Қамзаева Г.С.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
пәнінде оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдістерін пайдалану ерекшеліктері
Аталмыш мақалада «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер талданады және тиімділігі көрсетіледі.
Атап айтар болсақ, қатысым әдісін қолдану арқылы тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асырылатындығы, түсіндіру әдісінде мұғалім тақырыпты түгел түсіндіруді, оқулықтағы материалдың негізгісін ғана түсіндіруді немесе оқушыларға бағыт беруді көздеуі мүмкіндігі айтылады. Сонымен бірге грамматикалық білім беруде қолданылатын әңгіме әдісі үш түрлі: хабарлайтын әңгіме, эвристикалық әңгіме, еске түсіретін әңгіме болып бөлінетіндігі, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалады. Оқушыларға қазақ тілі грамматикасынан саналы білім беруді қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі – байқау әдісі екендігі де нақтыланып, мұғалімге қойылатын талаптар көрсетіледі. Жаттығу әдісінің оқушыларға терең білім беруде көрсететіп ықпалы нақтыланады.
Түйін сөздер: қатысым әдісі, түсіндіру әдісі, әңгіме әдісі, байқау әдісі, жаттығу әдісі.
KamzaevaG.S.
Features of the use of educational and informative methods of the subject «Methods of teaching of the Kazakh language
This article deals with the main methods of studying the subject
«Methods of teaching of the Kazakh language» and shows its benefits.
Rather through the methodology of visits describes the use of language relationships in three ways: in the method of explanation refers to a full explanation of topics, the most important explanation of the material from the textbook and the possibility of sending students. And found out the peculiar features of grammar, three kinds of methods in grammar teaching:
the story, the story of a heuristic, the story resembles. Shows the require
ments for teacher training provides the Kazakh language grammar. Refined technique exercises in training.
Key words: type of training, attendance method, narrative technique, competition technique, exercise technique.
Камзаева Г.С.
Особенности использования учебно-познавательных методов предмета «Методика обучения казахского языка»
В данной статье рассматриваются главные методы изучения предмета «Методика обучения казахского языка» и показана его польза. Через методику посещения рассказывается использование языкового отношения тремя путями: в методике объяснения говорится о полном объяснении темы, об объяснении самых главных материалов из учебника и о возможностях направления учащихся.
А также выясняются своеобразные особенности грамматики, три вида методики в грамматическом обучении: рассказ, эвристический рассказ, рассказ напоминающий. Показаны требования для учителя обеспечивающие обучением грамматикой казахского языка.
Уточняется методика упражнений в обучении.
Ключевые слова: вид обучения, методика посещаемости, методика рассказа, методика конкурса, методика упражнения.
ӘОЖ 37. 016:809.434.2 Қамзаева Г.С.,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, ф. ғ. к., Қызылорда қ., Қазақстан, е-mail: [email protected]
Әрбір мұғалімнің үнемі біліктілігін арттырып, педагогика- лық шеберлігін жетілдіріп отыруы және жалпы мектептің кәсіби мәдениетін дамытуы – білім беру сапасын арттырудың басты шарты. Ұстаз еңбегінің ең негізгі және басты көрсеткіші шәкірттерінің еңбексүйгіштігімен, білімімен, өнегелілігімен, адамгершілік қасиеттерімен өлшенеді. Шәкірт бойында қа- лып тасқан жақсы қасиеттердің барлығы ұстаз еңбегінің көп жылдық жемісі. Білімді меңгеру үшін оқушының ынта- ықыласын туғызу, оқу мәдениетін оның әдеттегі дағдарысына, рухани қажеттілігіне айналдыру керек.
Еліміздің білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігуі оның халықаралық талаптарға сай болуын қажет етеді. Осыған байланысты білімнің мақсаты, мазмұнымен инновациялық технологиялар ғылыми тұрғыдан зерттелуде, білім берудің жаңа жүйесі жасалуда.
Қазіргі ғылыми-техникалық қарқынды даму үдерісі білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Білім кеңістігінде оқу үдерісінің тиімділігін арттыру – ғасырлар бойы қарастырылып келе жатқан өзекті мәселе. Білім беруді оңтайландыру үдерісі кейінгі жылдарда белсенді қарқын алды.
Білім – ұлттың ақыл-ойымен ерік жігерін қалыптастырушы тірек. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру – ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз. Ана тілін оқытуда қазіргі уақытта мынадай негізгі тенденциялар үндесіп жатыр:
– ана тілін оқытудың түпкі мақсаты етіп тілдің граммати- касын үйретумен қатар, оқушылардың сөз мәдениетін жетіл- діруді қою:
– ана тілін ұлттық – мәдени құндылықтардың ажырамас бөлігі ретінде меңгерту;
– ана тілін оқушының логикалық ойлауын, жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдану;
– ана тілін оқытудың бүкіл әдістемелік жүйесін жаңа бағыт қалайық оқытудың жаңа технологияларымен сәйкестендіру;
– жалпы білім беретін мектептің әр сатысындағы игерілетін білімнің түпкі нәтижеге бағытталу жүйесін берік ұстану.
Оқыту деген не? Білім беру қызметінің стратегиясы мен так- тикасыда, мекемедегі білім ортасының сипатымен ерекшелігіде «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНДЕ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
адамдардың, үйретушілердің өздерінің қандай оқыту үлгісін басшылыққа алатыны туралы жа- уаптарына байланысты болады. Оқыту әдістері туралы «Қысқаша педагогикалық сөздікте» [1]
оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғаліммен оқушының өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері деп көрсетеді. Со- нымен бірге оқыту әдістерінің үш тобына си- паттама береді. 1) Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері; 2) Оқу-танымдық іс- әрекетті туғызу әдістері; 3) Оқу-танымдық іс- әрекетінің тиімділігін бақылау әдістері [2].
Сонымен бірге мұнда оқыту әдістерінің бірінші тобына сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістердің жататындығын көрсетеді. Оған ба- яндау, әңгіме, лекция, жасап көрсету, тәжіри- белік жаттығулар ұйымдастыру, тапсырма- лар орындатудың болатындығын айтады. Бұл әдістердің әрқайсысы оқу материалын индук- тивті және дедуктивті әдістер деп аталатыны белгілі.
Оқыту әдістері – оқытушының оқып-үйре- нушілерге көмектесу тәсілі, осы тәсіл арқылы білімді, дағдыны игеру оқушылардың көзқарасын қалыптастыру арқылы таным күштерін дамы- тады және оқу үдерісінде өтетін оқу форма- сы, оқуға үйрету тәсілдері. Қазақ тілін оқытуға қатысты әдістің анықтамасымен түрлерін қарастырған Ә. Исабаев: «Әдіс қазақ тілінен теориялық білім берудің тәсілдерін, соған бай- ланысты практикалық дағдымен тәлім-тәрбие берудің амалдарын саралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілімен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді» дей келіп қазақ тілінен білім беру әдістерін төмендегіше жіктейді:
1. Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
2. Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері
3. Қазақ тілін теория -практикалық жақтан үйрету әдістері [3].
Ұлттың басты ерекшелігі – тіл екені белгілі.
Тіл ұзақ уақыт даму деңгейінен өтіп, өзіндік ерекшелігі пайда болады. Осы ерекшеліктерге байланысты әр тілдің өзіндік фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері қалыптасады.
Сабақта қатысы мәдісін қолдану арқылы тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалып пен іске асырылады: жұптық, топтық, ұжымдық.
Жұптық оқыту кезеңінде тілдік қатынас екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат екі білім алушының өзара тілдесу ерекшелігіне, олардың қабілетіне, тілді білу дәрежесіне т.б.
сүйене отырып іске асырылады. Мұнда әр
оқушының өзіндік қабілетін дәл тануға және жетілдіруге мүмкіндік беріледі, адамдардың бір-бірімен тез тіл табысуы қамтамасыз етіледі.
Ерекшелігі: диалог арқылы жүзеге асады. Ал топтық оқыту кезеңінде сөйлеуші өзінің ойын, пікірін, атқарылатын жұмыстың мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Тілдік жұмыс жүргізіледі, сөйлейді, тапсырманы орындайды, жауап береді, оқиды, білімдерімен бөліседі, пікіралмасуға үйретеді. Ұжымдық оқыту кезеңінде арнайы тапсырмалармен жұмыс істей білу көзделеді. Мысалы, берілген сұрақтар, жаттығулар тақырыбы жағынан ортақ бола келіп, құрылысы тарапынан әртүрлі болады.
Қазақ тілінен берілетін білімнің бәрі бірдей оқушылардың байқауы арқылы меңгеріле бермейді. Көбіне тілдік-теориялық материал- дар оқушыларға мұғалімнің түсіндіруі арқылы да меңгертіледі. Түсіндіру әдісінде мұғалім тақырыпты түгел түсіндіруді, оқулықтағы ма те- риалдың негізгісін ғана түсіндіруді, оқушыларға бағыт беруді көздеуі мүмкін. Жаңа тақырыпты бастар алдында міндетті түрде өткен материал- мен байланыстыра отырып, жетелеуші сұрақтар қояды. Кейде бұл әдісті «Мыйға шабуыл» деп те атайды. К.С. Меридиттің, Д.Л. Стиллдың, Ч. Тэмплдың «Оқу және жазу арқылы сын тұр- ғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша таныс сын тұрғысынан ойлауды дамыту техно- логиясы ERR – қызығушылық ояту – жаңа ақ - па ратпен жұмыс істеу және оны түйсіну – реф - лексия білім беру үлгісінің үш жақты мін - де тінен туындайтын әдістерді оңтайлы пайдала- нуға да болады. ERR үлгісінің бірінші кезеңі әрбір сабаққа қатысушыны берілген тақырып жөнінде өзінің білетінін өзектілендіру, кейіннен егжей-тегжейлі қаралатын тақырып бойынша өз білімдері мен түсініктерін талдау про цесі- не таратуға бағытталған. Бұл кезеңнің мақсаты сондай-ақ қызығушылық ояту, жаңа ақ паратты бұрынғысымен байланыстыру үшін пси холо- гиялық жағдайлар жасау болып табылады.
Грамматикалық білім беруде қолданылатын әңгіме әдісі үштүрлі: хабарлайтын әңгіме, эвристикалық әңгіме, еске түсіретін әңгіме бо- лып бөлінеді. Хабарлайтын әңгіме дегеніміз – оқушылардың бұрыннан білетін білімі мен тәжірибесіне және байқауына сүйене отырып, сұрақ-жауап арқылы мұғалімнің жаңа материал- ды түсіндіруі. Ал эвристикалық әңгіме – сұрақ- жауап арқылы жаңа материалды оқушылардың өзіне меңгерту. Эвристикалық әңгімеде оқу- шылар тұрақты тіркестерді сөз тіркесімен не- месе осы екеуін күрделі сөздермен салысты-
ра отырып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таниды, ой қорытындысын шығарады. Еске түсіретін әңгіме дегеніміз – қайталау, жинақтау арқылы оқушылардың грам- матикадан бұрыннан білетін білімін бір жүйеге келтіру және соларды практикада қолдандыру.
Бұл әдіс кезінде мұғалім мейлінше аз сөйлеп, керісінше оқушылар көп сөйлеулері тиіс. Ереже айту, мысал келтіру, жолдастарының жауабын талдау сияқты әрекеттер жасалуы қажет. Мұғалім сыныпқа қоятын сұрағын анық, әрі түсінікті қоя отырып, қойылған сұраққа оқушылардың қысқаша да, толық жауап беруін талап ету керек.
Оқушыларға қазақ тілі грамматикасын са- налы білім беруді қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі – байқау әдісі.
Мұғалім оқытудың байқау әдісіне қойылатын мына талаптырды білуге тиіс:
1. Оқушылардың нені байқайтынын дұ- рыс тап түсіндіру. Мәселен, мұғалім тақтаға меңгеріле байланысатын сөз тіркестеріне мы- салдар жазғанда, меңгерудің қандай формада келетінін байқап отыр деп тапсырма береді. Не- месе соның көрнекі құралын тақтаға ілгенде, қызылмен жазылған обьект нені көрсететінін байқауды тапсырады.
2. Байқанда, оқушы назары алдымен не нәр- сеге, сонан кейін қайсысына аударылатынын ай- ту, яғни байқаудың жоспары мен жүйесін үйрету.
3. Байқаудың мақсатын және оның пайда- сын таныту. Мәселен, сөз тіркестерін жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару.
4. Байқалған фактілерінің негізінде дұрыс ой қорытындысын шығару.
Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та бо- лып келеді. Біріншісі сабақтың әр кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл сабағында қазір онша көп орын алмайды. Қазақ тілі грам- матикасынан білім беруде ең тиімді байқау – аз уақыттық байқау болып табылады.
Оқушыларға қазақ тілінен білім мазмұнын игеруіне оқулық пен көмекші оқу құралдары, ғылыми көпшілік әдебиет, журнал мен га- зет материалдарының мәні зор. Мұғалімнің түсіндіруі мен жаттығу жұмыстары кітапқа сүйенгенде ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға кітапты пайдалану- ды үнемі үйретіп отыруы керек. Кітаппен жұмыс істеу әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады. Мұғалім тілдің белгілі бір еди- ницасын түсіндіргеннен кейін оқушылардың сұрауларына жауап беріп болған соң, оқулықты
алдырып, өтілген материалды кітаптан оқып шығуды тапсырады. Оқулық пен дидактикалық материалдардың оқушыларға үйде тигізетін көмегі де мол.
Қазақ тілінен білім беруде жаттығу әдісінің де өзіндік ерекшелігі зор. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін, оқушылардың сол жаттығуды орындай алатын білімі болуы шарт. Жаттығу оқушылардың қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруы тиіс. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс. Жаттығулар осы талапқа сай болғанда ғана оқушылардың дағдысын қалыптастыра алады.
Оқушының білімге деген ынта-ықыласын, зейінін жетілдіріп тәрбиелеу үшін әр оқушының психологиялық ерекшелігін, білімді қабылдау мүмкіндігі мен қабілетін анықтау мұғалімге оқуға басшылық жасауға көмектеседі. Оқуға басшылық жасауды мұғалім сабақ үстінде баланың ойлау, қиялдау қызметін үнемі бақылап, оны дамытып отыру қажет. Содан кейін ғана ол баланың шамасына қарай оған сабақта және сабақтан тыс уақытта оқуына бағыт-бағдар беріп, басшылық жасай алады. Оқу мәдениетінің ең негізгі проблемаларының бірі оқығанды есте сақтап, оны адам ойында бекіте білу, яғни жыл- дам еске түсіру, ойда сақтау, оқығаныңды таба білу, уақытында және дәл айта білу.
«Оқыту – білім беру құралы, білімді, іскерлік пен дағдыларды, сондай-ақ адамның үздіксіз білім алып отыруын іске асыруға қажетті танымдық қызмет тәсілдерін беру және белсенді түрде меңгеру процесі... Оқыту процесі екі қырлы болып келеді, оған оқыту – яғни, білім беру және оқушылардың өзіндік жұмысын басқару жөніндегі педагог қызметі мен оқу – білім, іскерлік, дағдылар жүйесін белсенді түрде меңгеру бойынша оқушылардың қызметі жата- ды» [4], деп көрсеткендей білім берудің басты міндеті – қоғамдық шарттар мен міндеттерді ескере отырып, адамның өмірлік мақсаттарын жүзеге асыру құралы ретінде оны оқытуға қажетті жағдайлар жасау қажет.
Қазіргі таңдағы мұғалімнің басты мақсаты:
оқушыларды қоғамда өзін-өзі белсенді ету- ге дайындау, өзгермелі даму үстіндегі ортаға бейімдеу, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді, тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Ұстаздың осы мақсатына сай әдістеме ғылымында оқушы бойында жетңі түрлі құзыреттілік қалыптасады деген де тұжырымдар жасалынып жүр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат- тың басымды бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу
жүйесін дамыту болып табылады. Осыған орай,
«Біздің балаларымыз – еліміздің және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз – болашақ ана- лар мен әкелер. Олар да өздерінің балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың тама- ша азамат болып өсулері қажет. Алайда, әңгіме мұнымен бітпейді, балаларымыз – бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінамыз болып табы- лады» [5], – деген пікірмен келісуге де болады.
Ұрпақ тәрбиесінде әлем халықтары өзінің сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан та- рихи тәжірибесін қолданады. Келешек иелерін тәрбиелеудің негізі – өздері әрқашанда өткен уақыттан қалған бай мұра болмақ. Жылдар
өтіп, ел жаңарған сайын жаңғыра түсетін, қайта айналып соға беретін тақырып білімді ұрпақ тәрбиелеу. Кеңестер Одағы кезінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелелерде одақтағы әр ұлттың өз салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, мәдени ерекшеліктері ескерілмеді. Бүгінгі тәрбие үрдісін халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұлт- тық ерекшеліктерін ұстана отырып, жаңарту керек. Бала ең алдымен өз ұлтының мәдениетін, ана тілінің ерекшеліктерін бойына сіңіріп, сонан соң өзге халықтардың мәдениетінің игі мұрасын меңгергені дұрыс. Жалпы дүниежүзілік өркениет әр ұлттың рухани қазынасы арқылы дамып, бай- ып отыратыны сөзсіз.
Қорыта айтқанда, оқушылар тарапынан жо- ғарыда аталған оқытудың түрлерін мұғалімдер күнделікті сабақтарында қоолданып отырса, бұл шәкірттерге үлкен көмегін тигзері хақ.
Әдебиеттер
1 Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. – Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 1999.–
63 б.
2 Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. – Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік универсиететі, 1999.
– 38 б.
3 Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы, 1993. – 17 б.
4 Косов Б.Б. Личность и педагогическая одаренность: новый метод. – М:Институт практической психологии, 1998. – 128 с.
5 Күмісбайұлы Ш. Балалар әдебиетіне деген ықыласты күтемін// Қазақ әдебиеті. – 1 маусым, 2007.
References
1 Koyanbaev R.M. Kyskasha pedagogikalik sozdik.– Almaty: Abaiyatyndagy Almatymemlekettikunibersiteti, 1999. – 63 b.
2 Koyanbaev R.M. Kyskasha pedagogikalik sozdik.– Almaty: Abaiyatyndagy Almatymemlekettikunibersiteti, 1999. – 38 b.
3 Isabaev A. Kazak tilin okytudin didaktikalyk negizderi. – Almaty, 1993. – 17 b.
4 Kosov B.B. Lishnost I pedagogisheskaya odarennost: nobyi metod. – M: Instityt praktisheskoi psikologii, 1998. – 128 s.
5 Kumisbaiyly Sh. Balalar adebietine degen ykylasti kytemin// Kazak adebieti. – 1 mausim, 2007.