• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

EXPERIMENTAL BIOLOGY

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "EXPERIMENTAL BIOLOGY "

Copied!
126
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN 1563-0218 Индекс 75866; 25866

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАБАРШЫ

Биология сериясы

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ

ВЕСТНИК

Серия биологическая

AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY

EXPERIMENTAL BIOLOGY

№2 (71)

Алматы

«Қазақ университеті»

2017

(2)

ХАБАРШЫ

ISSN 1563-0218 Индекс 75866; 25866

БИОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ №2 (71)

25.11.1999 ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген Куәлік №956-Ж.

Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады

ИБ № 11511

Басуға 09.06.2017 жылы қол қойылды.

Пішімі 60х84 1/8. Көлемі 10,5 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс.

Тапсырыс № 6469. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

«Қазақ университеті» баспа үйі.

050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.

«Қазақ университеті» баспа үйінің баспаханасында басылды.

© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017 Ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы

Гульмира Шаккозова Телефон: +77017242911

E-mail: Gulmira.Shakkozova@kaznu.kz Компьютерде беттеген:

Айгүл Алдашева

Жазылу мен таратуды үйлестіруші Мөлдір Өміртайқызы

Телефон: +7(727)377-34-11 E-mail: Moldir.Omirtaikyzy@kaznu.kz РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бисенбаев А.К., б.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі – ғылыми редактор (Қазақстан)

Бекманов Б.О., б.ғ.к., доцент – ғылыми редактордың орынбасары (Қазақстан)

Тулеуханов С.Т., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Айташева З.Г., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Кистаубаева А.С., б.ғ.к. (Қазақстан)

Иващенко А.Т., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Мухитдинов Н.М., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Нуртазин С.Т., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Шулембаева К.К., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Туруспеков Е.К., б.ғ.к., ассоциацияланған профессор (Қазақстан)

Омаров Р.Т., б.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Искаков Б.К., б.ғ.д., профессор (Қазақстан) Галиакпаров Н.Н., PhD докторы (Қазақстан) Сарбасов Д., PhD докторы, профессор (АҚШ) Абжанов А., PhD докторы, профессор (АҚШ) Раццакуэ М., PhD докторы, профессор (АҚШ) Орынбаева З.С., PhD докторы (АҚШ) Поляк Б., PhD докторы (АҚШ) Фридман Г., PhD докторы (АҚШ) Курмашева Р.Т., PhD докторы (АҚШ)

Сапарбаев М., PhD докторы, профессор (Франция) Ищенко А., PhD докторы (Франция)

Партон С., PhD докторы, профессор (Ұлыбритания) Даниленко М.П., PhD докторы (Израиль)

Текинай Т., PhD докторы (Түркия) Лось Д., б.ғ.д., профессор (Ресей) ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

Оразова С.Б. – б. ғ. к. (Қазақстан)

ВЕСТНИК

ХАБАРШЫ

BULLETIN

Б И О Л О Г И Я С Е Р И Я С Ы

С Е Р И Я Б И О Л О Г И Ч Е С К А Я

B I O LO G Y S E R I E S КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИAL-FARABI KAZAKH

NATIONAL UNIVERSITY ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2(71) 2017

ISSN 1563-0218 • Индекс 75866; 25866

(3)

1-бөлім

БОТАНИКА

Раздел 1

БОТАНИКА

Section 1

BOTANY

(4)

© 2017 Al-Farabi Kazakh National University

ҒТАМР 34.29.35

Мемешов С.К.1*, Дурмекбаева Ш.Н.1, Курманбаева М.С.2, Хамитова Г.Ж.1, Жумабаева А.А.1

1Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан, Көкшетау қ.

2Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

*e-mail: memeshov@mail.ru

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ФЛОРАСЫНДАҒЫ АРАМШӨПТЕРДІҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ

Мақалада Ақмола облысы, Зеренді ауданының флорасындағы арамшөптерге систематикалық талдау жүргізілген. Зерттелген аймақтың флорасында арамшөптердің 29 тұқымдас, 70 туысқа жататын 84 түрі анықталған. Жалпы түр саны бойынша бірінші орынды Asteraceae Dumort. (18 түр немесе 21,4 %), екінші орынды Poaceae Barnhart. (8 түр немесе 9,5 %), үшінші орынды Fa- baceae Lindl. (7 түр немесе 8,3 %) тұқымдасы алады. Scrophulariaceae Juss. тұқымдасынан – 5 түр, Boraginaceae Juss., Rosaceae Juss. тұқымдастарынан – 4 түр, ал қалған тұқымдастардан 3-1 түрден кездесті. Арамшөптерге экологиялық талдау жасау барысында мезофиттер 37 түрді, ксеромезофиттер 21 түрді, ксерофиттер 10 түрді, гигрофиттер 6 түрді, мезоксерофиттер 5 түрді, гигромезофиттер 4 түрді, мезогигрофиттер 1 түрді құрайды.

Зерттелген өсімдіктер арамшөптердің қоректенуіне байланысты паразиттік емес арамшөптерге жатады. Аз жылдық арамшөптердің ішінде вегетациялық мезгіліне байланысты жаздық арамшөптердің 12 түрі (14,29 %), қыстап қалатын арамшөптердің 5 түрі (5,95 %), екіжылдық арамшөптердің – 8 түрі (9,52 %) кездесті. Көпжылдық арамшөптердің ішінде кіндік тамырлы – 24 түрі (28,57 %), тамырсабақты – 26 түр (30,95 %), атпатамырлы – 7 түр (8,33 %), шашақ тамырлы – 2 түрі (2,38 %) кездесті.

Түйін сөздер: флора, систематикалық талдау, арамшөптер, экологиялық топ, өсімдіктердің түрлік құрамы.

Memeshov S.K.1*, Durmekbaeva Sh.N.1, Kurmanbaeva M.S.2, Hamitova G.Zh.1, Zhumabaeva A.A.1

1Sh. Ualikhanov Kokshetau State University, Kazakhstan, Kokshetau

2Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty,

*e-mail: memeshov@mail.ru

The specific composition of the Weed Plants оf the Zerendinsky District of the Akmola Region

In this work is submitted the systematic analysis of weed plants of flora of the Zerendinsky District of the Akmola region. In flora of the explored area have been revealed 84 species of the weed plants relating to 70 species and 29 families. By quantity of species the Asteraceae family is in the first place (18 species or 21,4%); on the second Poaceae (8 species or 9,5%), on the third Fabaceae (7 species or 8,3%). Further the Scorphulariaceae Juss families have been settled down – 5 species. Boraginaceae Juss аnd Rosaceae Juss. – 4 species. Brassicaceae Burnett., Caryophyllaceae Juss., Geraniaceae Juss., Polygo- naceae Juss. –3 species. Apiaceae Lindl., Chenopodiaceae Vent., Lamiaceae Lindl., Plantaginaceae Juss., Ranunculaceae Juss., Urticaceae Juss. – 2 species and other families have 1 species. By the results of the carried-out ecological analysis in relation to humidity of the soil weed plants were subdivided as follows:

mesophytes – 37 species, kseromesophytes – 21 species, kserophytes – 10 species, gigrophytes – 6 species, mezokserophytes – 5 species, gigromesophytes – 4 species and mesogigrophytes – 1 specie.

There are 37 species of the weed plants belong to mesophyta. They belong to the 14 families.

The Asteraceae Dumort families (12 species) prevail among them by the quantity of species. Poaceae

(5)

ISSN 1563-0218 Experimental Biology. №2 (71). 2017 5 Мемешов С.К. және т.б.

Barnhart (5 species), Fabaceae Lindl (4 species), then Geraniaceae Juss follow (3 species), Brassicaceae Burnett., Polygonaceae Juss., Scrophulariaceae Juss. (2 species), and Apiaceae Lindl., Rosaceae Juss., Urticaceae Juss., Plantaginaceae Juss. And Boraginaceae have 1 species.

There are 21 species of the weed plants in kserofita. They belong to the 15 families. There are 10 species of the weed plants in kserofita.

There are 6 species in gigrofita. They belong to the 6 families.

There are 5 species in mezokserofita which belong to the 4 families. There are 4 species in gigro- mezofita which belong to the 4 families.

On the system of classification of K. Raunkier (1905) weed plants have arranged as follows: gemirh- bgnjfita (56 species or 66,67%), terofita (16 species or 19,5%), kriptofita (7 species or 8.33%) and khamefita (5 species or 5,95%).

Weed plants of the explored area on character of nutrition belong to not parasitic plants. Among juvenile weed plants on the vegetative period were divided into spring – 12 species (14,29%), winter- ing – 5 species (5,95%) and biennials – 8 species (9,52%). There are 24 species (28,57%) of rod root plants, 26 species (30,95%) of rootstock weeds, 7 species (8,33%) of stem sucker, 2 species (2,38%) of fibril among perennial weed plants.

Key words: flora, systematic analysis, weed plants, ecological group, species.

Мемешов С.К.1*, Дурмекбаева Ш.Н.1, Курманбаева М.С.2, Хамитова Г.Ж.1, Жумабаева А.А.1

1Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова, Казахстан, г. Кокшетау

2Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

*e-mail: memeshov@mail.ru

Видовой состав сорных растений Зерендинского района Акмолинской области

В статье представлен систематический анализ сорных растений флоры Зерендинского района Акмолинской области. Во флоре исследуемого района было выявлено 84 вида, относящихся к 70 родам и 29 семействам.

По количеству видов на первом месте находится семейство Asteraceae Dumort. (18 видов или 21,4%); на втором Poaceae Barnhart (8 видов, 9,5%), на третьем Fabaceae Lindl. (7 видов, 8,3%).

Далее расположились семейства Scrophulariaceae Juss – 5 видов, Boraginaceae Juss. и Rosaceae Juss. по 4 вида, а остальные семейства по 3-1 виду. По результатам экологического анализа:

мезофиты – 37 вида, ксеромезофиты – 21 вид, ксерофиты – 10 видов, гигрофиты – 6 видов, мезоксерофиты – 5 видов, гигромезофиты – 4 вида и мезогигрофиты – 1 вид.

Сорные растения исследуемого района по характеру питания принадлежат к непаразитным растениям. Среди малолетних сорных растений по вегетационному периоду разделились:

яровые – 12 видов (14,29%), зимующие – 5 видов (5,95%), двулетники – 8 видов (9,52%).

Среди многолетних стержнекорневые – 24 вида (28,57 %), корневищные – 26 видов (30,95 %), корнеотпрысковые – 7 видов (8,33 %), мочковатые – 2 вида (2,38 %).

Ключевые слова: флора, систематический анализ, сорные растения, экологическая группа, видовой состав растений.

Кіріспе

Бүгінгі күнге дейін зерттеушілер «арамшөп- тер» деген түсінікке әртүрлі анықтама беріп кел- ген. В.Р. Вильямс (1948) бұл түсініктің мазмұнын былай ашқан: «... диқаншының көзқарасы бой- ынша, арамшөптерге мәдени дақылға жатпай- тын кез-келген шөпті жатқызған» (Вильямс В.Р., 1948: 255). Э. Корсмо (Корсмо Э., 1933: 9) бой- ынша «арамшөптер деп пайдалы өсімдіктер ара- сында өздігінен өсіп, ауылшаруашылық дақыл- дарына көптеген зиянын келтіретін өсімдіктерді атаған».

А.И. Мальцев бойынша (1932, 11 б.), «арам- шөп терге егістікте өздігінен өсетін, егістік

жағдайларына (экологиялық және биологиялық) және мәдени өсімдіктермен бірлесе өсуге бейім - делген жабайы немесе жартылай мәдени өсім- діктерді жатқызған» (Мальцев А.И., 1932: 301).

Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егістіктерінде өсетін, олардың өнімінің мөлшерін төмендетіп, сапасын нашарлататын өсімдіктерді атайды.

Арамшөптер жиі егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарата- тын ортасы болып табылады. Қаулап өскен арамшөптердің арасында ұсақ кемірушілер тіршілік етеді. Кейбір арамшөптер өте улы бо- лып, жануарлар мен құстар үшін қауіп төндіреді.

Арамшөптер топырақтан қажетті қоректік зат-

(6)

Хабаршы. Биология сериясы. №2 (71). 2017 6

Ақмола облысы Зеренді ауданы флорасындағы арамшөптердің түрлік құрамы

тар мен ылғалды бойына сіңіреді, жер өңдеу мен егін жинауды қиындатады, дақылдың өнімі мен сапасын төмендетеді. Аса зиянды адвентивті арамшөптерге карантиндік деген статус берілген (Фисюнов А.В., 1984: 118).

Арамшөптердің егістіктерге тигізетін зияны, әсіресе, ылғалдылық жетіспейтін аймақтарда өте ерекше байқалады. Мәдени дақылдарға қара- ғанда арамшөптердің тамыр жүйесі өте жақсы дамыған, сондықтан олар топырақтағы суды барынша мол сіңіреді. Арамшөптер топырақтан сумен бірге мәдени дақылдарға қажетті пай- далы қоректік заттарды да (азот, фосфор қышқылы, калий және т.б.) пайдаланады. Кейбір арамшөптердің мәдени өсімдіктердің тамырла- рына, сабақтарына жабысып, олардан қоректік шырындарды тартып, паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Арамшөптер тек жыртылған жерлерде ғана емес, сонымен қатар, жайылымдар мен шабындықтарда да кездеседі (Фисюнов А.В., 1984: 135).

Арамшөптердің биологиялық ерекшелікте- ріне олардың өте жоғары өсімталдығы, арам- шөптердің тұқымдарының бірден қаулап өнбеуі және піспеуі, тұқымдарының сол аймақта тара- луға мүмкіндік туғызатын құрылымдарының (тікенектері) болуы, тұқымдарының тіршілік ету ұзақтығының жоғары болуы, ауа райының қо лайсыз жағдайына төзімді келуі және т.б.

жатады.

Осыған байланысты зерттеу жұмысымыздың мақсаты Ақмола облысы, Зеренді ауданы флора- сында кездесетін арамшөптер түрлеріне талдау жасау.

Зерттеу материалдары және әдістері Зерттеу жұмысы Ақмола облысы, Зеренді ау- даны аймағының жайылымдарында кең таралған арамшөптердің түрлеріне жүргізілді.

Негізгі әдіс ретінде маршруттық-аймақтық және А.И. Толмачевтың (1986) әдісі алынды (Толмачев А.И., 1986: 58). Жиналған өсімдік- тердің түрлерін анықтауда «Флора Казахста- на» (1956-1966), М.С. Байтеновтың «Флора Ка- зах стана» (1-2 том) еңбектері пайдаланылды (Байтенов М.С., 1999). Флораның конспектісін жасауда және флористикалық спектрдегі түр- лердің орналасуы мен түрүсті категорияларын анықтауда А.Л. Тахтаджянның (1987) филоге- нетикалық жүйесі бойынша жүргізілді (Тахтад- жян А.Л., 1987: 387). Тіршілік формаларына бай- ланысты түрлердің жіктелуі И.Г. Серебряков тың (Серебряков И.Г., 1962: 298) еңбегі бойынша жүргізілді. Арамшөптердің түрлерін талдауда А.В. Фисюновтың (1984: 258) «Сорные растения»

еңбегі қолданылды. Зерттелген өсімдіктердің түрлері мен туыстарының латынша атаулары С.К. Черепановтың (1995: 505) еңбегіне сәйкес берілді. Өсімдіктердің орысша және қазақша атауларын жазуда С.А. Арыстанғалиев және Е.Р.

Рамазановтың (1977: 244) еңбегі пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері бойын- ша Ақмола облысы, Зеренді ауданы аймағының флорасы арамшөптердің 29 тұқымдас, 70 туыс, 84 түрден тұратыны анықталды (кесте 1).

1-кесте – Ақмола облысы, Зеренді ауданы флорасында кездескен арамшөптер түрлері

Тұқымдас атауы Түр атауы

1. Alismataceae Vent. Alisma plantago-aquatica L.

2. Liliaceae Juss. Asparagus officinalis L.

3. Poaceae Barnhart.

Agropyron repens (L.) Beckmannia eruciformis (L.) Host.

Bromus inermisLeyss. Fl.Hal.

Calamagrostis epigeios (L.) Roth.

Echinochloacrusgalli (L.) Festuca pratensis Huds.

Poa pratensis L. Sp. Pl.

Setaria viridis (L.) Beauv.

4. Amaranthaceae Juss. Amaranthus retroflexus L.

(7)

ISSN 1563-0218 Experimental Biology. №2 (71). 2017 7 Мемешов С.К. және т.б.

Тұқымдас атауы Түр атауы

5. Apiaceae Lindl. Eryngium planum L.

Silaus besseri DC.

6 Asteraceae Dumort.

Arctium tomentosum Mill.

Artemisia absinthium L. Sp. Pl.

Artemisia austriaca Jacq.

Artemisia dracunculus L.

Artemisia glauca Pall. ex Willd.

Artemisia vulgaris L.

Bidens tripartita L. Sp. Pl.

Carduus crispus L.

Centaureascabiosa L.

Erigeron acris L.

Hieracium umbellatum L.

Inula Britannica L.

Lactuca tatarica (L.) Mey.

Matricaria recutita Senecio Jacobaea L.

Tanacetum vulgare Taraxacum officinale Wigg.

7. Boraginaceae Juss.

Echium vulgare L.

Nonea pulla DC.

Onosma simplicissima L.

Lappula squarrosa

8. Brassicáceae Burnett

Berteroa incana (L.) DC.

Capsella bursa-pastoris (L.) Medik.

Lepidium ruderale L.

9. Cannabaceae Еndl. Cannabis ruderalis Janisch.

10. Caryophyllaceae Juss

Cerastium arvense L.

Gypsophila paniculata L.

Stellaria graminea L.

11. Chenopodiaceae Vent. Chenopodium album L.

Chenopodium glaucum L.

12. Convolvulaceae Juss. Convolvulus arvensis L.

13. Crassulaceae DC. Sedum Telephium L.

14. Dipsacaceae Juss. Scabiosa Ochroleuca L.

15. Euphorbiaceae Juss. Euphorbia virgata Waldst. ex Kit.

16. Fabaceae Lindl

Lathyrus tuberosus L.

Medicago falcata L.

Melilotus officinalis (L.) Pall.

Oxytropis pilosa (L.) DC.

Trifolium lupinaster pentaphyllus (Trifolium lupinaster) Trifolium repens L.

Vicia cracca L.

1-кестенің жалғасы

(8)

Хабаршы. Биология сериясы. №2 (71). 2017 8

Ақмола облысы Зеренді ауданы флорасындағы арамшөптердің түрлік құрамы

Тұқымдас атауы Түр атауы

17. Geraniaceae Juss.

Erodium cicutarium (L.) Geranium dissectum Geranium pratense L.

18. Lamiaceae Lindl. Salvia stepposa Shost.

Thymus serpyllum L.

19. Onagraceae Juss Chamaenerium angustifolium L.

20. Plantaginaceae Juss. Plantago major L.

Plantago media L.

21. Plumbaginaceae Juss. Limonium Gmelinii

22. Polygalaceae R. Br. Polygala comosa

23. Polygonaceae Juss.

Polygonum aviculare L.

Rumex acetosa L.

Rumex confertus Willd.

24. Primulaceae Vent. Androsace septentrionalis L.

Lysimachia vulgaris L.

25. Ranunculaceae Juss. Ranunculus acris

Ranunculus sceleratus

26. Rosaceae Juss.

Filipendula ulmaria (L.) Maxim.

Potentilla anserina L.

Potentilla argentea L.

Sanguisorba officinalis L.

27. Rubiaceae Juss. Galium verum L.

28. Scrophulariaceae Juss.

Linaria vulgaris L.

Verbascum phoeniceum L.

Veronica incana L.

Veronica longifolia L.

Veronica spicata L.

29. Urticaceae Juss. Urtica dioica L.

Urtica urens L.

1-кестенің жалғасы

Жалпы түр саны бойынша бірінші орынды Asteraceae (18 түр немесе 21,4%); екінші орын- ды Poaceae (8 түр немесе 9,5%), үшінші орын- ды Fabaceae (7 түр немесе 8,3%) тұқымдасы алады. Scrophulariaceae Juss. тұқымдасынан – 5 түр, Boraginaceae Juss., Rosaceae Juss. тұқым- дастарынан – 4 түр, Brassicáceae Burnett., Caryophyllaceae Juss., Geraniaceae Juss., Polygonaceae Juss. тұқымдастарынан – 3 түрден, Apiaceae Lindl, Chenopodiaceae Vent., Lamiaceae Lindl., Plantaginaceae Juss., Primulaceae Vent., Ranunculaceae Juss., Urticaceae Juss.тұқымдас- тарынан – 2 түрден, ал қалған тұқымдастардан 1 түрден кездесті (1-сурет).

Арамшөптерге экологиялық сараптама негі- зінде топырақтың ылғалдылығына байланысты

өсімдіктер мынадай қатар бойынша орналасқан:

мезофиттер (37 түр), ксеромезофиттер (21 түр), ксерофиттер (10 түр), гигрофиттер (6 түр), ме- зоксерофиттер (5 түр), гигромезофиттер (4 түр), мезогигрофиттер (1 түр). Ал гидрофиттер мүлдем кездеспеді.

Ылғалға байланысты арамшөптер түрлерінің таралуы 2-кестеде берілген. Жалпы алғанда зерттелген аймақта мезофиттер басым, бұл топқа ылғалдылығы жеткілікті болатын субстратқа бейімделген өсімдіктер түрлері жа- тады. Мезофиттерге барлық арамшөптердің 37 түрден тұратын 14 тұқымдасы кіреді. Олардың ішінде Asteraceae Dumort. (12 түр), Poaceae Barnhart (5 түр), Fabaceae Lindl. (4 түр), Geraniaceae Juss. (3 түр), Brassicaceae Burnett.,

(9)

ISSN 1563-0218 Experimental Biology. №2 (71). 2017 9 Мемешов С.К. және т.б.

Polygonaceae Juss. және Scrophulariaceae Juss. (2 түрден), ал Apiaceae Lindl., Rosaceae Juss., Urticaceae Juss., Polygalaceae R. Br.,

Plantaginaceae Juss., Cannabaceae Еndl.

жәнеBoraginaceae Juss. тұқымдастары 1 түрден кездеседі.

1-сурет – Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағындағы арамшөптердің жалпы түрлер саны (%)

2-кесте – Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағындағы арамшөптердің экологиялық топтары бойынша кездесуі

Экологиялық топтар Түрлер саны Түрдің жалпы сандарының %

1 Гидрофиттер - -

2 Гигрофиттер 6 7,14

3 Гигромезофитер 4 4,76

4 Мезогигрофиттер 1 1,19

5 Мезофиттер 37 44,05

6 Мезоксерофиттер 5 5,95

7 Ксеромезофиттер 21 25

8 Ксерофиттер 10 11,91

Барлығы: 8 топ 84 100

Ксеромезофиттерге жеткілікті ылғалдылық- тан төмен субстратқа бейімделген 15 тұқымдас- қа жататын 21 түр кіреді (Asteraceae Dumort.

(3 түр), Caryophyllaceae Juss., Fabaceae Lindl., Chenopodiaceae Vent. және Scrophulariaceae Juss.

тұқымдастары (2 түр), Liliaceae Juss., Poaceae Barnhart., Amaranthaceae Juss., Convolvulaceae Juss., Euphorbiaceae Juss., Onagraceae Juss., Plantaginaceae Juss., Primulaceae Vent., Rubiaceae Juss. және Rosaceae Juss. (1 түр) келеді.

Ылғал үнемі жетіспейтін субстратқа бейімделген ксерофиттерге 7 тұқымдасқа жа- татын 10 түр кіреді. Оларға Boraginaceae Juss.

(3 түр), Asteraceae Dumort. (2 түр), Poaceae Barnhart, Caryophyllaceae Juss., Crassulaceae DC., Brassicaceae Burnett. және Fabaceae Lindl.

(1 түрден) жатады.

Гигрофиттерге мөлшерден тыс ылғалданған субстратқа бейімделген түрлер жатады. Ги- грофиттер 6 тұқымдасқа жататын 6 түр кіреді

(10)

Хабаршы. Биология сериясы. №2 (71). 2017 10

Ақмола облысы Зеренді ауданы флорасындағы арамшөптердің түрлік құрамы

(Alismataceae Vent., Poaceae Barnhart, Asteraceae Dumort., Primulaceae Vent., Ranunculaceae Juss., Rosaceae Juss. (барлығы 1 түрден).

Мезоксерофиттерге мезофиттерге қарағанда біршама құрғақтау, ал ксерофиттерге қарағанда біршама ылғалды субстратқа бейімделген түр лер жатады (4 тұқымдас, 5 түр, Apiaceae Lindl., Dipsacaceae Juss., Scrophulariaceae Juss.,Lamiaceae Lindl.

Гигромезофиттерге Polygonaceae Juss., Ranunculaceae Juss., Rosaceae Juss., Urticaceae Juss. тұқымдасының түрлері кіреді.

Limonium Gmelinii (Plumbaginaceae Juss.) өсімдігі мезогигрофит болып табылады.

Өсімдіктердің тіршілік формалары жер- гілікті жағдайларға ұзақ бейімделу нәтиже- сінде бол ған өсімдіктер формасы. Экологиялық фактор лардың әсері нәтижесінде өсімдіктің сырт көрінісі, оның тіршілік формасы қалып- тасады.

Зерттелген аймақтағы арамшөптердің түр- лері тіршілік формаларына байланысты жарты- лай бұталар – 4 түр, шөптесін өсімдіктер – 80 түрді біріктіретіні анықталды (2-сурет).

2-сурет – Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағындағы арамшөптердің тіршілік формаларына байланысты кездесуі

Жартылай бұталарға Onosma simplicissima L., Thumus serpyllum L. Artemisia absinthium L., Artemisia dracunculus L. жатады. Біржылдықтарға Setaria viridis (L.) Beauv., Echinochloa crusgalli (L.) Beauv., Lappula squarrosa, Chenopodium album L.,Chenopodium glaucum L. Amaranthus retroflexus L. және т.б. түрлер жатады.

Екіжылдық өсімдіктердің ішінде Echium vulgare L.,Melilotus officinalis (L.) Pall. Berteroa incana (L.) DC.,Carduus crispus, Arctium tomentosum Mill.түрлері кездесті.

Көпжылдық шөптесін өсімдіктердің ішінде Alisma plantago-aquatica L., Agropyron repens (L.), Beckmannia eruciformis (L.) Host., Calamagrostis epigeios (L.) Roth., Bromus inermis Leyss. Fl. Hal., Vicia cracca L., Medicago falcata L., Lathyrus

tuberosus L., Tanacetum vulgare, Centaurea scabiosa L., Sanguisorba officinalis L., Potentilla anserina L.Galium verum L. және т.б. түрлер кең таралған.

ХХ ғасырдың басында К.Раункиер ұсынған өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілінде жаңарту бүршіктерінің орналасу және қорғану тәсілдеріне негізделген. Осы принципке сәйкес барлық өсімдіктер 5 типке бөлінген (Raunkiær Ch., 1905: 348).

К.Раункиер (1905) жүйесі бойынша геми- криптофиттер (56 түр немесе 66,67%), терофит- тер (16 түр немесе 19,05%), криптофиттер (7 түр немесе 8,33%) және хамефиттер (5 түрден неме- се 5,95%) кездеседі.

(11)

ISSN 1563-0218 Experimental Biology. №2 (71). 2017 11 Мемешов С.К. және т.б.

Арамшөптердің қоректенуіне байланысты зерттелген өсімдіктер паразиттік емес арамшөп- терге жатады. Паразиттік емес арамшөптер веге- тациясының ұзақтығына қарай азжылдық арам- шөптер және көпжылдық арамшөптер болып екі топқа бөлінеді. Азжылдық арамшөптердің ішінде вегетациялық мезгіліне байланысты

жаздық арамшөптердің 12 түрі (14,29%), қыстап қалатын арамшөптердің 5 түрі (5,95 %), екі жылдық арамшөптердің- 8 түрі (9,52 %), кездесті.

Көпжылдық арамшөптердің ішінде кіндік та- мырлы – 24 түрі (28,57 %), тамырсабақты- 26 түр (30,95 %), атпатамырлы- 7 түр (8,33 %), шашақ тамырлы- 2 түрі (2,38 %) кездесті (3-кесте).

3-кесте – Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағындағы арамшөптердің негізгі топтары

Арамшөптердің топтары Түрлер саны %

Жаздық біржылдықтар 12 14,29

Қыстайтын біржылдықтар 5 5,95

Екі жылдықтар 8 9,52

Кіндіктамырлы көпжылдықтар 24 28,57

Тамырсабақты көпжылдықтар 26 30,95

Тамыр атпалы көпжылдықтар 7 8,33

Шашақ тамырлы көпжылдықтар 2 2,38

Сонымен Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағының флорасында арамшөптердің 29 тұ- қымдасқа, 70 туысқа жататын 84 түрі анықталған.

Арамшөптерге экологиялық сараптама нә- ти желері бойынша мезофиттер 37 түрді, ксеро- мезофиттер 21 түрді, ксерофиттер 10 түрді, ги- грофиттер 6 түрді, мезоксерофиттер 5 түрді, гигромезофиттер 4 түрді, мезогигрофиттер 1 түрді құрайды.

Арамшөптердің тіршілік формаларына бай- ланысты жартылай бұталар – 4 түр, шөптесін өсімдіктер – 80 түрді біріктіретіні анықталды.

Арамшөптердің қоректенуіне байланыс ты зерттелген өсімдіктер паразиттік емес арамшөп- терге жатады. Азжылдық арамшөптердің ішін- де жаздық арамшөптердің 12 түрі (14,29%), қыстап қалатын арамшөптердің 5 түрі (5,95 %), екі жылдық арамшөптердің- 8 түрі (9,52 %), кездесті.

Көпжылдық арамшөптердің ішінде кіндік тамырлы – 24 түрі (28,57 %), тамырсабақты – 26 түр (30,95 %), атпатамырлы – 7 түр (8,33 %), шашақ тамырлы – 2 түрі (2,38 %) кездесті.

Әдебиеттер

1 Вильямс В.Р. Борьба с сорной растительностью. – М.: Собр. соч., 1948. – Т. 3. -406 с.

2 Корсмо Э. Сорные растения современного земледелия. – М.: Сельхозгиз, 1933. – 416 с.

3 Мальцев А.И. Сорная растительность СССР. – М.: Сельхозгиз, 1932. – 260 с.

4 Фисюнов А.В. Сорные растения. – М.: Колос, 1984. – 320 с.; илл.

5 Толмачев А.И. Методы сравнительной флористики и проблемы флорогенеза. – Новосибирск: Наука, 1986. – 192 с.

6 Флора Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во Академии Наук Казахской ССР, 1956 – 1966. – Т. 1– 9.

7 Байтенов М.С. Флора Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1999. – Т. 1–2.

8 Тахтаджян А.Л. Система магнолиофитов. – Л.: Наука, 1987. – 439 с.

9 Серебряков И.Г. Экологическая морфология растений. – М.: Высшая школа, 1962. – 378 с.

10 Czerepanov S.K. Vascular plants of Russia and adjacent states (the former USSR), 1995. – 516 с.

11 Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері. – Алма-Ата: Ғылым, 1977. – 288 б.

12 Raunkiær Ch. Types biologiques pour la géographic botanique // Forhandl. Kgl. Dansk. Vidensk. Selskab, 1905. – Т. 5. – P. 347 – 437.

(12)

Хабаршы. Биология сериясы. №2 (71). 2017 12

Ақмола облысы Зеренді ауданы флорасындағы арамшөптердің түрлік құрамы

Referenses

1 Vil’iams VR (1948) Fight against weed vegetation [Bor’ba s sornoi rastitel’nost’iu]. Sobr. soch., Moscow,. 3: 460 2 Korsmo E (1933) Weed plants of modern agriculture [Sornye rasteniia sovremennogo zemledeliia]. Sel’khozgiz, Moscow, Russia.

3 Mal’tsev AI (1932) Weed vegetation of the USSR [Sornaia rastitel’nost’ SSSR]. Sel’khozgiz, Moscow, Russia.

4 Fisiunov AV (1984) Weed plants [Sornye rasteniia]. Kolos, Moscow, Russia.

5 Tolmachev AI (1986) Methods of comparative floristics and problem of a florogenez [Metody sravnitel’noj floristiki i prob- lem florogeneza]. Science, Novosibirsk, Russia.

6 Flora of Kazakhstan [Flora Kazakhstana] (1956–1966) Vol. I–IX. Akademii Nauk Kazakhskoi SSR, Alma-Ata, Kazakh- stan.

7 Baitenov MS (1999) Flora of Kazakhstan [Flora Kazakhstana]. Vol. І–II. Almaty, Kazakhstan. (In Russian). ISBN: 5-628- 02318-3 (V.I); ISBN: 9965-07-036-9 (V.II).

8 Takhtadzhian AL (1987) Magnoliofitov system [Sistema magnoliofitov]. Science, Leningrad, Russia

9 Serebrjakov IG (1962) Ecological morphology of plants [Jekologicheskaja morfologija rastenij]. Higher School, Moscow, Russia.

10 Cherepanov SK (1995) Vascular plants of Russia and adjacent states (the former USSR). Cambridge University Press, USA.

ISBN: 0-521-45006-3 (hc).

11 Ary’stanghali’ev SA, Ramazanov ER (1977) Plants of Kazakhstan [Qazaqstan o’sіmdіkterі]. Science, Alma-Ata, Kazakh- stan.

12 Raunkiær Ch (1905) Types biologiques pour la géographic botanique. Forhandl. Kgl. Dansk. Vidensk. Selskab. 5:347–437.

(13)

© 2017 Al-Farabi Kazakh National University 13 МРНТИ 34.29.35

Салмуханбетова Ж.К.1*, Димеева Л.А.2, Султанова Б.М.2

1Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

2Институт ботаники и фитоинтродукции МОН РК, Казахстан, г. Алматы

*e-mail: zhuldyz.kanatkyzy@mail.ru

ФИТОЦЕНОТИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА

СООБЩЕСТВ ПОЛЫНИ АРАЛЬСКОЙ (ARTEMISIA ARALENSIS KRASH.) В СЕВЕРНОМ ПРИАРАЛЬЕ

В статье представлены результаты исследований сообществ полыни аральской (Artemis- ia aralensis Krasch.), проведенных в 2015-2016 гг. на ботаническом стационаре «Терескент» и прилегающей территории в Северном Приаралье (Шалкарский район Актюбинской области).

Полынь аральская (Artemisia aralensis Krasch.) является эндемичным видом Казахстана. Впервые описана И. Крашенинниковым по сборам Л. Бубыря в Северном Приаралье в 1908 году, вблизи железнодорожной станции Кара-Чокат. Эксикат вида хранится в Гербарии Института ботаники и фитоинтродукции МОН РК (АА). Полынь аральская является пастбищным растением, состав эфирных масел имеет важное практическое значение в медицине.

В результате проведенных исследований были описаны шесть сообществ с доминантной ролью полыни аральской. Исследования сообществ подтвердили приуроченность вида к сухим руслам временных водотоков и эрозионным формам рельефа. Было выявлено, что в составе изученных сообществ произрастают 57 видов сосудистых растений, среди которых преобладают травянистые многолетники и однолетники. Характерным видом в аральскополынных сообществах является мятлик луковичный (Poa bulbosa). Впервые приводятся описания аральскополынников, сделано предположение, что ареал доминирования вида ограничен Северным Приаральем.

Ключевые слова: Artemisia aralensis, видовой состав, эндем, Северное Приаралье, сообщества.

Salmukhanbetova Z.K.1*, Dimeyeva L.A.2, Sultanova B.M.2

1Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

2CS MES RK RSE “Institute of Botany and Phytointroduction”, Kazakhstan, Almaty

*e-mail: zhuldyz.kanatkyzy@mail.ru

Phytocenological characteristic of Artemisia aralensis Krash. communities in the North Aral Sea region

The article presents theresults of study of Artemisia aralensis Krasch. plant communities in the terri- tory of the botanical station “Tereskent” and the adjacent area in the Northern Aral Sea region (Shalkar district of Aktobe region) in 2015-2016.

Artemisia aralensis Krasch. is an endemic species of Kazakhstan. It was first described by I. Krashen- innikov on collections of L. Bubyr in 1908, in gravelly-clayey hills near the railway station Kara-Chokat (Aktobe region, Shalkar district). Exicat (a herbarium specimen) of Artemisia aralensis is stored in the Herbarium of the Institute of Botany and Phytointroduction of the MES RK (AA). The plant has a clear lemon scent. The life form is a semi-shrub of 30-50 cm high. Its stems are strongly and highly arboreal, covered with reddish-brown bark, they form a small turf. Root is woody, thick. It grows in a desert zone on clayey and sandy loam solonetzic soils, in dry riverbeds of temporary watercourses and on the var- iegated outcrops. This species is one of the natural forage resources of the pastures of the Northern Aral Sea, and the composition of its essential oils has great practical importance in medicine.

As a result of the studies, six communities with the dominant role of Artemisia aralensis were de- scribed. It was determined that there are 57 species of vascular plants in composition of investigated plant communities: herbaceous perennial and annual species prevail. Poa bulbosa is a typical species in

(14)

Вестник. Серия биологическая. №2 (71). 2017 14

Фитоценотическая характеристика сообществ полыни аральской (Artemisia aralensis Krash.) в Северном Приаралье

Artemisia aralensis communities. The study of the aral-sagebrush communities confirmed that the spe- cies is confined to the dry beds of temporary watercourses and erosion forms of relief. The assumption is made that the area of dominance of the species is confined to the Northern Aral region.

Key words: Artemisia aralensis, species composition, endemic, the North Aral Sea region, plant community.

Салмуханбетова Ж.Қ.1*, Димеева Л.А.2, Сұлтанова Б.М.2

1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

2ҚР БҒМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, Қазақстан, Алматы қ.

*e-mail: zhuldyz.kanatkyzy@mail.ru

Солтүстік Арал маңындағы арал жусаны (Artemisia aralensis Krash.) қауымдастықтарының фитоценоздық сипаттамасы

Мақалада Солтүстік Арал маңындағы (Ақтөбе облысының Шалқар ауданы) «Теріскент»

ботаникалық стационары және оған іргелес аумақтағы 2015-2016 жж. жүргізілген арал жусаны (Artemisia aralensis Krasch.) қауымдастығын зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Арал жусаны (Artemisia aralensis Krasch.) Қазақстанның эндемді түрі болып табылады. Оны алғаш рет Солтүстік Арал маңындағы, Қара Шоқат темір жол бекетіне жақын аумақтағы Л. Бубырь жинақтаулары бойынша 1908 жылы И. Крашенинников сипаттаған болатын. Түрдің эксикаты ҚР БҒМ Ботаника және фитоинтродукция институтының Гербариінде (АА) сақталған. Арал жусаны жайылымдық өсімдік түрі болып табылады, сонымен қатар оның эфир майларының құрамының медицинада тәжірибелік маңызы жоғары.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде арал жусаны доминантты рөл атқаратын алты қауымдастық сипатталды. Арал жусаны қауымдастығын зерттеу жұмыстары бұл түрдің уақытша ағын сулардың құрғақ арналарына және жер бедерінің эрозиялық формаларына бейім екендігін дәлелдеді. Зерттелген қауымдастықтардың құрамында көпжылдық және біржылдық шөптесіндері басым түтікті өсімдіктердің 57 түрі өсетіні анықталды. Арал жусанының қауымдастықтарына баданалы қоңырбас (Poa bulbosa) түрі тән. Мақалада алғаш рет арал жусаны қауымдастықтарының сипаттамасы келтірілген, түрдің доминанттылық ареалы Солтүстік Арал маңымен шектелген деген болжам жасалды.

Түйін сөздер: Artemisia aralensis, түрлік құрам, эндем, Солтүстік Арал маңы, қауымдастықтар.

Введение

Полыни играют исключительно важную роль в пустынной и степной зонах в качестве естественного кормового ресурса на осенних и зимних пастбищах (Соболев Л.Н., 1986: 155;

Курочкина Л.Я., 1986: 174). В Казахстане к кор- мовым растениям относится почти полностью подрод Seriphidium. И одним из важных энде- мичных видов подрода Seriphidium является полынь аральская (Artemisia aralensis Krasch.).

Растение с явным лимонным запахом. Жизнен- ная форма – полукустарник, 30-50 см высотой.

Стебли его сильно и высоко древеснеющие, покрытые красновато-бурой корой, выходят с большим количеством бесплодных побегов, они образуют небольшую дерновину. Корень дере- вянистый, толстый. Листья бесплодных побегов и нижние стеблевые короткочерешковые, в очер- тании продолговато-ланцетные, 2-3 см длины и до 1,2 см ширины, в начале серовато-зеленые от густых паутинистых волосков, впоследствии почти голые, зеленые, густо-железистые, дваж- ды перисто рассеченные. Конечные листовые

дольки линейные, 4-5 мм длины и 1 мм шири- ны, расставленные, мясистые, коротко заострен- ные. Верхние прицветные простые, линейные не выдающиеся из метелки. Корзинки яйцевидно- продолговатые, 2-3 мм длины, сидячие или на ножках, отставленные или часто поникающие, одиночные или группами по 2-3, собранные в рыхлую, продолговато-пирамидальную метел- ку, с боковыми веточками, косо вверх направ- ленными, но не прижатыми к стеблю. Листочки обвертки зеленые, негусто опушенные паутини- стыми волосками и густо-железистые, наружные округлые, мелкие, намного короче внутренних, внутренние яйцевидно-продолговатые или лан- цетные, по краю пленчато-окаймленные. Цветки обоеполые, в числе 3-4, венчик трубчатый, жел- тый. Период цветения – август-сентябрь. Про- израстает в пустынной зоне на глинистых и су- песчаных солонцеватых почвах, в сухих руслах временных водотоков, на пестроцветных обна- жениях (Филатова Н.С., 1966: 111).

В Гербарии Института ботаники и фитоин- тродукции МОН РК (АА) находятся образцы полыни аральской, собранные в Сев. Приаралье

(15)

ISSN 1563-0218 Experimental Biology. №2 (71). 2017 15 Салмуханбетова Ж.К. и др.

(14 флористический район), Зап. мелкосопочни- ке (10), Тургайском флористическом районе (9) и Мугоджарах (7а). Эксикат вида, хранящийся в Гербарии, датируется 26.09.1908 г. (Сев. При- аралье, вблизи ж/д станции Кара-Чокат, коллек- тор Л. Бубырь) (рисунок 1).

Рисунок 1 – Эксикат полыни аральской (Artemisia aralensis Krasch.) хранящийся в Гербарии Института ботаники и фитоинтродукции

(АА)

И. Крашенинников при описании Artemisia aralensis указывал на то, что этот вид наиболее близок к полыни лессинговидной (A. sublessin-. sublessin-sublessin- giana Krasch. Ex Poljakov), от которой отличает-. Ex Poljakov), от которой отличает-Ex Poljakov), от которой отличает-), от которой отличает- ся широкой раскидистой метелкой, поникшими корзинками, сильно одревеснелой нижней ча- стью стеблей. По литературным сведениям по- лынь аральская встречается в пустыне Бетпак- дала (Кубанская З.В., 1956: 211), заповеднике Барсакельмес (Кузнецов Л.А., 1995: 108), на се- веро-западном побережье Аральского моря (Ди- меева Л.А., 2004: 25).

Известно, что растения рода полыни содер- жат в своем составе группы биологически актив- ных соединений, обладающие широким спек-

тром фармакологической активности, а именно они богаты эфирными маслами. М.И. Горяев (1952: 31) в описании полыни аральской в сво- ей книге «Эфирные масла флоры СССР» отме- чает, что состав эфирных масел этого вида не исследован. Впервые методом газовой хромато- масс-спектрометрии был определен химический состав эфирных масел Artemisia aralensis со- трудниками международного научно-производ- ственного холдинга «Фитохимия» (Геринг А.В., 2016: 16). Исследование проводилось для поиска потенциальных источников моно- и сесквитер- пеноидов. Для получения эфирных масел были использованы надземные части (цветочные кор- зинки, бутоны, листья) растений, собранные в естественных местах произрастания в фазе буто- низации (по дороге Шалкар-Арал, Актюбинской области Республики Казахстан, июнь 2014 года).

Выход эфирного масла составил 0,03%. Было определено, что двумя основными компонента- ми химического состава эфирного масла полы- ни аральской являются транс-гераниол (20,84%) и δ3-карен (19,02%). В результате скрининга эфирных масел полыни аральской на антими- кробную активность установлено, что данный образец представляет умеренно-выраженную антибактериальную активность в отношении грамположительных тест-штаммов. В связи с вышесказанным исследование распространения и биологических особенностей полыней имеет важное практическое значение.

На стационаре «Терескент» аральскопо- лынники получили отражение на крупномас- штабной карте растительности (М 1:2000) части третичного останца (чинка) Алтын-Чокусу (в на- стоящее время Алтын-Шокысу), составленной Б.А. Винтерголлером по результатам комплекс- ных стационарных исследований в 1964-1966 гг.

(Быков Б.А., 1968: 102).

На фрагменте геоботанической карты юго- западного склона Алтын-Чокусу Б.А. Винтер- голлер указал 5 проценозов аральскополынни- ков:

1 – кокпеково-аральскополынные проценозы (A. aralensis, Atriplex cana);

2 – ломкоколосниково-кокпеково-аральско- полынные проценозы (A. aralensis, Atriplex cana, Psathyrostachys lanuginosa);

3 – курчавково-ломкоколосниково-араль- скополынные проценозы (A. aralensis, Psathyro-Psathyro- stachys lanuginosa, Atraphaxis spinosa);

4 – волоснецово-кокпеково-аральскополын- ные проценозы (A. aralensis, Atriplex cana, Psath-Atriplex cana, Psath-, Psath-Psath- yrostachys lanuginosa, Leymus angustus);

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

mRNA ортологичных генов NCOA3 содержала от 10 до 15 сайтов связывания miR-1322.. Сайты связывания mir-1322 c mRNA гена

Задачи исследования: 1) изучение влияния природного (коксуский сланцевый шунгит) био- активатора на процесс очистки почв от сырой нефти, отобранной

Дайындық кезеңінде сирек түр Anthemis trotzkiana Claus өсімдігінің Ақтөбе облысында тіршілік ортасын анықтау мақсатында алды- мен сирек түр

The nucleotide sequences of candidate genes of the BC subtypes were downloaded from GenBank (http:��www.ncbi.nlm.nih.gov). 3701 miRNA were taken from the publication of �ondin

Морфологические особенности сорта тюль- панов изучались по стандартной методике, раз- работанной Р.А. Для апробации существующих шкал опреде- ления

Другие рекомендации приводят- ся в публикациях от «круглого стола по лечению инсульта» (STAIR), которые помимо рекоменда- ций по разработке доклинических

Таким образом, несмотря на то, что F�BP12 белок арабидопсиса не может связываться с рапамицином с образованием ингибиторного комплекса с TOR, было

Результаты опытов по исследованию пере- кисной резистентности эритроцитов показали, что действие хлорида ртути и ацетата свинца при