• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақ балалар әдебиеті: Оқулық

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Қазақ балалар әдебиеті: Оқулық"

Copied!
279
0
0

Толық мәтін

(1)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Ж.А.Рүстемова

Қазақ балалар әдебиеті

Оқулық

Қарағанды - 2009

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Рҥстемова Ж.А. Қазақ балалар әдебиеті. Оқулық. Қарағанды:

ҚарМУ баспасы, 2009, 280 б.

Оқулықта қазақ балалар әдебиетінің пайда болу, қалыптасу кезеңдерінен бастап 90 жылдарға дейінгі тарихы ұсынылады.

Қазақ балалар әдебиеті ұлттық мәдениетіміздің даму процесінің жанды бӛлігі ретінде қарастырылады. Кітапта кӛп жылдар бойы оқулықтарға аттары енгізілмеген ақын-жазушылардың шығармашылығына да орын берілген. Оқулық филология, педагогика факультеттерінде оқитын студенттерге, мектеп мұғалімдеріне, жалпы, балалар әдебиеті мәселелері қызықтыратын кӛпшілік қауымға арналған.

Пікір берушілер:

Б.С.Рақымов, Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.;

Қ.М.Байтанасова, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасынын, доценті, ф.ғ.к.;

З.Т.Жҧмағали, Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д..

Ж.Т.Балмағамбетова, Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ғ.Ә.Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиетінің тәжірибесі мен әдістемесі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

© Рҥстемова Ж.А., 2009 Алғы сӛз

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

Қазақ балалар әдебиеті тарихын жасаушы Ш.Ахметовтің ең алғашқы еңбегі «Балалар әдебиетінің очеркі»(Октябрь революциясына дейінгі қазақ балалар әдебиетінің ӛсу жолдары туралы очерк) 1960 жылы жарық кӛрді. Одан кейін «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі»(1965), «Қазақ балалар әдебиеті»(Балалар ауыз әдебиеті мен XIX және XX ғасыр басындағы әдебиет)(1974),

«Қазақ совет балалар әдебиеті»(1976) оқу құралдары баспадан шықты. Аталған еңбектерден қолдарыңыздағы оқулықтың ӛзгешелігі - біріншіден, құрылымында. Оқулық

«Методологиялық мәселелер», «Қазақ балалар әдебиетінің негіздері», «XIX ғасырдағы балалар әдебиеті», «XX ғасырдың басындағы балалар әдебиеті», «1920-30 жылдардағы балалар әдебиеті», «1940-50 жылдардағы балалар әдебиеті», «1960-80 жылдардағы балалар әдебиеті»

деген жеті бӛлімнен тұрады. Бірінші бӛлім тараулары

«Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі» және «Балалар әдебиетінің ерекшеліктері» деп аталады. Әрине, аталмыш мәселелер Ш.Ахметовтің Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі»(1965) кітабының «Кіріспесінде» де сӛз болады. Бірақ шолу түрінде, үстірт айтылған. Біздің әңгімеміз жекелеген талдауларға иек сүйейді. «Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі» тарауы қазақ балалар әдебиетінің 30 жылдары, 50-60 жылдары және 70 жылдардан кейін зерттелуі мәселелерін қамтиды. «Балалар әдебиетінің ерекшеліктері» тарауының мақсаты - әр жылдары балалар әдебиетінің ерекшеліктеріне қатысты жазылған әдеби-сын мақалалардағы ой-тұжырымдар мен қорытындыларды жүйелеп, талқыға салу.

Екіншіден, оқулық мазмұнындағы ӛзгешелік. Қазақ балалар әдебиеті тарихына арналған оқулыққа тұңғыш рет

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

«жыраулар поэзиясы», «Ш.Уәлиханов», «Ш.Құдайбердиев»,

«А.Байтұрсынов», «Ж.Аймауытов», «М.Дулатов»,

«М.Жұмабаев» тараулары енгізіліп отыр. Ш.Ахметов кітаптары кеңестік дәуірде жазылды. Қазақ балалар әдебиетінің мазмұны түгелдей кеңестік идеологияға бағынды. Идеологиялық қысым салдарынан жыраулар поэзиясы, Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар қазақ балалар әдебиеті тарихына енбей қалды да, жалпы қазақ балалар әдебиеті ӛзінің алдындағы дәстүрлерден тыс зерттелді.

Балаларға арналған шығармалар, әсіресе, 20-30 жылдарда жарық кӛрген шығармалар тақырыбына қарай қабылданды, кейіпкерлері тӛңкеріс ерлері мен социалистік қоғам құрушылары болып табылатын туындылар мақталды, кеңестік идеология талабынан шықпайтындары мейлінше датталды. С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің балаларға арналған шығармаларының ішінен ауыз әдебиеті дәстүрінде туған және балалар талғамы ескеріліп жазылған туындылары, жеткіншек мінезі мен іс-әрекеті реалистік бояумен кӛрінетін шағын кӛлемді әңгімелері, ойнақы, жаттауға жеңіл, тақпақ үлгісіндегі ӛлеңдері мен поэмалары жетерлік. Оқулықта олардың ой саларлық, ғибрат берерлік жақтары сарапқа салынды, кӛркемдік ерекшеліктері зерделенді. Идеологияға бой алдырған тұстары да ажыратылып кӛрсетілді.

Ұсынылып отырған оқулықта қазақ қаламгерлерінің балаларға арнап жазған шығармалары мен нақты балалар ақын-жазушыларының туындылары жаңа кӛзқарас тұрғысынан таразыланды. Оқулық мазмұнының ӛзгеруі, екінші жағынан, балалар әдебиеті мұрасының сапалық елекке түсуіне де байланысты. Бұл ретте, әрине, қазақ балалар әдебиетіне арналған хрестоматияның үлесі зор.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

1956 жылы Ш.Ахметовтің құрастыруымен тұңғыш рет

«Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» жарық кӛрген болатын. Хрестоматия 1980 жылы әдеби ӛмірдегі елеулі ӛзгерістерге байланысты қайта толықтырылып жасалып, екінші рет басылды. Хрестоматияның бұл басылымына С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ӛ.Тұрманжанов, С.Ерубаев, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев шығармалары енгізілді. 2004-2005 жылдары «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» қоғамдағы елеулі ӛзгерістер мен әдебиетке қойылған жаңа талаптарға байланысты толықтырылып, түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, Ш.Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналып үшінші рет басылады.

Хрестоматия Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты оқытушыларының қатысуымен ӛңделген. Үш кітаптан тұратын хрестоматия ішіндегі ӛзгерістер айтарлықтай. Мәселен, хрестоматиянын екінші кітабына М.Ж.Кӛпеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, үшінші кітабына М.Жаманбалинов, Ә.Табылдиев, М.Ғұмар, Қ.Ыдырысов, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Е.Ӛтетілеуұлы және тағы басқа кӛптеген қаламгерлер туындылары кірген. Аталмыш хрестоматиядағы материалдарды оқулықтың зерттеу объектісі етіп пайдалануға тырыстық.

Ҥшіншіден, тараулар соңында тапсырма берілуі.

Тапсырмалардың ұсынылуында дәстүр жалғастығына байланысты заңдылық қатаң сақталады. Мысалы, Асан қайғы, Бұқар жырау жырларындағы ел тәуелсіздігі мен береке-бірлікті сақтау сияқты негізгі ой-түйіндерді батырлар жырымен ұқсастығына орай салыстыру, Ш.Уәлихановтың халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеудегі еңбегін балалар фольклорымен байланыстыра

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

отырып әңгімелеу, қазақ балалар әдебиетінде Махамбет, Абай, Ыбырай орнықтырган арна-дәстүрлердің XX ғасыр ақын-жазушылары шығармашылығында жалғасуы, қазақ қаламгерлерінің балаларға арналған шығармаларындағы, қазақ балалар ақын-жазушыларының туындыларындағы ӛзара дара және ортақ стильдік белгілерді айқындау т.с.с.

мәселелерге қатысты тапсырмалар. Тапсырмалар тарау тақырыбының сипатына қарай ұсынылғандықтан, кей жерде бірде-екілі сұрақпен шектелсе, кей тұста бірнешеуі қатар берілді.

Жатталатын ӛлең-жырлардың таңдалуында да белгілі бір заңдылық бар. Балаларға арналған халық ӛлеңдері(бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, мазақтама, тақпақ, сұрамақ, қызықтама т.б.) мен қазақ балалар ақындарының балалар фольклоры дәстүрінде туған ӛлең-жырларын жаттау студенттер бойында дәстүр жалғастығы мен сабақтастықты ұдайы есте тұтуды қалыптастырады, ата- баба салт-дәстүрлеріне деген құрмет сезімдерін арттырады және оқу бітіргеннен кейін қай жерде қызмет етпесін, балабақшада, мектепте, тіпті жоғары оқу орнында болсын, бір сӛзбен айтқанда, бала оқуы мен тәрбиесіне қатысты мекемелерде - бұл ӛлеңдер болашақ маманның практикалык кажетін ӛтейді. Күнделікті тірлікке, отбасылық ӛмірге, туысқандық, дос-жарандық қарым-қатынастарға аталмыш кәусар жырлардың игі әсері мол. Бесік жырының, мейлі, халық бесік жырының, мейлі авторлық бесік жырының қадір-қасиеті ана сүтінен кем емес. Шәкірімнің Абай тақырыбындағы ӛлеңдерін жаттау - Абай шығармаларының биік нысанасын ұғыну, дәстүр жалғастығын түйсіну, сондай-ақ, аға мен іні арасындағы жарасымдылықты, сыйластықты сезіну, одан үлгі-ӛнеге алу деген сӛз. Елдікті, тәуелсіздікті, ынтымақ-бірлікті жырлап ӛткен Асан қайғы,

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(7)

Бұқар жырау толғауларын, ӛршіл рух сыйлайтын Махамбет ӛлең-жырларын жатқа білмеу - жас ұрпақ тәрбиесіне жауапты кез келген жан үшін мін. Жамбыл жырлары болса - халық поэзиясының мәйегі.

Еңбегімізде балалар ақын-жазушыларының бүкіл шығармасын қарастыруды мақсат тұтпадық. Олай болған жағдайда ұсынылатын материалдарды оқулық кӛлемі кӛтермейтін еді. Екінші бір жағы, оқулықпен жұмыс істейтін оқушы, студент қауымына ӛз бетімен зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелетіні тағы бар.

Мұғалім, немесе оқытушы ӛз қалауына байланысты әр тақырыпқа тапсырма ойластыру мүмкіндігіне ие.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(8)

I бӛлім

МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР 1 тарау. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТШЩ

ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары зерттелуі.

С.Ерубаев қазақ балалар әдебиеті жайында. Горькийдің 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа шыққан «Тағы да сауаттылық туралы», «Балалар әдебиеті туралы», «Балаларға - әдебиет», «Тақырыптар туралы»,

«Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар»

мақалаларында болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды. С.Ерубаевтың «Балалар әдебиетін жасайық» деген мақаласының (1930) нысанасы да осыған саяды: «... нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар кӛркем әдебиетін жасауда ӛздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Болайын деп отырған жазушылар съезінде мәселе кӛтеріңіздер. Ӛздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, ӛлеңдер жазып беріңдер, балалар ӛміріне жақын келіңдер. Балалар ӛмірінің ӛзгешелігімен танысыңыздар, балалардың ӛз тілімен ӛз ӛмірлерінен де жазып беріңдер»(17,375). Ендеше, қандай тақырыпта жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері баланың ӛзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға «...балалардың ӛз тілімен ӛз ӛмірлерінен де жазып беріңдер» деу арқылы аңғартып ӛтеді.

С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған мақсатын байқағандаймыз. Саттар хат иелері - кішкентай оқырмандар жӛнінде былай дейді: «Бұл оқушылар - кітапқа, қызғылықты ӛмірге, күреске құмар оқушылар. Бұлардың

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(9)

бәрі де «қызғылықты кітап жоқ, ал болса аз» дейді»

(17,273). Бұл санамаланған қасиеттердің бала психологиясына тән екендігін және қызықты кітапқа деген зәруліктің қазақ балалар әдебиетінде әлі күнге орын алып отырғандығын ескерсек, Саттар ой-пікірі, ескертуінің сол кезең үшін ғана елеулі болып қоймай, қазір де үлкен мәнге ие екендігін айрықша атап айтамыз. «Лениншіл жас»

газетінің 1934 жылғы 29 майда шыққан санында бұрынғы Әулиеата қаласының бір мектебі оқушыларының «Бізге кӛркем жазылған жақсы, қызық балалар кітабы мен ойын, ӛлең, әңгімелер керек» деген ашық хаты басылады.

Саттардың жоғарыдағы «Осы уақытқа дейін біздің қазақ жазушылары балалармен сӛйлесуді, ӛмірімен танысуды, балалардың пікірін білген емес. Бірақ қазақ пионерлері жазушылар бастамаса ӛздері бастады. Ендігі міндет - пионер қойған тілекті орындауда» деуі осы себепті. Балалар хатына Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев және тағы басқа ақын-жазушылар жауап береді. Мұхтар Жанғалин екеуі бірігіп жазған орта мектептің 10 сыныбына арналған оқу құралында «...жас жазушылардың қатарынан кӛрнекті жазушылардың қатарына еркін қосылған талантты жазушы»

атанған Ғ.Мүсіреповке де және тағы басқа қазақтың кӛрнекті ақын-жазушыларына да ӛзінің «қоғамдық борышым» деп есептеген талап-тілегін інілік ізетпен жеткізе білуін ӛжет жастың ерлігі деп бағалауға болады.

Қазақстан Жазушыларының кӛптен күткен бірінші съезі Алматыда 1934 жылы 12-18 маусым аралығында ӛтеді.

Съезд жүріп жатқан кезде Саттардың «Не айтар еді» атты публицистикалық шығармасы «Лениншіл жас» газетіне

«Оқушы» псевдонимімен шығады. Бұл достық әзіл де жас жеткіншектер үшін шығармалар жазу мәселесін кӛтереді:

«Қызық кітап керек» деп қыңқылдаған тоғыз жасар Үмітке

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(10)

әкесінің берген жауабын тыңдайық: «-Қалқам, ондай кітап жазатын Асқар еді, соңғы кезде ол да балаларды ұмытып барады. Сәбит, Мұхтар, Ғабиттер балаларға арнап бір кітап жазған емес. «Бұлардан қалыспаймыз» деген кісіше Жақан, Ғалым, Мәжит, Ӛтебай, Саматтар да балалар туралы түк жазбай жүр. Тегі, осылар балаларды кісі деп есептеп, санға қосқысы келмей ме екен? Әлде ұсақ, ӛнімсіз дей ме екен?»

(17,294).

Саттар әзіліне объект болғандардың ішінен Ӛтебайдың балалар әдебиетіне қатысы жӛнінде айта кетелік.

Ӛ.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап жаза бастаған. Балаларға арналған «Қарлығаш» атты кітапшасы 1930 жылы Алматыда басылып шығады. 1932 жылы «Құрыш құс» кітабы жарық кӛреді.

Жазушыларды балалар әдебиетін жасауға шақырған Саттардың ӛзі жас оқырмандарға арнап арнайы шығарма жазды ма деген сауал туады. «Ӛз сӛзіне лайық Саттар Ерубаев (1914-1937) «Терек пен гүл» дейтін әңгіме мен

«Мәңгілік ӛмір туралы» жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын ӛлмейтін де ӛшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып берді» - делінген 1976 жьшы жарық кӛрген «Қазақ совет балалар әдебиеті» оқу құралында. 1972 жылы ӛз алдына жеке суретті кітапша болып шықса да, бұл жырды балаларға тікелей арналып жазылды дей аламыз ба? Әрине, жоқ.

Себебі, ересектер үшін жазылған шығармаларды да балалар оқуына ұсынуға болатынын ӛмірдің ӛзі дәлелдеді. Мәселен, Горькийдің ӛзі кӛзі тірісінде «Дауылпаз туралы жыр»,

«Италия жайындагы ертегілер», «Изергиль кемпір»,

«Челкаш» және тағы басқа кӛптеген шығармаларын жас жеткіншектер назарына ұсынған болатын.

Саттардың балаларға арнайы шығарма жазбауының бір кілтипаны - кішкентайлар үшін шығарма жазудың

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(11)

қиындығын сезінуінде және бұл жауапты іске кірісуге ӛзінің даяр еместігін түйсінуінде деп топшылаймыз. «Ойлап, түпкі маңызына жете түсініп алмай, кешігіп қаламыз деп шалағай жазсақ, әрине, қарқын мен сапаны бір-біріне қарсы қойған боламыз. [...] Құрылыстан қалмау үшін, құр қалмады деген атақ алам деп жылдам қосылу (бұл бәрібір қалғандық) жақсылыққа жеткізбейді, қарқынмен қабат мәселені жете түсініп, ойланып, маңызды қылып жазу керек»(17,361).

Міне, осындай ойлардың иесі жас Саттардың еш дайындықсыз сыншыл да сезімтал, талғампаз қауым - балаларға шығарма жазуға міндеттеме алуы мүмкін де емес еді. Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан «кӛркем шығарма жазумен қатар, әлеумет тіршілігінің бәріне араласып, пікірін айтып отырған» Саттардың кӛрнекті ақын-жазушы ағаларына сыпайы тілмен «балалар әдебиетін жасайық!» деуі олардың даярлығына кәміл сенгендігі деп ұққанымыз жӛн.

Б.Бҧлқышев балалар әдебиеті жайында. Баубек Бүлқышев та Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында жазылған «Балаларға жақсы кітаптар керек»

мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде кӛңіл бӛлінбей келе жатқандығын айтады. Мақаладан Баубектің бала психологиясын жетік білетіндігі байқалады. Олардың әр нәрсеге әуестенгіш, әсерленгіш, жылт еткен құбылысқа ынтық кӛңілдерін тап басып кӛрсетеді. Балалар үшін үлкен тәрбие құралы - кӛркем әдебиет екендігін жұртшылық есіне салады. «Жазушылардың ішінде балалар әдебиетіне ептеп кӛңіл аударған Қалмақан еді. Ол да ең соңғы рет балаларға ӛмір бойы азық қылыңдар деп «Тәтті қауынын» тарту етті де, соңғы уақытта балалардан ол да қол үзіп кетті. Мүмкін, Қалмақан балаларға «Тәтті қауын» есейіп, ер жеткенше қорек етуге жетеді деп жүрген болар. Бірақ балалар бірнеше

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(12)

«Тәтті қауын» сияқты тәтті әдебиет жемістерін күтіп отыр.

Қалмақанның мұнысына да рахмет. Басқа ақын-жазушылар

«Тәтті қауын» түгіл балалардың әдебиет қорына бір уыс бүлдірген де қосқан жоқ» деп(10,378) жазады Б.Бұлқышев.

Баубек сынына іліккен Қ.Әбдіқадыров 1930 жылдары балаларға арнап екі кітапша шығарған болатын.

Қалмақанның «Тәтті қауын» әңгімесі 1933 жылы жазылып, 1936 жылы осы атпен аталған әңгімелер жинағына енгізілді.

Ал Баубектің мақаласы 1939 жылы «Октябрь балаларының»

29 мамыр, №40-шы нӛмірінде жарияланды. Қалмақанның балаларға арналған шығармаларынан қалам қабілеті қарымын таныған Баубек оның үш жыл бойы үнсіз жатқандығына қынжылады. Дегенмен, басқа жазушылармен салыстырғанда оның бүлдіршінге үсынылған дүниелері бар екендігіне шүкіршілік етеді. Демек, Баубекті қынжылтатын жайт - сыншылар сынайтын балалар әдебиетінің жоқ екендігі. «...біздің ақын-жазушыларымыз балалар әдебиетіне кӛңіл бӛліп, балалардың тілегіне сай жақсы, қызықты шығармалар бере алмай келеді»- дейді(10,379) Баубек. Әдебиетке, әсіресе балалар әдебиетіне қатысты жоқ-барды қанағат еткен дұрыс емес. Мәуелі ағаштан жылдан-жылға мол жеміс күту - қандай заңды болса, әдебиеттен де жақсы туынды талап ету сондай табиғи, қажетті, заңды.

«Балаларға жақсы кітаптар керек» деген мақаласы Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында жазылса,

«Жазушылармен әңгіме» съезд ӛткен соң жазылды. 1939 жылы «Октябрь балалары» газетінің 12 шілде №50-ші нӛмірінде жарық кӛрді. «...Қазақстан

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(13)

жазушыларының екінші съезі(1939) әдебиеттің рухани жүдеушілігі жағдайында ӛтті. Онда жаңа әдебиеттің табыстары сӛз болмады»- дейді(33,74) С.Қирабаев съезд жайында. «Октябрь балалары» газетінің ұжымы ұйымдастырған әңгімеге Қазақстан жазушылары II съезінің делегаттары мен облыстардан келген ақын-жазушылар қатысады. А.Тоқмағамбетов, Ә.Әбішев, Ж.Тілеков, С.Машақов және тағы басқалары балалар әдебиетін жандандыруға қатысты ӛз ұсыныстарын айтады. Сӛйтіп бұл жиында «Октябрь балалары» газетінің коллективі пионерлер мен мектеп оқушыларының тілегіне сәйкес кӛркем тілді, терең сюжетті әңгімелер, қызық поэмалар, ертегілер, сапта жүргенде әнге қосып айтатын жақсы ӛлеңдер жазуды ақын-жазушыларға ұсыныс етіп қойды»

(10,385). Бұның ӛзі Баубектің тікелей қатысуымен ӛткен шара, балалар әдебиетін дамытуға арналған игілікті істердің бірі еді.

Қазақ балалар әдебиетінің сараланып сӛз бола бастауы XX ғасырдың 30-жылдарында басталса, С.Ерубаевтың, Б.Бұлқышевтің балалар әдебиеті мәселелеріне арнаған мақалалары сол тұстағы зерттеулер сапында балалар әдебиетінің даму ерекшелігінен қалың жұртшылықты хабардар етті.

Қазақ балалар әдебиетінің 50-60-жылдары зерттелуі.

Балалар әдебиеті жайында жазылған сын-мақалалар, әсіресе, Отан соғысы жылдарынан кейін кең қанат жайды.

Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Сейітовтің, Ә.Дербісәлиннің, С.Ордалиевтің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары баспасӛз беттерінде жарияланды.

Соғыстан кейінгі кезеңде С.Бегалин, Ӛ.Тұрманжанов,

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(14)

М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, С.Омаров, М.Гумеров, Ә.Дүйсенбиев, Н.Серәлиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов, Қ.Ыдырысов, Қ.Мұқышев, Б.Ысқақов С.Сарғасқаев, А.Байтанаев сынды ақын-жазушылар қазақ балалар әдебиетінің тұрақты маман кадрларына айналды.

Бүлдіршіндер мен жасӛспірімдерге арналған туындыларымен Қ.Аманжолов, М.Хакімжанова, Қ.Бекхожин, Ж.Саин, С.Сейітов, Ш.Смаханұлы, І.Мәмбетов, О.Әубәкіров, Ш.Хұсайынов, Н.Ғабдуллин, Б.Тәжібаев, СЖүнісов, М.Ақынжановтар кӛзге түсті. 50-60 жылдары жарық кӛрген мақалалар 40-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің даму ерекшеліктерін аталмыш қаламгерлер шығармашылығы негізінде қарастырды, балаларға арналған шығармаларда кездескен кемшіліктердің болу себептері мен олардан арылу жолдарын кӛрсетті, «кішкентайлардың үлкен әдебиеті»

алдына орындалуға тиіс мақсат-міндеттер қойды.

1954 жылы жазылған «Қазақ совет балалар әдебиетінің кейбір мәселелері» мақаласында С.Қирабаев 40-жылдардың алғашқы жартысын қазақ балалар әдебиетінің еркін дами алмаған кезеңі ретінде атап кӛрсетеді. Қазақ балалар әдебиетінің бұл тұстағы кенже қалуының екі түрлі себебін атайды: біріншісі, тиісті орындардың әдебиеттің бұл саласын ӛркендетуге мән бере қарамауы, екіншісі, балалар әдебиеті саласында жұмыс істерлік арнаулы маман жазушы кадрлардың жоқтығы.

С.Қирабаев 40-шы жылдардың соңында жағдайдың біршама ӛзгергендігін баяндайды, яғни 1948-1949 жылдары балаларға арналған кітаптардың кӛптеп басылып шыққандығын айтады, сондай-ақ балаларға арналған бірер ӛлеңін бетке ұстап шығып кеткен ӛлең кітаптардың да болғандығын ескертеді. Балалар әдебиеті кадрларының

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(15)

жетіспеушілігі осыдан да байқалса керек. Осы кезең балалар прозасы мен балалар поэзиясы даму ерекшеліктеріне сыншының жасаған сындарлы талдауы ақын- жазушылардың шығармаларындағы орын алған бірқатар кемшіліктерді аңғартты. Кӛпшілік шығармалардағы оқушы бейнесінің солғын, жансыз шығу себебін сыншы тӛмендегіше түсіндіреді: бірінші, жазушы балалар ӛмірін жеткілікті дәрежеде зерттемейді, ӛмірдің жаңалығына еркін бойламайды, шығармаларын ескі әсерлеріне сүйеніп жазады; екінші, шығарма оқиғасын дайын схема бойынша тізіп, баяндап шығады, оқиға адам тағдырымен байланыспай жалаң белгіленеді, кейіпкерді ойдан шығарылған жалған қиыншылықтармен шырмайды;

үшіншіден, адам характерін ашуға тіпті кӛңіл бӛлмейді, ӛздері жасаған характерлерге ӛздері сенбейді, геройларының іс-әрекеттері жайында қосымша түсініктер беріп отырады.

Мақаладағы «Балаларға арналған шығармалардың басты геройы бала болуы міндетті емес, тіпті бір де бала қатыстырмай балаларға арнап шығарма жазуға болады» - деген(21,100) сыншы пікірі қазіргі кезең оқулықтарының біріндегі

«Литература для детей нигде и никогда не была плодом усилий только детских писателей. Ж.Ж.Руссо когда-то объявил, что

«Робинзон Крузо» - лучшая детская книга, хотя она не была написана именно для детей. Юные читатели приняли книгу, потому что она отвечала их потребности открывать мир, самих себя, испытывать свои возможности, воображая, переживая иллюзию участия в необычной ситуации»(42,4)деп келетін тұжырыммен үндесіп жатыр.

Балаларға арналған поэмалардың кӛбінің тым жеңіл оқиғаға құрылатындығын, не құрғақ баяндау жолына түсетіндігін, шығарма тілінің мейлінше ауыр болатындығын,

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(16)

шағын сюжетті ӛлеңдерін кӛпшілік ақындар «дастан» деп атайтындығын айтқан сыншыны балалар әдебиетінің бағбаны демеске негіз жоқ. «Меніңше, балаларға арналған ӛлеңдердің тілінің жатық, идеясының анық берілуі ӛз алдына(бұл бүкіл поэзияға керек қасиет қой), онда гипербола, дыбыс үнділігі, сӛзді ойната білу, қызықты ұйқастарды қайталау керек пе деймін» (21,103). Сыншы бұл тұрғыда Маяковскийдің балаларға арналған ӛлеңдерін, А.Барто, С.Михалов, Д.Родари туындыларын үлгі етеді.

Сыншы балалар қаламгерлерінен нақтылықты талап етеді.

Мәселен, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған әдебиеттің қандай болуы керектігі жайында тӛмендегідей кеңес береді: «Балаларға арналған кітаптың ерекшелігі - оның мейлінше қарапайым, нақтылы, әдеби образға бӛлеп жазылуымен байланысты. Бӛбектердің кітабы оқушыны әрі кӛңілдендіретін, қуанышқа бӛлейтін, жеңіл оқылатын, оның үстіне баланың санасын оятарлықтай ойға құрылуы керек. Кӛркем әдебиеттің басқа саласы сияқты ол да қайнаған ӛмірден алынып, образды түрде жазылуға тиіс.

Әрине, бұл жерде жазушының кӛркемдік суреттеушілік құралы үлкендердікінен ӛзгешерек болады»(21,104). Әдебиетші ғалым әңгіме жанрының ӛркендемей отырғанына қынжылыс білдіреді.

Суретті кітапшалардың сапасына қатысты сын айтады. 40-50 жылдары кеңес заманының табаны тұтқыр ілімін ұстанушылар кеңестік балалар ұшы-қиыры жоқ арманнан, шығармашылық фантазиядан, қиял-ғажайып элементтері бар кез келген ертегілік дүниелерден бойларын аулақ ұстаулары қажет деп санады. Әлбетте, бұл жағдайға байланысты да сыншы позициясы айқын: «Бӛбектердің ӛте сүйіп оқитын шығармалары - ертегі бізде анда-санда басылады.[...]Оның үстіне біздің кейбір сыншыларымыз ертегінің ӛзіндік ерекшеліктерін ескермей, айуанаттар туралы

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(17)

ертегілердің кӛбеюіне қырсығын тигізді. Әдетте, кӛп ертегілерде аңдар басты кейіпкерлер ретінде алынады. Ал, бұл біздің кейбір сыншыларымызға ұнамайтын кӛрінеді. Сондықтан олар «адам туралы жазбай, аң туралы неге жазасыңдар, аңдарың адамнан да ақылды болып кӛрінеді» деп ұрысады» (21,106).

З.Серікқалиев 1961 жылы «Жұлдыз» журналында жарық кӛрген «Балалар поэзиясы туралы» мақаласында балалар ақындарына, бірінші кезекте, балалар фольклоры шығармаларын үлгі етеді. Сәбилердің үндес, ұқсас дыбыстарды айтуға ұмтылу ерекшелігі ойнақы ӛлеңдердің тууына жағдай жасайтындығын, бұл міндетті балалар фольклорының толығымен атқарып отырғандығын үлкен қуанышпен жеткізеді.

З.Серікқалиев ойынша, қазақ балалар ақындары үшін орыс балалар қаламгерлерінің балаларға арналған шығармалары әрқашан да үлгі. Сыншының XX ғасырдың 60-жылдарына дейін бір-екі ғасырлық тарихы қалыптасқан орыс балалар әдебиетін, жасы кіші балалар талғамы, қабілет-қарымы, психологиясын зерттеу нәтижесінде бүлдіршіндер талғамына жауап беретін тамаша жыр жауһарларын дүниеге әкелген К.Чуковский, С.Маршак туындыларын қазақ балалар ақындарына үлгі ретінде ұсынуы, әрине, заңды. Орыс балалар ақындарының балалар ӛлеңдерін жинап, жұртшылыққа таныстыру, тарату тәжірибесін алға тартады. Қазақ балалар әдебиетінде бұндай үрдістің дамымай отырғандығына қынжылыс білдіреді.

Балалар психологиясын, тілі мен тірлігін зерттеу - қазіргі күннің де ӛзекті мәселесі. Чуковскийдің «Екіден беске дейін» кітабы жӛнінде пікірі жоғары. Орыс қаламгерлерінің ыңғайынша автордың ӛзі де қазақ балаларының бірді-екілі ӛлеңдеріне тоқталып, олардың аяқ алыс, беталыстарына қуаныш сезімін білдіреді. Осы орайда ата-аналар, тәрбиеші, педагогтар мен балалар ақындарының бала аузынан

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(18)

шығатын сӛзді жазып алу ісіне мүлдем қырсыз екендігін ашық айтады. Бұл істі бірігіп қолға алса ғана, ӛзіндік нәтиже беретіндігін ескертеді. Сын мақаланың шын бағасы балаларға арналған шығармалардың ерекшеліктерін кӛрсетуінен кӛрінеді:«Бала психологиясына, оның ойлау, түйіндеу ерекшелігіне сай оқиғаның, кӛркем образдың айнала қоршаған ортадан неғұрлым нақты, кӛрнекті алынуы; жирендіріп не қуандырып, бүлдіршіннің ішкі сезім дүниесіне бірден әсер ететіндей баяндаудың күшті лиризммен берілуі; оқиға ӛрбуі мен шешімінде, кейіпкерлер қарым-қатынасын, мінезін, характерін ашуда суреттеудің динамикалы келуі; ойнақы, жеңіл, бейнелі тілімен сәби жүрегін ғажайып бір шат сезімге бӛлеп, оларды белгілі бір идеалға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, адалдық пен ерлікке меңзеу, - міне, бұлар нағыз ақын, нағыз суретші қаламынан туатын шығармаға тән қасиет».

Сыншы жиі жазылатын тақырыптарға тоқталады. Олар:

мектеп, мектеп бағы, оқушылардың жазғы демалысы және табиғат құбылысы, жан-жануарлар мен жәндіктер туралы ӛлең-жырлар. Аталмыш тақырыптардағы ӛлеңдер бойынша аталған кемшіліктер елеусіз емес. Мектеп тіршілігі жайындағы ӛлеңдердің кӛпшілігі жалаң сӛзді болып келеді.

Бұларда нақты ой, түйін, кӛркемдік шешім жоқ. Бейнелі сурет, образ кӛрінбейді. Оқушылардың жазғы демалысы жӛніндегі ӛлең-жырларға тән кемшіліктер бұдан гӛрі қомақтырақ. Біріншіден, ӛлеңдерде жаңалық жоқ. Ӛйткені автор құбылысқа жалаң таңданады. Оқиға мәні мен астарына терең үңілмейді. Екіншіден, авторлар тарапынан оқиғаны үстірт баяндаушылық, риторикаға бой ұру байқалады. Фактілер мен құбылыстардың фотографиялық кӛшірмесін жасайды. Жалаң дидактика, үгіт айту басым.

Қазіргі уақытта да келелі тақырып болып отырған

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(19)

табиғат, хайуанаттар әлемі жайындағы поэзиялық туындылар кемшіліктері дегенде, сыншы бұлардың бір- біріне қоянның кӛжегіндей ұқсас келетіндігін кӛлденең тартады. Шешім, ой, мораль тұрғысы, бірін-бірі тұп-тура қайталайды дей келіп, Ә.Табылдиев, Т.Шопашев, Б.Тұрсынбаев, І.Мәмбетов, Ш.Смаханұлы, Қ.Мұқышев ӛлеңдерін мысалға келтіреді. Сондай-ақ, қазақ балалар поэзиясында сонау 30-жылдардан бері орнықпай келе жатқан тақырыптарды да қадап айтады. Қазақ балалар әдебиетін жасауға ең алғаш саналы түрде кӛңіл бӛлген қаламгер І.Жансүгіров 1931 жылы жазған «Мен қалай жаздым?» мақаласында «Бізде, әсіресе, техника, ӛнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек дейміз» деген болатын(2,193).

«Жыл сайын мыңдаған жас ұрпақ мектеп бітірісімен ӛмірге жолдама алып, фабрикалар мен заводтарға, құрылыстар мен колхоз-совхоз далаларына жұмысқа аттанады. Халық игілігіне бағышталған осындай сан алуан ұлылы-кішілі істердің мән-жәйін кішкентайларға бейнелі поәзия тілімен жырлап беру балалар ақындарының ардақты міндеті емес пе? Бізде, әдетте, үлкендер еңбегі жайында жазғанда оқиғаны, шындықты тек жасӛспірімнің ұғымымен бағалап, солардың білім деңгейінде ғана жұқалап айту керек дейтін үстірт пікір бар. Туған жер келбетіндегі тамаша ӛзгерістерге әзірше ӛзі тікелей үлес қосып, қолма-қол араласып кете алмаса да, дүние сырын жаңа-жаңа ұға бастаған білімқұмар сезімтал жас оқушыға шахтер мен болат құюшының, мұнайшымен теміржолшының ӛмірін, қажырлы еңбегін нағыз кӛркем шығарма арқылы жан- жақты білу неге қызық болмайды» деп ағынан ақтарылады З.Серікқалиев. Бұл тақырыптардағы ӛлеңдердің балалар әдебиетінде кӛп тарала қоймауын тапсырыспен жазылған

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(20)

дүниелерді жаны нәзік, сезімтал балдырғандардың қабылдай алмауымен, соны жан-тәнімен сезінген сезімтал ақын қауымының сергектігімен түсіндіруге болатын сияқты.

Сонымен автор 60-жылдар ішінде жарыққа шыққан ӛлең жинақтары мен суретті кітапшаларына тән ортақ кемшілік ретінде мазмұн жұтаңдығын, тақырып тарлығы мен идеялық шешімнің бірыңғайлығын кӛрсетеді.

1961 жылы «Жұлдыз» журналының кейінгі нӛмірлерінің бірінде Ә.Тәжібаевтың «Жас ұрпаққа жақсы әдебиет жасайық» деген мақаласы жарияланды. Мақала авторы балалар әдебиетін жанрлық даму тұрғысынан бағалайды. Балалар поэзиясы, прозасы және драматургиясы салаларының ӛсіп-ӛркендеуі жӛнінде ой бӛліседі.

Ж.Саиннің, М.Хакімжанованың, О.Әубәкіровтің, С.Сейітовтің, Ә.Табылдиевтің, Қ.Ыдырысовтың, Қ.Бекхожиннің, Ә.Дүйсенбиевтің ӛлең-жырларына тоқталады. Кемшін жағы турасында Серікқалиевтен асып ештеңе айта қоймайды, жетістік жағын кӛбірек қаузайды.

О.Әубәкіровтің «Менің інім», «Шолжаң» ӛлеңдері жӛнінде

«Баланың міні мен сыны, ойыны мен шыны түп-түгел қабысып жатыр» дейді. Мақалада автор қазақ ақын- жазушыларынан балалар әдебиетінің арнаулы ақын- жазушыларын ажыратып, бӛлек отау иелері ретінде алғашқылардың бірі болып айтады.

Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі жӛніндегі сын тӛмендегідей: «Лирикалық герой сахнаға шыққанда қарны ашып шығып еді, кітап біткенше бір тойынбай қояды. Аңсайтыны қант. Ол қант кӛрсе ұрлап та жейді, сатып алып та жейді. Бір рет ашығуға болар, ӛне бойы аштықты айта беру қызық емес». Мақала авторы үнемі сын айта бермейді. Әсіресе, поэзия саласы бойынша барынша кӛрегенділік танытады. Жылт етіп кӛрінген

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(21)

жауһарды жаза баспай таниды. «Толағай» поэмасының авторы ӛз кезегінде Ӛ.Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос, құдалар» мысал-поэмасына сүйсінбей тұра алмаған. Ә.Дүйсенбиевтің «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» поэмасы жӛнінде «Тілі жатық, ұғымға жеңіл, оқуға қызықты, балалар үшін бір жағы ермек, бір жағы тәрбие. Шығарманың мазмұны үшін түрін, композициясын ауырлатпай, дӛрекі білгірлікке ұрынбай ӛте татымды, ӛте тартымды шығарған» деп пікір білдіреді. Сондай-ақ, ақын назарынан шағын ӛлеңдер де таса қалмаған. Қ.Мұқышевтің

«Тауық пен жылан», Қ.Мырзалиевтің «Күшігім», Ә.Табылдиевтің «Сары маса мен инелік» ӛлеңдерінің жас жеткіншектерді баурағыш қасиетін ақындық сезімталдықпен таниды. Алдында ғана ӛлеңдері таң-тамаша еткен ақындардың келесі бір туындыларын бекер дүниелер деп есептейді. Сӛйтіп, сәттісін де, сәтсіз шыққандарын да таныстырып ӛтуді міндет санайды. Балалар әдебиеті сыны дамуына қынжылыс білдіреді. Ә.Тәжібаев М.Әлімбаев пен З.Серікқалиев мақалаларынан ӛзге іліп аларын таппайды.

Болашағы үлкен жанрдың бірі ретінде балалар драматургиясын атай отырып, Ш.Хұсайыновтың, С.Омаровтың, Н.Ғабдуллиннің, М.Гумеровтің, С.Ахметовтің, Б.Тәжібаевтың, С.Жүнісовтің, Қ.Мұқышевтің мектеп сахналарына арналған пьесаларын жаңа бастама деп қабылдайды. Б.Ысқақовтың «Кішкене театр» және бірнеше автордың «Мектеп сахнасы» жинақтарының жарыққа шығуын үлкен табыс деп бағалайды. Орыс тілінде жазылған пьеасалардың үлгі алар тұстарын баса айтады.

Балалар драматургиясының жай-күйі С.Ордалиевтің

«Балалар драматургиясының жайы» мақаласында(1964) біршама кӛрініс тауып, бұл олқылықтың орны толтырылған.

Зерттеуші соғыстан кейінгі жылдары туған пьесалар

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(22)

авторларына орыс балалар драматургиясы туындыларын үлгі етеді. М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», М.Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың «Алтын сақа», Ш.Хұсайыновтың «Нұрлы тас», «Есірткен ерке», Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесаларының тақырыптық, мазмұндық, идеялық ерекшеліктерін кӛрсетуге күш салады. Ересек адам(колхозшы қарт Қуаныш, колхоз председателі Нарын), әсіресе, мектеп мұғалімдері(мектеп директоры Ақтан, отряд бастығы Дариха) бейнелерінің солғын шыққандығын «Нұрлы тас» пьесасы нәтижесінде кӛрсетеді. «Автордың суреттеуінше, Ақтан, Нарын, Қуаныштар - ұнамды образдар. Бірақ оларды автордың ӛзінен басқа ешкім сүймейді, ӛйткені сүйетіндей, сүйсінетіндей олардың ешбір әрекеті, қимылы айқын кӛрінбеген»(41,230). Пьесадағы оқушылар - ересектерге қарағанда әлдеқайда кӛреген, алыстан болжағыш, ақылдырақ. Автор ӛз пікірін орыс әдебиеті драматургиясы үлгісінде дәлелдеуге тырысады. Бұл жайт түсінікті де. Орыс балалар әдебиетінің қарқынды дамуында оның драматургиясының да алғы шепте болғандығын сол тұстағы пьесалардан байқаймыз. Пьесадағы тіл олақтығы мен бас кейіпкер бейнесінің ашылмауына байланысты ескертпе Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесасына жасалады.

Бас кейіпкері әсіреленуі нәтижесінде басқалары ұмыт қалған пьеса деп Ш.Хұсайыновтың «Есірткен ерке» (1953) пьесасын атайды. «Қазақ драматургтерінің балаларға арнаған шығармаларында іс-әрекетті шынайы кӛрсетудің орына риторикалық репликалар мен кӛп сӛзділікке салыну, геройлардың тіліне елеусіз қарау кӛп кездеседі. Соның салдарынан ол шығармалардың кейіпкерлері бір-біріне ӛте ұқсас, бәрі бір типтес болып келеді, мұның ӛзі сӛз жоқ, пьесалардың сапасын түсіріп, құнын тӛмендетеді» (41,236).

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(23)

«Балалар прозасы» атты мақаласын(1965) А.Нұрқатов балалар әдебиетінің дамуы мен жанрлық ерекшеліктеріне шолу жасаудан бастайды. Н.Серәлиевтің «Намыс»

жинағына енген әңгімелеріне назар аудара отырып, олардағы бала мінезін, бала қылығын танытатын сипаттарды басты жетістік ретінде атайды. Повестерден Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», С.Сарғасқаевтың «Сұлутӛрдің балалары», А.Байтанаевтың «Ерденнің басынан кешкендері»

туындылары жӛнінде әр қилы пікір білдіреді. Бастапқы екі повесть турасында кӛркемдік, тіл ерекшеліктерін бағалай келіп, бұларда ӛмірдің кӛлеңкелі жақтарын суреттеуге кӛп орын берілген деген тұжырьш жасайды. «...ӛмірдің тек кӛлеңкелі жақтарын кӛбірек кӛріп, қызықтаушылық Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты басқа повесінде де баршылық.[...] Мұнда да автор ұнамсыз жәйттерді, ӛмірдегі және адамдардың басындағы кӛлеңкелі күйлерді тәптіштеп, қазбалап суреттеуге үйір-ақ. Автордың назары ауа беретін - ылғи бір жұтаңдық, тапшылық, қолқысқалық»(40,390).

А.Нұрқатов Сарғасқаев повесін С.Антоновтың «Жасыл алқап» шығармасына ұқсатады. Жазушы шығармасы тілін

«Балалар» атты жинағындағы әңгімелері тілімен салыстырады, повестегі тіл шұбалаңқылығынан жинақ әңгімелерінде арылғандығын атап кӛрсетеді. Есесіне, А.Байтанаевтың «Ерденнің басынан кешкендері» повесінің ұнамды жақтарын молдау кӛрсетеді. Біріншіден, повесть оқиғасының қызғылықтығы. Екіншіден, балалар мен ересектер бейнесінің жан-жақты кӛрінуі. Үшіншіден, шығарма тілін бейнелі етудегі жазушы ізденісінің кӛрініс беруі. Дегенмен де, қаламгердің кейіпкер толғаныстарын бейнелеуге терең бойламай жатқандығын ескертіп ӛтеді.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(24)

Әдеби ертегі жӛнінде С.Қирабаевпен қатар пікір айтқан - А.Нұрқатов. С.Бегалин, Б.Тұрсынбаев ертегілерінің кемшілігі дегенде халық ертегілері мен аңыздары желілерін қайталау қасиетін алға тартады. М.Гумеровтің, С.Омаровтың, Ж.Байжановтың аңыздық, ертегілік тақырыптарға арналған суретті кітапшаларының да аңыз, ертегілерден алыс кетпегендігін ескертеді.

Балалар әдебиеті жайында сӛз болғалы бері айтылып келе жатқан жайт, оның бала жасына сәйкес келуі. Демек, суретті кітапшалар тақырыбының тарлығы ғана емес, олардың қабілеті, бала ой-ӛрісіне сәйкессіздігі де - басты кемшілік.

Балаларға арналған прозада типтік образ жоқ. Типтік бейне сомдауды ойға алуға тиіс қаламгерлер ертеде шыққан шығармаларын атын ғана ӛзгертіп тың туынды ретінде қайтадан ұсынуда дейді А.Нұрқатов. «Балдырған»

журналының жарыққа шығуы - бӛбектер үшін тамаша сый.

Бірақ балалар және жастар баспасын ашу - кезек күттірмес шаруа. Халық ертегілері басылып шығуда, бірақ сирек шығуына байланысты қазіргі күні олар аздық етуде.

Зерттеуші алда атқарылар шаруаның біршамасын атайды.

Балаларға арналған таңдаулы шығармаларға мезгілімен конкурс жариялап отыру, жеткіншектерге арнап шығарма аудару ісін жандандыру.

Кемшілік атаулының қатарында жазушының бала ӛмірін терең зерттемеуі аталады. Қарапайымдылықты желеу еткен қаламгерлердің кӛркемдік қасиеті кем, әсер етушілік қуаты жоқ туындыларды туғызатындығы рас. Бала тірлігін, кезең шындығын зерттеу жазушыларға міндет саналады.

Балалар жазушысы болу үшін оған білім қажет. Жазушы білімді қайдан алады? Ӛз балалық шағынан алады.

Балалармен арадағы қарым-қатынастан, оларды бақылау

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(25)

нәтижесінен тірнектеп жинайды. Аталмыш талап-тілек бүгінгі күні де ӛзекті. Оның кӛкейкесті болу себебі, балалар әдебиетінің объектісі әрдайым бала болып саналады. Демек, объектіні зерттемей ол жайында шынайы туынды туғызу мүмкін емес. Мақала авторлары, жалпы алғанда, 1940-50 жылдардағы балалар әдебиетінің тыныс-демін объективті түрде кӛрсете алған.

40-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі 50-60 жылдары жарық кӛрген ғылыми еңбектерден де кӛрініс тапты. 1960 жылы Ш.Ахметовтің «Балалар әдебиетінің очеркі», 1963 жылы «Қазақ совет балалар әдебиеті» еңбектері жарыққа шықты. 1964 жылдың 16 мамырында С.Мұқанов Ш.Ахметовтің «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» кітабының алғысӛзінде былай деп жазған болатын: «Ӛткен жылдармен, әсіресе, революциядан бұрынғы жылдармен салыстырғанда советтік дәуірде балалар әдебиеті қазақ тілінде де орасан ӛсуі, жылдан жыл биіктеп, салмақтанып, кӛркемденіп келе жатуы мәлім. Бұл жӛнде әр кезде жазылған мақалалар да аз емес.

Шеген Ахметовтің оқушыларға ұсынып отырған мына кітабы - сол мақалалардың биік ӛркеші сияқты еңбек»(2,3).

Әр кезде жазылған сол мақалалардың қатарында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Ордалиевтің, З.Серікқалиевтің жоғарыда аталған мақалалары бары анық. Бұлардан ӛзге авторлардың да, атап айтсақ, С.Сейітовтің, Ә.Дербісәлиннің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің қазақ балалар әдебиеті мәселелеріне арналған мақалаларын Ш.Ахметов кітап кіріспесінде атап кӛрсетеді. «Бұлардан басқа да балалар әдебиеті жайында жазылған ірілі-уақты жиырма шақты мақалалар кездесті.

Осы аталған игі еңбектердің бәрінде де қазақ совет балалар әдебиеті жайында айтылған ӛрелі ойлар мен құнды пікірлер

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Кілт сөздер: қазақтың халық ойындары, фольклор, балалар фольклоры, балаларға арналған байырғы ойын түрлері мен өлеңдер.. Қазақ балаларының

Ол сенатор болып, онан соң қуғындалып жер аударылған, одан император мұрагерінің- зұлымдығы мен залымдығынанатағы шыққан Неронның тәрбиешісі, сол арқылы

Ɉԕɭɥɵԕɬɵ ɕɛɵɪɚɣ ɦɟɤɬɟɩɬɟ ԕɚɡɚԕ ɛɚɥɚɥɚɪɵɧɚ ɛɿɥɿɦ ɦɟɧ ɬԥɪɛɢɟ ɛɟɪɭɞɿԙ ɛɚɫɬɵ ԕԝɪɚɥɵ ɞɟɩ ԕɚɪɚɣɞɵ.. Ɉɥ ɛɚɥɚɥɚɪԑɚ ɚɧɚ ɬɿɥɿɧ ɬɚɡɚ ɠԥɧɟ ԝԕɵɩɬɵɥɵԕ - ɩɟɧ ԛɣɪɟɬɟɞɿ

Түйінді сөздер: Ыбырай Алтынсарин, Алаш қайраткерлері, Н.И.Ильминский, қазақ халқы, ұстаз, мектеп, ағартушылық, оқу-білім, балалар..

Балалар музыкалық мектебі – мектеп жасындағы балалар жалпы білім беретін мектеп- тердегі сабақтан бос уақытта қосымша бастапқы музыкалық білім мен дағдыларды

Осы жергілікті қаланың оңтүстік-шығыс аймағында өмір сүріп жатқан мектеп жасындағы балалар мен осы аймаққа қоныстанған оралман балалар

Халық педагогикасы — халықтық ауыз əдебиетінде, салт-дəстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мəңгі қалған педагогикалық мағлұматтар

Қаламгер бұл жерде сол шилердің ұсқынсыздығы мен жетім қыздың аянышты өмірін психологиялық параллелизммен көрсетіп отыр.. Егер табиғатты