• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Technological and methodological aspects of the formation of digital creative competencies of future teachers in distance education in the Republic of Kazakhstan

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Technological and methodological aspects of the formation of digital creative competencies of future teachers in distance education in the Republic of Kazakhstan"

Copied!
14
0
0

Толық мәтін

(1)

ХҒТАР 14.01.11

К.Д. Бузаубакова У.Т. Нурманалиева

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан (Е-mail:klara_1101@mail.ru)

ҚР қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері

Аннотация. Мақалада Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім беру жағдай- ында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері анықталып, «құзыреттілік», «цифрлы құзыреттілік», «цифрлы-технологиялық құзыреттілік», «цифрлы-әдістемелік құзы- реттілік», «креативтілік», «цифрлы педагогикалық кампус» ұғымдарының мәні ашы- лады.

Мақалада құзыреттілік компоненттерінің мәні жаңаша мазмұнда сипатталады: ұй- ымдастырушылық қабілеттілік; эмпатияға қабілеттілік; рефлексиялық қабілеттілік.

Сондай-ақ, мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифр- лы- технологиялық және цифрлы-әдістемелік құзыреттіліктерінің мазмұны айқында- лады. Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық құзыреттілігі болашақ педагогтің интернет ресурстар, цифрлы оқыту платформасы, заманауи компьютерлік бағдарламалар, мультимедиалық құрылғылармен жұмыс жа- сау дағдысының қалыптасуымен анықталса, ал болашақ педагогтің цифрлы-әдістемелік құзыреттілігі болашақ педагогтің электронды портфолио, электронды медиатека жа- сақтай алуымен және педагогикалық коучинг, педагогикалық тренингтер ұйымдастыра алуымен сипатталады.

Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзы- реттіліктерін қалыптастырудың мазмұны ашылып, нобайы ұсынылады.

Түйінді сөздер: құзыреттілік, цифрлы құзыреттілік, цифрлы-технологиялық құзы- реттілік, цифрлы-әдістемелік құзыреттілік, цифрлы педагогикалық кампус.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2021-135-2-47-60 Түсті: 10.02.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 15.06.21

Кіріспе.

Жаңа Қазақстан жағдайында педагогика- лық жоғары оқу орындарында педагог кадр- ларды дайындау жүйесін жетілдіру және бо- лашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

ХХІ ғасырда қоғамда тез қарқынмен жүріп жатқан ақпараттандыру процесі ақпа- раттық ортаның бұрыннан болмаған әлемдік

деңгейде ауқымын кеңейтті. Ақпараттандыру процесі білім беру жүйесін де қамтып, бола- шақ педагогтерді кәсіби тұрғыдан даярлау- ды жаңа мазмұнда қарастыруды талап етіп отыр.

Интернет желісі, интернет ресурстары, ақпараттық медиақұралдар және цифрлық орта арқылы инновациялық педагогикалық тәжірибелер, яғни ақпарат әрбір адамға, со- ның ішінде әрбір педагогке тұрған жеріне,

(2)

жұмыс орнына қарамастан бірдей уақытта және бірдей көлемде лезде жетуде.

Цифрлы Қазақстан жағдайында әлемдік бәсекеге қабілетті болашақ педагогтерді даяр- лау педагогикалық жоғары оқу орнында ақпа- раттық-инновациялық технологияның қыры мен сырын толық меңгерген, өзінің жеке ин- новациялық ақпараттық педагогикалық банк қоры, инновациялық медиатекасы бар, жаңа апараттық коммуникациялық технологияны меңгерген, білім алушының шығармашылық, креативтік, интеллектуалдық қабілетін дамы- ту үшін инновациялық ғылыми-зерттеушілік жұмыс жасап, оның нәтижесін диагности- калық сараптамадан өткізіп, педагогикалық мониторинг жасай алатын, инновациялық сабақтың технологиялық картасын құрай алатын жоғары интеллектуалды әлеуеті бар инновациялық технологиялық іс-әрекетті жү- зеге асыра алатын болашақ педагогтерді даяр- лауды жүзеге асыруды көздейді.

Зерттеудің мақсаты–жаңа жағдайдағы Қа- зақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде Қазақстандық және Еуропалық білім беру интеграциясы аясында қазақстан- дық ЖОО және шетелдік ЖОО ынтымақта- стық серіктестігі негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында ҚР-да болашақ педагог- тердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әді- стемелік аспектілерін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында бола- шақ педагогтердің цифрлы-креативті құзы- реттіліктерін қалыптастырудың технологи- ялық және әдістемелік бағыттарын айқындау.

2. Қазақстандық ЖОО және шетелдік ЖОО білім беру интеграциясы аясында қашықтықтан білім беру жағдайында ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құ- зыреттіліктерін қалыптастыруда М.Х.Дула- ти атындағы Тараз өңірлік университеті (Ду- лати Университеті) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің (ШМПУ) ынтымақтастық серіктестігінің мо- делін жасау, интегративтік әдіснамасы мен жүзеге асыру тетіктерін айқындау.

3. Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тех- нологиялық және әдістемелік бағыттарын ай- қындаудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу әдістері.

Әлемдегі және еліміздегі орын алған Covid-2019 эпидемиологиялық төтенше жағдайында қашықтықтан оқыту форматы бі- раз мәселенің бетін ашты. Жалпы орта білім беретін мектептер, колледждер, тіпті ЖО- О- ның өздері де бұған 100% дайын болмай шықты: сандық білім беру ресурстарының жеткіліксіздігі; педагогтердің цифрлық құзы- реттілігінің төмендігі және т.б.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қашықтан оқыту барысында да инноваци- ялық білім алып, кәсіби біліктілікті арттыруға толықтай мүкіндік бар. Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара оқу жұмыс іс-әрекеті кезіндегі ақпараттық-коммуникаци- ялық технологиялар, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып жүзеге асырылатын оқыту.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдай- ындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері кезеңін- де болашақ педагогтерге төмендегідей жаңа талаптар қойылады: бәсекеге қабілеттілік;

білім сапасының жоғары болуы; кәсіби ше- берлік; табыстылық; қашықтықтан білім алуға және оқытуға қажетті цифрлы құзыреттілік және креативтілік.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жыл- дарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу кезінде студент оқытудың 5 нәтиже- сін көрсетуі тиіс: оқып жатқан саласындағы білім және түсінік; кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және проблемалар- ды шешу; ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру; ақпаратты, идеяларды, шешім- дерді хабарлау; оқуды өз бетінше жалғастыру дағдысы» (Қазақстан Республикасында білім

48 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

(3)

беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама- сы, 2019:13).

Жоғарыда көрсетілген оқытудың 5 нәтиже- сін қамтамасыз ету үшін болашақ педагогтің бойында төмендегідей кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруымыз керек:

1) шығармашылық білік: жаңашыл- дылыққа деген құлшыныс, инновациялық тех- нологияны меңгеруі;

2) ізденушілік білік: инновациялық тәжіри- бені үйрену, зерттеу, жинақтау білігі;

3) педагогикалық рефлексияға қабілеттілік:

кәсіби іс-әрекетке талдау жасай алуы, сындар- лы ойлауы.

Зерттеу барысында онлайн-сауалнама және онлайн тест жүргізіледі. Жаңа жағдай- дағы Қазақстанда болашақ педагогтердің циф- рлы технологияны тиімді пайдалана алуы бой- ынша цифрлы құзыреттіліктер деңгейлерін анықтау мақсатында 1-4 курс студенттерінен 3 жыл қатарынан «Мен-SMART-PEDAGOG боламын!» тақырыбында онлайн-сауалнама құрастырып, онлайн-тест алынады. Ол үшін онлайн-тесттің мобильдік қосымшасы жа- салынады. Эксперименттік-тәжірибелік жұ- мысқа тек Қазақстандық болашақ педагогтер емес Ресейдің ШМПУ-ның де болашақ педа- гогтері қатысады және Қазақстандық болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктері Ре- сейлік болашақ педагогтердің цифрлы құзы- реттіліктерімен салыстырылып, диагностика- лық мониторинг жасалынады.

Жоба барысында Қазақстандық болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерінің деңгейлерінің көрсеткіштері мен критерий- лері анықталады, мән-мағынасы ашылады.

Қазақстандық ЖОО – М.Х.Дулати атын- дағы Тараз өңірлік университеті мен Ресейлік ЖОО – Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті болашақ педагогтері арасында

«Мен-SMART-PEDAGOG боламын!» бола- шақ педагогтерге арналған онлайн коучинг ұйымдастырылып, болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерінің деңгейлеріне са- лыстырмалы талдау жасалынады, зерттеудің дедукция және индукция әдістері пайдаланы- лады.

Онлайн курсқа қатысқан Қазақстандық және Ресейлік болашақ педагогтердің онлайн курсқа дейін және онлайн курстан кейін циф- рлы құзыреттіліктер деңгейлері анықталады.

«Қашықтықтан оқыту технологиялары бой- ынша менің білетінім» және «Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша менің үй- ренгенім» тақырыптарына онлайн сауалнама жүргізіледі, нәтижесі математикалық және статистикалық әдістермен өңделеді, сұрып- талады, әдістемелік ұсыныстар әзірленеді; қо- рытынды жасалынады.

Ең бастысы, жаңа жағдайдағыҚазақстан- да қашықтықтан оқытуда болашақ педагог- тердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыпта- стыруға SWOT-талдау жасалынады.

Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастыру- дың технологиялық және әдістемелік аспек- тілерінің мәні, мазмұны ашылып, SWOT-тал- дау матрицасы әзірленеді:

1) қашықтықтан оқыту жағдайында бола- шақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастырудың күшті және әлсіз жақтары анықталып, әсер етуші педагогикалық фак- торлары сараланады;

2) қашықтықтан оқыту жағдайында бола- шақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастыруда кездесетін қауіптер анықта- лып, оны болдырмау іс-шараларынақтылана- ды, мүмкіндіктері зерделенеді; педагогика- лық алғы шарттары айқындалады.

Әдебиеттерге шолу

Психологиялық-педагогикалық әдеби- еттерде «құзыреттілік» сөзі кең мағынада ашылады. Педагогика ғылымдарында кәсі- би құзыреттілік ұғымы білім мен іскерліктің жиынтығы, мәселелерді шешудегі дағдының көлемі, жеке сапалар мен қабілеттердің өзара қабысуы, кәсіби маңызды тұлғалық сапалар мен білім кешені, еңбекке теориялық және практикалық дайындықтың тұтас жиынтығы түрінде қарастырылады.

Құзыреттілік – педагогтың өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби шеберлігін,

(4)

мәдениеттілігін көтеріп, қазіргі заман талабы- на сай бейімдей білуі.

Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде:

«Құзіреттілік» (латынша Competens– надле- жащий, способный)– белгілі бір салада білгір, білікті, өзінің білімімен қандай да бір нәр- сені шешуге немесе жасауға құқылы» деген анықтама беріледі (Шетел сөздерінің қысқа- ша сөздігі,1990:25).

Ал, орыс тілінің энциклопедиялық сөздігінде «құзіреттілік» ұғымы келесі- дей ашылады: «Құзіреттілік» (латынша Competens–лайықты, қол жеткізуге ұмтылу, сәйкес)– қабілетті, білікті, өз ісін жетік білуі;

белгілі бір аймақтағы білім мен тәжірибе(О- рыс тілінің энциклопедиялық сөздігі,1990: 79).

В.А.Сластенин, А.К.Маркова, А.М.Нови- ков, М.И.Қабышева және т.б. ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, «құзыреттілік» сөзінің құрамына кәсіби, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық және т.б. интеграцияланған күрделі, кең мазмұн- ды сипаттамалар түсінігі кіреді. Жалпылама түрде маманның құзыреттілігі оның кез кел- ген салада кәсіби қызметінің нәтижелі бо- луы үшін қабілеттері, сапасы мен тұлғалық қасиеттерінің бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.

Құзыреттілік компоненттері:

1) ұйымдастырушылық қабілеттілік – маманның өзара бірлескен ынтымақтастық байланысты ұтымды жасай алу;

2) эмпатияға қабілеттілік – өзгені түсінуі;

жаны ашуы; өзін өзгенің орнына қоя алуы;

3) рефлексиялық қабілеттілік – өз мі- нез-құлқы мен серіктесінің қылығын лезде реттей алуы; дау-жанжал жағдайында тиімді шешім қабылдай алуы; қолайлы психологи- ялық ахуал туғыза білуі; субъектаралық қа- тынастың өрбуін болжай алуы (Бузаубакова 2020:50).

1-суретте құзыреттілік компоненттері ашылды.

Құзыреттілік – педагогтың өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби шеберлігін, мәдениеттілігін көтеріп, қазіргі заман талабы- на сай бейімдей білуі, құзыреттілік креативке бастайтын жол.

Қысқаша психологиялық сөздікте «кре- атив» ұғымына төмендегідей анықтама беріледі: «Креатив» (creatio) латын тілінен тікелей аудармасы – «жасап шығару»; «жа- сырын күш»; «жасап шығаруға қабілеттілік».

Креативтілік – өнімді әрекет етуге дайын болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін инди- видтің тұлғалық сапасы. Индивидтің жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты мотив- терінің болуы (Краткий психологический сло- варь,1985:55).

Ғалым Б.А.Оспанова болашақ мамандар- дың креативтілігін қалыптастырудың ғылыми негіздерін аша отырып, «креатив» ұғымына төмендегідей анықтама ұсынады: «Креатив–

шығармашылыққа қабілеттілік, соны ойлау:

Сурет 1. Құзыреттілік компоненттері

50 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

(5)

тұлғаны сипаттайтын шығармашылық қа- білеттердің деңгейі; адамның қалыптан тыс ойлауы; индивидтің жаңа идеяларды ашуға қабілеттілігі; шығармашылық, дарындылық деңгейі; тез арада тапқыр шешім қабылдай алу; интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейі; жаңаны қабылдай, түсіне алуға қа- білеттілік; қалыптан тыс жағдаяттарды шеше алу» (Оспанова, 2006а:97).

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің креативті құзыреттілік- терін дамытудың маңызы зор.

Ғалым Б.А.Оспанова болашақ мамандар- дың креативтілік компоненттерін ашып көр- сетті:

1) Мақсаттылық: педагогикалық процесті жоспарлай алу; қалыптан тыс ойлау және әре- кет ету; мақсат пен міндеттерді нақтылау; бол- жамдарды тексеру; сындарлы ойлау.

2) Технологиялық: коммуникативтілік;

теориялық білімді практикада қолдана алуы;

жаңа білімді іздеп табуы;белсенділік; өзгерту- ге ашықтық; стандартты емес іс-әрекетке бей- імделу.

3) Рефлексиялық: жағдайды ой елегі- нен өткізу; өзіндік қабылдау; өзіне-өзіне баға беру; өзін-өзі дамыту; өзіне-өзі баға беру; өзін өзгенің орнына қоя алуы және т.б. (Оспанова, 2006б: 112).

Ғалым Б.А.Тұрғынбаева «креативтілік»

ұғымына педагогика ғылымы тұрғысынан төмендегідей анықтама ұсынады: «Креа- тивтілік – ақпараттық, ағымдық процестерде байқалатын тұлғаның қасиеті: ақпараттық ішкі құрылымдарға енуі арқылы пайда бо- латын тұлғаның сапасы; гипотеза ұсынғанда шешімді іздегенде және оның дұрыстығын дәлелдеуге көрінетін қасиет (Тұрғынбаева, 2011:85).

Сонымен, креативтік – шығармашылық, жаңаны ашу, қалыптан тыс ойлау, тапқыр шешімдерді туғызуға қабілеттілікті анықтай- тын тұлғаның дара, тұрақты кіріктірілген сапасы болса, ал креативтілік – белгілі бір процестердің жиынтығы, әрекет, процесс:

жаңашылдық әрекет; адамның қажеттілігі- нен туындайтын табиғи процесс; білімнің жетіспейтінін сезінуден болатын диском-

форт (қолайсыздық), сезімталдық; мәселені анықтау, шешімді іздеу, болжамдар ұсыну;

шешімнің нәтижесін жариялау, тұжырымдау.

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің креативті құзыреттілік- тері дегеніміз– болашақ педагогтің ақпа- раттық ортада цифрлы оқу контенттерімен дербес әрі нәтижелі жұмыс жасай алуы.

Қазіргі кезеңде психологиялық және педа- гогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин өмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында «жаңа компью- терлік технологияның» енуімен сипатталады.

Ғылымда дамудың жаңа бағыты – техноло- гиялық бағыт өмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық бағыттың пайда болуы және оның педагогикада тереңірек зерттеле баста- луы кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден-ақ білім беру, тәрбиелеу, оқыту саласындағы ең тиімді әдіс-тәсілдірді табуға, оны өмірде пайдалануға, жоғары нәти- же алуға талпынады, оқытудың жаңа форма- лары мен әдістерін табуға ұмтылады.

«Технология» сөзі грек тілінен енген және екі сөз тіркесінен құралады: «techne» – өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе; «logos» – ғылым, ілім дегенді білдіреді және «өнер ту- ралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім»

(Российская педагогическая энциклопе- дия,1998:67).

Алғашында «технология» ұғымы өндіріс саласында қолданыла бастады да ғылымда

«технологиялық үрдіс» термині ендірілді.

Технологиялық үрдіс деп бұған дейін белгілі ғылыми заңдылықтар негізінде белгілі бір реттілікпен орындалатын операциялар жүй- есінен тұратын жәй басқарылатын өндірістік үрдісті атайды (Бершадский, 2003:10).

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жа- салған талдауымыз көрсеткендей, қазіргі пе- дагогикалық теорияда «педагогикалық тех- нология» ұғымына бірдей көзқарас жоқ, оны біреулер білім беру ұйымдарын техникалан- дыру десе, енді біреулер оқытуды аудиови- зуальды құралдармен қамтамасыз етіп, ком- пьютерлендіру деп қарастырады, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар

(6)

мен педагогикалық жүйені, оны практикада қолданудың дәрежесін көтеру болып табыла- ды. Осының бәрі бұл ұғым, құбылыстың көп қырлылығын сипаттайды, яғни оны зерттеу- дің методологиялық бағыт-бағдарын негізде- уді қажет етеді. Мұндай бағыт-бағдарға жүй- елілік, іс-әрекеттік және жеке көзқарас тән.

Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.

Ал, технологиялық үрдісті нақты педагоги- калық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өл- шемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсе- теді.

Б.Т. Лихачев: «Педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түр- леніп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым.

Педагогикалық технологияның мәні-шығар- машылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу» – деп, педагогикалық техноло- гияның мәнін ашады (Лихачев, 1998:145 ).

В.П. Беспальконың пікірі бойынша, «Пе- дагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асыратын мазмұндық техника» (Беспалько, 1989:192).

Белгілі ғалым-әдіскер В.М.Монахов: «Пе- дагогикалық технология – бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үрдісін жобалау және ұй- ымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолай- лы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық «іс-әрекеттің үлгісі» – деп анықтайды (Монахов, 1995:211).

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, «пе- дагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурста- рын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім бе- рудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып, меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі» (ЮНЕСКО. Доклад ЮНЕСКО о положении дел в мировом образовании за 1991 год.–Париж, 1991).

М.Чошанов: «Технология – бұл дидактика- лық жүйенің құрамды бөлігі» – деп анықтама береді (Чошанов, 1996:160).

Г.К. Селевконың пікірінше, педагогикалық технология үш түрлі өрісте көрінуі мүмкін:

ғылыми, бейнелік және нақты. Бірінші жағдай- да ол педагогика ғылымының оқытудың мақ- сатын, мазмұнын және оқыту әдістерін зерт- теп, педагогикалық үрдісті жобалаушы бөлігі, аймағы болып табылады (Селевко, 1998: 255).

Болашақ педагогтің технологиялық білік-дағдыларына жататындар:

- о п е р а ц и о нал д ы қ - ә д і с т е м е л ік білік-дағдылар;

- п с и х о л о г и я л ы қ - п е д а г о г и к а л ы қ білік-дағдылар;

- бағалаушылық білік-дағдылар;

- диагностикалық білік-дағдылар;

- эксперттік білік-дағдылар;

- ғылыми-зерттеушілік білік-дағдылар (Сәтбекова, 2026:47).

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің цифрлы-креативті құ- зыреттіліктері дегеніміз – білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде ақпа- раттық-коммуникациялық технологияны ер- кін пайдалануға және сабақты дайындықтан бастап, цифрлық ортаны құруға көмектесетін білім алушылардың жеке білім беру траек- торияларын құруға, оларды ынталандыруға және оқу жетістіктерін болжауға көмекте- сетін мүмкіндік беретін білім, білік және дағ- дылар жиынтығы (Аймалетдинов, 2019:6).

Бүгінде әлем педагогтері заманауи ақпа- раттық-коммуникациялық технологиялар- ды жалпы білім беруде шебер қолданудың артықшылықтарын көбірек біледі. Ақпарат- тық-коммуникациялық технологиялар білім мен қарым-қатынас қажет болған жерде мәсе- лелерді шешуге көмектеседі.

Оларға келесілер жатады: оқу процестерін жетілдіру, білім алушылардың білім беру нәтижелерін және олардың оқу мотивтерін арттыру, өзара іс-қимыл ықпалдастықты жақсарту, білім беру ұйымдары желісіндегі байланыс және бірлескен жобаларды жүзеге асыру, цифрлы білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруды және басқаруды жетілдіру.

Бұл таңқаларлық емес, өйткені интернет–

ресурстар инновациялық экономика мен за- манауи қоғамды дамытуға мүмкіндіктер білім беру үшін қол жетімді болды (Структура ИКТ-компетентности учителей. Рекоменда- ции ЮНЕСКО,2011:7).

52 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

(7)

Соңғы жылдары көптеген елдер, соның ішінде Ресей, білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолдану шарттары мен сал- дарын зерттеуге бағытталған көптеген күш-жі- гер жұмсады, педагогтердің жұмыстарындағы өзгерісті, білім беру әкімшілігіне қойылатын жаңа талаптарды сипаттады, сонымен бірге бұл процестің тигізетін оң-пайдалы тұстары және теріс-кемшіл жақтарын толықтай зерде- ленді (Соколова, 2013а:28).

Білім беру саласындағы көшбасшы ел- дердің тәжірибесін егжей-тегжейлі талдау педагогикалық тәжірибеде педагогтердің техникалық біліктіліктеріне қойылатын та- лаптардың қарапайым тізімінен бас тартуға мүмкіндік берді. Керісінше, педагогтің АКТ құзыреттіліктері оларды педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерін ұйымдасты- руға және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану (оқытуды дараландыру, шығар- машылық тапсырмаларға арналған техника- лық шешімдер, интерактивті жобалық жұмы- стар және т.б.) негізінде білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қолданбалы білім, білік және дағдылар жүйесі ретінде си- патталады (The Digital Competence Framework 2018:2).

Педагогтердің цифрлық технологиялар- ды қолдану құзыреттілігі олардың техноло- гияны оқу процесінде қолдана білуінен ғана емес, сонымен бірге олардың әріптестерімен, студенттермен, оқытушылармен, ғылыми қауымдастықпен және басқа да мүдделі та- раптармен ынтымақтастық пен қарым-қаты- нас тәсілдерінен көрінеді: инновацияны өз тәжірибесіне ендіре алуы; кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіре алуы және дамытуы (Соко- лова, 2018б:193).

Нәтижелер. Қашықтықтан оқыту жағдай- ында болашақ педагогтің цифрлы құзырет- тілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары төмендегідей:

1) Ақпараттың көлемі: ақпаратты қабыл- дай алу жылдамдығы;

2) Ақпаратты мағыналы әрі мазмұнды өңдей алуы: ізделінген, өзіне қажетті ақпарат- ты таба алуы және сұрыптай алуы;

3) Ақпаратты қабылдау сапасы: қажетті материалды игеруі;

4) Ақпарат негізінде шешім қабылдай алуы: педагогикалық рефлексия жасай алуы және сындарлы ойлай алуы және т.б.

Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық құзырет- тілігі болашақ педагогтің интернет ресур- стар,педагоикалық сайт, портал және цифр- лы оқыту платформасы, заманауи цифрлық оқу контенттері, электронды және мультиме- диалық оқулықтармен,компьютерлік бағдар- ламалар, мультимедиалық құрылғылармен жұмыс жасау дағдысының қалыптасуымен анықталса, ал болашақ педагогтің цифр- лы- әдістемелік құзыреттілігі болашақ педа- гогтің жоғары оқу қабырғасында жүргенде-ақ болашақ мамандығы және болашақта сабақ беретін пәні бойынша электронды портфо- лио, ақпараттық банк қоры және электронды медиатека жасақтай алуымен; педагогикалық коучинг және педагогикалық тренингтер ұй- ымдастыра алуымен; педагогикалық форум, пікірталастарға қатысып, өз инновациялық жобасын ұсынып, өз идеясын еркін қорғай алуымен сипатталады (2-сурет).

3-суретте қашықтықтан білім беру жағдай- ында болашақ педагогтердің цифрлы-кре- ативті құзыреттіліктерін қалыптастыру но- байы ұсынылды.

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің цифрлы-креативті құ- зыреттіліктерін қалыптастыру үшін жоғары білім берудің мазмұнын түбегейлі өзгерту қажет.

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің теориялық білімі кәсіби даярлық бағытында жүзеге асырылуы тиіс және педагогикалық жоғары оқу орындарын- да тек «Педагогика» пәні ғана оқытылмауы тиіс, келесідей заманауи педагогиканың сала- лары да оқытылуы тиіс: «Цифрлы педагоги- ка»; «Киберпедагогика»; «Медиапедагогика»

және т.б.

Қашықтықтан білім беру жағдайында бола- шақ педагогтердің практикалық білімі кәсіби білім беруге бағытталады және педагогика- лық жоғары оқу орындарында қашықтықтан білім беру бойынша цифрлы оқу контент- терін оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдала-

(8)

ну бойынша болашақ педагогтерге арналған онлайн-әдістемелік коучингтер және арнайы онлайн курстар жүргізілуі керек.

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің цифрлы-креативті құ- зыреттіліктерін қалыптастыру үшін жоғары білім берудің мазмұнын арнайы әдістемелік пәндермен жаңарту қажет.

Болашақ педагог инновациялық білімді қашықтықтан ұйымдастыратын онлайн курс және вебинарлар арқылы да ала алады.

Жаңа жағдайдағы Қазақстанда болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзырет- тіліктерін қалыптастыру үшінпедагогикалық жоғары оқу орындарында барлық цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімтілікті қамтамасыз ететін инновациялық виртуалды білім беру алаңы ретінде цифрлы педагогика- лық хаб (педагогикалық кампус) жасақталуы тиіс.

ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы креативті құзыреттіліктерін арттыру бойын- ша SMART-болашақ педагог цифрлы педаго- гикалық кампус төмендегідей 8 онлайн-педа- гогикалық ресурстарды қамтитын болады:

1) SMART- онлайн педагогикалық шеберха- на (педагогикалық орталық) – мұнда болашақ педагогтер отандық және шетелдік жаңашыл педаготердің бейнесабақтарын көру, талдау, педагогикалық практика кезеңінде сынақтан өткізу нәтижесінде педагогикалық маман- дықтың таңғажайып құпияларымен таныса- ды.

2) SMART онлайн – педагогикалық студия – мұнда болашақ педагогтер өздерінің алғашқы алғашқы бейнесабақтарын жасап үйренеді, дайындайды.

3) SMART-онлайн – педагогикалық элек- тронды кітапхана – болашақ педагог иннова- циялық білімді интернет-ресурстар арқылы алады.

4) SMART-онлайн әдістемелік қоржын – болашақ педагогтер жаңашыл педагогтердің алдыңғы қатарлы инновациялық педагогика- лық тәжірибелерін үйрену, қолдану бойынша қажетті IT -құзыреттіліктерді меңгереді және электронды портфолио жасақтайды.

5) SMART-онлайн коучинг – мұнда бола- шақ педагогтер педагогика және жеке пән- дерді оқыту әдістемесі бойынша көкейкесті

Сурет 2. Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық және цифрлы-әдістемелік құзыреттіліктері

54 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

(9)

Нәтиже:Болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктері қалыптасады Рефлексия

Түзету Диагностикалау

Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру

Теориялық Әдістемелік

Цифрлы педагогикалық хаб (Педагогикалық кампус)

Педагогикалық

студия SMART

ОНЛАЙН

Педагогикалық коучинг

Ғылыми-шығармашылық

Ақпараттық банк

Электронды медиатека

Ғылыми-зерттеушілік

• Диагностикалық сараптама

• Педагогикалық мониторинг

Инновациялық даму

Инновациялық басқару

Өзін-өзі басқару Оперативтік

Тактикалық Стратегиялық

Миға шабул, тренинг, форум, пікірталас

• SWOT-талдау Әдістер

Цифрлық оқу контенттері

Компьютерлік бағдарлама

Мультимедиалық құрал Құралдар

Жеке

Топтық

Ұжымдық Формалар

Педагогикалық сайт

Электронды оқулық Ғылыми-ізденушілік

Педагогикалық электронды кітапхана

Цифрлы контент (әдістемелік қоржын)

Педагогикалық коворкинг Виртуалды зертхана Педагогикалық

шеберхана

Ш е т е л д І к Ж О О Инновациялық білім

Қашықтықтан оқу

Онлайн курс

Онлайн вебинар Кәсіби білім

Онлайн әдістемелік коучинг

Арнайы онлайн курстар Кәсіби даярлық

Цифрлы педагогика

Киберпедагогика

Медиапедагогика

Практикалық

ЖОО қашықтан білім беру мазмұны

Қ а з а қ с т а н д ы қ Ж О О

Сурет 3. Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру

(10)

проблемалары бойынша педагогикалық коу- чинг, тренингтерді өткізу бойынша қажетті IT -құзыреттіліктерді меңгереді.

6) SMART-онлайн – коворкинг-орталық – креативті педагогтер мен болашақ педагог- тердің ашық алаңы; мұнда болашақ педагог қашықтықтан оқыту проблемалары бойынша инновациялық зерттеулер мен ғылыми жоба- ларды жүргізуге қатысты креативті құзырет- тіліктерді меңгереді;

7) SMART-онлайн виртуалды зертхана – бо- лашақ педагогтер өз мамандықтары бойынша кейбір зертханалық жұмыстарды виртуалды зертханаларда жүргізеді.

8) SMART цифрлы контент – болашақ пе- дагог өз пәні бойынша цифрлы-электронды контент әзірлейді.

Болашақ педагогтер инноватор ғалымдар және жаңашыл мұғалімдердің инноваци- ялық іс-тәжірибелерін зерделеу арқылы тех- нология лық құзыреттіліктерін қалыптастыра алады.

Цифрлы педагогикалық хабта болашақ пе- дагогтер отандық және шетелдік ғалымдармен бірлестікте ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-із- денушілік және ғылыми-шығармашылық жұ- мыстар атқарады:

1) педагогикалық сайттар мен портал- дарға шығады, электронды оқулықтардан ин- новациялық білім алады;

2) өз мамандығы және болашақта сабақ беретін пәні бойынша ақпараттық банк қо- рын және электронды медиатека жасақтай- ды;

3) қашықтықтан оқыту бойынша пай- даланылатын цифрлы оқыту платформа- сына(BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online жіә- не т.б.) және оқу контенттеріне, компьютерлік бағдарламаларға, мультимедиалық құрылғы- ларға педагогикалық диагностика, монито- ринг жүргізеді және SWOT- талдау жасайды.

4) педагогикалық коворкингте қашық- тықтан оқытудың өзекті проблемалары бой- ынша ұйымдастырылатын коучинг, педа- гогикалық тренинг, форум, пікірталастарға қатысып, өз ойын білдіріп, қажетті цифр- лы- креативті құзыреттілікті меңгереді.

5) болашақ педагог өзін-өзін басқара алу- ды үйренеді: әрбір іс-әрекетіне педагогикалық рефлексия жасайды.

Кез-келген болашақ педагогтің интеллек- туалды дамуына қажетті негізгі құзыреттілік- тің бірі – білім беру ресурстарын бағамдау және оқу мақсаттарына, студенттер тобының ерекшеліктеріне және оқыту стиліне сәйкес келетін сандық ресурстар мен материалдарды іріктеу, сұрыптау, түрлендірі,өзгерту, жаңа нұсқасын жасау және өз жобасымен(нұсқа- сымен) басқалармен бөлісу, өз идеясын дәлел- дей алуы және т.б.

Талқылау

Қашықтықтан білім беру жағдайында бо- лашақ педагогтердің цифрлы-креативті құ- зыреттілігінің маңызы – болашақ педагогтің оқытудың әртүрлі кезеңдерінде цифрлық технологияларды құру, жоспарлау және енгі- зе алуы. Сонымен бірге, сабақта (жұпта, топ- та жұмыс жасағанда) басты назар оқытушы емес, білім алушының өзі болатындығына ұмтылу керек. Бұған цифрлық технологияны қолдану арқылы да қол жеткізуге болады.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында интернет ресурстарды, цифрлы оқыту плат- формасын қолдану арқылы қашықтықтан білім беру және оқытуды тиімді жүзеге асыру үшін төмендегідей педагогикалық қағидалар- ды басшылыққа алған жөн:

1) Педагогикалық жоғары оқу орында- рының білім мазмұнын жаңарту қажет: бо- лашақ педагогтің цифрлы құзыреттіліктерін арттыратындай міндетті арнайы пәндер енгі- зу (Мысалы: «Цифрлы педагогика», «Кибер- педагогика», «Медиапедагогика» және т.б.

2) Жоғары оқу орындарында педагогика- лық мамандықта оқып жатқан болашақ педа- гогтер тек өздерінің болашақта сабақ беретін пәндерін ғана терең меңгермей, болашақта өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға толықтай мүмкіндік беретін интернет ресурстарды, цифрлы оқыту платформасында жұмыс жа- сау дағдыларын еркін меңгерулері тиіс.

3) Интернет ресурстар, цифрлы оқыту платформасындағы материалдардан, ақпа-

56 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

(11)

раттардан жаңа идеяларды, қажетті мәлімет- терді бөліп алып, болашақта кәсіби іс-әрекет- те басшылыққа алуы.

4) Интернет ресурстарды, алынған ақпа- раттарды қазіргі педагогикалық талаптар сай сұрыптай алуы.

5) Интернет ресурстардан алынған ма- териалдарды өзінің мамандығы және пәніне қарай икемдей алуы: мамандықтың, пәннің және әрбір білім алушылардың дербес ерек- шеліктерін есепке алу, ескеру және т.б.

6) Оқыту процесінде интернет ресур- стардағы материалдарды білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын оятатындай етіп нәтижелі қолдану.

7) Оқыту процесінде білім алушыларға Интернет ресурстарын пайдаланып, әртүр- лі инновациялық мазмұндағы тапсырмалар берілуі шарт: педагогикалық кейстер құра- стыру; шағын ғылыми жобалар тұсаукесерін жасау; SWOT-талдау жасау; бейнесауалнама алу; бейнежағдаяттар жасау және т.б.

8) ЖОО қабырғасында болашақ педа- гогтің цифрлы-технологиялық және цифр- лы-әдістемелік құзіреттіліктерін қалыптасты- ру шарт: болашақ педагог өзінің электронды потфолиосын өзі жасақтай алуы міндетті бо- луы керек.

Қорытынды

Цифрлы технологиялар болашақ педагог- тердің білім деңгейлерін бақылау мен бағала- удың қолданыстағы әдістерін дамытуға және жаңа, неғұрлым озық заманауи әдістерін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім алушылар туралы және олардың циф- рлық ортадағы белсенділігі туралы көптеген ақпаратты талдау арқылы ЖОО оқытушысы оған жеткілікті дәрежеде көмек көрсете ала- ды, цифрлы ортада болашақ педагогтің дер- бес жұмыс жасауына мүмкіндік ашылады.

Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қо- сымша дамытуға және анықтауға мүмкіндік бар, атап айтқанда:

1) білім алушылармен және әріпте- стерімен сандық байланыс мүмкіндіктерін үйрету;

2) цифрлы ортада оқытушылармен ма- териалдар алмасу және құру дағдыларын да- мыту;

3) оқу материалын құру және барды бей- імдеу үшін цифрлы контенттерді пайдалану;

4) ақпаратты қорғау тәсілдері туралы білімдерін тереңдету;

5) ақпараттың сенімділігін бағалау және жалған немесе біржақты ақпаратты анықтау;

6) цифрлық технологияларды қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдалану;

7) білім беру мәселелерін шешу үшін цифрлық технологияларды шығар- машылықпен қолдану;

8) білім беру процесінде цифрлы техно- логияларды қолдану және білім алушылар- дың желідегі белсенділігін бақылау;

9) оқушылардың үлгерімі мен интеллек- туалды өсу деңгейлерін бағалау және бақылау үшін сандық құралдарды пайдалануды үйре- ну және оларды қосымша қолдану.

Оқыту кезінде цифрлытехнологияларды пайдаланудың артықшылықтарының бірі – білім алушыларды түгелдей оқу процесіне белсенді қатыстыруға мүмкіндіктерінің бо- латындығы. Цифрлы технологияларды білім беру қызметін әр білім алушының білімділік деңгейіне, оның қызығушылықтары мен қа- жеттіліктеріне бейімдеу мақсатында пайда- лануға болады. Сонымен қатар, бар теңсіздік- тің жағдайын күшейтпеу үшін (мысалы, білім алушылардың барлығы бірдей интер- нет желісіне және дербес компьютерге қол жетімділікке және сандық технологияларға икемділікке ие емес) және технологияның барлық білім алушыларға қол жетімді бо- луын қадағалауымыз керек.

Зерттеу AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүй- есін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» атты гранттық жобасы аясында Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылады.

(12)

Әдебиеттер тізімі

1. Аймалетдинов Т.А., Баймуратова Л..Р., Зайцева О.А., Имаева Г.Р. Спиридонова Л.В. Цифровая грамотность российских педагогов. Готовность к использованию цифровых технологий в учебном про- цессе. – М.: Издательство НАФИ, 2019. –84 с.

2. Бершадский М.Е., Гузеев В.В. Дидактические и психологические основания образовательной тех- нологии. –М.: Центр «Пед. поиск», 2003.

3. Соколова И.В., Сергеев А.Э. Внеурочная деятельность как форма интеграции науки и школьного образования. // Современные наукоемкие технологии. –2018. –№ 9. – С. 193-197.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.: Педагогика, 1989. – 192 с.

5. Бузаубакова К.Д. Мұғалімдік мамандыққа кіріспе: оқулық. – Тараз, 2020. – 162 б.

6. Информатизация общества и образования: современная теория и практика. Сборник совмест- ных научных работ студентов и преподавателей РГСУ. / Под научной редакцией И.В. Соколовой, О.А.

Мудраковой. Москва, 2013.-145 с.

7. Краткий психологический словарь. – М.:Политическая литература, 1985. – 55с.

8. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға ар- налған Мемлекеттік бағдарламасы [Электронды ресурс]. – URL: http:// www.edu.gov.kz (қаралған күні:

03.05.2021).

9. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: учеб.пособие для студентов пед. учебн. заведений и слу- шателей ИПК и ФПК. – М.: Прометей, Юрайт, 1998. – 464 с.

10. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса.

- Волгоград: Перемена, 1995. -211 с.

11. Орыс тілінің энциклопедиялық сөздігі. – М.: Русский язык, 1990. – 794 с.

12. Оспанова Б.А. Научные основы формирования креативности будущего специалиста в условиях университетского образования. Монография. – Туркестан, 2006. – 97 с.

13. Сәтбекова А. Болашақ мұғалімдердің технологиялық мәдениеті және оны қалыптастыру мәсе- лелері//Қазақстан жоғары мектебі. – №4. – 2006. – 46-50 б.

14. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.-255 с.

15. Структура ИКТ-компетентности учителей. Рекомендации ЮНЕСКО [Электронный ресурс].

2011. - URL: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/ pf0000213475_rus (дата обращения: 05.05.2021).

16. Российская педагогическая энциклопедия. В.2-х томах / Гл.ред. В.В.Давыдов. –М.: Большая Рос- сийская энциклопедия, 1998.- 672 с.

17. Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика. – Алматы: Алатау, 2011. – 85 б.

18. TheDigital Competence Framework [Электронный ресурс]. –2018. – URL: URL: https://ec.europa.eu/

jrc/en/digcomp/digital-competence-framework (дата обращения: 10.05.2021).

19. Чошанов М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения. – М.: Народное образова- ние, 1996. –160 с.

20. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігі. – М.,1990. –254 б.

21. ЮНЕСКО. Доклад ЮНЕСКО о положении дел в мировом образовании за 1991 год. – Париж, 1991.

K.D. Buzaubakova, U.T. Nurmanaliyeva M.Kh. Dulaty Taraz Regional University, Taraz, Kazakhstan

Technological and methodological aspects of the formation of digital creative competencies of future teachers in distance education in the Republic of Kazakhstan

Abstract. The article defines technological and methodological aspects of the formation of digital creative competencies of future teachers in the context of distance education in the Republic of Kazakhstan. It identifies an essence of such concepts as «competence», «digital competence», «digital and technological competence»,

«digital and methodological competence», «creativity», «digital pedagogical campus».

58 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттілігі болашақ педагогтің креативті ойлау қабілеті, әдіснамалық рефлексия, жаңа- лыққа деген талпынысы,

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңына (2004

2) мақсаттық бағдарламаның іс-шараларына зерттеудің сәйкестігі, ғылыми және техни- калық қажеттіліктерге (қажетті жағдайда әлеуметтік сұраныс пен

В Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы приоритеты образовательной политики были

Мақалада қолданыстағы заңнама мен ғылыми ізденістерді есепке алып, сыбайлас жемқорлықтың саяси- құқықтық құбылыс ретіндегі табиғаты,

161;162;169 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан(далее - УИК РК), а также Нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 2 октября

Таким образом, новая модель обучения, основанная на инструментах цифровой трансформации, предполагает видоизменение традиционной дидактики, в том числе