• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

7. Информационный экологический бюллетень Республики Казахстан. — Итоговый выпуск, 2000. — Алматы: Мин.

природн. ресурс. и охраны окр. среды, 2001.

8. Ақбасова А.Ж., Сайнова Г.Ə. Экология: Жоғары оқу орындарына арн. оқу құралы. — Алматы: Бастау, 2003. — 60-б.

ƏОЖ 574: 379. 85 (574)

С.А.Талжанов, А.К.Қаржаубекова Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

В статье рассматриваются проблемы организации туристического кластера на основе особенностей природы Карагандинской области.

In article it is considered problems of the organisation tourist klaster on the Karaganda region.

Туризм — кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi. Бұл сала экономикамыздың едəуiр пайда əкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де еуропалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi, Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тие кетедi. 2004 жылдан берi бұл кемшiлiктi жоятын бiрнеше мемлекеттiк жобалар жұмысқа кiрiсуде. Елбасы 2005 жылдың 19-ақпанында жасаған Жолдауында айтылған 5–7 саланы кластерлiк жолмен дамыту жоспары қойылған болатын. Оның iшiнде туризм де бар. Сондай-ақ 2004 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстанда туристiк кластердiң даму мүмкiндiктерi» тақырыпта кеңiнен талқылау шаралары өтiп едi. Маркетингтiк жəне талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ- тың бiрнеше зерттеу компаниялары бас қосып, Қазақстан туризмiнiң мүмкiндiктерiн жəне оның бəсекеге қабiлеттiлiгiн талқылаған-ды. Мұнда бiздiң туристiк операторлар мен компаниялардың басшылары, өкiлдерi қатысып қазақстандық туризмнiң қазiргi жағдайы мен оның дамуына кедергi келтiрiп отырған факторларды ортаға салды.

Ондағы туристiк компания өкiлдерiнiң айтуынша, мынадай факторлар орын алған:

1. Қазақстанның Дүниежүзiлiк туризм ассоциациясының негiзiнде жарнамалау жəне елiмiздiң имиджiн қалыптастыру үшiн жобалар жасау қолға алынбаған.

2. Туризм саласында еңбек ететiндердiң еңбекақысын көтеру.

3. Қазақстан елшiлiктерiнен туристiк визаларға рұқсат алудың қиындықтары.

4. Тур жасайтын орындарға тасымалдайтын көлiк пен жолдардың дамымауы.

5. 3–4 жұлдызды арзан қонақ үйлер мен мотельдердiң жоқтығы.

Осы ұзақ талқыдан соң Қарағанды облысында экологиялық туризмдi жəне аймақтағы табиғи ландшафтарға зиян келтiрмей, табиғи күйiн сақтай отырып пайдалану туралы мақсат қойылды.

Алдыға қойылған проблемалардың қазiргi шешiлуiне келсек, аталған аймақ туризм кластерiн жүзеге асыруға тиiмдi деп танылған. Себебi мұнда қонақ үйлер, санаторийлер, ойын-сауық орталықтары, қорықтар, тау тағы сол сияқты объектiлер шоғырланған. Сондай-ақ осы өлкеге деген шетелдiк туристердiң қызығушылығын арттыру үшiн жеке кəсiпкерлердi жұмылдыру көзделген.

Қарағанды облысы аумағында тарихи археологиялық жəне мəдени мұраны насихаттау мақсатында мəдени-танымдық туризм қалыптастыру жолға қойылған. Бүгінде əлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.

Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде Қарағанды облысында мүмкіндік бар.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Дамудың басым бағыттарының бірі — бəсекелестікке қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007–2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама əзірленсе, облыс көлемінде осыған орай атқарылатын іс-шара жоспары жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында биылғы жылы жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2007–2009 жылдарға облыстық бюджеттен жалпы 59 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған [1–6].

Облыс экономикасына тигізер мүмкіндігі мол саланы дамыту мақсатында өткен жылы атқарылған игі істер қатарына — ақпараттық-жарнамалық өнім шығару, халықаралық, республикалық туристік шараларға қатысу арқылы облыстың туристік имиджін қалыптастыру бағытындағы ұйымдастыру жұмыстарын жатқызуға болады. Мəселен, 2001 жылдан бастап Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бəрінде, яғни Берлин (Германия), Утрехт (Нидерланды), Мадрид (Испания), Мəскеу (Ресей), Лондон (Ұлыбритания), Шанхай (Қытай) жəне Сеул (Корея) қалаларында облыстың туристік əлеуеті көрсетілсе, биылғы жылы Берлин, Шанхай қалаларында өткен биржаларда Қазақстанның стенді арнайы номинациялар бойынша бірінші жүлдеге ие болған.

Онда Алматы облысының сапалы туристік өнімдерінің орын алуы да үлкен іске өзіндік септігін тигізгенін айтқан жөн.

Отандық жəне əлемдік туристік қызмет көрсету рыноктарында облыстың туристік мүмкіндіктерімен таныстыратын жолсілтеме, облыстың туристік жəне инвестициялық мүмкіндіктері туралы буклеттер, плакаттар, өзгеше табиғат нысандары мен көруге тұратын орындардың көріністері бар ашық хаттар жəне тағы басқа жарнамалық-ақпараттық өнімдер жарнамалануда. Осының барысында облыс бойынша арнайы туристік карта жарық көріп, болашағынан көп үміт күтетін жайлар жасалуда.

Жетісуды өзен-көлдер өрнектеп, аспан таулар асқақтатса, орман-тоғайы көздің жауын алады.

Осы орайда шағын жəне орта бизнес өкілдеріне əдістемелік жəрдем көрсету арқылы туристік инфрақұрылымды дамыту, оның мониторингін жəне талдауын жүргізу мақсатында Орталық Азия университеті, Облыстық спорттық туризм федерациясы, «Тұран» университетімен бірлесіп, туризм саласындағы мамандарды дайындау мен кəсіби біліктілігін арттыру жөнінде бірқатар жұмыс атқарылса, кəсіпкерлерді əдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мақсатында нормативтік- құқықтық актілердің жинағы жарық көріп, оң бастамаға жан-жақты қолдау жасалған.

Аймақтағы туризмнің жай-күйін көрсететін материалдар 2003 жылдан бастап жинақталған.

Жұмыс қорытындысы бойынша облыс аудандары мен қалаларындағы туризмді дамытудың басым бағыттары анықталып, туристік маршруттардың реестрі дайындалған. Оның ішінде танымдық, экологиялық, орнитологиялық, саяжай-сауықтыру, этнографиялық туризм түрлерін қамтитын жүзге тарта маршруттар енгізілген.

Туризм саласының балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулудағы маңызы да ерекше. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдер арасында туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу мақсатында экскурсиялардың, сонымен қатар балалар мен жастардың арасында туризмнің белсенді түрлерін дамытуға арналған облыстық ашық чемпионаттың өткізілуі осының дəлелі.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында сайыстар, слеттер, экспедиция жорықтары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Дүниежүзілік туризм күніне арналған облыстық туристер слеті, авторлық (бардтық) əн фестивальдері, «Джунгария» туриадасы, «Бұрқан-Бұлақ» туристік фестивалі, туристік көпсайыс, жаяу, тау туризмі бойынша сайыстар, ақпараттық жəне тұсаукесер турларының да əр адамның өмірінде қалдырар əсері мол екенін атап айтқан лəзім.

Шетелде тұратын қазақ диаспорасы үшін «Ата жұртқа саяхат» атты туристік бағыт əзірленсе, Ш.Уəлиханов экспедициясының бағыты бойынша ұйымдастырылатын туристік саяхаттардың берері мол. Ал облыста Орталық Азияда теңдесі жоқ экологиялық туризм жөніндегі халықаралық жоба — Іле-Балқаш регатасы жыл сайын жалау көтеріп, оның тəрбиелік, тағылымдық мəн-маңызы тереңдей түсуде.

Облыстық мəслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 34–258 шешімімен туристік кластерді құру мен дамыту бағдарламасы бекітіліп, іс-шаралар жоспарын орындау толығымен қолға алынған.

Орталық Азия университетімен бірігіп, 2006 жылы аудандық жəне қалалық əкімдік мамандары

«Экологиялық туризм — Алматы облысының туристік кластері буындарының бірі» деген тақырыпта өткізілген семинарды да осы бағыттағы игі істердің қатарына жатқызуға болады.

Мемлекеттік ұлттық парктер мен қорықтарды кластерлік дамыту мəселесі бойынша

«Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде кеңес өткізілсе, қазіргі кезде оның пилоттық жобасы əзірлену үстінде.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

Қапшағай су қоймасы, Балқаш жəне Алакөл көлдерінің жағалауында демалыс орындарын ашудың негізгі жоспарын əзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, іске асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары басталған.

Аймақтағы туризмнің дамуын тежейтін негізгі мəселе — тартымды туристік объектілерге жəне əдемі ландшафтарға апаратын автокөлік жолдарының нашарлығы. Дегенмен, туристік нысандарға апаратын жергілікті маңызы бар жолдар біраз жөндеуден өткен.

Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған əсем табиғатымен, мəдени-тарихи орындарымен құнды. Іле жəне Жоңғар Алатауы, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені жəне басқа көптеген сулы, таулы, сондай-ақ тегістік жерлердің артериялары, минералдық су жəне балшық көздері, табиғат ескерткіштері, атап айтқанда, қайталанбайтын флорасы мен фаунасы, соның ішінде эндемикалық жəне реликттік, қорған кешендері, петроглифтер (тастағы суреттер), мұражайлар (тақырыптық жəне атақты адамдардың), кесенелер, мазарлар жəне бұрынғы кездегі сəулет (архитектура) ғимараттары туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін жəдігерлері. Осы ресурстар облыстың туристік инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі екенін көрсетеді.

Мемлекеттік тарихи-мəдени жəне табиғи ашық аспан астындағы «Тамғалы» қорық мұражайы, бір спорт-көңіл көтеру кешене, үш кесені, екі аквапарк та туристік əлеуеттің бағалы нысаны.

Экологиялық туризмнің негізін «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», «Алтынемел»,

«Шарын», «Алакөл жəне Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары» сияқты экологиялық жүйелерді

сақтаудың аса маңызды дəрежесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрайды. Сонымен бірге облыстағы туристік саяхаттардың мақсаттарына қарай туристерге курорттық-емдеу, соның ішінде климаттық ем, бальнеологиялық ем, балшықпен емдеу, экологиялық туризм, соның ішінде оның мамандандырылған флора мен фауна өкілдерін бақылауға негізделген түрлері, спорт-сауықтыру туризмінің (жаяу жүру, тауға шығу, шаңғы тебу, жағажайда суға шомылу, судағы спорт, мотоциклмен жарысу, желкен есу, альпинизм түрлері, мəдени-танымдық), онда табиғи, мəдени- тарихи көрікті жерлермен танысу, діни, этникалық мамандандырылған туризм, сонымен қатар аңшылық-кəсіпқойлық, белгілі жағдайларға байланысты экскурсиялар уақытын мəнді өткізем деген демалушының талап-талғамына жол ашады.

Сонымен бірге жаз-күз, қыс айларында «Алтынемел», «Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи парктеріне экскурсиялық турлар, Тамғалы тасқа, Аңырақай шатқалына, Іле өзеніндегі Тамғалыға, Жаркент мешітіне жəне басқа жерлерге экскурсия, Іле жəне Жоңғар Алатауының таулы өзендері бойынша рафтинг, тауға жаяу шығу турлары; облыс аумағында орналасқан курорттарда («Алатау», «Қапал-Арасан», «Аққайың», «Жаркент-Арасан», «Керімағаш») тынығу жəне емделу, Алакөл көліне ұйымдастырылған сауықтыру турлары, Қапшағай су қоймасында тынығу туристердің көңілінен шығып, денсаулығын түзеп, күш беретініне, рухани жан рахатына бөлейтініне еш күмəн жоқ.

Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи- климаттық, тарихи, əлеуметтік-мəдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жəрдемдесетiн өзге де нысандар жатады. Олар мəдени-танымдық, экологиялық, спорттық, əлеуметтік, дiни, тағы басқа туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи- археологиялық, тағы басқа топтарға бөлiнедi.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жерiндегi Батыс, Солтүстігінде Тянь-Шянь, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, тағы басқа табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға

Iле-Алатау ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк,

Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келедi. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмдi дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше.

Археологиялық ескерткiштердiң кез келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, тағы басқа көне қалалардың орнына туристердiң

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының

iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дəуiр ескерткiштерiне жартастағы

петроглифтердi атауға болады. Оларға əйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзендегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дəуiрiмiзге дейiнгi VI–III ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорығындағы жерлеу камерасы жəне сақ əскерi киiмiн киген «Алтын адам», 2001–2002 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданның Бергiел (Берел) қорғанында табылған «Сақ патшайымы» археологиялық туристiк нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, тағы басқа елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына Қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тəуке, Тəуекел, Жəңгiр, Есiм, Абылай хандар, Қазыбек би жерленген.

Қарағанды облысы Қазақтың қатпарлы таулы аймағында орналасқан. Бұл аймақ геоморфологиялық жəне геологиялық ерекшеліктері жөнінен негізгі төрт ауданға бөлінеді: облыстың солтүстік жағын Қазақтың ұсақ шоқылы өңірі (50 пайызға жуық) алып жатса, оңтүстікті Бетпақдала үстіртінің солтүстік жағы жəне солтүстік Балқаш жағалауының үстірті құрайды, ал оңтүстік-батысты Арал маңы Қарақұмы алып жатыр. Ұсақ шоқылы бұл аудандарда жер бедерінің басты түрі толқынды жазық десек, бұрын олар өзендердің аңғары болған жерлер. Сондай-ақ мұнда жалпақ жазықтар мен гранитті тау массивтері де кездеседі. Ұсақ шоқылы жерлердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі 350–

500 м. Бұлардың ең биік бөлігі — облыстың шығыс аудандарында. Олар биіктігі 500–800 м тау шыңдарынан тұрады. Ең биігі Қарқаралы 1358 м, Кент 1367 м жəне Қызыларай. Қызыларай — Орталық Қазақстанның ең биік тауы, ол теңіз деңгейінен 1565 м биіктікте орналасқан. Бұл қырат Ертіс–Балқаш су айырығы болып келеді. Екінші қырат — Ұлытау қыраты. Биіктігі 1140 м дейін жететін Ұлытау тауын қоса алғанда, облыстың батыс жағында бұл Ертіс–Арал су айырығына айналады. Солтүстік ендіктің 480-нан оңтүстікке қарай Қазақтың ұсақ шоқылары Бетпақдала үстіртіне жəне солтүстік Балқаш өңіріне ауысып кетеді. Қарағанды облысының жеріне Бетпақдала үстіртінің (солтүстік ендіктің 460-на дейінгі) солтүстік жағы кіреді. Теңіз деңгейінен 300–700 м биікте жататын адырлы кең жазық оңтүстік-батысқа қарай құламалау келеді. Жанасып жататын жерлерге қарағанда бұл үстірт көтеріңкі, əрі олардан 10 м-ден 40–45 м жететін қабатпен бөлінеді.

Облыстың жалпы климатына тəн сипат — ашық, əрі жылы күндердің көп болуы. Бірақ мұндай климат облыс территориясында əр түрлі. Облыс жерінің едəуір созыңқылығы жəне жер бедері биіктігінің əр түрлі болуы мен қатты тілімделуі, ауа райының мейілінше ала-құла болуына əсер етеді.

Ауа райы шұғыл континенті, құрғақ. Жылдық орташа температура 00–70 аралығында ауытқып отырады. Күнделікті температураның ауытқу амплитудасы қаңтар айында –18–250 болса, шілде айында +16–220 мөлшеріне жетеді. Жазы ыстық. Ал оңтүстік бөлігінде жазы аса ыстық əрі ұзаққа со- зылады. Ауаның температурасы жазда кейде +400–450 дейін көтеріледі. Қысы суық температурасы — 400–450. Қыс аса қатты болған жылдары тоңның тереңдігі 2 м тереңдікке дейін барады.

Жыл мезгілі (орта тəулік температурасы 0 0-тан жоғары), солтүстік-шығысында 190 күнге, оңтүстігінде 230 күнге дейін жетеді. Өсімдіктің өсіп-жетілуінің ұзақтығы солтүстік-шығыста 190 күнге, оңтүстік-батысында 200 күнге дейін жетеді.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де біркелкі емес, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде жылына 250–300 мм, ал оңтүстігінде — 100 мм шамасында ғана. Облыстың солтүстігінде жылдың жылы мезгілінде 150–250 мм ылғал, мұның ең көбі шілде айында түседі. Оңтүстігінде осы уақыт ішінде 65–80 мм жауын-шашын жауады, бірақ бұның ең көбі ертерек мерзімде түседі.

Жауын-шашын мөлшері біркелкі емес, ол əр жыл сайын үлкен мөлшерде ауытқып отырады. Ең ылғалды деген жылдары облыстың солтүстігінде 450 мм-ге дейін, ал кейбір қуаң жылдары тек 70–

80 мм жауын-шашын жауады. Қуаңшылық жылдары кейде оңтүстік аудандарда жылдың жылы

мезгілінде жауатын жауын-шашынның мөлшері 10 мм-ден аспайды.

Орталық Қазақстанның ішкі суы материктің ортасында орналасқандықтан, ішкі тұйық алапқа жатады. Облыста тұрақты су ағысы бар өзендер өте аз. Суы жазда тартылып қалатын маусымдық өзендер өте көп. Кішігірім көлдер баршылық, бірақ тұзды болып келеді.

Орталық Қазақстанның басты су артериясы болып Нұра жəне Сарысу өзендері саналады, ұзындықтары 1000 шақырымға жуық. Ірі өзендердің қатарына сонымен қатар Түндік, Талды, Жарлы, Құланөтпес, Кеңгір, Тоқырауын, Қалмаққырған, Жəмші, Байқоңыр өзендері жатады. Облыстың өзендері қар, жер асты суы жəне жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан көктем кезінде өзендер ағысының 80–90 % ағып өтеді, жазда көбі тартылып қалады.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

Жерінің құрғақшылығына қарамастан, облыста көлдердің саны 2000-ға жуық, бірақ басым көпшілігі ауданы 1 км2 аспайтын көлдер. Көл суының тұздылығы 1 г/л-ден 10 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Ірі көлдер Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Қарасор, сонымен қатар Қарақойын, Балықтыкөл, Шошқакөл, Ащыкөл т.б.

Балқаш — ең үлкен көл. Ауданы 17574км2, орташа тереңдігі 5,2 м, ең терең жері шығысында 20 м. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 595 км, ені 8,4 км–75 км-ге дейін ауытқиды, балық түрлері балқаш алабұғасы, сазан, бекіре, т.б. Қарасор көл тобы Қарқаралы ауданында орналасқан, 50-ге жуық көлді біріктіреді. Суыны тұздылығы 35–41 г/л. Көл түбінде емдеу орындарында пайдаланатын күкіртті сутекті шипалы сұр балшық тұнған. Қарасор көлі ауданы 246,35 км2, жеке өзін қарағанда ұзындығы 40 км.

Облыста жер асты суы əр түрлі тереңдікте жатыр. Жер асты суы атмосфералық жауын-шашын жəне өзен суынан жиналған. Жер қойнауында тереңде жатқан суларды артезиан немесе қабатты сулар дейміз. Бетпақ Далада, Арал маңында, Қарақұмда, Мойынқұмда кездеседі. Артезиан суы тұщы немесе əлсіз тұзданған болады, сондықтан ауыз су есебінде пайдаланады. Облыс шаруашылығының қай саласы болсын суды көп тұтынады, осы себептен аймақ өңірінде көптеген суқоймалары салынған.

Нұра өзенінде Самарқанд суқоймасы, Шерубай-Нұра немесе Топар суқоймасы, Жезқазған аймағы бойынша Қаракеңгір суқоймасы салынған. Ал 1973 жылы Қарағанды-Ертіс каналы салынды.

Оның ұзындығы 500 км-ге жуық. Бұл канал Павлодар облысының Ақсу қаласынан басталады.

Бірінші мақсаты — Қарағанды жəне Теміртау қалаларын сумен қамтамасыз ету.

Қазақстан жазықтығының бір ерекшелігі, тұрақты ағыстары бар өзендер желісінің сирек, ал уақытша маусымдық өзендердің жиі кездесетіндігі болып табылады. П.Н.Лебедев құрған гидрографиялық аудандастыру картасы бойынша Орталық Қазақстан аудандарындағы уақытша өзен желісінің жиілігі 100 км2-қа 4 км ғана.

Қарағанды облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар: Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 9 табиғи қорық (Ұлытау, Тораңғылық, Қызыларай, ҚУ, Қоғашік, Қараағаш, Белағаш, Белодымов, Бектауата), Жезқазған мемлекеттік өсімдіктік бағы, «Бұйратау» мемлекеттік табиғи паркі (облыстық маңызды) жəне мемлекеттік табиғат ескерткіштер (облыстық маңыздық).

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (ҚМҰТП) 1998 жылы 1 желтоқсанынан ҚР Үкіметінің № 1212 қаулысымен ұйымдастырылған. Парк Қарағанды облысының шығыс жағында орналасқан, Қарқаралы əкімшілік ауданының аумағында. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 90323 га.

Туристік қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушісі туристік ұйымдар болып табылады, оларды туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристік ұйым мен 30 жеке кəсіпкер ұсынады. Əрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кəсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында жəне Астана қаласында (79). Қазақстанның туристік қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кəсіби гид пен экскурсияшы жұмыс істейді. Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ін шағын кəсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді.

250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кəсіпорындар 1,3 %-ті, ал ірілер 0,4 %-ті құрайды.

Талдауға қарағанда туристік ұйымдардың көпшілігін шағын жəне орта кəсіпорындар құрайды, олар əлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары əлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды жəне Ақтөбе облыстарында сырттан келушілер туризмінің барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан жəне Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмі дамыған.

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы жəне Ақмола облыстарында байқалады.

Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнің барлық түрлерінен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау жəне Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген. Бұл өңірлердегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік жəне кəсіби мақсат, бос уақыт, рекреация жəне демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады.

Балқашта жəне басқада үлкенді-кішілі көлдерде, Нұра, Соқыр өзендеріндегі орманды жағалауларында, Федоровка, Кеңгір, Жартас, Шерубай-Нұра жəне басқада суқоймаларда жыл бойы Қарағанды, Теміртау, Жезқазған жəне Балқаш өндірістерінің қызметкерлері мен жергілікті

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

тұрғындардың 40 % өз денсаулықтарын жөндеп, демалып қайтады. Əсіресе Самарқан суқоймасының жағалауы, Ертіс-Қарағанды каналымен қосылатын тұсында Федоровка суқоймасы жəне Қарағанды- Теміртау өндірістерінің тұрғындары ең ірі демалыс орындарының біріккен жүйесін құрайды жəне ол жер өте жақсы игерілген. Бұл суқоймалар орманды жерлерде (3400 га) еркін демалуға өте ыңғайлы.

Оңтүстік жағалауда салынған сауықтандыру мекемелерінің кейбіреулері мекеме мен кəсіпорындарға жататындары жыл бойы демалушылар қабылдайды. Осындағы жағажай өте жақсы жабдықталған, қайық клубы жұмыс істейді, қайық станциясы бар. Абай ауданында Шерубай-Нұра өзенінде

«Жартас» суқоймасы жағалауында салынған («Испат-Карметтің» санаторийі жыл бойы жұмыс

істейді). Гидроминералды «Жартас» санаторийі минерал суларының кең орны болса, ал Қарасор көлінде саз-балшықпен емдеу орындары бар. Жыл бойы осы санаторийлер 3,5 мың жұмышылар мен қызметкерлерді қабылдайды. Демалуға деген облыстағы демалыс орындарының сыйымдылығын, қажеттілігін арттырады. Көлік коммуникациясының қызмет тұрғындарына көрсетілетін маңызды тұтынушылар болады. Кең байтак облыс аумағы өндіріс орталығының көптігі, сонымен қатар ауданаралық байланысы жақсы жолға қойылған, даңғыл асфальтті жолды талап етеді. Темір жол желісі облыстағы үш маңызды өндірісті аудандар: Қарағанды, Жезқазған, Балқашты байланыстырады, бұл барлық облыс аудандары арқылы өтетін жол, еліміздің темір желісіне барып қосылады (темір жол ұзындығы 1650 км). Автокөлік жолынның жалпы ұзындығы 8,3 мың км құрайды. Автокөлік өндірісінің өсуіне орай жəне ауыл шаруашылық өндірістері, сонымен қатар адам тасымалдау үшін қатты төсеніш жабылған жолдарды міндетті түрде кеңейту қажет. Əсіресе халықаралық жүк тасмалдауда Алматы — Қарағанды — Астана — Қостанай — Челябі жолдары маңызды болып есептеледі. Бұл Ақтоғай, Шет, Абай, Осакаров аудандары арқылы өтеді. Дəл қазір Алматы — Астана тас жолында жүріп жатты. Қарағанды — Балқаш трассасының ұзындығы 380 км.

Осы магистралдің негізгі бөлігі болып табылады. Жөндеу болашақта облыс аймағындағы туристік ағымның транзиттің гүлденуіне көп əсер етеді. Мемлекеттік маңызы бар (автакөлік жолы) Қарағанды

— Матақ — Қарқаралы — Егіндібұлақ автакөлік жолы Қарағанды — Теміртау өндіріс орындарының Қарқаралы орман шаруашылығымен байланысын қамтамасыздандырады. Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі жол 225 км, облыс орталығы — Қарағанды. Қарағайлы теміржол торабымен байланысты, бұл Қарқаралының оңтүстігінен 20 км айналып өтеді. Қарқаралы ауданы арқылы автокөлікпен Солтүстік Қазақстандағы Баянауыл (248 км) туризм жəне ірі демалыс орындарына жетуге болады. Сонымен қатар Егіндібұлақ селосынан Шығыс Қазақстандағы Семей жеріне жете аласыз. Мемлекеттік автожол Қызылорда — Жезқазған (420 км) еліміздің оңтүстік аймағына шығуға өте қолайлы жол. Автожол Жезқазған — Жезді — Ұлытау — Арқалық Оңтүстік Қазақстаннан шыққан транспортты туристер ағыны Ұлытау арқылы Солтүстік Қазақстаннан жəне одан өтіп, Оңтүстік Орал мен Ресейдегі Сібір аймақтар байланысын қамтамасыздандыратын өте маңызды жол болып есептеледі. Балқаш көлінде су көлігі қызметі өркендеп келеді, катерде демалу, су велосипеді, сонымен қатар каноэда спорттық жарыстар қанат жаюда. Сонымен қатар өзен арқылы Алматы облысының Лепсі, Қаратал, Іле үстірттерінде орналасқан, балық шаруашылығымен де тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы туризмді жетілдіру тұжырымдаманың міндеті бірінші туризм инфрақұрылымын кеңейту болып табылады. Республикада мемлекеттік деңгейде туристік кəсіпкерлік қызметіне түбегейлі түрде белсенді көмек көрсету қажет. Отандық туристік өндірістің жетілдіруіне қонақ үйлер кəсібінің жəне дəмханалардың жақсы қызмет көрсетуіне ықпал етіп халықаралық жəне ішкі нарыққа белсенді түрде ұсына білу қажет. Осы міндеттерді бірінші кезекте орындау туризм өндірісі мен инфрақұрылымын жетілуіне баға жетпес зор үлес қосады. Қазақстанда 30-дан астам жоғары оқу орындары туризм, қонақ үй бизнесі мен спорт үшін көптеген кəсіби мамандар даярлауда. Міндетті түрде осы салада көп жылдар еңбек еткен жандарды қайтадан кəсіби білімін жоғарлатып немесе қайта даярлау курстарының өткізу үшін жоғары білім орындарында курстарды ашып көбейту қажет болып тұр.

Халықаралық жоғары оқу орындарында туризм мамандары даярлауды жүзеге асыра отырып, қонақ үйлер кəсіби жəне дəмханалық кəсіпті толық меңгеруге жүйелі түрде ғылыми алмасулар мен оқулық материалдар арқылы туристік оқу орны мен іс-тəжірибе алмасу, мамандардың кəсіби біліктілігін жоғарлату, қайта даярлау, тəжірибе алмасу, семинар, конференциялар т.б міндетті түрде қазіргі таңда ауадай қажет.

Əдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007–2009 жылдарға арналған бағдарламасы. — Астана, 2007.

2. Экология и устойчивое развитие. — 2004. — № 8 (42). — 15 с.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(7)

3. Экология и устойчивое развитие. — 2004. — № 11 (45). — 41 с.

4. Туризм — мүмкіндігі мол сала əрі қаржы көзі // Егемен Қазақстан. − 2008. − № 95. − 3-б.

5. Ердавитов С.Р. География туризма Казахстана. — Алматы: Ғылым, 1992. — 332 с.

6. Проблемы туризма и охраны природы. — М., 1978. — 115 с.

ƏОЖ 911.2:81' 373.21

Д.А.Қадірбаева

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ТОПОНИМИКА — ЖЕР АТЫ ТУРАЛЫ ІЛІМ

Топонимика изучает, анализирует совокупность географических названий, их происхождение, эволюцию, смысловое значение, распространение, повторяемость модели. Географические на- звания вызывают глубочайший интерес не только у ученых, в первую очередь историков, географов и языковедов, топонимика — народное творчество, создаваемое веками, а иногда и тысячелетиями.

The article is dedicated to research deflected mode of hinged support flat elements in dependence from variation relation depth to length. Design equations for stresses and displacements, determinant equations for function of deflection, boundary conditions are represent here. Example of uniformly distributed loading flat element analysis is show in article. The results are representing in table and graphic forms.

Ерте заманнан бері адамзат географиялық жер аттары, оның қойылу ерекшеліктерімен қызыға шұғылданып келген. Ертедегі грек, рим тарихшылары мен географтарының еңбектерінен географиялық атаулар туралы түсініктемелер табылған. Географиялық жер аттарының қойылу, шығу ерекшеліктерімен, оның формасы, мағынасы мен грамматикалық ерекшелігі туралы зерттейтін ғылымды топонимика деп атаған. «Топонимика» грек сөзі, мағынасы «топос» — «орын, мекен»,

«онома» — «атауы». Ерте уақыттан бері географиялық жер атаулары адамзатқа қызмет етіп келеді, адамның экономикалық-əлеуметтік, мəдени қажеттілігін қанағаттандырып, географиялық пайымдауларын нақтылауға көмектеседі.

Топономика өзінің ізін ғылымда оның ішінде географияда, геологиялық атауларда қалдырды.

Мысалы: Кембри атауы дəуірден қалған. Девон атауымен Англиядағы Девон графствосы аталған.

Швеция жəне Франция, ГФР аралығында орналасқан тау атауына Юра берілген.

Төрттік дəуірдің де бірнеше сызбаларында бар. Оның бөлшектерге бөліну дəуірі: рисс, вюрм, шелл, эльб, эльстер, висклен, вискон географиялық атауларға байланысты.

Негізгі тау түзілу тектоникалық қозғалыстардың кезеңдері каледондық қатпарлық, грекиялық, варискуйлік жəне жаңа альпілік. Мұны мыналармен салыстырып көрейік. Каледония — латын тіліндегі Шотландия атауы; Грециндық орман — ежелгі рим географтарының Германиядағы тау беткейінің атауы.

Минералдардың да арасынан топономикалық атаулады көруге болады. Біразын қарастырайық:

агат — Сицилиядағы Ахат өзенінің аты, андезит — Андам бойынша, шюда мусковит — Москва атауымен.

Келесі минералдардың шығу тегін тез анықтауға болады: лабрадор — Канададағы Лабрадор түбегі, андалузит — Испаниядағы тарихи Андализия провинциясы, везувиан Везувийге байланысты, кубантик Куба аралымен аталады.

Кеңес өкіметі кезінде алынған минералдар былай аталған: азовтық, Талан аралынан табылған, алтаит, астраханит, байклит, беломорит, вилюит жəне чарит.

Метеориттердің атаулары өздерінің құлаған жеріне байланысты аталады.

Жергілікті желдердің атаулары соғатын жерлеріне байланысты аталады: ангара (өзен атауымен байланысты), Байкалдың оңтүстігінен соғатын суық жел, ол шығыс тау көліне жауын-шашын алып келеді. Басқада байкал желдері: баргузин, дюизи. Баргузинге — мекеніне байланысты, солтүстік шығыс бағытқа бағытталады; сарма — Сарма өзенімен аталатын Кіші теңіз бұғазы арқылы Ольхон аралына қарсы соғатын қатты жел. Абаза — Қара теңізге Абхазия жақтан соғатын қатал шығыс желі.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қарағанды, Шығыс Қазақстан жəне Ақтөбе облыстық атқару комитеттері жұқпалы ауру жайлаған аудандардың тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып,

Рекреациялық баға беруге табиғи ресурстардан басқа əлеуметтік-экономикалық (тарихи-мəдени объектілер мен құбылыстар, қаржы, қаражат, еңбек

Жалпы Қарағанды су қоймаларында балықтың 33 түрі кездессе (Қарағанды балық шаруашылығы мəліметтері бойынша), ал Самарқанд су қоймасында екі балық аулайтын учаске

1 Тұтыну өнімдерінің өндірісі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік

Мақалада Қарағанды облысында моноқалаларды инновациялық жаңғырту мəселелері қарастырылған. Сондай-ақ моноқалалардың қалыптасуы мен дамуының

Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің мəліметінен: «Қарағанды мемлекеттік университеті, Политехникалық, Педагогикалық жəне Кооператив институттары

Өзінің кітабында жазғандай, әкесінен ерте қалып, өмір тауқыметін ерте көргендіктен бе екен, еңбекқор, икемделгіш Қарағанды қаласында бір құрылыс

Сонымен бірге, шығындары, оларды бӛлу әдістерін сараптау, сметалар есептеуді құрастыру мен бақылау, түрдің немесе қонақ үй шығынын ӛзіндік құнын шығару,