• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Жеке детективтер қызметінің нəтижелерін дəлелдеме ретінде пайдалану: шетелдік жəне қазақстандық тəжірибе

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Жеке детективтер қызметінің нəтижелерін дəлелдеме ретінде пайдалану: шетелдік жəне қазақстандық тəжірибе"

Copied!
8
0
0

Толық мәтін

(1)

Р.Н. Шайхаденов1, Л.В. Брусницын2

1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан;

2М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті, Ресей (E-mail: [email protected])

Жеке детективтер қызметінің нəтижелерін дəлелдеме ретінде пайдалану:

шетелдік жəне қазақстандық тəжірибе

Қазақстанның қазіргі даму сатысында құқықтың мамандандырылған субъектілеріне жеке жəне заңды тұлғалардың заңды қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың кейбір құқықтарын жүзеге асыруға берудің қажеттілігі туындауда. Осыған орай, заңды жəне жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру бойынша міндеттер тек құқық қорғау органдарының ғана емес, құқықтық қатынастың басқа да субъектілері қызметтерінің пəні болып табылады. Жеке детективтік қызмет институтын енгізудің өзектілігі Қазақстан Республикасында осы саладағы қатынасты реттеу қажеттілігінің туындауымен тікелей байланысты. Оның себебін айтар болсақ, құқықтық реттеу механизмінің жоқтығынан көптеген жеке жəне заңды тұлғаларға (мысалы, құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен құралған жеке күзет ұйымдары) өз қызметтерін жүзеге асыру барысында, жеке бизнес пен мемлекеттің мүддесіне араласпай жəне азаматтардың жеке өмірлеріне қол сұқпастан, тəжірибеде жедел-іздестіру қызметінің кейбір əдістері мен тəсілдерін əрекет етуші заңның шегінен шықпастан қолдануға тура келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-б. сəйкес əр азамат өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін тəсілдермен қорғауға құқылы. Осыған орай Қазақстан Республикасында жеке детективтік қызмет институтын енгізудің астарында конституциялық негіз жатыр. Сонымен қатар оның басты міндеті азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мүмкіндіктерін кеңейту болу керек. Мақалада авторлар жеке детективтік қызметтің нəтижесінде алынған мəліметтерді (ақпаратты) қылмыстық сот өндірісінде дəлелдеме ретінде пайдаланудың маңыздылығын жəне əлемдік тəжірибені зерттей келе, салыстырмалы талдау жасай отырып, осы мəселеге қатысты өз ойларын білдіруге тырысқан.

Кілт сөздер: дəлелдеу, жеке детективтік қызмет, дəлелдемелер, қылмыстық сот өндірісі, қылмыстық процесс, жеке детектив, детективтік қызмет, детективтік шаралар, тапсырыс беруші, құзыретті орган, жеке кəсіпкерлік қызмет.

Қоғамның жəне азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғудан қорғау мəселелеріне жаңа көзқарасты іздестіру Қазақстан Республикасында жеке детективтік қызмет институтын енгізудің қажеттілігі Елбасының «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының жаңа басты бағыты» атты 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында аталып көрсетілді [1].

Дамыған жəне дамушы экономикасы бар мемлекеттердің тəжірибесін қолдану отандық заңнамада туындаған мəселелерді шешудің бірден бір жолы болып табылады. Француз ғалым-заңгері Марк Ансель шетелдік құқықты зерттеудің құндылығын айта отырып, оның құқықтанушыларға жаңа горизонттар ашатынын жəне өз елінің құқығын жақсырақ тануға мүмкіндік туғызатынын көрсетеді, өйткені бұл құқықтың өзіндік ерекшеліктері басқа жүйелермен салыстырмалы түрде айқын көрініс табады; заңгерлерді тек өз құқықтарын жақсы білген кезде де біле алмайтын идеялармен жəне аргументтермен қаруландырады [2; 38].

Тарихқа жүгінер болсақ, детективті қызмет өз тамырларымен тереңге кетеді: оның түптамыры əр түрлі халықтардың ежелгі іздестіру ережелері мен дəстүрлерінде, римдік преторлардың эдиктілерінде жəне орта ғасырлық инквизиция қызметінде де өз көрінісін тапқан. Зерттеушілердің пайымдауынша, іздестіру ісінің бастамасы ІV ғ. канондық құқықта алғаш рет пайда болған [3; 47].

Жеке детективтік (іздестіру) қызметті құқықтық реттеудің шетелдік тəжірибесіне жүргізген талдау көрсеткендей, көптеген елдерде əр түрлі нұсқауда заң тұрғысы деңгейінде жеке детективтердің қызметі реттелген.

Əлемнің көшбасшы елдері құқықтық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сонымен қатар құқықбұзушылықпен күресте əр түрлі аспектілерді зерттеуге, тергеу-іздестіру қызметіне тартылатын жеке іздестіру бюролары мен күзет агенттіктеріне үміт артуда. Жеке сектор белсенді түрде құқық қорғау саласымен араласуда. Көп жағдайда бұл полиция

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

жəне арнайы жасақ қызметкерлерінің кейбір ерекше міндеттерді тиісті кəсіби деңгейде атқарудағы жеткіліксіз дайындықтарымен түсіндіріледі.

Мемлекет тарапынан мойындалған құқық қорғау құрылымы ретінде алғашқы жеке детективтік агенттіктер АҚШ-та 1850 ж. бұл елде полиция органдары пайда болғаннан кейін алты жыл өткен соң бас көтерді [4; 53].

Жеке құқық қорғау қызметтері АҚШ-та ең көп шоғырланған болса керек. Құқық қорғаудың жеке секторының ролі бұл елде соңғы 20 жылда күрт арта түсті, оның себебі жалпы қылмыстық жəне экономикалық қылмыстардың көбеюі, олардың жаңа түрлерінің пайда болуы, терроризмнің күшеюі, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстардың санының артуы. Американдық криминологтардың айтуынша, бизнеске қарсы бағытталған барлық қылмыстарды тек мемлекет мойнына артар болсақ, қылмыстық юстиция бір күннің ішінде бытырап кетер еді [5; 21]. «Полицияның бір өзі қылмыстың алдын алумен күресе алмайды. Ол қоғамның басқа қабаттарымен бірге жұмыс жасауы керек, — деп айтылған АҚШ-тың Президенттік комиссиясының есебінде, — қылмыстың деңгейінің азаюына əсер ете алатын тағы бір күш болып жеке қауіпсіздік қызметі табылады» [6; 8].

АҚШ-та жеке іздестіру фирмаларын тіркеу штаттардың құзырына берілген. 35 штатта жеке іздестіру бюроларына тікелей қатысты заңдар əрекет етеді. Олардың қызметінің басты шарты – заңда арнайы анықталған штаттың атқару органдарының немесе олардың арнайы өкілдерінің беретін лицензияның алынуы жəне тіркеу. Бұнымен бірге АҚШ азаматтылығының болуы – 16 штаттағы міндетті шарт. АҚШ-тың 22 штатында жеке детектив ретінде тіркелу үшін міндетті түрде ұсыныс хаты, мінездеме қажет. Лицензия əдетте 1-ден 2 жылға дейінгі аралықта беріледі. Маккиннің Заңы бойынша (Нью-Йорк Штаты), жеке іздестіру қызметімен жеке түлғалар да, сонымен қатар бюро мен фирмаларға біріккен адамдар тобы да айналыса алады. Алдымен бұл тұлғалар тергеу, күзет, патрульдік, іздестіру қызметін жүргізуге губернатор штатының аппаратынан рұқсат алулары тиіс.

Жоғарыда аталған заңның 72 параграфына сəйкес жеке іздестірумен айналысқысы келетін тұлға штат губернаторының аппаратына келесідей мəліметтер беруі керек: толық бекітілген мəліметтер, соңғы үш жылдағы тұрғылықты жері, алдыңғы жəне қазіргі жұмыс орны. Анкетаға қосымша екі сурет жəне екі саусақ іздері берілуі керек. Жаңадан құрылып жатқан іздестіру бюросының жоқ дегенде бір мүшесінде полиция, тергеу жəне осыған ұқсас органдарда үш жылдық жұмыс өтілі болуы тиіс.

Анкетада міндетті түрде үміткердің бұрынғы өмірі жəне қызметі, денсаулық жағдайы, білімі туралы құжаттары көрсетіліп, бұрынғы жұмыс орындарынан мінездеме мен ұсыныстар сұратылады. Ал заңмен рұқсат етілген штаттарда, үміткерлерді өтірік айтуды анықтау детекторы арқылы тексеру жұмысы жүргізіледі. Барлық фирмаларда үміткерлердің күрделі жағдайларда жұмыс істей алу қабілетін тексеру мақсатында психологиялық тестілеу өткізіледі.

Заңға сəйкес, детективтер ресми құқық қорғау органдарымен қолданылатын жеке тінту, үйді тінту, ұстау сияқты шараларды қолданыла алмайды. Алайда оларға қылмысқа қатыстылығында күдік бар тұлғаларды ұстап, полицияға табыс етулеріне рұқсат етілген.

Детективтік ұйымдардың қызметтері келесідей параметрлер бойынша бағаланады: нақты ұйымның, фирманың қызметкерлерімен ашылған ұрлықтың саны; ондай қылмыстарға қызметкерлердің қатысының талдау; ашылған қылмыстардың саны, қылмыстық қол сұғушылықтытың алдын алудың саны.

Дегенмен, кəсіпкерлердің басым бөлігі жеке агенттіктердің қызметіне келесідей құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша жүгінеді: вандализм актілері, тауарлар мен жүктердің ұрлануы, алаяқтық жəне жемқорлық, жалған кредиттік карталарды жəне сақтандыру полистерін жасау, фирма қызметкерлерімен жасалатын ұрлықтар, компьютерлік қылмыстар, нашақорлыққа салыну жағдайлары.

Компаниялардың полицияның араласуынан бастартуларының себебі жасалған қылмыстың көлеміне, келтірілген зиянның көлеміне, қажетті дəлелдемелердің болмауына, сотта істі қараудың шығыны көптігіне, істі тергеу мерзімдерінің ұзақтығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты.

Кейбір жағдайларда салдары компанияның беделіне кері əсерін тигізетін болғандықтан, полицияға хабарлауды жөн санамайды.

Канадада жеке іздестіру бюроларының қызметі провинция заңдарының құрмадас бөлігі болып табылатын арнайы актілермен реттеледі. Əр провинция жергілікті жағдайға байланысты жеке бюро қызметі мен құру шарттары көрсетілетін өз актілерін шығарып, қабылдайды. Барлық актілер үшін жалпы жəне міндетті шарт — провинция территориясында жеке іздестіру қызметін жүргізуге рұқсат алу жəне тіркелу реті болып табылады. Мысалы, Онтарио (Канада) провинциясында жеке детективтік

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

агенттіктердің негізгі бағыттарына келесілер жатады: дүкендердегі кішігірім ұрлықтармен күрес;

тергеулерді жүргізу; сырттай бақылау; алаяқтықпен күрес; теле- жəне бейнебақылау; күзет дабылдамаларының электронды жүйесін құру жəне қызмет көрсету. Канаданың жеке іздестіру бюролары клиенттеріне қызметті құпия түрде жасайды. Ұлыбританияда қазіргі таңда қызметтеріне қарапайым азаматтармен қатар өндірісітік компаниялар да жүгінетін жеке детективтік агенттіктер көп шоғырланған. Олардың ең үлкендерінің қатарына келесілер кіреді: Argen, Kroll Associates Control Risks, Derby Associates-Security Consultants, Private and Commercial Investigations, Nationwide.

Аталған елде жеке детективтердің тіркелуін қажет ететін заңның ережелері немесе үкіметтің қағидалары жоқ. Соңғы жылдары Ұлыбританияда жеке агенттіктердің күшімен шешіліп жатқан қылмыстық тергеудің мəселелерінің қатарына компьютерлік жүйемен байланысты қылмыстарды тергеу жатады. Ұлыбританиядағы жеке детективтік агенттіктердің қызметінің анағұрлым перспективті бағыттарына жеке жəне қызметтік ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тыңдау құрылғыларын табу; клиенттерді, оның ішінде шетелдік азаматтарды қорғау жатады. Францияда жеке детективтік бюролардың қызметі 1942 ж. 28 қыркүйегіндегі № 891 Заңымен реттелген. Франция полициясының бұрынғы қызметкерлері тек ішкі істер министрінің жазбаша рұқсатымен ғана жеке детективтік бюроның иесі бола алады.

1980 ж. 23 желтоқсанындағы № 80-1058 Заңына сəйкес жоғарыда аталған № 891 Заңының кез

келген ережесін бұзу «1-ден 3 жылға дейінгі аралықта түрмеге қамалумен немесе 6-дан 40 мың франкқа айып салумен жазаланады». Дəл осындай жазаға бюроның басшысы да тартылады, егер ол заңның талаптарына сəйкес келмейтін жеке агенттердің қызметіне жүгінген болса. Германияда жеке детективтік бюро «Қолөнермен (кəсіппен) айналысатын ұйым» ретінде тіркеуден өтуі тиіс, себебі бұл кезде «ақша табу басты мақсат болып табылады» жəне де осыған ұқсас ұйымдардың барлығына да қатысты заңның ережелері мен қаулыларын орындауға міндетті. Құрушы адамға арнайы білімнің немесе тиісті жұмыс тəжірибесінің қажеті жоқ. Италияда 1989 ж. жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексін енгізу жеке детективтік бюролардың жұмысын заңдастыра отырып, сот процесінің толық қатысушысы етіп, оларға айыпталушы жағында оны қорғау мақсатында дəлелдемелер жинауға жəне кеңестер беруге мүмкіндік туғызды.

Осыған қарамастан, жеке детективтер өз жағдайларының екі мағыналы екеніне наразылық білдіреді, өйткені осы уақытқа дейін Италияда жеке детективтік бюролардың қызметін реттейтін заң жоқ (итальяндық парламент 28 заң жобасын қабылдаудан бастартқан). Сондықтанда Италиядағы көптеген іздестіру бюролары қандай да бір рұқсатсыз немесе санкциясыз əрекет етеді, кейбір есептер бойынша олардың саны 5 мыңға жеткен [7].

Еуропалық одақ (ЕО) елдерінде жеке детективтердің қызметі ЕО мүше-елдерінің барлығында кəсіпкерлік еркіндігіне кепілдік беретін 1967 жылғы Еуропалық қауымдастықтың Директивасымен мойындалған. Жеке детектив (тергеуші) мамандығына Испания, Франция, Австрия жəне Бельгия сияқты кейбір еуропалық елдерде қатаң түрде реттелген талаптар мен шектеулер қойылған.

Бельгияда детективтер билік өкілдерінің, клиенттердің немесе үшінші тұлғалардың талаптары бойынша көрсетуге тиіс кəсіби жеке куəліктерге ие. Испанияда жеке детективтердің қызметі 1992 жылдың 30 шілдесіндегі № 23/1992 Қауіпсіздік туралы Заңымен («Ley de Seguridad privada») жəне №

2364/94, Жеке қауіпсіздік мəселелерін реттеу «Reglamento de Seguridad Privada» атты корольдік

декретпен реттелген. Детективтік қызметпен айналысуға рұқсат ішкі істер министрлігімен беріледі.

Дегенмен, бұл қызметпен айналысуға белбуған тұлғаларға қойылатын нақты талаптар бар:

– үміткер кəмелеттік жасқа толған, физикалық жəне психикалық түрде дені сау, аталған

қызметпен айналысу үшін тиісті білімі бар болуы керек;

– үміткер кəсіби жарамдылығына емтихан тапсыруы тиіс;

– жеке детективтің ресми дипломы болуы керек.

Бұндай диплом оқудың арнайы курсынан өткеннен кейін жəне білім мен біліктіліктің тиісті деңгейіне жеткеннен кейін беріледі.

Данияда детективтік қызмет туралы заң күшін жойған. Кез келген азамат жеке детектив бола алады. Швейцарияда кейбір кантондарда детективтік қызметке қадағалау алынып тасталған. Өз кезегінде Женева кантонында Мемлекеттік кеңес, жеке детективке талап ету бойынша көрсететін суреті бар кəсіби ID-карточка табыс етеді. Ресей Федерациясында жеке детективтердің қызметі 1992 ж. 11 наурызындағы № 2487-1 «Ресей Федерациясындағы жеке детективтік жəне қауіпсіздік қызмет»

туралы РФ-ның Федералдық заңымен реттеледі.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

Жеке детективтік қызметтің негізгі міндеті — ішкі істер органдарынан арнайы рұқсат алған ұйымдар мен жеке кəсіпкерлердің өз клиенттерінің заңды құқықтары мен міндеттерін қорғау мақсатында жеке жəне заңды тұлғалар ақылы келісімді түрде қызмет көрсету.

РФ-да жеке детектив деп жеке кəсіпкер ретінде тіркелген, заңда көрсетілген тəртіппен жеке детективтік (іздестіру) қызметімен айналысуға рұқсат алған Ресей Федерациясының азаматы танылады. Ол келесідей қызмет түрін жүзеге асырады:

1) процеске қатысушылармен жасалған келісім негізінде азаматтық істер бойынша мəліметтер

жинақтау;

2) нарықты зерттеу, іскерлік келіссөздер үшін ақпарат жинақтау, несиеге қабілетсіз жəне

сенімсіз іскер əріптестерді табу;

3) кəсіпкерлік қызметте заңсыз фирмалық белгілер мен атаулардың қолданылу жағдайларын,

жосықсыз бəсеке, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын мəліметтерді жария ету жағдайларын анықтау;

4) еңбек жəне басқа да шарттар жасасқан сəтте азаматтардың биографиялық жəне басқа да

жағынан сипаттайтын мəліметтерді (олардың жазбаша рұқсатымен) жинақтау;

5) іс-түссіз жоғалып кеткен азаматтарды іздестіру;

6) азаматтардың немесе ұйымдардың ұрланған мүліктерін іздестіру;

7) процеске қатысушылармен келісілген негізде қылмыстық істер бойынша мəліметтер жинау:

– осындай мəліметтерді жинауға клиентпен шарт жасасқаннан кейін, бір тəулік ішінде, детектив

қылмыстық іс өндірісінде жатқан тергеушіні немесе сотты, анықтауды жүргізуші тұлғаны жазбаша түрде ескертуге міндетті;

8) атқару құжатына сəйкес борышкер болып табылатын тұлғаны, оның мүлкін, сонымен қатар

атқару құжаты бойынша баланы іздестіру.

Ресей Федерациясының заңына сəйкес іздестіру қызметі жеке детективтің негізгі қызметі болуы тиіс, оның мемлекеттік немесе муниципалды қызметпен, не болмаса қоғамдық бірлестіктерде ақылы сайланбалы қызметпен алмастыруға тыйым салынады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында жеке детектив азаматтардың жеке өмірі мен мүлкіне қатысты ақпараттарды қорғау аясында РФ-ның заңдарын сақтауға міндетті, сондай-ақ заңмен тек құқық қорғау органдарына берілген жедел-іздестіру əрекеттерін жүргізуге тыйым салынады. Жеке детективтік қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға ішкі істер органдарымен берілетін лицензияға ие болу керек. Лицензияның əрекет ету мерзімі бес жыл жəне Ресей Федерациясының барлық аумағында күші бар.

Жеке детективтік қызметпен айналысуға лицензия алмақшы болған Ресей Федерациясының азаматы, тиісті ішкі істер органдарына өтінішін беріп, онда толық аты-жөнін, жеке кəсіпкер ретінде мемлекеттік реестрге тіркелгендігі туралы тіркеу номері көрсетілген құжат, жеке детективтік қызметті шамамен қандай аймақта жүзеге асыратындығы туралы мəлімет жəне келесідей құжаттар тапсырады: анкета, сурет; денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; азаматтылығын растайтын құжаттар, заң бойынша білімінің болуы немесе жеке детектив ретінде кəсіби даярлықтан өту, не болмаса тергеу немесе жедел құрылымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы, техникалық құралдарды алғандығы жəне оларды қолдана білетіндігі туралы мəліметтің болуы. Жеке детективтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған азаматқа жеке детективтің куəлігі қоса беріледі.

Беларусь Республикасының заңнамасында жеке детективтердің қызметін реттейтін заң мүлдем жоқ

[8]. Осылайша, əр түрлі мемлекеттердің тəжірибесі көрсетіп тұрғандай, жеке детективтердің қызметі

көп жағдайда реттелген, жеке детективтік қызметпен айналысатын тұлғаларға нақты талаптар қойылып, заң жүзінде реттелген.

Осы мəселені зерттеген отандық ғалым М.Д. Қаражанов өзінің ғылыми мақаласында қылмыстың алдын алу жəне болдырмаудағы мемлекеттік емес детективтік қызметтің шет елдік тəжірибесін жəне детективтік қызметті Қазақстан Республикасында енгізудің мəселелерін зерттей келе, жеке детективтік жəне күзет қызметінің аралас мүлік нысаны бар ұйымдар мен жеке кəсіпкерлік саласын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғаудағы маңызының зор екенін айта отыра, бұл қызмет түрінің криминализациялану қауіпі бар жəне оны жүзеге асыратын субъектілердің Қазақстан Республикасында да, Ресей Федерациясында да криминалды қатынастар аясына тартылу қауіпі бар екенін атап өткен болатын. Өзінің ойын статистикалық мəліметтермен бекіте келе, автор 1993-

1998 жж. Ресей Федерациясында жеке детективтік жəне күзет ұйымдарының қызметкерлерімен

жасалған құқық бұзушылықтардың саны жыл сайын артып отырғанын айтады. Оларға жасалған ескертулердің, қызметтерінің тоқтатылуы, айыптыларды əкімшілік жəне қылмыстық жазаға тарту

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

санының көбейгендігіне назар аударады. Осылайша, мысалы, 1997 ж. күзет-іздестіру құрылымдарында атыс қаруларының 49 жоғалып, 34 ұрланған, олардың қолданылуының 68 фактісі тіркелген. 18 жағдайда атыс қаруы əрекет етуші заңды бұза отырып қабылданған. Ал егер отандық статистиканы алар болсақ, Қазақстан Республикасында Қылмыстық кодекстің 230-б. (252-б. жаңа Қылмыстық кодекс) «Жекеше күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы»

бойынша 2008 ж. — 13 қылмыс, 2009 ж. — 13 қылмыс, 2010 ж. — 15 қылмыс, 2011 ж. — 20 қылмыс, 2012 ж. 21 қылмыс тіркелген [9; 17, 18].

Біздің ойымызша, аталған қызмет түрінің қылмыстанып кету қауіпін айтып, оны статистикалық мəліметтермен толықтырған М. Қаражановтың ойы жалпыланған жəне тек қана күзет қызметін қамтиды, бірақ детективтік қызметті емес. Əр түрлі мемлекеттер арасындағы детективтік қызметті жүзеге асыру жəне оның қылмыспен күресудегі орнын анықтауда салыстырмалы талдау жасай отырып, бұл қызметтің оң сипаттарға ие жəне өзін тек жақсы жағынан көрсете алады деген пікірдеміз.

Ал осы мақаланың зерттеу пəні болып жеке детективтермен жасалатын маңызды қызметтердің бірі – қылмыстық іс бойынша мəліметтер жинау жəне оларды дəлелдемелер ретінде табыс ету.

Өкінішке орай, біз жеке детективтік қызмет туралы заңды қабылдауда өте кешігіп келеміз, оның өзі біздің азаматтарға кері əсерін тигізуде. Оған адвокаттық қауымдастықтың өкілдері де өз үмітін арта отырып, детективтердің полиция органдарының қызметіндегі кемшіліктердің орнын толтыратынына сенеді. Мысалы, көршілес Ресейде жеке детективтік жəне күзет қызметі туралы заң 1992 ж.

қабылданып, қосымша өзгерістер мен толықтыруларды енгізе отыра, сəтті қолданылып келе жатыр.

Қазақстанда болса, жеке детективтік қызмет заңсыз деңгейде əрекет етуде, мемлекет пен заңның талаптарына сəйкес келмейді, сондықтан да қылмыстық қауымдастық үшін қолайлы жағдай туғызуда. Жеке детективтік қызметті енгізудің қажеттілігі туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өздері де айтқан болатын. Мəселен, бір «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалды полиция комитетінің қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша бөлімінің басшысы бұл институт сотқа дейінгі өндірістің тиімділігін арттыру мен қылмыстарды ашудың жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болатын дəлелдеу ақпараттарын алудағы маңыздылығын атап көрсетті. Қылмысты ашуға жеке детективтерді тарту мемлекеттік жəне мемлекеттік емес құрылымдар арасында бəсекелестік туғызып, оның өзің тергеудің толық жүргізілуіне жəне қылмыстық іс жүргізудегі сайысушылық қағидасын толық қолдануға мүмкіндік туғызады. Ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстарды ашу құқық қорғау органдарына өз күштерін жəне құралдарын ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды ашуға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Ішкі істер министрлігі жеке детективтік қызметтің Қазақстан Республикасында енгізілуі мүдделі мемлекеттік органдардың болуымен жəне демеуімен ғана енгізілуін жеткізеді [10].

Жеке детективтік қызметтің қылмыстық сот өндірісіне қатысушалырдың мүдделеріне қатысты мəліметтерді жинаудың қылмыстық іс жүргізу қызметімен байланысы танудың бір объектісімен негізделген – жасалған қылмыстың жағдайлары жəне іске қатысты басқа да жағдайлардың болуы.

С.А. Шейфердің айтуы бойынша, қылмыстық іс жүргізуде қолданылатын тəсілдердің детективтермен мəліметтер жинау кезінде тану үшін қолданылатын тəсілдерінің ұқсастығы өзіне назар аудартқызады [11; 57].

Өздерінің ғылыми мақалаларында бұл мəселені жан-жақты зерттеген А. Соловьев мен В. Семенов жедел іздестіру қызметінің материалдары сияқты жеке детектив қызметінің барлық матераиалдары қылмыстық іс жүргізу процедурасын жүргізу арқылы дəлелдемелерге ауысу мүмкіндігіне ие бола алмайтынын айтады. Сондықтанда жеке детективпен алынған мəліметтерді

(ақпаратты) дəлелдемелерге айналдыратын жағдайларды анықтау қажет. Бұл мəселенің шешімін

табуда, олардың ойынша, іске қатыстылық пен нақтылықты анықтау мүмкін емес, өйткені қылмыстық іс жүргізудің бұл категориялары қылмыстық іс жүргізу қызметінің шегінде қолданылмауы керек. Жеке детективпен алынған ақпараттың іске қатыстылығы қылмыстық қудалау органдары басшылыққа алатын Қылмыстық-процессуалдық кодекстің нормаларымен емес, клиенттің мүддесімен жəне жасасқан шартпен анықталатынын естен шығармау керек. Аталған жағдай жеке детектив жəне тергеушімен жиналатын ақпараттың көлемі мен сипатындағы айырмашылықтарды ескереді. Сондықтан жеке детективпен алынған ақпараттың маңызы тергеушімен немесе ол мəліметтерді оған беріп жатқан қылмыстық сот өндірісінің қатысушысымен тек шамамен ғана анықталады, өйткені олар қылмыстық-процессуалдық заңмен іс бойынша дəлелдемелердің

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

жеткіліктілігін, тиістілігін, анықтылығын бағалайтын субъектілерге жатпайды. Қылмыстық істегі ақпараттың анықтылығы жəне іске жататындығы, сонымен бірге жеке детективтің мəліметтері де қылмыстық процестік дəлелдеудің субъектілерімен дəлелдемелердің жиынтығының болуы кезінде тек қылмыстық істерді сотта қарау немесе тергеу кезінде бағалануы мүмкін [12; 83].

Осы авторлар Қылмыстық-процессуалдық кодекске «Жеке детективтік қызметтің нəтижелерін дəлелдеуде қолдану» атты қосымша бапты қосып, оның мазмұнын келесідей етіп жазуды ұсынған:

«Жеке детективтік қызметтің нəтижелері қылмыстық іс бойынша дəлелдеуде қылмыстық сот

өндірісінің қатысушыларымен олардың пайда болуының қайнар көзін, ұсыну хаттамасында заттар мен құжаттардың алыну жағдайын көрсете отырып, сонымен қатар жеткіліктілігін, тиістілігін, анықтылығын олардың негізінде қажетті тергеу əрекеттерін осы Кодекс талаптарына сай болғаннан кейін қолданылуы мүмкін».

Сонымен қатар қылмыстық істе жеке детективтің қызметінің нəтижесінде алынған ақпараттың екі түрі болуы мүмкін деген олардың пікірлерімен келіспеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда аталған процессуалдық тəртіптерді жүргізу барысында қылмыстық процессуалдық дəлелдемелерге айналған ақпарат. Екіншіден, əр түрлі жағдайларға байланысты дəлелдемелер мəртебесіне ие болмаған, ақиқатында күмəн туғызбайтын процессуалды емес ақпарат.

Кез келген дəлелдемелер сияқты, тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық дəлелдемелерге айналған жеке детективтен алынған ақпарат, қылмысты тергеу кезінде пайда болған əр түрлі мəселелерді шешу үшін қолданылуы мүмкін (тергеу əрекеттерін жүргізу кезінде жəне негіз ретінде, тергеу əрекеттерін жүргізудің тактикасын жəне тергеуді ұйымдастыру мəселелерін шешу, процессуалдық шешімдер қабылдау кезінде қолданылады).

Процессуалды емес сипатқа ие жеке детективтен алынатын ақпараттың қолданылу саласы шектеулі сипатқа ие. Шектеусіз ол тергеудің тактикасы жəне ұйымдастыру мəселелерін шешу кезінде қолданылуы мүмкін. Бұндай мəліметтер заңда қосымша талаптармен мысалы, деректердің жеткіліктілігімен, негізделмеген тергеу əрекеттерін жүргізуге негіз болып табылады деген ойға келеді. Басқа жағдайларда жеке детективтен алынған процессуалды емес ақпарат қосымша сипатқа ие жəне істе дəлелдемелер бар кезінде маңызға ие болуы мүмкін [12; 85].

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлеріне қосыла отырып, жеке детективтің қызметі нəтижесінде алынған мəліметтер дəлелдеуде маңызды сипатқа ие болады, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша заңды жəне негізді шешімдер қабылдауға, азаматтар мен ұйымдардың Конституцияда бекітілген заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда жəне оларға берілген құқықтардың шеңберін кеңейтуде, маңызды сипат алады деген тұжырым жасай аламыз.

Осыған орай, Қазақстан Республикасында жеке детективтік қызметті енгізудің астарында конституциялық негіз жатқанын ерекше айта кеткен жөн.

Əдебиеттер тізімі

1 Заключение научной правовой экспертизы проекта Закона «О частной детективной деятельности» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: //http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31382137&mode=p&page=1.

2 Ансель М. Методологические проблемы сравнительного права / М. Ансель // Очерки сравнительного права. — М.:

Прогресс, 1981. — 86 с.

3 Изосимова М. Розыск: исторический обзор / М. Изосимова // Профессионал. — 1999. — № 1. — C. 47–50.

4 Белорусов В. Частный детектив в уголовном процессе: некоторые аспекты проблемы / В. Белорусов, Е. Шишов //

Уголовное право. – 2001. — № 2. — C. 52–55.

5 Евланова О.А. Участие частных детективных и охранных предприятий в борьбе с преступностью: криминологиче- ский аспект: диc. … канд. юрид. наук / О.А. Евланова. — М., 1999. — 145 с.

6 Дашков Г.В. Обеспечение законности в деятельности частных правоохранительных служб за рубежом / Г.В. Дашков, В.Н. Китаев, И.А.Мелик-Дадаева, Л.П.Тюрина. — М.: Манускрипт, 1994. — 94 с.

7 Бенедик В.И. Негосударственная системы обеспечения безопасности: опыт зарубежных государств / В.И. Бенедик.

[Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://specialsecupity.biz/publ/5-1-0-5.

8 Досье на проект Закона Республики Казахстан «О частной детективной деятельности» // Заключение научной эко- номической экспертизы законопроекта. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://online.zakon.kz/Document /?doc_id=31382137&mode =p&page=2.

9 Каражанов М.Д. Зарубежный опыт негосударственной детективной деятельности в предупреждении и предотвращении преступности / М.Д. Каражанов // Вестн. КазНУ. Сер. Юридическая. — 2014. — № 4. — C. 15–20.

10 Пакирдинов М. В помощь следователю и адвокату / М. Пакирдинов. [Электронный ресурс]. — Режим доступа:

http://news.ivest.kz/111102929.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(7)

11 Шейфер С.А. Использование непроцессуальных познавательных мероприятий в доказывании по уголовному делу / С.А. Шейфер // Государство и право. — 1997. — № 9. — С. 57–61.

12 Соловьев А. Использование результатов частной детективной деятельности при расследовании преступлений / А. Соловьев, В. Семенов // Уголовное право. — 2005. — № 5. — С. 82–87.

Р.Н. Шайхаденов, Л.В. Брусницын

Использование результатов частной детективной деятельности в качестве доказательств: зарубежный и казахстанский опыт

На современном этапе развития Казахстана возникает необходимость передачи специализированным субъектам права реализовывать отдельные функции государственных органов, направленных на удовлетворение законных потребностей физических и юридических лиц. В этой связи задачи по реализации прав и законных интересов физических и юридических лиц становятся предметом дея- тельности не только правоохранительных органов, но и иных субъектов правоотношений. Отмечено, что актуальность введения института частной детективной деятельности, прежде всего, связана с тем, что в Республике Казахстан назрела необходимость правового регулирования отношений в указанной сфере. Это обусловлено тем, что даже в отсутствие правового поля многими физическими и юридиче- скими лицами (к примеру, частными охранными организациями, бывшими сотрудниками правоохра- нительных органов), в силу осуществления их деятельности, приходится применять на практике от- дельные приемы и методы оперативно-розыскной деятельности, не выходя за рамки действующего законодательства и ни в коем случае не вторгаясь в интересы частного бизнеса и государства, не затрагивая личную жизнь граждан. Подчеркнуто, что в соответствии со ст. 13 Конституции Рес- публики Казахстан каждый вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами. В этой связи введение института частной детективной деятельности в Республике Казах- стан имеет под собой конституционную основу. При этом главной его задачей должно стать расшире- ние возможности граждан по защите своих прав и законных интересов. Авторы, рассматривая зару- бежный опыт использования сведений (информации), полученных в результате детективной деятель- ности, в качестве доказательств в уголовном судопроизводстве и проведя сравнительный анализ, по- пытались дать свою оценку относительно этого вопроса.

Ключевые слова: доказывание, частная детективная деятельность, доказательства, уголовное судопроизводство, уголовный процесс, частный детектив, детективные услуги, детективные мероприятия, заказчик, уполномоченный орган, предпринимательская деятельность.

R.N. Shaikhadenov, L.V. Brusnitsyn

Use of results of private detective activity as proofs:

foreign and Kazakhstan’s experience

At the present stage of development of Kazakhstan there is a need of transfer to specialized persons of law to realize separate functions of the state bodies directed to satisfaction of legitimate needs of physical persons and legal entities. In this regard tasks on implementation of the rights and legitimate interests of physical per- sons and legal entities become object of activity not only law enforcement agencies, but also other subjects of legal relationship. Relevance of entering of institute of private detective activities, first of all, is connected with the fact that in the Republic of Kazakhstan need of legal regulation of the relations for the specified sphere ripened. It is caused by the fact that even in lack of the legal framework many physical persons and le- gal entities (for example, the private security organizations, former employees of law enforcement agencies), owing to implementation of their activities, it is necessary to put into practice separate acceptances and me- thods of operational search activities, without being beyond the current legislation, and without interfering in interests of private business and the state at all, without affecting private life of citizens. According to article 13 of the Constitution of the Republic of Kazakhstan everyone has the right to protect the rights and freedoms by all methods which aren't contradicting the law. In this regard, entering of institute of private detective ac- tivities in the Republic of Kazakhstan has under itself the constitutional basis. At the same time its main tasks shall become expansion of a possibility of citizens on protection of the rights and legitimate interests. In this article, the author, considering foreign experience of use data (information) received as a result of detective activities as proofs in criminal trial and having carried out the comparative analysis, tried to give the assess- ment of this question.

Keywords: proof, private detective activities, proofs, criminal trial, criminal process, private detective, detective services, detective actions, customer, authorized body, business activity.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(8)

References

1 Zakliuchenie nauchnoi pravovoi ekspertizy proekta Zakona «O chastnoi detektivnoi deiatelnosti» [Conclusion of scientific legal project appraisal of the Law «About Private Detective Activities»]. online.zakon.kz Retrieved from //http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31382137&mode=p&page=1 [in Russian].

2 Ancel, M. (1981). Metodolohicheskie problemy sravnitelnoho prava [Methodological problems of the comparative right].

Ocherki sravnitelnoho prava – Sketches of the comparative right, 86. Moscow: Prohress [in Russian].

3 Izosimova, M. (1999). Rozysk: istoricheskii obzor [Search: historical overview]. Professional – Professional, 1, 47–50 [in Russian].

4 Belarusians, V., Shishov, E. (2001). Chastnyi detektiv v uholovnom protcesse: nekotorye aspekty problemy [The private de- tective in criminal procedure: some aspects of a problem]. Ugolovnoe pravo – Criminal law, 2, 52–55 [in Russian].

5 Evlanova, O.A. (1999). Uchastie chastnykh detektivnykh i okhrannykh predpriiatii v borbe s prestupnostiu: kriminolohi- cheskii aspekt [Participation private detective and security the entity in fight against crime: criminological aspect]: Candidate’s the- sis. Moscow [in Russian].

6 Dashkov, G.V., Kitayev, V.N., Melik-Dadaeva, I.A. & Tiurina, L.P. (1994). Obespechenie zakonnosti v deiatelnosti chast- nykh pravookhranitelnykh sluzhb za rubezhom [Law enforcement in activities of private law-enforcement services abroad]. Moscow:

Manuscript [in Russian].

7 Benedick, V.I. Nehosudarstvennye sistema obespecheniia bezopasnosti: opyt zarubezhnykh hosudarstv [Non-state system of safety: experience of the foreign states]. specialsecupity.biz Retrieved from http://specialsecupity.biz/publ/5-1-0-5 [in Russian].

8 Dose na proekt Zakona Respubliki Kazakhstan «O chastnoi detektivnoi deiatelnosti» [The file on the bill of the Republic of Kazakhstan «About private detective activities»]. Zakliuchenie nauchnoi ekonomicheskoi ekspertizy zakonoproekta – the Conclusion of scientific economic examination of the bill. Retrieved from http://online.zakon.kz/Document /?doc_id=31382137&mode=p

&page=2 [in Russian].

9 Karazhanov, M.D. (2014). Zarubezhnyi opyt nehosudarstvennoi detektivnoi deiatelnosti v preduprezhdenii i predotvrashche- nii prestupnosti [Foreign experience of non-state detective activities in preventions and prevention of crime]. Vestnik KazNU. Ser.

Iuridicheskaia – Bulletin of KazNU, 4, 17–20 [in Russian].

10 Pakirdinov, M. V pomoshch sledovateliu i advokatu [For the aid to the investigating officer and the lawyer]. zakon.kz Re- trieved from zakon.kz//http://news.ivest.kz/111102929 [in Russian].

11 Sheyfer, S.A. (1997). Ispolzovanie neprotcessualnykh poznavatelnykh meropriiatii v dokazyvanii po uholovnomu delu [Use not procedural informative an action in proof for criminal case]. Gosudarstvo i pravo – State and Law, 9, 57–61 [in Russian].

12 Solovyov, A., Semenov, V. (2005). Ispolzovanie rezultatov chastnoi detektivnoi deiatelnosti pri rassledovanii prestuplenii [Use of results of private detective activities in case of investigation of crimes]. Uholovnoe pravo – Criminal law, 5, 82–87 [in Russian].

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Психикалық дамуы тежелген балалармен дəрігерлік-психологиялық-педагоги- калық жəне түзету шараларын жүргізгенде мамандар мынадай маңызды ұстамдарды сақтауы тиіс: жеке

«Жəйрем кен-байыту комбинаты» АҚ негізгі өнеркəсіптегі атқаратын қызметі — темір-марганец кенін өндіру жəне өңдеу.. Комбинатта шығарылатын дайын өнімдер — темір

Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде (өзінің басты компонентінен) басқа жүктелген міндеттерді

Жетілдіру жағдайында қазақстандық қоғам құндылықтарының өзгеру үдерісін жəне осы өзгерістерге жеке тұлғаның бейімделуі механизмін зерделеу

Әр қазақстандық жаңа қоғамда табысты өмір сүру үшін өзіндік сананы сапалы дамытуды терең сезінсе, онда жеке сананың трансформациялану нәтижесі

Кəсіби іс-тəжірибе барысында студенттердің осы бағыттағы тапсырмаларды орындауы, зерттеу нəтижелерін талдап, қорытындылауы, біріншіден, базалық жəне

Бұл мақалада біріншілік таскөмірлі шайырды өңдеудің дəстүрлі емес (роторлы-пульсациялы ка- витация) əдістерін іздестіру, бағалау жəне оның физика-химиялық

Зерттеу барысында «көшірме-жұп» əдісі қолданылды, яғни негізгі топтағы зерттеулер үшін алынатын бірліктер бақылау топтағы бірліктермен сəйкес болуы