға еш жағдайы жоқ екенін де біліп отырсыздар. Тауарды сатып алуға шамасы келмейді. Кейбірі жабық экономиканы қолданып отыр. Олармен де сауда-саттық жасай алмаймыз. Сондықтан біз осыған баруымыз керек. Біреулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды» деп қорқақтайды. Олай емес. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жиналып, үш Президент мәселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. (221 сөз)http://egemen.kz/?p=35294.
Мәтіндерге талдау:
Екі мәтінде де Ұлытау төрінде сөйленген Елбасымен сұхбатта Қазақстанның бүгінгі болашағы туралы сөз болады. Екеуінде де еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесі талқыланады.
А мәтінінде жазбаша да, ауызша да сөйлеу белгілері кездеседі. Мәтінде талқылау, аргумент келтіру элементтері қолданылған, өйткені Елбасы өз сөзін халық санының тәуелсіздік жылдарында 4 миллионға өскенін, бұрын қазақ саны 40 пайызды ғана құрағаны туралы статистикалық көрсеткіштермен дәлелдей түссе, жазушы Елбасының Еуроодаққа мүше болып кіру жөніндегі пікірін келтіре отырып, осы мәселені талқыға салады және оның болашағына алаңдап, күдігін де жасырмайды. Жанры жағынан газет бетінде жарық көрген мақала екендігі анық байқалады. В мәтіні тілші мен Президенттің арасындағы сұхбат болғандықтан әдеби норма еркін сақталып газетке жарияланған, сипаттау, талқылау элементтері қолданылған баяндау мәтіні. Мәтінде Беларусьпен, Украинамен, Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық жасаудың тиімділігі, Еуроодақтың саяси емес, экономикалық тұрғыдан жасалып отырған одақ екендігіне баса назар аударып, сендіреді, аргументтер келтіру арқылы талқылайды. Жанры - сұхбат- интервью. Бірінші мәтін жалпы аудиторияға кең шеңберлі оқырманы бар «Түркістан»
газетінің арнайы тапсырысымен жазылған. Ел тағдырына алаңдайтын кез келген оқырманға арналған. Екінші мәтін жалпы аудиторияға арналған, соның ішінде ел дамуын үнемі бақылауында ұстайтын кәнігі саясаттанушыларға өте құнды дүние.
Алғашқы мәтіннің мақсаты мен негізгі қызметі - елдің бүгіні мен болашағының жарқын болатынына бұқара халықты сендіру, Еуроодаққа кіру мәселесін талқыға салу, тіл тағдырына алаңдау. Соңғы мәтін көпшіліктің назарын Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесіне аудара отырып, осы одақтың біздің ел үшін тиімділігіне сендіру.
А мәтінінің мазмұнында еліміздің бұрынғысы мен бүгінін салыстыра отырып, болашағын болжау, Елбасы сұхбатын талқыға салу, оның қолданып отырған саясатына қолдау көрсету туралы айтылады да, әлеуметтік-саяси тақырыпты сөз қылады. В мәтінінде Еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне үрке қарайтын кейбір саясеткерлерге Президент тілшіге берген сұхбатында нақты дәлелдер келтіре отырып, күдіктерін сейілтеді. Мәтін әлеуметтік-саяси тақырыпта айтылған. Бірінші мәтін публицистикалық стильде, қарапайым сипатта, (анау көшті, мынау көшті) анағұрлым түсінікті жазылған. Ауызекі сөйлеудің де белгілері кездеседі. (Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті…). Екінші мәтін публицистикалық стильде жазылған, эмоционалдық реңкі басым. Түсінгісі келмейтін адам бәрібір ұқпайды. А мәтініндеқолданылған сөз деңгейі ересектерге арналған: басылым беттерін қарауға мүмкіндігі бар барлық адамдарға қолжетімді мәтін. «Біз тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді?» деген мәтін
231
кейіпкерінің сөздері оның эмоционалдық сезімін көрсететін сұраулы, лепті сөйлемдер бар. «Еуразиялық одақ, ақпараттар тасқыны» деген сияқты саяси мәні бар кәсіби тіркестер де кездеседі. Мәтін 1-жақ көпше түрде және 3-жақта баяндалған. Дауыс ырғағы бір қалыпты емес, кей жерлерде көтеріңкі бояулар да бар. Мәтінде бірыңғай мүшелі күрделі сөйлемдер бар, бір-екі құрмалас сөйлем кездеседі, дені қысқа көлемдегі жай сөйлемдерден құрылған. Сөйлемдегі ойлар толық берілген. Ырықсыз етіс формасындағы сөздер араласқан болымсыз сөйлемдер де кездеседі: Енді шекара алынып тасталып, бір одаққа кіргеннен кейін бұл тасқынға тоқтау салу әсте мүмкін емес. Мәтін құрылымына қарай екі абзацтан тұрады, мақаладан үзінді болғандықтан абзацтар арасында өзара байланыстырушы сөздері жоқ. Оқиға мезгілі бір шақта, яғни өткен шақта ғана баяндалған. Екінші мәтінде қолданылған сөз деңгейінде
«маңдайымызға жазылған нәрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан жасамайды» деген фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөз тіркестері кейіпкердің эмоциясын білдіру үшін қолданылған. Бір сөзге баса мән беру үшін сөз қайталау да бар: «Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ». Автор үнін білдіретін «Бұл - дұрыс. Мен бұған зерттеп-біліп, шын көңілмен барып отырмын» деген құптау мәніндегі сөйлемдер кездеседі. Бұл автор ойы мен көзқарасын ашатын сөздер ретінде мәтінде маңызды роль атқарып тұр.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мемлекетттерді топтастыра жинақтап айту үшін қолданылып, мәтіндегі ойды нақтылап тұр: «Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық жасамасақ болмайды. Беларусьпен, Украинамен қатынас жасағанымыз жөн». Мәтіндегі ой ауыспалы осы шақта және ауыспалы өткен шақта айтылған. Мәтін құрылымына қарай: екі абзацтан тұрады, байланыстырушы сөздер: Осы ретте не айтасыз? - Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын.
Әдебиеттер тізімі:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. –Алматы, 1991. -460б.
2.Шалабай Б. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері - Алматы: Ғылым,1997. -369б.
3. Гальперин И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования. -Москва, 1981.-с356.
4.Әбікенова Г. Т. Көркем шығармадағы мәтінтүзім мәселелері. Оқу құралы.-Семей,2010.- 155б.
ОЛИМПИЙСКОЕ ДВИЖЕНИЕ КАК ОДИН ИЗ ФАКТОРОВ РАЗВИТИЯ ОДАРЁННОСТИ
Кадиева Марианна Руслановна Саналин Сабит Маратович АОО «Назарбаев Интеллетуальные школы» ,г.Костанай
Аннотация
Мақалада авторымен оқушыларды пән олимпиадаларына дайындау мәселелерінің кешенді жүйеленген тәсілі ұсынылған. Дарынды оқушылармен табысты жұмыс жасау шаттарының тиімі дайындығының теориялық ұсыныстары ғана қарастырылып қоймай, сонымен қоса максималды жоғары нәтижеге жетудің тәжірибелік ұсыныстары жаңғыртылған. Бұл мақала тек пән мұғалімдері үшін ғана емес, олимиадалық қозғалыста өзінің баласының жеңіске деген дайынығын ыждахаттылықпен қадағалап жүрген олимпиадаға дайыналып және қатысып жүрген оқушылардың ата–аналары үшін тәжірибелік қызығушылық тудырады.
Аннотация
В статье автором предложен комплексный системный подход к актуализации проблематики подготовки учащихся к предметным олимпиадам. Рассмотрены не только теоретические положения эффективной подготовки, необходимые условия успешной работы с одаренными учащимися, но актуализированы практические рекомендации и советы по достижению максимально высоких результатов. Данная статья представляет практический