• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Opportunities for entrepreneurship development in the production sphere

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Opportunities for entrepreneurship development in the production sphere"

Copied!
11
0
0

Толық мәтін

(1)

Е.К. Өтегенов¹ А.Ж. Искаков²

¹Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

²Ш.Уәлиханов атындағы Кокшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан (E-mail: erkebulan.utegenov@mail.ru¹, iskakov_az@mail.ru²)

Өндірістік саладағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Аннотация. Мақалада Қазақстан өңірлерінің өндірістік саласында кәсіпкерлік қыз- метті дамыту тетіктерін қолдануды талдау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу қарастырылған. Зерттеу үрдісінде бақылау, сипаттау, талдау және синтез сияқты жалпы ғылыми зерттеу әдістері, сондай-ақ салыстырмалы, формальды-логи- калық және танымның басқа әдістері қолданылды. Зерттеушілік ақпараттық база ретінде шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын құру және дамыту кезінде көмек көр- сететін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жобалары бойынша статистикалық деректер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бизнесті оңай жүргізуге байланысты Дүниежүзілік Даму Банкінің экономикалық шолулары және елдегі инновациялық рефор- малардың орындалу барысын талдай отырып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жыл сайынғы есептері пайдаланылды. Мақалада өңірлік және салалық бөліністе шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы кәсіпорындар саны бойынша өзек- ті сандық ақпарат көрсетілді және талданды. Қаржыландыру нысандары мен көздері зерттелді, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарын дамыту ерекшеліктері анықталды. Өндірістік салада кәсіпкерлікті дамыту жолдары ұсынылды.

Түйін сөздер: кәсіпкерлік, мемлекеттік қолдау, кәсіпорын, жоба, даму, өндіріс, инве- стиция.

DOI: https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-2-68-78

Кіріспе

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасында 9 бағдарламалық құжат әзірленді, олардың негізінде АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүргізілді және іске асырылды, бұл кәсіпкерлік белсенділіктің артуына, нарықтық экономиканың қалыптасуына және ауылдарда шаруашылық жүргізудің алуан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандарының пайда болуына әкелді.

Өз кезегінде қаржыландырудың жеткіліксіздігі және заңнамадағы тұрақты өзгерістер, сондай-ақ республиканың кеден

одағы мен ЕАЭО-ға кіруі қазақстандық тауар өндірушілерге әсер етті, өйткені оларға қойылатын талаптар мен жаңа технологиялық стандарттар теріс әсер етеді және ұсақ және ірі өндірушілердің қызметін шектейді.

Қазақстандық нарық кеден одағы мен ТМД елдерінің өнімдерімен толығу салдарынан сауда орындары сөрелерінде қоюландырылған сүт, сүзбе және отандық өндірістің ірімшігі тапшылығы байқалуда. Сонымен қатар, ел басшылығы жетіспейтін азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру және өнім экспортын екі есе арттыру міндетін қойды, бұл қазіргі заманғы нарықтық экономикаға сәйкес

(2)

келуі, өзін-өзі ұйымдастыруды жетілдіруі, салалық өзара іс-қимылды нығайтуы, қазіргі заманғы даму стратегияларын қолдануы тиіс шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді бағыттарын іздестірудің маңыздылығын негіздейді және осы зерттеудің өзектілігін белгілейді.

Зерттеу мақсаты – өндірістік салада кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша әдістемелік негіздер мен практикалық ұсыныстарды негіздеу, әзірлеу.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:

- өндіріс саласындағы кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығына теориялық негіздеме беру;

- ҚР өндіріс саласындағы кәсіпкерліктің даму үрдісін зерттеу;

- өндіріс саласындағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктерін көрсету;

- өндіріс саласындағы кәсіпорындардың даму стратегиясын негіздеу;

- шағын кәсіпорындарды дамыту инфрақұрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу әдіcтері

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, экономикалық теорияның

іргелі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының экономикалық шолулары мен есептері құрайды. Зерттеу барысында жүйелік талдау, экономикалық-статистикалық, дерексіз- логикалық, монографиялық және т.б. әдістер қолданылды.

Талқылау

2019 жылы «Бизнесті жүргізу 2019: Тренинг және реформалар» баяндамасында Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің топ-30 елінің қатарына кірді. 2018 жылғы 31 қазанда жарияланған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2019» рейтингісінің нәтижелері бойынша Қазақстан 2017 жылғы деректермен салыстырғанда өз рейтингін 8 тармаққа көтеріп, 28 - орынға ие болды.

Қазақстан рейтингте Испания (30), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сияқты елдерді басып озды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстан көшбасшы позицияға ие, рейтинг бойынша Ресей (31), Беларусь (37), Армения (41) және Қырғызстан (70) төмен орналасқан. Doing Business 2019 рейтингісін Жаңа Зеландия басқарады.

Рейтинг көшбасшыларының ондығына Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Грузия, Норвегия, АҚШ, Ұлыбритания,

Индикатор 2018 г. 2019 г. Нашарлау/жақсарту

Кәсіпорындарды ашу 41 36 +5

Құрылысқа рұқсат алу 52 35 +17

Электр желілеріне қосылу 70 76 -6

Меншікті тіркеу 17 18 -1

Кредиттерді алу 77 60 +17

Миноритарлық инвесторларды қорғау 1 1

Салық салу 50 56 -6

Халықаралық сауда 123 102 +21

Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету 6 4 +2

Төлем қабілетсіздігі 39 37 +2

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2019» есебі негізінде жасалған [1]

Кесте 1 Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде

(3)

Македония кірді. Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі Ұлттық баяндама: Қазақстан 2017/2018 Дүниежүзілік Банк 2017-2018 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігінің үш индикаторынан астам бөлігінде реттеушілік реформаларды іске асырған елдердің қатарында Қазақстанды атап өтті.

1-ші кестеде, Қазақстан барлығы 10 базалық индикатор бойынша бағаланды. 10 базалық индикатордан Қазақстан 6 индикатор бойынша өз позициясын жақсартты.

«Миноритарлық инвесторларды қорғау»

индикаторы бойынша Қазақстан екінші жыл қатарынан әлемдік көшбасшы болып танылды. Қазақстан «Халықаралық сауда»

(+21), «кредиттер алу» (+17), «құрылысқа рұқсат алу» (+17), «Кәсіпорындарды ашу» (+5),

«келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2) және «төлем қабілетсіздігіне рұқсат беру» (+2) индикаторлары бойынша айтарлықтай өсуді көрсетті [1].

«Doing Business» рейтингінде жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстанның 30 елдің қатарына кіруі Үкіметтің қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру рәсімдерін оңайлату, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, елдегі бизнес ахуалды және

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі орнын жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды.

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері Д.Тастемір еңбектерінде көрсетілген [2].

Сонымен қатар, ұлттық өсу моделінің табиғи ресурстарға тәуелділікті, экологиялық тұрақтылықты, сондай-ақ егер елде жоғары өнімді, ғылымды қажетсінетін жұмыс орындары құрылмаса, өсіп келе жатқан теңсіздік тәуекелін қоса алғанда, көптеген әлсіз тұстары бар.

Неғұрлым жан-жақты қамтылған, ұтымды және орнықты өсу үшін негіз қалау үшін Қазақстан өнімділігі жоғары жаңа салаларға ауысып, өндіріс пен экспорт құрылымын әртараптандыруы, сондай-ақ өндіруші салаларға тәуелділік дәрежесін азайтуы қажет.

Атап айтқанда, Қазақстан іскерлік ахуалды жақсартуға және табиғи ресурстармен емес, инновациялар мен адами капиталмен байланысты өндірістік саладағы кәсіпкерлікті дамыту үшін негіз қалауға бағытталған реформаларды жалғастыруға тиіс.

Жыл сайын елімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы кәсіпорындар санының өсуінің оң серпіні байқалады (сурет 1).

Сурет 1 – 2014-2020 жылдардағы ШОК саласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны

(4)

1-суретте, елде 2014 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсуі байқалады, 2016 жылғы өзгерістермен, мұнай бағасының құлдырауынан және рубль бағамының өзгеруінен 2015 жылмен салыстырғанда 9,37%-ға немесе 122 295 бірлікке төмендеу байқалады және 2020 жылы 2019 жылғы деректермен салыстырғанда, коронавирустық инфекциямен байланысты мән-жайлардан тиісінше 11726 бірлікке немесе 0,88% - ға төмендеу байқалады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2020 жылдың 1-ші тоқсанындағы мәліметі бойынша елімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1318518 кәсіпорын бар [3].

2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде «Даму» КДҚ» АҚ ұйымдастырған мемлекеттік қолдау шеңберінде қазақстандық кәсіпорындар жеке кәсіпорындар ашуға кредиттер және өндірісті одан әрі кеңейтуге не жаңғыртуға субсидиялар алуға мүмкіндік алды. Төменде жобалардың саны мен кредиттер сомасы теңгемен көрсетілген субсидиялау нәтижелерін салалық бөле отырып, кестеде берілген (кесте 2).

2-кестеден көріп отырғанымыздай,

«субсидиялау нәтижелерінің салалық бөлінуі», субсидиялардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің жобаларына (кредиттердің жалпы сомасы 1 215 млрд.теңгеге 4 202 жоба),

Саласы Жобалардың

саны, бірлік Кредиттер сомасы, теңге

Өңдеу өнеркәсібі 4 202 1 215 588 426

Көлік және қоймалау 3 385 384 011 858

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен

мотоциклдерді жөндеу 2 061 268 456 407

Ауыл, орман және балық шаруашылығы 1 176 139 949 966

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер 940 93 438 846

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер 937 163 933 214

Білім 641 52 971 113

Өнер, ойын-сауық және демалыс 367 73 044 719

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 264 59 355 324

Құрылыс 198 17 346 804

Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну 197 7 001 270

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 173 47 449 628

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 172 9 851 596

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы

қызмет 155 13 375 260

Ақпарат және байланыс 112 22 433 626

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын

және таратылуын бақылау 112 18 805 563

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 51 58 216 260

Қаржы және сақтандыру қызметі 3 65 946

Үй қызметшілерін жалдайтын және өз тұтынуы үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының

қызметі 1 55 222

Жалпы қорытынды 15 147 2 645 351 046 495

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ деректері бойынша құрастырылған

Кесте 2 2010-2019 жылдары субсидиялау нәтижелерін салалық бөлу

(5)

Көлік және қоймалау саласына (384 млрд.

теңге сомасына 3 385 жоба) және көтерме және бөлшек саудаға (268 млрд. теңге сомасына 2 061 жоба) тиесілі. Алынған субсидиялардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қолдауға бағытталды, өйткені бұл жобалар қазақстандықтар пайдаланатын отандық өндірістің өнеркәсіптік тауарларының өндірісін іске қосуға және қажетті жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді [4].

Төменде субсидия алған салалар бөлінісінде жобалардың арақатынасын көзбен шолып көрсетуге мүмкіндік беретін сурет ұсынылған (сурет 2).

2-суреттен көріп отырғаныңыздай, қаржыландырудың көп бөлігін өндірісті дамытуға байланысты жобалар алды, бірақ жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың негізгі бөлігі өнім өндірумен байланысты емес кәсіпорындар болып табылады. 3-суретте салалар бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың арақатынасын анық көруге болады.

Жоғарыда көрсетілген 3-суретте кәсіпорындардың жалпы санынан көтерме және бөлшек сауда саласындағы кәсіпорындардың үлесі басым – 27%, Құрылыс 12%, өзге де қызмет түрлерін ұсыну – 9%, кәсіби Сурет 2 – Субсидиялар алған салалар бойынша жобалар

Сурет 3 – Салалар бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың арақатынасы

(6)

және ғылыми-техникалық қызмет көрсету-7%, Білім беру-7%, өңдеу өнеркәсібі – 5%, қосалқы қызмет көрсетумен байланысты қызмет – 5%, ауыл және балық шаруашылығы – 4%. Өнім өндірумен байланысты Кәсіпорындарды ашу неғұрлым күрделі процесс болып табылады, өйткені Қазақстанда бұрын тек мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорындар, ал осы саладағы кәсіпорындар жұмыс істеген

Ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы кәсіпорындары субсидиялар- дың тек 4%-ын ала алды, өйткені 2019-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңнамаға ауыл шаруашылығын қаржыландыруға байланысты үкіметтік түзетулер және қаржы министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлінетін қаражатты пайдалану тиімділігі туралы даулары саланың дамуын және ел үшін маңызды жобаларды іске асыруды шектейді.

Халықаралық экономикалық ынтымақтас- тық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) (Organisation for Economic Co-operation and Development) сарапшыларының пікірінше, ауыл шаруашылығын тиімді дамыту және экономиканы әртараптандыру үшін шетелдік инвестициялар үшін орман шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы жерлерінің ашықтығын арттыру қажет. Телекоммуникация саласында ырықтандыру біртіндеп жүрді, ал қазір ұялы телефонияда шетелдік операторлар басым. Алайда, «Қазақтелеком» мемлекеттік компаниясы стационарлық телефон байланысы мен кең жолақты интернеттің негізгі үлесін бақылайды. Нарықтағы мемлекеттік оператордың үстем жағдайы тәуелсіз реттеуші органның болмауымен бірге экономиканың жалпы бәсекеге қабілеттілігі үшін қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЭЫДҰ Үкіметке осы секторда одан әрі ырықтандыру жөніндегі шараларды қарауды ұсынды [5].

Шағын және орта кәсіпорындардың пайда болуы мен өсуін ынталандыратын саясат, әсіресе экономиканы әртараптандыру тұрғысынан да маңызды. Ресми деректер бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда ШОК қосылған құнның тек 26,8%-ын және жұмыспен қамтудың 31%-ын ғана құрады, ал

ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде бұл тиісінше 57% және 60-70%-ды құрайды.

Қазақстандағы ШОК-тың көпшілігі (шамамен 60%) қосылған құны төмен салаларда жұмыс істейді [6].

Бұл көрсеткіш Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша 22,8%, ал табыс деңгейі орташадан жоғары барлық елдер бойынша – 19% құрайтынына қарамастан, қазақстандық ШОК-тың тек 5,2%

ғана экспорттық қызметпен айналысады [7].

Сонымен қатар, статистика комитетінің жақында жүргізген зерттеулері ШОБ- тің көпшілігі инновациялық даму мен өсудің қозғаушы күші бола алмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Көптеген адамдар кәсіпкерлікпен экономикалық қайта құру үшін емес, өмір сүру үшін айналысады, соңғы онжылдықта тұрақты өсуге қарамастан, шағын кәсіпорындардағы инновациялардың қарқыны төмен болып қала береді, бұл жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімдермен байланысты кірістің салыстырмалы түрде төмен пайызын көрсетеді [8].

Алайда, кәсіпкерлік бастама толық жүзеге асырылмаса, кең таралған.

«Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі»

зерттеуіне сәйкес, халықтың 75% кәсіпкерлікті өздері үшін қолайлы кәсіп деп, ал 82% оны жоғары әлеуметтік мәртебеге жетудің тәсілі деп санайды. Сонымен қатар, қазақстандықтар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер айтарлықтай көп жұмыскерлерді тез жалдай алатынына сенімді.

Осыған байланысты олардың бағалауы көптеген БРИКС және ЕО елдерінің азаматтарына қарағанда оң. Алайда, тек 27% ғана кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүмкіндіктерді көріп отыр [9].

Кәсіпкерлік қызметтің базалық жағдайларының жақсаруы ШОК дамуына ықпал етер еді. ШОБ пен кәсіпкерлер өз әлеуетін іске асыруы үшін кейбір шектеулерді жеңілдету қажет.

Біріншіден, ШОК бейресми сектор тарапынан негізсіз бәсекелестікке ұшырайды, оның үлесіне жалпы жұмыспен қамтудың 20% жуығы тиесілі [10].

(7)

Екіншіден, кәсіпорындарды зерттеу шеңберінде Дүниежүзілік банк сұратқан фирмалардың шамамен 13% «жеткіліксіз білікті жұмыс күші» негізгі кедергі деп атайды және бұл пайыз Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша орташа көрсеткіштен жоғары [11].

Үшіншіден, 2014 жылы шағын және орта бизнестің тек 19%-ында банктік несие немесе несие желісі болған, дегенмен 2008- 2009 жылдары бұл көрсеткіш шамамен үштен біріне жетті; ішінара бұл төмендеу қаржы секторының соңғы жылдардағы қиындықтарын көрсетеді. Бұл цифр «іскерлік ортаның жай-күйі және кәсіпорындар қызметінің көрсеткіштері» (BEEPS) зерттеулеріне қатысқан Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 29 елі арасында Қазақстанды соңынан төртінші орынға қойды.

Сонымен қатар, активтерді сатып алуды банктік қаржыландыру үлесі зерттеулермен қамтылған кезеңде 17,7-ден 8,8% – ға дейін төмендеді, ал кредитке мұқтаж деп хабарлаған, бірақ қалыптасқан жағдайларда бұрын жартысынан аз өтініш бере алмаған кәсіпорындардың үлесі 60%-ға дейін өсті [12].

Астана мен Алматыдан тыс жерлердегі кәсіпорындар ерекше қатаң несиелік

шектеулерге тап болады. Жақында кәсіпорындардың едәуір бөлігі несие беруден бас тартты, бұл қаржылық аудиттердің өте аз санына және қамтамасыз етудің жоғары талаптарына байланысты болуы мүмкін.

Жалпы, BEEPS деректері Қазақстанда кредитті шектеуден зардап шегетін ШОК үлесі шамамен 67% құрағанын көрсетеді, ТМД-ның басқа елдеріндегі 54,4%-бен және 8 елдегі 35,7%-бен салыстырғанда [13].

Банк секторында тұрақсыздық туындаған кезде ШОК бірінші соққыны қабылдайды. Елдің банктері 2008-2009 жылдардағы қаржылық дағдарысты нашар бастан кешірді және 2014-2015 жылдары шикізат тауарлары бағасының құлдырауы салдарынан экономикалық құлдыраудан қатты зардап шекті. Бұл әлсіз ұйымдарды қайта капиталдандыруға кедергі болды және секторды шоғырландыруға итермеледі.

Көптеген шағын банктер клиенттердің шектеулі санына, кейде бір клиентке тәуелді, соның салдарынан салымдардың алынуы немесе корпоративтік саясаттың кенеттен өзгеруі олардың құлдырауына қауіп төндіреді. Билік белгілі бір шаралар қабылдады, соның ішінде бірнеше банктерден үлестер сатып алды, проблемалық несиелер

Сурет 4 – ШОБ қаржыландыруға қол жеткізу үшін кедергілер

(8)

Әдебиет тізімі

1 Тастемир Д. Кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайлар. [Электрондық ресурс] – URL: https://

online.zakon.kz/Document/?doc_id=36816331#pos=5; -88 (қаралған күні: 08.05.2020)

2 Шағын және орта бизнес статистикасы. [Электрондық ресурс] – URL: https://stat.gov.kz/official/

industry/139/statistic/6 (қаралған күні: 08.05.2020)

3 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қолдау Нұр-сұлтан қаласының ресми сайты электрондық ресурс Нсб. [Электрондық ресурс] – URL: http://astana.gov.kz/ru/page/podderzhka_

dorozhnaya_karta_biznesa2020 (қаралған күні: 08.05.2020)

4 Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. [Электрондық ресурс] – URL: https://smebanking.жаңалықтар / ru / v-kazaxstane-бекітілді-мемлекеттік-бағдарла- ма-Жол-карта-Бизнес-2020 / (қаралған күні: 08.05.2020)

қорын құрды, проблемалық қарыздар мен ШОБ несиелендіруге көмек көрсетті, бірақ банктердің шетелдік капиталға қол жетімділігі төмендеді, ал қарыздарға қызмет көрсету шығындары артты. ШОБ үшін бұл банктік несиелердің қол жетімділігінің айтарлықтай төмендеуін білдірді (сурет 4) [14].

Өндірістік салада кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді әртараптандыру және экономикалық өсу жоспарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Саясаттың мақсаттары «Қазақстан-2050»

Стратегиясында, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексінде (2015 жыл) және оның алдындағы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңда (2006 жыл) жазылған. Үкімет 2030 жылға қарай ЖІӨ- дегі ШОК үлесін екі есеге (2011 жылдың соңындағы 17,5%-бен салыстырғанда 36%-ға дейін) және 2050 жылға қарай ЖІӨ-нің 50%

дейін ұлғайтуды көздеп отыр[15].

Қорытынды

Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламалары әлеуетті кәсіпкерлерді көбірек қамту үшін едәуір кеңейтуді қажет етеді, ал өміршең жаңа кәсіпорындардың («стартаптар») көбеюіне қол жеткізу үшін нәтижелер айтарлықтай жақсаруы керек.

Сонымен қатар, Үкімет келесі әрекеттерді орындауы керек:

1. зерттеулер мен инновациялардың ілеспе салаларын қоса алғанда, кәсіпкерлік пен ШОК қызметін ынталандыру және қолдау жүйесін қалыптастыру;

2. нормативтік талаптарды, оның ішінде көптеген рұқсаттар мен лицензиялар алу қажеттілігін барынша азайту;

3. мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қажетсіз кедергілерді жою жөніндегі жұмысын жақсы бақылауға мүмкіндік беретін жүйе құру;

4. отандық өндірушілерді қолдау және қорғау тетіктерін жақсарту, әсіресе Қазақстанның Еуразиялық экономикалық кеңістікке кіруіне байланысты;

5. жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті қолдау үшін олардың орта кәсіпорындар санатына өтуіне ықпал ету үшін қажетті базалық жағдайлар мен алғышарттар жасау;

6. стратегиялық емес кәсіпорындар мен қызметтерді кең ауқымды жекешелендіру арқылы ішкі кәсіпкерлікті нығайту.

Бұл кең стратегиялық бағыттар және жалпы мақсаттар кәсіпкерлік және ШОК саласындағы саясатты қалыптастыру үшін негіз қалайды. Кәсіпкерлікті және ШОК дамытуға ықпал ететін саясат мәселелерін 2020 жылға дейінгі «Бизнестің жол картасы» (БЖК) және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда көзделген іс-шаралар арқылы іске асырылатын Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының тұтастай қамтитын мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) да қозғайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда кәсіпкерлік пен ШОК дамытудың кешенді саясаты баяндалған бірыңғай құжат жоқ. Нарықтық, үкіметтік немесе жүйелік іркілістерді жою жөніндегі саясаттың, бағыттар мен міндеттердің нақты негіздемесі жоқ.

(9)

5 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының 2019 жылғы қызметінің нәтижелері электрондық ресурс бо- лып табылады. [Электрондық ресурс] – URL: https://www.zakon.kz/5003424-rezultaty-deyatelnosti-fonda- razvitiya.html (қаралған күні: 08.05.2020)

6 «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бағыт- тары. [Электрондық ресурс] – URL: https://business.gov.kz/ru/dkb2020/program-directions/ (қаралған күні:

08.05.2020)

7 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 Қаулысы. [Электрон- дық ресурс] – URL: https://www.baiterek.gov.kz/sites/default/files/2020-02/p1900000968.24-12-2019.rus_.pdf (қаралған күні: 08.05.2020)

8 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. [Электрондық ресурс] – URL: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2366998 (қаралған күні:

08.05.2020)

9 ЭЫДҰ; Дүниежүзілік банк (2015 ж.), шағын және орта кәсіпорындармен және табысы төмен дамушы елдермен GVC интеграциялау үшін саудада және бірін-бірі толықтыратын салаларда қосылған құнды құрудың жаһандық тізбегі саясатының инклюзивті нұсқалары. [Электрондық ресурс] – URL: https://

www.oecd.org/trade/OECD-WBG-g20-gvc-report2015.pdf (қаралған күні: 08.05.2020)

10 OECD ACN (2018), Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалары: Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары мониторингінің төртінші раунды, OECD Publishing. [Электрон- дық ресурс] – URL: https://www.oecd.org/corruption/acn/O ECD-ACN-Kazakhstan-Progress-Update-2018- RUS.pdf (қаралған күні: 08.05.2020)

11 Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі (2016), кәсіпкерлік мінез - құлық және көзқарас. [Электрон- дық ресурс] – URL: http://www.gemconsortium.org/country-profile/77-да. (қаралған күні: 08.05.2020)

12 OECD ACN (2017), Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалары: Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары мониторингінің төртінші раунды, OECD Publishing. [Электрон- дық ресурс] – URL: https://www.oecd.org/corruption/acn/ACN-Kazakhstan-Round-4-Monitoring-ReportRUS.

pdf. (қаралған күні: 08.05.2020)

13 Дүниежүзілік банк (2013), кәсіпорындарды зерттеу: Қазақстандық елдік профиль, Дүниежүзілік банк. [Электрондық ресурс] – URL: http://www.enterprisesurveys.org / ~ / media / GIAWB/EnterpriseSurveys/

Documents /Profiles / English / kazakhstan-2013.pdf. (қаралған күні: 08.05.2020)

14 ЕҚДБ (2015), өтпелі экономикасы бар өңірдегі іскерлік орта, ЕҚДБ. [Электрондық ресурс] – URL:

http://ebrdbeeps.com/wp-content/uploads/2015/07/BEEPSV-complete.pdf-да. (қаралған күні: 08.05.2020) 15 ЭЫДҰ (2013), Қазақстанда ТШИ мен ШОК байланыстарын нығайтудың жергілікті стратегиялары, ЭЫДҰ. [Электрондық ресурс] – URL: https://www.oecd.org/cfe/leed/FDI-SME-Kazakhstan-final-eng.pdf-да.

(қаралған күні: 08.05.2020)

E.K. Utegenov¹, A.Zh. Iskakov²

¹L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

²Sh. Ualikhanov Kokshetau University, Kokshetau, Kazakhstan

Opportunities for entrepreneurship development in the production sphere

Abstract. The purpose of the article is to analyze the application of mechanisms for the development of entrepreneurship in the production sector of the regions of Kazakhstan and develop proposals for its improvement.

The authors use scientific research methods such as observation, description, analysis, and synthesis, as well as comparative, formal-logical and other methods of cognition. As a research information base, we used statistical data and data on projects of the Damu Entrepreneurship Development Fund JSC, which assists in the creation and development of small and medium-sized business projects, as well as economic reviews of the world development Bank related to the ease of doing business in the Republic of Kazakhstan, and annual reports of the organization for economic cooperation and development with an analysis of the implementation of innovative reforms in the country. This article demonstrates and analyzes current quantitative information on the number

(10)

of enterprises in the field of small and medium-sized businesses in the regional and industry context. The study determines forms and sources of financing are investigated, the features of the development of small and medium-sized enterprises in the Republic of Kazakhstan. There are suggested ways of development of entrepreneurship in the production sphere.

Keywords: entrepreneurship, state support, enterprise, project, development, production, investment.

Е.К. Утегенов¹, А.Ж. Искаков²

¹Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

²Кокшетауский университет им. Ш.Ш. Уалиханова, Кокшетау, Казахстан

Возможности развития предпринимательства в производственной сфере

Аннотация. Целью статьи являются анализ применения механизмов развития предприниматель- ской деятельности в производственной сфере регионов Казахстана и разработка предложений по его улучшению. В процессе исследования используются такие общенаучные методы исследования, как на- блюдение, описание, анализ и синтез, а также сравнительный, формально-логический и другие методы познания. В качестве исследовательской информационной базы были использованы статистические дан- ные и данные по проектам АО «Фонд Развития предпринимательства «Даму», оказывающего помощь при создании и развитии проектов малого и среднего предпринимательства, а также экономические обзоры Всемирного банка развития, касающиеся легкости ведения бизнеса в Республике Казахстан, и ежегодные отчеты организации экономического сотрудничества и развития, содержащие анализ хода выполнения инновационных реформ в стране. В данной статье была продемонстрирована и проанализи- рована актуальная количественная информация по количеству предприятий в сфере малого и среднего предпринимательства в региональном и отраслевом разрезах. Исследованы формы и источники финан- сирования, определены особенности развития предприятий малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан. Предложены пути развития предпринимательства в производственной сфере.

Ключевые слова: предпринимательство, государственная поддержка, предприятие, проект, разви- тие, производство, инвестиция.

References

1. Tastemir D. Kasіpkerlіktі damytu ushіn barlyk zhagdajlar [All conditions for business development].

[Electronic resource] - Available at: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36816331 #pos=5; -88 (Accessed:

08.05.2020)

2. Shagyn zhane orta biznes statistikasy [Statistics of small and medium business]. [Electronic resource] - Available at: https://stat.gov.kz/official/industry/139/statistic/6 (Accessed: 08.05.2020)

3 «Biznestіn zhol kartasy-2020» bagdarlamasy shenberіnde қoldau Nur-sultan kalasynyn resmi sajty jelektrondyk resurs Nsb [Support in the framework of the program «Business Road Map 2020» Official website of the city of Nur-Sultan electronic resource Nsb]. [Electronic resource] - Available at: http://astana.gov.kz/ru/

page/podderzhka_dorozhnaya_karta_biznesa2020 (Accessed: 08.05.2020)

4 Kazakstanda «Biznestіn zhol kartasy-2020» memlekettіk baғdarlamasy bekіtіldі [Kazakhstan has approved the state program «Business Road Map 2020»]. [Electronic resource] - Available at: https://smebanking.

zhanalyktar / ru / kazaxstane-bekіtіldі-memlekettіk-baғdarlama-Zhol-karta-Biznes-2020 / (Accessed: 08.05.2020) 5 «Damu» kasіpkerlіktі damytu korynyn 2019 zhylgy kyzmetіnіn natizhelerі jelektrondyқ resurs bolyp tabylady [The results of the Damu Entrepreneurship Development Fund in 2019 are an electronic resource].

[Electronic resource] - Available at: https://www.zakon.kz/5003424-rezultaty-deyatelnosti-fonda-razvitiya.html (Accessed: 08.05.2020)

6 «Biznestіn zhol kartasy 2025» biznestі koldau men damytudyn bіryngaj bagdarlamasynyn bagyttary [Areas of the Unified Business Support and Development Program «Business Road Map 2025»]. [Electronic resource] - Available at: https://business.gov.kz/ru/dkb2020/program-directions/ (Accessed: 08.05.2020)

(11)

7 «Biznestіn zhol kartasy-2025» biznestі koldau men damytudyn memlekettіk bagdarlamasyn bekіtu turaly [About approval of the state program of support and development of business «Business Road Map- 2025». Resolution by Government of the Republic of Kazakhstan No. 968 of December 24, 2019]. [Electronic resource] - Available at: https://www.baiterek.gov.kz/sites/default/files/2020-02/p1900000968.24-12-2019.rus_.

pdf (Accessed: 08.05.2020)

8 «Biznestіn zhol kartasy-2025» biznestі koldau men damytudyn memlekettіk bagdarlamasyn bekіtu turaly [About approval of the state program of support and development of business «Business Road Map-2025»].

[Electronic resource] - Available at: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2366998 (Accessed: 08.05.2020) 9 JeYDU; Dyniezhyzіlіk bank (2015 zh.), shagyn zhane orta kasіporyndarmen zhane tabysy tomen damushy eldermen GVC integracijalau yshіn saudada zhane bіrіn-bіrі tolyktyratyn salalarda kosylgan қundy қurudyn zhaһandyk tіzbegі sajasatynyn inkljuzivtі nusқalary [OECD; The World Bank (2015), inclusive options for global value chain policies in trade and complementary industries to integrate GVC with small and medium enterprises and low-income developing countries]. [Electronic resource] - Available at: https://www.oecd.org/

trade/OECD-WBG-g20-gvc-report2015.pdf (Accessed: 08.05.2020)

10 OECD ACN (2018), Kazakstannyn sybajlas zhemқorlykka karsy reformalary: Stambul sybajlas zhemkorlykka karsy іs-kimyl zhospary monitoringіnіn tortіnshі raundy, OECD Publishing [OECD ACN (2018), Anti-Corruption Reforms in Kazakhstan: Fourth Round of Monitoring of the Istanbul Anti-Corruption Plan, OECD Publishing]. [Electronic resource] - Available at: https://www.oecd.org/corruption/acn/OECD-ACN- Kazakhstan-Progress-Update-2018-RUS.pdf (Accessed: 08.05.2020)

11 Kasіpkerlіktіn zhaһandyk monitoringі (2016), kasіpkerlіk mіnez – kulyk zhane kozkaras [Global Entrepreneurship Monitoring (2016), Entrepreneurial Behavior and Attitudes]. [Electronic resource] - Available at: http://www.gemconsortium.org/country-profile/77-da. (Accessed: 08.05.2020)

12 OECD ACN (2017), Kazakstannyn sybajlas zhemkorlykka karsy reformalary: Stambul sybajlas zhemқorlykka қarsy іs-қimyl zhospary monitoringіnіn tortіnshі raundy, OECD Publishing [OECD ACN (2017), Anti-Corruption Reforms in Kazakhstan: Fourth Round of Monitoring of the Istanbul Anti-Corruption Plan, OECD Publishing]. [Electronic resource] - Available at: https://www.oecd.org/corruption/acn/ACN-Kazakhstan- Round-4-Monitoring-ReportRUS.pdf. (Accessed: 08.05.2020)

13 Dyniezhyzіlіk bank (2013), kasіporyndardy zertteu: Kazakstandyk eldіk profil’, Dyniezhyzіlіk bank [World Bank (2013), Enterprise Research: Kazakhstan Country Profile, World Bank]. [Electronic resource] - Available at: http://www.enterprisesurveys.org/~/media/GIAWB/EnterpriseSurveys/Documents /Profiles / English / kazakhstan-2013.pdf. (Accessed: 08.05.2020)

14 EKDB (2015), otpelі jekonomikasy bar onіrdegі іskerlіk orta, EKDB [EBRD (2015), business environment in a region with a transition economy, EBRD]. [Electronic resource] - Available at: http://ebrdbeeps.com/wp- content/uploads/2015/07/BEEPSV-complete.pdf-da. (Accessed: 08.05.2020)

15 JeYDU (2013), Kazakstanda TShI men ShOK bajlanystaryn nygajtudyn zhergіlіktі strategijalary, JeYDU [OECD (2013), Local Strategies for Strengthening FDI and SME Relations in Kazakhstan, OECD]. [Electronic resource] - Available at: https://www.oecd.org/cfe/leed/FDI-SME-Kazakhstan-final-eng.pdf-da. (Accessed:

08.05.2020)

Авторлар туралы мәліметтер:

Өтегенов Е.К. – негізгі автор, PhD докторанты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Искаков А.Ж. – С. Сәдуақасов Атындағы Аграрлық-Экономикалық Институтының Директоры, Эко- номика ғылымдарының докторы, Куанышев көш. 170, корпус №5, Көкшетау, Қазақстан.

Utegenov E.K. – The main author, PhD student, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Iskakov A.Zh. – director of the S. Sadvakasov agricultural and Economic Institute, Doctor of Economic Sciences, Kuanyshev str. 170, Building 5, Kokshetau, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

❑ Денсаулыққа пайдалы экологиялық таза өнім алу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (облыс аумағында халықты алма, шие, өрік, жүзімнің кептірілген

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ПРАКТИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ƏДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТƏЖІРИБЕСІ ОПЫТ ПРИМЕНЕНИЯ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

1. Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі белгілері. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикада алатын орны. Шағын және

Институционалдық инфрақұрылымды дамыту үшін әйелдер кәсіпкерлігін ақпараттық қолдауды дамыту, яғни кадрлық резервтің мамандандырылған ақпараттық орталығын

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімінің кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үшін «Мемлекеттік-Кәсіпкерлік серіктестік» аясындағы заттай гранттар (бұдан әрі –

Ең аз көрсеткіш 3,9 оқу мен оқытуда кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлік университеттің ықпалын бағалау бойынша тұжырымдамаларда көрсетілді..

Үкіметтің шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын кешенді дамыту бойынша саясаты шағын инновациялық кәсіпкерлік үшін ең қолайлы құқықтық

2020» бағдарламасы сияқты шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаларды Кәсіпкерлікті жан-жақты