1
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану – математика факультеті
Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы
Айтбенова Аян Алтаевна
WEB-дизайн негіздері
Қостанай 2015
2
УДК 004.4 (075.8)
ББК 32.973.26-018.2я73 А32
Авторы:
А.А. Айтбенова, Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
Пікір жазғандар:
М.У. Калжанов - А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Информатика және математика» кафедрасының доценті, физика- математика ғылымдарының кандидаты.
З.С. Ерсултанова - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Информатика және КТ»
кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты.
Айтбенова А.А.
А32 WEB-дизайн негіздері: жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –Қостанай: ҚМПИ, 2015. -237б.
ISBN 978-601-7305-13-0
Ұсынылып отырған оқу құралында «Web-дизайн негіздері» курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтарға арналған материалдар қамтылған, әр тақырып соңында бақылау сұрақтары мен өзіндік тапсырмалар берілген. Мұндағы материал оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптар бойынша практикалық жұмыстардан құралған тарауларға бөлінген. Әр практикалық жұмыста тақырып бойынша сәйкесінше тапсырмаларды орындауға қажетті қысқаша теориялық мағлұматтар, тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар және оларды орындау жолдары, өзіндік жұмыстары үшін тапсырмалар және бекіту сұрақтары қамтылған.
Бұл оқу құралын жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта мектеп оқушылары және мұғалімдер көмекші құрал ретінде қолдана алады.
УДК 004.4 (075.8)
ББК 32.973.26-018.2я73 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Оқу кеңесімен бекітілген.
ISBN 978-601-7305-13-0
Айтбенова А.А., 2015
ҚМПИ,2015
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе... 5
Теориялық сабақтар 1. Дизайн негіздері... 7
2. Графика түрлері және түстік модельдер... 9
3. Web-сайтты құру... 13
4. Internet және www – дүниежүзілік өрмек... 16
5. HTML гипермәтіндік тілі көмегімен веб-беттерді құру... 21
6.HTML тіліндегі тізімдер, графика, гиперсілтемелер, мультимедиалық объектілер... 29 7. HTML тіліндегі кестелер, формалар және фреймдер... 40
8. Javascript тілінің негіздері... 49
9. Мәліметтер типі. Операторлар, өрнектер, функциялар... 54
10.JavaScript тілінің класстары... 60
11.MS FrontPage бағдарламасы... 68
12.Adobe Dreamweaver бағдарламасы... 76
13. Dreamweaver бағдарламасының интерфейсімен танысу... 78
14. PHP тілімен танысу... 87
15. РНР тілінің синтаксисі және негізгі басқару конструкциялары 91 Практикалық сабақтар 1.HTML ГИПЕРМӘТІНДІК ТІЛІ... 102
1.1. Практикалық жұмыс №1.1. Қарапайым HTML-бетін құру... 102
1.2.Практикалық жұмыс №1.2. Мәтінді форматтаудың негізгі элементтері... 106
1.3. Практикалық жұмыс №1.3. Түстерді және мәтінді форматтаудың кейбір элементтерін анықтау... 110
1.4. Практикалық жұмыс №1.4. Мәтінді форматтау…... 113
1.5. Практикалық жұмыс №1.5. Тізімдер... 119
1.6. Практикалық жұмыс №1.6. Web - беттегі графика…... 124
1.7. Практикалық жұмыс №1.7. Гиперсілтемелерді жасау... 128
1.8. Практикалық жұмыс №1.8. Web - беттегі мультимедиа... 133
1.9. Практикалық жұмыс №1.9. Кестелер құру... 137
1.10. Практикалық жұмыс №1.10. Формаларды құру... 144
1.11. Практикалық жұмыс №1.11. Фреймдер... 151
2. JAVASCRIPT ТІЛІ... 160
2.1. Практикалық жұмыс №2.1. Негізгі операторлар... 160
2.2.Практикалық жұмыс №2.2. Javascript тілінің шартты операторлары... 165
2.3.Практикалық жұмыс №2.3. Javascript тіліндегі циклдік операторлар... 167
2.4. Практикалық жұмыс №2.4. Javascript оқиғалары мен объектілері... 169
4
3. MICROSOFT FRONTPAGE БАҒДАРЛАМАСЫ... 173 3.1. Практикалық жұмыс №3.1. MS FrontPage бағдарламасында
қарапайым web-бетті құру... 173 3.2. Практикалық жұмыс №3.2. MS FrontPage бағдарламасында
қарапайым web-торапқұру... 181 4.ADOBE DREAMWEAVER БАҒДАРЛАМАСЫ... 190 4.1. Практикалық жұмыс №4.1. Қарапайым HTML-бетті құру... 190 4.2.Практикалық жұмыс №4.2. Dreamweaver
бағдарламасындағы гиперсілтемелер, кестелер, суреттер... 194 4.3.Практикалық жұмыс №4.3. Adobe Dreamweaver
бағдарламасы көмегімен қарапайым сайт жасау... 201 5. РНР ТІЛІ... 216 5.1. Практикалық жұмыс №5.1. PHP тілімен танысу... 216 5.2.Практикалық жұмыс №5.2. PHP тіліндегі айнымалылар мен
операторлар... 223 5.3.Практикалық жұмыс №5.3. PHP тілінің басқару
конструкциялары...
228 Глоссарий... 234 Қорытынды... 236 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ... 237
5
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте барлық оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады. Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі уақытта индустриалдықтан ақпараттық қоғамға өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияларды оқыту саласында, бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды.
Web-дизайн – визуалды электронды веб-беттерді, сайттарды дайындау тәсілі. Web-дизайн негіздері – студенттердің бастапқы веб- беттерді құру жұмыстарын үйренуге, яғни HTML гипермәтіндік тілімен, Javascript тілінің негіздерімен, MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламаларымен, PHP тілімен жұмыс істеп үйренуге бағытталған курс болып табылады.
Бұл курсты оқу нәтижесінде студенттер келесі біліктер мен білімдерді алу керек:
- web-дизайн түсінігі, тарихы және даму бағыты туралы жалпы көрсетілімін білу;
- веб-беттерді құрылымымен танысу;
- веб-беттерді құру тәсілдерін білу;
- HTML гипермәтіндік тілімен жұмыс істеп үйрену;
- динамикалық HTML-құжаттарын құрастырудық заман талаптарына сай әдістері мен құралдарын білу;
- HTML және JavaScript тілдеріндегі бағдарламалар мен алгоритмдерді жасау туралы түсінікке ие болу;
- HTML, JavaScript, PHP тілдерінің және MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламаларының мүмкіндіктерін білу;
- HTML, JavaScript, PHP тілдерінің және MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламаларының құралдарының қызметтерін білуге;
- сайтты құру тәсілдерін меңгеру;
- MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламалары көмегімен Web-сайттар құру;
- Web-сайттар жасау мен оларды Internet-тің Web-серверлерінде орналастыру мен түзетуге қатысты практикалық дағдыларды меңгеру.
«Web-дизайн негіздері» оқу құралында теориялық және практикалық сабақтарға арналған материалдар қамтылған, әр тақырып соңында бақылау сұрақтары мен өзіндік тапсырмалар берілген.
«Web-дизайн негіздері» курсы бойынша практикалық жұмыстың әдістемесі - әрбір тақырып бойынша үйренген теориялық білімді
6
практикалық тапсырмалар арқылы толықтыруға арналған оқу- әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Мұндағы жұмыстар «Web-дизайн негіздері» курсын оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына, яғни оқу пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес жазылған. Студенттер өткен материалды тәжірибе жүзінде пайдаланып, өз білімдерін тексере алады.
7
Теориялық сабақтар Тақырып №1 ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІ.
Жоспары:
1. Дизайн тарихы және түсініктемесі.
2. Композиция және оның негізгі ережелері.
1) Дизайн тарихы және түсініктемесі.
Дизайнның нақты пайда болу мерзімін айту қиын. Қазіргі түрдегі дизайн XX ғасырдың басында, өнеркәсіп өндірісі дамығанда пайда болған. Өнеркәсіптік дизайн (немесе дизайн) ұғымы бүкіл әлемде 1959 жылы қолданыс тапқан.
«Классикалық» дизайнда екі негізгі бағытты атап өтуге болады:
неміс (Баухаус) және Ресейлік (ВХУТЕМас). «Баухаус» құрылыс және мәдениет құрылымының жоғарғы мектебі Германияда 1919 жылдан 1933 жыл аралығында болған, бірақ оның идеяларының ықпалы қазіргі дизайнда сақталып келеді. Мәскеу мемлекеттік жоғарғы мәдениеттік- техникалық шеберханалары (қысқаша ВХУТЕМас, (қаз. ММЖМТШ)) 1920 жылы құрылған.
Дизайн әлеміндегі толық төңкеріс компьютерлердің пайда болуына ықпал жасады. Бірінші графикалық бағдарламалар «Амигте» болған (Мыс, Graficraft), бірақ олардың аспаптары шектеулі болатын. Одан кейін басқа да күрделі графикалық пакеттер пайда бола бастады.
Компьютерлік графиканың дамуына Ulead компаниясы үлкен үлес қосты.
90-шы жылдардың басында ДК үшін Photostyler бағдарламасы алғашқы болды, бірақ оны бірнеше жылдан кейін Photoshop бағдарламасы алмастырды.
Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрі.
Дизайн дегеніміз - форманы мазмұнынан нақты объектілерді формальді (немесе абстракты) объектілермен алмастырып бөлу.
Дизайнның 3 түрі бар:
1. графикалық дизайн;
2. өндірістік дизайн;
3. архитектуралық ортаның дизайны.
Графикалық дизайнның жобалау объектілері қаріптер, пиктограммалар, фирмалық стильдер, түрлі визуалды коммуникациялар және т.б. болып табылады.
Өндірістік дизайнның жобалау объектілері машиналар, құрылғылар, жиһаз, ыдыс, киім болып табылады.
Архитектуралық ортаның дизайнын жобалау объектілері интерьер дизайнымен қоса, үй салу және олардың комплекстері болып табылады.
Футородизайн дегеніміз - қазіргі таңда қандайда бір себепті қолданыла алмайтын болашақтық жобалардың дизайны.
8
Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web-дизайн дами түсті. Web-дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web-дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын ,бағдарлама-құралдарының кең таңдауын, html және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web-дизайн білім мен өнердің қосылысы.
Веб-дизайн (Web page design) – пайдаланушының веб–браузер немесе басқа да графикалық веб–интерфейсімен көре алатын технологияларды қолданып, веб жүйесі арқылы электронды мазмұнын жеткізетін жобалау, жоспарлау, модельдеу немесе жүзеге асыру үрдісі.
Веб-дизайнның негізгі аспектілері мыналар:
Мазмұны. Сайт тақырыбының ақпараты толық болуы керек.
Қолдану қолайлығы. Сайттың пайдаланушы интерфейсі ыңғайлы, қарапайым болуы керек.
Сыртқы түрі. Сайттың барлық беттерінде графика мен мәтін бір стильде орналасуы керек. Безендіру стилі кәсіби, тартымды түрде болуы керек.
Көрінісі. Сайт көптеген іздеу жүйелері және жарнамалық аудандарда оңай табылуы тиіс.
2) Композиция және оның негізгі ережелері.
Композиция – бұл тірі организм. Онда барлығы өзара байланысқан және әрқайсысы өз орнында тұрады, әрбір элемент өз функциясын орындайды. Егер ол орнынан ауысып кетсе, онда барлығы бұзылады.
Дизайнердің міндеті барлығын өз орнына қою болып табылады.
Композиция дегеніміз - мазмұны, сипаттамасы және тағайындалуы ескертілінген көркемдік туындыны мақсаттқа бағыттап құру.
Композицияның негізгі фронтальді, көлемді, көлемді-кеңістік түрлері бар. Композицияның негізгі элементтері нүкте, кесінді, дақ болып табылады.
Композицияның негізгі заңдарына бүтіндік және бірлік, тепе-теңдік, қатар бағыну жатады.
Бүтіндік және бірлік – бұл барлық элементтер бір бүтін болып орналасқан күйі.
Тепе-теңдік – бұл барлық элементтер бір-бірімен балансталған композицияның күйі.
Қатар бағыну - бұл барлық элементтер бағынатын композицияның ортасын белгілеу (доминанттар).
9
Контраст - өлшем, форма, түс, кеңістікке қатынасы және т.б.
категориялары бойынша элементтерді, заттарды, формаларды және басқаларының ерекшеліктерін айыру.
Тепе-теңдік деген - өзінің сапасына сәйкес (өлшем, форма, түс...) бірдей элементтерді қайталау.
Ритм - бұл анықталған аралық арқылы бір элементті қайталау.
Симметрия деген - тепе-теңдік және гармониямен реттелудің ерекше түрі ретінде көзбен қабылданатын, симметрияның нүкте, ось немесе жазықтығына қатысты элементтердің тепе-тең орналасуы.
Үйлесім деген ұғым - грек тілінен аударғанда «үндестік, келісім, хаосқа қарама-қайшылық» дегенді білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Дизайн деген не және оның қандай түрлері бар?
2. Веб дизайн деген не?
3. Композиция және оның қандай заңдары бар?
4. Үйлесім деген не?
Тақырып №2
ГРАФИКА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮСТІК МОДЕЛЬДЕР.
Жоспары:
1. Компьютерлік графика туралы жалпы мағлұматтар.
2. Түстер және оның модельдері.
1) Компьютерлік графика туралы жалпы мағлұматтар
Қазіргі кезде барлық өңдеу түрлерінде ЭЕМ, сонымен қатар компьютерлік графика қолданылады. Зерттеулер кезінде натурал эксперименттерден басқа, жұмыстың компьютерлік модельдеуі және оның компоненттері үлкен рөл атқарады. Мысал ретінде моделдеу есебіне механиканың жалпы ортадағы процестерін келтіруге болады.
Мысалы, алмаз синтезін есептеудің жарылыс есебі, космостық аппараттарды метеориттер және микромитеориттерден сақтандыруды есептейтін есебі және т.б кіреді.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай
10
қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90% уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір
«өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық, үшөлшемді және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады.
Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Векторлық графика - бұл сызық, доға, шеңбер және тіктөртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.
Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
11
Үшөлшемді графикада бейнелер (кейіпкерлер) виртуалды кеңістікте, табиғат ортасында немесе интерьерде модельделеді және қозғалады.
Фракталды графика казіргі кезде компьютерлік графиканың ең тез дамып келе жатқан түрлерінің бірі болып табылады. Фракталды графиканың математикалық негізі фракталды геометрия болып табылады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б.
объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады.
Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, бейнероликтер мен бейнепрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің
12
жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады.
Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.
Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
2) Түстер және оның модельдері.
Компьютерлік графикада түсті объектілердің екі типі бар:
1. Сәуле шығаратын объектілер, оған ЕСТ экрандары, плазмалық тақталар, светодиот матрицалары жатады.
2. Сәуле шығармайтын объектілер, яғни оларға түсетін сәулені бейнелейтін объектілер жатады.
Түстік модель (color model) — нақты бағдарламады немесе жүйеде түсті орналастыру және беру тәсілі. Компьютерлік графикада қолданылатын барлық түстік модельдерді монохромды және түрлі-түсті деп бөлуге болады.
Модельдердің негізгі үш түрі бар:
1. RGB (Red-Green-Blue) түстік моделі. RGB түстік моделі аддитивті болып табылады, яғни кез-келген түс әр түрлі деңгейде үш негізгі түстің – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) қосындысынан тұрады. Ол – электрондық түрде көрсетуге арналған (мониторда, телевизорда) компьютерлік график құру мен оны өңдеуде негізгі қызмет атқарады.
Негізгі түстің бір компонентін, екіншісінің үстінде қолдануда сәулеленудің сомалық жарықтығы ұлғаяды. Үш компоненттің араласуы, жарықтығын ұлғайтқан кезде ақ түске жақындайтын ахроматикалық сұр түсті береді.
2. СМYK (Cyan, Magenta, Yellow, Black) түстік моделі. CMYK түстік моделі субстрактивті болып табылады және оны жарияланымды баспаға
13
дайындауда қолданады. СМҮK-тің түстік компоненттеріне ақ түстен бөлініп алынған негізгі түстер қызмет етеді.
· көгілдір (cyan) = ақ – қызыл = жасыл + көк
· күлгін (magenta) =ақ – жасыл = қызыл + көк
· сары(yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл
Мұндай әдіс түпнұсқадағы баспадан шағылған сәуленің физикалық табиғатына сай келеді. Көгілдір, күлгін және сары түстерді толықтырушы деп аталады, себебі олар негізгі түстерді ақ түске дейін толықтырады.
Бұл үш түсті тең көлемде араластырсақ қара түс пайда болады.
Полиграфияда қара түс үшін бөлек краска пайдаланылады. Оны «К»
әрпімен белгілейді. Сондықтан полиграфияда субтрактивті модельді СМYК деп атады. Ол RGB моделіне ұқсас болып келеді.
3. HSB (Hue, Saturation, Brightness) (HLS (Hue, Lightness, Saturation)) түстік моделі. Сәулелену спектрі таза болған сайын түстік тон қанық болып көрінеді. RGB моделінің базалық түсінде қанықтылықтың жоғарғы сапасы бар. Жарық шығару амплитудасы түс жарықтығын анықтайды.
Осыған орай түстің үш параметрі бар:
1. Түстік тон - Hue (түстік тон-цветовой фон)
2. Қанықтылық - Satiation (қанықтылық-насыщенность) 3. Ашықтық - Lightness (ашықтылық-светлота)
HLS–дің бір түрі HSB (brightness) ол жерде ашықтықтың орнына жарықтың (brightness) параметрі қолданылады. HSB үш каналдың түстік модель. Ол түстің параметрін сипаттайды,яғни түстік тон, ашықтылық, қанықтылық.
Интернет әлемінде барлық браузерлер үшін стандартты екі графикалық формат GIF және JPEG қолданылады. GIF-суреттер веб- беттің элементтерін жылжыту және фон үшін қолданылады, ал JPEG- жоғары сапалы түрде пайдалану үшін қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік графика деген не және оның қандай түрлері бар?
2. Компьютерлік графика қанадй салаларға бөлінеді?
3. Қандай түстік модельдерді білесіз?
Тақырып №3 WEB-САЙТТЫ ҚҰРУ.
Жоспары:
1. Web-сайт туралы түсінік.
2. Сайтты жоспарлау.
3. Web-сайттың логикалық және физикалық құрылымдары.
4. Web-сайтты жариялау.
1) Web- сайт туралы түсінік.
Web–сайт – бір тақырып бойынша біріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған болады. Веб-беттер жиынтығы әдетте, Веб-сайт атауы мен адресі жазылған бума түрінде
14
серверде орналастырылып қояды. Дайындалған сайттар Веб-беттерді енгізу қиын емес. Сайтқа көптеген Веб-беттер енгізілуі де мүмкін, мыс, электрондық газеттер, түрлі жаңалықтар. Сондай сайт көлемі үлкен, күрделі құрылымды, иерархиялық түрде болуы мүмкін. Оларға енгізілетін түрлі ақпарат жиі ауыстырыла беретіндіктен, сайтты өңдеп, жаңа мәліметтер енгізіп отыру керек. Мұндай сайттарды тез іздеп табу үшін негізгі беттеріне кілттік сөздер (гиперсілтемелер) енгізіліп қойылады.
Негізінен, Web-сайт – бұл негізгі екі компонентті қамтитын ақпараттық жүйе. Олар:
1) Көрсету компоненті (front - end). Оған мазмұнының көрінісі кіреді (беттер өлшемі, графика, аудио, мәтін).
2) Жүзеге асыру компоненті (back - end). Көрсету компонентіне негіз болып табылатын бейнеленбейтін сценарийлер, серверлік компоненттері бар ағымды кодтарды тиімді жүзеге асырумен байланысты.
2) Сайтты жоспарлау.
Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес- кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Web-сайтты жобалау кезеңдері – сайттың көлемі, функционалдылығы және т.б. байланысты болады.
Сайтты жоспарлау кезеңдері:
Алдымен сайттың негізгі міндетін анықтап алу керек.
Сайтта қандай ақпарат орналасу керек екендігін анықтау керек.
Қажетті ақпаратты жинақтап алу керек.
Сайттың дизайнын анықтау керек.
Сайттың логикалық құрылымын ойластыру керек.
Сайттың физикалық құрылымын ойластыру керек, яғни сайтты құрайтын бөлек файлдарды бумаларға бөліп алу керек.
Барлығы дұрыс болғандығын тексеру керек.
Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
Жоспарлау;
Элементтерді жасақтау;
Бағдарламау;
Тестілеу;
Жариялау;
Жарнамалау;
Бақылау.
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
15
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау. Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңінде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділігі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріледі.
Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.
Web-сайтты өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:
сайттың негізгі және типтік беттерінің дизайны (графикалық редакторда орындалады);
html- кодтау, браузер көмегімен көруге болатын код құрылады;
сайтты бағдарламалау;
веб-те сайтты орналастыру;
веб-те көрінуін жоғарылату мақсатында web-сайтты тиімділеу;
сайтты тапсырыс берушіге өткізу.
3) Web- сайттың логикалық және физикалық құрылымдары.
Web-сайтты құру кезінде оның әр бетінің құрылымын өңдеу керек.
Бұл құрылымды логикалық құрылым дейді. Ол сайттың іртүрлі беттерінің өзара байланысын бейнелейді.
Әрбір бөлек сайт үшін өзінің логикалық құрылымын ойластыру керек.
Ол үшін сайттың құрылымын өңдеудің жалпы принциптері бар. Мысалы, жақсы ойластырылған сайттың жоспары мынандай:
16
Заставка Негізгі бет Сайттың жаңалықтары 1-Бөлім 1-Бет 2-Бет 2-Бөлім 1-Бет 2-Бет
Өңдеушілер туралы ақпарат Контактты мәліметтер Сайттың картасы
Сайттың физикалық құрылымы компьютер дискісінде файлдар және бумалардың орналасуын бейнелейді.
4) Web- сайтты жариялау.
Сайт құрылған соң, оны Web-серверде жариялау керек. Оның үш тәсілі бар:
1. Бұл ең қарапайым тәсіл. Сайттың барлық файлдары диск немесе басқа ақпарат тасушыға жазылады. Оны Web-сервер администраторына апару керек. Администратор сіздің дискіңіздегі бумаларды сервердің қажетті бумасына жазып, бағдарламалық қамтамассыздандыруды баптайды.
2. Бұл тәсіл өте аз тараған. Кейбір тегін Web-серверлер пайдаланушыға оның сайтының файлдарын Web-обозреватель арқылы жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің жетістігі- жүктеу қарапайымдылығы болып табылады. Пайдаланушы енгізу өрісіне қажетті файлдардың атауларын жазып, Submit (жіберу) батырмасын басу керек.
Кемшіліктері: файлдарды жіберу саны берілген лимиттен аспайды, файлдар жіберілуін бақылай алмайсын, байланыс нашарлағанда тоқтап қалады.
3. Бұл ең кең тараған тәсіл. Web-сервер администраторы FTP-сервер бағдарламасын орнатады. Содан соң автордың сұранысы бойынша осы сайт үшін бума құрады және авторға тек осы бумаға ғана кіру мүмкіндігін береді. Сайттың авторы FTP-клиент бағдарламасы арқылы FTP- серверге қосылып, құрылған түпкі бумаға сайтының файлдарын көшіреді. Содан соң администратор Web-серверде жаңа сайттың бар екенін жариялайды. Егер авторға кебір файлдарды жаңарту керек болса, ол қайтадан FTP-серверге қосылып, ескі файлдарды жойып, жаңа файлдарын көшіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Веб сайт дегенде қалай түсінесіз?
2. Сайтты жоспарлау кезеңдері қандай?
3. Сайтты жариялаудың қандай тәсілдері бар?
Тақырып №4
INTERNET ЖӘНЕ WWW – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӨРМЕК.
Жоспары:
1. INTERNET тарихы.
2. WWW – дүниежүзілік өрмек. Гипермәтін, гиперсілтеме, мультимедиа.
17
3. HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы.
4. Ақпараттық ресурстар көрсеткіші (URL).
5. FTP-файлдарды тасымалдау хаттамасы.
1) INTERNET тарихы.
Интернет сөзі Бүкіләлемдік компьтерлік желі дегенді білдіреді.
Қазіргі уақытта Интернет бірнеше қызметтерді атқарады: электрондық пошта, WWW (бүкіләлемдік өрмек), IRC ( Internet Relay Chat – нақты уақыт режимінде бірнеше адамдардың тікелей бір – бірімен араласуы), IRG (берілген мезетте Интернетке қосылған адамның желідегі IR адресін іздеуге арналған қызмет), файлдарлы тасымалдау қызметі (FTP), телеконференция қызметі (USENT).
Интернетті тудырған ARPANET жүйесін айтуға болады. Ол американдық Advanced Resrch Project, Agency (зерттеулерді беру агенттігі) басқару ұйымымен негізделген. Arpanet – экспериментальді жүйе болып табылатын, ол әскери сферадағы ғылыми зерттеулерді қолдау үшін арналған.
1980 жылдардың басында мәліметтерді беруді басқару хаттамасы TCP/IP (Transmission Control Protocol / Internet Protocol) құрылған. Яғни TCP/IP интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлер тілі. Ол Arpanet–те пакеттерді алмастыру процесінде пайда болған. TCP/IP әр түрлі компьютерлік желілерді біріктіру үшін қолданылады. Бұл ұлттық немесе халықаралық деңгейде мәліметтерді алмастыруға мүмкіндік береді. Интернет ұғымы алғашқысында «Желілердің желісі» деп белгілеу үшін қолданылды.
1989 жылдың соңында Arpanet жобасы аяқталды, бірақ бұл кезде көптеген университеттер және ғылыми ұйымдар интернетке қосыла алатын болған. 90-шы жылдардың басында корпорациялар интернетті электрондық пошта арқылы мәліметтерді беру үшін қолданды. Бірақ ол кезде бүкіләлемдік желіні қолдану рұқсат етілмейтін. 1991 жылы оны пайдалануға рұқсат етілді, сол кезде интернетті жеке тұлғалар, ұйымдар мен кәсіпорындар қолдана алды, сонымен қатар коммерциялық қолданылу мүмкіндіктері кеңейтілді (интернет дүкендер, интернет арқылы жарнама).
1991 жылы CERN швейцер фирмасынан Тим Бернерс Ли Бүкіләлемдік желі өсіп кеткен кодты жазған. 1993 жылы бірінші Mоsaic графикалық браузері шығарылды. 1994 жылы Марк Андерсен Mоsaic-ты өңдеушілердің бірі кәсіпкер Джим Кларкпен бірге Netscape корпорациясын құрды. Джим Кларк үшін браузердің коммерциялық версиясы пайда болған соң Netscape фирмасы Netscape Commerce Server –ді шығарды. Бұл серверлік қосымша ұйымдарға веб-сайттарды орналастыруға және веб-парақтарын жіберуге мүмкіндік берді. Мұнда мәліметтер шифрленген формада жіберілді, оны тек жіберуші мен алушы ғана оқи алатын болған. 90-шы жылдарда интернет –
18
технологиялар белсенді түрде дами бастады, соның нәтижесінде желі мәліметтерді беру ортасы болды.
Көптеген аппаратуралардың жаңартылуына байланысты интернет әлемдік коммуникациялық инфроқұрылымның негізгі бөлігі болып қала береді. Желіге көптеген құрылғылар көмегімен енуге мүмкіндік пайда болды, мысалы, мобильді телефондар, қалталы дербес компьютерлер.
Интернетке жұмыс жасау үшін мыналар қажет:
Бүкіләлемдік желі түйіндерінің біреуіне компьютерді қосу;
IP адресті алу;
Интернет қызметінің қолдануға болатын программа – клиент қызметінің программалық қамтамасыздандыруын құру және қайтадан күйге келтіру.
Өз түйіндеріне қосуға мүмкіндік беретін және IP–адресін белгілейтін мекемелер Интернет қызметін тасымалдаушылар (сервис - провайдер) деп аталады. Интернетке қосылу белгіленген немесе коммутативті болуы мүмкін. Белгіленген қосылу жаңа немесе дайын физикалық сызықтарының (кабельдік, радиоканал, спутниктік канал) орнын анықтайды. Оны көп көлемді берілгендерді тасымалдауды қажет ететін мекемелер және кәсіпорындар қолданады. Коммутативті біріктіру уақытша болады, арнайы байланыс сызығын қажет етпейді және телефон желісі арқылы жүргізілуі мүмкін. Коммутацияны телефон номерін теру кезіндегі сигнал бойынша АТС орындайды. Интернетке телефон желісі арқылы қосылу үшін ақпараттарды цифрлық түрге алмастыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы - модем керек.
2) WWW – дүниежүзілік өрмек
Бүгінде Интернет білім алудың әртүрлі салаларында әржақты ақпараттардың түпнұсқасы ретінде қолданылады. Құжаттарды беруді басқаратын Интернет қызметін World Wide Web деп атайды.
WWW (World Wide Web)–ні «Дүниежүзілік өрмек» деп атайды, кейде қысқа түрде Web (веб) деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру.
Оның экранда көрсетілетіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер.
WWW құжаттары Интернетке тұрақты түрде қосылатын компьютерлерде - Web - серверлерде сақталады. Web – серверлерде бөлек құжат емес, өзара байланысқан құжаттардың тобы орналасады.
Мұндай топ Web–түйінді (Web- сайт) береді. Дайын материалдардың Web-сайтта орналасуы Web – басылым немесе Web – публикация деп атайды. WWW–дағы жеке құжат Web – парақ деп аталады. Бұл мәтіннен, графикалық иллюстрациялардан, мультимедиялық обьектілерден тұратын құжаттардың жиынтығы.
WWW – бұл гипермәтінде негізделген, мультимедияның бөлінген ақпараттық жүйесі. Осы анықтаманы ашып айтайық.
Бөлінген ақпараттық жүйе – ақпарат WWW–серверлер деп аталатын үлкен жиында сақталады. Яғни, арнайы программалық
19
қамтамасыздандыру орнатылған және интернет желісіне қосылған компьютерлер. Желіге қосыла алатын пайдаланушылар, бұл ақпаратты программ клиенттер көмегімен алады, оларды WWW- құжаттарын көру программалары деп аталады. Осы кезде көру программасы компьютерлік желі арқылы қажетті құжаты бар файлды сақтайтын серверге сұраныс жібереді. Сервер сұранысқа жауап ретінде көру (байқау) программасына осы қажетті файлды жібереді немесе файл қол жеткіліксіз болса, келіспеу хабарламасын жібереді. Клиент-сервер өзара қатынасы хаттама бойынша орындалады.
WWW-да қабылданған хаттама, HyperText Transfer Protocol (HTTP) деп аталады.
Гипермәтін және гипермедиа. WWW–дағы ақпарат құжат түрінде көрсетеді, олардың әрқайсысы ішкі сілтемелерді және де осы немесе басқа серверде сақталынатын құжаттарға сілтемелерді қамтиды.
Веб-бет-кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Веб-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа да веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгіздірілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялады, асты сызылып көрсетіледі. Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы – гипермәтінде кесте, сурет және басқа да элементтер болады. Гипермәтіндер интернет құрылымының негізін құраушы болып есептеледі. Себебі мұндай форматты интернетте пайдалану оңай, әрі ыңғайлы.
Гипермәтін сөзіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде»,
«жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі “super” cөзінің мағынасына сәйкес келеді. «Гипермәтін» және «гипермедиа»
терминдерін америкалық әлеуметтанушы, философ, АТ (ақпараттық технология) саласын алғашқы зерттеушілердің бірі Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді және 1965 жылы кең қолданысқа ие болды.
Автор 1992 жылы шыққан “Literary Machines” кітабында бұл екі терминге мынадай түсініктеме береді: «Қазіргі таңда «гипермәтін» сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- бейнелерді тарату мен хабарласу жиынтығы болып есептеледі. Бірақ оның орнына ақылға қонбайтын «интерактивті мультимедиа» сөзін қолданады, бұл жерде төрт буын артық және ол гипермәтін сөзінің кеңейтілген мағынасын бере алмайды».
Гипермәтіннің даму тарихына қысқаша тоқтала кетейік. 1963 жылы Тед Нельсон алғаш рет сілтемелері бар контентті енгізу мен қолдану үшін «гипермәтін», «гипермедиа» терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика ғылымының профессорымен бірігіп, мәтін редакциялаушы Hypertext
20
Editing System (аудармасы «Гипермәтін Редакциялаушы Жүйе») жобасын жасайды.
Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы – Aspen Movie Map қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды және оның көмегімен қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды.
Мультимедия: ақпарат мәтін түрінде ғана емес екі және үш өлшемді графика, бейне және дыбысты да кірістіреді.
3) HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы
НТТР – гипермәтінді беру хаттамасы, веб-браузер мен веб- серверлермен араласуының негізі болып табылады. Ол браузер мен серверді программалық қосу үшін қолданады.
Веб-браузер НТТР арнайы командасы түрінде сервермен қосылу үшін сұранысты жібереді. Егер сұраныс қанағаттандырылса, браузер серверде бар файлды сұрайды. Егер ол бар болса, файл жіберіледі, ал пайдаланушы онымен не істейтінін өзі біледі.
НТТР хаттамасынан басқа, файлдарды тасымалдау хаттамасы (FTP), электрондық пошталы хабарламаларын алмастыру хаттамасы және (POP, SMTP) т.б.
4) Ақпапраттық ресурстар көрсеткіші (URL)
Көптеген Интернет қызметтеріне ену - адрес схемасы көмегімен жүзеге асады,сол арқылы қызықтыратын құжатты тез табуға болады.Әр қызмет типінің адрес форматы болады.
Көптеген Веб-беттерді іздеп табу үшін немесе іздеуге арналған Веб- сервер терезесін экранға шығару үшін IE(INT.EX-R) терезесінде олардың адрестерін енгізу жеткілікті.Түрлі желілер мен іздеу құраладарының адрестері көп, оларды URL адрестері деп атайды.(Uniform Resource locator-ресурстардың стандартты адресі).
URL келесі түрде жазылады:
Хаттама ://Интернет_адресі/жол/файл_атауы.
Немесе
Хаттама : Интернет_адресі.
Мысалы: http://www.microsft.com/windows/index.html мұнда URL форматына сәйкес, http://-протокол, Microsoft.com - Microsoft компаниясының веб-сервер адресі; index.html- windows бумасындағы, ізделінді файл атауы.
URL-дің екі жетістігі бар:
1. Олар Интернет-ресурстың типін анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, URL http-дан басталса, жұмыс сол хаттама бойынша жүргізіледі.
2. URL-дегі адрестеу жүйесі интернеттегі әрбір құжатты, программаны немесе файлды идентификациялауға мүмкіндік береді.
Кесте-1. URL-де қолданылатын хаттамалар хаттама ...қол жету