• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЗОЛОТОЙ ИСТОЧНИК ДЕТСКОЙ ПОЭЗИИ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ЗОЛОТОЙ ИСТОЧНИК ДЕТСКОЙ ПОЭЗИИ"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

122 ҒТАХР 17.82.10

БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ Ж. Ерахметқызы

6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының PhD докторанты Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: erakhmedkyzy14.08@gmail.com

Мақалада поэзия атты перизаттың қадір-қасиеті, ӛлең, сӛз қҧдіреті жайында сӛз қозғалады.

Балалар әдебиетінің алтын діңгегіне айналған ӛлең ғҧмыр иесі - М.Әлімбаевтің балалар әдебиетіндегі орны мен ақын шығармашылығының бала тәрбиесі барысындағы атқарар қызметі жайында кеңінен қозғалады.

Мҧзафар Әлімбаевтың ӛлеңдерінде кең орын алатын адамгершілік тақырып қарастырылады.

М.Әлімбаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетінің алтын қорда лайықты орын алады. Мораль, адамгершілік, ҧлт мәселесі кез-келген ҧлттың әдебиетінің ең ҥлкен және мәңгілік тақырыптарының бірі.

М.Әлімбаев балаларға арнаған ӛлеңдерінде адамзат баласының рухани байлығы мен рухани сҧлулығын мақтап қана қоймай, бала жанына жат, дамуына кері әсер етер жат қылықтарды сынға алды.

Түйін сӛздер: балалар әдебиеті, поэзия, ақын, аңыз адам, рухани қазына, адамгершілік, тәрбие Кіріспе

Ӛлең - ӛнер, ӛмір - ғҧмыр. Есте жоқ ескі заманнан бҥгінге дейін бҥкпесіз ел шындығын, алмас қылыштай ӛзекті пенде тҥгілі ғасырдың кемдігін айтқан ақ сәлделі ақиқаттың жан серігі - ӛлең. Пілсауырлы қара жерге табанымыз тигеннен, дҥние керуенінен ӛтіп, денеміз топырақ жамылғанға дейін салт пен санамызда, дәстҥр мен ғҧрпымызда ӛлең атты алыптың алар орны ерекше.

Ӛлең - қазақ халқының қасиеті мен қасіретін, бағы мен сорын уақыт атты безбеннің таразысында пайымдай білер жалғыз шебер. Сонан болар, жалған дҥниенің ащысы мен тҧщысын, ағы мен қарасын қыз бҧрымындай ӛре білер сӛз қҧдіреті ӛлең атты алыптың алдына барып бас ҧрып жатады. Тал бесіктен бастау алатын тіршілік ҥшін кҥрес, жер бесікке жеткенге дейін жалғасын тауып отырғаны анық. Ана жатырын жарып шығып, іңкәр дҥниеге іңгәләп ӛмірге деген қҧштарлықты ӛлеңмен ӛрнектеп жылаймыз. Шер қатқан кӛңілді жырмен басып, кӛңілге медет болар қуанышты кезімізде де ӛлеңмен жеткізіп, ӛлең тілінде сӛйлейміз. Ӛлең тілі – қараша мен ханға, дос пен дҧшпанға, ғашықтық пен ғалауатқа ортақ тіл.

Дала философы Асан қайғы атамыздан бастау алған қара ӛлең кӛші, қазақ халқының бас ақыны Абай Қҧнанбайҧлына дейін сан тҥрленді. Заманының зарын, ханының кәрін, ӛмір әділетсіздігін ӛлеңмен жеткізді, ӛлеңмен ӛрді, ӛлеңнің кҥшімен жарқын кҥндер ҥшін кҥресті.

Қараша халық поэзияның бҧлағынан сусындап, бастауынан жігер алды. Ҧлылар ҧлық еткен поэзияның бҥгінгі қадір-қасиеті жайында Мҧхаммеджан Қаратаев «Поэзия қҧнын тҥсірмеудің бірінші амалы сҧрқай ӛлеңдерге, формалистік шатпақтарға жол бермеу. Ал, поэзияның шынайы жаңашылдықтарына жетудің бірден - бір сара жолы - кӛп кӛру, кӛп оқу, кӛп ҥйрену, батыл іздену, табанды еңбектену» [1; 172]. Ғалым айтқан поэзия қҧнын тҥсірмеудің басты алғы шарты оқырман атты айдынға ӛлең деген ӛрнегі болмаса, кӛркемдігіне кӛз тойдырып, кӛңілге медет болар сиқы жоқ, қҧладын қҧстай сиықсыз аты мен заты бір арнада тоғыса бермес, сҧрқай, формалистік шатпақтар легінің айдын жағасына жайғасуына жол бермеу.

Әр бір шумақ, тармақ ҧйқас пен ҥйлесім табады. Ӛткен ғасырдың 20 жылдарында ӛлеңнің ӛзінік ерекшелігі жайында, әдебиеттанушы ғалым Ахмет Байтҧрсынов «Әдебиеттанытқыш» атты әйгілі еңбегінде «Кӛркем сӛз - кӛңіл тілі, жалаң сӛз зейін тілі. Жалаң сӛз зейін тіліне қарайтын нәрсе, кӛркем сӛз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сӛз дҥниені тҧрған қалпында алып айтады, кӛркем сӛз кӛңілдің тҥйген, қиялдың меңзеген әліпбиіне тҥсіріп айтады. Жалаң сӛз айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, ақиқат тҥрінде айтады. Кӛркем сӛз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, әліптеп, кӛбінесе ҧйғару тҥрінде айтады. Жалаң сӛз дҥниеде шын болған, шын бар нәселерді әңгіме қылады. Хатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға, жоқ нәрсені барға ҧйғарып сӛз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан тудырып әдемі әңгіме шығару ақындық дарыған адамның ғана қолынан келеді. Жалаң сӛздің қара сӛз делініп, кӛркем сӛздің дарынды сӛз аталу мәнісі де осыдан» [2; 395].

Сӛз кӛркемдігі, сӛз астары, сӛз шындығы. Аталмыш ҥштіктің тоғысар арнасы бір. Қиял ҧшқырлығы, жалғандықтан ада, кӛңіл атты қыранның қалықтар мекен тҧрағы. Жалған сӛз барды

(2)

123

бар, жоқты жоқ деп ашып айтқанымен кӛңіл тҥкпірінде бардың барлық сыры, жоқтың жоқтық сынына қатысты кҥмәнді ойлар туындап жатады. Бҧл әсіресе, поэзия ҥшін қасиеттен ада, қасірет дҥние. Ел аңсаған азаттық, ер аңсаған теңдік, қыз аңсаған бақыт мекені, сәби аңсаған шаттық мекені поэзия тілмен ғана кӛркем сипатталады. Сом сӛздерді қашап, адам зердесіне қонымды етіп, жҥрек тҥкпіріне аманат етер жыр тудыру нағыз сӛз зергерінің, ақын деген қасиетті сӛз тӛрт тағанының қолынан ғана келетін ғажайып. Қара сӛздің қазанатын емес, қара бала қанағатын ойлаған заманда ақынға қойылар талап пен міндет ҧсақтала тҥсті. «Қыранның қырандығы- қанатын қаққанда, жыланның жыландығын - жауын арбағанда, Адамның адамдығы - жҧдырықтай жҥрегіне әлемді сыйдырғанда. Ал, ақынның ақындығы - заман шындығын ҧғынып, сӛз қҧдіретін санасына сіңіріп, ақ пен қара аражігін айырып, жҥрек тілінде тілқата білуінде айқындалар. Осы арқылы ӛз ӛлеңінің ӛміршеңдігінің қҧнды яки қҧнсыздығын бағамдай алады.

Бҧл әрине, мендік тҧжырым, мендік ойсана.

Ӛрілген бҧрымдай сҧлу ӛлеңнің ӛз тыңдарманы, ӛлеңді жазған ақынның ӛз оқырманы, ӛз аудиториясы бар. Оңы мен солын тани қоймаған, періште пейіл, балақайларға арнап ӛлең жазу, бала жҥрегін ҧғыну, балалар әдебиетіне қалам тартқан ақын ҥшін ең қиыны осы.

Балалар әдебиетіне қатысты айтылған пікірлер қаншама, соның ішінде балалар әдебиетінің тынысы мен тіршілігі, ӛмір ӛрісі жайында ғалым С.Қирабаевтың пікірін алға тарттық: «Балалар әдебиеті - қиын әдебиет. Оның бірталай ӛзіндік сипаттары бар. Балалар кітаптарында әрекеттің нақтылығы мен образдың кӛрнектілігі, лириктік сезімталдылық, характерлер мен уақиғаның динамикалық тҥрде дамуы, тіл тазалығы мен тартымдылығы қажет» [3; 74]. Шындығында, балалар әдебиеті ең қиын әдебиет. Балалар әдебиетіне қалам тарту, бала ҥмітіне шырақ жағу, рухани қҧндылықтарды сіңірте отырып, туған жеріне, отанына, отбасына, ӛзін қоршаған табиғат ананы сҥюге баулу. Жасандылыққа жаны қас бала жанын шығарма кейіпкерлеріне еліктете отырып тәрбиелеу. Келер ҧрпаққа тәлім-тәрбие беретін, дҥние танымын кеңітетін шынайы шығарма жазу – балалар жазушысының ғана қолынан келер іс. Бала атты періштенің пейіші болар, ішкі әлемін, кӛзқарасын жазбай танып, мейірім мен махаббат бастауынан нәр алып, ізгілік пен парасаттылыққа, кішіпейілдік пен кешірімшілдікке, адамилық пен адамгершілікке қадам бастыратын алтын кӛпір – балалар поэзиясы.

Ӛлең буын, бунақ санымен емес, ӛзіңнің арқалар жҥгінің ауырлығы, тілінің кӛркемдігі, айтар ой астарының мағыналығымен бағалы. П.А.Аристович «Ӛлеңіне ӛз ҧлтының дәстҥрін, танымын, ҧлттық қҧндылығын сіңірген ақын ғана шынайы ақын бола алады. Мҧндай қҧндылық поэзия әлеміне ӛткен ғасырдың поэзиясына тән болды» [4], - деп ХХ ғасырдың әдебиетіне бағам берді. Қазақ балалар әдебиетінің ӛсіп, дамуы осы әдебиеттің алтын ғасыры аталған ХХ ғасырға тән.

Қазақ балалар поэзиясында аты алтын әріппен жазылып, кешегі бала, бҥгінгі аға- әпкелеріміздің сҥйікті ақыны, жазушысы бола білген жандар қаншама? Оларды елеусіз қалдыру, тарих атты қарттың қаһарына қалу. Солардың бірі, қазақ балалар поэзиясының алтын діңгегі – Мҧзафар Әлімбаев. Мҧзафар Әлімбаев поэзиясы қахында бізге дейін талай қалам сілтеліп, біршама ғылыми мақалалар мен кандидаттық [5] (Жәкім Әсел «Қазақ балалар поэзиясы және Мҧзафар Әлімбаевтың кӛркемдік тағлымы», Алматы, 2006ж) жҧмыстарда қорғалған. Мҧның барлығы ақынның заманының заңдылығын ҧғынып, ел таныған ақиқатты ақпарат бетіне тҥсіріп, бала жанына жол таба білуінде деп ҧғындық.

Ақынның тілінің жатықтығы мен бала жанына жақындығын, ӛлең тілінің ӛрнектігін, қозған тақырыбының ӛзектілігін, ҧйқас, ой тартымдылығы жайында Ж.Әбдірашев «Мҧзафар Әлімбаев - бала психологиясын бажайлап зерттеп, бала мінезін жетік білуге келгенде ҥлгі етіп тҧрарлықтай артықшылығы бар ақын... Ӛлеңдерінің дені бала ҧғымына бірден қана кететін салмақты ой тудырарлық тартымды оқиға, жеңіл штирхтарға қҧрылады» [6; 77]. Тартымды ойға қҧрылған, кестелі сӛз зердесі Мҧзафар Әлімбаев ӛлеңдерінен кӛрініс тауып отыр. Бала санасына салмақ тудырмай, тартымды оқиға желісімен ҧтымды да, ҧғымды ӛнегелі асыл сӛздерді оқырман санасына сіңіру ақынның басты ерекшелігі, асылдығы һәм шеберлігі.

Балалар әдебиетіндегі еңбек сҥйгіштік, еңбекке баулу мәселесіне қатысты ғалым Қапасова Б. «Десек те, балалар лирикасының идеясының бірі еңбекке ҥндеу.Тәуелсіз ел әдебиетінің негізгі нысандары ӛзгерді дегенмен, балаларды еңбекке шақыру ӛзгеріссіз қалды» [7; 119], - деп ӛзгермелі дҥниеде ӛзгермес дҥние, адамзаттың асылы адал еңбек жайында сӛз қозғады.

Ӛскелең ҧрпақ ӛнегелі болсын десең ең алдымен адалдықты, адал еңбектің мәнін ҧғындыруың абзал. Ӛнердің қай тҥрі болмасын, адам жанына жақын. Ал, сӛз ӛнерінің мәйегі –

(3)

124

поэзия, лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, қабыса байланысады. Лирика жайында ғалым, академик Зәки Ахметов әдебиеттану терминдер сӛздігінде «Лирика - кӛркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның кӛңіл – кҥйін, сезім дҥниесінтікелей бейнелеп кӛрсетеді» [8; 217]. Оны әдебиет сабағында мҧғалім жіті тҥсіндіріп, оқушы санасына сіңіре білсе, нағыз нәтежеге бағытталған сабақ болары сӛзсіз. «Бҥтін» ҧғымынан алшақтамай, оқушыға алдымен ӛлеңнің бҥтіндей мазмҧнын, ақынның айтар ойын, суреткер сӛздері арқылы жеткізу. Оқушы ӛлең жолдарын мәнерлеп оқи алмаса да, мҧғалімнің кӛмегімен алған ақпаратын қиял қанатында бойына сіңіріп, жҥрегімен сезінуі шарт. Ян Амос Коменскийдің «Ғылым негізі – ҥш оқу», - деген сӛзі әдебиетті оқытудағы басты алтын қазық болып келеді. Ғалым ҧсынған ҥш оқу яғни бала қатесіз, тез, тҥсініп оқи алу керек. Ҥш оқуды меңгерген бала жанына серік болар оның қарым - қабілеті, ой – танымы бала зейінінің толығуына ықпал етеді. Балаға әдебиетті сіңірту, балалар жазушысының кӛркем жазылған еңбегін жемісті ету – балалар әдебиетін оқытудағы әдістеменің басты міндеті.

Әдебиетті оқытудың методологиясы жайында Әуелбек Қоңыратбаев [9; 217] 1950 жылдардың басында ӛз пікірін ҧсынды. Ғалым ҧсынған оқыту әдістері:

1. Пайымдап оқу 2. Талдап оқу 3. Кластан тыс оқу 4. Сӛйлету

5. Жаздыру

6. Мәнерлеп кӛркем оқу (жаттау) 7. Мазмҧндау

8. Мінездеу

9. Ғибратшылдық оқу (шығарманың идеясын тҥю) [9; 217].

Демек, ӛлең мазмҧны, мәтін мазмҧны болмасын оқушының ӛзіне оқыту арқылы меңгерту әдістемесі әдебиет әдістемесі ҥшін аса маңызды әдістеменің бірі. Балаға тартымды қуат, ерекше кҥш дарытатын терең ой сыйлайтын дҥние балаң оқырманға тың тыныс береді. Әсерсіз, жай ғана болған дҥниені немесе келешекте болатын дҥниені жалған суреттеп, жалаң жеткізу бала жанына тебіреніс пен қуаныш әкелмейді. Баланы тәрбиелемейді. Адалдық пен арамдықтың, еңбек сҥйгіштік пен еріншектіктің аражігін ажыратып, ӛнегелі ҧрпақ ӛсіп жетілсін демейді. Ондай, жалған жамаулы сӛздерден қҧралған әдебиет, бала әдебиеті тіптен қажетсіз. Ал, адалдық пен ақтықты, еңбек пен қҧрметті қастерлеуге қҧрылған дҥние болса, нақ қҧнды дҥние, шын - шығарма.

Адал еңбек, маңдай тер, қайырымды іс – адамзат баласының бастауы. Жатырына бала біткен ананың ең асыл ойы, ізгі арманы - баласының бас амандығы, саналы болып ӛсуі. Осыған қатысты жадымда жатталған мына бір аталы сӛз, айтар ойымның тҥп тӛркінін айқындап берер:

«Е, Алла бала бер, Бала берсең сана бер.

Егер сана бермең,

Нәлет еттім ала бер! [10]» , - бҧл баладан безіну емес, санасыз ҧрпақтан безіну. Саналылық адал еңбекпен, аманаттың, қадір мен қасиеттің мәнін тҥсіну. Бҧл әсіресе, балаларды адал еңбекке шақырып, еңбектің жемісі, еңбектің мәнін бала тіліне бейімдеп, ықшамдап алып, сҧлу жеткізетін дара ақын – Мҧзафар Әлімбаевтің ӛлеңдерінен кӛрініс табады. Оған дәлел ақынның «Астроном ағалар», «Археолог ағалар», «Мамам-гҥлдің бағбаны» [11] ӛлеңдері. Тіптен, ақынның «Мамам- гҥлдің бағбаны [11]» атты ӛлеңінің бейне нҧсқасы мектеп қабырғасындағы мектепке дейінгі және 1 - сынып оқушыларының ең сҥйікті бейне баяны. Сәби жҥректі балапандар, әннің астарымен мағынасын терең тҥсіне алмасада, ананың балаға деген кіршіксіз махаббатын сәби жҥректерімен сезініп отыр.

Бала бауыр етіміз, болашағымыз. Балаға дауыс кӛтеріп, жазалау арқылы жағымсыз қылықпен, ҥйренген әдеттен ада ете алмаймыз. Баланың жаны, юморды ҧнатады. Бала жҥрегін жанымен сезінетін М.Әлімбаев ӛлеңдері де балаға деген махаббат пен жылы юморға толы. Ақын бала бойынан кездесетін жалқаулық, енжарлыық, мақтаншақтық, кӛрсе қызарлық, аңғалдық пен

«мен білемдік» сынды бала кемшіліктерін астарлы әзілмен, кішкентай оқырмандарына қайта ҧсынған. « Білгір» Бекен» ӛлеңі білгішсінген Бекеннің қылықтарын шым-шым шындықпен жеткізеді. Ӛлең жолдарында аз біліп, кӛп білгендік танытатын сәби адасушылығын:

«Сезбейді, әттең, сабазың,

(4)

125 Білімінің әлі азын» [12; 587].

Баланың тәкәппар мінезі, ӛз білімсіздігін жасыра, аз білседе оны кемшілдік деп мойындамайтын тҧстарын тҧспалдап, бала жанын ауыртып алмастай айтады. Дәл осындай кӛркем шешіммен бала жанына қарама-қайшылықты қатар қойып ҥйрені мен жейренуді ҥйрету Мҧзафар ақынның шеберлігі. Ӛз кезегінде С.Маршак ӛлеңдерін зерттеген ғалым В.И.Лейбсонның ақын ӛлеңдеріне қатысты «ақынның мҧндай сан қырлы бейне жасауы бӛбектер тҥгіл, ересектер сатирасында сирек кездесетін қҧбылыс» [13; 79], - деген пікірі ақын Мҧзафар Әлімбаев шығармашылығынада берілген баға іспетті.

Мҧзафар Әлімбаев ӛлеңдеріне зер салсам, ескіні қастерлеп, атадан – балаға мирас болар, қарашаңырақ, бесік мәселесінде кӛтереді. Мысалы ақынның, ««Бала бӛлеу сҧмдық!» - деп шҥйлігіпті» [14], - деген ӛлеңінің астарына ҥңіле отырып, ақын сӛзінің ақиқаттығына, ақтығына шҥбә тумайды. Заман ӛзгерді, адами сана ӛздерді деп ата – салт болып, санаға сақталған бесіктің ӛзінен бас тартып, ескінің жҧрттың жҧрнағы, қараңғы кҥнінің кӛрінісі деп бастартып жатқан мына қоғамның кейбір мҥшелеріне арнап шығарған ӛлеңі.

«Іні де, қарындас та, ағай жатқан, Біз тҥгіл бҧл бесікте Абай жатқан, Тал бесік пәле болса...

Ғасырлардан...

Осы жҧрт неге айтады пайда еместі, Қымбат қой кӛнермейтін қайран ескі!

Бесікте кӛзін ашқан кҥйкі болса, Кәдімгі Қажымҧқан қайдан есті?!

Тал бесік - жан жайлауы жас балаға, Арба да, мамық тӛсек, баспана да.

Кіршіксіз, әрі ыңғайлы, әрі жылы,

Байқаусыз жел тиер деп жасқана ма?! » [14]. Ақын ӛлеңі арқылы, тал бесікте қазақ халқының асылдары, ел оғландары, жау жҥрек батырлары, орақ тілді, от тілді шешендері, кӛш бастаған кӛсемдері, ел басқарған бектері мен тӛрелері, сҥбелі би тектілері, ӛткен ғасырда ғҧмыр кешкен қара ӛлеңнің қариы атанған Абай, қара кҥштің иесі атанған Қажымҧхан аталарымыздың тербелгендігін алға тартады. Бесік -ескінің сарқыты емес, кӛненің киесі, қазақ атты алтын діңгекті, қарға тамырлы ғазиз елдің жауһары. Ақын таныған шындық, бала санасына әбзерлі әсем жырлармен бҥтін қалпында жеткен.

Ақынның тӛрттағаны - табиғи дарын, табиғи шынайылық, білім-білік тәжірбиесі, дҥниетаным кеңдігі. Біз айтқан ақын тӛрттағаны әрбір ақынның бойынан табыла бермейді. Ақын болу - ардың ісі. Мҧзафар Әлімбаев бала талғамын, оның жас ерекшеліктері мен соған сәйкес қызығушылығын, қабылдау қабілетін ескере отырып, тартымды да кӛркем шығармалар жаза білді. Бала жҥрегіне жол тауып, бҥлдіршін оқырманның сҥйікті ақынына айналды. Қаламының қарымынан, ӛлеңдерінен жалынынан бойына жігер алып, бірнеше буын ӛсіп жетілді. Мҧзафар ақын шығармалары - тілінің жатықтығымен, ішкі мазмҧнының кӛркемдігімен қазақ балалар поэзиясының алтын діңгегіне айналды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Қаратаев М. Шығармалар жинағы, Алматы, Жазушы 1974, 3 том, 368 б.

2 Байтҧрсынов А. Ақ жол. -Алматы Жалын, 1991. – 464 б.

3 Қирабаев С. Ӛнер ӛрісі. Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, Жазушы, 1971,- 274б.

4 Яшвили П.А. Сущность художественного перевода : Дис. ... канд. филологические науки : 10.01.08.

5 Жәкім Ә. Қазақ балалар поэзиясы және Мҧзафар Әлімбаевтың кӛркемдік тағлымы.

Алматы, 2006

6 Алдабергенова Қ., Арын Е., Баткеева Б. Мҧзафар Әлімбаев - халық жазушысы. Павлодар, Университет баспа орталығы. 2003. – 204б.

7 Қапасова Б. Қазақ әдебиетіндегі балалар лирикасы (60-90жж). Филол.ғ.к.дисс. –Астана, 2000 - 119б.

8 Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі (Қҧраст: З.Ахметов,Т.Шаңбай).- Алматы: Ана тілі, 1996. -240 б.

9 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., «Мектеп», 1966

(5)

126

10 Қазақ мақал-мәтелдер жинағы. «Маржан сӛз» . Алматы, 1999 11 https://www.youtube.com/watch?v=d371zgQEvE0

12 Әлімбаев М. Шығармалар жинағы. Екі томдық. – Алматы: Санат,1997. Т.2 - 704б.

13 Лейбсон В.И. Чему учат стихи? Детская поэзия и эстетическое воспитание. – М.:

Просвещение, 1964. – 104 с.

14 https://www.zharar.com/kz/olen/7524-kazakh.html

ЗОЛОТОЙ ИСТОЧНИК ДЕТСКОЙ ПОЭЗИИ Ж. Ерахметқызы

PhD докторант 1 курса специальности 6D011700-Казахский язык и литература Казахский государственный женский педагогический университет,

г. Алматы, Казахстан, email: erakhmedkyzy14.08@gmail.com

Статья посвящена поэзии, достоинству, стихам и силе слова. Стихи автора М. Алимбаева вошли в золотой фонд детской литературы, вместе с тем широкое распространение получили его работы по воспитанию детей. Стихи М.Алимбаева занимают достойное место в золотом фонде казахской литературы. Проблема нравственности – одна из крупных и вечных тем литературы любого народа.

Поэты, внесшие свой вклад в тему нравственности, поднимали не только морально-этические проблемы, не только воспевали духовное богатство и душевную красоту детей, но и критиковали противоположные им отрицательные действия и обывательские характеры, стремления людей.

Ключевые слова: детская литература, поэзия, поэт, легендарный человек, духовные сокровища, человечность, воспитание

GOLDEN SOURCE OF CHILDREN'S POETRY

Zh. Yerahmetkyzy

PhD student of the specialty "6D011700 - Kazakh language and literature"

Kazakh State Women‘s Teacher Training University, Almaty, Kazakhstan, email: erakhmedkyzy14.08@gmail.com

Article is devoted to poetry, advantage, the verses and word force. The poet of children's literature M.

Alimbayev's place in children's literature and works of the poet were widely adopted in his works on education of children. Poems of M.Alimbaev take a worthy place in the golden fund of Kazakh literature. The problem of morality is one of the major and eternal themes in literature of any nation. The poet, contributed to the topic of morality, raised not only moral and ethical problems, not only praised the spiritual wealth and spiritual beauty of children, but also criticized the negative actions opposing them and the philistine characters, aspirations of people.

Key words: children's literature, poetry, poet, the human legend, spiritual treasures, humanity, education Редакцияға 20.01.2019 қабылданды.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Шет тілі ретінде түрік тілінің үйретілу бaрысындa қолдaнылaтын әдістер мен ойын түрлері Тіл үйренуде көру мен

Якобсон құрастырған эскимос тілінің сөз- діктерінде айтылуы да, мағынасы да түркі тілінің көпшілігіне, соның ішінде қазақ тіліне де ортақ сөздер

Бұл əдістемеде: (а) оқыту неміс тілінің айтылу нормасын ғана емес, сонымен қатар ре- зонаторларды басқару жəне интонациялық мəнерлеп сөйлеу қабілеттерін дамытады;

Бұл лексикалық қат ислам заңтануының (фикх) негізі болып келген және де араб елдерінің құқықтық тілінің болуы кезінде ұзақ жылдар бойы өзгермеген, және осы кезде

Ол үшін Алашорда үкіметінің мемлекеттік мəртебедегі тіл ретінде қызмет ету мəселесі 1917 жылы (2–8 сəуір) Орынборда, осы жылы 19–22 сəуірде Оралда,

Ақынның дастандары мен мысал ретінде жазған шығармалары Дулат жыраудың дастандарынан өзіне тəн ой-өрнегі, сөз кестесі анық көрініп тұр.. Ақынның бірегей

Қарастырылып отырған тұжырымдамада «...қазақ тілінің мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ғылым, мəдениет, білім беру мен денсаулық сақтау

ме» – дейді. Сырын білмеген ат теуіп қа- луы мүмкін, тістеп алуы мүмкін, байқама- са мерт етуі мүмкін. Сырын –білмеген адамға сырыңды да айтуға болмайды, ой