158
ҒТАХР 14.35.09 DOI: 10.52512/2306-5079-2021-85-1-158-168 СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
С.Ш. Тлеубаев1, Б.С. Тлеубаева2, Т.Ж. Қлышбаев3
1,2 М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
3 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан [email protected], [email protected], [email protected]
Жоғарғы және орта оқу орындарында оқу-теоретикалық іс-әрекет студенттерді интеллектуалды дамытуға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған, бұл олардың кәсіби таным деңгейін қалыптастырады, оқу-тәжірибелік іс-әрекет – орындаушылық қабілеттілігі мен техникалық шеберлігін дамыту мен жетілдіруге бағытталады. Алайда, тұлғаның шығармашылдық мәселелері тыс қалуда, осыған орай біздің зерттеуіміз бүгінгі күні білім беру жүйесінде болашақ хореограф мамандарды кәсіби даярлау барысында шығармашылық қабілеттерін дамытуға аса көңіл бөлінуіне бейімделген.
Зерттеу жұмысының проблемасы хореограф студенттердің шығармашылық қасиеттерін дамытудың маңыздылығы мен құрылымының, қағидалары мен шарттарының мәнін ашу, сондай-ақ колледждер және университеттерде оқыту процесінде оларды жетілдірудің тиімді технологияларын іздеу болып табылады. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін өркендетудегі хореографиялық қызмет, күрделі әлеуметтік- педагогикалық құбылыстар кешені ретінде түсіндіріледі және оның шығармашылық қызығушылықтарын, бейімділігін, жеке ерекшеліктерін және хореографиялық қабілеттерін есепке алу негізінде студенттің біртұтас тұлғасын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған хореографиялық әдістемелер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Студенттердің шығармашылығын дамытуы табысты болу үшін шығармашылық байқаулар мен фестивальдарға, шеберлік-кластарына, концерттегі орындауларға қатысу сияқты іс-әрекет түрлерін пайдаланған абзал. Оларға студенттердің қатысуы студенттердің теоретикалық және практикалық білімдерін тереңдету мен жүйелеуге, тәжірибелік міндеттерді шешу үшін жаңашыл әдістерді қолдана отырып, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық іс-әрекет инновациялық іс-әрекет құралдары арқылы болашақ маманның шығармашылық қабілеттіліктерін күшейту үдерісінде айрықша роль ойнайды.
Түйін сөздер: хореография, шығармашылық қабілеттер, би өнері, тұлға, оқыту әдістемесі, би.
Кіріспе
Білім беру саласындағы инновациялық үдерістер мамандарды кәсіби даярлауға жаңа талаптар қойып отыр. Қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сипатталатын қазіргі жағдайларда белсенділік, дербестік, бастамашылық және шығармашылық жеке тұлғаның даму бағытын анықтауда жетекші рөл атқарып, адамдардың табысқа жетуінің маңызды факторларына айналады. Осыған байланысты әрбір студенттің шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау міндеті қоғамдық дамудың құралы мен қажетті алғышарты ретінде ғана емес, сонымен қатар білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды мақсаты ретінде қарастырылады. Философия, психология, педагогика контексінде шығармашылық қабілеттілікті жетілдіру проблемасын ретроспективті қарастыруға, қабілеттілігінен айырылған адамдардың болуы мүмкін еместігін анықтауға бізге мүмкіндік берді.
Әр адамның қандай да бір нәрсемен айналысуға мүмкіндік беретін қабілеттері болады, және де олардың әртүрлілігі мен қабілеттерінің қаншалықты жоғары болуына байланысты бірқатар қызмет түрлерінде адамдар өз қабілеттерін қолдана отырып, көптеген бағыттар бойынша табысты дамуға қол жеткізе алады. Бірақ әр адамның қабілеті әртүрлі болуына байланысты, олардың қалыптасуы өзіне тән, жеке, қайталанбас болып келеді. Бұдан бөлек, адамға қызметтің кез-келген түрінде қажетті қабілеттіліктер, яғни шығармашылық қабілеттіліктер берілген.
Шығармашылық қабілеттілікті дамытудың негізі – іс-әрекет принципі болып саналады. Егер шығармашылық адам қызметінің іргелі қасиеті десек, онда шығармашылыққа қажеттілік және оған қабілеттілік оны жүзеге асырудың қажетті шарттары мен қызметтерінің өнімі болып табылады.
Адамның өмір сүруі мен жетілуінің қажетті шарты ретінде балалар шығармашылығы туралы алғаш рет пікір білдірген және осы проблеманы зерттеуге ерекше үлес қосқан ғалымдардың бірі –
159
Л.С.Выготский. Ғалым мен оның қызметкерлері жүргізген зерттеулері балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық тұжырымдамасының негізі болды.
Психологтардан кейін, қазіргі заманғы педагогика өкілдері (И.Я.Лернер, М.Н. Скаткин, Г.И.Щукина) оқушылардың шығармашылық дербестігін табысты дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар жасай отырып, шығармашылық үдерісті басқару мүмкіндігі мен қажеттігін жасауға болады деген тұжырым жасады.
Көрнекті педагогтар еңбегінің құндылығы сол кездердің өзінде олар ұстаздарды балалардың әр- түрлі қабілеттерін елемеуге болмайтынын, олардың бастамасын, қиялын, өмірге деген қызығушылығын, шығармашылық ниетін дамытуға шақырған. Осылайша, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қабілетін жетілдіру проблемасын әзірлеудің жеткіліксіздігі мен оның өзектілігі «Хореограф студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту» атты ғылыми мақала тақырыбын таңдауымымызға әкелді. Зерттеу жұмысының проблемасы хореограф студенттердің шығармашылық әлеуеттерін дамытудың маңыздылығы мен құрылымының, қағидалары мен шарттарының мәнін ашу, сондай-ақ колледждер және университеттерде оқыту процесінде оларды жетілдірудің тиімді технологияларын іздеу болып табылады.
Алайда, зерттеуіміз бүгінгі күні білім беру жүйесінде болашақ мамандарды кәсіби даярлау барысында шығармашылық қабілеттерін дамытуға тиісті көңіл бөлінбейтіндігін көрсетті. Оқу орны студенттердің шығармашылық даралығын анықтауға және қалыптастыруға, олардың өзіндік кәсіби көзқарастары мен нанымдарын дамытуға мүмкіндік беретін заманауи білім берудің әлеуетті мүмкіндіктері өте әлсіз пайдаланылады.
Зерттеудің мақсаты - хореографиялық іс-әрекет құралдарымен студенттердің шығармашылық қабілеттерін өркендетудің педагогикалық шарттары кешенін әзірлеу, теориялық негіздеу және сараптамалық тексеру.
Зерттеудің мақсаты мен ұсынылған гипотезаға сәйкес зерттеуде келесі міндеттерді шешу қарастырылады:
1) студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін өсіру мәселелерін зерттеуді қамтамасыз ететін базалық ұғымдар жүйесін негіздеу; «шығармашылық қабілет», «шығармашылық бағытталған орта» ұғымдарының мәнін нақтылау;
2) интеграцияланған хореографиялық іс-әрекет арқылы тұлғаның шығармашылық ұқыптылығын дамытуға бағытталған, оңтайлы шығармашылық бағдарындағы ортаны модельдеуге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерді таңдау және теориялық негіздеу;
3) хореографиялық іс-әрекет құралдары арқылы білім алушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытудың тиімді үдерісіне ықпал ететін педагогикалық жағдайлар кешенін анықтау және сараптамалық тексеру;
4) хореография колледжінде хореографиялық іс-әрекет құралдарымен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту процесін ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дайындау және тәжірибеге енгізу.
Жеке тұлғаның шығармашылық және өздігінен дамуының психологиялық-педагогикалық жағдайының механизмі туралы (В.И. Андреев, Д.Б. Богоявленская, А. Маслоу, К. Роджерс, Э. Эриксон және т.б.); жеке тұлға дамуының негізі ретіндегі шығармашылықтың мәні мен әлеуметтік маңыздылығын ашатын философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар.
Теориялық ұстанымды анықтауда қазақстандық ғалымдардың педагогикалық зерттеулері Б.Г.Аюханов, Д.Т.Абиров, М.Х.Балтабаев, О.В.Всеволодская-Голушкевич, Ш.Жиенқұлова, Т.А.Кишкашбаев, А.Б.Шанкибаева, Л.А.Мамбетова, Г.Т.Жумасеитова және т.б. маңызды рөл атқарды.
Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім теориясының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне арналған зерттеулер: Қазақстандағы хореографиялық өнердің қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттарын А. К. Кульбекова, Ж.А. Сапарова, К.Д. Айткалиева, Г.Т. Жұмасеитова, С.Ш. Тлеубаев, Т.О. Изим, Б.С.Тлеубаева, Г.Б. Құнанбаев және т. б. ғалымдар зерттеген.
Зерттеу жұмысының сипаттамасы
Қазіргі ғылыми философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізу біздің зерттеу жұмысымызда қажетті ұғымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту үшін «шығармашылық деген не, оның негізгі белгілері
160
қандай және шығармашылық тұлғаны қандай қасиеттер сипаттайды»? деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында ежелгі грек ғалымдары адамзат іс-әрекетіндегі шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуын зерттеуге ертеден-ақ көңіл бөлген. Барлық дәуірдің гуманистері тұлғаның қалыптасуындағы шығармашылықтың рөлін өте терең бағалады. «Шығармашылықтың қуанышын ең аз дәрежеде болса да, бастан кешкен адам өзінің өмірлік тәжірибесін тереңдете түседі және психологиялық астары бойынша өзгеше болады»,- дейді Б. В. Асафьев [1; 15].
Философиялық сөздікте шығармашылық ұғымы сапалы, жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасайтын адамның іс-әрекеті ретінде қарастырылады [2; 474].
Шығармашылық философия тұрғысынан алғанда, адамның өмірде бар материалдардан (объективті әлем заңдылықтарын тану негізінде) алынған алуан түрлі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын жаңа шындық жасау қабілеті. Шығармашылық түрлері жасампаздық қызмет (өнертапқыштың, ұйымдастырушының шығармашылығы, ғылыми және көркем шығармашылық және т.б.) сипатында анықталады.
XIX-XX ғасырлардың тоғысында «шығармашылық туралы ғылым»; «шығармашылық теориясы» немесе «шығармашылық психологиясы» зерттеудің арнайы саласы ретінде қалыптасты.
Онда шығармашылық жаңа жасампаздықтың психикалық процесі ретінде және осы процеске олардың қосылуын қамтамасыз ететін жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылды.
«Шығармашылық» санаты педагогика үшін маңызды әдіснамалық мәні бар жалпы ғылыми ұғымдардың қатарына жатады.
Ғалым-педагогтар баланың қызметін белсенділендіретін әдістер мен формаларды іздеумен көп айналысты. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу жұмыстары «шығармашылық»
ұғымына әртүрлі көзқарастар бар екенін көрсетті. Бұл жұмыста біз шығармашылықты зерттеудің түрлі аспектілерін анықтай отырып, қарастырамыз. Айта кету керек, ең көп жұмыстар шығармашылықты туынды ретінде, процесс ретінде, қабілет ретінде жеке тұлға ретінде қаралған. Енді біз оларды қарастырып көрейік.
Шығармашылықтың ерекшелігін көптеген зерттеушілер шығармашылық актінің өнімділігі ретінде таныған. С.Л.Рубинштейн шығармашылықты туынды жасауға апаратын әрекет ретінде анықтайды, яғни оны «...жаңа, ерекше нәрсе, ол тек жаратушының ғана емес, сонымен қатар ілгерілеудің, ғылым, өнер және т.б. даму тарихына да кіреді», - деп қарастырады [3; 89].
Мұндай көзқарасты А.М.Матюшкин шығармашылықты адамдардың алынған білімдерінің шегінен артық шекараларды еңсеруін анықтайды деген тұжырымға келген [4; 54].
М.Г.Ярошевскийдің пікірінше, шығармашылық «Жаңа дүниенің пайда болуы, яғни субъектінің санасы мен мінез-құлқындағы өзгерістер, сондай-ақ сол өзгерістерден туындайтын және одан ығыстырылып шығарылатын туындылар» дегенді білдіреді [5; 234].
Л.С.Выготский шығармашылықтың даму проблемасын зерттей отырып, шығармашылық туралы әдеттегі түсінігіміз ғылыми тұрғыдағы көзқарасқа сәйкес келмейді: «Әрине, шығармашылықтың биік дәрежесіне жету мүмкіндігіне әлі күнге дейін адамзаттың бірнеше таңдаулы даналарының ғана қолы жеткен» деп жазады.
Бірақ шығармашылық біздің күнделікті өмірімізде өмір сүрудің қажетті шарты және бұл өмір иірімнен тыс жаңа дүниелердің пайда болуының өзі адамның шығармашылық процесіне міндетті болып табылады [6; 31].
Л.С.Выготский шығармашылықты былай анықтайды: «Өмір сүріп жатқан адамның тек сыртқы дүниедегі қандай бір затқа, сезімге, қатысты жасалған өзіне тән шығармашылық туынды болады ма, бәрібір, жаңа дүние тудырған, жасаған адамның қызметін біз шығармашылық іс-әрекет деп атаймыз» [7; 89]. Келтірілген анықтамалар шығармашылық туынды нәтижелері бойынша шығармашылықты сипаттайды. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, процессуалдық аспектіге барынша назар аударатын шығармашылық анықтамасы барынша өнімді.
Біздің ғасырдың басталуында-ақ жекелеген ғалымдар шығармашылық үдерісті талдауға, оның күрделі механизміне еніп, оның сызбасын құрауға әрекеттенді. Осы мәселені зерттеуге, оқыту үдерісіне қатысты И.Я. Лернер елеулі үлес қосты. Ол оқыту барысында қалыптастырылуы барынша елеулі болып табылатын шығармашылық қызмет шараларын айқындайды [8; 42].
Автор тізімде келтірілген шығармашылықтың процессуалдық сипаттамалары өзара байланысты екендігін атап өтеді. «Шығармашылық қабілеттілік» ұғымын қарастыруға жүгіне отырып,
«қабілеттілік» терминін анықтап аламыз. Ол отандық және шетелдік психология мен педагогикада
161
кеңінен қолданылады, дегенмен әдебиеттерде оның көптеген анықтамаларының болуы ұғымның түсіндірілуінің бірмәнді еместігін тұжырымдайды.
В.В. Богословскийдің пікірі бойынша, қабілеттілік – іс-әрекет талаптарына жауап беретін және ондағы жоғары жетістіктерді қамтамасыз ететін адам тұлғасы қасиеттерінің жиынтығы.
В.В. Богословский адами қабілеттіліктер табиғаты қазіргі күнге дейін ғалымдар арасында даулы пікірталастардың жеткілікті санын туындатып отыратындығын және басым сипаттағы көзқарастардың бірі, Платон заманынан бастау ала отырып, қабілеттіліктер биологиялық жағынан өзара байланысты және олардың пайда болуы мұрагерлік қорға тұтастай тәуелді болатындығын дәйектейтін пікірді келтіреді [9; 261].
Зерттеу әдістемесі
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту мәселесін қарастыра отырып, біз өзіміз үшін маңызды қорытындыға келдік, адамның шығармашылық қабілеттіліктері – оның тіршілік әрекетінің бағдарламасының негізі болмақ. Олар шығармашылық ойлаудан, елестетуден, ынтадан, тұлғаның шығармашылыққа бейімделуінен, қатысымдық-шығармашылық қабілеттіліктерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе ретінде көрінеді.
Студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудағы олардың оқу-хореографиялық қызметі күрделі әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың жиынтығы ретінде қарастырылады және олардың шығармашылық болмыстарын, қызығушылықтарын, бейімдіктерін, дербес ерекшеліктері мен хореографиялық қабілеттіліктерін есепке алу негізінде студенттің тұтас тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған хореографиялық әдістемелер мен құралдар жиынтығы ретінде көрінеді.
Шығармашылық қабілеттіліктердің даму үдерісі барынша табысты жүруі үшін олардың жас ерекшеліктерін де ескеру қажет. Жасөспірімдік кезең – балалық пен ересектік арасындағы онтогенетикалы орналасқан адам өмірінің белгілі бір кезеңі, ерте жастық кезең (жас кезеңі шекарасы 15 - 16 жастан 21 - 25 жас аралығы). Жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның қалыптасуы әлеуметтік үдеріс екендігін есте тұту қажет, тұлғаның дамуы жасөспірімнің өзінің белсенді іс-әрекеті үдерісінде жүзеге асырылады, жасөспірімнің іс-әрекеті барлық уақытта құрдастарымен және ересектермен қарым- қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Нақ осы жасөспірімдік шақта адамның тұлға ретіндегі қалыптасуы жүреді.
Жас адам басқа адамдарға ұқсаудың онтогенетикалық идентификациясының күрделі жолын басып өте отырып, олардағы тұлғаның әлеуметтік мәнді қасиеттерін: бірге бастан кешіруге қабілеттілікті, адамдарға деген белсенді адамгершілік қарым-қатынасты, өз-өзіне және табиғатқа қатынасуды, конвенциональды рөлдерді, нормаларды, қоғамдағы іс-әрекет нормаларын меңгеруге қабілеттілі болуды үйренеді. Білімдерді игеру, жаңа ақпараттарды алу, ассоциациялармен баю жеке жүйке жасушалары арасындағы байланыстарды күшейте дамытуға алып келеді. Колледж және университеттегі хореограф студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту – жүйелік, тұлғалық бағдарланған және іс-әрекеттік тәсілдердің жетекші қағидалары негізінде қызмет ететін күрделі және көпқырлы үдеріс. Хореографиялық іс-әрекет құралдары арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың аталған қағидалары зерттеуде құндылықты-мағыналық, талдау- жорамалдық, ұйымдастырушылық-үдерістік, сараптамалық-бақылаушылық функцияларды орындайды.
Функция – бұл обьект мәнінің сыртқы көрінісі немесе анығында, обьект мәні көрінісінің маңызды жағы екендігін атап өту қажет. Функция, біршама тұрақты, осы жүйеге тән іс-әрекет тәсілі ретінде, осы жүйе мәнділігінің маңызды тараптарының бірі, және осы мағынасында – оның ішкі сипаттамаларының бірі болып табылады. Құндылықты-мағыналық функция мақсат жорамалдаумен байланысты және ЖОО қызметіндегі басымдықтарды айқындау арқылы іске асырылады. Талдау- жорамалдау функциясы әлеуметтік сала мұқтаждықтары, жаңа зерттеулер, білім бағдарламаларын жаңғырту мен тұтас жүйенің дамуын болжау үшін қажетті жаңа психологиялық-педагогикалық технологиялар жөніндегі ақпараттарды талдаумен байланысты болады.
Ұйымдастыру-үдерістік функция жүйенің әзірленген нормативті-құқықтық және ғылыми- әдістемелік компоненттері негізінде студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту бойынша ЖОО қызметін ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеу технологияларын жүйелендіру, жұмыстың жаңашыл формаларын ендіру механизмдерін береді. Сараптамалық-бақылау функциясы басты мақсат – хореограф-білім алушының шығармашылық икемділіктерін дамыту деңгейін жоғарылатуға қол жеткізуді бақылауды, сараптауды және қадағалауды қамтамасыз етеді.
162
Болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін дамыту, зерттеулер көрсеткендей, сәйкес мазмұнмен қамсыздандырылуы тиіс. Хореографтардың шығармашылық қабілеттіліктерін өркендетудің ұсынылған үдерісінің мазмұнын іске асыру студенттерді арнайы даярлау пәндерін оқыту барысында (хореография - классика, халықтық, заманауи; би аэробикасы - bodyballet, folkdance, jazzmodern), концерттік-шығармашылық іс-әрекет үдерісінде, студенттердің өзіндік жұмысы мен өндірістік іс-тәжірибеде жүзеге асырылуы мүмкін.
Болашақ хореографтардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту үдерісін пәнаралық деңгейде модульдей отырып, біз теоретикалық-сараптамалық зерттеулер негізінде арнайы пәндерді (хореография мен би аэробикасы) құрастыру мен оқыту кезінде интегративті бағыттарды есепке алу қажеттігі жөнінде, алдымызға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында студенттердің іс-әрекетінің әр алуан түрлерін интеграциялау қажеттігі мен мүмкіндігі жөніндегі тұжырымға келдік.
Теоретикалық-сараптамалық зерттеулер жеке алынған пәндер функцияларын интеграциялау білім алушының шығармашылық қасиетін дамытудың тұтас үдерісінің қызмет етуін іске асыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, хореографиялық іс-әрекет құралдары көмегімен болашақ маманның шығармашылығын дамыту үдерісін ұйымдастыру лекция, репетиция, жеке сабақтар, концерттік қойылымдар, байқаулар мен фестивальдар, студенттердің өзіндік жұмыстары мен әр алуан білім мекемелері мен мәдениет мекемелеріндегі олардың өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибесінен тұратын студенттердің оқу-танымдық, оқу-шығармашылық, сондай-ақ оқудан тыс (оның ішінде, концерттік-шығармашылық) іс-әрекетінің формалары, әдістері мен құралдарының мазмұнын интеграциялау негізінде даярланды.
Зерттеу нәтижелері
Ғылыми әдебиеттерді теоретикалық талдау, білім алушылардың шығармашылық қабілеттіліктері даму жағдайын қарастыру, сондай-ақ колледжде ұсынылған пәндердің білімдік- тәрбиелік және көркемдік-шығармашылық мүмкіндіктерін зерттеу негізінде оқу барысында болашақ хореографтардың шығармашылық біліктілігін дамыту үдерісінің педагогикалық шарттары анықталды.
Осы жұмыстың жаңашылдығы - студенттерге сабақ барысында тек бағдарлама бойынша дәріс бермей, басқа тәсілдерді қарастыру. Студенттердің шығармашылық зеріктігін хореографиядағы ойындар арқылы дамыту, би қимылдарын қолданып әртүрлі проблемалық жағдайларды шешу, психологиялық және педагогикалық тапсырмалар арқылы эксперименттер жасап, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тақырыптарда жұмыс жасау, әдістемелік нұсқаулар дайындау (10; 957). Бұның барлығы олардың шығармашылық ойлауын дамытудың теориялық және әдістемелік тәсілдері, әртүрлі проблемалық жағдайларда педагогикалық мәселелер мен тапсырмаларды шешуде жаңашылдық пен өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Шығармашылық қабілетті жақсы игерген тұлға мамандық немесе кез келген өмірлік жағдайлар аяасында, тез шешім қабылдауға икемді болады.
Мәдениет колледжінде оқыту барысында студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту үшін қажетті педагогикалық шарттарға біз төмендегілерді жатқыздық:
- оқу хореографиялық әрекетте айқындалған және қолданылатын қағидалар негізінде білім алушының шығармашылығын дамыту;
- педагог пен студенттің ізгі өзара әрекеттестігі, синкретизм, әрекеттегі оқыту, импровизациялылық;
- интеграцияланған хореографиялық іс-әрекеттің әр алуан бағыттарында студенттер еңбегінің шығармашылық туындысын аспаптық қамтамасыз етуден тұратын шығармашылық бағытталған ортаны ұйымдастыру (классикалық - bodyballet, халықтық - folkdance, заманауи - jazzmodern);
- «Аэробика және оны оқыту әдістемесі. Би аэробикасы» оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және ендіру.
Жоғарыда тұжырымдалған шарттардың әрбірін қарастырайық.
Шарттар – хореографиялық оқу әрекетінде айқындалған және қолданылатын қағидалар негізінде білім алушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту:
- педагог пен студенттің ізгі өзара әрекеттестігі;
- синкретизм, әрекеттегі оқыту, импровизациялылық.
Тұлғаның шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерін дамыту үдерісі тұлғаның өзін өзі дамыту үдерісі жандандырылып, қарқындыландырылғанда ғана өз мақсатына жетеді.
163
Оқытушы мен студентке тұлғаның шығармашылық өсуі және өзін-өзі дамыту заңдылықтарын, қағидалары мен ережелерін білген және пайдаланған маңызды.
Өзіңнің табиғи болмысыңды, дербес-типологиялық ерекшеліктеріңді, мінез-құлық қасиеттерін дамыту мен оларды түзетуге мақсатқа бағытталған белсенділік, жасампаздық іс-әрекет, ең әуелі, білімнің ғылымилығы мен белгілі психологиялық заңдылықтарға негізделген тұлғаның өзі талап етіледі. Даму және өзін-өзі дамыту қағидалары кәсіби бағыттылықпен, адам өмірінің тұтастай мақсаты мен мәнімен тығыз байланысты және детерминацияланады.
Қағида педагог өзінің тәжірибелік іс-әрекеті мен мінез-құлқында жетекшілікке алатын бастапқы ереже болмақ. Біртұтас педагогикалық үдеріс қағидасы – қағида термині (латын тілінен аударғанда: principium – негіз, бастау) төмендегіше ұғынылады:
1) қандай да бір теорияның, ілімнің негізгі, бастапқы ережесі; іс-әрекеттің жетекші идеясы, негізгі ережесі;
2) іс-әрекет нормаларын анықтайтын ішкі сенім, заттарға көзқарас.
Педагогикалық үдеріс қағидасы - жетекші идеялар жиынтығы, орындалуы арқылы тұлғаны қалыптастыру және дамыту міндеттерін шешудің қажетті тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеуге қойылатын батапқы, негізгі талаптардың белгілі бір жүйесі [11; 17].
Егер де заңдылықтар себеп пен салдар арасындағы елеулі, қажетті байланысты сипаттаса, онда заңдылықтардан бастау алатын қағидалар педагогикалық үдерістің жалпы бағытын, оның мақсаттарын, ұйымдастыру мазмұны мен әдістемесін анықтайтын негізгі талаптар болып табылады.
Педагогикалық үдеріс қағидалары шынайы негізге ие. Оларды адами ойлаудың ерікті құрылымы, жекелеген адамдардың ой-қиялының жемісі ретінде қарастыруға болмайды.
Оларда оқу-тәрбие үдерісіндегі білім алушылар мен педагогтардың арасындағы заңды байланыстар мен қатынастар сипатталады [12; 19].
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту қағидаларын айқындай отырып, біз келесі педагогикалық заңдылыққа сүйендік, оқу хореографиялық іс-әрекет тәрбие үдерісінің субьект- субьектілік сипатын қамсыздандыруы тиіс.
Олардың қатарына төмендегілерді жатқызамыз.
1) педагог пен студенттің ізгі өзара әрекеттестігі қағидасы. Бұл қағиданы жүзеге асыру студентке деген құндылықты қатынас пен тұлғалық-әрекеттік тәсілді, оның қайталанбас дербестігін дәріптеуді, оның субьектілік тәжірибесін тұлғалық дамудың дербес негіздері ретінде мойындау қажеттігін қамтамасыз етеді. Бұл қағида әрбір студенттің тұлға ретінде мойындалу, оған деген құрмет пен сыйластықты қатынасқа құқылылығын қамтамасыз етеді.
Бұл өзіндік болмысқа ие тұлғалық индивидуумның қалыптасуы, адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен диалогтық өзара әрекеттестігі үшін қажетті өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін- өзі дамыту механизмдерін қалауға мүмкіндік береді.
Халықтық-сахналық би пәні Ансамбльдің дайындық барысы
164
2) синкреттілік қағидасы. Зерттеушілер синкретизмді сөйлеу, қозғалыс және музыка сияқты біртұтас идеялық-эстетикалық тұжырымға бағынатын көркем шығармашылықтың теңқұқылы компоненттерінің бірігуі ретінде әділетті қарастырады.
Хореографиялық іс-әрекет жағдайларында нақ осы синкретті әрекет жас ерекшелігін ескерудің барынша барабар құралы болып табылады; синкретизм арқасында студент тұлғасының көркемдік және эстетикалық өзін-өзі таныту аясы кеңейтіледі. Оның үстіне, хореографиялық іс-әрекет өзінің синкреттілігі салдарынан, бейнелі ойлау, өнімді ұғыну, қатысу, бастан кешіру, проблемалық жағдаяттарда нысанды озық эмоционалды бағалау сияқты шығармашылық қабілеттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл нақ осы синкретті іс-әрекет зерттелуші жағдайларда тұлғаның жан-жақты шығармашылық дамуының шешуші негіздерінің бірін іске асыру көзі болып табылады [13; 73].
3) Әрекетте оқыту қағидасы. Шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту проблемасын қазіргі заманда ұғыну студенттерді хореографиялық және дене әрекетіне тартуды білдіреді.
Зерттеушілік ой қозғалыс бастапқы екендігін әділетті көрсетеді. Қозғалыс – бейімделудің негізгі факторы, ол ақиқат әлемді игеру жүргізілетін ерте жас кезеңінде пайда болады.
Бұл қағида студентке педагогпен бірге белсенді шығармашылық іс-әрекет үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді. Музыканың қозғалыспен және сөйлеумен байланысы – хореографиялық шығармашылық ережелерінің бірі.
Бұл қағиданы іске асыру келесі ережелерден тұрады: қозғалыс өздігінен жасалмайды, әрбір студент қозғалысты жасау үдерісіне қатысуы тиіс. Осылайша, осы қағида негізінде есту-моторлы, көру-кеңістіктік үйлестірілім, музыкалық қабілет, жалпы қозғалыстар мен студенттің эмоционалды қабілеттерінің дамытылуы жүреді.
4) Импровизациялылық қағида. Бұл қағида сабақ барысында импровизациялық ойлауды, қиялдану, таныс материалды тілдік, қозғалыстық жаттығулармен үйлестіру және мұны күтпеген жерден жасау дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бұл тілдік және пластикалық импровизация үшін алғышарттар құрайды. Имправизациялық ойындар – ән салу, би билеу, музыкалық және драмалық театр ойындары көркемдік салаға кірсе, бұдан басқа спорттық, құмарлық ойындар да бар, бұлар ұйымдастырылатын ойындарға жатады. Ойын мағынасы дене қозғалысымен бірге рухани көңіл-күйді де қамтиды. Дене ойындарында қимыл-қозғалыстар арқасында бойға қан жүгіріп, физиологиялық қажеттіліктер өтеліп отырса, импровизациялық ойындар адамның рухын көтеріп, шығармашылық әлеуетін кеңейтеді. Ойынның қай түрі болмасын, адамның дене және рухани өрісін ашады, қанын қыздырады, сондықтан да адам ойынды қажетсініп отырады [14; 64].
Импровизация барлық уақытта тәуекелмен байланысты, нақ осы себептен де осы қағиданы жүзеге асыру педагогты студенттердің дербестігін, олардың ойлау икемділігін, проблеманы шешудегі жеке, күтпеген шешімдерді, әр алуан идеяларды іздестіруін жандандыруға бағыттайды. Бұл тек қана
шығармашылық шабыт әдістерін әзірлеуге емес, сонымен қатар тәжірибені дене арқылы жаттықтыруға ықпал ететін жүйелерді дамыту әрекеті [15; 12]. Нұсқалылық пен импровизациялық студенттердің шығармашылығы үшін іргетас құрайтын дыбысқа, сөзге, қимылға, қозғалысқа материал ретінде қатынасуын білдіреді. Бұл қағида оқу хореографиялық іс-әрекеттегі қарапайымдылығы мен қолжетімділігімен ерекшеленеді және эмпирикалық тәжірибеге негізделеді.
Импровизация жасауға тапсырмалар Халық ойындарын биде қолдану
165 Қорытынды
Жалпы алғанда осы жоғарыда берілген қағидаларды іске асыра отырып, педагогқа деонтологияның – парыз, адамгершілік пен кәсіби әдеп жөніндегі ғылымның негізгі ережелерін ескеру маңызды болмақ.
Деонтологияны педагог іс-әрекеті қағидаларының жиынтығы ретінде тұжырымдауға болады, атап айтқанда:
- рухани бай тұлға болу;
- шығармашыл дербестікте болу;
- кәсіби құзыреттілікке, жеке абырой мен имиджге ие болу;
- дәстүрлі және инновациялық психологиялық-педагогикалық тұтас арсенал мен арнайы технологияларды меңгеру;
- шығармашыл маман, серіктеспен (студентпен) қарым-қатынаста эмпатиялы және ұнамды болу;
- терең талдау мен өзін-өзі талдауға, өзін өзектілендіру үдерісіндегі рефлексия мен идентификацияға қабілетті болу;
- жаңалыққа, бастамашылдық пен тіл табысуға ашық болу;
- сенім арту ахуалын құра отырып, құпиялылық қағидасын іске асыру кезінде өзара қарым- қатынастардың әдеп нормаларын сақтауы;
- кәсіби тіршілік әрекетінің терең мәнін сезінуі [16; 114].
Осылайша, оқу және хореографиялық іс-әрекет арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың алғашқы педагогикалық шарты тәжірибеде педагог пен студенттің тұлғалық бағдарланған және әрекеттік өзара байланысуы негізінде жоғарыда сипатталған қағидаларды қолдануы көрінеді.
Екінші педагогикалық алғышарт - хореографиялық іс-әрекеттің әр алуан бағыттарында студенттер еңбегінің шығармашылық туындысын аспаптық қамтамасыз етуден тұратын шығармашылық бағытталған ортаны ұйымдастыру (классикалық - bodyballet, халықтық -folkdance, заманауи -jazzmodern).
Орта – қоғам өмірінің тарихи қалыптасқан жағдайлары, онда адам өмірі мен оның дербес тұлға ретінде қалыптасуы жүргізіледі [16; 151]. Әлеуметтік орта – бұл, келесі компоненттерден тұратын орта:
- физикалық әлем мен табиғи-географиялық жағдайлар;
- адамдар мен қоғамдық институттар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі;
- мәдениет, дәстүрлер мен ғұрыптар, кеңістік немесе «мүмкін және қолжетімді іс-әрекеттер жиынтығы»;
- тікелей өмір сүру жағдайлары және ішкі психикалық реттестіру контурларын құрастыру үдерісін қамтамасыз ететін субьективті кеңістіктік-уақыттық семантикалық ұйым ретіндегі хронотоп.
2) адамды қоршап тұрған қоғамдық, материалдық жағдайлар, мәдени-психологиялық ахуал.
Әлеуметтік орта тұлғаның қалыптасуы мен дамуына шешуші ықпал көрсетеді. Сонымен қатар адамның мәдени іс-әрекеті ықпалынан әлеуметтік орта өзгереді, нәтижесінде адамдардың өздері де өзгереді [17; 122].
Педагогикалық орта – балалардың әлемге, адамдарға бір-біріне деген қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған олардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру жағдайларының арнайы, педагогикалық мақсаттарға сай құрылған жүйесі [18; 53].
Тәрбиелеу ортасы:
1) материалдық және рухани мәдениет объектілері, сондай-ақ тұлғаның дамыту, қалыптастыру және оқыту үдерісіне қызмет ететін іс-әрекет түрлері;
2) баланың тіршілік әрекеті мен оның тұлға ретінде қалыптасуы - орын алатын табиғи және әлеуметтік жағдайлар жиынтығы. Мекен ету ортасын ұйымдастыру түрлері: стихиялы, авторитарлы, тиімді [18; 54].
«Адамды қоршаған орта» термині «сыртқы орта» термині гигиенасында қолданылатын және
«географиялық орта» деген география терминінде қолданылатын мағынаға жуықтас мәнге ие.
Адамды қоршаған орта көп жағдайда барынша тар ауқымдағы өзара байланысқан орта жүйесі ретінде қарастырылады: табиғи орта, кеңістіктік орта, жаратылыс ортасы, әлеуметтік орта, мәдени орта, ақпараттық орта, шығармашылық орта.
166
Шығармашылық бағдарланған ортаны ұйымдастыру хореографиялық қызметтің әртүрлі бағыттарындағы (классикалық, халықтық, заманауи) студенттердің шығармашылық өнімдерін, аспаптық қамтамасыз етуді қамтитиды.
Білім алушының шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуы табысты болу үшін түрлі байқаулар мен фестивальдарға, шеберлік-кластарына, концерттегі орындауларға қатысу сияқты іс- шаралар түрлерін пайдаланған абзал. Оларға студенттердің қатысуы студенттердің теоретикалық және практикалық білімдерін тереңдету мен жүйелеуге, тәжірибелік міндеттерді шешу үшін жаңашыл әдістерді қолдана отырып, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылық іс-әрекет инновациялық іс-әрекет құралдары арқылы тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін өсіру үдерісінде айрықша роль ойнайды [19; 38].
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттік «Қаракөз» би ансамблі
Жалпы, болашақ маманның шығармашылық қабілеттілігін арттыру барысында жеке тұлғаға бағытталған тәсіл - ең алдымен, бұл үдерісте қойылатын және шешілетін негізгі міндет - шығармашылық, әлеуметтік белсенді, кәсіби құзыретті және өздігінен дамитын жеке тұлға қалыптасуына жағдай жасау. Бұл тәсіл педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидасы ретінде қарастырылады.
Хореограф-студенттердің оқу әрекеті шығармашылық қабілеттіліктерін зерттеу және дамыту проблемасының жай-күйін талдау, шығармашылық қабілеттіліктерін анықтауда көптеген көзқарастар бар екенін көрсетті, олардың ішінде жетекші мотивтерді, жеке тұлғаны шығармашылыққа бағыттауды, алдыңғы тәжірибе негізінде жаңа ізденуді және құруды қамтитын көп деңгейлі жүйе ретінде қарастыру болады.
Студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудағы хореографиялық қызмет, күрделі әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар кешені ретінде түсіндіріледі және оның шығармашылық қызығушылықтарын, бейімділігін, жеке ерекшеліктерін және хореографиялық қабілеттерін есепке алу негізінде студенттің біртұтас тұлғасын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған хореографиялық әдістемелер мен құралдардың жиынтығы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Асафьев Б.В. (2020) Избранные статьи о музыкальном просвещении и образовании. СПБ., 4-изд. - 380 с.
2. Философский словарь (1996) под ред. И. Г. Фролова. М. : Полит, лит. - 589 с.
3. Философский энциклопедический словарь (2013) / гл. ред.: Л. Ф. Ильичев [и др.]. М.: Совет. Энцикл. - 840 с.
167
4. Рубинштейн С. Л. (2010) Основы общей психологии. СПб.: Питер, 10-переизд. 2010. - 712 с.
5. Ярошевский М.Г. (1996) История психологии от античности до середины XX в. Учеб. пособие. М. – 416 с.
6. Матюшкин А. М. (1989) Концепция творческой одарённости // Вопр. психологии. № 6. С. 29-33.
7. Матюшкин А. М. (1988) Одарённые и талантливые дети // Вопр. психологии. № 4. С.88-97.
8. Матюшкин А. М. (2014) Проблемные ситуации в мышлении и обучении: монография. М., Директ-Медиа 9. Общая психология: учебник для студентов (1981) В.В Богословский, А.Д.Виноградов, А.Г.Ковалев и др, под
ред. В.В. Богословского. 3-изд. М.Просвещение, 1981. - 383 с.
10. Madyani I., Yamtinah S., Utomo S.B., Saputro S., Мahardiani L. (2019) Profile of Students’ Creative Thinking Skills in Science Learning. Advances in Social Science, Education and Humanities Research, volume 397. 3rd International Conference on Learning Innovation and Quality Education (ICLIQE 2019), pp. 957-964
11. Тлеубаева Б.С. (2006) Формирование профессионально значимых качеств будущего педагога-хореографа : автореф. дис. . канд. пед. наук.: 13.00.08. Алматы, 2006. -28 с.
12. Бондаревская Е.В. (2001) Смыслы и стратегии личностно ориентированного воспитания // Педагогика. № 1.
С.17-24.
13. Ожегов С. И. (1990) Словарь русского языка. М. : Рус. яз. -750 с.
14. Kussanova A., Kulbekova A., Tleubaуeva B., Nikolayeva L. (2020) Stylistic features and development trends of choreographic stage direction in Kazakhstan. Opción, Año 36, Regular No.91, pp. 58-71
15. Hsueh S., Alaoui S., Mackay W. (2019) Understanding Kinaesthetic Creativity in Dance. ACM CHI Conference on Human Factors in Computing Systems, May 2019, Glasgow, United Kingdom. pp.12. ffhal-02430681f
16. Калыбекова А.А. (2006) Теоретические и прикладные основы народной педагогики казахов [Изд. 2-ое]. - Алматы: [БАУР]. - 363 с.
17. Низамов Р.А. (2014) Дидактичеекие основы активизации учебной деятельности студентов. Казань: Изд-во Каз.
ун-та.-130 с.
18. Кульбекова А.К. (2001) Теория и методика преподавания казахского народного танца в вузах культуры и искусств : Дис. ... канд. пед. наук. Москва.
19. Izim T.O., Kaiyr Zh.U., Turgymbaeva B.D., Saukhanova M.S., Kariyeva K.U., Baigozhina Zh.M., Ahmuldinova A.
(2018) On the professional competence formation in students as future choreography teachers (based on the art history materials of choreography of Kazakhstan). Revista Espacios; Vol. 39 (# 21), pp. 38-46
References
1. Asafyev B.V. (2020) Izbrannye stati o muzykalnom prosveshhenii i obrazovanii. SPB., 4-izd. - 380 s. (In Russian) 2. Filosofskij slovar (1996) pod red. I. G. Frolova. M. : Polit, lit. - 589 s. (In Russian)
3. Filosofskij encziklopedicheskij slovar (2013) / gl. red.: L. F. Il`ichev [i dr.]. M.: Sovet. E`nczikl. - 840 s. (In Russian)
4. Rubinshtejn S. L. (2010) Osnovy obshhej psikhologii. SPb.: Piter, 10-pereizd. 2010. - 712 s. (In Russian)
5. Yaroshevskij M.G. (1996) Istoriya psikhologii ot antichnosti do serediny XX v. Ucheb. posobie. M. – 416 s. (In Russian)
6. Matyushkin A. M. (1989) Konczepcziya tvorcheskoj odaryonnosti // Voprosy psikhologii. # 6. S. 29-33. (In Russian)
7. Matyushkin A. M. (1988) Odaryonny`e i talantlivye deti // Voprosy psikhologii. # 4. S.88-97. (In Russian)
8. Matyushkin A. M. (2014) Problemnye situaczii v myshlenii i obuchenii: monografiya. M., Direkt-Media(In Russian)
9. Obshhaya psikhologiya: uchebnik dlya studentov (1981) V.V Bogoslovskij, A.D.Vinogradov, A.G.Kovalev i dr, pod red. V.V. Bogoslovskogo. 3-izd. M.Prosveshhenie, 1981. - 383 s. (In Russian)
10. Madyani I., Yamtinah S., Utomo S.B., Saputro S., Mahardiani L. (2019) Profile of Students' Creative Thinking Skills in Science Learning. Advances in Social Science, Education and Humanities Research, volume 397. 3rd International Conference on Learning Innovation and Quality Education (ICLIQE 2019), pp. 957-964
11. Tleubaeva B.S. (2006) Formirovanie professional`no znachimykh kachestv budushhego pedagoga-khoreografa : avtoref. dis. . kand. ped. nauk.: 13.00.08. Almaty`, 2006. -28 s. (In Russian)
12. Bondarevskaya E.V. (2001) Smysly i strategii lichnostno orientirovannogo vospitaniya // Pedagogika. # 1. S.17-24.
(In Russian)
13. Ozhegov S. I. (1990) Slovar russkogo yazyka. M. : Rus. yaz. -750 s. (In Russian)
14. Kussanova A., Kulbekova A., Tleubaueva B., Nikolayeva L. (2020) Stylistic features and development trends of choreographic stage direction in Kazakhstan. Opción, Año 36, Regular No.91, pp. 58-71
15. Hsueh S., Alaoui S., Mackay W. (2019) Understanding Kinaesthetic Creativity in Dance. ACM CHI Conference on Human Factors in Computing Systems, May 2019, Glasgow, United Kingdom. pp.12. ffhal-02430681f
16. Kalybekova A.A. (2006) Teoreticheskie i prikladnye osnovy narodnoj pedagogiki kazakhov [Izd. 2-oe]. - Almaty:
[BAUR]. - 363 s. (In Russian)
17. Nizamov R.A. (2014) Didakticheekie osnovy aktivizaczii uchebnoj deyatelnosti studentov. Kazan: Izd-vo Kaz. un- ta.-130 s. (In Russian)