• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

КӘСІБИ ПЕДАГОГИКА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "КӘСІБИ ПЕДАГОГИКА"

Copied!
122
0
0

Толық мәтін

(1)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КӘСІБИ ПЕДАГОГИКА

Оқу құралы

Қостанай 2019

(2)

ӘОЖ 377 ҚБЖ 74.6

К 24

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми кенесінің отырысында ұсынылған

Сын пікір жазушылар: Муликова С.А. – ҚарЭУ профессоры, п.ғ.д.

Казимова Д.А – Е.А. атындағы ҚарМУ профессоры п.ғ.к.

К 24

"Кәсіби педагогика": Оқу құралы./ Г.С.Шрайманова, Г.О.Тәжіғұлова, Б.М.Утегенова, А.А.Ахметжанова – Қостанай:

Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, 2019. –122 б.

ISBN 978-601-7934-76-7

Ұсынылып отырған оқу құралында кәсіби мектепте және өндірісте оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, педагогикалық қызметтің әдістері мен формалары, білім беру қызметіндегі жеке тұлғаға бағытталған тәсілдемелер баяндалады. Студентті кәсіби қызметке дайындау, білікті жұмыс күшін жаңғырту туралы мәселелері қарастырылады.

Оқу құралы оқытушылар, студенттер мен магистранттардың әдістемелік даярлықтарын арттыру мақсатында көмек бере алады.

ӘОЖ 377 ҚБЖ 74.6 ISBN 978-601-7934-76-7

© Г.С.Шрайманова, Г.О.Тәжіғұлова, Б.М.Утегенова, А.А.Ахметжанова, 2019

© Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, 2019

(3)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... 44

1. КӘСІБИ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ... 53

1.1 Педагогикалық ғылымын саралау ... 53

1.2 Кәсіби педагогиканың ғылым ретіндегі мәртебесі ... 73

2. КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҰҒЫМДАРЫ ... 11

2.1 Негізгі педагогикалық ұғымдар ... 11

2.2Кәсіптік педагогиканың ерекше ұғымдары ... 13

3. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ ... 18

3.1 Педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы ... 18

3.2 Кәсіптік оқыту қағидаттары ... 21

4. КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ ... 25

4.1Кәсіптік білім беру мен оқытудың мазмұны ... 25

4.2Оқыту мазмұнын құрылымдау ... 29

5. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ... 34

5.1 Теориялық оқыту әдістері ... 34

5.2 Өндірістік оқыту әдістері ... 37

6. КӘСІПТІК ОҚЫТУДАҒЫ НЫСАНДАР МЕН ҚҰРАЛДАР ... 41

6.1Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру нысандары ... 41

6.2Кәсіптік оқытудың оқыту құралдары ... 49

7. КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ ... 52

7.1 Гуманистік тәрбие қағидаттары ... 52

7.2 Тәрбие әдістері ... 55

8.КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ... 61

8.1Білім жүйесіндегі болашақ маманның базалық мәдениетіндегі азаматтық тәрбие... ... 61

8.2Болашақ маманның рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ... 64

9. КӘСІПТІК БІЛІМДЕ ЖАСТАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ . 71 9.1Жалпы білім беру және кәсіптік лицей арасындағы тәрбиедегі сабақтастық ... 71

9.2Кәсіптік лицей мен өндірістік лицей арасындағы тәрбие қызметіндегі сабақтастық ... 74

10. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҮШІН ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ... 77

10.1 Кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды дайындау мәселелері мен болашағы ... 77

10.2 Кәсіптік білім берудегі инновациялар ... 80

ГЛОССАРИЙ ... 84

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ... 96

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 120

(4)

КІРІСПЕ

Кәсіптік оқыту педагогының қызметі болашақ маманды даярлау кезінде ескерілуі қажет мәліметтердің үлкен көлемін қамтитын көпжақты құбылыс болып табылады. Кәсіптік оқыту педагогын педа- гогикалық даярлау мәселелері көбінесе "кәсіптік педагогика" пәнін оқу кезінде шешіледі.

Оқу сабақтары барысында педагогикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру үдерісінің тиімділігі құралдар мен шарт- тардың белгілі бір жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл студенттердің іс-әрекетін кешенді ұйымдастыру, жоғары оқу орнындағы барлық оқу жылында педагогикалық теория мен тәжірибені зерделеудің жүйелілігі мен ырықсыздығы.

Бұл жағдай болашақ кәсіптік оқыту педагогының қалыпта- суындағы білімнің жалпы жүйесіндегі кәсіби педагогиканың рөлі мен орнын жаңаша бағалауға мәжбүрлейді, ол белгілі бір нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысшы немесе маманды тар бейінді даярлаудан ғана жинақталмауы тиіс жеткілікті кең ауқымдағы ғылыми білім жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Кәсіби педагогикада әзір- ленген идеялар, әдістер, тәсілдер, технологиялар біртұтас білім беру жүйесінің барлық буындарын енуге тиіс.

Ұсынылатын оқу құралы "Кәсіби педагогика" бойынша 10 тақырыпты қарастырады және әр тақырыпқа жетекші педагогикалық ұғымдарды бөледі. Болашақ мамандарын педагогикалық қызметіне бейімдеуге бағытталған. Кәсіптік білім берудің әртүрлі жүйесінің қызметкерлері, атап айтқанда арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерімен кәсіби қызметте қолдануға арналған.

(5)

1. КӘСІБИ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Жоспар:

1.1 Педагогикалық ғылымын саралау

1.2 Кәсіби педагогиканың ғылым ретіндегі мәртебесі

1.1 Педагогикалық ғылымын саралау

Педагогика білім берудің барлық саласын қамтитын ғылым ретінде – бірыңғай білім беру жүйесінің табиғи деңгейлік бөлінуіне сәйкес, сондай-ақ кіші топтарға бөлінуі мүмкін. Атап айтқанда, педагогиканы саралау үдерісі мынадай салалардың туындауына әкелді:

— жалпы педагогика, білім беру жүйесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді;

— жас ерекшелік педагогикасы – мектепке дейінгі, мектеп педогогикасы, ересектер педагогикасы, оқыту мен тәрбиелеудің жас аспектілерін зерттейді;

— түзету педагогикасы – сурдопедагогикаға (саңыраулар мен нашар еститін балаларды оқыту және тәрбиелеу), тифлопедагогикаға (соқырлар мен нашар көретіндерді оқыту), олиго-френопедагогикаға (ақыл-ойы кеміс балалар оқыту және тәрбиелеу), логопедияға (сөйлеу қабілетінде ақаулық бар балаларды оқыту және тәрбиелеу) бөлінеді;

— жеке әдістемелер – бұл жекелеген оқу құралдарын оқытуға оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдану ерекшелігін зерттейтін пәндік дидактиктер;

— педагогика және білім тарихы, әртүрлі тарихи дәуірде педагогикалық идеялар мен білім тәжірибесінің дамуын зерттейді;

— салалық педагогика – әскери, спорттық жоғары мектеп, кәсіби және т. б.;

— әлеуметтік педагогика – бұл әлеуметтік ортаның жеке тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыруға әсерін зерттейтін педагогика саласы; әлеуметтік ортаның нақты жағдайларын ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеуді оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін;

салыстырмалы педагогика ғылым ретінде салыстырмалы тұрғыда білім беру теориясы мен практикасын дамытудың

(6)

халықаралық тәжірибесін объективті зерттеуге арналған.

Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңында мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды [1].

Кәсіби педагогика жалпы білім беретін мектеп шеңберімен шектелген, жалпы педагогика шеңберінде дами алмады. Оның қалы- птасуы кәсіби және жоғары мектептің, ғылымның, техниканың, эко- номиканың, өндірістің дамуымен байланысты.

"Кәсіби педагогика" деп адамның жасына, бұрынғы білім деңгейіне, объектілеріне, еңбек және кәсіби қызметінің сипаты мен бейініне қарамастан, кәсіптік даярлаудың барлық жүйесіне таралатын теориялық және практикалық бағдарлы ғылыми білім саласын түсіну керек [2].

Әр адам ерте ме, кеш пе мамандығы бойынша бағытталады.

Қазіргі еңбек бөлінісі әрбірінің өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған ма- мандар даярлауды талап етеді. Еңбек, кәсіби қызметтердің алуан түрлілігі адамның кәсіби қалыптасуының барлық кезеңдерінде оны оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды ғылыми негіздеу проблемасын күрделендіретіні әбден түсінікті.

Кәсіби педагогика:

— бейіндік оқыту педагогикасы (12 жылдық орта білім беру жағдайында бейіндік оқыту бойынша табысты кәсіби қызметке болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелерімен айналысады);

— бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік лицей жағдайында оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен айналысады));

— орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледж жағдайында оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен айналысады));

— жоғары мектеп педагогикасы (институттар, университеттер, академиялар жағдайында білім беру және тәрбиелеу мәселелерімен айналысады).

Кәсіби педагогика ғылым ретінде жас және дамуын

(7)

жалғастыруда. Мысалы, жалпы білім беретін мектептің қалыптасуына және жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды енгізуге байланысты болашақ мұғалімдерді бейіндік оқытуға дайындау қажеттілігі пайда болды [3]. Осыдан кәсіби педагогиканың жаңа бағыты пайда болды.

Кәсіби педагогиканың ғылыми іргетасының құрамдас бөліктері жалпы педагогикадан басқа:

— жалпы және педагогикалық психология;

— инженерлік психология;

— еңбек психологиясы;

— еңбек физиологиясы;

— акмеология (кәсіби шеберліктің шыңына жету туралы ғылым).

Сонымен қатар, кәсіби педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға сүйенеді [4].

1.2 Кәсіби педагогиканың ғылым ретіндегі мәртебесі

Кәсіби педагогиканың ғылым ретіндегі мәртебесін анықтау оның объектісі мен пәнін нақты тұжырымдауды көздейді.

Кәсіби педагогика оқушылардың білім беру, тәрбиелеу, оқыту және даму заңдылықтарын зерттейді, оқыту және тәрбиелеу қағидаттарын, ақпараттық және педагогикалық технологияларды дамытады, кәсіптік оқу орындарының типтерін және оларды басқару жүйесін негіздейді. Ол педагогикалық теориялар, оқытудың заманауи технологияларын жобалау тәсілдері, кәсіби білім беру жүйесін одан әрі дамыту жолдары туралы білімді жинақтайды.

Кәсіби педагогика – бұл адамды кәсіби қызметке даярлау, өскелең ұрпақты кәсіби тәрбиелеу, білікті мамандардың қалыптасуы туралы ғылым. Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бір бөлігі ретінде кәсіби білім беру жүйесін жетілдіре отырып қалыптасады.

Басқа ғылымдар сияқты, ол өзінің категориялық аппараты, өзінің сапалық ерекшеліктері бар, бұл ғылым зерттейтін және оның фундаментін құрайтын құбылыстардың өзіндік ерекшелігімен негізделген [5].

Осы оқу құралының негізіне ғалым-педагогтардың еңбектері негіз болды [1, 3-20]. Кәсіби педагогиканың ғылым ретіндегі мәртебесін анықтау оның объектісі мен пәнін нақты тұжырымдауды

(8)

көздейді. Ғылым объектісі – бұл нақты құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы, оларды зерттеу мен негіздеуге ғылыми білімнің осы саласы бағытталған. Ғылым пәні – бұл зерттеуге ғылыми білімнің осы саласындағы тиісті нақты зерттеулер бағытталған объектінің жағы.

Қазіргі заманғы ғылымтанумен зерттелетін бұл жалпы философиялық- әдіснамалық ережелер кез келген ғылымға, соның ішінде кәсіби педогогикаға да қолданылуы мүмкін.

Кәсіби педагогиканың нысаны – адамның еңбекке арнайы (кәсіптік) дайындығының салыстырмалы тар саласы ғана емес, сонымен қатар білім берудің барлық тұтас саласы.

Білім берудің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін білім алушылардың білім беру, тәрбиелеу және дамытудың нақты технологиялары, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру нысандары ғылым ретінде педагогиканың пәні болып табылады. Осыған орай, кәсіби педагогика пәні қандай да бір деңгей мен бейіндегі кәсіптік білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру үдерісі болып табылады.

Бірақ педагогтің іс жүргізу қызметі оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына, алдын ала әзірленген және тиісті түрде негізделген әдістемелік материалдарға сүйенеді, онда білім беру мақсаты қандай да бір деңгейде, оның мазмұны, ықтимал әдістері, құралдары, ұйымдастыру нысандары белгіленген.

Басқаша айтқанда, білім беру үдерісіне (мақсаттан нәтижеге қарай қозғалыстың іске асырылатын кезеңі ретінде) алдағы білім беру қызметінің жүйесін мұқият теориялық және әдістемелік әзірлеу қажет.

Педагог – тәжірибе қызметінің барлық компоненттері: тиісті білім беру стандарттары, мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары және ұйымдастыру түрлері, оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Осылайша, педагогикада практикалық қызметпен қатар педагогикалық жүйені жобалау және құрастыру бойынша, ең алдымен білім берудің мақсаты мен мазмұнын негіздеу бойынша көп жоспарлы (ғылыми-зерттеу, әдістемелік) қызмет бар, олар білім беру қызметінің ұйымдастыру формалары мен құралдарын, құралдарын, үлгілерін негіздеп таңдау үшін алғышарттар жасайды.

Баяндалғанды ескере отырып, кәсіби педагогика пәні екі аспектілі сипатқа ие болады: тұлғаның талап етілетін кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық үдерісі және осындай қалыптасудың мақсатты, мазмұнды және іс жүргізушілік (техникалық-

(9)

технологиялық) компоненттерін беретін педагогикалық жүйе.

Педагогикалық үдеріс пен педагогикалық жүйе бір-бірімен органикалық байланыста екенін атап өту қажет [6].

Кәсіби педагогика пәнаралық ғылыми білім жүйесі ретінде қарастырылады және белгілі бір мамандық немесе мамандық бойынша жұмысшыны немесе маманды даярлауға ғана түспеуі тиіс. [7].

Кәсіби педагогиканың бұл ерекшелігі болашақ кәсіби маманның үздіксіз және тізбектілігі:

— қарапайым және функционалдық сауаттылыққа қол жеткізу сатысы, мұнда алғашқы-бастапқы білім, білік пен дағды, әрі қарай білім беру үдерісі үшін қажетті тұлғаның дүниетанымдық және жетекші қасиеттері қолжетімді деңгейде қалыптасады;

—қоршаған орта туралы қажетті білім алатын және қоршаған ортаның қандай да бір объектілерін тануға бағытталған жалпы біліктер мен дағдыларды қалыптастыратын жалпы білім беруге қол жеткізу сатысы;

— кәсіби құзыреттілік сатысы осындай кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастырумен байланысты, адамға еңбек қызметінің нақты түрлерінде өзін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

—мәдениетке ие болу сатысы, адам тек қана материалдық және рухани құндылықтарды сезініп қана қоймай, оған алдыңғы буынға мұраға қалған, сонымен қатар қоғамның дамуына өзінің жеке қатысуын барабар бағалай алатын, өз социумының да, тұтастай өркениеттің де үздіксіз мәдени құрушы үдерісіне өз үлесін қосуға қабілетті болатын.;

—жеке тұлғаның жеке менталитетін, сондай-ақ адамның дүниетанымы мен мінез-құлқының тұрақты, терең негіздерін қалыптастыру сатысы.

Сонымен, адамның жоғары жеке-тұлғалық мәдени-білім беру жағдайында көтерілу схемасы былайша берілуі мүмкін: сауаттылық (жалпы және функционалдық) – білімділік – кәсіби құзыреттілік – мәдениет – менталитет [8].

Жоғарыда көрсетілген сатылардың органикалық өзара байланысы білім беру саласының аса маңызды сипаттамалары мен параметрін көрсетуге, кәсіби педагогиканың ғылым ретінде мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Ең алдымен білім беру жүйесінің тұтастығы мен бірлігіне назар аударамыз. Бұл параметрлер, егер жүйенің жекелеген компоненттерінің жұмыс істеуіндегі қандай да бір

(10)

іркілістер олардың деңгейі мен бейініне қарамастан, жүйенің жалпы жұмыс істеуінің қасиеттері мен тиімділігіне дереу әсер ететінін ескерсе, айқын болады.

Мысалы, сауаттылықтағы олқылықтар жалпы білім беретін білімді, дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру кезеңінде ең жағымсыз түрде көрінеді. Жалпы білім беретін базаның әлсіздігі кәсіби білім берудің кез келген кейінгі сатыларының жұмыс істеуінің оңтайлылығына сенім артуға мүмкіндік бермейді. Нақты мамандықты немесе мамандықты толық меңгермей, шынайы мәдени адамды елестете алмайды. Ақырында, білім берудің барлық алдыңғы сатыларының тиімді қызмет етуінсіз тұлғаның менталдық қасиеттерін табысты қалыптастыруға – оның дүниетанымы мен мінез-құлқының негізіне сенім артуға болмайды. Білім берудің барлық кезеңдері мен буындары өзара байланысты. Сондықтан білім беру саласы жүйе болып табылады.

Кәсіби білім беру жүйесі, бір жағынан, білім берудің дербес ішкі жүйесі болып табылады. Ал екінші жағынан – кәсіби білім берудің идеялары мен әдістері барлық қалған білім беру кіші жүйелерінен оқшаулана алмайды, өйткені олардың әрқайсысында отбасылық және мектепке дейінгі білім беруден бастап және өмір бойы ұзартылған ересектердің білім алуына байланысты кәсіптік бағыттың компоненттері бар. Мұндай компоненттер баланың бастапқы еңбек дағдыларына, оқушының кәсіби бағдарына, арнайы (кәсіптік) компоненттер кәсіпқойының қалыптасуының барлық қажетті мазмұндық-процессуалдық блоктарын қалыптастыруға қарамастан, білім берудің барлық сатыларында іс жүзінде қаралады.

ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Ғылымның саралауы дегеніміз не?

2. Педагогикалық ғылымның даму бағыттарын атаңыз.

3. Неге кәсіби педагогиканы салалық педагогикаға жатқызады?

4. Жалпы педагогиканың кәсіби педагогикадан айырмашылығы неде?

5. Қазіргі заманғы білім берудің қандай мәселелері кәсіби педагогиканы шешуге көмектеседі?

6. Кәсіби педагогиканың нысаны мен мәні қандай?

(11)

2. КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҰҒЫМДАРЫ

Жоспар:

2.1 Негізгі педагогикалық ұғымдар

2.2 Кәсіби педагогиканың ерекше ұғымдары

2.1 Негізгі педагогикалық ұғымдар

Ұғымдар пайымдауды, айқындауды білдіреді. Ғылым мәнін, оның орныққан және типтік қасиеттерін көрсететін неғұрлым көлемді және жалпы ұғымдар категорияға жатады. Санаттың кез келген ғылымында жетекші рөл атқарады, олар барлық ғылыми білімді толығымен жүйеге байланыстырады. Педагогика ғылым ретінде басқа ғылымдардан ерекшеленетін өз санаттары бар.

Даму – бұл адамның өмірлік әлеуетін, оның мәні мен мақсатын іске асыруды қамтамасыз ететін оның физикалық, психикалық және рухани күштерінің ішкі кейінгі сандық және сапалық өзгеруінің объективті үдерісі. Даму прогрессивті күрделену, тереңдеу, кеңею, қарапайымнан күрделіге, біліміне білмеу, өмір сүрудің төменгі формаларынан және қызмет етулерден жоғары білімге көшу ретінде көрінеді [8].

Адамның әлеуметтік дамуы психикалық дамуды жалғастыру болып табылады. Ол қоғамдық, идеологиялық, экономикалық, өндірістік, құқықтық, кәсіби және басқа да қатынастарға біртіндеп кіруден, осы қатынастарда өз функцияларын меңгеруден тұрады. Осы аяттарды және олардың өз функцияларын меңгере отырып, адам қоғамның мүшесі болады. Нәтижесі – адамның рухани дамуы. Ол олардың өмірдегі өзінің жоғары мақсатын ұғынуын, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің пайда болуын, әлемнің күрделі табиғатын түсінуді және үнемі адамгершілік жетілуге ұмтылуды білдіреді. Рухани даму шарасы адамның өзінің дене, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік дамуы үшін жауап беру дәрежесі болуы мүмкін. Рухани даму адамның өзегі, адамның қалыптасуының өзегі болып табылады.

Тәрбие – бұл бір ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе беру және оны басқалармен игеру, адам-ғасырдың дамуын қамтамасыз ету үдерісі.

Тәрбие – бұл тарихи қалыптасқан педагогикалық ұғым. Оның

(12)

көмегімен ғылым мен тәжірибе сыртқы орта адамның дамуына қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Жаңа ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру үдерісінде, яғни тәрбиелеу үдерісінде дамуды басқару, оны түзету жүргізіледі, алға және т. б. табысты жылжу үшін арнайы ынталандыру жағдайлар жасалады.

Даму бойынша тәрбиелеу екінші рет сияқты көрінуі мүмкін.

Шын мәнінде, олардың қарым-қатынасы қиын. Тәрбиелеу үдерісінде адам келеді, оның дамуы, деңгейі, содан кейін әсер етеді, тәрбиелеу, өзгертеді, тереңдетеді, оның. Неғұрлым жетілген тәрбие даму қарқынын жеделдетеді, кейін қайтадан тәрбиеге әсер етеді. Адамның өмір бойы бұл құбылыстар бір-бірін өзара қамтамасыз етеді.

"Тәрбие" санаты өте кең қолданылады. Тәжірибе беруге, демек, бұқаралық ақпарат құралдарын тәрбиелеуге болады, мұражайларда өнер арқылы, дін арқылы, саясат, идеология арқылы басқару жүйесін- де, тікелей отбасында, өндірістік қатынастар және т.б. арқылы өндірісте.

Білім беру – бұл қоғамда арнайы ұйымдастырылған Адам дамуы үшін қажетті жағдайлар жүйесі.

Арнайы ұйымдастырылған білім беру жүйесі – бұл білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен, қаржымен, кадр- лармен, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етумен түрлері мен типтері.

Онда өз мақсаттарына, бағдарламаларына, құрылымдарына сәйкес арнайы дайындалған педагогикалық мамандардың көмегімен ұрпақтар тәжірибесін беру және қабылдау жүзеге асырылады. Мұндай білім бе- ру арқылы адамның дамуын басқару жүріп жатыр. Республикада бар- лық білім беру мекемелері бірыңғай білім беру жүйесіне біріктірілді.

Кейбір тілдерде "тәрбие" және "білім беру" бір категорияның белгісі ретінде қолданылатынын байқаған жөн.

Көріп отырғанымыздай," білім "" тәрбиеге " қарағанда анағұр- лым тар санат болса да, оны күнделікті қызметте пайдалану үшін әлі де нақты емес. Білім беруде тәжірибені беру және қабылдау актісін тікелей білдіретін үдерістер бөлінеді. Бұл білім берудің өзегі – оқыту.

Оқыту – педагог пен оқушылардың өзара әрекеттестігінде ұрпақтар тәжірибесін тікелей беру және қабылдау үдерісі.

Білім беру жүйесінде оқыту жүргізілуде. Бөлу бойынша ол екі бөліктен тұрады: тәжірибені беру (оқыту) және оны қабылдау (Оқу).

Оқыту ұрпақ тәжірибесі мен шығармашылық қызметтің берілуін қам-

(13)

тамасыз етеді. Оқыту – бұл әр түрлі тәжірибені меңгеру, оны есте сақтау, үйрену, қайта ойлау, пайдалану. Оқыту – педагогтің (мұғалім, оқытушы, өндірістік оқыту шебері, тәрбиеші) қызмет саласы, оқыту – оқушы (тәрбиеленуші, оқушы, оқытушы, тыңдаушы).

Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл адамның дамуды қамтамасыз ететін ішкі дугиялық факторлар арқылы алдыңғы ұрпақтарды меңгеру үдерісі.

Адам дамуының негізгі жан-жақты факторлары – өзін-өзі тәрби- елеу, өзін-өзі білім алу, өзін-өзі оқыту болып табылады.

Өзін-өзі жетілдіру – бұл жеке дамуға бағытталған ұрпақ тәжіри- бесін игеру жөніндегі ішкі өзін-өзі ұйымдастыру жүйесі.

Өзін-өзі оқыту – бұл адамның өз ұмтылыстары мен таңдалған құралдар арқылы ұрпақ тәжірибесін тікелей алу үдерісі.

Тәрбие қарым-қатынасы адамның тәрбиелеу, білім беру, оқыту арқылы дамуына бағытталған адамдардың өзара қарым-қатынасының бір түрі болып табылады [9].

Сонымен, біз негізгі педагогикалық ұғымдарды қарауды аяқта- дық. Бұл категориялар ғасырлар бойы қалыптасқан, үнемі шыңдалып, барлық елдер мамандарының санасына және тәжірибесіне еніп, әр түрлі деңгейдегі, кез келген функцияларды орындайтын. Бұл ұғыьдарды ата-аналар, жұртшылық, оқушылар пайдаланады.

2.2 Кәсіптік педагогиканың ерекше ұғымдары

Жоғарыда айтылған санаттардың білімі кәсіби оқыту педагогы мен технология пәнінің мұғалімі кәсіби жұмыс істей алуы үшін жет- кіліксіз. Олардың қызметі – бұл тек оқушылардың жалпы дамуы ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби дайындығы. Оның жалпы білім беретін пәндер мұғалімінің қызметінен ерекшеленетін белгілі бір ерекшелігі бар. Кәсіби оқыту педагогы мен технология мұғалімі бел- гілі бір еңбек пен кәсіби қызметте жақсы бағдарлануы қажет. Ғылымда олар ерекше ұғымдар жүйесі арқылы сипатталады.

Бұл ұғымдар кем дегенде сегіз. Олардың бір бөлігі таза педаго- гикалық емес. Мысалы, "өндірістік күштер", "қызметкер", "мамандық"

экономика және өндірісті ұйымдастыру саласынан, "жеке әлеует" – әлеуметтану саласынан. Барлық сегіз ұғым шекарада, яғни ғылым тоғысында дүниеге келді және бірнеше ғылымдарда бірден қолданы-

(14)

лады [8].

Өндірістік күштер өндірістің қоғамдық тәсілінің құрамдас бөлігі болып табылады, оған еңбек субъектілері (адамдар) және еңбек объектілері (еңбек құралдары мен заттары) кіреді.

Бұл анықтамадан кәсіптік мектептерде, колледждерде, ҚІЖК-де және кейбір мектептерде оқушылар шартты түрде айтқанда, өндірістік күшке айналуға дайындалады. Әрбір адам үшін сөзсіз бұл қоғамдық функцияны орындау үшін олар жеткілікті дамыған және кәсіби дайын болуы тиіс. Адам өндіргіш күштердің басты элементі болып табылады.

Ол материалдық игіліктерді немесе зияткерлік қызмет өнімдерін жасау бойынша өндірістік еңбек жасайды.

Қызметкер – өндіріске (мемлекеттік немесе жеке) жалданған, өндірістік еңбекті жүзеге асыратын және өз еңбегіне ақы төлеу есебінен тұратын адам.

Жұмысшы – бастауыш немесе орта білімді талап ететін дене еңбегінің қызметкері.

Қызметші – зияткерлік қызметке негізделген қызмет көрсету еңбегінің қызметкері.

Маман – бұл арнайы білімі, шеберлігі мен дағдылары, өнеркәсіптің немесе ғылымның белгілі бір саласында жұмыс тәжірибесі бар, білімі немесе практикалық қызметі бойынша мамандық алған адам [3].

Қызметкер, жұмысшы және қызметші (маман) болып табылады субъектілері еңбек және ұсынады өндірістік күштер. Оларды дайындау кәсіптік білім берудің оқу-тәрбие мекемелеріне, кәсіпорындардың техникалық оқыту бөлімдеріне, оқу-өндірістік комбинаттарға және кейде өндірістік оқыту енгізілген мектептерге, кәсіби және бастапқы кәсіби дайындық жүктелді. Оқу кезінде болашақ жұмысшылар мен қызметкерлер елдің еңбек ресурстарын ұсынады.

Еңбек ресурстары – бұл қажетті физикалық және ақыл-ой дамуы бар, еңбекке қабілетті, бірақ оған әлі тартылмаған халықтың бөлігі.

Қызметкерлерді, оның ішінде жұмысшылар мен қызмет етушілерді кәсіптер бойынша бөлу еңбек бөлу негізінде жүргізіледі.

Бұл бөлу белгілі бір жұмыстарды орындау үшін арнайы дайындықты көздейді. Қызметкер болу үшін қандай да бір мамандықты игеру қажет.

Мамандық – бұл арнайы дайындықты талап ететін және өмір

(15)

сүру көзі ретінде пайдаланылатын еңбек қызметінің түрі.

Мамандық – бұл еңбек қызметінің түрі шеңберінде белгілі бір мамандық.

Қызметкердің жеке әлеуеті – бұл белгілі бір кәсіп (мамандық) бойынша еңбек қызметін жүзеге асырудың табыстылығын айқындайтын оның жалпы және кәсіби даму дәрежесі.

Тұлғалық (еңбек) әлеует өзіне:

— психофизиологиялық әлеует – еңбек функцияларын табысты орындауды қамтамасыз ететін дене дамуының деңгейі, денсаулық жағдайы, жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық;

— біліктілік әлеуеті – нақты кәсіби қызмет атқару қабілетін негіздейтін жалпы және арнайы білім мен білік жүйесі;

— әлеуметтік-педагогикалық әлеует – азаматтық сананың деңгейі, еңбек пен мамандыққа қарым-қатынасы, қызығушылықтары, еңбек тиімділігін арттыруға ықпал ететін мәдениет деңгейі.

Жеке тұлғалық әлеует болашақ қызметкердің даму үдерісіне кәсіби бағытталғанын байқаймыз. Сонымен қатар, ол жас адамның дамуының бір бөлігі ғана бар, өйткені оның өмірі кәсіби қызметпен шектелмейді.

Қызметкердің жеке әлеуетін дамытуға кәсіптік тәрбие, кәсіптік білім беру, Кәсіптік оқыту арқылы қол жеткізіледі. Бұл үш ұғым бұрын зерттелген – тәрбиелеу, білім беру, оқыту болып табылады.

Специфика болашақ маманның еңбек әлеуеті ретінде жеке потенциалын дамытуға бағытталуынан тұрады.

Сондай-ақ кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби өзін-өзі білім беру, кәсіби өзін-өзі оқыту сияқты ұғымдарды қолдану заңды. Олар да бұрын зерттелген – өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі оқыту.

Олардың өзіндік құралдарымен қызметкердің жеке әлеуетін дамытуға бағытталған ерекшеліктері.

Бұл кәсіби тәрбиемен, біліммен, оқытумен бірге жүзеге асырылатын, жеке тұлғалық әлеуетті дамытуға бағытталған кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің, өздігінен білім алудың, өзін-өзі оқытудың күрделі үдерісі қызметкердің кәсіби қалыптасуы деп аталады.

Маманның кәсіби қалыптасуы барысында оның кәсіби шеберлігі артып келеді[8].

Кәсіби шеберлік – бұл тәжірибе үдерісінде пайда болатын және кәсіби білімді, дағдыларды, іскерлікті және шығармашылық қызмет элементтерін меңгерудің жоғары деңгейін білдіретін жеке тұлғаның

(16)

қасиеті. Шеберліктің даму деңгейіне байланысты жұмысшылардың біліктілігі ерекшеленеді.

Кәсіби біліктілік – бұл белгілі бір сапада және белгілі бір күрделілікте белгілі бір еңбек түрін орындауға қызметкердің кәсіби дайындығының сатылары.

Жұмыс мамандықтарында біліктілік разрядтарда анықталады.

Олар алтыдан астам, бірақ 6-разрядты тор жұмыс істейді. Кәсіптік мектептерден көбінесе 3-4-разрядтағы жұмысшылар шығады. Қарай разрядты біліктілігі жұмыс болып бөлінеді төмен, орта, жоғары және премиум. Жоғары және ең жоғары жұмыс біліктілігі жұмысшының кәсібилігін сипаттайды. Кәсібилік – бұл кәсіпті (мамандығын) шебер меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар азаматтық жоғары жетілу, жауапкершілік және кәсіби борыш сезімі болуы.

Сонымен, сіз кәсіби оқыту педагогы мен технология пәнінің мұғалімі жасөспірімдер мен жасөспірімдердің жалпы дамуымен ғана емес, ең алдымен олардың кәсіби дамуымен ғана жұмыс істеуге тура келетініне көз жеткіздіңіз. Бұл экономика, өндіріс, қоғам және білім алушылардың өздері алдындағы жауапкершілік. Кәсіби дайындық нәтижелері кәсіпке қатысты еңбек өнімділігінен, қызметте шығармашылық компоненттің бар болуынан көрінеді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті қызметкердің жаңа түрі қалыптасады. Бәсекеге қабілетті қызметкер – бұл еңбек және жұмыс күші нарығында өзінің шебер қолдарын, ақылды басы мен тәрбиелі жан, яғни тауар ретінде, оның және оның отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ететін лайықты баға үшін өз сапасын ұсына алатын адам. Бәсекеге қабілетті қызметкер бұл бүгінгі күні мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың (және мекемелердің) нақты қажеттілігі бар, нақты қажеттілігі бар өнім шығара алатын адам. Әйтпесе, қызметкер оңай жұмыссыз болады.

Жұмыссыз – жұмыспен қамту қызметінде (еңбек биржасында) жұмыс іздеуші ретінде мынадай жағдайларда тіркелген адам: қолда бар кәсіптік білімге, дағдыларға және іскерлікке жауап беретін жұмыстың болмауы; тиісті кәсіби даярлықтың болмауына, бұрынғы мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға қабілеттерінің жоғалуына байланысты лайықты жұмысты таңдаудың мүмкін еместігі; қолда бар кәсіптер (мамандықтар) бойынша жоғарылатудың қажеттілігі. [8].

Көріп отырғанымыздай, кәсіптік білім беру педагогына негізгі

(17)

және қосымша кәсіби маңызды ұғымдарды білу қажет. Оларсыз, мысалы, өндірістік оқыту шеберінің қызметі өзінің бағыттылығы мен мақсаттарын жойар еді.

ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. "Тәрбие", "білім", "оқыту" ұғымдары неге "өзін-өзі тәрбие- леу", "өзін-өзі тану", "өзін-өзі оқыту"ұғымдарымен толықтырылған?

2. Неге кәсіби педагогикада "біліктілік", "мамандық" санаттары қолданылады?

3. Жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы айырмашылық неде?

4. Жеке (еңбек) потенциалын не қамтиды?

5. Кәсіптік даму дегеніміз не?

6. "Кәсіби шеберлік", "кәсібилік"ұғымдарына анықтама беріңіз.

7. Болашақ кәсіби білім беру педагогының тұлғалық әлеуетін талдап беріңіз (өзін-өзі сипаттаңыз).

(18)

3. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ

Жоспар:

3.1 Педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы 3.2 Кәсіптік оқыту қағидаттары

3.1 Педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы

Педагогикалық үдеріс білім жүйесін, Дағдылар мен іскерлікті саналы және берік меңгеруге, оларды практикада қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогтар мен оқушылардың дәйекті және өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы болып табылады.

Жалпы үдеріс уақыт пен кеңістікте өтіп бара жатқан құбы- лыстарды деп атауға болады, олардың ішінде өз кезегінде даму кезеңдерін ауыстыруға алып келетін жағдайлар өзгереді. "Педаго- гикалық үдеріс" ұғымы осы анықтамаға сәйкес келеді. Бұдан әрі көріп отырғанымыздай, педагогикалық үдерістің өз құрылымы бар,белгілі бір уақытта, белгілі бір кеңістіктік жағдайларда өтеді. Педагогикалық үдерістің қайталанбас себебі бұл қозғалыс жалғасын тауып, "кетеді".

Педагогикалық үдерісті педагог құрады. Оның көмегімен педагог білім алушылармен өзара қолайлы қарым-қатынасты ұйымдастырады, оның дамуын бағыттайды және ынталандырады, ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

Педагогикалық үдеріс қай жерде өтсе де, қандай педагог құрылған жоқ, ол бір және одан да көп құрылымы болады: мақсаты → қағидаттары → мазмұны → әдістер → құралдар → формалар.

Теориялық және практикалық педагогиканың барлық тарихымен құрылған педагогикалық үдерістің классикалық құрылымы. Әрбір компоненттің қысқаша сипаттамасын қарастырайық.

Педагогикалық үдерістің мақсаты – педагог пен білім алушы өзінің өзара іс-қимылының соңғы нәтижесін әзірлеуден немесе жай ғана ұсынудан тұрады.

Қағидаттар мақсатқа жетудің негізгі бағыттарын анықтауға арналған.

Мазмұны – таңдалған бағыттарға сәйкес қойылған мақсатқа жету үшін оқушыларға берілетін ұрпақ тәжірибесінің бұл бөлігі.

(19)

Әдістер – бұл педагог пен білім алушының мазмұны берілетін және қабылданатын, қайта өңделетін және одан кейін жаңғыртылатын іс-әрекеттері.

Құрал мазмұны бар "жұмыс" материалдандырылған пәндік тәсілдері ретінде әдістермен бірлікте қолданылады.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формалары оған логикалық аяқтауды, аяқтауды береді [8].

Педагогикалық үдерісте барлығы дәйекті түрде жүзеге асырылады: мақсатқа жетудің мақсаттары мен бағыттарын анықтай отырып, біз оларға сәйкес мазмұнды таңдаймыз, содан кейін оны беру мен меңгерудің әдістерін, құралдарын таңдаймыз және осының бәрін

"біріктіреміз" түрінде.

Кәсіптік білім беру мекемесіндегі педагогикалық үдерістің маңызды ерекше ерекшелігі оның басты компонентін құрайтын Практикалық оқыту болып табылады. Бұл ретте практикалық дайындық барысында оқу-жаттығу үдерісі айтарлықтай ерекшеленеді, себебі өндірістік оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың белгілі бір мамандық саласында кәсіби шеберлік негіздерін қалыптастыру [6].

Педагог пен оқушының өзара іс-қимылы, оқыту мен оқудың бірлігі туралы айта келе, бұл ретте басқарушы және басқарушы тарап педагог екенін ескеру қажет. Ол оқушыға әсер етеді, оның білімін хабарлайды, оның жеке тұлғасын қалыптастырады. Сонымен қатар, педагог білімін қалай белсенді түрде хабарлауға тырысса да, егер бұл ретте білім алушылардың білімді меңгеру бойынша белсенді қызметі болмаса, Егер педагог осындай қызметті ынталандыру мен ұйымдастыруды қамтамасыз етпесе, онда оқу үдерісі тиімсіз болады, педагог пен оқушының өзара іс-қимылы жұмыс істемейді.

Осылайша, педагогикалық үдеріс – тұтас педагогикалық құбылыс. Оның барлық компоненттері тығыз байланысты. Білім беру мақсаты оқытудың түрлері мен әдістерін анықтайтын білім беру мазмұнында жүзеге асырылады.

Оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен технологиясын соңғы қорытындыда анықтайтын жүйе құраушы фактор білім беру мақсаттары болып табылады. Қазіргі заманғы кәсіби білім берудің жалпы мақсаттарының қатарына жатқызуға болады:

— білім алушылардың жан-жақты әлеуметтенуін және динамикалық өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тиімді бейімделуін қамтамасыз ету;

(20)

— арнайы білімді, іскерлікті, дағдыларды қалыптастыру және маманның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту.

Мақсаты қоғамның дамуымен өзгереді, түзетіледі, жаңа қоғамдық жағдайларға сәйкес нақтыланады. Демек, білім беру мақсаты білім беру жүйесінен тыс қалыптасады, қоғамның осы даму кезеңіндегі қажеттіліктеріне негізделген және кәсіби маман ретінде, сондай-ақ қоғамдағы жатақхананың қазіргі заманғы нормаларына жауап беретін жеке тұлға ретінде "әлеуметтік тапсырыс" болып табылады. Білім берудің нормативтік мақсаттары мемлекеттік құжаттармен, ең алдымен "білім туралы"заңмен анықталған. Онда білім беру жүйесінің әрбір деңгейі үшін оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламаларында көрсетілген нақты мақсаттар тұжырымдалған.

Мақсаты екі өзара байланысты: маманның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және тұлғаның рухани дамуы. Кәсіптік білім берудің тек кәсіби білім беруге, дайындықтардың іс жүргізушілік жағын өте жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, бірақ тұлғаның рухани дамуына нұқсан келтіретін кез келген әрекеті педагогикадағы технократия ретінде емес.

Кәсіби мектептің жалпы мақсаты – тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуы – оның білімділігінің, тәрбиесінің, жалпы және кәсіби дамуының бірлігін көздейді. Осы мақсатқа сүйене отырып, педагогикалық үдеріс өзара байланысты үш негізгі функцияларды – білім беру, тәрбие және дамыту қызметін жүзеге асыруға арналған.

Педагогикалық үдерістің білім беру функциясы оқушылардың ғылыми, техникалық, технологиялық және өндірістік білім жүйесін – фактілерді, заңдарды, заңдылықтарды, теорияларды, құбылыстарды, үдерістерді қалыптастыру; алынған білім мен іскерлікті оқу және өндірістік міндеттерді шешу үшін қолдана білуді қалыптастыру; білім алушыларда жалпы ғылыми, политехникалық және арнайы кәсіби іскерлікті қалыптастыру; алған білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін бекіту, жетілдіру, кеңейту және тереңдету.

Педагогикалық үдерістің тәрбиелік функциясы, бұл мәселені педагог – білім алушыларды тәрбиелейтініне қарамастан, білім беру үнемі байқалады. Оқытушының, шебердің, тәрбиешінің негізгі міндеті білім алушының жақсы қасиеттерін қалыптастыру үшін педагогикалық үдерістің тәрбиелік мүмкіндіктерін барынша пайдалану.

(21)

Педагогикалық үдеріс барысында оқушыларда ғылыми дүниетанымның негіздері, Кәсіби нанымдары қалыптасады; еңбекке, еңбек адамдарына деген құрмет, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Тәрбиелеуші оқыту білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, оқушы ұжымының жалпы сипаттамасын, тәрбиелік міндеттерді шешуде мақсаткерлікті есепке алуды көздейді.

Педагогикалық үдерістің тәрбиелік функциясын жүзеге асыру – танымдық үдеріске "тәрбие сәттерін қосу". Педагогикалық үдерістің тәрбиелік әсері ең алдымен оның бағытталуында, білім алушылардың кәсіби білімі мен іскерлігінің өмірмен, практикамен байланысын ашуында болып табылады.

Оқытудың педагогикалық үдерісінің дамытушылық қызметі оқушылардың ойлаудың ұтымды тәсілдерін: талдау, синтез, салыстыру, жинақтау және т. б. қалыптастыруда, танымдық және жасампаздық белсенділікті және дербестікті, танымдық қызығушылықты және қабілеттілікті, ерік-жігерді, өз бетінше білім алу, өзін-өзі жетілдіру, шығармашылық ойлауды дамытуда; зейінді, есте сақтауды, сөйлеуді, қиялды дамытуда; оқу, педагогикалық және өндірістік еңбек мәдениетін қалыптастыруда көрініс береді [8].

Педагогикалық үдерістің осы негізгі функциялары өзара тығыз байланысты және өзара тәуелді. Дүниетанымды қалыптастыру, танымдық және жасампаздық күш пен шығармашылық қабілеттерін дамыту білім мен іскерлікті меңгеру негізінде және олармен тығыз байланыста ғана мүмкін болады.

3.2 Кәсіптік оқыту қағидаттары

Педагогикалық үдерістің заңдылықтарының талаптарын көрсе- тетін жалпы өзекті қағидаттарымен тығыз байланыста бола отырып, Кәсіптік оқыту қағидаттары өзінің ерекше ерекшеліктеріне ие.

Қарастырайық негізгі оның ішінде.

Политехникалық қағидат. Политехникалық білім беру заманауи өндірістің ғылыми негіздері туралы білім жүйесін меңгеруді көздейді.

Осы білім негізінде жалпы кәсіптік политехникалық және арнайы білім қалыптасады.

Жалпы кәсіби білімдер: нақты сала өндірісінің технологиясы

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Жалақының ең жоғары деңгейі «Қаржылық және сақтандыру қызметі» және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторларында сақталады, онда көрсеткіштер экономика

Осы тақырыпта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты ол «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған

Мнайдарова Светлана Сейтжановна, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының

Мнайдарова Светлана Сейтжановна, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының

Алайда, Қазақстан Республикасында ғылыми ұйымдардың талдаулары көрсеткендей, көптеген жобаларды əзірлеу бойынша инновациялық өнім ынталы əзірлемелермен

ӘБІЛҚАСЫМОВА Алма Есімбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ресей білім академиясының академигі (Мәскеу

ӘБІЛҚАСЫМОВА Алма Есімбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ресей білім академиясының академигі (Мәскеу

Докторантура - оқу мерзімі үш жылдан кем емес философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор ғылыми атағын бере отырып ғылыми және педагогикалық