• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

The relationship of cognitive functions in the development of creative thinking The relationship between cognitive functions in the development of creative thinking

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "The relationship of cognitive functions in the development of creative thinking The relationship between cognitive functions in the development of creative thinking"

Copied!
8
0
0

Толық мәтін

(1)

М.К. Суюндикова Е. Жуматаева

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар, Қазақстан (E-mail: margissat@mail.ru; engilika_zhumataeva@mail.ru)

Креативтік ойлауды дамытудағы когнитивтік функциялардың өзара байланысы

Аңдатпа. Мақалада креативті ойлай алатын тұлғаны қалыптастыру үшін оның когнитивтік қабілетін бүгінгі күннің талабына сай дамыту қажеттілігі қарастыры- лады. Қабылдау, түйсік, зейін, ес, қиял, сөйлеу сияқты когнитивтік функциялар же- ке-жеке қарастырылып, олардың креативтік ойлауды дамытудағы маңызы талданады.

Бүгінгі таңда адамдардың когнитивтік функцияларының әлсіреуі олардың креативтік ойлау қабілетінің дамуына бірден-бір кедергі болып отыр. Негізгі мақсат аталған ког- нитивтік функциялардың адам бойында дамымай жатқан кем тұстарын сараптау, себептерін анықтау және оларды дамытуға қатысты ұсыныстар беру. Когнитивтік процестердің ойлаумен бірге біте қайнасып жатқан тұтас бір құрылым ретінде жұ- мыс істейтініні көрсетіледі. Когнитивтік функциялардың имплициттілік, мәнділік, сұрыптылық және тәуелділік тұстары анықталады. Оқу орындарында оқушылар мен студенттерді тек пәнге емес, ең бастысы, тыңдай білуге, есте сақтауға, зейінді шоғыр- ландыруға, проблемаларды шеше білуге үйрету идеясы ұсынылады.

Түйін сөздер: креативтік ойлау, когнитивтік функциялар, қабылдау, зейін, ес, қиял, ырықсыздық, мәнділік.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2020-133-4-123-130 Түсті: 14.05.2020 / Жарияланымға рұқсат етілді: 28.07.2020

Кіріспе. Адамзат тұрақты, нақты SPOD-за- маннан тұрақсыз, өзгермелі VUCA-заманға ауысуда. «SPOD» және «VUCA» сөздерін та- рататын болсақ, Steady – тұрақты, Predicable – болжамды, Ordinary – қарапайым, Definite нақты, ал Volatility – тұрақсыз, өзгермелі, Uncertainty – белгісіз, Complexity – күрделі, Ambiguity – түсініксіз дегенді білдіреді. Бү- гінгі таңда осынша жылдам өзгеріп тұратын, белгісіз, күрделі заманда біздің алдымыздан үйреншікті тәсілмен шешілмейтін күрделі проблемалар шығуда. Мұндай проблемалар- ды тек қана бейстандарт, өзгеше тәсілдерді қолдана отырып шешу мүмкін болады. Де- мек, креативті идеялар туындауы керек. Ал, креативті идеялар мен шешімдерге қол жет- кізу үшін адамның бойында креативті ойла-

уға қажет қабілет пен дағдылардың болуы шарт. Креативтік ойлау дағдылары ойлаудың фундаменталды, құрамдас компоненттері болып табылатын қабылдау, түйсік, зейін, ес, қиял, сөйлеу сияқты когнитивтік функциялар арқылы дамиды.

Негізгі бөлім. Қабылдау, түйсік, зейін – қор- шаған дүниеден ақпарат алудың перцептивті процестері. Адам баласы қоршаған дүниені визуал, аудиал және сенсор жүйелері арқылы қабылдайды. Егер көру, есту, сезу, дене, иіс, дәм арқылы қабылдауда ақпаратты алатын, танитын болсақ, ал кеңістікті қабылдау - біздің қоршаған дүниемен байланысымызды бағалауға, форманы қабылдау – объектінің пішіні мен контрастылығы бойынша оның көлемі мен түрі туралы ақпарат алуға, уақыт-

(2)

ты қабылдау – уақыттағы стимуляция өзгері- стерін қабылдауға, қозғалысты қабылдау – де- неміздің немесе бізді қоршаған кеңістіктегі заттардың қозғалысы мен жылдамдығы ту- ралы ақпаратты қабылдауға септігін тигізеді.

Ақпаратты қабылдағанда пайда болатын об- раздарды (визуалды, аудиалды, кинестетика- лық және т.б.) түр, идея, түсінік, заңдылықтар деп атаймыз. Миымызда біркелкі және ұқсас қасиеттеріне қарай заттардың аналогиясы пайда болады. Негізінен, мидың сол жағы көп- теген таныс категориялардың ішінен заттар- ды идентификациялауға және объектілерді тануға жауап береді, сондай-ақ, жалпыланған түрде, образдар немесе заңдылықтар түрінде жинақталған тәжірибенің сақталатын қойма- сы болып табылады. Ал, мидың оң жағы зат- тардың ерекшеліктерін идентификациялауға жауап береді. Үнемі өзгеріп тұратын, күрделі заманда тығырықтан шығатын жол таба білу үшін екеуі де өте маңызды.

Қоршаған дүниені қабылдау сыртқы және ішкі факторлар бойынша жүзеге асады. Сы- ртқы фактор бойынша қабылдау көлеміне, жаңашылдығына, танымалдығына, қайтала- нымына, жиілігіне, контрастылығына қарай болады. Ал ішкі факторлар бойынша адам қоршаған дүниені өзінің өткен тәжірибесін, қалыптасқан заңдылықтарын негізге алып қабылдайды, тіпті, кейде жаңсақ қабылдай- ды деуге болады. Австралиялық нейробио- лог Аллан Снайдер тәжірибесінің негізінде мидың сол жағында болатын заңдылықтар- дың пайдасы мен зиянына тоқталады. Ол заң- дылықтар, бір жағынан, дүниені категориялар арқылы тануға көмектессе, екінші жағынан, сол заңдылықтардың шеңберінен шыға алмай дүниені жаңсақ қабылдау қаупі бар екендігін атап көрсетеді. Заңдылықтардың салдарынан шынайы дүниені емес, адам өзі күткен, көр- гісі келген дүниені қабылдайды. Өзіне қажет, маңызды деп санайтын дүниені қабылдай- ды. Қабылдауды қалыптастқан заңдылықтар әсерінен босату арқылы ғана дүниені барын- ша дәлірек қабылдауға, сезінуге жаңа мүмкін- дер туындайды. Аллан Снайдердің айтуын- ша, адамның бойында тума дарындылық бар

және ол мидың оң жағында орналасқан. Оны тек мидың сол жақ әсерін шектеу арқылы бо- сатуға болады дейді [1, 49-50 б.].

«Мен және қоршаған дүние» концепция- сына сүйене отырып, адам қоршаған дүниені көбіне өзінің жеке басына қарасты қабылдай- ды. Оптимистер дүниені жағымды қабылдаса, пессимистер жағымсыз қабылдайды. Бұдан біздің қабылдауымыздың таңдамалы екенін түсінеміз. Адам өзінің құндылықтарына, қа- жеттіліктеріне сай келетін ақпаратты жылдам қабылдайды да, ал психикасына қауіп төн- діретін оқиғалар мен ақпаратты одан бетер жылдам қабылдайды. Оның есесіне ойынан шықпаған, қажеттілігіне сай келмейтінді, бей- таныс, жаңа нәрселерді онша қабылдай қой- майды.

Қабылдау интеллекті бойынша дүние- танымның жан-жақтылығы мен тереңдігін, кеңістікті меңгеру аумағын, адамның ішкі дүниесінің сыртқы дүниеге адекваттылығы деңгейін анықтауға болады. Ол үшін адам, ең алдымен, өзін, өзінің ішкі жан дүниесін түсініп, содан кейін барып өзін сол қоршаған дүниенің бір бөлігі ретінде қабылдауы қа- жет. Тұтастай қабылдау дегеніміз – шынайы дүниені бөліп-жармай, тұтастай қабылдай алу қабілеті. Қабылдау басқа танымдық ком- поненттерге: ойлауға, зейінге, қиялға және шешім қабылдауға ақпарат жинаумен айна- лысады. Ақпаратты қабылдай отырып, адам оған эмоционалдық тұрғыдан жауап қайта- рады, оны қорытады, сөйтіп, алған ақпаратты өзінше түсіндіреді. Ең маңыздысы, адамның қоршаған дүниені, детальдарды, қарама-қай- шылықтарды қаншалықты терең түсінуінде.

Себебі ерекше детальдарды, қарама-қай- шылықтарды, белгісіздікті қабылдау, қабыл- дағыштық, сезімталдық, дисгармонияны өткір қабылдау қабілеті, сонымен қатар, бір идея- дан екінші бір идеяға икемдене және жылдам ауысуға дайын болу креативтік ойлаудың ба- сты көрсеткіштері болып табылады.

Креативтілік дегеніміз – дүниені қабыл- дау функциясы, дүниені қабылдау шеңберін кеңейту мен мазмұнын байытудың, оқиғалар- ды өзінше түсіндіру мен танымдық процесс

(3)

икемділігінің нәтижесі. Сөйтіп, адам дүни- есінің картасы пайда болады. Адам дүниесінің картасы негізінде оның сенсорлық тәжірибесі, сезім органдарынан алған ақпараты жатады.

Адам дүниесінің картасы қаншалықты кең әрі бай болса, оның креативтілікке деген мүмкін- діктері де соншалықты көп болмақ [2].

Жаңа білім, инновациялар мен небір кре- ативті идеялар бұрын алынған ақпараттың негізінде пайда болатыны белгілі. Бірақ жи- нақталған білімнің, ақпараттың негізінде туындаған проблеманың шешімін табу мүм- кін еместігін түйсігімен сезінген жағдайда не- месе тұлғаның бойында өзін-өзі көрсетуге де- ген қажеттілік туындағанда шығармашылық ізденіс басталады. Бірақ бұл креативті, жаңа идеялар тудыру үшін жинақталған білімнен, түсініктерден, заңдылықтардан толықтай бас тартуды емес, көбінесе, ескі білімнің жаңа білімге бірте-бірте трансформациялануын, ескі мен жаңаның арасында тығыз байланыс бар екендігін білдіреді.

Зейін – маңызды танымдық қабілеттердің бірі. Адамға күн сайын ағыл-тегіл құйылып жатқан ақпараттар легін қабылдауға тура ке- леді. Бірақ бәрін емес, соның ішінен басты- сын, маңыздысын есте сақтау үшін зейінді жұмылдыра білу керек. Қазіргі кезде адамға зейінін ұзақ уақыт бойы бір іске жұмылдыру үшін оны сол істен алаңдататын факторларды тежеу күннен күнге қиынға соғуда. Бұған се- беп - адамдардың зейіннің басты кілті болып табылатын мидың фильтрден өткізу қабілетін жоғалтуында. Ал, креативтік ойлауды дамыту үшін маңызды болып саналатын зейіннің не- гізгі қасиеттері: 1) зейіннің шоғырлануы – бір объектіге зейінді тұрақтату және басқаны еле- меу қабілеті; 2) зейіннің бөлінушілігі – санада бірнеше әртүрлі объектіні ұстай алу қабілеті;

3) зейіннің аударылуы – назарды бір объекті- ден екінші объектіге жылдам көшіре білу [3, 236-238 б.].

Бүгінгі таңда, әсіресе, зейінді шоғырлан- дыру мен зейінді жұмылдыруға аса көп мән берілуде. Креативтік ойлауды дамыту үшін, бір жағынан, зейіннің алғырлығы, зейінді кең жұмылдыру, зейінді жылдам көшіре білу, зей-

іннің бөлінушілігі мен тұрақтылығы жоғары деңгейде болуы қажет. Ал, екінші жағынан, зейінді тек бір объектіге не болмаса бір про- блеманы шешуге тұрақтандыру, жұмылдыру жан-жағына қарауға, басқа объектілермен өз- геше байланысын табуға мүмкіндік бермейді, фантазияға кедергі жасайды, ассоциативті ой- ландырмайды, миды жаңа нәрсе тудыруға ын- таландырмайды, ақпаратты қабылдау өткір- лігі төмендейді, инсайт пен шабыт келмейді.

Олай болатын болса, зейінді жұмылдырудан босатып, миға демалыс беру керек шығар? Иә, босаңсығанда ғана адамның ойы шарықтап, стандартты емес шешімдер табуға, құбылы- стар арасындағы байланыстарды байқауға, түрлі ерекшеліктерге назар аударуға жағдай туындап, сонда бойына шабыт келуі мүмкін.

Шабыт пен инсайт креативтік процеске қа- жетті компоненттер. Ол үшін өзгеше, ерек- ше нәрсенің, жаңаның бәріне назар аударуға көмектесетін тұлғаның жаңашылдыққа деген қызығушылығы болуы керек.

Бұл ретте, «Зейінді жұмылдыру, тұрақтан- дыру керек пе, әлде керек емес пе?» деген са- уал туындамайды. Екеуі де қажет, оларды ал- ма-кезек қолдана алғанда креативті шешімді табуға болады. Проблеманы креативті шешу үшін қабылдауды, түйсікті және зейінді то- лыққанды пайдалана алған жөн.

Креативтік ойлауға қажет келесі когни- тивтік қабілет – ес (жады). Ес немен айналы- сады? Ес қабылдау арқылы алынған ақпарат- ты есте сақтайды, жинақтайды, қорытылған және меңгерілген ақпаратты сақтап, кейін оны еске түсіреді. Еске түсіргенде ақпарат жартылай, толық емес болуы немесе ұмыт болғаннан мүлде жоғалып кетуі де мүмкін.

Негізі, ес жаңа, тіпті, креативті ештеңе туды- рмайды, тек қана бар білімді сақтайды және еске түсіреді. Мұндай жағдайда есті контркре- ативті ме деп ойлап қалуға болады. Бірақ бұл – жаңсақ пікір. Негізінен, ес ойлау қызметінің ақпараттық банкі болып табылады. Ақпарат- тық банк дегенде, мәселе оның көлемі не бол- маса сыйымдылығында емес, естегі ақпаратт- тың әртүрлілігінде болып отыр.

Иллинойс университетінің психологта- ры өздерінің жасаған ғылыми зерттеулерінің

(4)

негізінде оперативті естің жоғары сыйым- дылығы математикалық есептерді шығаруға көмектесетінін, бірақ проблеманы шығар- машылық тұрғыдан шешуге кедергі болаты- нын анықтап, шығармашыл проблемалар- ды шешу үшін әртүрлі ақпараттың жаңаша комбинациясы керектігін айтқан. Ес ассоци- ациялар, көру, есту, моторлы, иіс, дәм, эйдет образдары сияқты әртүрлі ақпаратқа бай болғанда, ойлау қызметі де өнімді және кре- ативті болады.

Ес – мнемоникалық процесс. Мнемо́ника («mnemonikon» грек сөзінен) – есте сақтау өнері дегенді білдіреді. Технология мен интернеттің дамуымен адамдарда бұл өнерді игеру ниеті де жоғалуда. Есте сақтап жатқан гөрі Google- ден қарай салған жеңіл. Өкінішке орай, есте сақталған жұтаң және шаблонды ақпарат адамның креативті ойлауына мүмкіндік бере қоймайды. Ойлау қызметін жүзеге асыру үшін оған тұрарлықтай ақпарат қажет.

Стресстен басқа еске кері әсерін тигі- зетін тағы бір себеп ол – жақсы көңіл-күй.

Адамдардың көбі көңіл көтергенді, қызықтап қарап отырғанды, дырдумен күн кешіргенді ұнатады. 2011 жылы Миссурий (Колумбия) университетінің зерттеушісі Элизабет Мар- тин үнемі жақсы көңіл-күйде болудың ұмыт- шақтыққа әкеп соғатынын анықтаған. Зерттеу қатысушыларын екі топқа бөліп, біріне коме- диялық шоу, екіншісіне – еденге төсеме салу туралы видео көрсеткен. Көріп болғаннан кейін қатысушыларға сандардың комбинаци- ясын есте сақтауға арналған тест берген. Тесті ойын-сауық бағдарламасын көргендер үнемі нашар орындап отырған.

Қазіргі кезде есті дамыту проблемасы кө- кейкесті болып отыр. Есті дамытуға септігін тигізетін түрлі мнемоникалық әдістер мен ақпаратты меңгеру тәсілдері, естің мнемотех- никалық заңдары пайдаланылады. Себебі есте сақтау қабілетінің төмендеуі бірден ақыл-ой қызметінің төмендеуін әкеп соғады.

Қабылдау, зейін мен ес сияқты когнитивтік функциялар туралы айтқанда, міндетті түрде имплициттілікке, мәнділікке, сұрыптылыққа және тәуелділікке тоқталғанымыз дұрыс.

Имплициттілік (ырықсыздық) аталған ког- нитивтік процестердің бәрінде бар. Ырықсыз қабылдау, ырықсыз зейін мен ырықсыз ес санадан тыс жұмыс істейді және осы импли- цитті когнитивтік процестердің нәтижесінде алынатын ақпарат санамыздың түкпірінде сақталып қалады. Уәждеме, эмоция не болма- са кез келген импульс имплицитті ақпараттың белсенді ақпаратқа айналуына түрткі бола алады. Ырықты қабылдауды, зейінді және эксплицитті есті дамыта отырып, біз оның түпсаналық жағын да қоса дамытамыз. Дәл осындай санамыздың түбінде жатқан ақпарат креативті идеяның, шешімнің кілті бола ала- ды.

Мәнділік. Адам ненің мәнді, ненің мән- сіз екенін өзі шешеді және соған сай әрекет етеді. Мәнділікті анықтай білудің маңызы өте зор. Ми орталық басқару, енжар режимі, танымдық пен эмоционалдық функциялар желілерінен тұрады. Орталық басқару желісі танымды басқарады. Танымдық сипаттағы бір тапсырманы шешу үшін қатты, саналы және мақсатты түрде ойланғанда осы желіде- гі ми бөліктері бірлесіп жұмыс істей бастай- ды. Бұл желі «тапсырмаға оң бағытталған»

деп аталады. Ми жұмысының енжар режимі желісі сырттан келген тапсырманың біреуі де танымдық процестерді іске қоспаған жағдай- да белсенділік таныта бастайды. Бұл кезде ми – өзіне-өзі басшы. Сондықтан оны «тапсыр- маға теріс бағытталған» деп атайды. Енді ми сырттан келген тапсырманың емес, ішкі дү- ниесінің және ішке бағытталған тапсырма- ның әсерінен жұмыс істей бастайды. Орталық басқару желісі – сыртқы дүниенің, ал енжар режим желісі – ішкі дүниенің ақпаратын қо- рытумен айналысса, үшінші танымдық пен эмоционалдық функциялар желісі орталық басқару мен енжар режим желілерінің өза- ра әрекеттестігін қамтамасыз етеді. Ми орта- лық басқару желісінен енжар режим желісіне көшіп отырады. Сырттан міндеттелген про- блеманы шешкенде сыртқы мәнділік, ішкі дүние проблемасын шешкенде ішкі мән- ділік пайда болады. Енжар режим желісінің осындай күйін «ой адасуы» деп атайды. Дәл

(5)

осындай күйде болғанда, адамның миы жан дүниесінің түкпір-түкпіріне бойлап, өткенді де, болашақты да, өзімен, басқалармен қа- рыс-қатынасы туралы да ойлайды, небір күр- делі проблеманың ерекше шешімін қабылда- уға қабілетті болады [4, 458–469 б]. Ішкі және сыртқы мәнділік сұрыптылықпен тікелей байланысты. Сұрыптылықтың зейінге де, есте сақтауға да қатысы бар. Көбінесе, алдымен, сырттан келген ақпараттың мәнділігі анықта- лады, сосын сұрыпталады. Сұрыпталған ақпа- рат ұзақмерзімді есте сақталу үшін ол не жиі қолданыста болу керек, не әуелден ерекше маңызға ие болу керек. Адам баласы сұрып- тау қабілетінен айрылғанда, пайдалы мен зи- яндыны, маңызды мен маңызсызды, мәнді мен мәнсізді айыра алмайды. Сол кезде оның мі- нез-құлқы өзіне қарсы жұмыс істеп, өзіне-өзі зиян келтіреді, өзін-өзі құрбан етеді. Адамда бір нәрсеге тәуелділік пайда болады. Мыса- лы, интернетке тәуелділік, әлеуметтік желі- ге тәуелділік, виртуалды дүниеге тәуелділік, телефонға тәуелділік және т.б. Тәуелділіктің салдарынан адам креативтік ойлаудың басты талабы болып саналатын ой икемділігінен айрылып, стереотипті ойлауға бейім бола- ды. Өкінішке орай, адамдардың ағыл-тегіл түсіп жатқан ақпараттың мәнділігін, маңыз- дылығын, қажеттілігін анықтамай, сұрыпта- май пайдалануы олардың ойлау қабілетіне үлкен зиян тигізуде.

Қиял. Көру есі, есту есі, кинестикалық ес, кеңістіктік ес және естің басқа түрлері қиялдың жұмысын ынталандырады және креативтілік- ке оң әсер етеді. Адамдардың басым көпшілігі өздерінің өмірде қажет болатын практикалық дағдыларын дамытады да, қиялын дамыту- мен айналыспайды. Себебі бұны жеңілтек, қажетсіз, пайдасы жоқ іс деп есептейді. Шын мәнінде, тек қиял ғана адамға шексіз еркіндік беріп шаблоннан тыс, стандартты емес ойла- уға көмектесе алады. Адам өзінің күмәнімен, жалқаулығымен, өзіне деген сенімсіздігімен, қорқынышымен қиялын шектейді. Қиялдау арқылы креативті ойлау үшін адамның эмо- ционалдық, физикалық және ішкі күйі соған сай болуы керек. Ол өзіне қиялдауға мұрсат

беріп, өзіне-өзі сұрақ қойып, сол сұраққа жау- ап беру үшін қиялдың жетегіне еру керек. Қи- ялын армандаған мақсатына бағыттауы, өзіне еркіндік беруі, босаңсуы адамның ойын сан- саққа жүгіртіп, небір ерекше идеяларға әкелуі мүмкін. Қиялдау үшін адам тұратын ортаның да маңызы зор. Қиялдау үшін, фантазияға бой ұру үшін кісілердің сөзінен, қарсылығынан қорықпауы тиіс.

Қиял идеяны визуалдаумен тікелей бай- ланысты. Образды жасау, көру, сезу, сезіну үшін сенсорлық жүйені – визуалды, аудиал- ды, моторлы, иіс, тері мен дәм сезімдерін пай- далану қажет. Қиял образдары есте сақталған ақпаратқа және өткен тәжірибеге сүйенеді.

Пайданылған ақпарат күрделі процестердің көмегімен қорытылып небір өзгеріске ұшы- рап, соның нәтижесінде мүлде жаңа образ- дар пайда болады. Біз образдарды визуалдай аламыз ба, көз алдымызға елестете аламыз ба? Қиялдай алмау проблемасы адамдардың көбінде бар. Біреу қиялдай алса, енді біреудің қолынан қиялдау мүлде келмейді. Оған дай- ын образы бар визуалды материал ұсынатын бүгінгі теледидар да зиянын тигізуде. Адам күрделі, стандартты емес проблемамен бет- пе-бет кездескенде қиялына бөгет жасайтын дайын образдардан құтыла алмағандықтан, оны шешуге қауқарсыз. Кітап оқу мен радио тыңдау адамның қиялын дамытады, ал теле- дидар қиялға кері әсер етеді. Д.Дидро айтқан- дай: «Қиял! Осы қасиетсіз ақын да, философ та, ақылды адам да, тіпті, қарапайым адам да бола алмайсың». Себебі қиялдау қабілеті тек адамға ғана тән және бүгінгі құбылмалы заманда күрделі, стандартты емес проблема- ларды шешу үшін таптырмас қасиет. Қиял- дың басты мәні – дүниені түрлендіру. Адам өзінің қиялын дамыта білуі керек, қиялын басқара алуы керек және оны өзінің тұрақты көмекшісі қылуы керек.

Юваль Ной Харари өзінің ««Sapiens. Адам- заттың қысқаша тарихы» атты кітабында

«таным төңкерісінің» табиғаты туралы сөз қозғайды. Оның айтуынша, осыдан шамамен 70 мың жыл бұрын болған жаңалықтар жа- рылысынан, қайықтың, майшамның, садақ

(6)

пен жебенің, иненің және т.б. пайда болуынан басталған процесс, ақырында «бүгінгі адам- ның» қалыптасуына әкелгенін көрсетеді [5].

Дүниеде қандай зат болмасын, адамның қи- ялынан туындаған.

Қиял проблемасының түрлі аспектілерін Л.

С. Выготский, Д. Б.Эльконин, А. В.Запорожец, А. И. Леонтьев, А. В.Петровский, Д. В. Мен- джерицкая және басқа ғалымдар зерттеген.

Л.С.Выготскийдің концепциясы қиялды «ми- дың комбинаторлық (құрамдаушы) қабілеті- не» негізделген шығармашылық қызмет деген түсінікке құрылған. Ол өз зерттеулерінде жас адамның өмірлік тәжірибесі ересек адамға қарағанда аз болғандықтан, қиялы жұтаң бо- латындығын көрсеткен. Адамның жан-жақты, әртүрлі, бай тәжірибесі қиялдауға, фантази- яға жақсы материал ұсына алады. Қиялды дамыту тәжірибеге, сондай-ақ, қажеттілік пен қызығушылыққа, ортаға, комбинаторлық қа- білетке байланысты. Адам комбинаторлық қабілетін ұштап, көп жаттығуы керек. Жаңа түсініктер, концепциялар жасауға, креа- тивтілікке ескі идеялар элементтерінен жаңа конфигурациялар құрастыру білу қабілеті өте қажет.

Сөйлеу, тіл – қоршаған дүниені сипаттай- тын, көрсететін керемет когнитивтік құрал.

Сөз болмағанда, сөйлей алмағанда адам ба- ласы бір-бірімен қарым-қатынас жасай ал- мас еді, өзінің ойын жеткізе алмас еді. Тілдің басқа коммуникативтік жүйелерден айыр- машылығы – оның жасампаздығында, соның көмегімен сансыз көп сөздер, сөздерден сөз тіркестері, сөз тіркестерінен лингвистикалық құрылымдар, сөйлемдер жасалады. Ойымыз сөзде, сөз тіркесінде, құрылымда, сөйлем- де көрініс табады, сол арқылы жүзеге аса- ды. Сөздік қорымыз бай, ойымыз терең, әрі ерекше, шешендік өнерді меңгеру деңгейіміз жоғары болғаны жөн. Атам қазақ шешен- дік өнерді керемет меңгерген халық болған.

Қазақта «тұяғымнан сүріндірсең де, сөзімнен сүріндіре көрме» деген сөз бар. Қазақ сөзді қадірлей білген, сөзге тоқтай білген, сөз сап- тай білген, сөзге шешен болған. Шешендік өнер дегеніміз – ойын қиыннан қиыстырып, шебер айта білу, тыңдаушысын сендіре,

иландыра білу. Жалпы, сөйлеу өнері шығар- машылықты, креативтілікті қажет етеді. Кре- ативтілік ойталқы, пікірталас, келіссөз кезін- де, жалпы әңгіме барысында сапалы, әрі аяқ астынан аргумент табуға көмектеседі. Стив Джобс өзінің шығарған тауарын көпшілікке ұсынғанда, оны сөзбен креативті жеткізе алға- нымен бизнес тарихында қалғаны белгілі.

Өкінішке орай, қазіргі кезде адамдардың көбі сөйлеуден, әсіресе, қазақша сөйлеуден қалып бара жатыр. Тілі шорқақ, сөзі қарабай- ыр, ойы жұтаң болуда. Тіл мен ойдың арасын- да тығыз байланыс жатыр. Сөйлегенде ойдың икемділігі, жылдамдығы, белсенділігі, ұшқы- рлығы, дербестігі, кеңдігі, мазмұндылығы байқалады. Бұның бәрі креативтік ойлауға бірден-бір қажет компоненттер.

Қорытынды. Жоғарыда айтылғанды қо- рыта келе, жоғарыда сөз болған қабылдау, түйсік, зейін, ес, қиял, сөйлеу сияқты когни- тивтік процестер ойлаумен біте қайнасып жататынын, тұтас бір құрылым ретінде жұ- мыс істейтінін айтуға болады. Бүгінгі заман талабына сай адамдарға креативті ойлау неге қиынға соғып отыр? Бұған бірден-бір себеп – адамдардың когнитивтік функцияларының әлсіреуі. Қабылдау, түйсік, зейін, ес, қиял, сөй- леу когнитивтік қабілеттерін дамытқанда ғана ойлауды дамыту мүмкін болады. Адамдарда ойлау әдеті, одан бара ойлау мәдениеті қа- лыптасуы керек. Соңғы кездері ойдан тың нәрсе ойлап шығармақ түгіл, бар технологи- яны толыққанды пайдалану қиынға соғып жа- тады. Жаңа технологияны пайдалану үшін де ойлана білу керек. Мұның астарында жатқан себептер: біріншіден, адам өзінің когнитивтік қабілетін дамытпауы, екінші жағынан –оқу орнының олқылығы. Марсқа кеме ұшырып, технология керемет дамып жатқан заманда оқу орындары әлі күнге дейін өткен ғасырдың әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Заманауи оқу орындары оқушыларды, студенттерді тек қана пәнге емес, сонымен қатар, оқуға, тыңдауға, есте сақтауға, зейінді жұмылдыруға, шоғыр- ландыруға, ойлануға, проблемаларды шешу- ге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үйреткенде креативтік ойлау өнімі болып та- былатын креативтік идеялар мен шешімдерді табу жеңілірек болады.

(7)

Әдебиеттер тізімі

1. Голдберг Э. Креативный мозг. Как рождаются идеи, меняющие мир. – Москва: Эксмо, 2019, 2. Дилтс Р. НЛП: управление креативностью / Р. Дилтс. – СПб.: Питер, 2003.– 416 с.

3. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

4. J. Smallwood, E. M. Beech, J. W. Schooler and T. C. Handy, «Going AWOL in the Brain — Mind Wandering Reduces Cortical Analysis of the Task Environment», Journal of Cognitive Neuroscience 20 (2008): 458–469.

5. Юваль Ной Харари, Sapiens. Краткая история человечества. Москва: Издательство «Синдбад», 2016.

- 512 с.

References

1. Goldberg Je. Kreativnyj mozg. Kak rozhdajutsja idei, menjajushhie mir [Creative brain. How the ideas that change the world are born] (Jeksmo, Moscow, 2019).

2. Dilts R. NLP: upravlenie kreativnost’ju [NLP: creativity management] (Piter, Saint Petersburg, 2003, 416 p.).

3. Zhakyp B.O. Psihologija: Jenciklopedijalyk sozdіk [Psychology: Encyclopedic Dictionary] (Kazak jenciklopedijasy, Almaty, 2011).

4. Smallwood J., Beech E. M., Schooler J. W., Handy T. C. Going AWOL in the Brain - Mind Wandering Reduces Cortical Analysis of the Task Environment, Journal of Cognitive Neuroscience 20, 458–469 (2008).

5. Harari Juval’ Noj. Sapiens. Kratkaja istorija chelovechestva [Sapiens. A brief history of humanity]

(Publishing house «Sindbad», Moscow, 2016, 512 p.).

M.K. Suyundikova, E. Zhumatayeva

S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar, Kazakhstan

The relationship of cognitive functions in the development of creative thinking The relationship between cognitive functions in the development of creative thinking

Abstract. In the article, the need for the development of cognitive abilities is discussed in accordance with modern needs in order to form creative personality. The authors consider such cognitive functions as perception, sensation, attention, memory, imagination, speech, which play an important role in the formation of creative thinking. Today, a decrease in cognitive functions in humans is a barrier to the development of creative thinking. The purpose of this article is to analyze the causes of cognitive decline, to order recommendations for addressing these causes and the development of cognitive abilities. The relationship between thinking and cognitive functions has been explained, reflecting the activity of the brain as a unified holistic structure. The sides of cognitive functions such as implicitness, relevance, selectivity and dependency have been highlighted.

The idea of teaching pupils and students in educational institutions not only to the subject, but to the ability to listen, remember, concentrate and solve problems is put forward.

Key words: creative thinking, cognitive functions, perception, attention, memory, imagination, implicitness, significance.

М.К. Суюндикова, Е. Жуматаева

Павлодарский госдарственный университет имени С.Торайгырова, Павлодар, Казахстан

Взаимосвязь когнитивных функций при развитии креативного мышления

Аннотация. В статье рассматривается необходимость развития когнитивных способностей в соответ- ствии с потребностями сегодняшнего времени с целью формирования креативной личности. Рассматри- ваются такие когнитивные функции, как восприятие, ощущение, внимание, память, воображение, речь,

(8)

которые играют важную роль при формировании креативного мышления. На сегодняшний день сни- жение когнитивных фукнций у людей является барьером для развития креативного мышления. Целью данной статьи является анализ причин снижения когнитивных функций, предложены рекомендации по устранению данных причин и развитию когнитивных способностей. Обосновывается взаимосвязь мыш- ления с когнитивными функциями, отражающая деятельность мозга как единой целостной структуры.

Отмечаются такие стороны когнитивных функций, как имплицитность, значимость, селективность и за- висимость. Выдвигается идея обучения учащихся и студентов в учебных заведениях не только предмету, но и умениям слушать, запоминать, концентрировать внимание, решать проблемы.

Ключевые слова: креативное мышление, когнитивные функции, восприятие, внимание, память, во- ображение, имплицитность, значимость.

Авторлар туралы мәлімет:

Суюндикова М.К. – корреспонденция үшін автор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Психология және педагогика» кафедрасының докторанты, Ломов көш., 64, Павлодар, Қа- зақстан.

Жуматаева Е. – педагогика ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекет- тік университеті «Психология және педагогика» кафедрасының профессоры, Ломов көш., 64, Павлодар, Қазақстан.

Suyundikova M.K. – Corresponding author, Ph.D. student in Psychology and Pedagogy at S. Toraighyrov Pavlodar State University, Str.Lomov, 64, Pavlodar, Kazakhstan.

Zhumatayeva E. – Doctor of Pedagogy, Professor of Psychology and Pedagogy Department, S. Toraighyrov Pavlodar State University, Str.Lomov, 64, Pavlodar, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Моральдық білім беруді әр ғалым түрлі бағытта зерттеп, қоғамтану, психология, педагогикалық білім беру және дінтану ғылымдарымен байланыстыра зерттеп,

One of the priorities of UNESCO is the development of regional cooperation in the field of education in all regions of the world community.. In recent decades, the organization

Болашақ физика пәнінің мұғалімі жалпы білім беретін мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға дайындығы болуы үшін жоғары оқу орнында арнайы

Рассмотрим историю становления и развития таможенной службы Горного Алтая, покажем вклад роли та- моженной службы в развитие торговли с Монголией, а также

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,

Цель исследования – проследить тенденции в государственной политике Казахста- на в области человеческого капитала, выявить его роль в достижении глобальной задачи

1 Central State Archives of the Republic of Kazakhstan [Kazakhastan Respublikasy Ortalyk Memlekettik Arhivi]..

Семантическое влияние программирования на развитие вычислительного мышления подразумевает, что при непрерывном обучении программированию высокий уровень абстракции