• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Фаризаның ақындық əлемі. Мир поэзии Фаризы Онгарсыновой.»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Фаризаның ақындық əлемі. Мир поэзии Фаризы Онгарсыновой.»"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

Көсемсөз жəне Көркемсөз

Literature and journalism Литература и

публицистика

ƏОЖ 002.2 (091)

Өмірхан Əбдиманұлы

Журналистика факультеті, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: abdimanuly@rambler.ru

Фаризаның ақындық əлемі

Мақалада ақын Фариза Оңғарсынова поэзиясының өзіндік ерекшелігі қарастырылған. Ақын лирикасы мен поэмаларын жүйелі талдау негізінде оның ақындық əлемі ашылған.

Түйін сөздер: поэзия əлемі, өзіндік ерекшелік, жүйелі талдау. Omirhan Abdimanuly

World of poetry of Farizi Ongarsinovoi

The article considers the distinctive features of Fariza Ongarsynova’s poetry and basing on the systematic analysis of the lyrics and poems reveals her poetical world.

Keywords: world of poetry, original features, analysis of the systems.

Омирхан Абдиманулы Мир поэзии Фаризы Онгарсыновой

В статье расматриваются своеобразие и особенности поэзии Фаризы Онгарсыновой. На основе системно- го анализа лирики, поэм раскрывается поэтический мир автора.

Ключевые слова: мир поэзии, своеобразные особенности, системный анализ.

XX ғасырдағы қазақ руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер қазақ қыздарының бірі емес, бірегейі – Фариза Оңғарсынова екені – та- лассыз шындық. Əрине, Фаризадай жан-жақты талант иесінің бар қырын түгендеп жазып шығу, бір мақалаға ауырлық етері хаһ. Сондықтан біз оның Алладан берілген айрықша қасиеті – ақындық əлемі жайлы ой қозғап көрмек ниеттеміз.

Ақынның алғашқы өлеңдері республикалық баспасөзде 1958 жылдан жариялана бастады.

Тұңғыш кітабы «Сандуғаш» деген атпен 1966 жылы жарық көрді. Содан бері Фаризаның дүлділ жыры шабысынан жаңылып көрген емес.

Ақын 1984 жылы «Үйім — менің Отаным»,

«Маңғыстау монологтары», «Революция жəне

мен» өлеңдер топтамалары үшін Қазақ КССР мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Бүгінде ол – Қазақстанның Халық жазушысы.

Фаризаның «Маңғыстау маржандары»

(1969), «Мазасыз таң» (1972), «Асау толқын»

(1973), «Сенің махаббатың» (1977), «Шілде»

(1978), «Жүрек күнделігі» (1984), «Дауа» (1985), т.б. өлең жинақтары өзіндік өрнегі, өзіндік бағыт-бағдары, өзіндік жазу стилі бар дарын- ды ақынды поэзия əлемінің көгіне көтерді.

Өйткені академик С. Қирабаев айтқандай: «Ақ өлеңнің арындылығы мен өлшемді поэзияның

(2)

тоғысында туғандай көрінген толғамдар еркін оқылып, санаға тез сіңіп, жетеге жедел жетіп жатты» [1, 53 б.].

Фариза өлеңдерінің ерекшелігі — оқырманға сыр шашып ағынан жарылуы мен ойын ашық айтар өткірлігінде. Сыр мен сезім тоғысқан сыр- шыл да шыншыл өлең жаза алатын ақын, керек сəтінде əр жолынан от шашқан өршіл өлең ту- дырып, алмас жырдың кесіп айтар мінезінде таныта алды. Фариза өлеңіндегі өзіне ғана тəн стильдік өрнекті де осыдан байқауға болады.

Ол қазақ өлең үлгісіндегі байсалды жазылып, бір сыдырғылау келетін өлең нұсқасына арынды толғаудың адуынды мінезін танытар жаңашыл кестесін қосты.

Ақын лирикасында өзіндік мінез көрініс тап- пай тұра алмайды. Өйткені лирикалық қаһар- манның мінездік бейнесі ақынның жекелік мінез болмысымен тығыз байланысты.

… Арылып мына тойда дерт күдіктен, Көңілім от алғандай тектіліктен.

Алыппын қан қысымын жуасытып, Қастерлі топырағыңнан шет жүріп мен.

Екпіні рухтардың ес жиғызып, Бір серпіп тамырымды тепті үмітпен . Мен тұрдым өзіңе ұқсап өтсем-ау деп, Өмірде жалтаңдамас беттілікпен.

Осы өлең жолдарының өршіл екпінімен, құрылымдық бітімінен, ішкі тебіренісінен Фаризаның ақындық болмысын танытар өткір мінез, əділетке тақ тұрған бірегей шыншылдық көрініс тауып, санаға ой салып, жүреке жылылық ұялатқандай.

Фариза ақын өлеңдерінің тақырыбы əр-алуан.

Ол бірде азаматтық үнмен қоғамдық-əлеуметтік ойға қозғау салса, енді бірде сыршыл сезіммен ішкі жандүниенің сырын жаяды. Сондықтан да оның поэзиясында махаббат, табиғат, азаматтық лирика сынды дүниелер қат-қабат келіп, айқұшақ табысып жатады. Алайда ақын поэзиясының өнбойына алтын арқау, үзілмес желі болып керіліп жатқан, суалмас асыл арна – тылсым сыр мен тұмса сезім серттескен махаббат лирикасы.

Махаббат тақырыбы – сезімнің нəзік қылын сыршылдықпен шертіп, сұлу саздың сиқырына елітетін Фариза музасының тұнығы. Ақын осы тақырып арқылы əйел жан жүйесіндегі тебіреністің, оның көңіл түкпіріндегі сартап болған бұйығылық пен жүрегінде от боп жанған бұлқыныстың сырын ой бесікте тербей оты- рып, əйел ғана тəн өзіндік ішкі əлемді ашуды

мақсат тұтады. Сөйтіп, өлең-жырдың мəңгілік тақырыбын жаңа биіктерге көтеріп, поэзиядағы қыз сезімі, əйелге əлемі, ана бақыты атты бұрын бұйығылау жатқан тылсым дүниені бүлыңғыр бұлттан аршып, жарқ еткізіп, күн көзіне шығарады. Бұл туралы ақын өзі: «Адам деген жа- ратылыс қой. Оның ішінде əйел халқының жан дүниесі — өз алдына бір əлем. Мен өз жырла- рымды сол əйел жанының сан түрін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді,» — деп жазған еді.

Ендеше əйел ақынның жан сырын терең түсінген ғалым Сəуле Ержанованың: «...оның (Фариза Оңғарсынованың – Ө.Ə.) шығармашылығын тұтас алаып қарасақ, олардың арасындағы ортақ нəрсе сол, бұл əйел жанына, қыз жүрегінің сырларына, үңіле білу жəне оның құпияларын, құдірет сезімдерін ашуға құмарлық, дүниедегі əйел ұлылығын дəлелдеп, олардың шынайы көркем образдарын жасау екендігін байқауға болады» [2, 110 б.] – деген пікірімен толығынан келісуге болады.

Поэзия ой мен сезімнің бірлігінен туа- ды десек, ақынның махаббат жайлы жырлары əрі ой оятады, əрі сан түрлі сəттік сезім мен мəңгілік тəтті сезімнің шуағына шомылдырады.

Фаризаның махаббат жырларының қызуынан ой оятқан оқырман, елтіп алып, ес жинап, бір сəт өз бойында бүлкілдей соққан сезімнен тыңдайды. Өйткені ақын өлеңінен тамыр тартқан терең тебіреніс, ішкі толқу, отты сезім лирикалық қаһарман мен оқырманды ажырамас бірліктегі бүтін бітімге айландырып жібереді.

Фариза поэзиясының жəне бір қасиеті – табиғат құбылыстарын адам жандүниесінің алуан түрлі қырларын ашуға пайдалану.

Бірге өскен құрбы қыздай, Толқындар сырлас мəңгі.

Ұйқысын тұрды бұзбай, Құшақтап түнгі аспанды.

Алмайды жел де демін (Ол да сəл көз ілген бе?) Мен ояу тербелемін

Жүрек — қыз, сезім — жеңге.

Фариза «Теңіз жағасында» атты осы өлеңінде адамның көңіл күйін табиғат құбылысымен аста- стыру арқылы психолгиялық егіздеудің үлгісін ұсынады. «Жүрек — қыз», «Сезім — жеңге»

метафоралары өлеңге өзгеше реңк беріп, қазақы ұғым түсінік тұрғысындағы образдылықты та- нытады.

(3)

«Толқындар қалғыдың» деп, Сəулелер ойнап тұр мың.

Сонда мен сəл дірілдеп, Сен жайлы ойлап тұрдым, –

деген келесі шумақтағы психологиялық егіздеу- дің негізінде сезім еншісін алып алдыңғы қатарға шығады. Табиғаттың сырлы құбылысы адам көңіл күйімен ұштасып, бірлік құра тұрып, біртіндеп жанды сезімге сəулелі шырақтың жарығын төгеді.

Ақынның махаббат жайлы жырларының ба- сты лирикалық қаһарманы, əрине, Əйел. Өйткені ол – əйел жанының, əйел сезімінің суретшісі.

Қайтсем екен:

Қасіретін сенделіп шексем бе екен, Əлде өзіңе тап қазір жетсем бе екен.

Тұрғызып ап төсектен жеті түнде Жаныма ертіп бір жаққа кетсем бе екен?!

Ішкі монолог үлгісіндегі бұл өлеңде Фариза- ның лирикалық кейіпкері ерлікке баланар еркін- дік танытады. Мұндай өжет мінез тек Фариза- ның лирикалық қыз-қаһармандарына ғана тəн.

Фариза ақынның махаббат лирикасындағы тағы бір ерекшелік – нəзік жанды ару бойындағы адал да ақ сезімді асқақтата жырлау.

Мен сонда жылап қалғам…

Сен сезбедің. Кеттің ұшып жыраққа арман Мұның бəрі неліктен? Білесің сен

өзіңді ұнатқаннан;

… Мен сонда жылап қалғам

өзіңді жек көргеннен жəне де… ұнатқаннан.

Осы өлеңнің мазмұнынан гөрі, алды- мен, формалық құрылысы қызықтырады.

Жолдарының əр түрлі буынды болып келуі тек- тен тек емес. Ақын ауызекі сөйлеу мəнерін жаз- ба поэзияда орынды қолдана білген. Жеті-сегіз буыннан бастап, алуан түрлі өлең өлшемдері, интонацияның өзгеріп отыруы арқылы ақын лирикалық кейіпкердің көңіл күйінің өзгерістерін толыққанды жеткізген. Ақын кейіпкердің пси- хологиясын ашып, жанкүйзелісін, адал көңілін жайып салады. Мұнда айтарлықтай тың тіркес, образды сурет жоқ. Алайда бұдан өлең қуаты əлсіремейді. Керісінше, ақын лирикалық кейіпкермен бірге күй кешуді ұсынып, нəзік жанды қыз құпиясын ұғындыратын сияқты.

Фариза Оңғарсынова өзінің махаббат тақырыбындағы жырлары арқылы əйелдің

жан əлемін өзіндік ой талқысынан өткізе оты- рып, жаңаша ашты. Оның бұл бағыттағы өлең- жырлары сезімінің еріктен тыс еркіндігін бүк- песіз ашық айтуымен құнды.

Өлең көп деп біреулер жазғыра ма, Махаббат, сезім жайлы.

Олар, əттең мендегі назды ұғар ма, Жолдар келіп тұрғанда өзің жайлы.

…Өмір — сенсің дүниені ұмыттырып, Өзіңді құштыратын.

Ішіп-жеген жанарыңда үміт тұнып, Күттіретін біткенше күш-қуатым.

Бір кезде:

Ақ боз атты жолаушы.

Біздің үйдің сыртына қырындады.

Көрмеген боп көрсем де үңілмедім, Маған қарап жеңешем жымыңдады.

Қызарып күлімдедім, —

деп, ұялшақ қыздың ұят ұялаған сезімінің гүл жарған уыз сəтін ұяң үнмен жеткізген ақынның

«махаббат дастаны» тылсым сырдың, тұнық

сезімнің əлеміне еліте, еліктіре еріксіз ертеді.

Ақын «Əйелдің монологы», «Жанымдасың»,

«Буынымды босатып», «Сен мені күтпе,» «Іш

тартпай», «Кетсе де алдап үміт» жəне т.б. өлең толғауларында адамдарды бір-біріне ғашық еткен құштарлық құдіреттің, кіршіксіз махаббаттың құпиясын ашуға ұмтылды. Ашты да.

Əдетте Фариза поэзиясы – асқақ рухты, адуын мінезді жəне албырт сезімді жыр болып келеді. Ал енді табиғатты жырлау¬да Фаризадан асқан сыршыл көңіл, сынық мінез қыз ақынды табу қиын. Оның «Таң сұлу», «Бұлақтар»,

«Қоңырқай бұлт», «Толқындар», «Далада гүл

жүдепті», «Жаз» жəне т.б. өлеңдерінде əсем табиғат бар ажарымен ашылып, сұлу суретке ай- налады.

Толқындар бұрқанады

бірін-бірі тепкілеп, шалып жығып, буралардай тістескен санын жұлып, бейкүнəсіп қараған дүниенің

алдамшы жат қылығын — бəрін де ұғып, Жібергісі келгендей қағындырып.

Бұл «Толқындар» өлеңінен алынған үзін- ді. Ақын өзі байқаған табиғаттың сəттік құбылысына тіршілік тынысын беріп, жансыз- ды жанды заттай бейнелейді. Əрбір қимылға сай теңеу тауып, жарға соққан толқынның

(4)

сұрапыл сипатынан көркем сурет жасайды.

Фариза «Толқыны» – мүлəйім, енжар, жалған тыныштыққа деген қарсылық. Сол қарсылық тегеурінін шымырлаған шыншылдықпен беру үшін нақты да бейнелі, көркем де образды бала- ма, бірін-бірі толықтырып түрған ырғақ, екпін, ұйқас үйлесімдерін табады. Сөйтіп жансыз да тілсіз толқынды жанды бейнеге айналдырады.

Фариза «Толқыны» Мағжан «Толқынынан» бір де кем емес.

Қазақ поэзиясында жылдың төрт мезгіліне жыр арнамаған ақын жоқ. Алайда əр ақын осыны өзінше көреді, өзінше таниды, өзінше суреттейді.

Фариза поэзиясында табиғат құбылысы ақынның жандүниесімен іштей келісім тауып, айтар ойдың шешіміне бағындырылады. Мəселен,

«Тағыда көктем келді» , «Жаз» жəне «Күз», т.б.

өлеңдеріне осы сипат тəн.

Тағыда көктем келді,

Бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап, Өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ!

Көп көңілдерде өзіңіз боп көлкіп кетіпті-ау, Ару қыз аңсап, жыр аңсап!

Бұл келістіре бейнелеген көктем келбеті.

Сұлулар барған сайға бұғып, Қарайды көлдің бетін айна қылып, Шіркін жаз жомартсың-ау базарлыққа, Бересің Жан біткенге жайдарылық.

Бұл жаз айының сұлу суреті.

Қатқақ күз. Дала құнысып, жүзінде қалмай жаз рай.

Кимеген адам бұғы ішік, бүрсеңдеген арық тазыдай.

Сұлулық қалмай қырда түк Қоңырқай тартып жарқын жер.

Ал бұл сарыала салқын күз суреті.

Ақын əрбір жыл мезгілінің өзіне ғана тəн сұлу суретін туған табиғатқа ғашық жанның жүрегіндегі іңкəрлікпен жеткізеді. Табиғаттың тамылжыған көрінісінен поэтикалық образдар жасап, сəт сайын мың құбылар құбылыстың лирикалық кейіпкердің көңіл күй пернесін шертерлік ілкі мезетін дөп басады. «Адам мен табиғат – күллі өнер туындысының нысаны.

Əсіресе сыршыл жанр лирикада уақыттың əрбір сəті түрлі тəсілмен жырланып, өзгеше бітімді көркем бейнеге айналады» [3, 32 б.], – дегенде,

өзі де ақын болғандықтан, ақындық құпиясын терең түйсінетін ғалым Жанат Аймұхамбетова осындай шеберлікті меңзеген болуға керек.

Фариза Оңғарсынова поэзиясынан кең орын алатын бір сала – азаматтық лирика. Əрине, бұл ұғымның ауқымы өте кең. Азаматтық лирика ақынның қоғам, адам, Отан, ел, парыз, т.б. ту- ралы таным-түйсігін, ой-толғанысын, түсінік- тұжырымын танытатын өлеңдер тобы.

Фаризаның бұл сипаттағы лирикасының ба- сты ерекшелігі – қоғамның тарихи дамуындағы жеке тұлғаның рухани ұстанымын нақты да айшықты көрсете алуы. Ақын болмысының өзіндік көзқарас тұрақтылығы арқылы айқын- далуы. Фариза азаматтық лирикасында қашанда да лирикалық қаһарманнның өз заманына сай тұлғасын сомдауға тырысады. Қоғамдық өмірдің қилы құбылысына ой жібере отырып, əлеуметтік тартыстар, қоғамдық қайшылықтар табиғатына көкірек көзі арқылы үңіледі. Оларға ақындық та- ным тұрғысынан баға береді.

Дариға күндер өтті де…

Нартəуекелшіл жомарт жандардың қайнатып қайран жігерін,

Кəрілік деген қырқадан бүгін қырға көзімді тігемін:

Сонау кездегі жалын шақтарды көрсем деп жастарда үміт тілегім,

Əлжуаз

бозаң бозбалалардан құлазып кетсе көңілім, таба алмай қалам бір емін.

Сұңқарлығым егер шын болса Менің балапаным қарға болмасы һақ! —

Дəл солай тегі… білемін!

Бұл – əр сөзі ұшқын шашқан «Қыр қазағының қартайғандағы ойы» атты өлеңі. Ой түйіні – қарт адамның ұрпағына деген сенімі. Ол сенімді лирикалық қаһарман өзі өткен өмір мəнінің қорытындысы ретінде əрі қысқа, əрі нұсқа етіп, кесіп айтады. Бұның өзі Фариза өлеңдеріне тəн ақындық мінездің табиғатын танытса керек.

Фаризаның қоғамдық ойды қозғайтын өлең- дерінде жалаң дидактикаға орын жоқ. Онда сезімге эмоциялық əсер беретін көркем образды сөз, ойға өзек, бойға қуат түйінді тұжырым бар.

Сөзден образ түзеліп, образдан ой туады.

Мен даланың қызы едім

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана.

(5)

Осында Фариза ақынның биікке ұмтылған тəкəппар мінезі көркем бейнеленіп, нақты ұғымды тудырып тұр. Дархан даланың кеңдігі мен көк аспанның биіктігін астастырған сұлу су- рет, тұмадай тұнық ой бар мұнда.

Менің жырым —

Құштарлық қысқан кеудемнен Бұрқырап жатқан бір жалын …

дейтін ақынның имандай шындығы бұл. Оның арманы асқақ, ойы кең, мақсаты биік. Биіктік өлшеміне аспанды алу – тек Фариза поэзия- сына сай келетін образ. Лирикалық қаһарман монологы – автордың өмір, уақыт, қоғам тура- лы толғаныстарының толассыз ағыны. Əрбір өлеңдегі мəн-мағынаны мазмұн ашады. Ал мазмұнының өзі идеядан тамыр тартса, идея ой- дан туады.

… О туған ел,

мен өзіңсіз қанатсыз, тұғырсызбын, Сен болмасаң сөнемін, ғұмырсызбын, Маған сенің сезімің қуат серік, Саған менің сезімім шуақ беріп — демімізден мөп-мөлдір нұрды жұтып, тірліктегі азап пен мұңды ұмытып.

Қос махаббат алауы жер үстінде бұрқасында өмірді тұр жылытып.

Ақынның осы «Туған ел» атты өлеңіндегі басты идея – туған ел, туған жерге деген махаб- бат. Туған елдің өз перзентіне деген сезімі мен ұрпақтың елге деген парызын сезінген – сезімінің шуақты нұры ақынның айқын идеалын таны- тады. Осыдан келіп, уақыт сұранысына, ұрпақ ұғымына сай келген Фаризаның лирикалық мо- нолог əдісі – айтар идеяны, авторлық көзқарасты оқырман жүрегіне жақындата түсудің ұтымды жолына айналады.

Ф.Оңғарсынованың азаматтық лирикасында көзге ерекше шалынатын, бір тұлға бар. Ол — Махамбет ақын. Фариза поэзиясында ол бірде жау жүрек батыр ретінде азаматтық айбыны- мен, бірде адуынды ақын ретіндегі өнерпаздық тұлғасымен танылады. Кейде тіпті қос арна қосылып кетіп, тұтас тұлғаның тұғырын заңғар көкке көтеріп ккетеді.

Фаризаның Махамбет жайлы туындылары өте көп. Мəселен, «Махамбет аудармашысымен əңгіме» – Махамбет тұлғасын даралай түскен ажарлы жырдың бірі. Ақын:

Махамбет!

Махамбет…

Білмеймін жел ме, сел ме?

Жырда онымен бір тұлға теңесер ме…

Əділетсіз дүниенің қабырғасын, Махамбетше сөгер жан кездесер ме?..

Ондай жыр ем кеселге, –

деп ішкі монолог арқылы шешіле толғанады.

Өлеңнің өнбойында өршіл сезім есіліп жа- тыр. Ақын қолданған интонация, экпрессия, қайталаулар өлеңнің эстететикалық қуатының арта түсуі мен ой ағысының айқындала түсуінде шешуіші қызмет атқарып тұр.

Ф.Оңғарсынова – эпикалық жанрда да айрықша еңбек етіп, «Мақатаев туралы жыр»,

«Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қырдағы айқас»,

«Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тартады

боз баланы магнитім», «Алмас қылыш», «Күй»,

«Сырласу немесе ақын əйелдің анасымен диало- гы», т.б. көптеген поэмаларды дүниеге келтірген кең құлашты шығармашылық тұлға. Оның эпикалық туындылары алуан түрлі тақырыпты арқау етіп, ел тарихының елулі кезеңдерін қамтиды. Оларда ел ардағына айналған тари- хи тұлғалардың жарқын бейнесі сомдалған.

Атап айтқанда, ел азаттығы жолында жан аямай күрескен Махамбет, ақын М. Мақатаев, ұлы Отан соғысында шығыстан шыққан қос қарлығаш қазақтың батыр қыздары Əлия мен Мəншүк, ай- тыскер ақын Сара Тастанбекқызы, əнші сазгер Майра Уəлиқызы, күйші Дина Нұрпейсова жəне т.б.

Ақынның «Алмас қылыш» поэмасында өр рухтың, ерлік жырдың символына айналған қаһармандық тұлға Махамбеттің бейнесі сомда- лады. Лирикалық жырларындағы Махамбеттің лирикалық образы көптеген ізденістер нəтиже- сінде толықтырылып, күрделенген көркемдік бейнеге айналады. Поэмада автор мен Махамбет- тің сырласуы арқылы тарих бүккен көп жай- лар ашылып, өмірдің ақындар танымындағы ақиқаттық шындығы таразыланады. Кешегі мен бүгінгі адамдар арасындағы мінез-құлық сəйкестігі көрсетіліп, Махамбет заманындағы талай кейіпкердің характерлері дараланады.

Фариза Оңғарсынованың айтулы туынды- лары ның бірі – эпикалық жанрдағы үлкен та- бысы, «Сырласу немесе ақын əйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы. Шығарма – Фаризаның ақындық қолтаңбасын айқын танытатын күрделі дүние. Мұнда дəстүрлі сюжет жоққа

(6)

тəн. Керісінше, ой-толғанысқа кеңінен орын берілген. Сөйтіп поэма, негізінен философиялық толғауға құрылған.

Шығарма екі лирикалық кейіпкердің, ана мен ақынның диалогынан тұрады. Осы арқылы өткен тарих, бүгінгі қоғам, өмір мен өнер, адамдық пен арамдық, ерлік пен ездік арақатынасы ашылып, ана арманы, перзент мұраты арқылы туындының идеялық мақсаты айқындалады.

Фаризаның бұл поэмасында ұлттық рух басым. Ана мен ақын арасындағы əңгімеден тарих қойнауында жатқан, жалпыға жария емес оқиғалар шындығын, өмір мəнін, ұлттық танымының тереңдігін танимыз.

Адалдық та, ерлік те, елдік те жоқ, Адамдарға сенім жоқ, орталарда.

Кіналамай барлығын бір жайды ұғын:

Жер үстінде басқаша тумайды күн, Адалдығың, сенімің жоқ па жұртқа Онда олардан сенің де жұрдайлығың!

Ақын қызға осылайша тəлім беретін дана гөй ана, ақынға шындықты жырлау міндет екенінде естен шығармауды ескертеді:

Халқың таныр тұлғасың бұл күнде сен, Шындығын айт өмірдің

Іркілме сен,

Сені өрлеткен еліңде сырт айналар, Тура айтудан тайсалып, күңкілдесең.

Ал осынау тағылымнан нəр алған ақын əйелдің өткен мен бүгінге, қоғамға, əлеуметтік ортаға ой жібермеске, кейде мейірленіп, кейде шошымасқа шарасы жоқ. Ақын əйел:

Ақиқаттың алдында бас ию де Бара жатқан секілді қиындалып, –

деп ренжиді. Енді бір тұста:

Теңсіздіктен сақтап жүрген!

Мені тек білім ғана! –

деп, білімнен айырылу – бəрінен айырылу екенін меңзейді.

Жалпы алғанда, Фаризаның «Сырласу неме- се ақын əйелдің анасымен диалогы» атты поэма- сында əйелдердің өзгеше əлемі, олардың сан алу- ан күйге ерік берер нəзік сезімі, əйел мінезінің көп қатпарлы құпиясы, жан дүниесінің мың-сан иірімдері шыншылдықпен ашылып, шынайы жырланады. Осындай əйел жанының тұнығын жырлаған туындының бүгінгі ұрпақ тəрбиесінде зор эстетикалық маңызға ие болары сөзсіз.

Көңілді жайлы күнімді.

Азапты, қайғы мұңымды Өзіммен бөліскенің үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып О баста көріскенің үшін,

Өлең мен сені аялап өтем! –

деп, өлең өнерін өмір мəніне айналдырған Фа- риза ақын қазақ поэзиясына арманы асқақ, та- нымы терең, рухы ұлттық жыр асылын əкелді.

Фариза Оңғарсынова поэзиясы – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын өз жаңашылдығымен байытқан, өзіндік дəстүр қалыптастырған жаңа арна, жаңа бағыт. Фариза – қазақ асыл сөзінің айдынын асау толқынды, арналы жырымен толтырған, ақындық əлемі сыршыл сезім, терең ой, азаматтық үстаным, ақындық өлшем бірлігінен тұратын ұлт ақыны. «Сөз патшасы- өлең»

арқылы сан ұрпақтың санасына сара ойдың дəнін егер, еміренген жүрекке арда сезімнің нəрін бе- рер Фариза поэзиясының қашанда тұғыры биік, жұлдызы жоғары боларына сенім мол.

Əдебиеттер

1 Қазақ əдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. – Алматы: ҚАЗақпарат., 2005. – 998 б.

2 Ержанова С. Б. Қазақ поэзиясы тəуелсіздік тұсында. – Алматы: Білім, 2010. – 320 б.

3 АймұхаметоваЖ.Ə. Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында). – Алматы: «Жазушы», 12010. – 365 б.

References

1 Kazak Adebietinin tarikhy. He tomdyқ. 9 that. – Almaty ҚAZaқparat., 2005. – 998 b.

2 Yerzhanova SB Kazak poeziyasy Tauelsizdik tұsynda. – Almaty Bilim 2010. – 320 b.

3 AymұhametovaZh.Ə. Miftіn poetikadagy kuzmetі (қazіrgі kazak poeziyasy arrauynda). – Almaty «Zhazushy» 12010.

– 365 b.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қабдолов өз еңбегінде эпитет жайлы былай дейді: тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді əдеби шығармада

Мазмұнды шығарушы жəне пішінге келтіруші Шəді шайырдың, автор ретінде, рухани əлемі оның шыққан тегінің, балалық шақтағы тəрбиесінің, қарым-қатынаста болған ортасының,

Ендеше Абайдың көңіл туралы сюжеті, Абайдағы көңіл образдары адамның ғажайып сезімі мен алып-ұшқан жан дүниесі туралы мифопоэтикасы деуге болады.. Ол

пен беделге ие болады. Оның түсінігі бойынша əлеуметтік маңыздылыққа ие болған нəрсенің барлығы дінге жатады. Осы көзқарасы арқылы ол

двухвалентными, оттого в «Опыте системы элементов» (табл. Измерив атомный вес це- рия точно так же, как и в случае индия, Д.И.Менделеев нашел, что его

Жас ансамбльдің сол бір қызықты концертінің үзілісі кезінде маған Мұса Асайынов есімді ақын əрі əнші кісі жолығып: «Қайрат, қалқам, Үкілі Ыбырай атаңның

Бұл мақалада қазіргі қазақ әдебиетінде ӛзіндік орны бар ақын Иранбек Оразбаевтың ақындық болмысы, ӛлеңдерінің кӛркемдік

Адамның жасаған қылмысы үшін жауаптылық пен әділдік туралы, оның еркін таңдауы мен жазаның пропорционалдылығына қатысты және т.с.с..