• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Problems of economic and environmental aspects in the field of sustainable development of hotel services

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Problems of economic and environmental aspects in the field of sustainable development of hotel services"

Copied!
14
0
0

Толық мәтін

(1)
(2)

ISSN (Print) 2079-620Х ISSN (Online) 2617-5193

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ

ЭКОНОМИКА СЕРИЯСЫ ECONOMIC SERIES

OF THE BULLETIN OF L.N. GUMILYOV ENU

ЭКОНОМИЧЕСКАЯ СЕРИЯ ВЕСТНИКА ЕНУ ИМЕНИ

Л.Н. ГУМИЛЕВА

№ 2•2020

2010 жылдан бастап шығады Издается с 2010 года

Founded in 2010

Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Нұр-Сұлтан, 2020 Нур-Султан, 2020 Nur-Sultan, 2020

(3)

Бас редакторы С.Б. Мақыш

э.ғ.д., профессор Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Бас редактордың орынбасары А.М. Бакирбекова, э.ғ.к., қауымдаст. проф. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Редакция алқасы

Акимова Б. Ж. э.ғ.к., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Алибекова Б.А. э.ғ.к., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Аманова Г. Д. э.ғ.к., қауымдаст. проф., Л.Н.Гумилев атынд.ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Арын Е. М. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Байжолова Р.А. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Бейсенова Л.З. э.ғ.к., қауымдаст. проф., Л.Н.Гумилев атынд. ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Дуйсембаев А. А. э.ғ.к., қауымдаст. проф., Л.Н.Гумилев атынд.ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Егембердиева С.М. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Есенова Г. Ж. э.ғ.к., қауымдаст. проф., Л.Н.Гумилев атынд. ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Кирдасинова К.А. э.ғ.к., қауымдаст. проф., Л.Н.Гумилев атынд. ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Кучукова Н.К. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Лавровский Б.Л. э.ғ.д., проф., Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Новосібір, Ресей Мадиярова Д.М. э.ғ.д., проф., Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу, Ресей

Майдырова А.Б. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Муталиева Л.М. э.ғ.к., қауымдаст. проф., Л.Н.Гумилев атынд. ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Никифорова Е.В. э.ғ.д., проф., РФҮкіметінің жанындағы Қаржы университеті, Мәскеу, Ресей Палешкевич Д. PhD, проф., Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Варшава, Поль-

ша

Петрова М. PhD, доцент, Әулие Кирилл және Мефодий ат. Университет, Керемет Тырново, Болгария

Санг Кю Ли PhD, проф., Андонг ұлттық университеті, Андонг, Оңтүстік Корея Сембиева Л.М. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Сидорович А.В. э.ғ.д., проф.,М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалы,

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Сыздыкбаева Б.У. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Толысбаев Б.С. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Урузбаева Н.А. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Шалболова У.Ж. э.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Шаш Н.Н. э.ғ.д., проф., Г.В. Плеханова атындағы РЭУ, Мәскеу, Ресей

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев к-сі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 402 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-457) E-mail: vest_econom@enu.kz Жауапты хатшы, компьютерде беттеген:

Қ.Ж. Жұмабекова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы

Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен тіркелген. 18.02.14ж.

№ 14171-Ж -тіркеу куәлігі

Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 25 дана Басуға 28.06.2020 ж. қол қойылды

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі,13/1, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тел.:+7(7172)709-500 (ішкі 31-457) © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(4)

МАЗМҰНЫ Экономикалық теория

Айдаргалиева Н.Ғ. Білім беру нарығының құрылымдық субъектілері 8 Доғалов А.Н., Қайранбеков Б.О., Мусиров Ғ. Мұстафа Шоқайдың Түркістан өлкесінде және Қазақстанда үргізілген кооперациялау мәселелері туралы 16 Ибраимова С.Ж., Эрназаров Т.Я., Каримбергенова М.К. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдірудің экономикалық басымдықтары (Павлодар облысының материалдары негізінде)

23

Мисник О.В., Есенова Г.Ж., Жоламанова М.Т. Қазақстанның ауыл шаруашылығы шағын және орта бизнесіне арналған сандық технологиялар трендтері 36 Токсеитова А.С., Есенова Г.Ж., Жоламанова М.Т. Экономиканы цифрландыру жағдайында

халықты әлеуметтік қорғау 43

Джанг Д., Боговиева Э. Тұтынушылардың қаптаманы физикалық ашуда өнімге үйреншікті

қарым-қатынасын қабылдау әсері 51

Менеджмент

Абайділда Ә.Е. ЭЫДҰ елдері мен Қазақстандағы зерттеулер мен әзірлемелер көрсеткіштерін

салыстырмалы талдау 61

Қадырбергенова А.Ж., Кошкина Н.В., Шилибекова Б.С. Менеджердің сенімділік іс-әре-

кетінің персонал басқару құралы ретінде қарастырылуы 71

Каркинбаева Ш.И. Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің қазіргі жағдайы және дамыту бағыт-

тары 78

Пестунова Г.Б., Мадиярова Е. С., Зейнуллина А.Ж. Шығыс Қазақстанның рентгенодиагно- стикалық жабдықтарын жеткізушілер нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары 86 Сабиров Д.З., Смыкова М.Р. Қонақ үй қызметінің инновациялық сапа басқару әдістері 99 Улыбышев Д.Н., Жайлауов Е.Б., Кенжебеков Н.Д. Өңірлік инновациялық жүйелердің

инновацияны қабылдау қабілеттік деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерін саралау әді- стемесі

108

Қаржы

Курманов Н.А., Муталиева Л.М., Алиева Ж.Ж. Кәсіпкердің сандық құзыреттілік профилін

қалыптастыру 123

Рахимжанова К.К., Мақыш С.Б. Проблемалық несиелерді басқару жүйесі 135 Сембеков А.К. Қазақстанның сақтандыру нарығы және заманауи сын-тегеуріндер 147 Усипбеков А.А., Нурумов А.А. Қаржы нарығының интеграциялық қалыптасуы 160

Есеп және аудит

Абжалова Б.А., Нурмухаметов Н.Н., Шахарова А.Е. Тәуекелге бағдарланған тәсіл кон-

текстіндегі сыртқы мемлекеттік аудит 165

Туризм

Дуйсембаев А.А., Усенова Д.М., Хасенханов Н.Б. Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту сала- сындағы экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері 170 Дүйсембаев А.А., Мукатова Р.А. Шетелдік тәжірибедегі этнотуризм дамуының теори-

ялық негіздері 180

(5)

ХҒТАР 06.71.57

А.А. Дуйсембаев¹, Д.М. Усенова², Н.Б. Хасенханов³

¹²Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан, ³Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

Қарағанды, Қазақстан

(E-mail: azeke-78@mail.ru, magdina9@mail.ru, nurshuak.mail.ru@mail.ru) Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту саласындағы

экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері

Аңдатпа. Соңғы онжылдықта әлемдік экономикада туризм және қонақжайлылық индустри- ясының тұрақты дамуының жаңа үрдістері байқала бастады. Бірінші кезекте бұл жасыл экономика және жасыл туризм жағдайында экологиялық жауапты қонақ үйлерді ғылыми тұрғыдан практикаға енгізу және зерттеу тұжырымдамаларын қалыптастыруға жатады. Мақалада туризмнің тұрақты дамуының өзекті мәселелері, тұтас менеджменттің қазіргі заманғы бағыттарының бірі ретінде экологиялық жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Проблеманы әзірлеу дәрежесіне библи- ографиялық шолу жүргізу нәтижесінде, аталмыш тақырып сараптамасының шетелдік тәжірибесі зерттелді, атап айтқанда, қонақжайлылық индустриясындағы «жасыл қонақ үйлерді» дамыту мәсе- лелері, «жасыл қонақ үйлердегі» экологиялық ортаны жақсарту мақсатында қолданылатын әдістер, қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының тұрақты дамуына әсер ететін факторлар зерттел- ді. Мақалада туризм және қонақжайлылық саласындағы экологиялық аспектілері мен экологи- ялық жауапкершілік ерекшеліктеріне көңіл бөлінген.

Түйін сөздер: туризм, туризмнің тұрақты дамуы, қонақ үй индустриясы, жасыл туризм, жа- сыл қонақ үйлер, экологиялық жауапкершілік.

DOI: https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-2-170-179 Қонақ үй индустриясы туризм индустриясының ажырамас және іргелі бөлігі болып табылады, қазіргі жағдайда бұл әлемдік экономиканың тез дамып келе жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі.

Жаппай қонақ үй кәсібіннің пайда болуы, тұрақтау аулалары мен таверналардың тар- мақталған желісінің дамуы Рим империясында б.з.д. VI ғасырдан б.з. I ғ. дейінгі саяхат- тардың дамуымен байланысты болды. Содан бері орналастыру құралдары туризм және қонақжайлылық индустриясының ажырамас бөлігі болып табылады. Аса сапалы қонақ үй қызметтері XVIII ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында пайда болды, мысалы, «Сити Отель» бірінші 70-бөлмелі қонақ үй 1794 жылы Нью-Йоркте салынды, кейін сол жерде 1859 жылы «Эверест» лифті және электр жарығы бар бірінші қонақ үй пайда болды. Туриз- мнің қарқынды дамуы саяхатты жағымды және жеңіл ететін құралдар мен ыңғайлықтарға деген қажеттілікті тудырды. Шетелдік зерттеуші Т. Локьер қонақ үй индустриясындағы

ТУРИЗМ

TOURISM

(6)

маңызды өзгерістердің кейбірі, соның ішінде қонақ үйлерде кілттерсіз құлыптардың пайда болуы (1970-ші жылдар), түрлі-түсті теледидар (1970-ші жылдар), қонақтарды нөмірде тек- серу (1980-ші жылдар), интернетте нөмірлерді брондау (1990-ші жылдар) немесе нөмірде сатып алу (1990-ші жылдар) туралы тарихи мысалдар келтіреді [1]. Қазіргі таңда аталған қызметтер түрі қонақ үй саласының мол табысқа жеткізер құралына айналуда.

Қонақжайлық индустриясы мейрамхана және қонақ үй кәсібін үйлестіретін сала ретінде қарастырылады. Дегенмен, оның едәуір үлкен үлесін туризм саласының негізгі ма- териалды-техникалық базасы болып саналатын қонақ үй индустриясы қамтиды. Көптеген зерттеулерде қонақ үй саласының туристік бағыттың құрылымдық элементтеріне тиістілі- гі мен маңыздылығы атап көрсетіледі. Сонымен қатар, П. Сверак пен З. Джуригова сала- ның бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне назар аудара келе, келесі мәселені атап көрсетеді:

«нақты орналастыру секторына, сұраныстың жоғары стандарттарына, ұсыныс және өсіп келе жатқан бәсекелестік саласындағы жаңа үрдістерге шоғырлана отырып, қонақ үй сала- сының туристік бағыттағы құрылымдық элементтеріне орналастыру құралдарын жаңғырту жүргізілді» [2, б.313-318 бб.].

Қонақ үй бизнесін басқарудағы инновациялық мүмкіндіктерінің кеңінен дамуы қонақ үйдің бәсеке қабілеттілігін арттыруда. Әсіресе, соңғы уақытта жаңа ақпараттық техноло- гиялардың қолжетімді орындар мен брондау ауқымының артуына жағымды әсерін айтуға болады.

Б. Орфила-Синтес және Дж. Матсон авторлары қонақ үйлердің оңтайлы жұмыс атқа- руына инновациялардың жағымды әсерін, атап айтқанда, көрсетілетін қосымша қызметтер түрлерін кеңейтуді, туроператорлардың көмегімен брондаудап, қонақ үй желісіне қонақ үй- лердің тартылуын зерттейді [3, б.380-394 бб.].

Сонг Х. И. және басқа да шетелдік зерттеушілердің пікірінше қонақ үй бизнесі мен туристік саланың жалпы тиімді дамуына әсер ететін жекелеген факторлар арасындағы өза- ра байланысты анықтау және қонақ үй индустриясының негізгі көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс әлі күнге дейін зерттелмеген мәселелер болып қала береді [4, б.63-81 б.].

Соңғы онжылдықтағы ғылыми еңбектерде қонақ үй индустриясы мен туризмде- гі тұрақтылық мәселелеріне көп көңіл бөле бастады. Туризмдегі тұрақтылық пен оның ғылыми әдебиеттегі өлшемінің маңыздылығы З. Джуригова, П. Сверак сияқты авторлар- мен және қонақ үй индустриясындағы тұрақты даму стратегиясын дамыту қажеттілігіне сілтеме жасайтын басқа да зерттеушілермен атап өтіледі. К. Манактола және В. Джаухари сияқты шетелдік зерттеушілер қонақ үй индустриясын су, электр қуаты сияқты сарқылатын табиғи ресурстарды едәуір тұтынудан экологиялық проблемалардың негізгі көзі ретінде анықтайды [5, б.364-365 бб.].

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде экологиялық таза әдістерді олардың күнделікті қы- зметіне интеграциялауды жүзеге асыру үшін түрлі бизнес-ұйымдарға айтарлықтай қысым байқалады және қонақжайлылық индустриясы бұл тізімнен тысқары емес. Сол себепті қоршаған ортаны қорғау мақсатында қонақжайлылық индустриясында қызмет етуші ме- неджерлері су қорын, энергия көздерін үнемдеуге, сонымен қатар, зиянды қалдықтар мен шығындарды азайтуға негізделген бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ты- рысады. Көптеген шетелдік қонақ үйлер аталмыш үрдістерді ескере келе, инновациялық тәсілдерді қарқынды енгізіп және өз отельдерін экологиялық таза болуы үшін экологиялық бағдарламалар қалыптастырады, соның нәтижесінде, тұтынушыларға тартымды және на- рықта бәсекелестік позицияларды иеленетін ерекше «жасыл қонақ үйлер» деп аталатын мейманханалар пайда болады. Бұл бағытта қонақжайлылық индустриясындағы тұрақты да- мудың зерттеушілері М. Миллар және С. Балоглу «жасыл қонақ үйлер» тұжырымдамасын дамытуды ұсынады және оны «экологиялық тиімді операция» деп анықтайды, ол қонақ үй қонақтарын экологиялық таза, гигиеналық және сау азық-түлікпен қамтамасыз етеді және

А.А. Дуйсембаев, Д.М. Усенова, Н.Б. Хасенханов

(7)

сонымен бірге энергия үнемдеу мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді» [6, б.302-305 бб.].

Зерттеулердің соңғы нәтижелері көрсеткендей, қоршаған ортаға әсерін жақсарту үшін жасыл отельдерде қолданылатын ең көп таралған әдістерге суды үнемдеуді, рецир- куляцияны, энергияны үнемдеуді және қатты қалдықтарды қысқартуды жатқызуға болады.

Көптеген зерттеулерде қонақжайлылық индустриясын экологияландыру қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алып, зиянды қалдықтарды өңдеуге әсерін тигізетін кәсіп жүргізудің тың ойларын әзірлеу үдерісі ретінде қарастырылады. «Жасыл қонақ үйді» анықтау үдерісі оңай шаруа емес, себебі «экологиялық таза қонақ үйді нақ осы деп басып айту қиын», оған әсерін тигізетін көптеген факторлар бар. Бір қонақ үйде төсек-орынды қайта пайдаланудың жалпыға танылған бағдарламалары, сондай-ақ, қалдықтарды басқарудың тиімді жүйелері болуы мүмкін, ал басқа қонақ үйлерде жарық диодты шамдар мен қозғалыс датчиктері, сондай-ақ, қонақ үй нөмірлері мен лоббидегі күн жарығы сияқты энергия үнемдейтін жаб- дықтарды орнату арқылы энергия үнемдеу бағдарламалары іске асырылады. Сондықтан қонақжайлылық индустриясының менеджерлері үшін клиент «жасыл қонақ үйді» қалай қабылдайтынын түсіну өте маңызды.

Ұзақ мерзімді перспективадағы мәселе экономикалық және экологиялық тұрақты даму мәселесі, экономиканың қарқынды дамуы табиғи байлықтарды үлкен мөлшерде қа- жет етеді, табиғатқа теріс әсерін тигізеді. Қонақ үй индустриясының кәсіпорындарында экологиялық технологияларды енгізу отандық қонақ үйлердің туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарығында бәсекеге қабілеттілігін және имиджін арттыруға мүмкіндік береді.

Шетелдік авторлар Г.С. Кушуаха, Н.К. Шарма экологиялық жауапты қонақ үйлер қор- шаған ортаны қорғау мақсатында суды және энергияны үнемдеу, қатты қалдықтар санын қысқарту, қызмет көрсету заттарын қайта өңдеу және пайдалану үшін экологиялық этикет- каларды пайдалану мәселелеріне назар аударады [7, 121 б.].

А.К. Сити-Набиха, Р.А. Джорж және басқа да ғалымдардың ойынша, «жасыл қонақ үйлер» туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы ластаушы заттардың көлемін азайтып, болашақта тұтынушылар тарапынан айтарлықтай сұранысқа ие болады [8]. Алайда, бар- лық тұтынушылар жасыл отельдердің артықшылықтары мен механизмдерімен таныс емес.

Бүгінгі таңда туристер кейбір қонақ үйлерде «жасыл нөмірлер» бар екендігін ғана біледі.

Х. Чой және басқа авторлардың зерттеулерінде дәстүрлі қонақ үйлер сапарлар мен са- яхаттар кезінде туристердің негізгі таңдауы болып табылады, себебі қонақ үй қызметтерін тұтынушылардың көпшілігі жасыл қонақ үйлермен әлі таныс емес [9, 51 б.]. Осылайша, жоғарыда айтылған стратегиялар болашақта жасыл қонақ үйлердің дамуына және қонақ үй менеджменті саласындағы экологиялық жауапкершілікті қолдайтын орналастыру құралда- рына сұраныстың артуына ықпал ете алады.

К. Синжай, Л. Уината, Тайге-Ф. Куммер сияқты ғалымдар экология саласындағы көр- сеткіштер деңгейі мен аталмыш саладағы бәсекелестік артықшылықтың арасындағы бай- ланыстың бар немесе жоғын анықтау үшін дамушы елдердегі қонақ үй саласына зейін қоя отырып, алдыңғы зерттеулердің өрісін кеңейте келе, жаңашылдық пен сапаны басқарудағы стратегияның экологиялық белсенділігін ұсынды (сур. 1) [10, 135 б.].

Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту саласындағы экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері

(8)

Сурет 1 –Экологиялық көрсеткіштердің қонақ үй саласының бәсекелестік ар- тықшылықтарына оң әсер ету концептуалды үлгісі

Атап айтар мәселе, қонақ үй индустриясы басқа салалаларға қарағанда көп жағдайда клиенттердің санын көптеп тартуға ықпал ететін шешімдер қабылдауға және стратегиялық ойлауға байланысты. Жоғарыда қарастырылған зерттеудің мақсаты дамушы елдерде табиғи ресурстарға негізделген теорияны БЭС қабылдауды толықтыратын ұйымдық мүмкіндік- терді анықтау жолымен дамушы елдердегі қонақ үй кәсіпорындарға тарату болып табыла- ды, бұл өз кезегінде қонақ үй нарығында қызмет көрсететін кәсіпорындарының бәсекеле- стік артықшылықтарына әкеледі. Зерттеушілер қонақ үй саласында белсенді экологиялық стратегияны қалыптастыру үдерісінде инновациялық бағытын, оқу бағытын және сапаны тиімді басқаруды ұстануды ұсынады.

Сонымен қатар, қонақ үй индустриясын тұрақты дамыту мәселелері қонақжайлылық индустриясының жалпы менеджменттегі экологиялық жауапкершіліктің ажырамас бөлігі болып табылады.

Осылайша, У.Ф. Кристофер өзінің тұтас менеджмент мәселелеріне арналған еңбек- терінде мәдени және табиғи факторлардың кәсіпорынның тұрақтылығына әсерін атап өтеді.

Зерттеу нәтижесінде, автор мәдени ортаны коммерциялық, техникалық, экономикалық, са- яси, әлеуметтік және білім беру; табиғатты экосфераға және жер бетіндегі тіршілікке қуат беріп тұрған биосфераға бөлуді ұсынады [11].

Экологиялық жауапкершілік тақырыбы әлемнің көптеген зерттеушілерін уақыт өткен сайын тартуда. Сондықтан Ж. Порвазник қоршаған ортаның шекарасын кеңейтіп, жоғары- да аталғандарға келесілерді қосады: экологиялық білім, тауарлар мен қызметтер; табиғи ресурстарды қорғау; экологиялық технологияларға инвестициялар; кәсіпорындардың эко- логиялық мәдениеті [12].

Экологиялық жауапкершілік мәселелерін пайымдай келе, біріншіден, сапардың жа- уапты екенін, табиғатты аялап, қоршаған ортаны сақтаудың маңызды екенін түсіну. Та- биғатқа зияны жоғары барлық коммерциялық ғимараттар болып табылады, оларға барлық ұжымдық және жеке орналастыру орындарын жатқызуға болады. Қонақ үй индустриясын- дағы өндірістік тұтыну деңгейі қандай және оның қоршаған ортаға әсері қандай екенін көрсету үшін Hilton Worldwide желісі тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша

«Корпоративтік жауапкершілік» есебінің деректеріне назар аудару қажет (сур. 2) [13].

А.А. Дуйсембаев, Д.М. Усенова, Н.Б. Хасенханов

(9)

0%

-5% -7%

-10%

-12%

-14% -15%

-17%

-19%

-21%

-22%

-25%

-20%

-15%

-10%

-5%

0% Энергия көлемін тұтынуды азайту

0%

-4% -5%

-7%

-10%

-13% -14%

-17% -18%

-20%

-22%

-25%

-20%

-15%

-10%

-5%

0% Су көлемін тұтынуды азайту

0%

-7% -8%

-15% -17% -18%

-20% -21% -23%

-29%

-30%

-40%

-30%

-20%

-10%

0%

2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018

Көмір қышқыл газының қалдықтарын азайту

Сурет 2 – Hilton желісінің барлық франшиза берілген және басқарылатын қонақ үй- лерінде тұрақты даму мақсатындағы шаралар

Сонымен, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Hilton Worldwide желісінің қонақ үй- лерінде 2018 жылы 2008 жылмен салыстырғанда тұрақты дамыту саласында келесі нәти- желерді көрсетті:

- суды тұтыну 25%-ға қысқартылған (литр м²-ге шаққанда);

- энергия көлемін тұтыну 25%-ға азайған (кВт м²-ге шаққанда);

- көмір қышқыл қалдықтар 30% - ға қысқарды.

Біздің ойымызша, қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында адам ресурста- рын басқарудың тиімді жүйесін әзірлеуде экологиялық жауапкершілікті критерийлердің бірі ретінде қарастыру керек. Экологиялық жауапкершілік тақырыбы бүкіл әлемдегі зерт- теушілерді тартады, сондықтан Дж. Порвазник қоршаған ортаның шекарасын кеңейте оты- рып, келесілерді көрсетеді:

- экологиялық білім беру, тауарлар мен қызметтер;

- қорғауды, табиғи ресурстарды;

- экологиялық технологияларға инвестициялар;

- кәсіпорындардың экологиялық мәдениеті.

К.А. Голдстейн, Р.В. Примлани қонақ үй секторына бағытталған экологиялық серти- фикаттау бағдарламалары маңыздылығын ескертіп, бұл бағдарламаларды бірнеше келесі санаттарға бөлуды ұсынған: 1) қонақ үй индустриясына бағдарланған экологиялық бағдар- ламалар; 2) жасыл ғимараттарды жобалау мен пайдалануға бағытталған бағдарламалар;

және 3) жасыл өнімді сертификаттау мен стандарттау бағдарламалары (1 кесте) [14, 5 б.].

Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту саласындағы экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері

(10)

Кесте 1 Голдстейн К.А., Примлани Р.В. бойынша қонақ үй секторына қатысы бар жеке-

леген экологиялық бағдарламалар

Бағдарлама түрі Атауы Ұйым Қысқаша сипаттамасы Вебсайт

Қонақ үй бизнесі үшін маманды- рылған

экологиялық сер- тификаттау бағдар- ламалары

Green Key

Global Green Key Global, Hotel Association of Canada, LRA Worldwide, Inc.

Қонақ үйлерді экологиялық серти- фикаттау бағдарламасы. Техника- лық басшылықты қамтамасыз етеді.

Қатысушы объектілерге 1-ден 5-ке дейін өлшемдерді сақтауға байла- нысты жасыл кілттерді тағайын- дайды.

w w w .

greenkeyglobal.com

S u s t a i n a b l e Tourism Eco- C e r t i f i c a t i o n Program (STEP)

Sustainable Travel

International Туроператорлар, қонақ үйлер, ат- тракциондар, көлік және круиз ин- дустриясы үшін экологиялық сер- тификаттау бағдарламасы. 2-ден 5 жұлдызға дейін ЭКО-логотиптің басқаруын, өзін-өзі бағалау құра- лын және бағалау жүйесін қамта- масыз етеді. Элиталық қонақ үйлер үшін жеке сертификаттау ұсына- ды.

w w w .

sustainabletravelinter national.org

Green Globe C e r t i f i c a t i o n Standards

Green Globe

International Қонақжайлылық және туризм инду- стриясының барлық аспектілеріне арналған экологиялық сертификат- тау бағдарламасы. Стандарттарға кіру үшін мүшелік қажет етіледі.

Стандарттар 41 жеке тұрақты даму критерийлерді қолданатын 337 сәй- кестік көрсеткіштерін қамтиды.

Сертификаттау үшін қажетті стан- дарттарды сақтау үлесі >51%-дан асу керек. Сырттан тексеру серти- фикаттауға дейін талап етіледі.

www.greenglobe.

com

E a r t h c h e c k Assessed and E a r t h c h e c k Certified

Earthcheck Туризм және саяхат саласындағы клиенттерге кеңес беру. Бенчмар- кинг, есептілік, техникалық қолдау- ды қамтамасыз етеді

экологиялық сертификаттау бойын- ша басшылық және қызмет көрсету.

www.earthcheck.org

Ecotel HVS Қонақ үйлер үшін арнайы жасалған

экологиялық сертификаттау бағдар- ламасы. Бенчмаркинг, аудит, техни- калық басшылық және персоналды оқытуды қамтамасыз етеді. Ұсы- нымдар қаржылық әл-ауқаттылық дәрежесі бойынша жіктеледі. Сер- тификаттауға орнында тексеруды алдын ала талап етіледі.

www.ecotelhotels.

com А.А. Дуйсембаев, Д.М. Усенова, Н.Б. Хасенханов

(11)

Жасыл ғимараттар- ды сертификаттау бағдарламалары

Leadership in Enerrgy and Environmental Design (LEED)

U.S. Green Building

Council Жасыл құрылысты сертификаттау- дың халықаралық танылған жүйесі.

Ғимараттың тұрғындардың денсау- лығы мен табиғатты тиімді пайда- лануға бағытталған стратегияларды пайдалана отырып жобаланғанын және салынғанын сырттай тексе- реді

www.usgbc.org

B R E

Environmental A s s e s s m e n t Method

Building Research

Establishment (BRE) BRE-тәуелсіз ғылыми-зерттеу кеңес беру, тексеру және дәріс беру мекемесі. Сертификаттау (эколо- гиялық және қауіпсіздік), ҒЗТКЖ, сондай-ақ

салынған табиғатқа арналған кеңес беру қызметтер.

www.bre.co.uk

Green Globes Green Buildings Initiative (U.S.) and BOMA BESt / ECD Jones Lang Lasalle (Canada)

Экологиялық жобалау және ғима- ратты басқару құралы. Жасыл ғи- маратты жобалау, пайдалану және басқару бойынша онлайн-баға хат- тамасын, рейтингтік жүйені және басшылықты қамтамасыз етеді.

www.greenglobes.

com

Өнімге бағыт- талған стандарттар мен сертификаттау бағдарламалары

Energy Star U.S. Environmental

Protection Agency Әр түрлі ғимараттар үшін бенчмар- кинг қызметтерін тегін ұсынатын ерікті үкіметтік бағдарлама. Сон- дай-ақ қонақ үйде тұрмыстық тех- никаны бағалайды және жабдықта- умен көмек көрсете алады.

www.energystar.gov

Green Seal Green Seal Өнімдер мен қызметтердің өмірлік цикл негізінде сертификаттау жүй- есін әзірлейді. Мемлекеттік тұрғын үй объектілері мен қоршаған орта үшін экологиялық құрылыс бойын- ша басшылықты қамтамасыз етеді және қонақ үйлер мен орналастыру объектілеріне сертификаттау рәсім- дерін жүргізеді.

www.greenseal.org

Green Tag Ecospecifier Инфрақұрылымдағы тұрғын, ком- мерциялық, өнеркәсіптік және басқа салалардағы тексерілген өнімдердің дерекқорын қалыпта- стыру. Жазылым негізінде қызмет.

www.ecospecifer.

com.au

Талданып отырған тақырыпқа байланысты қазақстандық заңнаманы зерттеу қонақ үй бизнесі саласындағы экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жеке баптың жоқтығын анықтауға мүмкіндік берді.

Қонақ үй бизнесі индустриясы саласындағы экологиялық құқық бұзушылықтардың ерекшелігі оларды жасаған кезде экологиялық және экономикалық құндылығы бар нысан- дарға зиян келтірілетіндігі болып табылады. Экономикалық зиян табиғи ресурстардың - ор- мандардың (тауарлық орман өнімдерінің), балықтардың (балық өнімдерінің), жердің (ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін, мал басының төмендеуі және т.б.) өлуінен едәуір елеулі болуы мүмкін.

Әлем бойынша қонақ үй саласында жасыл технологияны кеңінен қолданысқа енгізу- де. Заман талабына айналған аталмыш үдеріс жай ғана сән емес экономика тұрғысынан пайдалы құбылыс. Түрлі экологиялық шараны халықаралық деңгейдегі айтулы қонақ үйлер

Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту саласындағы экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері

(12)

ғана емес сонымен қатар қарапайым қонақ үйлер де қолдануда. Электр қуатына шығынды азайту, қоқыс қалдықтарын сұрыптау, сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары қоршаған ортаға оң әсерін тигізбей қоймайды. Осындай экологиялық іс-шараларды қолдау қонақүй имиджіне де жағымды әсер етеді. Цифрлы технологияның дамыған заманында қонақ үй- лер әлеуметтік желілерінің өз парақшаларында «экологиялық мәселелер» қоршаған ортаны қорғауға қатысты ақпаратты жүктеп отырады. Себебі уақыт өткен сайын экология мәселесі халықты алаңдатуда және келетін қонақтар үшін бұл ақпарат маңызды, шешімдеріне тура және жанама түрде әсерін тигізеді.

Өкінішке орай, бүгінгі күні қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының прак- тикалық қызметіндегі экологиялық жауапкершілік мәселелері зерттелмеген күйінде қалып отыр. Қонақ үй қызметтерін тұтынушылар тиімді экологиялық менеджментке байланысты шығындарды төлеуді қалағандықтан, біздің ойымызша, отельерлер негізінен қаржылық (энергия тұтынуды басқару және қалдықтарды кәдеге жарату) талаптарды әзірлеуге назар аударуы және заңнамалық базаға ұсыныстар енгізуі қажет, тек осылайша ғана қызметкер- лерді және тұтынушыларды экологиялық жауапкершілік мәселелерін шешуге тартуға бо- лады.

Әдебиет тізімі

1 Lockyer T. The International Hotel Industry: Sustainable Management. Binghamton: The Haworth Hospitality & Tourism Press, 2007.

2 Sverak P, Jurigova Z. Analysis of regional Impacts with an Emphasis on Investment Decisions in the Hotel Industry in the Czech Republic. Case Study: Procedia Economics and Finance. -2016.- P. 313 – 318.

3 Orfila-Sintes F., Mattsson J. Innovation behavior in the hotel industry // The International Journal of Management Science. - 2009. – № 37. – Р. 380-394.

4 Song H.Y., Li G., Witt S.F., Fei B.G. Tourism Demand Modeling and Forecasting: How should Demand be Measured // Tourism Economics. – 2010. – №16. – Р. 63–81.

5 Manaktola K., Jauhari V. Exploring customer attitude and behavior towards green practices in the lodging industry in India International // Journal of Contemporary Hospitality Management.

– 2007. –№19(5). – Р.364–377.

6 Millar M., Baloglu S. Hotel guests’ preferences for green guest room attributes // Cornell Hospitality Quarterly. –2011. – №52. – Р. 302–311.

7 Kushwaha G.S., Sharma N.K. Green initiatives: a step towards sustainable development and firm’s performance in the automobile industry//Journal of Cleaner Production. – 2016. – № 121. – P.116-129.

8 Siti-Nabiha A.K., Geoge R.A., Wаhid N.A., Аmran А., Mahadi R., Abustan I. The development of a green practice index for the Malaysian hotel industry. 2014. Iss. Soc. Environ.

9 Choi H., Jang J., Kandampully J. Application of the extended VBN theory to understand consumers’ decisions about green hotels. Int. J.Hospit. Manag. 2015. – 51 р.

10 Komkrit Singjai, Lanita Winata, Tyge-F. Kummer. Green initiatives and their competitive advantage for the hotel industry in developing countries // International Journal of Hospitality Management. – 2018. – №75. – Р.131-148.

11 Christopher W.F. Holistic Management: Managing What Matters for Company Success, 2007. – 526 p.

12 Porvazník J. Holistic management. 2007. IRIS Bratislava

13 2018 Hilton Worldwide Corporate Responsibility Report [Электр.ресурс]. – URL:

http:www.cr.hilton.com (Дата обращения: 03.03.2020).

14 Kevin A. Goldstein, Ritu V. Primlani. Current Trends and Opportunities in Hotel А.А. Дуйсембаев, Д.М. Усенова, Н.Б. Хасенханов

(13)

Sustainability. – 2012. – 5р. [Электр.ресурс]. – URL: http:// www.hospitalitynet.org/

file/152004802.pdf (Дата обращения: 09.01.2020).

А.А. Дуйсембаев¹, Д.М. Усенова², Н.Б. Хасенханов³

¹²Евразийский национальный университет Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан, ³Кaрaгaндинский государcтвенный универcитет им.Е.А.Букетова,

Караганда, Казахстан

Проблемы экономико-экологических аспектов в области устойчивого развития гостиничных услуг

Аннотация. За последнее десятилетие в мировой экономике стали наблюдаться новые тен- денции устойчивого развития индустрии туризма и гостеприимства. В первую очередь это отно- сится к формированию концепций исследования и внедрения в научную практику экологически ответственных гостиниц в условиях «зеленой» экономики и «зеленого» туризма. В результате би- блиографического обзора степени разработки проблемы был изучен зарубежный опыт анализа дан- ной темы, а именно: исследованы вопросы развития «зеленых» гостиниц в индустрии гостепри- имства, методы, применяемые в целях улучшения экологической среды в «зеленых» гостиницах, факторы, влияющие на устойчивое развитие предприятий индустрии гостеприимства.

Особое внимание в статье уделено экологическим аспектам и специфике экологической от- ветственности в области туризма и гостеприимства.

Ключевые слова: туризм, устойчивое развитие туризма, гостиничная индустрия, «зеленый»

туризм, «зеленые» гостиницы, экологическая ответственность.

A.A. Duissembayev¹, D.M. Ussenova², N.B. Khasenkhanov³

¹,² L. N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan, ³Y.A.Buketov Karaganda State University, Karaganda, Kazakhstan Problems of economic and environmental aspects in the field of sustainable

development of hotel services

Abstract. Over the past decade, the global economy has seen new trends in the sustainable development of the tourism and hospitality industry. First of all, this applies to the formation of research concepts and implementation in scientific practice of environmentally responsible hotels in a green economy and green tourism. The article deals with topical issues of sustainable tourism development, problems of environmental responsibility as one of the modern directions of holistic management. As a result of the bibliographic review of the degree of development of the problem, the foreign experience of the analysis of this topic was studied, namely, the issues of development of «green hotels» in the hospitality industry, methods used to improve the environmental environment in «green hotels», factors affecting the sustainable development of enterprises in the hospitality industry.

The article focuses on environmental aspects and features of environmental responsibility in the field of tourism and hospitality.

Key words: tourism, sustainable tourism development, hotel industry, green tourism, green hotels, environmental responsibility.

Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту саласындағы экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері

(14)

References

1 Lockyer T. The International Hotel Industry: Sustainable Management. Binghamton: The Haworth Hospitality & Tourism Press, 2007.

2 Sverak P, Jurigova Z. (2016). Analysis of regional Impacts with an Emphasis on Investment Decisions in the Hotel Industry in the Czech Republic. Case Study: Procedia Economics and Finance, 313 – 318(2016).

3 Orfila-Sintes F., Mattsson J. Innovation behavior in the hotel industry. The International Journal of Management Science, 37, 380—394(2009).

4 Song H.Y., Li G., Witt S.F., Fei B.G. Tourism Demand Modeling and Forecasting: How should Demand be Measured . Tourism Economics, 16, 63–81 (2010).

5 Manaktola K., Jauhari V. Exploring customer attitude and behavior towards green practices in the lodging industry in India International. Journal of Contemporary Hospitality Management, 19(5), 364–377(2007).

6 Millar M., Baloglu S. Hotel guests’ preferences for green guest room attributes Cornell Hospitality Quarterly, 52, 302–311(2011).

7 Kushwaha G.S., Sharma N.K. Green initiatives: a step towards sustainable development and firm’s performance in the automobile industry. Journal of Cleaner Production, 121, 116-129 (2016).

8 Siti-Nabiha A.K., GeogeR.A., Wаhid N.A., Аmran А., Mahadi R., Abustan I. The development of a green practice index for the Malaysian hotel industry. 2014. Iss. Soc. Environ.

9 Choi H., Jang J., Kandampully J. Application of the extended VBN theory to understand consumers’ decisions about green hotels. Int. J.Hospit. Manag. 2015, 51 р.

10 Komkrit Singjai, Lanita Winata, Tyge-F. Kummer. Green initiatives and their competitive advantage for the hotel industry in developing countries. International Journal of Hospitality Management, 75, 131-148 (2018).

11 Christopher W.F. Holistic Management: Managing What Matters for Company Success, 2007, 526 р.

12 Porvazník J. Holistic management. IRIS Bratislava, 2007

13 2018 Corporate Responsibility Report [Electr. resours.]. Available at: http:www.cr.hilton.

com (Accessed: 03.03.2020 y).

14 Kevin A. Goldstein, Ritu V. Primlani. Current Trends and Opportunities in Hotel Sustainability. 2012, p.5. Available at: http:// www.hospitalitynet.org/file/152004802.

pdf(Accessed: 09.01.2020 y).

Авторлар туралы мәлімет:

Дуйсембаев А.А. – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Усенова Д.М. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Тypизм» кафедрасы- ның 1 курс докторанты. Қажымұқан көшесі, 11, Нұр-Сұлтан, Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Хасенханов Н.Б. – магистр, аға оқытушы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан.

Duissembayev A.A. – Candidate of Economical Sciences, Associated Professor, L. N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ussenova D.M. – 1st year PhD student,Department of «Tourism», L. N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Khasenkhanov N.B. – Sc.M, Senior Lecturer, Y.A.Buketov Karaganda State University, Karaganda, Kazakhstan.

А.А. Дуйсембаев, Д.М. Усенова, Н.Б. Хасенханов

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

According to the monitoring of dissertation and monographic studies of the development of eco-education in Kazakhstan, after Kazakhstan gained independence, namely, at

Біздер, Орталық Азия елдеріндегі бала өмірі үшін лайықты, дүние құрудағы прогресс туралы алдағы бесжылдық есепті назарымызға аламыз. Біздер, балалардың

Там говорится, что «человек имеет основное право на свободу, равенство и благоприятные условия жизни в окружающей среде, качество которой

Сонымен, мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды механизмдердің бірі – қаржылық механизм,

One of the priorities of UNESCO is the development of regional cooperation in the field of education in all regions of the world community.. In recent decades, the organization

Likhachev explains economic diplomacy as a joint activity of the state, public, and business circles to implement national economic interests in the world economy,

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,