• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Значимость религиозного сознания в контексте стабильности общества.»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Значимость религиозного сознания в контексте стабильности общества.»"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

ӘОЖ 316.74:2

С.М. Болысбаева*, Д.Н. Нұран, Т.А. Морозова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

*E-mail: [email protected]

Қоғам тұрақтылығы контекстіндегі діни сананың маңыздылығы

Бұл мақалада дін әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік сананың ең күрделі түрі ретінде қарастырылады.

Осының негізінде діни сананың қоғам және адам өміріндегі алар орны көрсетілген. Сенім, сезім және үміт діни сананың бастамасы ретінде көрініс табады.

Қоғамның жұмыс істеуінің және дамуының маңызды саласы болып оның рухани өмірі табылады. Ол адам өмірінде жағымды рухани атмосфераны және жақсы психологиялық-адамгершіліктік климатты қалыптастырады. Қоғамның рухани өмірінің негізін рухани іс-әрекет құрайды. Оны адамның белгілі бір ойлары мен сезімдері, табиғи және әлеуметтік құбылыстар туралы түсініктер мен бейнелер ретінде туындайтын сананың іс-әрекеті ретінде қарастыруға болады. Бұл іс-әрекеттің нәтижесі ретінде адамдардың әлемге, ғылыми идеялар мен теорияларға, адамгершіліктік, эстетикалық және діни танымдарға деген белгілі көзқарастары көрініс та- бады. Олар адамгершіліктік қағидалар мен мінез-құлық ережелерінен, халықтық және кәсіби шығармашылық туындылардан, діни рәсімдерден, салт-жоралардан және т.б. байқалады.

Діннің барлық әлеуметтік институттар сияқты салыстырмалы тұрақты және консервативті білім екендігіне қарамастан, ол қоғамдық тұрмыстың өзгермелі жағдайларына бейімделгіш болып келеді. Ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен, әлеммен байланыстылығы, қоғамның өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы жаhандық трансформацияларымен сипатталатын қазіргі кезең діни салаға өзіндік әсерін тигізді. Діннің сыртқы бейнесі алғашқы кейпінде сақталған болса, ал сана тұрғысында ол біршама өзгерістерге ұшырады.

Діни сана мәселесінің өзектілігі бірнеше объективті факторлардан туындайды. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр. Діни сананың негізінде діни идеологияның негізгі элементі болып табылатын діни сенім, діни оқуларға толық сенім білдіретін бір Құдайға сенуге негізделген тылсым күштерге ие құбылыстарға деген сенім қалыптасады.

Өзін түбегейлі өзгертуші, ішкі және сыртқы қиын жағдайларда жаңа мемлекеттілікті қалыптастыратын қазақстандық қоғам үшін ұрпақтар жалғастығы мен жас ұрпақты осы процеске ендіру мәселелері қоғамдық мақсаттарға жету жолында маңызды шешім болып табылады. Дінге артылатын үміттер көп жағдайда ақталмайды:

түрлі діндердің ғасырлар бойы орын алып келе жатқандығына қарамастан, жер шары тұрғындарының басым бөлігі дінге сенбейді.

Мақалада Э. Дюркгейм, К. Маркс, Ф. Энгельс, Д. Бонхеффер, И. Кант және т.б. ғалымдардың көзқарастарына талдау жасалынады. Қазіргі таңда қоғамның діни сана мәселесі өзекті болып қала береді.

түйін сөздер: қоғамдық сана, дін, діни сана, сенім, діни сезімдер, атеизм, тылсым күш, қоғам тұрақтылығы.

S.M. Bolysbaeva, D.N. Nuran, T.A. Morozova

The significance of the religious consciousness in the context of the stability of society

This article discusses religion as a social phenomenon and one of the most complex forms of social consciousness.

On this basis, the religious consciousness is shown as part of the spiritual life of society. Faith, hope and a sense also considered as the beginning of the religious consciousness.

Key words: religion, consciousness, social awareness, religious awareness, faith, religious feelings, atheism, the supernatural, the stability of society.

С.М. Болысбаева, Д.Н. Нұран, Т.А. Морозова

Значимость религиозного сознания в контексте стабильности общества

В данной статье рассматривается религия как социальное явление и как одна из самых сложных форм со- циального сознания. На этой основе религиозное сознание показывается как часть духовной жизни общества.

Вера, чувства и надежды так же показаны, как начало религиозного сознания.

(2)

ISSN 1563-0307

Ключевые слова: религия, сознание, общественное сознание, религиозное сознание, вера, религиозные чув- ства, атеизм, сверхъестественное, стабильность общества.

Адамның жануардан ерекшелігі де өткенін саралап, болашаққа жоспарлар құрудан тұрады.

Мұның барлығы тікелей адам санасымен байла- нысты. Адам санасының жиынтығын құраушы қоғамдық сананы экономикалық, саяси, діни, құқықтық, философиялық, адамгершіліктік, эс те- ти калық және т.б. деп бөліп қарастыруға болады.

Соның ішінде діни сана мәселесінің өзектілігі бірнеше объективті факторларды тудырады.

Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туын дап жатыр. Социализмнің құлауына бай- ланысты коммунистік идеология өзіндік ықпа- лынан айырылып, оның орнына құрылған қазіргі жүйе әлі де толық орнай қойған жоқ.

Дамудың кез келген деңгейінде адамдар танылған және танылмаған, белгілі және белгілі емес мәселелермен соқтығысады. Осының негізінде ғылым өзінің жұмысын жалғастырып, қазіргі уақытқа лайықты шешімдер табуға жұ- мыс істейді. Дін мәселесіне келгенде көптеген түсініксіз нақты емес жайттар орын алады. Оның нәтижесі жоғары күшке деген сенімнен туын- дайтын мифологиялық немесе діни түсініктерге келіп тоқталады.

Сонымен, тарихи дамудың белгілі кезең- дерінде қоғамдық сананың бұқаралық түрі ретінде дін орын алды. Фейербах бойынша діни түсініктің тамырын адам өмірінің жағдайы мен олардың санасының өзіндік түсінігінен іздеу керек; дін адам өмірін екі арнаға бөліп тастай- ды, яғни шынайы өмірмен қатар қияли өмір туын дайды және екіншісі біріншісіне үстемдік етеді. Бұл анықтама дінді түсіндірудегі ең жеңіл түрі болып табылады. Бұл анықтамада діннің әлеуметтік тамыры, сондай-ақ діни сананың негізгі белгісі – жоғарғы күшке деген сенім қысқартылып көрсетілген. Жоғарғы күшке де- ген сенім діннің тарихи дамуының әр түрлі кезеңдерінде түрлі формада көрініс тапты.

Алғашқы қауымдық қоғамда жануарлар мен табиғат күштерін құдайға теңестірді, ал таптық қоғамға өтуде антропоморфтты дін орын алды.

Діннің пайда болуында адам өмірінің діни әлем мен шынайы әлемге бөлінуінің негізінде не жатыр? Бұл сұраққа Карл Маркс былай деп жау-

ап берген: «бұл жер бетінен жеке бір патшалық ретінде бұлтқа ұшып, осы жер бетінен өзіндік бөліну мен өзіндік қарама-қайшылық туды- румен түсіндірілетін күй». Адам өмірінің жер бетіндегі негізі табиғат және қоғам (алқашқы қоғамдағы қандастуыстық қауымдастық, ру), қауымдастық және индивид, жан және тән, ой және сезім, сана және тәжірибелік өмір сияқты диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлі- гі мен қарсы келуінен тұрады. Барлық бұл қарама-қайшылықтар, оның ішінде материалдық және рухани қарама-қайшылықтар адамзат тарихының барлық кезеңдерінде адам санасын- да түрлі мифология, дін, ғылым, мораль және т.б.

формада орын алды. Жалпы мен жекенің ара- сында көрсетіліп отырған қарама-қайшылықтар ерекше түрде туындайды. Объективті түрде жалпы мен жеке өзара тығыз байланысты, деген- мен осы өзара байланыс шеңберінде олар өзіндік келбеттерін жоғалтпайды, бір-бірімен толықтай қосылып кетпейді. Діни сананың пайда болуы санасыздықты білдірді. Бірақ алғашқы сана жалпының жекеден бөлініп, жекенің жалпыға толықтай бағынуымен байланысты болды.

Осындай жолмен алғашқы сана құдайға және нақты тарихи тұлғаға табынумен орын алды.

Бұлардың барлығы санасыз түрде жүзеге асы- рылды. Адамдық сананың жоғарғы күшке де- ген сенімінің бар болуы, Абсолют, Құдай идея- сы туралы әлеуметтік, психологиялық және логикалық жолдарын шешуге қатысты көптеген әр түрлі мамандықтардың зерттеушілері әлі күнге дейін жұмыс істеуде [1].

Атақты француз әлеуметтанушысы Э. Дю рк гейм діннің шығуы мен түсіндірмесін қоғамнан іздеу керектігін айтты. «Діннің әлеуметтік ортаның нәтижесі» екенін мақұлдау қоғамның каузалды басымдығын мойындау- мен тең. Дюркгейм бойынша діндарлықтың қайнар көзі – «бірге жиналған топ». Француз әлеуметтанушысы қарым-қатынасуды адамдарға қуаныш және шабыттану алып келетін позитивті факт, игілік ретінде қарастырды. Оның ойынша, мұндай қарым-қатынас түріне еңбек процесінен тыс, экономикалықтан тыс қарым-қатынасты жатқызуға болады [2].

(3)

Э. Дюркгеймнің айтуынша, дін – адамның саналы түрде ойлап табуынан емес, өздігінен туындаған адамдардың әлеуметтік өмірінің жемісі. Дін саналы конструкцияға аз ғана жақын. Осы көзқарасқа лайықты қазіргі таңда ғылым қоғамдық санаға нақты ықпал етуде.

Бәрінен бұрын, адам өмірін, сонымен қатар ой- лау түрін өзгерткен қазіргі заманғы технология ғылымының негізінде алынған нәтиже бұрын болған сенімді ақиқат ретінде толықтай мойын- дамайды. Танымның ғылыми әдістерін игеруші, қазіргі заман адамы, бүгінгі жүзжылдықтарға ықпал әсер етуші теолог – Д. Бонхеффер бойын ша, енді әлемді түсіндіру үшін Құдайға сыйынудың қажеті жоқ. Бұрынғы кезде адамның әлсіздігі «құдіретті күш» Құдайға сенуді тудырса, қазіргі заман «ержеткен», уақыт өте келе адам- дар өзінің қоршаған ортасы мен өзінің сенімді басшысы болды. Бонхеффердің қорытындысы бойынша, бұрынғы дәстүрлі дін ұсынған Құдай қазіргі таңда жаратылыстанушы ғылымдық, сая- си, адамгершіліктік және философиялық гипоте- за ретінде қарастырылады [3, 239 б.].

Бір жағынан, иррационализмге деген қызығушылық өсу феномені байқалуда. Шығыс медицинасы, астрология, балгерлік ету және т.б. тануға ұмтылыс орын алуда. Мұндай құбылыстар Вебер сияқты әлеуметтанушы айт қандай, діннен ерекшеленетін магияға жа- қын болып табылады. Дегенмен бұл жерде нәтижесінде адам машинаның қосымша заты бо- лып қалатын қазіргі қоғамда өсуші рационализа- ция мен бюрократизацияға қарсы келу, ғылыми- техникалық өркениеттің салдарларынан көңілі қалу, иррационализмге деген ұмтылысқа түңілу құбылысы байқалады. Жалпы алғанда, діни санаға қатысты барлық мәселелер қоғамның, адам өмірінің өзгергендігін және олардың жаңа рухани құндылықтарға ұмтылып жатқандығын көрсетеді. Діни сана жаңа, жиі күтпеген және үйренбеген формаларда көрініс табуда.

Діни сана адамдардың жер бетіндегі қарама- қайшылықтарын мінсіз шешетін арғы дүниенің бар екендігін мойындайды. Құдайға деген сенім адамға сүйеніш болады, жамандықты жақсылықтың жеңетіндігіне кепілдік береді.

Діншіл адам «құдайша» қалай өмір сүру керек екендігін, ал сенбеушілік жоғары адамгершілік- тік бастамаларды жоғалтуға тең екендігін біледі.

Дін мен адамгершіліктің арақатынасы туралы мәселелерде материалист және атеист Л. Фейер-

бах пен идеалист И. Канттың ұстанымдарының ұқсастықтары көрінген. Терең сенуші И. Кант адамгершілік пен дінге қатысты жүргізген арнайы зерттеулерінің нәтижесінде, Фейербах сияқты, адамгершілік дінге емес, дін адамгершілікке негізделетіндігін қорытындылаған. Оның ай- туынша, адамгершілік дінді қажет етпейді, ол өзін-өзі толықтыра алады». Шынымен де, Кант абсолютті моралист ретінде шы- найы адамгершіліктік қылықтың ешқандай да мәжбүрсіз, соңынан пайданы көздемей таза еркін болуы керек екендігін айтады. Сенуші адам құдай сотынан қорқып, жаннатқа түсуді көздеп, тозақтың қинауынан қашып дұрыс өмір сүруге тырысады.

Діннің бүгінгі күнге дейін пайда болуы және әлі де бар болуы көптеген себептермен, соның ішінде адамның қажеттіліктері мен әлеуметтік- психологиялық сипатымен байланыс ты. Дін көптеген адамдар үшін адамгершіліктік құн- дылықтың қайнар көзі, психологиялық жұ- бату және қолдау, әділдіктің кепілі бо- лып қала береді, бірақ барлығы Құдайдың қолында деп сенгендіктен бұл адамгершіліктік қажеттіліктерді тек бұлдыр қанағаттандырып, адамның қоғамдық жағдайларға пассивті-меңзей қарауына ықпал етеді.

Расында да, аяушылыққа, жұбатуға, шын жүректік қарым-қатынасқа деген қажеттілік көп адамда бар. Олар бұл қажеттілікті әр түрлі қанағаттандырады. Көбісі қоғамдық ережелерді ұстанып, дінсіз қол жеткізсе, ал қалған аз бөлігі діни сенім арқылы жүзеге асырады. Ал адамгершіліксіз адамдарға тоқталатын болсақ, олар дінге сенетіндердің де, сенбейтіндердің де арасында кездеседі. Сондай-ақ тарих дінге сенушілердің арасынан нағыз қасиетті адамдар- ды таныса, ал атеистердің арасынан да батыр- ларды, ұлы отансүйгіштерді, еңбекқор, өзінің жоғарғы идеясы үшін өмірін берген даналарды, бір сөзбен айтқанда, сөзсіз адамгершілігі жоғары адамдарды біледі. Сонымен, қазіргі адамдарда дінге сену немесе сенбеу құқығы бар. Ал осы таңдау құқығы алғашқы қауымдастық адамдарда болды ма? Болмаған сияқты: бірінші олар дінге дейінгі мифологиямен, кейін өмірде діни таным- мен өмір сүру орын алды.

Дін – әлеуметтік құбылыс. Оның пайда болуы, дамуы өткен мен қазіргінің арнайы қоғамдық жағдайларымен ерекшеленеді. Ал діни түсініктерде, бейнелерде, діни мәтіндерде

(4)

ISSN 1563-0307

қоғамдық қарым-қатынастардың арнайы түрлері, адамдық бірігудің ережелері өзгеше түрде кодталған. Әр түрлі нақты тарихи жағдайларда осы кодтар түрліше өзекті болып табылады[4].

Діннің әлеуметтік, гносеологиялық және психологиялық тамыры бар.

Діннің алғашқы әлеуметтік тамырына өндірістік күштің өте төменгі деңгейі, оған тән сананың қарапайым деңгейі, адамдардың білімсіздігі, олардың табиғи күштерге төтеп бере алмауы жатады. Ал таптық қоғамда діннің әлеуметтік тамырына адамдардың қоғамдық күштер алдындағы әлсіздігі қосылды. Адамдарға көрсетілген қоғамдық күштер діннің әлеуметтік тамырының негізгісі болып алдыңғы орынға шықты. Табиғи апаттардың (аштық, аурулар, егін шықпау, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) алдын- да адам жиі дәрменсіз болып қалатыны түсінікті, сонымен қатар адамдар қоғамдық дамудың апат- тарымен де, экономикалық эксплуатация, саяси және азаматтық заңсыздықпен де күресе алмай отыр. Сондықтан да табиғат күштеріне табынуға негізделген пұтқа табыну таптық қоғамда адам адамға тәуелді және осының негізінен қоғамда әлеуметтік иерархия туындайтын кеңінен антро- поморфтты дінге ауысады.

Әлеуметтіктен басқа әрбір діннің пайда болуының өзіндік себептері бар. Бұл себеп- тер діннің гносеологиялық тамырын құрайды.

Бұл адамның абстрактілі ойлау мүмкіндігіне негізделген. Осының негізінде адам өзінің қиялымен құдайдың бейнесін елестетеді.

Өйткені кез келген Құдай абстракция болып табылады. Діннің гносеологиялық тамырына адамның өзіндік сана қабілеті жатады. Адам сыртқы дүниені еселеуі үшін, ол өзі еселенуі тиіс, яғни адам дене бітімін ғана емес, сонымен қатар ішкі жан дүниесін тани білуі тиіс. Діннің гносеологиялық тамырын анықтау үшін мына- ларды ескеру қажет:

1. Діннің гносеологиялық тамыры діннің адамға мәңгі тән емес екендігін, ал оның қоғамның белгілі даму кезеңдерінде ғана орын алатынын түсіндіреді. Егер діннің пайда бо- луы мен жұмыс істеуі тек оның әлеуметтік та- мырымен ғана байланысты болғанда, онда дін өндіріс күші мүлде болмаған қоғамның тарихи дамуының бастапқы нүктесінде пайда болатын еді. Бірақ бұл деңгейде және бұл нүктеде дін пай- да бола алмайды, өйткені адамның абстрактілі ойлауға қабілеті болған жоқ.

Діннің гносеологиялық тамырының бар болуына байланысты «Бұл діннің мәңгілік сақталып қалуын білдіреді ме немесе адам қаншалықты өмір сүрсе оның абстрактілі ой- лау мүмкіндігі мәңгілікке сақталып қалады ма?» деген сұрақ жиі туындайды. Бұл сұраққа дұрыс жауап беру үшін діннің гносеологиялық және әлеуметтік тамырларының жеке дербес емес жүйелі түрде ықпал ететінін ескеру керек, және діннің әлеуметтік тамыры алдағы уақытта жоқ болып, әлемді ерекше сипаттауды тудыра- тын адамның абстрактілі ойлау қабілеті фактор ретінде болуды тоқтатады.

2. Діни фантазия адам ойының ерекше бір фантазия түріне ұшып кетуінің нәтижесі ретінде ғылым мен өнердегі шындықты фантастикалық бейнелеуден ерекшеленеді. Ғылыми және көркемөнерлік фантазия адамды табиғаттың сырлы құпиясын тануға жақындатса, қоғамдық даму тенденциясын түсіндіруге тырысса, діни фантазия мұндай қызметтерді атқармайды [5].

Дін қоғамда оқшауланған, жеткілікті күй ретінде кездеспейді. Ол қоғамдық өмірдің түрлі салалары және формаларымен өзара әрекеттесіп, қоғамдық құрылымға еніп кеткен. Саясат, эконо- мика, мәдениет, құқық, адамгершілік және т.б. да салаларға толыққанды болмаса да, нақты-тарихи жағдайларға байланысты өз ықпалын тигізіп отырады.

Бұл діннің қоғамға және онда болып жатқан процестерге ықпалы оның институттары (діни мекемелер, діни ұйымдар, діндарлардың бірлестіктері), діни ғибадаттарды ұйымдастыру жүйесі, діни идеология мен бұқаралық діни сана арқылы жүзеге асырылады. Дін құрылымының барлық бұл компоненттері мен олардың қоғам құрылымының әртүрлі компоненттерімен өзара байланысының әлеуметтік өлшемдері бар және олар теориялық талдау сияқты эмпирикалық бақылауға қолайлы, сондай-ақ әлеуметтанулық зерттеулердің пәнін құрайды [3, 119].

Діннің әлеуметтанулық анықтамасы діннің жалпы түсінігінің бір бөлігі ғана болып та- былады. Дін – бұл мәдени, әлеуметтік және тұлғалық жүйені қандай да бір мәнді, мағыналы тұтастыққа біріктіретін адамдық феномен.

Барлық бұл элементтер қоғамның өзгеру және даму процестеріне ықпал ететін құрылымға ұйымдастырылған.

Діни сана шын өмірді мойындап қана қоймастан, жер бетіндегі өмірден басқа өлгеннен

(5)

кейін де басқа өмірдің барына сенеді. Арғы өмірді дәлелдеу қиын болғандықтан, діни сана тек сенімге негізделген. Ол діннің растығын ақыл және сезім арқылы мойындауды қажет етпейді. Діни сенім жоғарғы күш иесі Құдайға үміт пен соған лайықты мінез-құлық және іс- әрекет қажеттілігін білдіреді. Шын мәнінде, бұл соқыр сенім. Барлық сенім діни болып табылмай- ды. Этикалық мәні бойынша дін дегеніміз – ру- хани беріктілікке (адамға, достыққа, болашаққа, әділеттілікке және т.б. деген сенім) ниеттенетін сене білу мүмкіндігі. Сенім тәуекелмен тығыз байланысты, өйткені бұл сезім жаңылысуы мүмкін.

Дін, осылайша, адамға өмірді түсінуге, түсіндіруге және белгілі бір жағдайда рет- тестіруге көмек беретін сенімді қамтиды. Сенім дегеніміздің өзі қандай да бір объектіге, жағдайға, принципке немесе тіршілік иесіне өмірдің мәні мен құндылықтарын жинақтаушы ретінде сенуді қамтитын индивидуалды феномен [6].

Діни сана мемлекеттік институттар мен қалыптастырылмайды, бұл қоғам мүшелерінің жеке таңдауы болып табылады, егер мемле- кет конституция бойынша діни болмаса, Діни сана жоғарғы күшке сенумен сипатталатын сенім жүйелерінде, табыну және илануда анық байқалады. Ерте замандарда адамдар ырымдар және басқа да діни сипаттар арқылы жоғарғы күшпен байланыс орнатуға, оларға табынуға тырысқан. Сондықтан да діни сана қоғамдық сананың ең байырғы түрі болып табылады. Діннің көмегімен сонау бастан адамның мінез-құлық ережелері бекітілді және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етті. Басында пұтқа табынушылықпен (көп құдайлық), сосын монотеистік (бір құдай) дінге көшкен өмірдің материалды және табиғи байланыстарымен бай- ланысты нақты жер беті қажеттіліктері біртіндеп рухани сұрақтарға – адам өледі ме немесе мәңгі ме, жақсылық пен жамандықтың, әділдік, махаб- бат, тарих, әлем, ұят және т.б. табиғаты қандай де- ген сұрақтарға жауап іздей бастады.

Нәтижесінде адамгершілік пен әділдік идея- сымен тығыз байланысқан адамның дамыған діни санасы қалыптасты. Дәл осы адамгершілік пен әділдіктің қажеттілігі туралы ұғымдар ислам, христиан және буддизм сияқты үш әлемдік дінді біріктіретін жалпы ұқсастық болып табылады.

Бұл діндердің өз ерекшеліктеріне қарамастан, осы діндер барлық адамдар үшін бірлік пен ру-

хани құндылықтарды дәріптейді. Діни сананың ерекшелігі – оның сенімге негізделуі, Құдайға деген табыну мен соған лайықты өмір сүру жол- дарын ұстану.

Діни сананы фантастикалық елестердің шынайы келбеті ретінде де анықтауға бо- лады. Діни сананың негізгі қырлары болып сезімдік көрнекіліктер, мазмұнның адекватты шынайылығының елес, сенім, нышан, эмоцио- налды толыққандылығы мен бірігуі табылады.

Діни сананың негізгі біріктіруші элементі болып діни сенім табылады.

Әлеуметтанушылардың басым бөлігінің пікірінше, діннің аз бөлігін діни сана саласын- да іздеу қажет. Олар, әрине, дінді сеніммен бай- ланыстырады. Сондықтан да «сенуші адам»

сөзі көп жағдайда «діни адам» ұғымымен сәйкестендірілуі кездейсоқтық емес.

Сенім адамның ерекше эмоционалдық- психологиялық күйі және сонымен қатар барлық адамзатқа тән оның қоршаған ортадағы белгілі бір құбылыстарға деген қарым-қатынасы. Діни сеніммен қатар діни емес те сенімнің түрі бола- ды. Мұнда осы сенімнің түрлерінің арасындағы айырмашылықты анықтап алған абзал. Басқаша сөзбен айтқанда, жалпы сенім дегеніміз не және діни сенімнің ерекшелігі неде екендігін анықтау.

Қандай да болмасын сенімнің өз пәні бар. Адам жай ғана сеніп қоймайды. Ол бір нәрсеге сенеді. Осы «бір нәрсе» объективті шынайылықтың санасынан тәуелсіз болатын сенімнің пәні болып табыла алмайды. Қандай да объектіге сенуге болмайды. Тек сол объект тура- лы біздің ойларымызға ғана сенуге болады. Осы- лайша, сенім – бұл адам санасының бір элементі және ол тікелей түсінік, ойлар, елестетулер және т.б. сияқты сананың құрылуына бағытталады.

Ғалымдардың пайымдауынша, сенімнің пәні болып болжамдық ойлар, бейнелер, түсініктер мен теориялар табылады. Бірақ барлық болжам- дар сенімнің пәні болып табыла бермейді. Осы феноменді зерттеушілердің айтуынша, сенім адам сенімнің пәніне қызығушылық танытқан кезде және осы затқа адамда эмоционалды және баға берушілік реакциясы болған кезде ғана пай- да болады. Сонымен қатар берілетін баға көбінесе позитивті, яғни оң болып келеді. Адам, ең ал- дымен, өзінің психологиялық ұстанымдарына, сенімдеріне және идеалдарына сәйкес келетін заттарға сенеді. Бірақ кері жағдайлар да орына алып жатуы мүмкін.

(6)

ISSN 1563-0307

Тағы да ескеретін маңызды жағдай, сенім адамның өзі сенетін затына белсенді эмоционал- ды және баға берушілік жеке қарым-қатынасы ретінде ерікті процесті жаулап алып, тұлғаның қандай да бір іс-әрекетінен көрініс табады. Сенім ерікті таңдаудың құрушы кезеңі ретінде рухтың күшін көрсетеді. Ол адамға қандай да бір күрделі жағдайларда: ақпараттың жеткіліксіздігі, қажетті логикалық дәлелдердің болмауы, күдіктің болуы кездерінде және т.б. жағдайларда оның рухани және физикалық күшін іске асыру үшін қажет.

сенім – нақты ақпарат болмаған жағдайда пайда болатын және индивидтің тиімді іс-әрекет етуіне әсер ететін ерекше психикалық күй.

Жағдай өзгерген жағдайда және сенім пәнінің шынайылығы мен жалғандығы туралы қосымша ақпарат пайда болған кезде сенім тіпті жоғалып немесе одан әрі нығаюы мүмкін. Сенім адамдар- ды, топтарды жақындастыратын маңызды фак- тор және адамдардың белсенділігі мен шешім қабылдауының стимулы болып табылады.

Діни сенім бірнеше маңызды ерекшеліктер- мен айрықшаланады. Ол гипостаздық объекті- лердің (Құдай, періштелер, шайтандар) бар бо- луын, осы объектілермен тілдесу мүмкіндігін, мифологиялық құбылыстардың орын алу мүмкіндігін, нышаны діни іс-әрекеттер болып табылатын құбылыстардың шынайылығын, беделді адамдардың (ғибадат қызметкерлері, имамдар, әулиелер және т.б.) тылсым күшін білдіреді.

Әлеуметтанушылар мен дінтанушылардың пікірінше, діни емес және діни сенім өз пәндерімен ерекшеленеді. Діни емес сенімнің пәні діни сенім сияқты түсініктердің, елесте- тулер, ұғымдар сияқты әрі қарай да тексеруді қажет ететін болжамдық болып табылады. Бірақ олар табиғи ретінде қабылданады. Яғни мате- риалды әлемнің бір бөлігі ретінде қабылданып, зерттеуге мүмкін болатын өзіндік себептерге ие.

Діни сенімнің пәні тылсым күш.

Тылсым күш, сенушілердің айтуы бойынша, қоршаған ортаның заңдарына бағынбайды, ол оның ар жағында және заңдылықтарды бұзады.

Діни адам тылсым күштердің бар екендігіне сенеді және оларға эмпирикалық деректіліктің қарапайым критерийлерін қолданбайды [7].

Діни сана қоғамдық сананың ең ескі формаларының бірі болып табылады және оның нақты қоғамдық-тарихи жағдайларға бағынатындығы айқын көрініс табады.

Діни сана екі мыңнан астам жылдар бойы қоғамдық сананың жетекші формасы болып келді.

Ғылымның, философияның, адамгершілік пен діннің дамуымен ол осы орнынан жылжығандай болды. Осы тұста діни көзқарастарды жоққа шығарушы атеизм ілім ретінде пайда бола баста- ды. Бірақ діни көзқарастарды ғылыми тұрғыда жоққа шығару дін мәселелерін толығымен ше- шуге мұрсатсыз. Діни сана адамдық рухтың объективті қажеттіліктеріне сәйкес болды. Бұл рухани қажеттіліктер қанағаттандырылуы тиіс болатын. Дінді қабылдамауға ұмтылу үшін адамдардың рухани, діни қажеттіліктерінің ор- нын баса алатын жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін құрумен қатар жүруі қажет болатын.

Дін тек адамның күнделікті өмірде ба- сым қаһарлы, түсініксіз күштер алдындағы қорқынышын ғана білдіріп қоймады. Онда осы күштерге төтеп беру мүмкіндіктері байқалды.

Діни әдет-ғұрыптарда, жалбарынуларда, құрбан- дықта адамдар жоғары күшке қызмет етуге тыры- сып бақты, тіпті оларды басқарғылары да келді.

Сонымен қатар діннің көмегімен адамдардың мінез-құлық нормалары да бекітілді. Дін әлеуметтік тұрақтылыққа жету құралы ретінде де болды. Дін адамзат мәдениетіндегі кездейсоқ құбылыс емес. Ол заңды түрде пайда болған, адамзаттың қоршаған орта мен өзін түсінуін дегі тарихи және әлеуметтік шартталған формасы.

Дін қоршаған шынайылықтың келбеті болып табылады. Сондықтан ол өмірдің өзгеруімен бір мезетте дамиды және өзгеріп отырады.

Ф. Энгельс дінді: «адамдардың басындағы сыртқы күштің фантастикалық келбеті, ол күнделікті өмірде адамдарды басқарып отыра- ды», – деген [8].

Діни сана әділетті өмір туралы сана ретінде қалыптасты. Діни мәселелер адамгершілік мәселелерімен тығыз байланыста болды. Дінді білмейтін халық жоқ. Яғни діни сананың пай- да болуы мен дамуы нақты мәндік мазмұнға тәуелсіз, адамның рухани қажеттіліктерімен байланысты.

Діннің түрлері көп. Бірақ ислам діні, христиандық, буддизм сияқты әртүрлі әлемдік діндердің сыртқы өзіндік ерекшеліктері бол- са да, олардың ортақ қырлары басымырақ.

Бұл ұқсастықтар, ең алдымен, адамзаттың бірлігімен, әлеуметтік даму поцестерінің ұқсастығымен, психология заңдарының барлық адамзатқа ортақтығымен түсіндіріледі. Діни

(7)

сана діни іс-әрекет, діни қарым-қатынастар және ұйымдармен қатар дін құрылымындағы эле- мент болып табылады. Діннің элементтері мен құрылымы адамзат тарихындағы процестерде пайда болып, өзгеріп отырды [9].

Діни сана құрылымында маңызды компо- нент болып діни сезімдер табылады. Діни сезім – ол, ең алдымен, сенушілердің мойындалатын объектісіне (Құдайға) деген және соған байла- нысты нәрсенің барлығына: орын, іс-әрекеттер, байланыстар, адамдардың бір-біріне, жалпы әлемге деген деген эмоционалды қатынасы.

Діни сезімдер діни ойлар, аңыздар, көзқарастар, идеал, сенімдермен өзара байланысты. Сон- дықтан оның өз бағыты, мәні және мағынасы бар. Сенетін адамның діни сезімі оның рухани қажеттіліктері мен оларды бастан кешірулерінің объектісі болып табылады. Олар эмоцияға толы және өте сезімтал болуы мүмкін.

Діни санада әлемнің бұлдыр және дәлме- дәл бейнесі бірге көрініс табады. Кейбір тари- хи нақты жағдайларда адамдар иллюзияларды, аңыздарды, тылсым күштерді қажет етеді. Бірақ

«діни» деген ұғымды абсолютті қате деу де дұрыс емес. Әлемде шынайы, дұрыс заттар аз емес. Мысалы, діни аңыздарды алатын болсақ, шығармашылық, көркем образдардағы сияқты шынайы құбылыстар болып жатады. Кейбір жағдайларда тарихи, психологиялық, логикалық және т.б. ілімдер болуы мүмкін. Діни сана ру- хани өмірдің бір қыры ретінде басқалармен де байланысқа түседі. Сондықтан бұл жерде философиялық, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, саяси көзқарастар да орын алуы мүмкін. Діни сана діни лексика, тілдік көрініспен байланысады және қызмет етеді. Олар арқылы діни мағына анық көрініс табады. Осы тіл арқылы сана қоғамдық та, тәжірибелік те және шынайы болып қалыптасады.

Діни санада екі деңгейді бөліп көрсетуге бо- лады. Олар: үйреншікті және тұжырымдамалық.

Үйреншікті діни сана адамдардың қарапайым жағдайдағы өмір деңгейінің бейнесі болып табылатын түрлі ойлардың, түсініктердің, ұстанымдардың, көңіл-күй мен сезімдердің, әдеттер мен дәстүрлердің жиынтығын білдіреді.

Тұжырымдамалық деңгейде діни сана ар- найы дайындалатын ұғымдардың, идеялардың, принциптердің, тұжырымдамалардың жүйелі жиынтығы ретінде көрініс табады. Ол Құдай, әлем және адам туралы ілім, діни дүниетанымның

тұжырымдамаларына сәйкес қоғамдық өмірдің негізгі салалары туралы түсініктен және діни философиядан тұрады. Діни сана діннің негізгі элементі болып табылады. Қалған барлық эле- менттер түрлері мен мазмұны бойынша соған байланысты болып келеді.

діни сана – ол адамның белгілі бір діни идея лар мен құндылықтарға қатысы болуы, со- нымен қатар қандай да бір дін мен діни топтарға жатуы. Адам өзін сенушімін деп санайды және өзін қандай да бір дінге жатқызады. Мы- салы, мұсылман, православ және т.б. діндер.

Басқа діни топтың мүшелері өздерін буддис- тер деп анықтайды. Бұл – өзін діни анықтаудың ұжымдық деңгейі. Діни сана адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде және түрлі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Бұл адамның діни қарым- қатынастар жүйесіне кіріктірілуі мен діни идея- лар, құндылықтар, эмоционалды нормаларды қабылдау арқылы жүреді. Көп жағдайда діни сана отбасылық орта (діни отбасындағы тәрбие) мен айналасындағылардың, сонымен қатар дінді үгіттеушілердің және т.б. әсері арқылы қалыптасады.

Кей жағдайда адам ішкі күйзеліс (неме- се дағдарыс) нәтижесінде эмоционалдық және психологиялық таңдауы арқылы «сенушілер»

қатарына қосылып жатады. Мұнда көп нәрсе тұлғаның индивидуалды ерекшеліктеріне байла- нысты болып келеді. Бұл процесті діни тәжірибе деп атайды. Адам мен топтардың діни тәжірибесі уақыт өте келе әлемнің стереотипті бейнесіне және мұсылман, христиан болу дегініміз не, бұл топтың мүшелері басқа діни топтардан немен ерекшеленеді деген сияқты түсінікке айналады.

Діни сананы діннің жетекші, анықтаушы элементі деп санайтын ғалымдар арасын- да екі тенденция анық байқалады. Біреулері діни сананы интеллектуалды феномен ретінде талқылайды. Мұндай ыңғай тұрғысынан дін мифологиялық жүйе ретінде ұсынылады.

Осы ыңғайдың жақтаушылары діни сананы қалыптастырудың әдетте келесідей сызбасын көрсетеді: діни түсініктер алғашқыда сезімдік көрнекі бейнемен ұсынылды. Образдық материал көзі ретінде табиғат, қоғам және адамның өзі қызмет етеді. Осы бейнелердің негізінде ойлау құрылымы қалыптасады: түсініктер, пікірлер, жеке көзқарастар. Діни санада аталмыш «ойды қалыптастырушылар» маңызды болып та- былады. Олар сезімдік-көрнекі бейнелерден

(8)

ISSN 1563-0307

абстрактілі түсініктерге өткізуші құрал болып табылады. Бұл бейнелердің мазмұны ертегілер мен аңыздардан көрініс табады. Мұндай ұстанымның жарқын өкілдері болып Ш. Дю- пии, К. Вольней, Б. Бауэр және дінтанудағы мифологиялық мектептің т.б. өкілдері табылады.

Басқалары басты назарды эмоционалды- ерікті элементке аударады. Діни сенім, олардың пайымдауынша, ол, ең алдымен, діни ойлау- лар, діни сезімдер. Мұндай ыңғай У. Джемс, 3. Фрейд, К. Г. Юнг сияқты дін психологиясы өкілдерінің еңбектерінде айқын көрініс табады.

Бұл ыңғай анық немесе анық емес түрінде ерек- ше діни ойлаулар мен «діни сезімдердің» бар екендігін білдіреді. Бірақ бұл діни сезімдердің ерекшелігі неде? Бұл сезімнің түрі басқа сезімдерден несімен ерекшеленеді? А. Меньнің («Діннің тарихы» кітабында) ойынша, діни ойлардың ерекшелігін адамзат рухының басқа ешқандай саласымен сәйкестендіруге келмейді:

адамгершілікке де, эстетикаға да, жеке алып қарайтын басқа ешқандай сезімге де (мысалы, қорқыныш, үміт, т.б.). Оны тек «құрметтеу» сезімі ретінде анықтауға болады. Мұнда «құрметтеу»

сезімі Құдай алдындағы «құрметтеуді» білдіреді [10]. Сәйкесінше бұл сезімнің ерекшелігі оның бағытталу түрімен, нақтырақ айтқанда, Құдайға бағытталуымен анықталады.

Діни сананың рационалды немесе эмоцио- налды жағының басым болу мәселесі діни сананың түрлі деңгейлерінің өзара қатынас мәселесін қарастыруда жаңа қырына ие бо- луда. Дамыған діни жүйелерде философ- тар мен әлеуметтанушылар, кем дегенде, екі нақты анықталған деңгейлерін көрсетеді.

Олар үйреншікті діни сана және теориялық- рәсімделген, концептуалды діни сана. Тұрмыстық деңгейде сана діни сенімге қызмет көрсететін және көрсететін бейнелердің, түсініктердің, көңіл-күйдің, дәстүрлердің жиынтығы ретінде ұсынылады. Бұл деңгейде діни сенімнің рацио- налды, эмоционалды және ерікті элементтері көрініс табады. Қалыптасуы бойынша, ол индивидуалды-тұлғалық сипатқа ие.

Концептуалды деңгейдегі діни сана жүйелі және кодталған дінді оқыту түрінде тіршілік етеді. Дінді оқыту мазмұны дінді оқытушы кітаптарда (Құран, Библия және т.б.) қалыптасып, өзгермейтін формула түрінде діни ұйымдармен бекітілген. Дінді оқытудың мазмұны діни білімнің арнайы саласында дамып, негізделеді.

Діни тәжірибеге сакраменталды мәтіндерді (мысалы, дұға, Құран және т.б.) және басқа да діни дәстүрлердің мәртебеге ие мәтіндерін білу жатады. Бұл өз кезегінде міндетті болып табы- лады. Ол дінге және оның өкілдерінің санасына тұрақтылық береді.

Діни теориялық санада біріктіруші болып дінді оқыту және құрамына бірнеше пәндерді ендіретін теология саналады. Ғылым мен техниканың бүгінгі таңдағы дамуы дін догмала- рымен шынайы қақтығысқа түсуде [11].

Қоғам мен мемлекетімізге әлемнің ғылыми бейнесін елестете алатын, білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар адамдардың санасын қажетті адамгершілік шеңберінде ұстап тұрушы рөлін атқаратын дін де сақталып келеді. Дін сенушілердің мінез-құлқын белгілі бір деңгейде анықтайды.

Қазіргі ғылым діннің негізгі догмаларын жоққа шығарады. Бірақ дін өзгеріп тұратын жағдайларға иілгіш және тез бейімделеді. Діни сананың сақталу себебі болып ғасырлар бойы сақталып келген және адамдардың тұрмысына толығымен енген дәстүрлердің тұрақты болуы да табылады. Үлкен рөлге адамдардың өміріндегі маңызды жағдайлармен байланысты діни орын- дарда өтетін салт-жораларға ие (адамның дүниеге келуі, үйлену тойы және т.б.). Діни сананың сақталуы салттық мәдениеттің эстетикалық тартымдылығымен, діни сезімдердің эмоцияға толы болуымен, мейірімділік пен әділеттілікке деген сенім сезімдерімен байланысты. Діни көзқарастардың өзіндік аккумуляторы ретінде шығармашылық танылады. Діни ұйымдар өз қызметтеріне әрқашан архитектура, көркем өнер, мүсін, музыка, поэзия, театр сияқты өнер мен шығармашылықтың әртүрлі түрлерін қоюға тырысатын. Мұның барлығы діннің әсерін нығайтуға, сенімді мықты бекіту үшін жаса- лынатын. Көп жағдайда басым болып табыла- тын дін мемлекетпен, саяси билікпен бірігеді.

Діннің сақталуына және кеңейтілген әсеріне адамдардың жүректеріне жол іздеуге тырыса- тын діни ұйымдардың (мешіт, медресе) белсенді іс-әрекеті септігін тигізеді. Мұндай жағдайда бейімделгіш және нақты әдістер қолданылады.

Дін – бұл нақты-тарихи құбылыс. Ол дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған де- ген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін.

(9)

Сөзсіз, қоғамның діни санасы индивидуал- ды діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді.

Қоғам мен адам жабайылық пен варварлықты жеңе отырып, өз дамуының маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағда йында адамдардың артында ар-ұят еркіндігі прин- ципі сақталуда. Ол кез келген сенімді таңдауға құқылы. Егер жасалған таңдау әлеуметке қарсы нәтижеге әкелмесе, адамдардың құқығының

бұзылуы мен адамгершіліктің қоғамдық норма- ларын бұзбаған жағдайда, атеизмді де таңдай алады.

Діни сана туралы ойды қорытындылай келе, дін сананың басқа да түрлері сияқты қоғамдық қажеттілікке жауап ретінде пайда болғанын айта кету қажет. Және ол оған деген сұраныс қаншалықты бар болса, соншалықты өмір сүреді.

әдебиеттер 1. Электрондық ресурс: http://bibliofond.ru

2. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. – М., 1996 – 236 б.

3. Гараджа В.И. Социология религии. – М.: Аспект Пресс, 1996. – 374 б.

4. Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б.С. Социологический словарь, 2008.

5. Социальная философия. Учебник для вузов. Издание 4. – М., 1998.

6. Белла Р. Социология религии //Американская социология религии: перспективы, проблемы, методы.

7. Электрондық ресурс: http://libsib.ru/sotsiologiya-religii

8. Введение в курс философии / под ред. Файзуллиной Ф.С. – Уфа: УГАТУ, 1996.

9. Электрондық ресурс: http: //sireo.narod.ru

10. Мень А. История религии. В 7 томах. – М., 1991.

11. Яковенко И.А. Основные подходы, принципы и методы исследования религиозного сознания // Общество и право.

№ 5 (37). – Краснодар: Краснодарский университет МВД РФ, 2011.

References 1. http://bibliofond.ru

2. Durkgeim E. О razdelenii obshestvennogo truda. – М., 1996 – 236 s.

3. Garadzha V.I. Sociologiya religii. – М.: Аspect Press, 1996. – 239 s.

4. Aberkrombi N., Hill S., Тerner B.S. Sociologicheski slovar’, 2008.

5. Social’naya filosofia. Uchebnik dlya vuzov. . Izdanie 4. М., 1998;

6. Bella R. Sociologiya religii //Amerikanskaya sociologiya Perspektivy, problemy, metody.

7. http://libsib.ru/sotsiologiya-religii

8. Vvedenie v kurs filosofii / рod red. Faizullina F.S. – Ufa: UGATU, 1996.

9. http://sireo.narod.ru

10. Men’ А. Istoriya religii. V 7 tomah. – М., 1991.

11. Yakovenko I.A. Osnovnye podhody, principy i metody issledovaniya religioznogo soznaniya. // Obshestvo I pravo. № 5 (37).

– Кrasnodar: Krasnodarski universitet MVD RF, 2011.

авторлар туралы мәлімет:

с.м. Болысбаева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы

т.а морозова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты

д.н. нұран – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының аға оқытушысы

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Мақалада исламдағы экстрималды және радикалды теріс ағымдар мен көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда

Германияның мемлекеттік идеологиясында діни компоненттердің болуы, оқу жүйесінде дін сабақтарының оқытылуы, мемлекеттің саяси

Орындаушылар: Артыгалиев Евгений Александрович - Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ММ - экономикалық саясат

ЖАСТАРДЫ ТЕОЛОГТАРМЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН

Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды рөл атқарған діни жүйелерге тәңірлік дін мен шаманизм жатады.. Соңғы жылдары бұл діни жүйе

Алтын Орда тұсындағы діни дүниетаным мен ислам дінінің дамуына жəне діни жүйелердің өзгеруі мен қалыптасу тұрғысында көптеген зерттеушілер өз

Осы жылдың мамыр айында “Діни бір- лестіктер жəне дін ұстану еркіндігі сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне

Ал, ғылыми тұрғыдан екшеп, аталмыш терминнiң сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналары мен дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу барысына қарағанымызда,