Амирова Б.К.
Туындының авторлық құқық объектісі ретіндегі түсінігі және маңызы
Бұл мақалада туындының авторлық құқық ретіндегі маңызы, халық шығармашылығын құқықтық қорғауда туындайтын пробле
малар, туындының халықаралық құқық нормаларымен реттелуі қарастырылған.
Түйін сөздер: автор, туынды, халық шығармашылығы, интел
лектуалдық меншік.
Amirova B.K.
The concept and value of the derivatives as an object of copyright
The article deals with the problems of legal regulation of work espe
cially folk art as an object of copyright. And also opens up the essence of the works as a result of the creative activity of the author.
Key words: author, artwork, intellectual property, folk art.
Амирова Б.К.
Понятие и значение произведений как объекта авторского права
В статье рассматриваются проблемы правового регулирования произведений, в особенности народного искусства, как объекта авторского права. А также расскрывается сущность произведений как результата творческой деятельности автора.
Ключевые слова: автор, произведение, интеллектуальная собственность, народное искусство.
Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.
E-mail: [email protected]
Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын немесе қандай да бір объективтік нысандағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларын қорғайды [1].
Құқықтық қорғау объектісі ретіндегі туынды авторлық құқықтың негізгі түсінігі болды және солай қалмақ. Авторлық құқықтың ірі зерттеушілерінің бірі М.В. Гордон айтқандай:
«егер де белгілі бір автордың шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде туынды пайда болмаса, авторлық құқықтың болуы мүмкін емес» [2, 57].
Әдебиетте туынды түсінігі мен белгілері дұрыс құру- дан авторлық құқық субъектілерін анықтау, олардың өкілеттіліктерінің мазмұны, құқықтарды қорғау және басқа да маңызды мәселелер көп жағынан тәуелді екендігі туралы көзқарас қалыптасқан. Авторлық құқық мәселелеріне арналған заңи әдебиетте туынды түсінігінің әр түрлі анықтамалары бар. Мысалы, туынды деп автордың шығармашылық қызметі нәтижесінде адами сезімдермен түсінілетін нақты нысанға ие болған идеялар, түсініктер мен ойлардың жиынтығы. В.Я.
Ионастың анықтамасы бойынша, туынды объективтік нысанда көрініс тапқан, түсіну міндетін шешуден құралатын идеяларды синтездеу болып табылады [3, 84].
Бірқатар ТМД мемлекеттерінде қолданылатын авторлық құқық туралы заңдарға және заңи әдебиеттерде келтірілген анықтамаларға талдау жасаудан туынды авторлық құқық объектісі ретінде алдымен, шығармашылық қызмет нәтижесі ретінде сипатталады.
Француз заңгері Р. Дюма бұл туралы «шығармашылық құқықтық қорғауды қамтамасыз етудің шешуші негізі» болып табылатындығын айтқан.
Авторлық құқық объектісінің белгісі ретінде шығар- машылық қызмет барлық зерттеушілермен мойындалып, ешқандай дау туғызбайды. Алайда, шығармашылық немесе шығар машылық қызмет ретінде нені түсіну керектігі заңи әдебиетте бірмәнді жауапқа ие болмайды. В.И. Серебров- скийдің пайымдауы бойынша «ол ойлауды, көп еңбекті та- лап ететін, мақсаты белгілі бір нәтижеге қол жеткізу болып табыла тын үрдіс». И.А. Грингольд шығармашылықты жаңа- ны жасауға бағытталған интеллектуалдық еңбек ретінде ТУЫНДЫНЫҢ
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
Туындының авторлық құқық объектісі ретіндегі түсінігі және маңызы
анықтайды. О.С. Иоффе шығармашылықты нә- ти же сінде жаңа түсініктер, белгілер мен олар ды жүзеге асыру нысандары пайда болатын интел- лектуалдық қызмет ретінде қарастырады [4, 25].
Заңи әдебиеттегі шығармашылық пен шығар машылық туындылар түсінігіне негізді талдауды В.Я. Ионас жасаған. Психология саласындағы зерттеулерге негізделе отырып, В.Я. Ионас ойлаудың екі түрін ерекшелеген жөн дейді: біріншісі – продуктивті, шығармашылық ойлау; екіншісі – репродуктивті, дайын ойлар- ды қарапайым орындау. «Ойлардың шынайы өндірісінен» тұратын бірінші түрге қараған- да, екніші жағдайда адам үйренген ретпен ойлау операцияларын жасайды, сол уақытта оның ойлау қызметінде анықталған нәтиже алынады. Ойлаудың екі түрі де кейбір нәтиже- лермен аяқталады. Дегенмен, авторлық құқық объектілеріне тек шығармашылық продуктивті ойлау нәтижелері ғана жете алады. В.Я. Ионас
«репродуктивті ойлау туындылары мен продук- тив ті ойлау туындылары арасында ерекшелік – азаматтық құқықтық кардиналдық тұрақтылығы.
Осы өзгешелік авторлық құқықтағы туын ды- ны қорғау қабілеттігі немесе оның құқыққа- білеттілігі конститутивтік заңи фактінің мәніне шығармашылықпен анықталған» [3, 175].
Осылайша, ғылым, әдебиет және өнер туын дыларын авторлық құқықтың объектісі ретінде тану үшін ол автордың шығармашылық қызметінің нәтижесі болғандығы қажет. Автор- лық құқықтың объектісі ретінде туынды автордан тыс, дербес сипатқа ие болғанда пайда болады.
Дәл осы объективтік және материалдық нысанда туынды шығармашылық үрдістің аяқталуы бойынша өмір сүру қабілетіне ие болады.
Туындылар авторлық құқықтың объектісі ретінде материалдық объектілерде көрініс таба- ды. Қазақстан Республикасының Азамат тық Кодексінің 972-бабында туынды материалда- натын нысандардың тізімі көрсетілген: жазба- ша, ауызша, дыбыс немесе бейнежазба, бейне - сурет, көлемдік-кеңістік. Сондай-ақ автор лық құқықтың объектісі болып нақты бір мате- риал дық затта бекітілген туынды табылады.
Туындыда орын алған идеялар жаңа болуы міндетті емес, сол идеялардан көрініс табу автордың түпнұсқалық туындысы болуы тиіс.
Айта кететін болсақ берілген туындылардың көбі бұрын да белгілі болған және КСРО-ның Азаматтық Кодексінің 471-бабында көрі ніс тапқан. Бұрынғы авторлық құқықпен қор ғал- маған, мүлдем жаңа объектілер болып қала құрылысының және бақ-парктік шаруашылық-
тың туындылары, қолданбалы өнер туындылары, ЭЕМ үшін бағдарламалар табылады.
ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқық тың объектілерінің қатарына қосуға, осы объектілердің мәні және олардың интел- лек туалдық шығармашылық қызметінің нәти- желерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде-аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қор- ғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құ- қық тық қорғау және ұйымдастыру бойынша ма мандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін тал- қылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды.
Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың сыртқы көрінісінің барлық элементтерін – мұндай бағдарламалардың мәтінін және олардың жазылу тілін, операциялық жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады – оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғауы мүмкін.
Авторлық құқықтың объектілері болып та- был майтын туындылар. Заң дәстүрлі түрде авторлық құқықтың объектілері болып табыл- майтын туындылардың шеңберін қарастырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодек- сінің 974-бабына сәйкес, оларға мыналар жатады:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жа- лаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар [1].
Авторлық құқықтың объектілерін алдында қарағанда және берілген мәтінінен көріп отыр- ғанымыздай, ең алдымен сөз ресми құжаттар төңірегінде қозғалып отыр. Болжамды тізімі мәтіннің бірінші бөлігінде берілген объектілер, ресми құжаттың барлық талаптарына сай болуға тиіс және оны қабылдаған орган туралы мәлі- меттермен қамтылуы тиіс. Құжатты қабылдау актісінің өзі берілген органның құзыретіне сәйкес болуы қажет. Бұл шарттар орындалғанға дейін,
сөзді құжаттар туралы емес, авторлық құқықты қорғайтын, олардың жобалары туралы қозғауға болады. Заңнамада қандай аудармаларды ресми деп санауға болатын түсінік қамтылмаған. Біздің ойымызша, ресми аударма деп берілген құжатты қабылдаған органмен жүзеге асырылған немесе дұрыстығы мемлекеттік нотариуспен расталған аударма танылады. Сонымен, жоғарыда айтыл- ғандарға қоса мынаны ескеру қажет: заңдарды, сот шешімдерін, әкімшілік және т.с.с. актілерді жүйелендіру бойынша шығармашылық еңбек авторлық құқықты қамтиды.
Авторлық құқық, сондай-ақ, идеяларға, әдіс- тәсілдерге, процестерге, жүйелерге, амалдарға, кон цепцияларға, принциптерге, жаналықтар ашуға және фактілерге таралмайды. Берілген авторлық құқықты шектеу, мемлекеттік мүддемен емес авторлық құқықтың аталған жетістіктердің тиісті қорғауын қамтамасыз ете алмауымен келісілген. Идеяларды, әдіс-тәсілдерді және т.с.с. жетістіктерді тікелей қорғау, берілген жетістіктерді қатаң нысаншылдыққа бой ұру мен қорғау құжатын беру шеңберінде ғана мүмкін. Ал қорғау құжатын берудің өзі авторлық құқықтың функцияларына кірмейді.
Қорғалмайтын туындылардың үшінші сана- тына – халық шығармашылығы туындылары жатады.
Біздің ойымызша, халық шығармашылығы туындыларын құқықтық қорғау аясынан шығару ақталмаған және асығыс әрекет болып көрінеді.
Халықтың мәдени тұрғыда өзін-өзі тану негізі және оның өзін көрсетудің ең маңызды құралы ретіндегі халық шығармашылығын ар найы қорғаусыз мәдени даму үйлесімдігі бұзы лушы еді. Кеңестік кезеңнің әдебиетінде халық шығармашылығы туындыларына құқық- тық қор ғауды енгізу туралы ұсыныстарды Э.П. Гаврилов, А.М. Гарибян жасады.
60-жылдардан бастап, кейбір мемлекеттер авторлық құқық туралы заңнама шегінде халық шығармашылығы туындыларын пайдалануды реттеуге талпыныстар жасады. Халықаралық деңгейде осы санаттағы туындыларды қорғауды авторлық құқық арқылы қамтамасыз ету бойынша қадамдар жасалды. Мысалы, Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік Ұйымы құрған Үкі- меттік сарапшылар комитеті 1982 жылы
«Фольклор туындыларын заңсыз пайдаланудан және өзге де зиян келтіруші әрекеттерден қорғау бойынша ұлттық заңнамалар үшін нұсқаулық ереже» қабылдады. 1952 жылға Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенцияны толықтыру мақсатында 1975 жылы Боливия үкіметі ұсыныс
жасады. ЮНЕСКО-ның (Париж, 17 қазан – 16 қараша 1989 ж.) 25 сессиясында «Фольклорды сақтау туралы» Ұсыныс қабылданды [5, 78].
Алайда, көптеген елдердің авторлық заңна- масы халық шығармашылығы туындыларын авторлық құқық объектілері ретінде танымайды.
Бұл халық шығармашылығы мен авторлық құ- қық объектілері арасында төмендегідей айырма- шылықтардың болғандығына байланысты:
1) халық шығармашылығы туындылары олар пайда болған мәдени орта шегінде өзгеріп оты- руы мүмкін. Авторлық туындылар автор берген аяқталған нысанда болады;
2) авторлық құқықпен қорғаудың мақсаты, авторларды жаңа туындылар жасауына ынта- ландыру болса, халық шығармашылығы ту- ындылары ұлттық мәдениеттің ең маңызды элементтерінің бірі ретінде қорғалуы тиіс;
3) авторлық құқық объектілері шектелген мерзіммен қорғалады, ал халық шығармашылығы туындылары мерзімсіз қорғалуы тиіс;
4) халық шығармашылығы туындылары әдетте, анықталған авторға ие болмайды, олар жалпы алғандағы этникалық қауымдастыққа тиесілі. Авторлық құқықпен қорғалатын туын- дылар бір немесе бірнеше авторларға тиесілі.
5) халық шығармашылығы туындылары авторлық құқықпен қорғау аясынан жоғарыда аталған себептерге байланысты кірмейді.
Халықтық поэзия және музыка, салттардың көркемдік нысандары, суреттер, киімдер, дәстүрлі архитектуралық нысандары және халық шығармашылығы ұғымына кіретін барлығы жеке этникалық жалпылықта жасалынады. Бұл ту- ындылар этникалық қауымдастық мүшелерінің жеке үлестерінің арқасында дамуда. Халық шығармашылығы туындыларын бұрмалау, дәс- түрлі әдістерден басқа әдістермен қолдану сол халықтың мәдени игілігіне зиян келтіреді. Яғни халық шығармашылығы туындыларына құқық субъектісі ретінде бұл туындыларды жасаған халықты тану қажет. Халық шығармашылығы туындыларына қатысты халық атынан құқықтар барлық дүние жүзінде ұқсастықпен әрекет ететін арнайы органдар немесе ұйымдар құру арқылы жүзеге асырылады. Әлем елдерінің көбісінде халық шығармашылығы туындыла- ры жалпы қоғамға деп есептелінеді. Қазақстан қоғамы көптеген этникалық қауымдастықтардан құралады, олардың әрқайсысы өздерінің дәс- түрлі мәдени мұрасына ие. Сондықтан да халық шығармашылығы туындыларын жинау, сы- ныптау, құжаттау және тарату ұлттық мәдени орталықпен жүзеге асырылуы мүмкін.
Туындының авторлық құқық объектісі ретіндегі түсінігі және маңызы
Халық шығармашылығы туындыларын қор- ғаудың арнайы жүйесін енгізудің белгіленген мақсаттарынан шыға отырып, қорғаныс қандай әрекеттерден орнатылуы қажет және құқық субъектісіінң өкілеттіктерінің көлемі мен маз- мұны қандай екендігін анықтау қажет. Құқық субъектілерінің халық шығармашылығы туын- дыларына құқықтық өкілеттігі болып жасау- шылардың белгілі бір туындыны тану құқығы табылуы тиіс [6,18].
Халық шығармашылығы туындыларын ком мерциялық пайдалану тәжірибесі адал бол- мауы мүмкін. Туындылар әдетте маңызды өзгер тулерге ұшырайды және олар үлкен коммер циялық жетістікке жететін нысандарға өзгертіледі. Дәстүрлі мәдениеттік игілікке зақым келтіретін негізгі әрекеттер болып туындыларды өзгерту мен бұрмалау табылады. Туындыны көп рет өз бетімен өзгерту уақыт өте келе ол өзінің алғашқы нысанын және де оған халық берген идеялық мазмұнын жоғалтуына әкеп соғады.
Осылайша, екінші маңызды өкілеттілік бо- лып халық шығармашылығы туындылары- на қолсұқпаушылық табылуы қажет, ол маз- мұны бойынша авторлардың жеке мүліктік емес өкілеттіктеріне ұқсас болып келеді. Бірақ субъективтік авторлық құқықтың құрамы на кі- ретін қолсұғушылыққа қарағанда, халық шығар- машылығы туындыларына қолсұқпаушылық көлемі бойынша ерекшеленеді. Авторлық құ- қыққа қолсұқпаушылықты екі түрге бөлуге бо- лады: туындыға автордың келісімінсіз кез келген өзгерістер енгізуге тыйым салатын теріс және автордың өз құқығындағы өзі жасаған туынды- ны өзгертуге, толықтыруға құқылы. Авторлық туындыға қолсұқпаушылықтың мақсаты, ту- ындыда көрініс тапқан автордың туындылық жекелігін қорғау. Халық шығармашылығы ту- ындыларына қолсұқпаушылық тек теріс эле- менттен тұруы қажет. Ешқандай тұлға халық шығармашылығы туындыларына өзгерістер енгізу құқығына ие болмауы тиіс, себебі бұл өкілеттіктің мақсаты туындының алғашқы ныса- ны мен идеялық мазмұнын сақтау.
Дәстүрлі мәдениеттік мұра барлық халық- тың құндылығы болып табылатындықтан, ха - лық шығармашылығы туындыларын пайда ла - ну, әрине еркін болуы қажет. Дегенмен, ұсы- ны лып отырған қорғаныс жүйесі халық шығар- машылығы туындыларын дәстүрлі тақырып тан
өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салуды көздейді.
Енді интеллектуалдық меншік объектілері белгілерінің ішінен оны азаматтық құқықтар объектілерінен анық ажырататын және негіз гі құқықтық табиғатын білдіретін белгісін анық - тап көрсек. Біріншіден, ол нәтижесінде интел - лектуалдық меншік объектілері пайда бола - тын қызметтің ерекше сипаты. Келесі, интел- лектуалдық меншіктің объективтендірілген нысаны. Шығармашылық қызметтің нәтижесі адам қабылдайтындай белгілі бір материалдық жеткізушіде (қағаз жүзінде, дискіде т.б.) бо- луы тиіс. Себебі, бұл белгі интеллектуалдық қызметтің нәтижесін азаматтық айналымға қосудың міндетті шарты (мысалы, идея азамат- тық-құқықтық мәміленің объектісі бола алмай- ды) болып табылғандықтан, осы объектілерге ғана тиісті.
Ендігі, интеллектуалдық меншік объектісіне тиісті белгі ретінде ол авторлар немесе құқыққа иеленушілердің айрықша құқыққа ие болу- ын айтарлық. Бұл белгі интеллектуалдық мен - шік объектілерінің барлық түрлеріне қатыс ты.
Шығармашылық интеллектуалдық қызмет тің нәтижелері мен азаматтық айналымға қаты- сушылардың дараландыру құралдарын бір өзін- де біріктіріп ұстайтын да айрықша құқық [7, 11].
Біздің ойымызша, интеллектуалдық меншік объектілерінің белгілерін сипаттауда олардың интеллектуалдық меншік объектісінің тікелей өзіне ғана қатысты және жалпы белгілері деп екі түрге топшалап жіктеудің ғылыми тұрғыдан қажеттілігі жоқ емес. Сонымен қоса, интеллектуалдық меншік құқығының уақытпен шектелуін белгі ретінде көрсеткенде, онда – ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау) және азаматтық айналымға қатысушылардың дараландыру құралы – фир- малық атауды қоспағанда интеллектуалдық меншіктің барлық объектілері мерзімдік сипатта қолданылады деген ұстаным негізді болар.
Азаматтардың интеллектуалдық менші гін қорғау арқылы мемлекет олардың шығарма- шылық қабілетінің дамуына, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде объектілермен ие болып жатыр.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // http: //
online.zakon.kz
2 Гордон М.В. Советское авторское право. – М., 1955. – 378 с.
3 Ионас В.Я. Произведения творчества в гражданском праве. – М., 1972. – 297 с.
4 Иоффе О.С. Советское гражданское право. – Ленинград: «Издание ЛГУ», 1965. – Т. 3 – 157 с.
5 Дитц А. Современная концепция «Право сообщества авторов» («Платное публичное достояние») // Бюллетень по авторскому праву. ЮНЕСКО. Т. 24. – 1991. – № 3. – С. 77-85.
6 Гаврилов Э.П. Некоторые вопросы касающиеся объектов авторского права в книге проблемы современного авторского права. – М., 2010 – 243 с.
7 Есмағанбетов С.А. Зияткерлік меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері // Заң. – 2010. –
№ 10. – Б. 10-13.
References
1 Қazaқstan Respublikasynyң Azamattyқ Kodeksі (2015.27.04. berіlgen өzgerіster men tolyқtyrularmen) // http: //online.
zakon.kz
2 Gordon M.V. Sovetskoe avtorskoe pravo. – M., 1955. – 378 s.
3 Ionas V.Ja. Proizvedenija tvorchestva v grazhdanskom prave. – M., 1972. – 297 s.
4 Ioffe O.S. Sovetskoe grazhdanskoe pravo. – Leningrad: «Izdanie LGU», 1965. – T. 3 – 157 s.
5 Ditc A. Sovremennaja koncepcija «Pravo soobshhestva avtorov» («Platnoe publichnoe dostojanie») // Bjulleten’ po avtor- skomu pravu. JuNESKO. T. 24. – 1991. – № 3. – S. 77-85
6 Gavrilov Je.P. Nekotorye voprosy kasajushhiesja ob#ektov avtorskogo prava v knige problemy sovremennogo avtorskogo prava. – M., 2010 – 243 s.
7 Esmaғanbetov S.A. Zijatkerlіk menshіk құқyғy ob#ektіlerіne tәn belgіlerdің teorijalyқ aspektіlerі // Zaң. – 2010. – № 10.
– B. 10-13