• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

(1)(2)Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бердалиев К

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "(1)(2)Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бердалиев К"

Copied!
318
0
0

Толық мәтін

(1)
(2)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бердалиев К. Б.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

ОҚУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен

Алматы 2011

(3)

©

© Ассоциация высших учебных заведений

Республики Казахстан,2011

(4)

К і р і с п е

Қазіргі жоғары білімді мамандар дайындау жүйесіндегі орын алып келе жатқан үрдістердің бірі - оқу-жоспарлары мен стандарттарға жаңа пәндерді енгізу. Соңғы жылдарда сондай үрдістер экономикалық мамандар дайындау үдерісінде де байқалады. Олай болуы өте орынды. Жалпы мамандар дайындау және оқыту үдерісі серпінділігімен сипатталады. Оған себеп - қоғамның кәсіби мамандарға деген сұранысының үнемі өзгеріп отыруы. Сондықтан мамандандырылған пәндердің сапасы сол сұранысты қанағаттандырып отыруы тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей қатысы бар пәндер циклы экономика мамандарын дайындауда ерекше орын алады.

Солардың ішінен «Стратегиялық менеджмент» ләнін ерекше бөліп айтуға болады. Ол көптеген экономикалық пәндердің жиынтығы болып табылады және елдің даму болашағын болжауға үлкен себебін тигізеді. Оның негізгі ерекшеліктері - болжауға қолданылатындығында, мақсатқа бейімділігінде, келешекті анықтауда стратегиялық бағдарламалармен тығыз байланыстылығында. Сол сияқты стратегиялық басқарудың мәселелерін шешуде ерекше рөл атқарады.

Жоғары білімді мамандар, әсіресе менеджерлер, басқару үдерісін ұйымдастырып, оның тиімділігін арттыру үшін міндетті түрде

«Стратегиялық менеджменттің» негізгі теориялық концепцияларын, мазмұнын, тәжірибедегі қажеттілігін дұрыс түсініп, іс жүзінде қолдануға дайын болуы керек.

Ұсынылып отырған оқулықтың кейбір ерекшеліктері бар.

Біріншіден, оның алғашқы бөлімі жалпы стратегиялық теориялар мен концепцияларды қамтиды. Нақты айтқанда, басқару теориясының негіздері, ерекшеліктері, мақсаттары мен талдау әдістері, әр деңгейдегі бәсеке артықшылықтары, әртараптандыру мен жоспарлау және корпоративтік басқарудың стратегиялық негіздері қарастырылған.

(5)

Екіншіден, стратегиялық басқару теориясын іс жүзінде пайдалану үлгісі ретінде Қазақстан Республикасының тәжірибесі келтірілді. Кеңес мемлекетінен кейінгі кеңістікте басқару жүйесінің өз ерекшеліктері мол. Республика 90-шы жылдардан бастап стратегиялық басқару жүйесін кеңінен және тиімді пайдаланып жүрген мемлекеттердің қатарына кіреді. Аталмыш жүйенің негізінде саяси-экономикалық, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру, нарықтық экономикаға өту концепциялары; аймақтық басқару, кәсіпкерлікті басқару стратегиялары жатыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда басқару жүйесінде ұзақ мерзімді стратегиялар кеңінен қолданылып жүр. Олар «Қазақстан-2030», Қазақстанның тұрақты дамуы, индустриалды-инновациялық даму стратегиялары және Қазақстан Республикасының 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. Бұл стратегиялардың мәнісін, мақсаттарын, қол жеткізу жолдарын, негізгі нәтижелерін білмейінше білікті маман болу мүмкін емес. Олар қазіргі кезеңдегі және болашақтағы экономикалық идеологиямыз болып есептелуі керек. Сондықтан Қазақстан экономикасын стратегиялық басқару мәселелеріне байланысты ғылым салалары мен пәндерді игеру күн тәртібіндегі міндет.

Үшіншіден, стратегиялық басқарудың негізгі мақсаттарын іске асыру, тікелей микродеңгейдегі менеджментпен байланысты.

Стратегияны орындау барысында менеджментті басты әдіс деп те айтуға болады. Теорияда да, тәжірибеде де басқару ісі әрдайым экономиканың әр түрлі деңгейінде нақты әлеуметтік- экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыратын белгілі бір әдістер жиынтығының айрықша мүддесін білдіреді. Осыған орай менеджментте нарықтық экономикадағы менеджмент әдістерінің жүйесі және оның функциялары қарастырылады.

Сонымен жоғарыда келтірілген кітаптың үш бөлімі өзінің қарастырып отырған мәселелері, яғни көздеген мақсаттарының бірлігі бойынша біртұтас екендігін дәлелдейді.

Қазіргі күн тәртібінде тұрған күрделі мәселе мемлекеттік тілде оқытып, сапалы білім беру. Ол үшін оқу жүйесіндегі оқулық- әдістемелік жұмыстарын жаңартып, толықтырып отыру, әрбір оқу орнының және әрбір оқытушының негізгі парызы. Оған қоса айта кететін, құлақ асатын жағдай ол мемлекеттік тілде шығып жатқан оқулықтардың, оқу құралдарының және әдістемеліктердің

(6)

тапшылғы. Кейбір мамандықтарда олар жоқтың қатарында.

Оқулықты дайындау негізінде автордың жарияланған, оқу процесінде кеңінен қолданыс тауып оң пікірге ие болған алты оқу құралдары, осы пәннен оқылған лекциялардың материалдары және ғылыми қоғамға танымал шетел авторларының еңбектері пайдаланылған.

Бұл кітап «Менеджмент» мамандығы бойынша дайындалатын магистранттар мен студенттерге, ізденушілерге, басқару саласындағы қызметкерлерге арналған.

Осы кітапты дайындау барысында автордың ой-пікірін қолдап, керекті жағдай жасауға үлес қосқан және қолғабыс тигізген экономика ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Сатқалиеваға, экономика ғылымдарының кандидаты Қ. Р. Ерғалиевке, экономика ғылымдарының кандидаты С. А. Сатаевқа және пікір жазып, пайдалы ескертпелер жасаған ғалымдар экономика ғылымдарының докторы Ә. Н. Дәуренбековаға, экономика ғылымдарының докторы Г. И. Баймахамбетоваға, экономика ғылымдарының докторы С. Ж.

Ташеноваға, экономика ғылымдарының докторы С. Ы. Өмірзақовқа шын жүректен ағалық, әріптестік алғысымды білдіремін.

Автор

(7)

Бірінші бөлім. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ 1. Стратегиялық менеджменттің теориялық негіздері Нарықтың

қалыптасу теориясы

Нарықтық экономика теориясы нарықтық шаруашылық жүйесінің жұмысын істеу негіздері мен оның маңыздылығын түсіндіруге арналған. Бұндай жүйе барлық дамыған елдерде орын алған. Тек бұрынғы социалистік жүйесіне жататын елдерде болмаған.

Қазіргі жағдайда нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуі басты мәселе болып табылады.

Түйінді мәселелердің бірі ретінде әртүрлі бәсекелес күштердің тепе-теңдік категориясы болып отыр. Осындай тепе-теңдік дамуға мүмкіншілік жасайды, яғни монополизмді болдырмайды.

К. Маркс өз кезінде нарықтық экономика жүйесінің барын түсінген.

Соған орай ол мынадай пікір білдірген: тәжірибелік өмірде біз тек бәсекелестікті, монополистікті, олардың қайшылықтығын кездестіріп қоймаймыз, сонымен қатар олардың синтезін (жинақтауын) байқаймыз. Монополия бәсекелестікті туғызады, бәсекелестік – монополияны. Сондықтан синтез дегеніміздің мәні монополия болу үшін, сақталуы үшін ол ұдайы бәсекелестік күресте болуы қажет.

Нарықтық экономиканың біртұтас жүйе болып қалыптасуы экономикалық субъектілердің бәсекелестік тәртібін қоғамдық реттеулердің өз негізінде пайда болуының нәтижесі. Олар әр субъектінің экономикалық қызметінің бостандығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Жеке экономикалық субъектілердің барлық экономиканы монополиялауына тек осындай кепілдіктерге сүйену ғана мүмкіндік бермейді. Барлық іс-қимылдар экономикалық қатынастардың субъектілерінің объективтік ынталарын ескеру негіздерінде іске асу керек.

Экономиканың жалпы даму теориясының жүйесінде басқару ілімінің мәні мен деңгейлерін білген жөн.

Басқару – әртүрлі табиғи ұйымдастырылған функциялар (биологиялық, әлеуметтік, техникалық). Олар белгілі

(8)

құрылымдардың сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалар мен мүдделерді іске асырады.

Басқару көптеген ғылымдар салаларын - менеджменттің, экономиканың, психологияның, әлеуметтанудың, саясаттанудың, философияның, кибернетиканың және т.б. - зерттейтін пән.

Басқару теориясы дербес білім саласы ретінде тек қана пән аралық жүйе ретінде дами алады.

Қазіргі басқару ғылымында екі деңгейлі білімді белгілеуге болады. Бірінші деңгей әлеуметтік теориялардан көрінеді:

«Менеджерлер революциясының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің, өнеркәсіптік демократияның, адамаралық қатынастардың» және т.б. Екінші деңгей білімі – іс жүзінде қолданылатын ұйымдастырушылық және басқару теориялары. Бұл деңгей нақтылау және іс жүзінде пайдаланатын ұсыныстардың ғылыми-әдістемелік негізін қамтамасыз етеді. Ол ұсыныстар мыналар:

- еңбекті тиімді ұйымдастыру мен басқаруды одан әрі дамыту;

- басқарушылық шешімдерді дәлелдеу және талдау;

- жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік-психология- лық мінез-құлқына әсер етуде жаңа әдістерді пайдалану.

Экономика дамуының жалпы теориясының белгілі саласының бірі - ол менеджмент (басқару) теориясы. Жалпы анықтама бойынша, Менеджмент дегеніміз кәсіпорынды тиімді басқару туралы ғылым.

Бұл ғылымға кіретін ілім:

- кәсіпорынды ұйымдастыру туралы қағидалар;

- оның стратегиялық дамуы туралы;

- қызметшілерді іріктеп алу (социологиялық аспект);

- олардың жұмысын үйлестіру тәсілі (социологиялық бөлігі).

Шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша тиімді басқарудың бірнеше ерекшелік белгілері бар. Олар:

- шапшаң іс-қимылды және жігерлілікті мақсат ету (уақыт бұйрығы);

- тұтынушылармен ұдайы байланыста болу;

- кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың бас бостандығын қолдау;

- адам факторына, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділі-гін арттыруға негізгі күш ретінде қарау;

- басқару нысандардың қарапайымдылығы, басқару штатының

(9)

неғұрлым аз болуы және т.б.

Басқару теориясы дегеніміз басқарудың мәнін, мазмұнын және ерекшеліктерін анықтайтын категориялардың жиынтығы.

Басқару теориясының бұдан да басқа ғылыми анықтамасы бар.

Мысалы: Басқару теориясы – басқарудағы бейнелеу, түсіндіру және объективтік құбылыстарды болжау жөніндегі теориялық жағдайлардың жинағы.

Бұл теорияның зерттейтін объектісі - әлеуметтік-экономикалық жүйе. Басқару қызметінің негізгі мазмұны - болашақтағы процестерді болжау, ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру, реттеу, зерттеу.

Бұған тән ерекшеліктерінің бірі – адамдардың бірлесіп істейтін қызметіне бағытталғандығы.

Басқарудың жалпы теориясынан менеджмент тұжырымдамасы туындайды.

Менеджмент – нарықтық экономиканың жағдайларына және мұқтаждығына мейлінше сәйкес келетін басқару типі. Менеджмент ең төменгі деңгейдегі басқару деп ұғынған жөн. Өндіріс, кәсіпорындар, өндірістік емес салалар Оның ең жиі қолданатын деңгейі. Менеджменттің ең мәнді функциясы – ол нақтылы өндірісті басқару, оны ұйымдастыру және болашағын болжау, әсер ету.

Осындай теориялық негіздерден қазіргі кезеңдегі нарықтық экономиканың ерекшеліктері анықталады:

1. Тұрақты, ұзақ мерзімдік, салааралық және аймақаралық байланыстар негізінде жалпы бір арықтық кеңістіктің құрылуы.

Сондай-ақ ол әртараптандырулық процестердің таралуымен шектелмеуі тиіс (өнімдердің және өндірістің әртараптандырылуы – өнім сапасын өзгерту, жақсарту, алдыңғы қатардағы технологияны пайдалану процесі).

2. Тұтынуды жоғарлату мен ұсынысты кеңейтудің арақатынасы.

3. Бәсекелестіктің баға емес тәсілдерінің бағалық тәсілдерінен жоғары болуы.

4. Экономиканы әлеуметтік бағытта реттеушілер бәсекелес топтардың арасындағы қайшылықтарды шешугемүмкіншілік жасайды.

5. Заң және экономикалық орталықтандыру, отан тауар нарығында бәсекелестік қатынастарды реттеу (мемлекет адал емес бәсекелестікке жол бермейді; арнайы заңдарды қабылдау арқылы экономикадағы монополизмді болдырмау, монополистердің

(10)

үстемдік орнатуын шектеу және республика экономикасын орталықтандыру).

6. Кез-келген азаматтың тауар нарығындабәсекелестік қатынасқа кіруіне кең мүмкіншілік беру. Бұған енудің бас каналы – меншік формалары.

Нарықтық экономиканың тағы бір ерекшелігі - әртүрлі интеграциялық процестердің орын алуы. Бұл интеграциялық процестердің мынадай жаңа қасиеттері болады:

- маркетинг жүйесі (бәсекелестіктің негізінде және оның нәтижесінде пайда болады). Бұл шын мәнінде өндіріс пен тұтыну интеграциясының негізгі механизмі, яғни ол өндіріс пен тұтынудың арасындағы байланыстыратын буыны;

- халықты жұмыспен қамтамасыз етуіне әсер ететін жүйе (ол кәсіпорындар мен жалданбалы жұмысшылар арасындағы бәсекелес, сонымен бірге жалданбалы жұмысшылардың өз арасындағы бәсекелестік арқылы да пайда болады);

- өндірісті ұйымдастыру формаларын реттеу жүйесі. Ол әртүрлі жекеменшіктер арасындағы бәсеке мен өндірістің әртүрлі шарттары негізінде пайда болады. Олар демократиялық сипатта болады және жалданбалы жұмыскерлерді өндіріс құралдарынан және жалданбалы еңбектен алыстауын жеңілдетеді.

Басқарушы экономикалық теорияны қалай пайдаланады?

Басым көпшілік (70%) басқарушылар өз ісінде келесі негізгі экономикалық тұжырымдамаларды пайдаланады:

1) шығындар (ұйымның барлық шығыны);

2) баға орнату (сұраныс және ұсыныс заңдары);

3) құндылықтар.

Экономикалық теорияның басты қызметі – басқарушыларды дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр ету. Фирманың жұмысы туралы мәліметтерді үздіксіз түрде жинау, себебі оларсыз дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес.

Нарықтық жүйенің негізгі алғы шарттарын нарықтық экономиканың классигі А. Смит дәлелдеп, ұсынған болатын.

Нарықтық экономиканың дұрыс жұмыс істеуінің негізгі алғышарттары мыналар:

- еркін бәсекелестік;

- жекеменшіктің билігі;

- әртүрлі монополияларды шектеу;

(11)

- еркін сауда;

- мемлекеттің экономикаға қол сұқпауы.

Нарықтық жүйенің жұмысының теориялық алғы шарты ретінде оның еркін өндіріс табиғатына, нарықтың рөлі және мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары болуы мүмкін. А. Смиттің пікірі бойынша адамдардың өз әл-ауқатын жақсартуға ұмтылысы өте күшті ынта.

Егер оларға ешбір кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіншілік берілсе, онда олар қоғамды гүлдендіруге әкелер еді.

XVII ғасырда өмір сүрген француз философы К. А. Гельвеций қоғамда адамның жеке басының мүддесінің рөлін табиғаттағы бүкіл әлемдік тартылыс заңымен теңестірген. Бұл жағдайда түбінде жалпы қоғам ұтыста болады.

Әр адамның мүддесі дер кезінде шешімін тауып отырса, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түседі.

Осы тұрғыдан алғанда бұл келтірілген жағдай нарықтық экономиканы басқарудағы басты қағидалардың бірі болып саналады.

Нарықтық экономика тұрақты жұмыс істеуі үшін бес күрделі мәселелердің барын мойындау керек. Ол мәселелерді шешу әрбір экономикалық жүйенің міндеті.

Ол мәселелер мыналар:

1. Қанша өндіру қажет және өндіріс ресурстарының қандай бөлігін өндіріс процесінде пайдалану керек?

2. Нені өндіру? (яғни қандай тауарлар адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандырады?).

3. Бұл өнімді қалайша өндіру керек? (яғни өндірісті қалайша ұйымдастыру керек, осы өнімді өндірумен қандай фирмалар айналысуы тиіс және қандай технологияны пайдаланған жөн?).

Мұнымен тауардың бәсекелестік қасиеті байланысты;

4. Бұл өнімді кім алады және кімге бөлу керек? Бұл жерде өнім жеке тұтынушылар арасында бөлінуі қажет.

5. Бұл жүйе өзгерістерге сәйкес икемделіне ме? Сұраныстың, өндіріс технологиясының өзгерістеріне қалай бейімделеді, өзгерістер қаншалықты тез ескеріледі?

Кез келген кәсіпорынның өзіне тек пайда әкелетін тауарларды өндіруге тырысатынын ескерген жөн.

(12)

Стратегия - басқару теориясының негізгі бөлігі

Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғарғы деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз - ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы (Хиггенс). Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері (Пирс және Робинсон). Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы (Кунц).

Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады.

Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративтік стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау;

фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау;

фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау;

оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құрылымды және басқаруды жетілдіру.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей;

стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық

(13)

деңгей; төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).

Өндірісті басқару ғылымының міндеті – өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.

Өндірісті басқару теориясы – кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерден тұрады:

- Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың үрдістері, заңдылықтары және қағидалары қамтылады.

- Өндірісті басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формаларын, басқару функциялары мен құрылымын, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру мәселелерін қарастырады.

- Ықпал етудің тетіктері мен құралдарының жиынтығы ретіндегі басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім.

- Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, динамикасы, әдістері туралы ілім.

- Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару шеберлігі, сондай-ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары қаралады.

Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілері арқылы анықталады. Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын қамтиды (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.).

Басқару үрдісіне қатысушыларды екі топқа бөлуге болады: бірі материалдық игіліктерді өндіретін еңбекпен айналысатын болса, екіншісі басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынастары орнайды.

Бұл қарым-қатынас басқару субъектілері мен объектілері арасында қалыптасады.

Басқару қатынасы қандай түрге немесе типке жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады.

Басқару стратегиясының объектілері жеткілікті. Бірақ соның ішінде ең күрделі, барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерге тікелей қатысы бар және шешуші рөл атқаратын объектілерін атап көрсеткен жөн. Көптеген объектілерді топтастырып жіктеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда оларды мынандай топтарға бөлуге болады: 1. Макроэкономика деңгейі; 2. Мезоэкономика деңгейі; 3.

(14)

Микроэкономика деңгейі.

Стратегиялық басқарудың негізгі объектілері осылар.

Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макроэкономика жатады. Бұған экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады.

Егерде стратегиялық басқаруға классикалық экономикалық теория негізінде қарайтын болсақ оның ең жоғары сатысында күрделі объект ретінде кеңейтілген ұдайы өндірістің үдерістері жатуы тиіс. Ешқандай қоғам сол объектінің кезеңдерінсіз (өндіріс, бөлу, айналым, тұтыну) өмір сүруі өте қиынға түседі. Басқару тәжірибесінде бұлардың әрбіреуі жеке объект және күрделі объектілер болып табылады. Олардың ішінде (ортасында) жүріп жатқан үдерістерді жөнді басқармайынша, қоғам дұрыс әрі бай өмір сүреді деп айту қиын.

Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштермен сипатталады (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.).

Экономиканың бұл аспектісі стратегиялық басқару теориясына апаратын басты аспект болып табылады. Өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Мұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.

Стратегиялық басқарудың бір объектісі – мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымның, технологияның әртүрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады.

Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән.

Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Аймақ басқару объектісі ретінде

(15)

мемлекет пен ұлттық экономиканың аймақ мемлекеті сыңайлы болады: аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.

Стратегиялық басқару теориясында да, күнделікті тәжірибеде де микродеңгей шешуші объект болады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Яғни басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.

Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

Стратегиялық үдеріске кіріспе

Стратегияның негізгі мәні - бизнесті қоршаған ортаға бейімдеу.

Тек осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман қалып және әрі жақсы дамуына мүмкіндік болады. Стратегияны үдеріс ретінде қарастыруға оның үш белгіленген сатылары дәлел болады: стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің іске асуы.

Стратегиялық талдаудың негізгі мақсаты ақпарат жинау.

Бұл талдаудың ішкі және сыртқы екі кезеңі бар. негізгі мақсаты Талдаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі. Стратегиялық таңдау талдаудың нәтижелерін зерттеуден басталуы керек. Стратегия мен менеджментті іске асыру стратегиялық талдау мен таңдауға қарағанда әлдеқайда қиындау үдеріс.

Іскерлік стратегияны жүзеге асыру үшін төмендегі жағдайларды ескеру қажет: ресурстар негізінің тепе-теңдігі; ұйымның құрылымы мен мәдениетінің көзделген стратегияны қабылдауға дайындығы;

стратегияны іске асыру барысында менеджменттің өзгерістерге дайындығы; кешеннің даму бағыттары туралы материалдық- техникалық шешімдерді негіздеу; ұсынылған стратегия және сапа мәселелерін өндіріс деңгейіндегі ұйымның дайындығы; бизнестің ішкі және сыртқы қатысушыларына осы стратегияның әсері және

(16)

т.б.Жалпы стратегия үдерістерін мынадай сызбамен бейнелеуге болады:

1-сурет. Стратегия үдерісі

Стратегиялық басқарудың ерекшеліктері.

Стратегиялық басқарудың мүмкіндіктері шексіз. Стратегиялық басқаруды пайдаланудың бірнеше шектеулері бар.

Біріншіден, стратегиялық басқару өзінің мәніне қарай болашақтың дәл және егжей-тегжейлі суретін бермейді және бере де алмайды. Стратегиялық басқаруда жасалынатын ұйымның қажетті болашағын бейнелеу – бұл оның ішкі жағдайы мен сыртқы ортадағы орнын егжей-тегжейлі емес бейнесі, дұрысында ол ұйым болашақта қандай жағдайда болуы қажет, нарықта және бизнесте ол қандай орын алуы керек, қандай ұйымдық мәдениеті бар болуы қажет және т.б. деген сұрақтардың жиынтығы. Сондай-ақ осының барлығы ұйымның болашақта бәсекелестік күресте жеңіске жете ме, жоқ па екенін анықтауы қажет.

Екіншіден, стратегиялық басқару ескі ережелер мен процедуралардың тәртібімен жүргізіле алмайды. Оның белгілі

(17)

бір міндеттерді шешу кезінде немесе белгілі жағдайларда нені және қалай жасайтынын белгілейтін теориясы жоқ. Стратегиялық басқару – бұл бизнес пен менеджменттің белгілі бір философиясы немесе идеологиясы. Яғни әр менеджер стратегиялық басқаруды өз білімімен және біліктілігіне сай қабылдап, жүзеге асырады. Әрине, стратегияны таңдау мен оның проблемасын талдаудың, сондай- ақ тәжірибеде жүзеге асырудың бірқатар ережелері, сызбалары, ұсыныстары бар. Ал тұтастай қарастырғанда тәжірибеде стратегиялық басқару, бұл:

- жоғарғы басшылықтың ұйымды стратегиялық мақсаттарға алып барудың интуициясы мен өнерінің симбиозы;

- ұйымның ортамен байланысын, ұйымның және оның өнімінің жаңаруын, сондай-ақ ағымдағы жоспарлардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіпшілігі мен шығармашылығы;

- барлық жұмысшыларды ұйым міндеттерін жүзеге асыруға, мақсаттарға жетудің өте жақсы жолдарын іздеуге белсенді енгізу.

Үшіншіден, ұйымда стратегиялық басқару процесі жүзеге асырыла бастау үшін уақыт пен ресурстардың үлкен шығыны және белгілі бір күш жұмсау қажет болады. Қоршаған ортаны зерттеуді және ұйымды қоршаған ортаға енгізуді жүзеге асыратын бөлімшелерді жасау қажетті. Маркетинг, қоғам мен байланыс және т.б. бөлімдер ерекше маңыздылыққа ие болуда және елеулі қосымша шығындарды қажет етеді.

Төртіншіден, стратегиялық алдын ала болжаудың қателерінің теріс салдары тез күшейеді. Аз уақыт ішінде мүлде жаңа өнімдер жасалады, салымдардың бағыттары ауыстырылады.

Бесіншіден, стратегиялық басқаруды іске асыру кезінде екпін стратегиялық жоспарлау алдыңғы қатарға шығады. Алайда, бұл аз, себебі стратегиялық жоспарлау, алға қойған міндеттердің сәтті орындалуын қамтамасыз етпейді. Шынында стратегиялық басқарудың маңызды құрастырушысы болып стратегиялық жоспарды жүзеге асыру болып табылады. Ал бұл ең алдымен стратегияны іске асыруға мүмкіндік беретін ұйымдық мәдениетті жасау, еңбекті мотивациялау және ұйымдастыру жүйесін жасау, ұйымда белгілі бір икемділікті жасау және т.б. Өмірде орындау процесі жоспарлаумен қарама-қайшылықта болады. Орындау кезеңінің маңыздылығы артады. Стратегиялық жоспарлау қанша

(18)

жақсы жүргізілгенімен, оның жүзеге асуы алғышарт емес.

Стратегиялық менеджменттің бес міндеті.

Фирманың стратегиясын жасау және жүзеге асыру бойынша менеджердің міндеті бес өзара байланысқан бөліктерден тұрады:

1. Коммерциялық қызметтің түрін анықтау және оның дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, яғни дамудың мақсаттары мен ұзақ мерзімді болашағын белгілеу қажет.

2. Жалпы мақсаттарды жұмыстың нақты бағыттарына айналдыру.

3. Қажетті көрсеткіштерге жету үшін таңдалған жоспардың шебер жүзеге асырылуы.

4. Таңдалған стратегияның тиімді жүзеге асырылуы.

5. Жасалған жұмыстарды бағалау, нарықтағы жағдайды талдау, алынған тәжірибе, өзгерген жағдайлар, жаңа идеялар немесе жаңа мүмкіндіктер тұрғысынан қызметтің ұзақ мерзімді негізгі бағыттарына, мақсаттарына, стратегияға немесе оның жүзеге асырылуына түзетулер енгізу.

Стратегиялық көріністің және компанияның миссиясының дамуы.

Жоғары бөлім басшысының компанияның стратегиясына қатысты негізгі сұрағы мынадай: «Біз өзіміздің компаниямызды қалай көреміз, не істегелі жатырмыз және неге қол жеткізгіміз келеді?». Осы сұраққа нақты және дәлелді жауап беру үшін менеджер өзіне фирмасының бүгінгі күнгі және болашақтағы қызметінің сипатын елестетуі және сондай-ақ 5-10 жыл алға компанияның мүмкін қажеттіліктерін ойластыруы қажет. «Біз кімбіз, не істеп жатырмыз және қандай бағыт ұстанамыз?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет. Компанияның не істегелі жатқаны және оның қандай деңгейде болғысы келетіндігі жалпы мағынада фирманың миссиясы деп аталады. Менеджер миссияны анықтаған соң, компания қызметінің өрісін, сондай-ақ ол өзінің тұтынушыларына ұсынатын қызметтерін анықтайды. Менеджерге фирманың қызмет өрісін стратегиялық тұрғыда ойластыру қажет. Осының барлығы фирманың ұзақ мерзімді даму концепциясын жасаумен қатар жүреді. Менеджердің өзінің фирмасының нарықтағы орнын көруін стратегиялық елес дейді. Кешігіп қабылданған және уақтылы түзетілмеген стратегиялық жоспарлаудың ешқандай мағынасы жоқ.

(19)

Стратегияны жүзеге асыру.

Стратегияны жүзеге асыру мәселесі стратегиялық тұрғыда жұмыс істеу үшін және оның белгіленген мерзімі сақталуы үшін не істеу қажет екенін түсінуден тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, мұндағы шеберлік стратегияның орнын анықтау бойынша әрекеттерді, оның кәсіпшілік орындалуын және жақсы нәтижелерді алуды дұрыс бағалаудан тұрады. Стратегияны жүзеге асыру жұмыстары алғашқы әкімшілік міндеттердің аясына жатады, ол келесі негізгі кезеңдерді көрсетеді:

- стратегияны табысты орындау үшін ұйымдық мүмкіндіктерді жасау;

- бюджетті қаражаттарды пайдалы орналастыру мақсатында басқару;

- стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін фирманың саясатын анықтау;

- өте тиімді жұмыс үшін қызметкерлерді мотивациялау;

- қажет болған жағдайда стратегияны жүзеге асыру бойынша өте жақсы нәтижелерге жету мақсатында олардың міндеттері мен жұмыстардың сипат түрін өзгерту;

- сыйақы мөлшерін белгіленген нәтижелерге жетумен ұштастыру.

(20)

2-сурет. Компания стратегиясының элементтері

Компанияның бөлімшелерінің көбісінде ескерілуі тиіс.

Стратегияның нақты жүзеге асырылуы стратегиялық жоспарды сәтті орындау үшін компанияның басқаша және жақсы жасайтын ісін дәл талдаудан басталады. Әр менеджер мына сұрақтарға жауап іздеуі қажет: «Жалпы стратегияны орындауға өзімнің үлесімді қосу үшін менің бөлімшемде не істелуі қажет және де мен оны тиімді етіп қалай атқарамын?».

Компанияның стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін ішкі саясатты өзгерту қажеттілігі стратегиялық өзгерістердің дәрежесіне, ішкі саясаттың стратегия талаптарынан қаншалықты ауытқитынына және стратегия бірлескен мәдениетпен қаншалықты жақсы келісетініне тәуелді.

(21)

Миссия, мақсат және стратегиялық басымдылықтардың қалыптасуы

Стратегиялық менеджментте миссия – философия және алдын ала арнау, ұйымның өмір сүру мәні. Нақтылау айтқанда, ұйым не үшін қызмет етуі керек және оның басқаларға қарағанда қандай айырмашылығы бар деген сауалға жауап береді. Миссия дегеніміз – ол ұйымның анық көрінетін жалпы мақсаты. Ол мынадай негізгі сауалдарға жауап береді:

- ұйым не үшін қызмет етеді (оның себептері)?;

- негізгі тұтынушылары кімдер және ұйым олармен қандай қатынаста болады?;

- ұйымның негізгі философиясы неде, ол қоғаммен, өзінің тұтынушыларымен қандай қатынаста болады?;

- қызмет етудің негізгі қағидалары қандай?.

Ұйымның негізгі мәселесі, оның миссиясы – қандай адами қажеттілікті қанағаттандыру қажет деген сауалға жауап беру. Кез келген ұйымның стратегиялық басқарудағы маңызды бөлшегі – ол миссия мен өзінің меншікті мақсаттарын анықтау.

Миссия деген ұғымды аударғанда оны мақсат деп түсінуге болады. Жалпы стратегияны, әсіресе стратегиялық басқаруды негізгі, басты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланатын әдіс ретінде пайдалануға әбден болады. Мақсаттардың пайда болу негізінде олардың иеленушілерінің қызығушылық қасиеттері жатыр: ұйымдардың иелері; ұйымның қызметкерлері; ұйымның өнімін сатып алушылар; ұйымның іскерлік серіктестігі; жергілікті қоғам және жалпы қоғам.

Ұйым мақсаттары – ол оның нақтылық хал-жағдайын сипаттау, жақсы жағдайға қол жеткізу.

Жалпы мақсаттар ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді болып жіктеледі. Ол мақсаттар анықтау үрдісінде мынандай сатылардан өтеді:

- жан-жақты байқалатын трендтерді анықтау;

- жалпы ұйымдар үшін мақсаттарды белгілеу;

- мақсаттар иерархиясын құру;

- жеке мақсаттарды белгілеу.

Осы келтірілген мақсаттардың маңыздығына қарасақ XVII ғасырда өмір сүрген голландық философ Спиноза Барухтың

«Әлемді билейтін мүдде» деп айтқан пікірінің қазіргі заманда да

(22)

шындық екені күмән келтірмейді.

Мақсаттар категория ретінде, басқарудың негізі және қозғаушы күші ретінде өздеріне тән сипаттамалары бар: мақсатқа жету үдерісін қатысушылардың қызметтілігі; әрбір мақсатты санатты түрде өлшемдеу; қойылған мақсатқа өз уақытында, өз мерзімінде жетуді анықтау және соны жоспарлау; мақсат нақтылы болуы қажет және орындалатын болуы керек; мүдделер бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыруға қызмет етеді.

Генри Минцбергтің стратегиялық анықтамалары Ол стратегияның бес түрлі анықтамасын ұсынады: біріншіден, стратегия дегеніміз жоспар-болжау негізінде жасалған болашақтағы нәтиже, нысана, бағыттар. Осы тұрғыдан алғанда жоспар дегеніміз басынан аяғына дейін бақылауға алынатын, алдын ала белгіленген іс-қимыл. Екіншіден, ол тактикалық әдіс, бәсекелестік додасындағы ерекше айлакерлік. Жалпы алғанда ол қысқа мерзімдік стратегия, өте шектеулі мақсаттарымен сипатталады және қажет болған кезде өзгертуге болады. Үшіншіден, ол бет алыс қағидасы. Нақтылы үлгі арқылы іске асырылады. Бұл қалыптасқан бет алысқа байланысты өзгерістер енгізу стратегиясы. Төртіншіден, ол нақты нарықтағы бағаларға қараған көзқарас. Бесіншіден, ол ұйымның үлкен болашағы.

Осы берілген анықтамалар шеңберінде стратегияның үш компонентін бөліп көрсетуге болады: ұзақ мерзімді негізгі мақсаттарды анықтау; іс-қимыл бағамын қабылдау және ресурстарды орналастыру.

Жоғарыда берілген анықтамаларға қарағанда, стратегия - көп мағыналы және көптеген функцияларды атқаратын басқару әдісі.

Басқару тәжірибесінде, әсіресе жоспарлауда, ұдайы қолданылатын құрал.

Басымдықтар

Ұйым өзінің ұзақ мерзімді болашақта әрекет етуін қалай қамтамасыз ете алады, өзінің міндеттерін орындауы үшін оған не тән болуы қажет? Бұл сұрақтың жауабы айдан анық: ұйым тұрақты сатып алушылары болатын өнімді шығаруы қажет. Біріншіден, өнім сатып алушыға қызықты болуы соншама, ол ақшасын осы үшін беруге дайын тұрады, екіншіден, ол сатып алушыға басқа

(23)

фирмада өндірілетін, тұтынушылық сапасы бойынша ұқсас, өнімге қарағанда қызықты. Олай болса, фирма өз өнімінің бәсекелестік басымдылығы бар болған жағдайда ғана тіршілік етіп, дамиды.

Бәсекелестік басымдылықтарды стратегиялық басқару жасайды.

Бәсекелестік басымдылықты жасау және ұстап қалу мәселесін қарастыру нарықтық ортаның үш субъектісінің қарым-қатынасын және сәйкесінше өзара әрекеттестігін талдауды ұйғарады.

Бірінші субъект – нақты өнімді өндіретін «біздің» фирма. Екінші субъект – осы өнімді сатып алатын және сатып алмайтын алушы адам. Үшінші субъект – бұл «біздің» фирмамен өндірілетін өнім сияқты сатып алушының осы қажеттігін қанағаттандыра алатын өзінің өнімін оған сатуға дайын бәсекелестер. Бұл нарықтық

«сүйіспеншілік» үшбұрышында сатып алушы басты тұлға болып саналады. Сондықтан да өнімінің бәсекелестік артықшылығы – бұл осы өнімді сатып алуға түрткі болатын тұтынушы үшін өнімдегі бағалылық. Бәсекелестік басымдылық «біздің» фирманың өнімін бәсекелестердің өнімімен салыстырудан пайда болуы мүмкін.

Нарықта бәсекелес өнімді ұсынатын фирмалар жоқ болса да «біздің»

фирмамыздың өнімі сатылмайды. Бұл оның сатып алушылар үшін жеткілікті бағалығы немесе бәсекелестік басымдылығы жоқ екенін білдіреді.

Бәсекелестік басымдылықтарды нені қалыптастырады? Бұл үшін екі мүмкіндік бар деп есептеледі. Біріншіден, бәсекелестік басымдылықтарды өнімнің өзінде болуы мүмкін. Өнімнің бәсекелестік басымдылығының бір түрі – бұл оның баға сипаты.

Сатып алушы көбінесе тауарды ұқсас тұтынушылық қасиеттері бар тауарларға қарағанда бағасы арзан болғандықтан сатып алады.

Кейде өнім өте арзан болғандықтан сатылып кетеді. Мұндайда сатып алушы үшін өнімнің тұтынушылық пайдалылығы жоқ болса да алады.

Бәсекелестік басымдылықтардың екінші түрі – дифференциация.

Бұл жағдайда сатып алушы үшін оны тартымды ететін ерекше өзгешеліктерге ие болатын өнім туралы сөз болады.

Дифференциация өнімнің тұтынушылық (пайда әкелетін) сапаларымен (сенімділік, қолданудың қарапайымдылығы, жақсы функционалдық сипаты және т.б.) байланысты болуы міндетті емес.

Оған пайда әкелетін тұтынушылық қасиеттерге ешқандай қатысы жоқ сипаттамалар есебінен жетуге болады, мысалы, марка.

(24)

Екіншіден, фирма өнімде бәсекелестік басымдылықты жасаудан басқа, оның нарықтағы орнын, өз өнімінің бәсекелестік басымдылығын жасауға әрекет ете алады. Бұл сатып алушыны тағайындау есебінен немесе басқаша айтқанда, нарық бөлігін монополизациялау есебінен жеткізіледі. Мұндай жағдай нарықтық қатынастарға қарсы келеді. Себебі мұнда сатып алушы таңдау мүмкіндіктерінен айырылады. Алайда айқын тәжірибеде көптеген фирмалар өзінің өнімі үшін осындай басымдылықты жасауға емес, сондай-ақ оны жеткілікті ұзақ ұстап қалу сәтті болады.

Стратегиялық басымдылықтарды жасаудың үш стратегиясы бар.

Бірінші стратегия – бұл бағадағы жетекшілік. Бұл стратегия кезінде өнімді жасау мен өндіру кезінде фирманың назары шығындарда болады. Баға басымдылықтарын жасаудың негізгі көздері мыналар:

жиналған тәжірибе негізінде істі тиімді жүргізу;

• өндіріс көлемінің өсу кезінде өнім бірлігіне шығынды төмендету есебінен масштабта үнемдеу;

• әр түрлі өнімдерді өндіру кезінде пайда болатын синергиялық әсер есебінен шығындарды төмендету нәтижесі ретінде әр түрлілікті үнемдеу;

• жалпы фирмалық шығындардың төмендеуіне мүмкіндік беретін ішкі фирманың байланыстарын оңтайландыру;

• таратушы желілер мен жеткізу жүйесін интеграциялау;

• уақытында фирманың қызметін оңтайландыру;

• жергілікті ерекшеліктерді пайдалану есебінен шығындардың төмендеуіне жетуге мүмкіндік беретін фирманың қызметін географиялық орналастыру.

Стратегиялық менеджменттің бес мақсаты

Ұйымның стратегиясын жасау мен жүзеге асыру барысында менеджердің алдында бес бір-бірімен байланысты міндеттер бар:

1. Компанияның дамуындағы негізгі бағыттарды анықтау.

Басқаша айтқанда оның міндеттерін және ұзақ мерзімді даму болашағын белгілеу қажет.

2. Белгіленген жалпы мақсаттарды нақтылы жұмыс бағыттарына айналдыру.

3. Керек көрсеткіштерге қол жеткізу үшін таңдап алған жоспарды орынды іске асыру.

4. Таңдап алған стратегияны тиімді атқару.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін денсаулық сақтаудағы медициналық ғылым мен инновацияны дамытудың стратегиялық маңызды бағыттарының бірі

Құрылыс ұйымындағы есеп саясаты – бұл бухгалтерлік есепті жүргізу жəне қаржылық есептілікті жасаудың ішкі заңы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының

Журнал саяси ғылымдар саласы бойынша ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім

Изучение мирового опыта показывает, что разные страны развивают внутренний и, со- ответственно, въездной туризм, опираясь

Қазіргі заманғы педагогикалық технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: оқу үдерісін интен- сивтенттіруді жаппай қолға

Егер орталық процессор негізгі жадымен BSB және FSB шиналары арқылы алмасу операциясын іске асырса, онда мұндай архитектураны DIB (Dual Independent)

Имитациялық модельдеудің нәтижесі ретінде клиенттердің қарбыз- қауын алуға жҧмсаған уақытының орта шамасын (кҥту мен қызмет кӛрсету.. уақыттарын қоса)

Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің проблемаларын жүйелі зерттеудің бастауында негізінен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және