• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

«Физикалық географиядан тапсырмалар мен жаттығулар жинағы»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "«Физикалық географиядан тапсырмалар мен жаттығулар жинағы»"

Copied!
74
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КОСТАНАЙСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ

«Физикалық географиядан тапсырмалар мен жаттығулар жинағы»

Әдістемелік құрал

«Сборник задач и упражнений по физической географии»

Методическое пособие

Костанай 2018 год

(2)

ӘОЖ 911.2 (075.8) КБЖ 26.82 я73

Ф 49

Автор/ Әзірлеуші / Құрастырушы:

Баубекова Г.К., Баймаганбетова К.Т., Загорулько В.В., Жусупова А.У., Баймаганбетова Б.Б.

Пікір жазғандар:

г.ғ.к., доцент Ақпамбетова К.М.,(академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ) б.ғ.к., доцент Валяева Е.А., (ҚМПИ)

Ф 49

«Физикалық географиядан тапсырмалар мен жаттығулар жинағы»: Әдістемелік құрал. / Г.К. Баубекова, К.Т.

Баймаганбетова, В.В. Загорулько, А.У. Жусупова, Б.Б.

Баймаганбетова. – Қостанай: ҚМПИ, 2018. – 74 с.

ISBN 978-601-7934-42-2

Әдістемелік құралда берілген тапсырмалар,жаттығулар,географиялық есептер арнайы және пәндік құзыреттерді дамытуға арналған. Берілген тақырыптар бойынша географиялық терминдерге, ұғымдарға сипаттама ұсынылған. Сонымен қатар «Атмосфера»тарауында географиялық есептерді шығаруға арналған алгоритімдер берілген. Әдістемелік құрал география мамандығында оқитын студенттерге, жалпы білім беретін орта мектептердегі география пәні мұғалімдеріне пайдалануға ұсынылады.

ӘОЖ 911.2 (075.8) КБЖ 26.82 я73

«Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітілген. «30» 03 2018 ж, № 5 хаттама

ISBN 978-601-7934-42-2

© Баубекова Г.К. и т.б., 2018

© ҚМПИ, 2018

(3)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе………... 4

1. Географиялық қабықтар... 5

1.1 Литосфера – Жердің қатты қабығы... 5

1.2 Гидросфера- Жердің су қабығы... 13

1.3 Атмосфера – Жердің ауа қабығы... 18

1.4 Биосфера- Жердің тіршілік қабығы... 25

2. Ландшафттану және физикалық-географиялық аудандастыру... 31

2.1 Ландшафт –геожүйелер... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі... 73

Тест тапсырмалары бойынша кілттер... 74

(4)

КІРІСПЕ

География – Жер бетінде болып жатқан үрдістерді зерттейтін ғылым. Физикалық географияның зерттейтін негізгі объектісі геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера) және геожүйелер (ландшафттар, табиғат зоналары, биогеоценоздар) болып табылады.

Оқу-әдістемелік құралы «География» мамандығы бойынша студенттер үшін физикалық географиядан білімдері мен біліктерін арттырып, дағдыларын қалыптастыруда қажет.

Оқу-әдістемелік құралының мазмұны жоспарлаған «Жалпы жертану», «Ландшафттану» пәндерін меңгеруге арналған тест тапсырмаларынан, есептерден және практикалық жаттығулардан құралған.

Оқу-әдістемелік құралы екі бөлімнен және үш типтік тапсырмалардан тұрады. Мұнда әрбір тақырыпқа 20 тест тапсырмалары (ашық және жабық формада); географиялық есептер; практикалық жаттығулар берілген.

«Жалпы жертану», «Ландшафттану» пәндерін оқыған студенттер мына жағдайларды білуі қажет:

-географиялық нысандарға, ұғымдарға, құбылыстар мен үрдістерге анықтама бере алуы;

-жинақталған географиялық ақпараттарға: анықтамалықтарға, жылнамаларға, сөздіктерге, энциклопедияларға, оқу, ғылыми-танымдық және ғылыми әдебиеттерге шолу жасай және талдай білуі, сол сияқты олардың сақталу орнын және физикалық-географиялық ақпараттарды пайдалана білуі;

-географиялық қабық сфераларындағы өтіп жатқан әртүрлі үрдістер, негізгі табиғат құбылыстары жайлы түсіндіре білуі;

-географиялық қабық компоненттері арасындағы өзара байланысты және ондағы өтіп жатқан үрдістерді анықтай және тұжырымдай білуі;

-оқылатын және бақыланатын нысанның, құбылыстар мен үрдістердің негізгі жүйесін меңгере білулері, оларды кешенді түрде қабылдай білулері қажет.

Оқу-әдістемелік құралы жаратылыстану ғылымдары кафедрасы оқытушыларының ұжымдық жұмысы болып табылады. Литосфера, биосфера тақырыптары бойынша тапсырмалар мен жаттығуларды құрастырғандар Загорулько В.В., Баймаганбетова К.Т., атмосфера, биосфера – Баймаганбетова Б.Б., Баймаганбетова К.Т., гидросфера – Жусупова А.У. Баймаганбетова К.Т.,; ландшафттану тарауы бойынша - Баубекова Г.К., Баймаганбетова К.Т.

(5)

1. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚТАР

1.1 Литосфера – Жердің қатты қабығы

Литосфера – Жердің қатты қабығы, жер қыртысынан және мантияның жоғарғы бөлігінен, астеносфераға дейін созылған және қалыңдығы 150 – 200 км.

Қазіргі кездегі литосфералық тақталар теориясына сәйкес барлық литосфера қабаты жіңішке және белсенді зоналары-бір-бірінен терең тектоникалық жарықтармен бөлініп жатқан тақталар жиынтығынан тұрады, олар астеносфера бетімен жылына орташа есеппен 2-3 см жылдамдықпен қозғалады. Бұларды литосфералық тақталар деп атайды[1].

Жер бедері ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Жер бетінде және жер қыртысының беткі қабатында жүріп жатқан үрдістер (үгілу, эрозия, мұздықтардың әрекеті және тағы басқалары) Күн радиациясы әсерінен жер бедерінің, күштің және ағзалардың әрекеттері себепші болатын үрдістер экзогендік (сыртқы) үрдістерге жатады. Жер қырытысының қойнауларында энергиямен байланысты (тектоникалық үрдістер, магматизм, метаморфизм, сейсмикалық белсенділік) әрекеттермен жүретін геологиялық үрдістер эндогендік (ішкі) үрдістерге жатады.

Экзогендік және эндогендік үрдістердің нәтижесінде жер бедерінің түрлі формалары қалыптасады.

Морфоқұрылым (грекше morphe – пішін, түр және латынша structura – құрылымы) – эндогендік (жердің ішкі), экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болған жер бедерінің ірі элементтері және теңіздер мен мұхиттардың түбі. Мұнда эндогендік процестер (жанартау атқылау, жер сілкіну т.б.) жетекші рөл атқарады.

Морфоқұрылымдар өздерінің морфологиялық құрылысының ерекше- лігімен және жер қыртысының жеке бөліктерінің геология тарихының өзгешеліктерімен сипатталады. Екінші реттік Морфоқұрылымдарға жеке қырат, тау жотасы, ойыс, т.б. жатады.

Жер бедерінің мегаформалары және макроформалары морфоқұры- лым болып табылады, мысалы, таулы елдер шегіндегі таулар немесе платформалық жазықтардың бөліктері.

Морфоскульптуралар – пайда болуына экзогендік процестердің әсері зор болатын жердің беткі бөлігіндегі бедер элементтері (өзен аңғары, сайлар, жыралар, төбелі немесе қырқалы мұздық формалар, карст формалар және тағы басқалары.)[3].

(6)

Блок №1. Тест тапсырмалары.

1.Тау жыныстарындағы жарықшақтың немесе қуыстың қабырғасына жабыса біткен кристалдар шоғыры ... деп аталады.

А) секрециялар В) друзалар С) конкрециялар D) миндалиналар Е) жеодалар

2. Минералдардың жарық сәулесін жұту, сындыру немесе шағылыстыру қабілеттеріне қарай ….. анықталады.

А) сынғыштығы В) түсі

С) мөлдірлігі D) жылтырлығы Е) қаттылығы

3. Жер қойнауын түзетін, құрамы әр түрліминералдардан тұратын табиғи түзінділер ...

А) тау жыныстары В) магма

С) пайдалы қазбалар D) кенді дене

Е) интрузиялар

4. Геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының абсолют- тік және салыстырмалы жасы туралы және пайда болған кезін білдіретін жүйесі ... деп аталады.

А) литология В) петрография С) геология D) стратиграфия Е) геохронология

5.Жер қыртысының құрылысында Конрад жазығы ... орналасқан.

А) 6,7-7,6-ден 7,9-8,2 км/с дейін ұзына бойы секірмелі сейсмикалық толқындар жылдамдығының артуы және 3,6-4,2-ден 4,4-4,7 км/с дейін көлденең толқындар жылдамдығының артуы өтетін жер қыртысының төменгі шекарасы;

В) 400-900 км тереңдіктегі Жер жоғары мантиясының төменгі бөлігі;

С) 13,6-ден 8,1 км/с дейін төменгі ұзына бойы секірмелі толқындар жылдамдығының төмендеуімен және көлденеі толқындардың жойылуымен сипатталатын мантия мен ішкі ядроның арасындағы;

(7)

D) 6-6,6 км/с көлденең сейсмикалық толқындар жылдамдығының артуы бойынша айқындалған гранитті-гнейсті және базальт қабаттарының аралығы;

Е) континенттік жер қыртысының шөгінді және граниттік қабаттарының аралығы.

6. Мұздықтардың әрекетімен байланысты геологиялық үрдістер мен жер бедері формалары ... атауын алды.

А) гляциальды В) эолды

С) флювиальды D) гравитациялық Е) криогендік

7. Магмалық тау жыныстарына жатады:

А) құмтас, лесс В) гранит, диорит С) саз, габбро

D) диабаз, қиыршық тас Е) қойтастар, кварцит

8. Шөгінді тау жыныстарына жатады:

А) кварцит, феллиттер

В) кристалдық тақтатастар, әктас С) слюдалы тақтатас, қиыршық тас D) диорит, сидерит

Е) доломит, мергель

9. Метаморфты тау жыныстарына жатады:

А) гранит, кварцевый порфир В) липарит, жанартаулық туф С) гнейс, мәрмәр

D) қиыршық тас, лесс Е) сиенит, андезит

10. Корразия және дефляция – бұл ... бұзушы әрекеті.

А) мұздықтардың

В) жер асты суларының С) өзендердің

D) желдің

Е) мәңгі тоңның

11. Мұздықтардың геологиялық әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедері формаларын көрсетіңіздер

А) оздар

В) айналмалар (меандрлар)

(8)

С) «қоймаңдай тастар»

D) ескі арналар Е) каррлар F) друмлины G) понорлар H) карст түтіктері

12. Тектоникалық тақталар теориясына сәйкес, литосфералық тақталар сейсмикалық, жанартаулық және тектоникалық белсенді зоналар-тақталар шекараларымен шектелген. Литосфералық тақталар шекараларын келесі типтерге бөледі:

А) мұхиттық В) конвергенттік С) континенттік D) дивергенттік Е) трансформдық F) эндогендік G) аралас H) магмалық

13. Олардың химиялық жіктелуіне байланысты минералдар кластарын бөліп көрсетіңіздер

А) табиғи элементтер В) метосамотоз

С) парагенезис D) магматогендік

Е) силикаттар және алюмосиликаттар F) гидротермальды

G) пневматолитикалық H) карбонаттар

14. Геохронологиялық кестеге сәйкес фанерозой эоны мына эраларды біріктіреді:

А) катархей

В) кембрийге дейін С) палеозой

D) протерозой Е) архей

F) мезозой G) кайнозой H) криптозой

(9)

15. Жер қыртысының қозғалуының нәтижесінде тау жыныстары бір- бірімен ауысып, нәтижесінде жергілікті жер бедерінде түрлі формалар қалыптасады, олар ... .

А) антиклиналдар В) опырық

С) синклиналдар D) орқаш тау

Е) геосинклиналдар F) опырынды

G) мегантиклинорий H) синклинорий

16. Эффузивті магматизм нәтижесінде түзілген жер бедері формаларына ... жатады:

А) жанартаулық конустар В) лава жамылғылары С) штоктар

D) силлдер

Е) лава ағындары F) дайкалар

G) лакколиттер H) лополиттер

7. Корразияның нәтижесінде түзіледі:

А) каменные грибы В) қорымдар

С) ярданги

D) құм төбелер (дюналар) Е) цирктер (кар)

F) қырқалы құмдар G) шағылдар

H) эрозионные ниши

18. Бұл кластың минералдары шөгінді жыныстардың жыныс түзуші минералдары болып табылады, олар лагуналарда және көлдерде күкірт қышқылы тұздарының тұнбалары мен сульфидтердің тотығуынан түзіледі. Бұл кластың минералдары жеңіл, ақшыл, жұмсақ (мысалы, мирабилит, ангидрит, гипс) болады. Қандай класс туралы айтылып тұр?

А) табиғи элементтер В) карбонаттар класы С) фосфаттар класы D) сульфаттар класы Е) сульфидтер класы F) силикаттар класы

G) алюмосиликаттар класы

(10)

H) тотықтар мен гидрототықтар класы

19. Берілген минералдардан сульфидтер класына жататындарды бөліп көрсетіңіздер:

А) флюорит В) алтын С) апатит D) пирит Е) гипс

F) халькопирит G) галенит H) фосфорит

20. Литосфералық тақталардың «орташа» категориясына жатады А) Тынықмұхиттық тақта (плита)

В) Наска тақтасы С) Африка тақтасы D) Кокос тақтасы Е) Евразия тақтасы F) Филиппин тақтасы G) Үндістан тақтасы

H) Солтүстік-Америка тақтасы

Блок №2. Есептер мен жаттығулар.

Тапсырма 1. 1-суретте интрузивті денелердің қандай формалары көрсетілгенін анықтаңыздар және жазыңыздар[2], оларға анықтама беріңіздер:

1-сурет. Интрузивті денелердің формалары

(11)

Тапсырма 2. «Тау жыныстары мен минералдар» жинақтарын пайдалана отырып, мына минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін анықтаңыздар: гранит, әктас, мәрмәр, 1-кестені толтырыңыздар:

Кесте 1 Минерал

атауы Қаттылығы Түсі Түсінің

түсі Жылтырлығы Мөлдірлігі Гранит

Әктас Мәрмәр

Тапсырма 3. 1:25000 масштабтағы «СНОВ» топографиялық картасы бойынша келесі бағыттар бойынша беткейдің құламалылығын градуста анықтаңыздар:

1. 175 м және 150 м (кв. 7114) горизонтальдар арасында;

2. 190 м және 175 м (кв. 6810) горизонтальдар арасында;

3. 175 м (кв. 6810) және 140 м (кв. 6710) горизонтальдар арасында;

4. 175 м және 185 м (кв. 6913) горизонтальдар арасында;

5. 140 м және 150 м (кв. 6709) горизонтальдар арасында;

Өлшеулерді аяқтағаннан кейін тапсырмада берілген беткейлер еңістің қандай типіне жататынын анықтаңыздар: тіп тік (450 аса), өте тік (29-450), тік (15-290), орташа еңіс (10-150), көлбеу (5-100), өте көлбеу (2-50).

Әдістемелік нұсқаулар

Топографиялық карталарда салу шкаласы карта рамкасының оңтүстік шекарасының астына график түрінде беріледі. Салу шкаласы екі биіктік қимасы үшін беріледі. Картаның безендіру жиектемесінің сыртында көрсетілген табан графиктері жер бедері қимасының және берілген картаның немесе планның масштабына сәйкес есептеліп жасалынатынын ұмытпау керек. Беткейдің тіктігі мен еңістігін картадан немесе планнан анықтау кезінде есептерді жеңілдету үшін табан графиктері деп аталатын арнайы графиктер қолданылады. Беткейдің еңістіктері бұрыштық шамамен немесе көлбеулілік арқылы берілуі мүмкін. Беткейдің құламалылығын анықтау үшін циркуль-өлшеуішпен көршілес жатқан негізгі горизонтальдардың арақашықтығын өлшеп, оны төсеу графигіне тақап ұстап, шкаланың табанынан градус санын оқиды[7].

Формула бойынша беткейдің құламалылығын (еңістігін) анықтаңыздар:

Беткейдің құламалылығын анықтайтын негізгі формула:

tg a = h : d

мұнда, а – беткейдің құламалылығы; h – беткейдің биіктігі; d – беткейді салу.

20-25° -тан аспайтын беткейдің құламалылығын мына формула бойынша анықтайды: a = 60h :d

(12)

Тіп-тік жарды (көз мөлшерімен) тез анықтау үшін негізгі горизонтальдар арасында d кесіндісін миллиметрмен бағалайды және a

= 12:d(мм) формуласы бойынша еңістің тіктігін градуспен есептеп шығарады. Бұл тәсіл бедер (рельеф) қиылысының биіктігі кезінде қолданылады:

1:25000-5 м; 1:50000-10 м; 1 : 100 000 – 20 м.

Салу шкаласы бойынша еңістің тіктігін анықтау үшін циркульдің немесе жолақ қағаздың көмегімен екі аралас негізгі горизонтальдардың арасындағы қашықтыққа циркульді қадап, ұштарын өзгертпестен карта бетінің төменгі жағына сол жақ шкалаға салу керек және шкала негізінде градус санын оқу керек[4,7].

Тапсырма 4. Мына өзендердің өзен иреңінің (иірімінің) коэффициентін анықтаңыздар:

а) 1:25000 масштабтағы «СНОВ» топографиялық картасы бойынша Андога өзені, Голубая өзені, Каменка өзені;

б) дүние жүзінің физикалық картасы бойынша: Ніл өзені, Конго өзені, Амазонка өзені;

Әдістемелік нұсқаулар

Өзен иреңінің (иірімінің) коэффициентін анықтауда өзен ұзындығы немесе оның учаскесі L, км, бастаудан (бастапқы нүктеден) құйған жеріне дейінгі аралық түзу сызық Ɩ ұзындығын есептей отырып, өзеннің иреңінің (иірімінің) коэффициенті мына формула бойынша анықталады

Кизв= L/ Ɩ

Мұнда, К – өзен иреңінің (иірімінің) коэффициенті, L - өзен ұзындығы, Ɩ – өзеннің бастауы мен сағасының қысқаша арақашықтығы. Өзеннің бастауы мен сағасының қысқаша арақашықтығын сызғыштың көмегімен түзу сызық бойынша өлшейді.

Тапсырма 5. 2-сурет бойынша көрсетілген теңіздердің жағалаулар типтерін анықтаңыздар, оларға сипаттама беріңіздер.

2-сурет. Жағалаулар типтері

(13)

1.2 Гидросфера – Жердің су қабығы

Әлемдік мұхит – Жер кеңістігіндегі теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды. «Әлемдік мұхит» атауын Ю.М.Шокальский ұсынған болатын.

Әлемдік мұхит құрылымына мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен бұғаздарды қамтиды[3].

Жер асты сулары – жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.

Жер асты сулары инфильтрация, инфлюация және конденсация процестерінің өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі. Жер асты сулары шығу тегі, гидравликалық жағдайы, физикалық жағдайы, температурасы, минералдануы, жиналу сипатына қарай жіктеледі.

Эндогендік көлдер – қазаншұңқырлары ішкі үрдістердің әсерінен пайда болған көлдер, ал экзогендік көлдер-сыртқы үрдістердің әсерінен пайда болған көлдер. Эндогендік көлдер тектоникалық және жанартаулық көлдер болып бөлінеді[6].

Блок №1. Тест тапсырмалары.

1. Теңіз суының тұздылығын өлшейтін бірлік:

А) Пайыз В) Промилле С) Кг

D) Дж

Е) Паскаль

2. Судың толық алмасуы үшін көп уақыт қажет ететін гидросфераның бөлігін анықтаңыздар:

А) Мұздықтар В) Өзендер С) Көлдер D) Теңіздер

Е) Сарқырамалар

3. Жер бетінің ауданынан Әлемдік мұхиттың ауданына келетін пайыздық мөлшерін көрсетіңіз:

А) 20%

В) 45%

С) 71%

D) 90%

Е) 56%

4. Бұл теңіз теңіз субалдырларының жинақталуымен әйгілі:

А) Баренц теңізі В) Кариб теңізі С) Амундсен теңізі

(14)

D) Саргасс теңізі Е) Жерорта теңізі

5. Өзендердің су алабын бөліп тұратын, таулы аудандарда жоталар бойынша өтетін картадағы немесе жергілікті жердегі сызық:

А) Изогиета В) Горизонталь С) Суайрық D) Изобара Е)Бергштрих

6. Өзендердегі су деңгейінің барынша төмендеген кезі:

А) Қайырлау (Межень) В) Тасқын

С) Су тасуы D) Жайылма Е) Атырау

7. Әлемдік мұхиттағы жылы және суық ағыстардың пайда болуының басты себебі:

А) Атмосфералық қысым В) Жердің тұрақты желдері С) Судың тұздылығы

D) Жер қыртысының баяу қозғалуы Е) Күн радиациясы

8. Теңіз суы ... температурада қатады:

А) -2 °С В) -5 °С С) +2°С

D) 0°С төмен Е) -1°С

9. Әлемдік мұхиттағы ең ірі ағыс:

А) Гольфстрим В) Куросио

С) Батыс желдер ағысы D) Солтүстік Атлант Е) Оңтүстік Пассат

10. Алғашқы жер шарын айналып шығу саяхатын жүзеге асыруда қандай кеме болды?

А) «Челленджер»

В) «Санта-Мария»

С) «Нинья»

D) «Пинта»

(15)

Е. «Индевор»

11. Ағыстар тереңдігі бойынша бөлінеді:

A) Беттік B) Жылы

C) Тереңдік D) Суық E) Түптік F) Бейтарап G) Градиентті

12. Ағыстар ұзақтығы бойынша бөлінеді:

A) Уақытша B) Жылы C) Тұрақты D) Суық

E) Периодты F) Бейтарап G) Градиентті

13. Өзен сағаларының ең көп тараған түрлері ... болып табылады.

A) Атырау B) Эстуарий C) Көлтабаны D) Бастау E) Саға

F) Өзен иірімі (иреңі) G) Құлау

14. Берілген көлдердің қайсысыларының көл қазаншұңқырлары шығу тегі тектоникалық болып табылады:

A) Ладога B) Ақ

C) Жоғарғы D) Киву E) Байкал F) Кроноцкое G) Сарыкөл

15. Мұздықтардың қоректену көздері A) Қар көшкіні

B) Қарлы боран тасымалдары C) Мұз бетіндегі сублимация D) Өзен-көлдік

E) Жерасты сулары

(16)

F) Ойлы (ойпатты) батпақ G)Көктемгі гомотермия

16. Батпақтар түзілу және орналасу жағдайлары бойынша ...

бөлінеді.

A) Ойлы (ойпатты) B.)Жоғары

C) Өтпелі

D) Тұрақты толқындар E) Олиготрофты

F) Эвтотрофты G) Пелагель

17. Жылдың белгілі маусымында жыл сайын қайталанып отыратын өзен суы деңгейінің көтерілуі ... .

A) Су тасуы B) Тасқын C) Бастау D) Саға E) Батпақ

18

.

Жер бетіне жақын жатқан ағынсыз жер асты суы, деңгейі үнемі өзгеріп отырады, жылдың құрғақ мезгілінде жоғалып кетеді.

A) Ыза сулары

B) Қайырлау (Межень) C) Су тасуы

D) Тасқын E) Пелагель

19. Көлдерде үш вертикальды зоналарды ажыратады:

A) Эпилимнион B) Мұз қату

C) Металимнион D) Гиполимнион E) Қату

F) Өзін-өзі отыру G) Суффозиялық

20. Гейзер режимінде мынадай сатыларға бөлінеді:

A) Толтыру сатысы B) Төгілу сатысы

C) Инфильтрация сатысы D) Фонтан атқылау сатысы E) Конденсация сатысы F) Ағыс сатысы

(17)

Блок № 2. Есептер мен жаттығулар.

1. Балқаштың 100 литр суынан неше грамм әртүрлі заттар алуға болады, егер оның шығыс бөлігіндегі судың тұздылығы 5,2‰ (промилле) болса?

2. Қара теңіздің 1 т суынан неше грамм әртүрлі заттар алуға болады, егер оның тұздылығы 18‰ болса? Қызыл теңіздің 1 т суынан тұздылығы неше есе аз болады?

3. Бастауы мен сағасының координаттары бойынша өзендердің атауын анықтаңыздар (кестеге қараңыздар). Осы өзендердің сағасы қандай биіктікте орналасқанын анықтаңыздар. Өзендегі судың жылдамдығы арнасының еңістігіне тікелей байланысты орналасады.

Өзен арнасының еңістігі пункттердің арасында орналасқан (біздің жағдайымызда бастауынан сағасына дейін) екі пункт биіктігінің учаскенің ұзындығына қатынасының айырымымен анықталады. Өзен еңістігін есептеңіздер. Өзен еңістігін есептегеннен кейін, қай өзендегі ең үлкен жылдамдық қандай болуы керек екенін анықтаңыз. Өзеннің гидроэнергопотенциалына (электростанциялардың салынуы) ағыс жылдамдыңы әсер етеді ме? Неліктен?

Өзен

атауы Бастауының

координаты Сағасының

координаты Өзен

ұзындығы, км

Бастауы- ның биіктігі, м

Өзеннің еңістігі

1 2°19′05″с.е.

63°21′42″б.б. 8°34′ с.е.

60°30′ б.б. 2736 1047 2 33°26′39″ с.е.

90°56′10″ш.б. 31°23′37″с.е.

121°58′59″ш.б 6300 5600 3 1°46′15″о.е.

26°30′45″ш.б. 6°04′45″о.е.

12°27′00″ш.б.

4374 1590

4 57°15′04″ с.е.

32°28′04″ш.б.

45°41′50″с.е.

47°51′45″ш.б.

3530 228

4. Егерде әлемдік мұхиттың деңгейі 200 метрге көтерілетін болса, материктермен не болатынын елестетіп көріңіздер. Қайсы материк аз зардап шегеді және неліктен? Қандай материктер су астында қалар еді деп ойлайсыздар? Қандай мемлекеттің территориясын су басып кеткен болар еді?

5. Дүние жүзінің физикалық картасын пайдаланып, берілген көлдердің пішіні (нобайы) бойынша анықтаңыздар.

Кестені толтырыңыздар: Байкал, Гурон, Эри, Ньяса, Жоғарғы, Мичиган, Онтарио, Виктория, Виннипег, Ладога, Каспий, Танганьика, Большое Медвежье, Балқаш, Большое Невольничье.

(18)

Көл Ауданы (мың.км2) Материк

1.3 Атмосфера – Жердің ауа қабығы

Атмосфера (грекше atmos-бу, ауа, sphaira-шар) – Жерді қоршап тұрған газды (ауа) қабықша, ол салмақ күшіне қарай ғаламшардың айналып қозғалуына қатысатын геосфералардың бірі[3].

Атмосфералық ауа – әр түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң- тозаңдардан тұратын механикалық қоспа. Таза құрғақ ауаның құрамында 78,09 % азот және 20,95 % оттегі, 0,93 % аргон, 0,03% көмір қышқыл газынан тұрады. Ауаның құрамында: неон, гелий, криптон, сутегі – 0,1 %.

Өте аз мөлшерде кездеседі.

Атмосфера Жер бетіндегі өмірдің кепілі. Ол Жерді және Жер бетінде өмір сүретін органикалық дүниені ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен, сонымен бірге ірілі-ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераның өзі өте маңызды геологиялық агент (әсер) болып саналады. Ол тау жыныстарының үгілу процесінде ең басты роль атқарады. Атмосфера, сағат тіліне қарсы батыстан шығысқа қарай айналады. Айналған кезде атмосфера қабатының қалыңдығы экваторда полюстерге қарағанда көп болады. Атмосфера басқа геосфералармен жылу және ылғал айырбастауда өте тығыз байланысты.

Абсолюттік ылғалдылық (лат. Absolutus – сөзсіз, шексіздеген сөз) – белгілі бір ауа көлеміндегі су буының мөлшері, 1 м³ ауадағы су буы.

Басқаша сөзбен айтқанда ауадағы су буының тығыздығы. Граммен өлшенеді.

Салыстырмалы ылғалдылық – белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы. Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларымен қанығу мөлшерін көрсетеді. Ауа су буларымен қаныққанда cалыстырмалы ылғалдылық 100% құрайды.

Атмосфералық қысым – Жер шарын қоршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы барлық денелер мен жер бетіне түсіретін қысымы.

(19)

Күн радиациясы – күннен түсетін электромагниттік сәуле шығару ағыны.

Ауа массалары – тропосферадағы ірі ауа массасы, олардың ұзындығы бірнеше мыңдаған километрге созылады да, биіктігі тропосфе- раның ең жоғары қабатына дейін жетеді. Олар бір-бірінен темпера- туралық көрсеткіштері, ылғалдану дәрежесі бойынша ажыратылады[3].

Блок №1. Тест тапсырмалары.

1. Ультракүлгін сәулелерді ұстап қалатын атмосфераның қабаты:

А) Стратосфера В) Ионосфера С) Тропосфера Д) Мезосфера Е) Термосфера

2. Иондардың құрамы бойынша атмосфера ... бөлінеді.

А) Экзосфера және тропопауза В) Нейротосфера және ионосфера С) Стратосфера және тропосфера Д) Мезосфера және тропосфера Е) Ионосфера және тропопауза

3. Белгілі бір уақыт аралығындағы ең жоғары және ең төменгі ауа температураларының арасындағы айырма:

А) Амплитуда В) Адвекция С. Кондесация Д) Шық нүктесі Е) Ылғалдылық

4. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйіндегі ылғалды ... деп аталады.

А) Булану В) Климат

С) Жауын-шашын Д) Жел

Е) шағылысу қабілеті

5. Жер бетінің жарықты шағылыстыру қабілеті-бұл ... . А) Альбедо

В) Шашыранды радиация С) Тура радиация

Д) Жиынтық радиация Е) Фото-эффект

(20)

6. Амплитуда латын тілінде ... деген сөз:

А) Ауырлық В) Шама

С) Конденсация Д) Адвекция

Е) Мөлшер, өлшем

7. Атмосфералық қысым ... өлшенеді:

А) Флюгермен В) Барометрмен С) Гигрометрмен Д) Эхолотпен Е) Термометрмен

8. Қалыпты атмосфералық қысым:

А) 711 мм сынап бағанасы В) 722 мм сынап бағанасы С) 760 мм сынап бағанасы Д) 777 мм сынап бағанасы Е) 788 мм сынап бағанасы 9. Торричелли түтігі-бұл ... . А) Флюгер

В) Сынап барометрі С) Гигрометр

Д) Эхолот Е) Термометр

10. Атмосфералық қысым төмендейді:

А) Биіктікке көтерілгенде В) Тереңдік артақанда С) Биіктік төмендегенде Д) Уақыт өзгерістеріне

Е) Солтүстікке орын ауыстырғанда

11. Ауа массалары түзілуіне қарай ... бөлінеді:

А) Жылы және суық В) Тропиктік, қоңыржай С) Экваторлық, полярлық

Д) Арктикалық және антарктикалық Е) Вертикальды және горизонтальды F) Зоналық және азоналық

G) Континенттік және муссондық H) Муссондық және пассаттық

(21)

12. Атмосфералық фронттарды көрсетіңіздер:

А) Жылы

В) Континенттік С) Қоңыржай Д) Суық

Е) Зоналық F) Экваторлық G) Окклюзия H) Вертикальды

13. Атмосфералық қысым ... өлшенеді.

А) гектоПаскальмен В) Миллиметрмен С) Процентпен Д) Килограммен Е) Миллибармен F) Километрмен G) Джоулмен H) Тоннамен

14. Су буының конденсациялануы нәтижесінде жер бетінде пайда болатын-гидрометеорлар:

А) Шық

В) Қатты және сұйық қақ С) Жаңбыр

Д) Көктайғақ Е) Қырау F) Бұршақ G) Қар H) Қылау

15. Атмосфераның температура, ылғалдылық, қысым, жел және тағы басқа параметрлерінің таралуын анықтау:

А) Атмосфералық зондтау В) Теңіздің тереңдігін өлшеу С) Конденсация

Д) Адвекция Е) Шық нүктесі

F) Радиациялық баланс G) Абсолюттік ылғалдылық H) Салыстырмалы ылғалдылық

16. Судың газ күйінен сұйық күйге өту жағдайы:

А) Ылғалдылық В) Конденсация

(22)

С) Булану Д) Адвекция Е) Шық нүктесі F) Қуаңшылық

G) Абсолюттік ылғалдылық H) Амплитуда

17. Циклондарды көрсетіңіздер:

А) Фронтальды В) Орталық С) Тропиктік Д) Субтропиктік Е) Тұрақты

F) Антициклондар G) Термиялық

H) Жоғары көтерілген 18. Жергілікті желдер:

А) Тайфундар В) Норд

С) Бриздер Д) Қарақұйын Е) Фен

F) Боралар G) Мистраль H) Амплитуда

19. Климат түзуші факторлары болып табылады:

А) Жылу айналымы В) Күн радиациясы С) Шекаралық қабат Д) Адамның іс-әрекеті Е) Ылғал айналымы F) Эрозия

G) Циркуляция

H) Атмосфера циркуляциясы

20. Қоңыржай климаттық белдеу ... бөлінеді.

А) Теңіздік В) Экваторлық

С) Қоңыржай континенттік Д) Шұғыл континенттік Е) Тропиктік

F) Муссондық климат G) Арктикалық

(23)

H) Субтропиктік

Блок №2. Есептер мен жаттығулар.

1. Мына берілген пункттердің орташа жылдық температурасын теңіз деңгейінен есептеңіздер:

а) биіктік 3800 м, t = 4,2° С;

б) биіктік 300 м, t = 15,4°С;

в) биіктік 1152 м, t=0,3° С;

г) биіктік 764 м, t = 3,4°С;

д) биіктік 126 м, t=21,3°С.

Ескерту. Тік температуралық градиент 0,6°С тең деп есептеу қабылданған.

Шешуі:

А) биіктік 3800 м, t = 4,2° С;

Мұнда әрбір 100 метр биіктікке көтерілгенде температура – 0,6 градусқа төмендейді.

3800 : 100м = 38м

Айырма 38м х 0,60С = 22,80С 22,80С + 4,20С = 270С

Жауабы: температура теңіз деңгейінен 27 0С.

1. Таудың етегіндегі атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына тең, ал ауа температурасы -190С. Таудың шыңындағы атмосфералық қысымды анықтаңыздар, егерде ондағы ауа температурасы 130С болса.

Шешуі:

1. 190С-130С=60С

2. 60С*1000м:60С=1000м

3. 1000м:10мм сын.бағанасы*1 мм сын.бағанасы.=100 сын.бағанасы.

4. 760 мм сын.бағанасы. -100 мм сын.бағанасы.=660 мм сын.бағанасы.

Жауабы: 660 мм сын.бағанасы.

1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңыздар, егерде абсолюттік ылғалдылық 16 г/м3, ал қаныққан ылғалдылық — 24,0 г/м3 болса[4].

Шешуі:

r = q : Q *100% ,

мұнда, r – салыстырмалы ылғалдылық, q – абсолюттік ылғалдылық, Q – қанығу жағдайы.

R = 16 г/м3: 24,0 г/м3*100% =67%

Жауабы: 67%

(24)

1. Кестені толтырыңыздар:

«Беттің шағылыстыру қабілеті (Альбедо) (пайызбен (%)»:

Қар

Жапырақты орман Шөп

Қылқан жапырақты орман Құрғақ қара топырақ

Ылғалды қара топырақ Құрғақ саз балшық Поляр мұздары

5. 732,745,628,780 мм сынап бағанасына тең қысым көрсеткіштерін миллибарда жазыңыздар.

Шешуі:

Бар 750,1 мм сын. бағанасына тең.

1 мб 0,7501 мм сын. бағанасына тең.

1 мм сын. бағанасы 1,3332 мб тең.

760 мм. сын.бағанасы 1013, 25 мб тең.

732 ×1,3332=976 мб Жауабы: 976 мб

6. Көрсетілген климатограмма бойынша оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңыздар және талдау жасаңыздар.

1. 2.

3.

(25)

7. Картада бейнеленген жергілікті желдерге сипаттама беріңіздер.

1.4 Биосфера – Жердің тіршілік қабаты.

Блок №1. Тест тапсырмалары.

1. Өсімдіктердің жасыл жапырақтарында судан және атмосфера- дағы көмір қышқыл газынан хлоропластардағы хлорофилдер сіңірген күн энергиясын пайдалана отырып, органикалық қосылыстарды синтездеу процесі ...

А) ылғал айналымы В) биоөнімділік С) биоценоз D) фотосинтез E) транспирация

2. Сутегі, оттегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт жататын тірі заттың басты элементі ... деп аталады.

А) молекулалық В) биофильдік С) биосфералық D) жасушалық E) ұлпалық

3. Биоценоздың басты компоненті А) өсімдіктер

В) жануарлар С) ұсақ ағзалар D) бактериялар E) саңырауқұлақтар

4. Тірі материяның ең жоғары деңгейі ... . А) популяциялық-түрлік

В) биоценоз

(26)

С) ағзалық

D) биосфералық E) биогеоценоз

5.Суда нашар еритін, сутегі мен көміртегінен тұратын, жылуды нашар өткізетін, сондықтан қорғаныш қызметін атқаратын майлар мен май тәрізді заттар ... .

А) аминқышқылдары В) нуклеин қышқылдары С) ақуыздар

D) көмірсулар E) липидтер

6. Бактериялардың бейорганикалық қосылыстарды (аммиак, күкірт қосылыстары) тотықтыру есебінен көмірқышқыл газын сіңіруге негіздел- ген қоретену типі ... .

А) фотосинтез

В) ақуыздардың биосинтезі С) хемосинтез

D) глюкоза синтезі E) АТФ синтезі

7. Өсімдіктердің суды буландыруы ... . А) гидрогенизация

В) транспирация С) дефляция D) аккумуляция E) десукция

8. Суда тек қана өзінің төменгі бөлігімен бекитін өсімдіктер ... деп аталады.

А) суккуленттер В) сапрофиттер С) мезофиттер D) ксерофиттер E) гидрофиттер

9. Органикалық қалдықтармен қоректенетін өсімдіктер ... деп аталады.

А) симбионттар В) сапрофиттер С) паразиттер D) симбиоз

E) прокариоттар

(27)

10. Барлық Жердегі немесе берілген территориядағы фитоценоздар жиынтығы ... деп аталады.

А) өсімдік В) зооценоз

С) микробиоценоз D) биоценоз

E) биогеоценоз

11. Қазіргі уақытта жер шарындағы жануарлар әлемі төмендегідей патшалықтарға бөлінеді ... .

А) ядросыздар В) сүтқоректілер С) жануарлар D) өсімдіктер Е) бактериялар F) саңырауқұлақтар G) эукариоттар

H) көк-жасыл су балдырлары 12. Гидрофит өсімдіктер ... . А) жоңышқа

В) терек С) шетен

D) қамыс, құрақ Е) қайың

F) түймедақ G) күріш H) емен

13. Органикалық заттарды ыдырататын ағзалар редуценттерге жатады ... .

А) жасыл өсімдіктер В) қасқыр

С) қайың

D) ұсақ ағзалар Е) аю

F) тұщы су су балдырлары G) саңырауқұлақтар

H) адам

14. Тірі ағзалардың қатысуымен түзілген органогендік тау жыныстары ... .

А) гранит В) диорит

С) шымтезек (торф)

(28)

D) мәрмәр Е) газ F) габбро G) көмір H) сиенит

15. Биоценозды ... жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

А) фитоценоз В) микробоценоз С) геоценоз

D) гидроценоз Е) зооценоз F) мезоценоз G) экоценоз H) микроценоз

16. Өсімдіктер формалары қоректену жағдайы бойынша ... болып жіктеледі.

А) гиброфиттер В) сапрофиттер С) мезофиттер D) ксерофиттер Е) паразиттер F) симбионттар G) гигрофиттер H) суккуленттер

17. Мұхиттардың терең түбінде тіршілік ететін ағзалар (бентос) ... . А) құрттар

В) губкалар С) медузалар D) мшанки Е) физалия F) кораллдар G) тоған ұлулары

H) ескекаяқты шаяндар

18. Орман зонасында қышқыл топырақтардың индикаторы ... болып табылады.

А) галофиттер В) жусан

С) көкбұта D) алабота Е) бұзаубас F) қаражидек

(29)

G) мүк

H) қызамық

19. Бұл табиғат зонасы Африкада, Оңтүстік Америкада және Австралияның солтүстік-батысында таралған, ол үшін ылғал және құрғақ кезеңдердің ауысуы тән, қатты жапырақты өсімдіктерден тұрады.

А) шөл зонасы В) саванна зонасы С) дала зонасы D) тундра зонасы Е) тайга зонасы

F) ылғалды экваторлық ормандар зонасы G) орманды тундра

H) арктикалық шөл зонасы

20. Тұзды топырақтардың индикаторы ... болып табылады.

А) қышқыл қымыздық В) бұзаубас

С) аюқұлақ

D) дала жалбызы Е) көкпек

F) жусан

G) европа жарықгүлі H) тобылғы

Блок №2. Есептер мен жаттығулар.

Тапсырма1.

Төменде көрсетілген жер бетіндегі экожүйелердің қоректік тізбегіне сипаттама беріңіздер. Жайылымдық және детриттік қоректік тізбекке мысал келтіріңіздер.

(30)

Тапсырма 2.

Кестені толтырыңыздар: «Фотосинтездің сатылары»

Параметрлері Жарық фазасы Қараңғы фазасы

Тапсырма 3. Берілген кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыздар:

Эра/кезең Тірі табиғаттың дамуы

Басталуы (млн.жыл)

Ұзақтығы (млн.жыл) Кайнозой

Антропоген Төрттік Мезозой Бор Юра Триас

70 Сүтқоректілер

Палеозой Перм Карбон Девон Силур Ордовикй Кембрий

50-60 350

Балықтар

Протерозой 1800-1900

Архей Тіршілік

формасының басталуы

(31)

2. ЛАНДШАФТТАНУ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ 2.1 Ландшафт – геожүйелер

Ландшафттың компоненттері- бұл оның бөлігін құрайтын географиялық қабықтың жекелеген сфералары: литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера.

Литосфера фрагменттері-тау жыныстары, атмосфера-ауа, гидро- сфера-жер беті және жер асты сулары, биосфера-өсімдіктер мен жа- нуарлар болып табылады. Өлі табиғат компоненттері – геом, ал тірі табиғат компоненттері- биом (биота) деп аталады. Олардың өзара әрекетінің өнімі-топырақ, ол да ландшафттың компоненті болып табылады[8,9].

Ландшафт құрылысы – бұл территориялық бөліктер (көлденең құрылыс) немесе элементтердің (тік құрылыс), оның компоненттерінің орналасу реті. Ландшафт құрылысы заттар мен энергияның дифферен- циациясында кеңістіктік үрдістердің (тік және көлденең) біртекті еместігін көрсетеді.

Аймақтық кешендердің таксономиялық жүйесінің Ф.Н. Мильков (1970) ұсынған аймақтық геожүйенің таксономиялық қатары бар:

1. Материк – жан-жағынан мұхиттар және теңіздермен қоршалған, оротектоникалық және ландшафтты-белдеулік құрылылымды құрлықтың ірі бөлігі;

2. Белдеу – географиялық қабықтағы ең ірі зоналық бөлімшелер.

Жылу мен ылғал, ауа массаларының айналымы, биохимиялық және геоморфологиялық процестердің өзіндік көрсеткіштері мен ырғақтылығының ортақ ерекшеліктерімен сипатталады;

3.Ел – территорияның геологиялық-геоморфологиялық бірлігін, макроклиматтық процестердің жалпылығын, ландшафттың биіктік белдеулері мен ендік зоналылығын анықтауды сипаттайтын материктің бөлігі;

4. Зона – жылу, ылғал режимінің бірдей болуына байланысты топы- рақ жамылғысы, өсімдіктер жіне жануарлар дүниесі мен экзогенді гео- морфологиялық процесінің сипаты бірдей болып келетін ландшафттың жүйесі;

5. Провинция – өсімдіктер, топырақ және басқа да ландшафттың компоненттері сипатына геологиялық-геоморфологиялық жағдайы және бойлық-климаттық ерекшеліктері шегіндегі физикалық-географиялық зонаның ірі бөлігі;

6. Аудан – бұл географиялық жағдайы жалпы күрделенген және тарихи дамуы бар, құрамдас бөліктері мен географиялық процестері біртұтас, яғни төменгі рангқа бағынатын территориялық тұтастық пен ішкі бірлігі бар бұл күрделі жүйе. Физикалық-географиялық аудандар таулы физикалық-географиялық облыс немесе провинция бөлігіне тән биік ландшафттық белдеулерді қамтуы мүмкін[10].

(32)

Блок №1. Тест тапсырмалары.

1.«Ландшафтоведение и физико-географическое районирование»

оқулығының авторы.

А) Солнцев Н.А.

В) Исаченко А.Г.

С) Арманд Д.Л.

Д) Сукачев В.Н.

Е) Григорьев А.А.

2. Ландшафт геохимиясының негізін салған ... . А) Солнцев Н.А.

В) Исаченко А.Г.

С) Полынов Б.Б.

Д) Сукачев В.Н.

Е) Григорьев АА.

3. «Ландшафт – ерекше локальды геожүйелерден тұратын зоналық және азоналық белгілері бойынша біртекті генетикалық геожүйе» деп анықтаған автор

А) Солнцев Н.А.

В) Исаченко А.Г.

С) Полынов Б.Б.

Д) Сукачев В.Н.

Е) Григорьев АА.

4. Жер бедері мен топырақ жамылғысын түзетін жыныс құрамында, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын территориялық табиғат кешенін ... деп атайды.

А) Фация В) Қоныс С) қонысша Д) ел

Е) Облыс

5. Ландшафттағы болып жатқан өзгерістерді сипаттайтын түсініктердің бірі ... .

А)Динамика В) Стуртура С) Генезис

Д) Өзін-өзі реттеу Е) Тұрақтылық

(33)

6. Геожүйенің тұрақты ерекше белгілерінің жиынтығы және оған беріліп отырған жүйені басқа жүйелерден айырып отыруға мүмкіндік береді, сапалы белгілілік және өзіндік қасиеті болады,

А) Инвариант В) Стуртура С) Генезис

Д) Өзін-өзі реттеу Е) Тұрақтылық

7. Географиялық зерттеулер шегінде бөлінбейтін, өлшенген, оқшауланған жеке материалдық объект ... деп аталады.

А) геожүйенің тұтастығы В) геожүйенің динамикасы С) геожүйенің стуртурасы Д) геожүйенің элементі

Е) геожүйенің өзін-өзі реттеуі

8. Қазіргі заманғы Жердің ландшафттары ... байланыстарынан тұрады.

А) абиотикалық және биотикалық компоненттер.

В) Биологиялық айналым С) Биоты

Д) Климат және топырақ Е) Су және ауа

9. Ландшафттың абиотикалық компоненттері болып табылады А) геологиялық фундамент

В) жер бедері (рельеф) С) өсімдік

Д) жануарлар әлемі Е) өзендер

F) су буы G) шаң H) климат

10 Ландшафттардың өзгеруінің нақты себебі, бұл- :

A) климаттың біртіндеп зоналық немесе секторлық өзгеруі B) адамның іс-әрекеті

C) ұсақ ағзалардың әсері

D) биіктіктің теңіз деңгейінен шұғыл өзгеруі E) Инерциялық тұрақтылық

F) беткейдің түзілуінің ауысуы G) Атмосфералық жауын-шашын

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Гидрооқшаулау жер асты ғимараттарын ішкі көлемін капилляр, грунт және жер беті сулары өтіп кетуінен қоршау конструкциялары арқылы қорғайды, сондай- ақ

Ақын өзі ұнатқан қызға да, айналасындағы жаны жақын адамдарға да, туған жер мен атамекенге де, аспан мен жерге де, су мен отқа да, талға да, сол талдан құлап

Жер мен Көк тартты бəрі көп күйініш [8; 31], — деп жырланса, келесі бір жерінде тағы да:.. Басын кескен жерінен төгілді қан,

Альтернативті энергетикаға геотермалдық энергетика, жел энергетика, су энергетикасы, сығылған табиғи газ, мұхит- теңіз суының температура айырмашылығы

Атап айтқанда, әлемдік қауымдастықтың саяси және экономикалық өмірінің барлық арнасын қамтитын көп қырлы халықаралық ұйымдардың қызметін, және Қазақстанның

Жезқазған — жанымдағы мөлдір өлең, — деп өзі жырлағандай, жер мен ақын бір тектес, бір туған.. Сырлы өзен

– Гидросфера, дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.. –

– Гидросфера, дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.. –