• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Азаматтық құқық (жалпы бөлімі): әдістемелік оқу құралы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Азаматтық құқық (жалпы бөлімі): әдістемелік оқу құралы"

Copied!
139
0
0

Толық мәтін

(1)

«M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Unıversıteti»

акционерлік қоғамы

АЗАМАТТЫҚ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

ИДРЫШЕВА С.Қ.

«АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ»

(ЖАЛПЫ БӨЛІМІ)

ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Астана, 2018 ж.

(2)

УДК 347(075)

ББК 67.404(5 Қаз)я73 И27

Сын пікір берушілер:

Заң ғылымдарының докторы, профессор Қаудыров Т.Е.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Құдиярова Ұ.Е.

Идрышева С.Қ.

Азаматтық құқық (жалпы бөлімі): әдістемелік оқу құралы. - Астана:

Fastprint, 2018

«Азаматтық құқық» пәнінің жалпы бөлімі бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар «Құқықтану», «Құқыққорғау», «Халықаралық құқық»

мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Оқу құралының мазмұны «Азаматтық құқық» пәнінің жалпы бөлімі бойынша барлық тақырыптарды қамтиды, әрбір тақырып бойынша негізгі құқықтық нормалар мен институттарды қысқаша нысанда сипаттап, әр тақырыпты толық игеру үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) және оған қоса тағы да қандай заңнамаларды білу қажет екендігі көрсетіледі.

Оқу-әдістемелік құралдың түсініктеме беретін жазбаша мәтініне қоса сол тақырыпты тереңірек игеруге арналған сызбалар берілген, бұлармен мұқият танысуға қажет, себебі сызбалар негізінде теориялық білімдер жүйелі түрде бекітіледі.

Әр тақырыпты тәжірибелік көріністе бекіту үшін Нұсқауларға қосымша есептер (қысқаша кейстер) келтірілген. Тәжірибелік жағдайларды дұрыс реттеп шешу үшін сол кейс қандай тақырыпқа қатысты құрастырылғанын ескере отыру жөн, өйткені әрбір жағдай арнайы тақырып бойынша теориялық білімдерді бекітіп, оларды тәжірибеде қолдануды үйренуге бағытталған.

Нұсқаулық «Азаматтық құқық» оқулығына тек қосымша ретінде пайдалануға жатады, бұл Нұсқаулықты пайдалану студенттерді «Азаматтық құқық» оқулығын толық көлемінде оқып зерделеуден босатпайды.

Бұл оқу-әдістемелік құралы «Азаматтық құқық» пәнінің ерекше бөлімін де түсініп, игеруге көмек болады.

ISBN 978-601-7450-36-6 УДК 347(075) ББК 67.404(5 Қаз)я73

«M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Unıversıteti» акционерлік қоғамының Ғылыми Кеңесімен ұсынылған

(2018 ж. 19 наурыздағы № 61 хаттамасы)

© Идрышева С.Қ., 2018

(3)

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар мен белгілеулер 5

Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері А сызбасы

6 8 Азаматтық заңнамалардың негізгі бастаулары (қағидаттары) және азаматтық құқықтың қайнар көздері.

Инкотермс ережелері

9 11 Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері

бойынша қысқаша шолу 15

Азаматтық құқықтық қатынастар Ә сызбасы

Б сызбасы

17 19 20 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

В сызбасы

22 25 Азаматтық құқықтардың объектiлерi

Г сызбасы Ғ сызбасы

27 29 30 Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде.

Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік 33

Азаматтың есімі, тұрғылықты жері. Дара кәсіпкерлік Д сызбасы

36 38 Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Е сызбасы

42 46 Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату

Ж сызбасы

52 53

Коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлері 55

Коммерциялық емес заңды тұлғалардың жекелеген түрлері З сызбасы

57 58 Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

И сызбасы

61 62 Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері

К сызбасы Қ сызбасы

64 67 68 Мәмілелердің жарамсыздығы

Өкілдік және сенімхат

Азаматтық құқықтағы мерзімдер Л сызбасы

Заттық құқықтар туралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері

69 72 76 76 81 Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері

М сызбасы

Шектелген заттық құқықтар

Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың туындау 82 84 86

(4)

және тоқтату негіздері Н сызбасы

О сызбасы

Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғау

Міндеттемелік құқық. Міндеттемелердің түсінігі және пайда болу негіздері

П сызбасы Р сызбасы

Міндеттеменің қатысушылары Міндеттемелерді орындау

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.

Айыппұл, кепіл С сызбасы Т сызбасы

Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл, мүлікті ұстап қалу, және кепілдік жарна

Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық Міндеттемелерді тоқтату

У сызбасы

Келісім шарт туралы жалпы ережелер Ұ сызбасы

Келісім шартты жасасу, өзгерту және тоқтату

90 92 93 98 103 105 106 107 110 113 115 116 118 11 126 127 130 133 135

(5)

Қысқартулар мен белгілеулер

Осы оқу құралында келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылады:

б. – бап

ҚР АК, АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі т.б. – тағы басқа

ТМД – тәуелсіз мемлекеттердің достастығы АҚ – акционерлік қоғам

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік ж. - жыл

(6)

1-тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері Бұл тақырыпты оқу барысында, «Азаматтық құқық» ғылым ретінде, құқық саласы, заңнама саласы және оқу пәні ретінде түсіну мен пайдалану айырмашылықтарын білген жөн. Азаматтық құқық - ол «Құқық» мамандықтары тобының негізгі бір пәні, жеке құқық саласындағы барлық пәндерін оқып игеруге негіз болып табылады.

Құқық жүйесінің әр саласын бір бірінен олардың реттеу нысанасы мен реттеу әдістері айырады. Құқық саласының реттеу «нысанасы» - ол құқық саласы нені, яғни, қандай қоғамдық қатынастарды реттейді, ал «әдістері» - ол құқықтық сала сол қоғамдық қатынастарды қалай реттейді деген сұрақтарға жауап береді.

Азаматтық құқықтың негізгі нысанасы ақшалай-тауарлық қатынастар болып табылады, яғни нақтылы құндылығы бар мүліктік құқықтар мен игіліктер жөніндегі мүліктік катынастар.

Сонымен қатар, азаматтық құқықтың нормаларымен жеке (өзіндік) мүліктік емес қатынастар да реттеледі (мысалы, ар-намыс, азаматтың есімі, жеке құпия т.с.с. жөніндегі қатынастар). Мүліктік емес жеке қатынастар өз кезегінен мүліктік катынастармен байланысты және мүліктік қатынастармен байланыссыз топтарға төлінуге жатады (ҚР Азаматтық кодексінің 1-б., 1-2 тармақтары) Мысалы: авторлық құқық саласындағы қаламақы алу жөнінде қалыптасатын қатынастар жеке мүліктік емес қатынастар бола тура, сонымен бірге мүліктік қатынастармен байланысты болады, себебі қаламақыны есептеу мүмкін болуының салдарынан автор нақты соманы алуға және оны таоап етуге құқылы.

Мүліктік емес жеке қатынастар тұлғамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тұлғадан бөлуге болмайтындықтан, және олардың көбіне қатысты нақтылы бағасын белгілеуге мүмкіншілік болмауына байланысты, тек субъективтік түрде бағаланатындықтан олар «жеке, дара, мүліктік емес» деп те аталады (А сызбасын қараңыз).

Азаматтық құқықтық қатынастарын реттеу әдісінің негізгі белгісі - азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық теңдігі болады. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеуде азаматтық айналым қатысушыларының мүлкін оқшауландыру, еріктерінің дербестігі/автономиясы тәсілдері және азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипаты да қолданады.

Жария құқығының реттеу әдістеріне қарағанда, азаматтық құқықтың негізгі реттеу әдісі рұксат ету әдісі болып танылады, яғни мемлекет азаматтық құқық субъектілеріне өзара қатынастарын заң деңгейінде өздеріне реттеуге рұқсат етеді. Бұл мақсатта императивтік емес, диспозитивтік әдісі қолданылады (бірақта кейбір жағдайларда азаматтық құқықтық қатынастарын реттеуде императивтік әдіс те қолданылады). Осылайша, Азаматтық кодексінің 2- бабының 2-тармағына сай, субъектілер өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз

(7)

асырады. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілеріне қатысты осы бапта олардың айналымға түсуі Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында емiн-еркiн болуы бекітілген. Тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың айналымға түсуіне шектеулер тек қана қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшiн енгiзiледi.

Азаматтық құқық жүйесіне тоқтайтын болсақ, азаматтық құқық өзге құқық салалары сияқты, жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Олардың әр қайсысының өз реттеу нысанасы, өз құқықтық нормалары мен институттары бар. Сонымен бірге жүйенің екі бөлімі де бір бірімен тығыз байланыста және арақатынаста болады. Тәжірибеде құқықтық жағдайларды қате реттеудің/шешудің бір себебі - әр бөлімнің нормаларын бір бірінен бөлек, жүйесіз қолдану болады: мысалы, ерекше бөлімнің нормаларын жалпы бөлімнің ережелерін ескермей, оларды өзара байланыссыз қолдану.

Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі ҚР Азаматтық кодексінің жалпы бөліміне негізделгендігін ескере жүру керек (1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 ж. 1 наурызда күшіне енген). Ал тиісінше, ҚР Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі 1999 ж. 1 шілдеде қабылданып, күшіне енгізілген, және азаматтық құқықтың ерекше бөлімі Кодекстің осы бөліміне негізделеді.

Азаматтық құқық саласына қарағанда, азаматтық құқық ғылымы оның дамуын зерттейді, азаматтық заңдарды талдайды, жалпы ғылыми әдістерге, салыстырмалы құқықтану әдістеріне және арнайы әдістерге сүйене отырып әртүрлі ғасырлар, әртүрлі мемлекеттер, әртүрлі құқық жүйелері заңнамаларын салыстырып бағалайды. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының дамуына, оның нормаларының, институттарының қалыптасуына және дамуына, континенталдық құқық жүйесінің негізі болып танылатын рим құқығы нормаларының рецепциясы әсер еткен және сонымен бірге соңғы жылдарында ағылшын-саксондық құқық жүйесінің нормалары да әсер етеді. Соның нәтижесінде, мысалы, Қазақстанда акционерлік қоғам, мүлікті сенімгерлікпен басқару институттары, т.б. енгізілген, «Астана» халықаралық қаржылық орталығы шегінде туындайтын мүліктік даулар ағылшын-саксондық сот тәжірибесі бойынша қарастырылуға жатады.

Азаматтық құқықты заңнама саласы ретінде қарастыратын болсақ, ол әр мемлекетте ең кең ауқымды заңнамалар көлемін қамтиды, себебі зайырлы, құқықтық мемлекеттерде азаматтық құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастардың көлемімен салыстырғанда ең үлкен көлемді болып келеді, ал мұндай қоғамдық қатынастар сәйкесінше көлемдегі заңнамалармен реттелуге жатады.

Азаматтық құқық оқу пәні ретіндегі міндеті – азаматтық құқықтың оқу орындарында құқықтың және құқықтық ғылымның саласы ретінде оқытылуы.

(8)

А сызбасы

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ/НЫСАНАСЫ

МҮЛІКТІК ҚАТЫНАСТАР МҮЛІКТІК ЕМЕС

ЖЕКЕ/ДАРА ҚАТЫНАСТАР

Мүліктік қатынастармен

байланысты қатынастар

Мүліктік қатынастармен

байланыссыз қатынастар

Заттық

қатынастар Міндеттелемік қатынастар

Өзге мүліктік қатынастар

(9)

2-тақырып. Азаматтық заңнамалардың негізгі бастаулары (қағидаттары) және азаматтық құқықтың қайнар көздері

Азаматтық құқықтың негізгі бастаулары (қағидаттары, принциптері) өзге құқық салаларының қағидаттары сияқты, тиісті нормаларды дұрыс түсініп, оларды тиісінше қолдануға мүмкіншілік беретін негізгі бастамалар. Құқықтық қағидаттар конституциялық және салалық болып бөлінеді.

Арнайы немесе азаматтық құқықтың салалық қағидаттары нормативтік деп аталады, өйткені олар Азаматтық кодекстің екінші бабында бекітілген. Бұл бапта келесі қағидаттар аталған: қатысушылар теңдігі, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласпауы, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуы, нұқсан келген құқықтардың қалпына келтірілуі, азаматтық құқықтардың сотта қорғалуы. Әр қағидаттың мазмұнын студент толық ашып көрсету қажет.

Мысалы, азаматтық айналымға қатысушылардың теңдігі дегеніміз субъектілердің көлемі, физикалық көрсеткіштері бойынша емес, тек құқықтық теңдігі деп түсініледі. Бұл қағидатқа сай кез келген тұлға өзге тұлғалармен тең дәрежеде келісім шарттар жасасуға, талап қоюға, кәсіпкерлікпен айналысуға, өзге де заңмен тыйым салынбаған әрекеттер жасауға құқылы және мүліктік жауапкершілікті де құқықтық теңдік талаптарына сай көтереді.

Шарт еркіндігі деген қағидат бойынша тұлғалар кіммен, қандай шарт жасасуды, шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын өз еркімен айқындайды. Алайда, кейбір субъектілер олар жасауға міндетті деп заңда белгіленген шарттарды жасасудан бас тартуға құқықтарынан айырылады.

Сонымен қатар, тараптардың келісімімен тиісті нысанда жасалған ерікті шартты бір тараптың өз бетімен негізсіз тоқтатуға (оны орындаудан бас тартуға) құқығы жоқ.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері (дерекнамалары, бастамалары) – ол, жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық нормаларынан тұратын нормативтік құқықтық актілер жиынтығы (заңнамалар). Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Онда барлық меншік түрлерінің теңдігі, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, т.б.

бекітілген.

Аса маңызды заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болады. Ол 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда күшіне енген Жалпы бөлімнен және 1999 жылы 1 шілдеде қабылданып күшіне енген Ерекше бөлімнен тұрады.

Азаматтық заңдардың құрамы қылмыстық, әкімшілік, жер және өзге заңдар құрамына қарағанда өте кең ауқымды болады. Мысалы, азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мүліктік қатынастарды реттейтін көптеген заңдар мен заңға тәуелді актілер кіреді.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері/дерекнамалары ретінде халықаралық шарттардың орнын және рөлін де атап өту қажет.

(10)

Басқа құқық салаларына қарағанда, азаматтық құқықтың ерекшелігінің бірі, оның дерекнамалары ретінде әдеттегі құқықтар және іскерлік (кәсіпкерлік) қызмет өрісіндегі әдеттерінің қолданылуы. Мысалы, ҚР Азаматтық кодексінің 272, 274, 274 және өзге де көптеген баптарында «iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар» міндеттемелерді тиісінше орындаудың бір негізі ретінде бекітілген.

Іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттерінің мысалы ретінде ИНКОТЕРМС ережелерін атауға болады.

Бұл тақырыпты меңгеруде 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қосымша қолдану қажет. Және де

«Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен алған білімдерге сүйене отырып, азаматтық құқықтық актілерінің уақытта, кеңістікте және қатысушыларына қарай қолданылу мәселесін меңгере білген жөн.

Сот тәжірибесі азаматтық құқық қайнар көзі ретінде тек қана Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары түрінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» № 7 нормативтік қаулысы,

«Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы,

«Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 10 нормативтік қаулысы, т.б.

Жоғарғы соттың әрбір нормативтік қаулысының соңғы тармақтарында

«осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады» - делінген.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларының арасында азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін келесі қаулыларды атап кетуге болады:

- «Қостанай облысы Қостанай қаласының № 2 сотының өтініші бойынша

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы 6) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы» 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік Қаулысы;

- «Қарағанды облыстық сотының ұсынымы бойынша 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХІІІ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 218-бабы 6-тармағының конституциялығын тексеру туралы»

2014 жылғы 11 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысы, т.б.

Конституциялық Кеңестің әрбір нормативтік қаулысының соңғы тармақтарында да Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3- тармағы негізінде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енетіні, шағымдануға жатпайтындығы, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және түпкілікті болып табылатындығы туралы ескертіледі.

(11)

Бұл тақырыпты оқу барысында азаматтық құқықты сабақтас құқық салаларынан: отбасы, еңбек, жер, тұрғын үй, азаматтық іс жүргізу құқықтарынан оқшаулау белгілерін зерттеп өту қажет.

Инкотермс ережелері

Инкотермс ережелері – бұл мемлекеттермен, заңды тұлғалармен және кәсіпкерлермен дүниежүзілік деңгейде танылып, халықаралық сауда-саттықты тасымалдау арқылы жүзеге асыруда қолданатын ең тиімді терминдердің түсініктемелері.

Осы ережелер (кәсіпкерлік саладағы әдеттегі құқықтар) тауар жеткізілімі шартында тараптардың қүқықтары мен міндеттерін реттейді. Инкотермстің соңғы мәтіні Халықаралық Сауда Палатасымен 2010 жылы бекітілген, сондықтан қолданыста Инкотермс-2010 деп аталады. Incoterms 2010-ның әрбір термині 3 латын әріптерінен тұрады және оларға тиісті көлік портының атауы қосылады.

Тараптарды

ң шарт

бойынша әрекеттері (құқықтары мен

міндеттері)

Терминдер дің әліппе бойынша тізілімі

Қандай көлік түрімен

тасымалдауда қолданады Келісім шартта қандай сөз тіркестерімен анықталады

E әрпінен басталатын терминдер - сатып алушы тауарды өзі тиеп алу

EXW

Тауарды тасымалдау көліктің кез келген түрімен жүзеге асырылғанда қолданады

EX Works ( ... named place) - Франко- завод (EX Works + алынатын тауар орналасқан жер, мекенжай)

F әрпі - тасымалдау ақысы сатушымен төленбеген

FCA

көліктің кез келген түрімен тасымалдағанда

Free Carrier (...named place) - Франко тасымалдаушы (FCА + мекенжайдың, порттың, станцияның атауы)

FAS

Теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдауда

Free Alongside Ship (... named port of shipment) - Франко кеменің борты қасында (FAS + тауар тиелген порттың атауы)

FOB

Теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдауда

Free On Board (... named port of shipment) - Франко борт –кеменің бортында (FOB+ тауар тиелген порттың атауы)

С әрпі – Тасымалдау бағасы

CFR Теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдауда

Cost and Freight (... named port of destination) - тауардың және тасымалдаудың бағасы (CFR + тауар жеткізу портының атауы)

11

Астана қаласында туратын дара кәсіпкер Омаров сатып алушы ретінде Қытай Республикасының «Майонг» фирмасымен тауар жеткізілімі шартын жасасып, сол тауар үшін 3 млн теңгені қытайлық валютаға аударып, алдын ала толық төлем жасайды. Алайда келісілген мерзімде тауар Астанаға келмейді. «Майонг» фирмасына хабарласу нәтижесінде ол келісім шарттың 1.5 тармағы бойынша «Инкотермс-2000» ережелерінің «DAF- станция Қорғас» шарттығымен жасалғанына сілтеп, сол жерге тауар тиісті мерзімде жіберілгені туралы құжаттарды қоса береді. Омаров Инкотермс ережелері Қазақстан заңнамасының құрамына енбейтіндігіне сілтеп, тауарды Астанаға дейін тапсырып беруді талап етеді.

Дауды шешіңіз

Есепті шешу алгоритмі:

Бұл есеп/кейс «Азаматтық құқықтың қайнар көздері» тақырыбын бойынша білімдерді бекітуге арналған. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабының 4-тармағына сүйенеміз. Онда: «Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн» - делінген. Инкотермс ережелері халықаралық деңгейде танылған осындай iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнама құрамына енбеген болғанымен, келісім шарттарда осы ережелер келтірілген болса, тараптар оның нормаларына бағынышты болу керек.

Ал «DAF-станция Қорғас» шарттығының мәнін түсіну үшін осы Инкотермс ережелерімен танысу керек, бұл ереже еркін қолданыстағы интернет желісінде кеңінен таралған, және 2010 ж. соңғы мәтіні Халықаралық Сауда палатасымен бекітілген. Алайда тараптар өз келісімдерімен, шартта көздей отыра, Инкотермс ережелерінің 2000 жылғы мәтінін де қолдануға құқылы.

Аталған шарттық бойынша Омаров тауардың бағасын тек Қорғас станциясына дейін жеткізуді ғана төлеп шыққан. Әрі қарай мәселені өзі шешу керек – қазақстандық тасымалдаушымен тауарларды Қорғастан

(12)

сатушымен төленген

CIF Теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдауда

Cost, Insurance and Freight (... named port of destination) - бағасы, сақтандыру және фрахт (CIF + тауар жеткізу портының атауы)

CIP

көліктің кез келген түрімен тасымалдағанда

Carriage and Insurance Paid Тo (...

named place of destination)

тасымалдау ақысы және

сақтандыру ... дейін төленді (CIP + тауар жеткізу орны)

CPT көліктің кез келген түрімен

тасымалдағанда Carriage Paid To (... named place of destination) – тасымалдау ... дейін төленді (CPT + тауар жеткізу орны)

D әрпі – Тауарды сатып алушыға жеткізу

DAT

көліктің кез келген түрімен

тасымалдағанда Delivered At Terminal (... named terminal of destination) – терминалға дейін жеткізу (DAT + терминалдың атауы)

DAP

көліктің кез келген түрімен

тасымалдағанда Delivered At Piont (... named point of destination) – белгілі бір пунктқа дейін жеткізу (DAP + пункттің атауы)

DDP

көліктің кез келген түрімен тасымалдағанда

Delivered Duty Paid (... named place of destination) - баж төленіп жеткізу (DDP+ жеткізілетін жердің атауы) DDU көліктің кез келген түрімен

тасымалдағанда

Инкотермс 2010-н алынып тасталды

Delivered Duty Unpaid (... named place of destination)

Поставка без оплаты пошлины (...

название места назначения) DAF көліктің кез келген түрімен

тасымалдағанда Инкотермс 2010-н алынып тасталды Delivered At Frontier (...

named place)

Поставка до границы (... название места поставки)

DEQ көліктің кез келген түрімен тасымалдағанда

Инкотермс 2010-н алынып тасталды Delivered Ex Quay (...

named port of destination) Поставка с пристани (... название порта назначения)

DES көліктің кез келген түрімен

тасымалдағанда Инкотермс 2010-н алынып тасталды Delivered Ex Ship (...

named port of destination) Поставка с судна (... название порта назначения)

Астана қаласында туратын дара кәсіпкер Омаров сатып алушы ретінде Қытай Республикасының «Майонг» фирмасымен тауар жеткізілімі шартын жасасып, сол тауар үшін 3 млн теңгені қытайлық валютаға аударып, алдын ала толық төлем жасайды. Алайда келісілген мерзімде тауар Астанаға келмейді. «Майонг» фирмасына хабарласу нәтижесінде ол келісім шарттың 1.5 тармағы бойынша «Инкотермс-2000» ережелерінің «DAF- станция Қорғас» шарттығымен жасалғанына сілтеп, сол жерге тауар тиісті мерзімде жіберілгені туралы құжаттарды қоса береді. Омаров Инкотермс ережелері Қазақстан заңнамасының құрамына енбейтіндігіне сілтеп, тауарды Астанаға дейін тапсырып беруді талап етеді.

Дауды шешіңіз

Есепті шешу алгоритмі:

Бұл есеп/кейс «Азаматтық құқықтың қайнар көздері» тақырыбын бойынша білімдерді бекітуге арналған. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабының 4-тармағына сүйенеміз. Онда: «Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн» - делінген. Инкотермс ережелері халықаралық деңгейде танылған осындай iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнама құрамына енбеген болғанымен, келісім шарттарда осы ережелер келтірілген болса, тараптар оның нормаларына бағынышты болу керек.

Ал «DAF-станция Қорғас» шарттығының мәнін түсіну үшін осы Инкотермс ережелерімен танысу керек, бұл ереже еркін қолданыстағы интернет желісінде кеңінен таралған, және 2010 ж. соңғы мәтіні Халықаралық Сауда палатасымен бекітілген. Алайда тараптар өз келісімдерімен, шартта көздей отыра, Инкотермс ережелерінің 2000 жылғы мәтінін де қолдануға құқылы.

Аталған шарттық бойынша Омаров тауардың бағасын тек Қорғас станциясына дейін жеткізуді ғана төлеп шыққан. Әрі қарай мәселені өзі шешу керек – қазақстандық тасымалдаушымен тауарларды Қорғастан Астанаға дейін жеткізуді, кедендік баждарды төлеуді және т.б.

(13)

17 жастағы Ыбыраев Алмас Дамирович өз ата-анасы бірнеше жыл бұрын оның атына «Алтынбанкке» салған және бірнеше рет толтырып жүрген депозитынан 20 мың теңге алу үшін төлқұжатымен банкке келеді.

Алдында ол ата-анасымен сол әрекеті туралы ауызша кеңесіп, келісіп алған.

Бірақ банк қызметкері, Ыбыраев кәмелетке толмағанына негіздеп, оған депозитінен ешбір ақша беруден бас тартады. Ыбыраев ҚР Азаматтық кодексінің 25-бабында«он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi»

деп бекітілгенін көрсетіп, ақшасын беруді қайта талап етеді.

Банк қызметкері болса, Азаматтық кодекске банк бағынышты емес екендігін, бұл жағдай тек банктік Қағидаларымен реттелетініне сілтеп негіздейді.

Келтірілген жағдайды заңи тұрғысынан реттеңіз.

Заңдардың иерархиясы дегеніміз нені білдіреді?

Есепті шешу алгоритмі:

Бұл кейс «Азаматтық құқықтың қайнар көздері» тақырыбы бойынша білімдерді бекітуге арналған. Оның ішінде «заңдардың иерархиясы»

сұрағына қатысты. Осылайша, ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10-б., 3-тармағына сай, «Төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс» деген нормаға сүйене отырып, банктік қағидаларының ҚР Азаматтық кодексіне қайшы болмауы туралы ережені келтіреміз.

Келтірілген норманың нәтижесі ретінде дұрыс шешім шығарамыз.

(14)

3-тақырып. Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері бойынша қысқаша шолу

Бұл тақырыпты зерттеуде «құқықтық жүйе» және «құқық жүйесі»

терминдерін айыра білу жөн, мысалы, «Қазақстан Республикасының құқық жүйесі». Атап кетсек, қазіргі заманда дүние жүзінде төрт құқықтық жүйелерін ажыратуға болады: роман-германдық (еуропалық, континенталдық), ағылшын саксондық (ағылшын-американдық), діни (оның ішінде ислам/мұсылмандық) және дәстүрлі құқықтық жүйелері. Олардың арасында соңғы ғасырларда кең тараған жүйелер ретінде роман-германдық және ағылшын-саксондық құқықтық жүйелерін атап кету қажет.

Роман-германдық (континенталдық) құқықтық жүйесі рим құқығының нормаларына негізделген. Бұл жүйеде құқықтық қайнар көздері ретінде бірыңғай жүйеге қалыптастырылған нормативтік-құқықтық актілер болып, ал негізгі заң ретінде конституция танылады және заңдардың иерархиясы қағидаты колданады. Континенталдық құқықтық жүйеге Еуропа континентінің көптеген мемлекеттерінің құқық жүйелері (Ұлыбритания мен Ирландиядан басқа), ТМД мемлекеттерінің құқық жүйелері жатқызылады.

Ағылшынсаксондық құқықтық жүйесіне Англия мен Уэльс, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және өзге мемлекеттер кіреді, оның ішінде бұрынғы Ұлыбритания империясының колониялары болған мемлекеттер де бар. Бұл мемлекеттерде негізгі құқықтық қайнар көзі болып сот прецеденттері танылады.

Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқықтық ережелерінің жалпы сипаттамасына келе тұра бүгінгі заманда ТМД мемлекеттері де біріне бірі шет ел екендігін ескеру қажет. Алайда бұл бірлестіктің көпшілік мемлекеттері қолданудағы Азаматтық кодекстері ТМД-ға арналып жазылған бірыңғай Үлгілі Азаматтық кодекске негіздеген (Модельный Гражданский кодекс СНГ).

Қазақстан Республикасының құқық жүйесі негізінен роман-германдық құқықтық жүйесінің ережелеріне сүйенеді, сонымен қатар соңғы жылдары ағылшын-американдық құқықтың да нормаларын қолданысқа алып отыр.

2015 жылғы 7 желтоқсандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 4-бабына сәйкес, осы Орталықтың қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделе отыра, сонымен қатар берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың органдары қабылдайтын, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуі мүмкін Орталықтың осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін актілерінен де тұрады. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтыназаматтық- құқықтық, азаматтық-процестік, қаржылық қатынастарды реттейтін актілерді қабылдауға құқылы.

(15)

1-3 тақырыптар бойынша білімдерді тексеруге арналған қысқаша тестілер

1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қашан қабылданып, күшіне енгізілген:

2. 1994 жылы 27 желтоқсан – 1995 жылы 1 наурыз 3. 1994 жылы 10 желтоқсан - 1995 жылы 1 наурыз 4. 1999 жылы 1 шілде - 1999 жылы 1 шілде

5. 1995 жылы 10 желтоқсан - 1996 жылы 25 наурыз 6. 1994 жылы 12 желтоқсан - 1995 жылы 1 қаңтар 2. Мүліктік емес игіліктерге не жатады:

1. Үй жануарларына меншік құқығы, жеке басына тиісті мүліктерге меншік құқығы 2. Тек іскерлік бедел құқығы

3. Ар, намыс, қадір–қасиет, іскерлік бедел, ғылым, өнер шығармасына автор болу және тағы басқалары 4. Жеке бастың құпиясымен қатар әркімнің өз жұмысының нәтижесіне деген құқығы

5. Барлық жауап дұрыс.

3. Азаматтық заңнамалардың негiзгi бастаулары – ол:

1. Азаматтық құқықтық нормаларының хронологиялық бастамалары 2. Азаматтық кодексінің преамбуласы (кіріспесі)

3. Қолданыстағы тәжірибелік маңыздылығы жоқ жалпы ережелер 4. Азаматтық заңнамалардың қағидаттары

5. Азаматтық құқықтың негізгі институттары 4. Келісім шарт еркіндігі қағидаты – ол:

1. Шарттан еркіндік

2. Қатысушылар шартты жасау және оның ережелерін айқындауды өз еріктерімен шешу құқығы 3. Шарт заңның императивтік нормаларына қайшы болу мүмкіндігі

4. Бір тарап екінші тараптың келісімінсіз шарттан бас тарту мүмкіндігі 5. Коммерциялық ұйымның жариялық шартты жасамау құқығы 5. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері:

1. Мемлекеттік билік органдарының субъектілері 2. Жанды тұлғалар

3. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет 4. Кәсіпорындар, ұйымдар

5. Жәбірленушілер мен құқықбұзушылар

6. ҚР Азаматтық кодексінің диспозитивті нормалары қандай ережені бекітеді 1. Тараптарға құқықтық қатынасты тоқтатуға мүмкіндік бермейді

2. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің өздеріне берілген құқықтарын еркін жүзеге асыруға құқығын бекітеді

3. Тараптарға құқықтық қатынасты тоқтатуға мүмкіндік береді

4. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің құқықтарын шектейді 5. Бір тарапқа құқықтық қатынасты өз еркімен өзгертуге мүмкіндік береді

7. Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының теңдігі деген қағидат нені білдіреді

1. Құқық иеленушілерінің субъективтік құқықтарының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының тең негіздері

2. Субъективтік құқықтардың әлеуметтік және материалдық теңсіздігіне тәуелділігі 3. Субъектілердің құқықтық мәртебесінің теңдігі

4. Субъективтік құқықтардың құқық иеленушілердің бір-біріне бағынышты болуына тәуелділігі 5. Бір тарап басқа тараптың келісімінсіз шарттан бас тарту құқығы

8. Қатысушылардың теңдігі, диспозитивтілік, азаматтық құқықтық санкциялардың мүліктік сипаты деген белгілер қандай түсінікке тән

1. Азаматтық құқықтың жүйесі 2. Отбасылық құқықтың реттеу әдісі 3. Әкімшілік құқықтың реттеу әдісі 4. Азаматтық құқықтың реттеу әдісі 5. Азаматтық құқықтың нәрсесі

(16)

4-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар

Бұл тақырыпты оқу кезінде азаматтық құқықтық қатынастарының анықтамасын білу қажет. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз азаматтық құқықтық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар, яғни, мүліктік (ақшалай-тауарлы) және мүліктік емес дара қатынастар; бұл түсінік мемлекет және құқық жалпы теориясына негізделген екендігі айқын көрінуде.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

- бұл құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтық теңдігіне негізделеді, сондықтан өзге құқықтық қатынастардан ажыратылады;

- азаматтық құқықтық қатынастар заңнамаларда көзделген де, көзделмеген де негіздерден туындауы мүмкін;

- азаматтық құқықтық қатынастардың жағдаяттарын және мазмұнын белгілеуде тараптардың келісімі басымдылыққа ие болады;

- азаматтық құқықтарды қорғау тәртібі мен әдістері өзге құқықтық салалармен салыстырғанда ерекше болып табылады.

Азаматтық құқықтық қатынастарының түрлері: мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар.

Осы үш жұп топтың мазмұнын оқып білгеннен кейін азаматтық құқықтық қатынастарың элементтерін (құрамын) талдау керек.

Азаматтық құқықтық қатынастарының элементтері – ол азаматтық құқықтық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері.

Азаматтық құқықтық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады, және де олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтық қатынастарының қатысушылары (субъектілері):

құқылы жақ (несие беруші, кредитор) және міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.

Азаматтық құқықтық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын және субъектілерінің әрекеттері соған бағытталатын нәрселер болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік/дара құқықтар мен игіліктер болады.

Азаматтық құқық объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115-бабында аталған. Аталмыш баптың нормаларына орай, мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды немесе субъектінің өзін дараландырудың өзге де құралдары жатады

(17)

Жеке (дара, өзіндік) мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке тұлғаның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абыройы, игi атағы, iскерлiк беделі, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады (Ғ сызбасын қараңыз).

ҚР АК 7-бабында аталған құқықтық фактілер азаматтық құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқықтық қатынастары азаматтық құқықтармен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа әрекеттерінен де туындауы мүмкін, мұндай әрекеттер заңнамаларда аталмаса да, азаматтық құқықтың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады.

Құқықтық фактілер, еріктік белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Осыған орай, оқиғалар субъектінің еркіне байланыссыз пайда болады, ал әрекеттер тек субъектілердің ерік білдіруіне байланысты туындайды. Мысалы, мәміле (келісім шарт) жасасу – ол әрекет; ал су тасқыны, жер сілкінісі, адамның туылуы, қайтыс болуы – ол оқиғалар.

Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады.

Құқықтық фактілердің толық жіктелуі «Мемлекет және құқық теориясы»

оқулықтарында келтіріледі (Б сызбасын қараңыз).

Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, яғни субъектілері:

- жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ жеке тұлғалар;

- заңды тұлғалар: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар (Е сызбасын қараңыз);

- мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер: облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет. Аталған терминдерді түсіну үшін негізгі ұғымдар ретінде құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі болады, бұл терминдерді болашақ заңгерлер үшін жетілдіре біліп түсіну абзал.

(18)

Ә сызбасы

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН

ҚҰҚЫҚТАР

ЖЕКЕ/ДАРА МҮЛІКТІК ЕМЕС ИГІЛІКТЕР МЕН

ҚҰҚЫҚТАР (Ғ сызбасын қараңыз)

(КЕЛЕ

ЗАТТАР/

МҮЛІК ТЕР

(Г сызбасын

қараңыз)

ЖҰМЫС- ТАР (Азамат

тық құқықтың

ерекше бөлімінде)

ҚЫЗМЕТ- ТЕР (Азамат

тық құқықтың

ерекше бөлімінде)

Интеллектуал дық ШЫҒАРМАШ

ЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (Азаматтық

құқықтың ерекше бөлімінде)

(19)

Б сызбасы

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ

(ЮРИДИКАЛЫҚ ФАКТІЛЕР)

ОҚИҒАЛАР ӘРЕКЕТТЕР

Заңды әрекеттер Заңсыз әрекеттер (құқықбұзушылықтар)

Құқықтық (юридикалық) әрекеттер

Құқықтық (юридикалық) актілер

Мүлікті жасау, мүлікті иелену

Өнертабыстар, ғылым, әдебиет

және өнер туындыларын жасау

Өзге де құқықтық әрекеттер жасау

Мәмілелер

Әкімшілік актілер

Сот шешімдері

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Бұл үшін ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген 7-бабының 2 тармақшасында көрсетілген «Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті

Салалық кодификацияланған нормативтік құқықтық актілер азаматтық құқық пəніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған жəне

- бұзылған немесе нұқсан келтірілген құқықтарды сот жолымен қорғау. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған

қалыптасқанымен, шынайы тəжірибеде оның түрлі ұйымдық-құқықтық нысандары туралы заңды бастапқы мəнінде қолдану əртүрлі себептерге сəйкес

Құқық қағидалары адам құқығы мен азаматтық қоғамның негізі ретінде зерттелді. Адам құқығының тео- риясы азаматтық қоғамның құқықтық мемлекеттің негізгі

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде энергиямен жабдықтау шартына 482-бапта анықтама берілген: энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен

Зерттеудің нақты мақсаты — Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының азаматтық заңнамасында заңдық терминологияның қалыптастырылуы мен жұмыс

Ол үшін тиісті коммерциялық ұйым заң, ережелер немесе лицензия (патент) жүзінде, кез келген тұлғаның жолдануы бойынша осындай тасымалдауды жүзеге