• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ТІЛ САЯСАТЫН 2020-2025 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ТІЛ САЯСАТЫН 2020-2025 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ"

Copied!
46
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

Басқару институты

қолжазба құқығында

Сейдуалиева Зульфира Советбекқызы

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ТІЛ САЯСАТЫН 2020-2025 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

«7М041- Бизнес және басқару» дайындық бағыты бойынша

«Мемлекеттік саясат»

білім беру бағдарламасы Мемлекеттік саясат магистрі дәрежесін алу үшін магистрлік жоба

Ғылыми жетекші: _________________ п.ғ.к. Н.Т. Туленбергенова

Жоба қорғауға жіберілді: «_______»_____________________2021 жыл

Басқару институтының директоры:_____________ э.ғ.к. Р.А. Турчекенова

Нұр-Сұлтан, 2021

(2)

2

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер...3

Белгілер мен қысқартулар...4

Кіріспе...5

Зерттеу талдауы және нәтижелері 1 Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың теориялық негіздері...11

2 Мемлекеттік тіл саясаты: халықаралық тәжірибе және қазақстандық тәжірибе ...14

3 Мемлекеттік органдарында тіл саясатының іске асырылуының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары...22

Қорытынды ...39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... 41

Аналитикалық жазбахат ... 45

(3)

3

Нормативтік сілтемелер

Осы магистрлік жобада келесі нормативтік актілерге сілтемелер пайдаланылды:

1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

(4)

4

Белгілер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы

БҒМ– Білім және ғылым министрлігі НҚА – Нормативті құқықтық актілер ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы СІМ – Сыртқы істер министрлігі

ІІМ –Ішкі істер министрлігі

(5)

5

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Кез келген мемлекеттің ұлттық құндылығы – тіл.

Тіл – сол елдің тарихын, руханиятын, өркениетін, салт-дәстүрін үйлестіретін бірегей құрал. Бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін де – тіл. Әр ел өз тілін сақтап, дамытуға әрекет жасайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі және ол мемлекеттің қамқорлығында болады. Еліміздің барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін үйренулері үшін мемлекеттік органдар қолайлы жағдайлар жасауға міндетті [1].

Мемлекеттік тіл – қоғамдық өмірдің барлық жағдайларында пайдаланатын, соның ішінде мемлекеттiк басқару саласында, құқықтық нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдау, сот жұмысын жүргізу, ресми құжаттарды дайындау тiлi болып табылады. Мемлекеттік тіл ел бірлігінің негізі факторы ретінде айқындалып, оны меңгеру әрбір азаматқа міндеттелген [2].

Конституция аясында қазақ тіліне – мемлекеттік тіл мәртебесі берілуі, қазақ тiлi Қазақстанның егемен мемлекет екендігін айқындайтын аспектілердің бiрi болып табылады және Қазақстан азаматтарының тұтастығын бiлдiретiн, Республиканың конституциялық-құқықтық мәртебесiнiң элементi болып табылады [3].

Жалпы тарихқа оралатын болсақ, қазақ тілі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік тілі болып 1989 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған[4]. Сол сәттен бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қабылдап, тіл саясатын жүргізе бастады.

Тіл саясаты- мемлекеттің немесе осыған құқығы бар кез-келген басқа да әлеуметтік органның бір немесе бірнеше тілді белгілі бір аумақта пайдалануға бағытталған қандайда бір шешімі[5]. Тіл саясаты мемлекеттегі тілдердің қолданылуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың бірі. Тіл саясаты, ең алдымен, белгілі бір коммуникативті мақсаттар үшін тілді, тілдің өмір сүру формасын, тілдік бірлікті таңдаумен айналысады [6].

Жалпы алғанда, тіл саясаты мемлекеттің немесе тіл саясатын жүзеге асыруға құқылы басқа да органның тілге саналы түрде әсер етуіге бағытталған шаралар жиынтығы. Мұндай әсердің мақсаты тілдің мәртебесін немесе жалпы тілдік жағдайды сақтау немесе өзгерту болып табылады. Тіл саясатын жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрады: мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан бастап тіл саясатын жүзеге асырудағы шешімдері қабылдауға дейін [7].

Тіл саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жолдары көп, соның ішінде ең нәтижелі құралдар тұрғысынан әкімшілікті, басқару жүйесін, білім беру саласын, діни ұйымдар мен бұқаралық ақпарат көздерін атап өтуге лайық [8].

Тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік тіл саясаты келесі нормативтік құқықтық актілер аясында жүзеге асырылуда:

(6)

6

- Қазақстан Республикасының Конституциясы (7-бап, 93-бап) [1]. Онда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп белгіленген. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп жазылған;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі 151 Заңы (4-бап, 8-бап, 9-бап, 23- бап, 24-бап) [2].

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді [9].

- «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы 14 желтоқсан [10].

- «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы [11].

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 2017 жылғы 12 сәуірдегі мақаласы [12].

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27-ө өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» [13].

Атап өтілген ресми құжаттар мен құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттiк органдар мен ұйымдарының жұмысы және iс қағаздары қазақ тілінде жүргiзілуде.

Кеңес Одағы кезінде орыс тілі өміріміздің барлық саласында, соның ішінде мемлекеттік қызметте басым болғаны әлі күнге дейін өзінің кері әсерін тигізуде.

Тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекеттік қызметте орыс тілі мемлекеттік тілімен қатар қолданылып келеді. Қостілділік салдарынан мемлекеттік тіл мемлекеттік органдарында өзінің мәртебесіне сай толыққанды қолданылмай келеді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметкерлердің үлесін анықтау «Қазтест»

бағалау жүйесі арқылы жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес «Қазтест» жүйесі арқылы 2017 жылы 25055 мемлекеттік қызметші, 2018 жылы 24657 мемлекеттік қызметші, 2019 жылы 15835 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тест тапсырған.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында «Қазтест» бағалау жүйесі аясында белгілі болатын мемлекеттік тілді (В1, С1 деңгейінде) білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 2017 жылы В1 деңгейі бойынша– 28%, С1 деңгейі бойынша– 8%; 2018 жылы В1 деңгейі бойынша– 30%, С1 деңгейі

(7)

7

бойынша– 9%; ал 2019 жылы В1 деңгейінде – 35%, С1 деңгейінде – 10% жетеді деп жоспарланған.

«Қазтест» бағалау жүйесі арқылы өткізілген тестілеу нәтижесіне сәйкес мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2017 жылы В1 деңгейі бойынша– 42,2%, С1 деңгейі бойынша– 1,4%; ал 2018 жылы В1 деңгейі бойынша– 32,7%, С1 деңгейі бойынша– 3,6%, 2019 жылы В1 деңгейі бойынша –33%, С1 деңгейі бойынша –3,2% көрсетті [14].

«Қазтест» нәтижесі мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2019 жылы мәнді көрсеткішке жетпегенін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік тілді С1 деңгейінде қазақ тілін білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі бойынша индикатор соңғы үш жылда мүлде орындалмағаны анықталып отыр. Мемлекеттік органдарда қазақ тілін жетік білетін қызметкерлердің үлесі төмен болып отыр. Сонымен бірге мемлекеттік органдар тарапынан қызметкерлерге тиісті талаптар мен жауапкершілік жүктелмеу себепті тестілеу процесіне қатыстырылған қызметкерлердің саны жылдан жылға азайып отырғаны байқалады.

Сонымен бірге 2017 жылдан бастап ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1927-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-2015 Ұлттық стандарттары қабылданып, мемлекеттік тілді В1, С1 деңгейлерінде білуі қажет деген кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі анықталған. Соған қарамастан мемлекеттік тілді В1, С1 деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі тек ішінара орындалып отыр. Бекітілген Стандартқа сәйкес мемлекетті тілді С1 деңгейінде меңгерулері керек қызметшілер санына саяси қызметшілер мен басшылық лауазымдағы қызметшілер жатқызылған.

Дегенмен әлі күнге дейін аталған қызметшілердің тест жұмысына қатыспай отырғаны себепті тілді меңгеру көрсеткіші ішінара орындалуда. Осыған орай,

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы анықталатын қазақ тілін С1(жоғары) деңгейінде білетін мемлекеттік қызметшілердің үлесін көбейту бойынша жоспары орындалмай отыр[14].

Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында республика бойынша 100-ге жуық мемлекеттік тілді оқытатын орталықтар ашылып, онда азаматтарға, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлерлерге тегін тіл үйрету курстары ұйымдастырылғанына қарамастан оған қатысушылар саны мардымсыз болып қалуда.

Бағдарламаның орындалу жөніндегі 2019 жылғы есеп бойынша мемлекеттік органдарда қазақ тілінде әзірленетін ресми құжаттар үлес орта есеппен 94%-ті көрсетіп отыр. Демек, іс-қазадар толықтай мемлекеттік тілде жүргізілмейтіні және ҚР «Тіл туралы» Заңда көрсетілген талаптар орындалмай отырғанын көруге болады.

Осы ретте Бағдарламада қойылған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін алдымен талаптарды күшейту қажет екенін анық болып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігінің қазақша жазу, сөйлеу деңгейлері өте төмен екенін көрсетеді. Нәтижесінде мемлекеттік тіл өз функциясын толық атқара

(8)

8

алмай, аударма тіл ретінде ғана қолданылуда. Бұл өз кезегінде, тіл саясаты жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылуға тиісті механизмдер мен өзгерістер қажет екенін білдіреді.

Еліміздегі мемлекеттік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясын арттыру және ол үшін тиісті құқықтық ұйымдастырушылық шараларын қабылдау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттелу деңгейі. Мемлекеттік тілді тиісті дәрежеге көтеріп, оның қолданыс аясын кеңейту мәселесі Қазақстан Республикасының Кеңес Одағынан бөлініп, тәуелсіз мемлекет болып, өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтаған сәттен бастап қарастылып келеді.Тіл саясаты шеңберінде күрделі шаралар қабылданып, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, тіл тақырыбы төңірегінде ауқымды шаралар ұйымдастырылып, жан-жақты талқыланып, пікірлер айтылды. Дегенмен де, мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын дамыту мақсатында жүзеге асырылып отырған тіл саясатының тиімді жолдарына терең әрі кең талдау жасаған зерттеулер жоқтың қасы.

Осы зерттеу барысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсаты мен міндеттерін, күрделілігі мен жүзеге асыру мерзімдерін анықтауға ықпал ететін республикалық деңгейде қабылданған құқықтық нормативтік актілер- Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңы (11 шілде, 1997 ж.), мемлекеттік бағдарламалар: ҚР Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен қабылданған

«Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған алғашқы мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Президентінің 2001 жылғы 1 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілегн «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп қарастырылды. Сонымен бірге елімізде тіл саясатының қазіргі ахуалын терең зерттей отырып, тиісті ұсыныстар берген Фазылжанова Анар Мұратқызының «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы органдарға арналған әліпби ауыстырумен байланысты тілтанымдық реформаны жүзеге асырудағы тілдік жағдаят және қауіптерді <ағыл. risk> басқару» туралы талдамалық анықтамасы, сол сияқты «Сана» сараптамалық орталығының

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу» бағдарламасында ұсынылған ақпараттар сарапталды. Бұдан басқа тіл саясатының стратегиялары, моделі және жүзеге асыру тактикалары мен әдістерін толық сипаттап берген Павел Дятленконың

«Языковая политика и языковые реформы в государственном и национальном строительстве» атты аналитикалық жұмысы, сол сияқты тіл саясатының өзектілігі мен жүзеге асыру мәселелерін кең зерттеген Руссо Л.-Ж., Швейцер

(9)

9

А.Д., Никольский Л.Б., Мартынюк А. Я. Тағыда басқа ғалымдардың еңбектері қарастырылды.

Сондай-ақ тіл саясатындағы халықаралық тәжірибе тұрғысынан Целищев Н. Н. «Языковая политика зарубежных стран», Клоков В.Т. «Современный взгляд на языковую политику Франции», Жангазы Р.Д. «Языковая политика во Франции», Лю Цзюань «О языковой политике в Латвии», Кузьмина Т.А.

«Языковая политика новых независимых государств Центральноазиатского региона» сол сияқты басқада ғалымдардың еңбектері жан-жақты қарастырылды.

Зерттеудің объектісі – еліміздегі тіл мәселесі төңірегіндегі саясат

Зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасы аймағындағы мемлекеттік органындар мен ұйымдарда тіл саясатын іске асыруыға ықпал ететін саяси- құқықтық қатынастар.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тіл саясатын 2020-2025 жылдары жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну.

Зерттеудің міндеттері:

- Тіл саясатын іске асырудағы теориялық негіздерді және әлемдік тәжірибеге шолу жасау;

- Қазақстан Республикасыны мемлекеттік органдарында тіл саясатының іске асырылуы барысын зерделеу;

- Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама жүргізу және нәтижелеріне талдау жасау;

- Қазақстан Республикасыны мемлекеттік органдарында тіл саясатының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар беру.

Зерттеу әдістері. Салыстырмалы және статистикалық әдістер, сараптамалық зерттеулер, сауалнама жүргізу.

Зерттеу жұмысының гипотезасы: Мемлекеттік органдарда тіл саясатын 2020-2025 жылдары жүзеге асырудың тиімді жолдары қолданыстағы Заңнамаға өзгерістер еңгізу, яғни талапты күшейтуге қатысты болады.

Ғылыми жаңалығы: халықаралық тәжірбиелерді сараптай отырып, тіл саясатын 2020-2025 жылдары жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну.

Теориялық мәні: Зерттеу барысында жасалған талдаулар, нәтижелер мен ұсыныстар мемлекеттік органдарда тіл саясатын жүзеге асыру бойынша әзірленетін ғылыми жұмыстар мен әзірлемелерде, конференциялар мен лекцияларда әдістемелік құрал ретінде пайдаланылатын болады.

Практикалық мәні. Зерттеудің аясында ұсынылған жобалар тіл саясатының тиімділігін жоғарылату мақсатында бағдарламалар, тұжырымдамалар және басқа да ресми құжаттар әзірлеу кезінде өз ықпалын тигізетін болады.

Жоба бойынша жарияланым. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының проблемалары мен перспективалары» Мадан Г. Ж, Сайдуалиева З.

С. «Kazakhstan Innovations» ғылыми журналы, ақпан 2021 ж №2, 34 б.

(10)

10

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдібиеттер тізімі көрсетіледі.

(11)

11

Зерттеу талдауы және нәтижелері

1 Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың теориялық негіздері

Тіл саясаты - қоғамдағы, мемлекеттегі тіл мәселелерін шешуге арналған идеологиялық принциптер мен практикалық шаралардың жиынтығы. Тіл саясаты саласында идеологиялық қағидаттар мен практикалық іс-шаралар өзара тәуелді және ажырамас [15]. Демек, тіл саясаты - қоғамдағы белгілі бір жағдайға тілдік мәселелерді шешуге бағытталған идеология және тиісті әрекеттер [16].

Құқық, саясат, экономика, демография, тарих және мәдениет сияқты әр түрлі әлеуметтік пәндердің талдау ресурстарын тарта отырып тіл саясаты жүйелі түрде қарастыруды талап етеді. Алуан түрлі уақытта алуан түрлі елдердің, ұлттардың алдында тұрған тарихи таңдау міндетін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Тіл саясаты әр түрлі институттар, әдістер мен құралдар көмегімен іске асырылуы мүмкін және сол сияқты ең тиімді құралдарға әкімшілік басқару, білім беру саласын, діни ұйымдар мен бұқаралық ақпарат көздерін жатқызуға болады[8].

Белгілі бір тілдің мәртебесін сақтап қалуға немесе өзгертуге бағытталған тіл саясаты бір мезгілде сол мемлекетте немесе халықаралық аренада қолданылатын басқа тілдерге де әсер етеді, себебі бір тілдің мәртебесінің өзгеруі бір мезгілде басқада тілдердің мәртебесің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан мәртебелік тіл саясаты әрдайым кешенді болып келеді, яғни ол белгілі бір тілдерге де, тілдер топтарына да, тұтастай тілдік жағдайға да, тілдік қауымдастық мүшелерінің коммуникативті мінез-құлқына да әсер ететін болады.

Сонымен қатар, тіл саясаты көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады[18].

Мемлекеттің жүргізіп отырған тіл саясатының тиімділігі мен нәтижелілігі тіл саясаты субъектілері мен объектілерінің тілдік мінез-құлқын реттеуіне байланысты. Әдетте мемлекет өзі, басқа да ресми мемлекеттік органдар тіл саясатының субъектісі болып табылады, ал тіл иелері, тіл топтарының өкілдері тіл саясатының объектісі ретінде әрекет етеді.

Жалпы қолданыста бар тіл саясатының стратегиясы прагматикалық, протекционистік-прагматикалық, протекционистік және ұлттық деп бөлінеді.

Прагматикалық стратегия әуелі экономикалық тұрғыдан орынды болуды әрі нәтижелілікті көздейді. Ал протекционистік-прагматикалық стратегиясы әртүрлі преференциялар мен жеңілдіктер, ынталандырулар арқылы экономикалық нәтижеге және бір тілдің қолданыс аясын дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Протекционистік стратегия өз кезегінде белгілі бір тілді немесе тілдерді сақтауға бағытталған, әдетте бұл басқа бір тілдің басым болуы себепті жоғалып кету қауіпі бар азұлттар немесе шағын этностар тілі. Ұлттық стратегия

«бір ел, бір мемлекет, бір тіл»деген ұстаныммен сипатталатын ұлттық біртілділігіне қол жеткізуді мақсат етеді[8].

Тіл саясатының стратегиялары көп жағдайда ұзақ мерзімді, мақсатты және институционализацияланған болады, оларды әдетте мемлекет әзірлейді және

(12)

12

жүзеге асырады. Сондай-ақ мемлекет бұл стратегияларды қалыптасқан тілдік жағдайды, процестер мен тенденцияларды ескере отырып таңдайды [17].

Сонымен бірге тіл саясатының стратегиясын қарастыруға саяси және экономикалық-әлеуметтік факторлар, елдегі халықтың ұлттық құрамы, этнос өкілдерінің саны, діни қауымдастықтар қызметі өз әсерлерін тигізу мүмкін.

Бүгінгі таңда тіл саясатын саласында қолданылатын терминдер саны аз емес, деседе жиы қолданылатын терминдер қатары мынадай: әлемдік тіл, мемлекеттік тіл, ресми тіл, ұлттық тіл, ұлтаралық қатынас тілі, титулдық тіл және т.б.[19]. Мемлекеттік тіл деген көпұлтты мемлекетте қоғамдық қарым- қатынаста, мемлекеттік басқару саласында, білім беру, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында, құқық қорғау, сот істерін жүргізуде, әскери қызметтерінде қолдануға міндеттелген, саяси-құқықтық әсері бар тіл. Кез-келген мемлекет белгілі бір мерзімге жоспарланған кешенді шаралар немесе бағдарламалар қабылдау арқылы мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді, сондай-ақ мемлекеттік тіл әрқашан мемлекеттің қорғауында және қамқорлығында болады[2].

Халықаралық тәжірибелер көрсеткендей мемлекеттік тілді дамытудың басты факторы ретінде тиісті заң жобаларын қабылдай отырып, тілге деген қажеттілікті тудыру болып табылады. Сонымен қатар азаматтарға мемлекеттік тілді білу заң аясында міндеттеліп, оны орындамаған үшін тиісті жауапкершіліктер бекітілген. Осындай азаматтардан мемлекеттік тілді білуді талап ететін заңдар дамыған мемлекеттің бәрінде қабылданған [20].

Мемлекет арнайы құқықтық-нормативтік актілерін қабылдай отырып мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу талаптарын күшейту қажет.

Бұған қоса мемлекеттік қызметкерлердің тілдік құзыреттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау және жүзеге асыру қоғамдағы тілдің функционалдық мәртебесін жоғарылатумен қатар мемлекет тарапынан іске асырылатын іс шаралар кешені ретінде тілдік құрылыстың негізгі бөлігі болып саналады. Осы орайда мемлекеттік қызметкерлер өздерінің қызметтерінің қоғамдық сипатына орай сондай-ақ, билік жүргізу құзыретінің болуы себепті олар бір мезетте тіл саясатын жүзеге асыратын тұлға әрі тілдік құрылысты жалғастырушы механизм рөлін атқарады.

Мемлекеттік қызметкердің тілді білу деңгейіне талап қою қоғамдағы келесідей қажеттілікке негізделеді:

- Кез келген мемлекеттік тіл сол елдің тәуелсіздігінің нышаны әрі мемлекет ішінде саясат, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда интеграция қызметін атқарады, ал көпұлтты мемлекетте бұл мәртебе интеграциялық тұрғыдан өте маңызды болып келеді. Осы ретте тіл бірлігі мәселесі өзекті болып табылады.

- мемлекеттік қызметкерлердің тілді қажетті деңгейде меңгермеулері тілдің мәртебесіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Мемлекеттік орган өкілінің тілдік мәдениетінің төмендігі мен әрбір қателігі мемлекеттік тілге деген құрмет жоқ екенін көрсетеді. Сол себепті мемлекеттік тілді білу талаптары тілдің негізгі нормаларын білу деңгейін бағалауды қарастыру қажет. Мемлекеттік

(13)

13

қызметкерлердің тілді білу деңгейіне қойылатын талаптар коммуникативтік қызметті қамтамасыз етуге бағытталуы қажет[21].

2 Мемлекеттік тіл саясаты: халықаралық тәжірибе және қазақстандық тәжірибе

Тіл саясатын сындарлы жүргізу – әлемнің көптеген елдерінде және бүгінгі ТМД мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердің бірқатарында нәзік әрі өзекті болып отырған мәселе. Жаһандану процесінің белең алып, ұлттар жұтылып кетіп жатқан қазіргі жағдайда қазақтарға өз тілін сақтап қалу үшін барын салуы қажет.

Тілге қатысты мәселеге алпауыт мемлекеттердің өзі бей-жай қарамай, рухани дүлей апаттардың алдын алу жұмыстарын біраз уақыт бұрын жолға қойды.

Жалпы ғалымдар пайымдауынша әлемдегі барлық тілдерді 19 тілдік топқа біріктіруге болады. Ең кең таралған тілдердің қатарына – Қытай, Үнді, ағылшын, испан, орыс және тағы басқа тілдер жатады. Сәйкесінше, саны 100 мыңнан төмен болатын көптеген тілдердің жойылып кету қаупі бар.Әлемдік тілдерінің ішінде 6-ы Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмысының тілдері болып табылады:

ағылшын, орыс, француз, испан, қытай және араб [22].

Әлемнің көптеген елдерінде тіл саясаты екі немесе бірнеше тілді меңгеру қажеттілігіне негізделген. Бірі – мемлекеттік тіл болса, екіншісі – халықаралық қатынас тілі, ресми тіл немесе ұлтаралық тіл тәрізді мәртебеге ие тіл. Жер шарының 80-ге жуық мемлекеттері дәл осы үлгіде тілдік саясатты ұстануда.

Әлем халқының едәуір бөлігі (шамамен 70%) белгілі бір дәрежеде билингваларға немесе полилингваларға жатады. Еуропа тұрғындарының 56% - ы екі тілде, 28% - ы үш тілде сөйлейді. Бұл ретте Еуропада оқудың басым екінші тілі ағылшын тілі болып табылады.

Қостілділік тіл саясаты Европа мемлекеттерінің ішінде Италия мен Финляндияда орын алған.

Финляндияда Конституцияға сәйкес екі мемлекеттік тіл бар – фин және швед. Шведтер халықтың 7% құрайды, финдер 90% – дан асады. Мұндай саясат Шведтермен стратегиялық серіктестікті нығайта түседі деп түсінідіріледі.

Италияға келетін болсақ, халықтың 94%-ы итальяндықтар, мұндай стратегия тіл саясаты бірқатар облыстарда жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, франкофондар тұратын Вале д'Аоста аймағында француз тілі итальяндық тілмен тепе-теңдікке ие, барлық мемлекеттік және облыстық биліктің актілері итальян немесе француз тілін әзірленеді. Неміс тілді азаматтар тұратын Трентино-Альто Адидже аймағында екі тілділік экономикалық және саяси аспектілерде кеңінен пайдаланылады. Неміс тілі итальян тілімен тең және де облыстық актілер екі тілде де жарияланады [8].

Сол сияқты Швейцарияда ретороманнан басқа, француз, неміс және итальян тілдері ресми түрде мойындалған, олар Еуропаның негізгі тілдерінің бірі болып табылады. Тиісінше, Швейцариядағы ретороман тілінің әлеуметтік мәртебесі осы тілдердің әлеуметтік мәртебесінен төмен. Бельгия 3 тілді (неміс, француз, нидерланд тілдері) мемлекеттік тіл деп таныған, ал Үндістан тәрізді құрама ұлыстар мемлекетінде ағылшын мен хинди тілінен өзге 21 тіл

(14)

14

мемлекеттік дәрежеде таныған. Көптілді саясат мемлекеттің сындарлы саясатының, басқа ұлт өкілдеріне деген кеңпейілділік пен құрметтің белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда бір мемлекет үшін көптілділік бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын фактор болуы да мүмкін.

Дегеменде көптілді қолдамай, негізгі тіл ретінде мемлекеттік тілді дамытуды, қолдауды құптап отырған мемлекеттер де жоқ емес. Олай жасаудың басты себебі мемлекеттік бірегейлікте болуы керек. Бір тілде сөйлеген елдің ойы да бір болады, мақсаты да бір, болашағыда бір болмақ.

Мәселен, Еуропа мемлекеттерінің ішінде Франция мен Германия, Чехия, Латвия бір тілді саясатты ұстанады. Бұл мемлекеттер өзінің диктатор тілдік заңдарымен қорғанып отыр.

Соның ішінде Францияның тіл саясаты, бүгінде Еуропадағы ең тиімді деп санауға лайықты. Жүргізіліп отырған тіл саясаты ана тілін сақтауға және белсенді таратуға мүмкіндік береді. Еуропалық мультилингвизм дағдарысына қарамастан, Франция осы бағыттағы саясатын үйлестіруге тырысады.

Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы Франция үшін әлемдегі француз тілінің позициясын нығайту жөніндегі саясатын жандандыруға жаңа серпін береді.

Монархиялық Францияда тілсаясаты тек бір ресми (француз) тілін жариялауға және қолданыста болған латын, диалектілер мен аймақтық тілдерге қарсы бағытталған. Франциядағы тілдік унитаризм саясаты тек мемлекет ішіндегі ғана емес, одан тыс жерлерде де сол ұстанымда болуға бағытталған[23].

1994 жылы қабылданған «Француз тілін пайдалану туралы» Заңға сәйкес ақпарат, келісімдер мен іскерлік құжаттар, білім беру саласында, әртүрлі шаралардың тілі ретінде бекітілген. Француз тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында оны дамыту бойынша арнайы институттар желісі жасақталған. Сол себепті Француз тілі мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие, ал осы тіл саласындағы қабылданған заңнамалық актілер өзге мемлекеттер үшін үздік үлгі ретінде қарастырылады[24].

Латвия жарты ғасырдай уақыт Кеңес Республикасының қарамағында болды. Тіл саясаты тұрғысынан Қазақстан Республикасына ұқсастығы бар.

Латвия Конституциясына сәйкес латыш тілі -бұл мемлекеттік тіл және оның тәуелсіздігінің нышаны болып келеді.

1990 жылдан бастап Латвия үкіметтері көпұлтты мемлекетті моноұлттық мемлекетке айналдыруға бағытталған саясат жүргізе бастады. Латыш тілі елдің интеграциясының негізгі шарты мен құралы және интеграцияның тиімділігін бағалау критерийі ретінде қарастырыла бастады. Латвия үкіметтері орыс тілінің қолданылу аясын тарылту арқылы латыш тілін қолдануды кеңейтті, осыған байланысты екі тілдің кеңістігіне ықпал ететін құқықтық нормалар түбегейлі өзгерді.

Жоғары оқу орындарында орыс тілінде оқуға тыйым салу туралы1991 жылғы «Білім туралы» Заңнан бастап және 2018 жылғы «Білім туралы» Заң аясында бастауыш мектептен бастап университетке дейінгі оқытудың барлық

(15)

15

саласында латыш тіліне басымдылық беріліп, орыс тілі білім беру саласынан толығымен алынған.

«Мемлекеттік тіл туралы» 1999 жылғы Заңға сәйкес Латыш тілі мемлекеттік басқару, білім беру және мәдениет, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары саласында міндетті түрде қолдануды талап етеді. Бүгінде Латыш азаматтығын алу үшін Латыш тілін білу қажетті шарт. Ал орыс тілін тіпті жеке қарым-қатынас саласында да қолдану шектелген[25].

Қазіргі Эстониядағы тіл саясатының негізі ретінде 1995 жылы қабылданған Тіл туралы Заң болды, ол 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басындағы орыстандыру толқынға қарсы тұруы өз септігін тигізді деп түсіндіріледі.

Эстония мемлекетінде Білім және ғылым министрлігінің жанында Тіл инспекциясы деп аталатын арнайы қызмет құрылған және оның негізгі міндеттерінің бірі тіл туралы заңның орындалуын қадағалау, басқада құқықтық актілердің жүзеге асуын бақылау болып табылады. Ведомствоға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, жеке құрылымдар мен тұлғалардың кең ауқымына әкімшілік ықпал ету бойынша елеулі құқықтар берілді[26].

Эстония мемлекетінің тіл саясатын қарастыратын болсақ, Конституцияның 6-бабына сәйкес Эстония тілі мемлекеттік тіл болып бектілген.

Сонымен бірге, Эстония мемлекетінің «Тіл туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік мекеме және жергілікті өзін-өзі басқару мекемесінің қызметкері,сондай-ақ қоғамдық-құқықтық заңды тұлғаның және оның мекемесінің қызметкері, қоғамдық-құқықтық заңды тұлғаның мүшесі, нотариус, сот орындаушысы, сот аудармашысы және олардың бюросының қызметкерлері қызметтік міндеттерді немесе жұмыс тапсырмаларын орындауға қажетті деңгейде эстон тілін білуге міндетті деп жазылған[27].

Кеңес Одағы ыдыраған соң оның құрманыда болған мемлекеттер өздернің тәуелсіз мемлекет саясаттарының бірі ретінде мемлекеттік тілді дамытуды жүзеге асыра бастады. Қазақстан Республикасы үшін тіл саясаты бүгінге дейін өзекті әрі осы елдердің тәжірибесіне көз жүгіртудің маңызы бар.

Қырғыз Республикасы Конституциясына егеменді, демократиялық, құқықтық, зайырлы, унитарлық, әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Конституцияның жеке бабы толығымен тіл саясатына арналған (10-бап),қырғыз тілінің мемлекеттік тіл ретінде және орыс тілінің ресми тіл ретінде мәртебесін айқындайды.

Тілдік құқық саласына келетін болсақ, мемлекет Конституция бойынша КР (45-б. 3-т.) әрбір азаматтың мемлекеттік тілді, ресми және бір халықаралық тілдерді оқыту үшін жағдай жасайды.

1998 жылы «Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту туралы» Қырғыз Республикасының Президентінің Жарлығы шығарылды.

Мемлекеттік тілді дамыту Тұжырымдамасы қабылданды және Қырғыз Республикасы Президентінің жанында мемлекеттік тіл жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Іс қағаздарын жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру мақсаты қойылды. 2001 ж. қырғыз тілінің ахуалын кеңінен қоғамдық

(16)

16

талқылау нәтижесінде «2000-2010 жылдарға арналған Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілін дамыту жөніндегі бағдарламасы» бекітілді.

Сондай-ақ,мемлекеттің тіл саясаты арнайы заңдарда іске асырылып, тікелей мемлекеттік тілдің мәртебесі және де саны жағынан аз ұлттар тілдерінің мәртебесі мен қолданылуы көрсетілген. 2004 жылы «Қырғыз Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Заң қабылданды, онда мемлекеттік билік органдарының жұмысы, жергілікті өзін-өзі басқарудың, басқа да ұйымдардың жұмысы мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда ресми тілде жүзеге асырылатыны айтылған.

2009 жылы «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тіл туралы» Заңына, омбудсмен мен Бас прокурордың мемлекеттік тілді меңгеру міндетін белгілейтін; Шетелдегі Қырғызстанның дипломатиялық өкілдіктері мен басқа да мекемелерінде, сондай-ақ ҚР ҰҚК, СІМ және ІІМ-де қызметтерін міндетті түрде мемлекеттік тілде жүзеге асыру, балалардың мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша ата-аналарға міндет жүктеу; саны жағынан аз ұлттардың ана тілін сақтау, оны үйрену бойынша құқығын регламенттейтін нормалар енгізілген.

Қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы тіл мәселесінің бір жолға қойылуы қамтамасыз етілген.

Тәжікстан Республикасының тіл саясатына келер болсақ, Конституцияда мемлекеттік тіл тәжік тілі деп бекітілген, ал орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде белгіленген.

2002 жылы қабылданған ТР «Тіл туралы» заңында тәжік тілін республиканың барлық аймағында қолданудың құқықтық нормалары бектілген.

Ал 2009 жылы қабылданған тіл туралы жаңа заң оның мазмұны мен маңыздылығын өзгертті және «Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тіл туралы» заңы деп аталды. Ол заңда тәжік тілін білу әрбір азаматқа міндеттелген және мемлекеттік тіл мемлекеттің қорғауында болатыны туралы, сондай-ақ ол саяси, әлеуметтік, экономикалық, ғылым және мәдениет саласында қолданылады деп келтірілген. Сонымен бірге «Мемлекеттік тіл туралы» заңнан орыс тілі ұлтаралық тіл деген түсінік алынып тасталған. Сол арқылы тек мемлекеттік тілге барлық салада терең назар аудартылған.

Түрікменстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекет деп жариялайды. 1992 жылы қабылданған Түрікменстан Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл-түркімен тілі болып табылады. 1990 жылы қабылданып, 2006 жылы өзгертулер енгізілген «Тіл туралы» заңда түркімен тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, ал орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде белгіленген. Заң түркімен тілін мемлекеттік тіл ретінде, ал орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде қолдану, дамытуға құқықтық кепіл бергенімен соңғы жылдары орыс тілінің қолданылу аясы төмендеп бара жатқаны байқалған. Оның бір себебі ретінде кирилица түркімен ұлттық әліпбиіне көшуімен түсінідіріледі.

1993 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңға сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі білім беру мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеудің негізгі тілі түрікмен тілі болып табылады. Барлық білім беру мекемелері мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етуі керек (орыс тілін ресми және

(17)

17

ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде үйрену туралы заңда ештеңе айтылмаған). Сонымен бірге, Мемлекет Түркіменстан азаматтарына ана тілін үйренуге көмектесуі керек. Жаңа заң елде жеке білім беру мекемелерін, сондай- ақ негізгі оқыту тілі тиісті шет тілі (тілдері) болып табылатын шет мемлекеттердің білім беру мекемелерін құруға мүмкіндік береді. 2001 жылға қарай орыс тіліндегі жоғары білім толығымен жойылды, барлық университеттерде оқу түрікмен тіліне аударылды, ал орыс тіліндегі кафедралардың көпшілігі жабылды. 2002 жылы барлық орыс-түрікмен мектептері қайта құрылды – оларда оқыту түрікмен тілінде жүргізіле бастады, ал орыс тілді мектептер саны әр мектепте біреуге дейін қысқартылған.

Өзбекстан Республикасының Конституциясында мемлекеттіліктің демократиялық принциптері жарияланған, барлық азаматтар бірдей құқықтары мен бостандықтары нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамастан заң алдында тең.

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі-өзбек тілі. Өзбекстан Республикасы оның аумағында тұратындарға, ұлттар мен ұлыстардың тілдеріне, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды қамтамасыз етеді, олардың дамуы үшін жағдай жасайды делінген.«Мемлекеттік тіл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік тілді үйрену және білу әрбір азаматқа міндетті және мемлекеттік тілге оқыту тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, өзбек тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген әрі оны меңгеру басқа тілдерді кемсітпейді деп айтылған. Сонымен бірге заңнамалық актілер, мемлекеттік билік және басқару органдарының басқада құжаттары мемлекеттік тілде қабылданып және жарияланатынын талап ететін нормалар өте маңызды.Іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал өзбек тілін білмейтін ұжымда мемлекеттік тілмен қатар басқа да тілде жасалады. Ұлтаралық қарым-қатынас тілін азаматтар өз қалауы бойынша таңдау құқығы бар. Қазақстан мен Қырғызстан заңнамаларына қарағанда Өзбекстан Республикасының заңнамасында орыс тілі туралы ештеңе айтылмаған. Өзбекстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру ұйымдарында оқу, тілді қолдану тәртібі «Мемлекеттік білім туралы» Заңымен реттеледі.

Өзбекстанның тіл саясаты негізінен мемлекеттік тілді сақтау мен дамытуға бағытталған, ал орыс тілі заңнамада ерекше атап өтілмеген. Осылайша, мемлекеттік құрылыстың демократиялық принциптерін жариялауға қарамастан, Орталық Азияның барлық посткеңестік республикалары тіл саясаты іс жүзінде бір жақты жүргізіліп, негізінен мемлекеттік тілді қолдау мен дамытуға бағытталған[27].

Жалпы халықаралық тәжірибе көрсеткендей кез келген мемлекетте тілдік ахуалдың өзгеруі заңнамалық актілерді өзгерту арқылы тілге деген сұраныс пен талапты анықтайтын жаңа механизмдерді іске қосатынын аңғартады. Кеңес одағы ыдыраған соң көптеген елдерде тіл саясатының заңнамалық негізін жаңарту үдірісі қатты байқалады. Мәселен, Армения, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, тіпті Ресей Федерациясы да Кеңестік дәуірде шығарылған құқықтық актілеріне қайтадан қарастыруды қолға алған. Ал Балтық жағалауы елдерінде егемендік алған сәттен бастап өздерінің тіл туралы заңдарын бірнеше рет өзгерткен. Осындай өзгертулер 1989 жылғы Кеңестік Одақ құрманда болған

(18)

18

кезде қабылдаған «Тіл туралы» 1997 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, десе де заңы орыс-қазақ қостілділігін қолдап, қазіргі кездегі тілдік жағдаятқа толық жауап бермейді. Барлық демократиялық мемлекеттер мемлекеттік тілді білуге қатысты азаматтарға тиісті талаптар қойған. Мысалы, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тіл туралы заңы. 1-бабына сәйкес Әзірбайжан Республикасының әрбір азаматы әзербайжан тілін білуге міндетті делінген.

Сол сияқты Француз тілін меңгеру белгілі бір саланың қызметкерлеріне және егжей тегжейлі жағдайларда міндетті екені қолданыстағы Француз тілінің қолданысы туралы № 94-665 Франция заңында көрсетілген. Ал Ресей Федерациясының мемлекеттік тілін Федералдық заңдарда анықталған салаларда қолдану оның мәртебесімен және заңмен міндеттелген. Қазақстанның тіл туралы заңына сәйкес еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді «меңгеру» міндетті деп жазылған, бірақ «білу», «қолдану» парыз деп көрсетілмеген. «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының п а р ы з ы» (Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң. 4-бап). Мемлекеттік тілді «білу» және

«қолдану» азаматтарымыз үшін міндет болған жағдайда ғана тіл саясатындағы либералды қағидаттың орнын инструменталды (нақты шаралары көрсетілген) қағидат басады, яғни мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің заңнамалық негізі қаланады[28].

Бүгінгі таңда еліміздегі орын алып отырған «қостілділік» ұғымы отарлық саясаттың әсері әрі бүгінгі күннің көкейкесті мәселелердің бірі. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дұрыс түсінбей жүргендер де жоқ емес. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пен ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады. Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді. Үш тілдің ішінде қазақ тіліне басымдық беріліп, қалған екі тіл сол ана тілімізге бағынышты күйде болады. Жалпы осы мәселеге қатысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік тіл үш тілдің бірі болып қалмайды, ол олардың ішінде негізгі, басты, маңызды тіл ретінде қолданылатыны туралы айтқан болатын. Алайда кей жағдайларда орыс тіліне де мемлекеттік тіл мәртебесін беріп қателесіп жатататындар да жоқ емес. Оның басты себебі түсіндіру жұмыстарының мардымсыздығымен байланыстыруға болады.

Жалпы көптілділік мәселесі – тәуелсіз еліміз үшін ғана емес, көп деген дамушы елдерден дамыған елдер қатарына қосылғысы келетін мемлекеттер алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Көптілді елдердің қатарында Орта Азия елдері, оның ішінде Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және тағы көптеген елдер бар [29]. Жарты ғасырға жуық уақытта үшінші әлем елдерінен бірінші әлем елдеріне көшкен ел — Сингапур. Сингапурдың саясаты мен мәдениетінде білім және жемқорлықсыз қоғам құрастырылған.

Білім жүйесінің негізі – ағылшын тілі. Және Сингапурдағы білім барлық шетелдіктер үшін қолжетімді. Мектепке дейінгі білім беруде — балабақшаларда

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Көпшілікке қызметтер көрсетуді түсінуге және нормативтік бекітуге қатысты қалыптасқан жағдай – бұл нормативтік құқықтық реттеудің

Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең алдымен, мемлекеттік билік жəне мемлекеттік органдар арқылы

Себебі, қазақ тіліндегі заң терминдерінің бірыңғай үлгісі жоқ болғандықтан, нормативтік құқықтық актілердің мəтіндері əртүрлі терминдерді қолдана отырып

Қазақ фольклортану ғылымы қазақ фольклорлық шығармалардың жинақталуы, жариялануы тарихы мен оның тұрақталу жолдарын зерттейтін ғылым екендігін басшылыққа

Мақалада білім беру ортасындағы адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктері ашылған және осы институттың негізгі

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға

бағдарламаларының құрылымында айтарлықтай біршама айырмашылықтар бар. Олай болуы заңды. Өйткені екі бағыттың көздеген мақсаты бір болғанымен,

Қарастырылып отырған тұжырымдамада «...қазақ тілінің мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ғылым, мəдениет, білім беру мен денсаулық сақтау