• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Система инновационного мышления»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Система инновационного мышления»"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

Философия Философия Philosophy

ӘОЖ: 32.001

Ғарифолла Есім

Философия ғылымдарының докторы, академик, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы, Астана қ.

E-mail: [email protected]

Инновациялық ойлау жүйесі

««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жол- дауы толығымен инновациялық ойлауға құрылған. Жолдау көп жылғы теориялық, тəжірибелік, прагматикалық əрі тұлғалық ізденістердің нəтижесі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 14 желтоқсанда «Астана операсында» сөйлеген сөзінде инновациялық ойлау деген тың ұғымды қолданды. Жолдауда «Жаңа технологиялық толқын жолына жармасып, абсолютті инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз» – дей келе Елбасы, «Біз – жас ұрпақпыз жəне бұл біздің қолымыздан келеді», – деп ойын түйді.

Елбасы инновация дегенде оны нақтылап, жас ұрпаққа абсолютті инновация қажет екенін айтып отыр.

Түйін сөздер: инновация, дамудың жаңа саясаты, жаңаша ойлау жүйесі, зерттеу, немере ұрпақ, па- триотизм. .

Garifolla Esim

The system of innovative thinking

«The strategy «Kazakhstan-2050 – a new policy established state» Message of the President of the Republic of Kazakhstan – the President Nursultan Nazarbayev to the people of Kazakhstan was fully formulated innovative thinking. This Message is result of many years’ theoretical, practical and personal searches.

14 December in ‘Astana Opera’ the President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev in his introduction, for the first time used the term «innovative thinking».

In the Message, the President said: «To be on the crest of new technological wave, to create absolute innovation is not possible for all countries. We have to clearly realize it» and concluded: «We are a young nation, and we will do it».

Clarifying the definition of «innovation», the Head of state says that our young people need absolute innovation.

Keywords: innovation, the new policy of development, the system of a new thinking, a new generation, patriotism.

Гарифолла Есим

Система инновационного мышления

«Стратегия «Казахстан-2050» – новый политический курс состоявшегося государства» Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана пол-

(2)

ностью сформулирована на инновационном мышлении. Это Послание – результат моноголетних те- оретических, практических и личных поисков.

14 декабря в «Астанинской опере» Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев в своем вступлении впервые использовал понятие «инновационное мышление».

В Послании Глава государства подчеркнул: «Быть на гребне новой технологической волны, созда- вать абсолютные инновации могут далеко не все страны. Это мы должны очень трезво осознавать» и сделал вывод: «Мы – молодая нация, и у нас это получится».

Уточняя определение инновации, Глава государства говорит о том, что наша молодежь нуждается в абсолютной инновации.

Ключевые слова: инновация, новая политика развития, система нового мышления, новое поколение, патриотизм.

Сонда абсолютті инновация деген не?

Алдымен инновация деген түсінік мəнісіне назар аударсақ, ол лат. «novatio» – «жаңару»

немесе «өзгеру», лат. «in» – «бағытта»,

«Innovatio» – «өзгеріс бағытында» деген мағынада айтылатын сөз.

Инновациялық ойлау, демек жаңаша ойлаудың бағытын білдіретін ұғым. Мəселе тек жаңалықта ғана емес, оның бағытында. Жаңалық қозғалыстың бағытын анықтайтын түсінік.

Қандай болмасын ілгерілеген, яғни алға қадам басқан қозғалыс – жаңалық. Оның үш өлшемі бар: жаңа ой (идея), жаңа іс, харекет жəне жаңа нəтиже. Елбасы абсолютті инновация дегенде тез арада қабылданып, іске асатын жаңалықты ай- тып отыр. Жаңалықтың жылдамдығы деген ай- тулы проблема. Жаңалықтың жылдамдығының индикаторын белгілеу бүгінгі ақпараттық заман- да басты мəселе. Қандай болмасын жаңалықты қабылдап алып заман шапшаңдығына сай іске асырып, нəтиже алу.

Жаңалық жылдамдығы дегенде тағы екі істің мəнісі айқындалмақ. Әлемдегі (ілгері өркениетті елдердегі) бар жаңалықты шапшаңдықпен қабылдай білу. Жаңалықты тану, сөйтіп, оны білім, ғылым, ең бастысы технологияға айнал- дыру. Егер, бұл үрдісте жылдамдық болмаса, біз үнемі ескі технология құрсауында қалмақпыз.

Ол жаңалықтың бізге ескіріп жетуі деген сөз, сондықтан технологиялық, ғылым парктері осы мəселемен айналысуы заман қажеттілігі. Ескі технологиядан инновациялық ойлау шықпайды.

Өткен кеңес заманында жағдай үнемі осылай бо- лып келген, соның зардабын бүгінгі ұрпақ ше- гуде.

Екінші мəніс, абсолютті инновацияны өзіміз жасай алатын халге жету керек. Ол үшін Білім саласы, Ғылым арнасы тегіс, түгелімен өзгеруі қажет. Қазіргі білім беру стандарттары консервативті, икемсіз, бюрократиялық жүйеге негізделген, мұндай халден тез арада арылмасақ, абсолютті инновация сөз ғана болып қалмақ.

Осы тұста грек ойшылы Зенонның апориясы (гр. «απορία» – қиындық) есіме түсіп отыр. Ахил- лес тасбақадан он есе жылдам жүгіреді делік жəне ол тасбақаның артында мың қадамдық қашықтықта орналасқан. Осы қашықтықты Ахиллес жүгіріп өткен уақытта, тасбақа тағы да жүз қадам алға жылжиды. Ахиллес жүз қадамды жүгіріп өткенде, тасбақа тағы он қадамға жыл- жиды, жəне тағы солай. Бұл үрдіс шексіз жалғаса береді, ал Ахиллес тасбақаны ешқашан қуып жете алмайды.

Бұдан шығатын қорытынды, біз 2050 жылы əлемдегі озық отыз елдің қатарына өту үшін, олардың (оған дейінгі өзге елдердің қазір біз шамамен елу елдің қатарындамыз) соңынан жүріп отырсақ, ешқайсысына жете алмаймыз, біз олардың соңынан ермей, айналып өтіп барып алдарына түсуіміз керек. Елбасының абсолюттік инновация дегенде қойып отырған мəселесі осы.

Жаңалықтың жылдамдығын қазіргі заманда ой жылдамдығымен өлшеу қажет, басқа амал жоқ. Ақпараттық, биік технология заманы бізге тек қана осы өлшемді, яғни ойлау жылдамдығын ұсынып отыр. Атам қазақ айтушы еді: «көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе» – деп. Көңіл дегенді сана деп есептей беріңіз, бұл біріншіден.

Екіншіден, жаңалықтың жылдамдығының мəні – оның технологиялық процеске енуі не-

(3)

месе жаңалықтың өзінің технологияға айналуы.

Бұл инновациялық ойлаудың аса маңызды өрісі.

Жаңа білім, ғылымның технологияға айналу қарқыны, жəне оның қандай тəсілдермен айна- луы мəселенің мəселесі. Бұл білім, ғылым жəне технологияның бірлігін қажет ететін жағдай. Бұл үшеуі кеңес заманында жеке-жеке өрістерде бол- ды. Инновациялық қазіргі заманда олардың же- ке-жеке болуының ешқандай мəнісі жоқ. Мəселе, үшеуінің бірлігінде ғана емес, ең бастысы, олардың бірінен-біріне қандай жылдамдықпен өтуінде. Іркілістерге жол болмауы, тежеуші күштер болса, олардан арылудың жолдарын шұғыл қарастырылуы керек. Бұл инновациялық ойлаудың басты талаптарының бірі.

Үшіншіден, тез нəтиже керек. Уақыт жағынан созылмалы болатын нəтижелер ескіріп қалуы əбден ықтимал, себебі əлемдік кеңістіктегі инновациялық ойлау нəтиже алу үшін уақыт созылмалығын күттірмейді.

Кешігіп алынған нəтиже, нəтиже болмай қалады, яғни нəтиженің сапасы жойылады.

Сөйтіп, ескі технологияның шырмауында қалу мүмкіндігі туады. Бұл инновацияға жатпайтын консервативтік ойлау.

Астанадағы Тəуелсіздік сарайында 2012 жылғы 25 желтоқсанда 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы индустрияландыру карта- сында белгіленген инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне арналған жалпыұлттық телекө- пірде сөйлеген сөзінде Президент осы мəселені нақтылап берді.

Қазіргі күні көптеген алдыңғы қатарлы елдер- де кластерлердің жаңа толқыны – инновациялық кластерді қалыптастыру ісі белсенді түрде басталып кетті. Өсімнің негізгі драйверлері өнеркəсіптік кəсіпорындар емес, инновация- лар мен білім орталықтары – университеттер, технологиялық жəне инженерлік ұйымдар. Осы арқылы бизнес, университеттер мен мемлекеттің өзара байланысуының «үш сипатты спиральі»

құрылады.

– Осындай спиральді Қазақстанда да құру қажет. Дəстүрлі əкімшілік жүйе бұл міндетті жүзеге асыруда əлсіздік танытуда. Сондықтан кластерлік дамуды қалыптастыруды жаңаша ұйымдастыру талап етіледі, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы осылай дей келе, ең ал- дымен кластерлік дамудың ұтымды моделін таңдауды жүзеге асырып, жаңа заманға сай кластерлерді іске қосу қажеттігін атап көрсетті.

Бұл жерде «үшінші индустриялық ре- волюция» деген ұғымға назар аудару қажет.

Жолдауда: «Ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар əлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді» – делінген. Осындай жаңа технологиялық болмысқа еліміздегі жағдай қандай?

Бұл мəселеге қатысты американдық саясат- кер Джереми Ривкиннің «Еуропалық арман» атты кітабында Үшінші өндірістік революция, оның бес ерекшелігі туралы айтқанын еске алғанымыз жөн. Үшінші индустриялық революция туралы шетелдік ғалымдар Мартин Йенике жəне Клаус Якоб табиғи ресурстар (мұнай, газ, көмір т.б.) таусылған кездегі орын алатын инновациялық жобалар жəне инновациялық сана туралы айтқан (бұл теориялар туралы əңгіме арнайы – Ғ.Е.).

Төртіншіден, инновациялық ойлау тек сапа- лы нəтижені ғана қажет етпек. Сапасыз нəтиже инновациялық ойлау емес. Инновациялық ойлау дегеніміздің өзі – сапа, онсыз дамыған отыз ел қатарына ену мүмкін емес. Елбасы жаңашылдыққа сыни көзқарас қажет екенін айтты:

- Оларды іздеу, дайындау жəне жан-жақты қолдау қажет. Мен Үкіметтің алдына 100 абсолюттік инновацияны іздеу міндетін қойған болатынмын. Бұл ретте мен абсолюттік иннова- циялар деп əлемнің ешбір жерінде қалыптаспаған инновацияларды айтып отырмын. Бізде де осын- дай шешімдерді табу жəне іске қосу əлеуеті бар. Бəлкім, біз абсолюттік инновациялардың барлығын бірдей қамтамасыз ете алмайтын бо- лармыз. Сондықтан мен 2020 жылға дейін 10 инновацияны табу, сонан кейін тағы да 10-ын іздеу міндетін қою орынды болар деп санаймын.

Бұл жұмысты жүйелі, үздіксіз негізге қоюымыз қажет. Бұл, əрине, жеңіл міндет емес. Үкіметке бұл мəселені шешумен жедел жəне жүйелі түрде шұғылдану керек, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Бесіншіден, айтпағым, инновациялық ой- лауда коррупцияға орын жоқ. Коррупция инновациялық үрдістерге енсе, ол өз мəн- мағынасын жоя бастамақ. Инновация жаһандық креативтік ресурс, оған аса құрмет қажет, оған жол басталды, ол «ЭКСПО-2017»-ге даярлық жұмысы.

Алтыншыдан, инновациялық ойлаудың гуманитарлық мағынасы, яғни қоғамдық сананы қайта құру мəселесі.

(4)

Тəуелсіздіктің 20 жылдығында жасаған ба- яндамасында Елбасы: «Инновациялар. Бұл эко- номиканы ғана емес, сонымен бірге қоғамның басқа да барлық салаларын қамтитын тари- хи жүйе. Бұл ХХІ ғасырдағы əлемдік дамудан қалып қоймаудың бірден-бір жолы» – деген еді.

Қоғамның тоталитарлық жүйесінен ары- луы қажет. Тоталитарлық ойлау деген кеңестік заманда қалыптасқан, əдет, дəстүрге сіңген ой-сана. Олар қандай десеңіз, түсін түстеп берейін. Большевиктік сана, пролетарлық сана, коммунистік сана, социалистік сана, советтік сана, бір сөзбен айтқанда, маркстік-лениндік сана. Марксизм-ленинизмнің тоталитарлық фи- лософиясы туралы Карл Поппер «Ашық қоғам»

кітабында толық баяндап берген, мұндай сыни көзқарасты Бертран Расселдің «История Запад- но-европейской философии» деген кітабынан табуға болады. Нобель сыйлығының иегері Аль- берт Швейцердің дүниетанымы лай суға құйған таза бұлақ.

Жаңа бағыттағы сана қалыптаспай, қоғамда инновация қалай болмақ. Жаңаша ойлау жүйесінің алғашқы үлгілерін Қазақ жерінде на- сихаттауды күн тəртібіне қойған, сол іске бел- сене кіріскен Әлихан Бөкейхановтан бастап Мұхтар Әуезовке дейінгі Алаш қайраткерлері болатын. Демек, өткен тарихымызға зер салсақ, креативтілік ойлау жүйесі болғанына көзіміз жетеді. Амал қанша, ол жеміс саяси дүрбелеңдерге қатысты үзіліп қалды. Ендігі мəселе сабақтастықта. Бұл жерде нақтылы ай- татын жай, Алаш қайраткерлері көркемсөз бен саясатты ажыратпаған, халық мəдениетіне сол заманда инновация əкелген тұлғалар болатын.

Олар көркемсөзді, əдебиетті, яғни мəдениетті саясаттан жоғары қойғандар. Бұндай ойлау табиғи болмысы жағынан инновациялық ой- лау. Себебі, көркемсөз қай заманда, қай елде болмасын, үнемі де саясаттың алдында жүреді.

Көркемсөз халықтың санасы, көркемсөз халықтың еркіндікке, бостандыққа деген реф- лексиясы. Бұл рефлексиясыз саяси қозғалыстар, саяси партиялар нəтижелі іске бара алмайды.

Бұл қағида. Өткен тарихта солай болған, бүгін де солай, ертең де солай болмақ. Халықтың реф- лексиясы өнер мен əдебиетте көрінеді. Бұл қазақ менталитетінде тіптен тереңдеп кеткен феномен.

Қазақ тарихына көз жіберсеңіз, қандай саяси тұлғаны алмаңыз, бəрі-бəрі халықтың өнері мен көркем сөзінен (əдебиетінен) ешқашан тыс кетіп,

саяси істерге бармаған. Бұған əсіресе, жырау- лар творчествосы айқын дəлел. Жел маяға мініп алып, қазақ мемлекетіне жер іздеген, Жер-ұйық іздеген Асан-қайғы да, Бұқар жырау да осындай қызметтер атқарған. Өнер мен көркем сөз халық пен саясаттың арасындағы көпір.

Президент: «Елді бірлікке бастаған абыз- дар мен жыраулардың қазіргі жалғасы – зи- ялы қауым өкілдері болып саналады. Бүгінгі қоғамда тəуелсіздік санасын орнықтыру – осы зиялы қауымның қастерлі борышы» – деген еді тəуелсіздіктің жиырма жылдығына арналған салтанатты жиындағы жасаған баяндамасында.

Бүгінгі мəселе сол зиялы қауымда болып тұр, олардың бір парасының санасынан социализмнің

«туа біткен таңбалары» кетер емес.

* * *

Инновациялық ой Білім, Ғылым саласының

«таза ауасы». Жолдауда Елбасы «жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан»

– дей келе, функционалдық сауаттылыққа зор көңіл бөлу қажеттілігін алға тартты. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарының академиялық ав- тономия кепілдігі, зерттеу университеттерін ашу, олардың білім беру бағдарламаларының стандарттарын өзбетінше жасауы сияқты игі шаралар инновацияға жол ашпақ, бұл жөнінде қос палаталы Парламент қызу талқылап, 2011 жылы (ақпанда) «Ғылым туралы заң»

қабылданды, оның оныншы бабы түгел зерттеу университеттеріне арналған.

«1. Зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асы- ратын əрі іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулерді жəне өзге де ғылыми-техникалық, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға жəне жүргізуге қатысатын жоғары оқу орны болып табылады.

2. Зерттеу университетінің негізгі міндеті жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесінің интеграциясы болып та- былады.

3. Зерттеу университеті жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының стандарттарын өз бетінше əзірлейді жəне іске асырады. Білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарына жəне меңгеру нəтижелеріне қойылатын талаптар

(5)

жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттармен белгіленетін тиісті бағдарламаларынан төмен бола алмайды»

(Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы»

заңы. 3-тарау. 10-бап. Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 18-і. № 407-IV).

Бізге керегі, осындай зерттеу университеттері.

Заңда көрсетілген шаралардың тез арада іске асуы керек-ақ!

Білім туралы заң да (2007 жылы қабылданған) қоғамда қызу талқыға түсіп, оған 2011 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жер- де Жолдауда атап көрсетілгендей, «Ескірген не- месе сұраныс жоқ ғылыми жəне білім пəндерінен арылу» мəселе болып отыр. Оқыту əдістемелерін жаңғыртуда инновация қажет, бұл мəселе де кадрларға барып тіреледі.

Дүниенің қымбаты уақыт десек, Елба- сы айтқандай, орта, арнайы, жоғарғы, тіптен магистрлік дəрежеде ескірген, сұраныстан шыққан пəндерге жастар уақыттарын босқа рəсуа етіп жатқан қалпы бар. Бұл Білім, Ғылым салаларындағы социализм заманы- нан қалыптасып қалған консерватизмді жеңу бүгінгі күнде қиынның қиыны болып тұрғанын қынжылыспен айтуға тура келеді. Кадрлар кор- пусында инновация бар ма?

Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мүлдем тың инновациялық өлшемдерді қажет етпек. Жал- пы сауат көтеру мəселесі кешегі күн. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының саны – 140, оның ішінде: ұлттық – 9, мемлекеттік – 33, азаматтығы жоқ – 13, «Назарбаев Университеті» ААҚ – 1, Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық казақ-түрік университеті – 1, акционерлік – 16, жеке меншік – 67. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарындағы ба- калавриат студенттерінің саны – 571 691, оның ішінде: күндізгі оқу бөлімінде – 362 551 адам, сыртқы оқу бөлімінде – 195 520 адам, кешкі оқу бөлімінде – 13 620 адам.

Жарты миллионнан аса жастар білім, ғылым жолына түскені қуанышты, бірақ солардың қаншасы заман талабына сай маман болып шықпақ, ойланатын мəселе! Білікті мамандарға сұраныс қалай өтелуде, қалай іске асуда?

Бұл ретте Елбасы телекөпірде сөйлеген сөзінде:

– Бұл университеттерден жəне кəсіптік білім беру жүйелерінен өз оқыту бағдарламаларын сапалы жаңғыртуды талап етеді. Осыған орай Білім жəне ғылым министрлігіне Экономикалық

даму жəне сауда министрлігімен бірлесе оты- рып, отандық еңбек рыногының перспектива- сына талдау жүргізуді жəне инновациялық эко- номика үшін жаңа кадрлар əзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді.

* * *

Инновация қоғамға қажет. Қоғам ту- ралы əңгіме көп. Біз заманында маркстік- лениндік ілімге сай мынандай жіктеу жасадық, олар: алғашқы қауымдық қоғам, құлдық қоғам, феодалдық қоғам, социалистік қоғам, коммунистік қоғам, өтпелі қоғам, дамушы қоғам.

Бертін келе қоғамды таптық тұрғыдан емес, өркениеттің өлшемімен анықтай бастағанда дəстүрлі қоғам, азаматтық қоғам, транзитті қоғам, клерикалдық қоғам, тоталитарлық қоғам, демократиялық қоғам, конвергенттік қоғам, ақпараттық қоғам, Карл Поппердің айтуынша,

«ашық қоғам», «жабық қоғам» жəне Дэниел Беллдің жіктеуінше, индустрияға дейінгі қоғам, индустриалды қоғам жəне постиндустриалды қоғам.

Осылардың бəрі акме-қоғам, яғни «үлгілі қоғам» дəрежесіне жете алмады. Дағдарыс соның кепілі. Ендігі мақсат акме-қоғам құру, мүмкін сол қоғам шын мəніндегі капиталдың Нұқ кемесі болмақ.

Акме-қоғам деген əбден жауыр болған «изм»- нен арылу жолындағы ізденістен туған. Социа- лизм өзінің тарихи дəрменсіздігін дəлелдеді, ка- питализм терең дағдарыста. Жұртқа сау ақылға сыйымды қоғам («общество здравомыслящих людей») керек.

Қазақ елі тоталитарлық жүйеден демократиялық, зайырлы қоғамға өтті, мұнда еңбек еркіндігі, діни сенім еркіндігі, тұлға еркіндігі, іскерлік еркіндігі іске аса бастады.

Бұл ашық қоғам өлшемдері. Акме-қоғам – еркін, тəуелсіз қоғам. Әрине, еркіндікті аңсау адамзаттың ежелгі арманы, бірақ оны ізгілікке пайдалана білу қиынның қиыны. Адамзат та- рихында қоғамдық, саяси қозғалыстар, əртекті революциялар еркіндікті «ту етіп көтеріп», ақыр соңында тоталитаризмге ұрына бергені мəлім, себебі еркіндікті толық меңгеру, сірə, адам баласының пешенесіне жазылмаған ба деген де ойға келесің.

Акме-қоғам ізгі жандар қоғамы, инновациялық қоғам десек, бұл қоғамда жаңа сана қалыптасуы керек.

(6)

Жетпіс жыл ішінде бекіп үлгерген социалистік əдеттерден, социалистік идеяларға негізделген əдебиет, өнер туындыларынан таза- ру инновациялық қажеттілік.

Бұл қоғамның рухани өлшемі қандай болуы керек? Неге сүйенуі керек? Бұл жерде ең алды- мен айтарымыз қазақ халқының ғасырлар бойғы рухани, тарихи тəжірибесін негізге алу керек. Ол туралы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» (78-б.) – деп атап өтті.

* * *

Елбасының Жолдаудағы ұрпақтар сабақтастығы туралы ойы да жаңа. Жолда- уда: «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі» – деген толымды тұжырым бар.

Болашақ болмай қоймайды. Ақырзаман елес. Елбасы келешекте орын алатын, іске аса- тын нақты іс-шаралар жүйесін ұсынып отыр.

Оны бүгінгі ғұмыр кешіп отырған ата, аға, не- мере буындардың ойлануы табиғи жағдай.

Болашақ басы бүгінгі күннен, алыс сапар алғашқы қадамнан басталмақ. Бүгінде үш ұрпақ бір отбасының басында ғұмыр кешудеміз.

Әрқайсысының өз буынына тəн көзқарасы, дүниетанымы, үздіксіз, тұрақсыз өзгерістерге өз өлшемдері бар. Ата ұрпақ социализмнен өсіп- өніп шыққан, аға ұрпақ өтпелі кезең азаматтары, немере ұрпақ бұл өмірге несімен еніп келеді, ой- лану керек.

Кезінде Шəкəрім «Құбылған əлем жарысы, ақылды жанның табысы» – деп еді. Бүкіл əлем

ғаламторға сыйып кеткенде, тағы да Шəкəрімнің

«Ақылды жанның мүлкі əлем» – дегені еске түседі.

Үш буын бір-бірімізді түсінісіп, ұғынамыз ба? Үш ұрпақтың бір-біріне берері не? Елбасы дөп тауып айтқандай, буындар бірлігі ұрпақтар сабақтастығы емес пе? Тəрбиеде, тұрмыста, көзқараста осы мəселе қалай шешілуде, ойла- натын жай. Ұрпақтар сабақтастығы алтын өзек, тарихтан бір мысал келтірейін. Бүгінгі жиі айты- лып жүрген майя өркениетінің негізін қалаған бірде-бір ғұламаның, тарихи тұлғаның есімдерін қазіргі майялар білмейді, себебі əлдеқалай за- мандарда ұрпақтар сабақтастығы үзілген. Буын- дар бірлігі сабақтастыққа айналмаған. Ұрпақтан ұрпақтарға құндылықтар ауыспаған. Әрине, бұл жерде тарихи-мəдени мұраны жойып, тек алтыннан өзге құндылықты көзге ілмеген испа- ния конкистадорларының жауыздығы жəне де бар екенін айтқан жөн. Сөздің қысқасы, елдің рух жойылған. Осы майя өркениеті кезінде ғұмыр кешкен дана Қорқытты біз əлі ұмытқан емеспіз. Оның «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген дүниетанымдық формуласын əрбір мектеп оқушысы біледі. Буындар бірлігінің сабақтастыққа айналуы деген осы. Қазақтар елдік рухын жоғалтпаған – халық.

Елдің мəңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, бу- ындар бірлігін сақтаушы болатын сабақтастықта.

Бүгінгі атқарып отырған істеріміз, ай- тар сөздеріміз, көрсеткен өнегеміз, тəрбиеміз, біліміміз, ниетіміз, үмітіміз, арманымыз, қиялымыз еліміздің мəңгілік болуына қызмет етуде.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Мақала авторлары: жоғары оқу орындары жəне колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен ғылыми-ізденушілер білім беру үрдісінің сапасын жоғарылату

Мақала авторлары: жоғары оқу орындары жəне колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен ғылыми-ізденушілер білім беру үрдісінің сапасын жоғарылату

Мектепке дейін жəне жалпы орта білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары бірігіп инклюзивті білім беру бағдарламалары бір бірімен сабақтасқан жағдайда

Мақала авторлары: жоғары оқу орындары жəне колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен ғылыми-ізденушілер білім беру үрдісінің сапасын жоғарылату

Мақала авторлары: жоғары оқу орындары жəне колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен ғылыми-ізденушілер білім беру үрдісінің сапасын жоғарылату

тұжырымдамасында жоғары оқу орындарында студенттерге этнопедагогикалық білім беру мақсатында «Қазақ этнопедагогикасы» жəне «Қазақ этнопедагогикасының

Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жұмыспен қамтылған халық білім беру (716 908 адам) және «көтерме және бөлшек сауда;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті