• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақстан Республикасында жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау шартын құқықтық реттеудің кейбір мəселелері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Қазақстан Республикасында жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау шартын құқықтық реттеудің кейбір мəселелері"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

9. Абилова М.Н. Соотношение понятий «нормы, запрещающие обход закона», «императивные нормы», «оговорка о пуб- личном порядке» // Ответственность в гражданском праве: Материалы междунар. науч.-практ. конф. (в рамках цивили- стических чтений). Алматы, 22–23 мая 2006 г. / Отв. ред. М.К.Сулейменов. — Алматы: НИИ частного права КазГЮУ, 2006. — С. 389–392.

10. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. 2-е изд., испр. и доп., с использованием судебной практики / Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. — Алматы: Жетi жаргы, 2003. — 832 с.

11. Международное частное право. Современные проблемы. — М.: ТЕИС, 1994. — 507 с.

12. Кудашкин В.В. Актуальные вопросы доктрины императивных норм, имеющих особое значение, в международном частном праве // Справочная правовая система «КонсультантПлюс» от 14.04.2004 г. // www.consultant.ru

ƏОЖ 347.463 (574)

Қазақстан Республикасында жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау шартын құқықтық реттеудің кейбір мəселелері

Акимжанова М.Т., Ильясова Г.А.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Статья посвящена исследованию правовых вопросов по регулированию договора перевозки пассажи- ров и грузов в Республике Казахстан и отграничению данного договора от смежных договорных обя- зательств. Автором проведен анализ законодательства, регулирующего отношения, возникающие ме- жду перевозчиком и потребителем его услуг (пассажиром). Приведены точки зрения авторов по пово- ду правовой природы и элементов договора перевозки пассажиров и грузов.

This article devoted of research of law questions of regulation the contract of transportations of passengers and cargo in Republic of Kazakhstan and differences of the given contract from adjacent treaty obligations. In article is carried out the analysis of the legislation, regulating the relations arising between carrier and the consumer of its services (passengers), characterized the points of view of authors concerning the legal nature and elements of contract of transportations of passengers and cargo.

Көліктік шарттар жүйесінде жолаушыларды тасымалдау шартының орны бөлек. Күнделікті өмірде бұл шарт ең қолданбалы маңызға ие, себебі көптеген адамдар жұмыс орындарына, демалыс жерлеріне, іссапарларға барар кезде, əр түрлі көліктік қызметтерді пайдаланады.

«Жолаушы» жəне «тасымалдау» ұғымдарының құқықтық мазмұнын анықтау қажет. Əр түрлі құ- қықтық ахуалдарда осы ұғымдардың мазмұны тұрақты болып табылмайды. «Тасымалдау» ұғымы кө- ліктік, сонымен қатар құқықтық тұрғыда қолданылады. Біріншіден, тасымалдау — көлік құралын пайдалану арқылы жолаушының (немесе жүктің) кеңістікте қозғалысы бойынша техникалық жəне технологиялық əрекет. Екіншіден, тасымалдау дегеніміз — азаматтық заңнамамен реттелетін, ерекше шарттық қатынастар.

Жолаушыларды тасымалдауды үш түрге бөлуге болады:

– ақылы жəне ақысыз қызмет ретінде орындалатын жолаушыларды тасымалдау. Осындай қыз-

меттердің үлгісі бұл жолаушыларды автобустар, таксомоторлар, теміржол жылжылмалы құрамдары, кемелер жəне əуе кемелері арқылы коммерциялық тасымалдау. Жоғарыда аталған қызметтердің қата- рына ардагерлерді оларға ұйымдастырылған мерейтойларға ақысыз жеткізуді жатқызуға болады, се- бебі ардагерлер ұйымдастырушыдан немесе тасымалдаушыдан бұл қызметті ақысыз шарттың негізін- де алады;

– əр түрлі ұйымдармен жəне басқару органдарымен қызмет ету барысында орындалатын, бірақ

құқықтық түсіну жағынан тасымалдау қызметі ретінде танылмайтын жолаушыларды тасымалдау. Бұл қызметтік-технологиялық тасымалдау деп аталады. Олардың қатарына жататын: басқару ұйымдар- дың жəне əр түрлі мекемелердің қызметкерлерін қызметтік көліктерінде тасымалдау, жұмыскерлерді жұмыс орындарына төлемақысыз жеткізу. Егерде аталған тасымалдау үшін төлемақы алынатын бол- са (мысалы, жұмыскердің еңбекақысынан ұстап қалу), бұл жолаушыларды тасымалдау қызметі бо- лып табылады;

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

– мүлкінде болған, жалға алынған, сеніп берілген көлік құралдары арқылы тұрмыста тұлғалар- мен жүзеге асырылатын жолаушыларды тасымалдауы. Аталған тасымалдаудың түрлері — отбасы мүшелерінің, туысқандарының, таныс адамдардың жəне тағы басқалардың жол жүрулері (сапарлары) жəне жолаушыларды осылай тасымалдаудың басты құқықтық ерекшелігі ретінде коммерциялық не- гіздің жоқтығы жəне жеке мүдделердің қанағаттандырылуы табылады.

Жолаушыға, оның қол жүгіне жəне жүктеріне зиян келтірген жағдайларда тасымалдаушыға та- сымалдаудың түрімен байланысты белгілі жауапкершілік туындайды.

Өз кезегінде, жолаушы да құқықтық жəне технологиялық аспектілерінде қарастыруға жатады.

Бірінші кезекте, жолаушы бұл тасымалдаудың объектісі немесе «тірі зат» ретінде танылады. Екінші кезекте, жолаушы — тасымалдаушымен пайда болған алуан құқықтық қатынастардың қатысушысы.

Осындай қатынастар əр түрлі салдарды туғызады жəне азаматтық, əкімшілік, қылмыстық жəне еңбек заңнамаларымен реттеледі.

Қызметті көрсету барысында жолаушы ретінде тасымалдау жөнінде осы қызметті тікелей алушы болып табылатын жеке тұлға танылады. Яғни, жүру құжаты бар, көліктік құралында тасымалдана- тын, бірақ осы көліктің қызметтік экипажының құрамына кірмейтін тұлға.

Көлік құралындағы экипаждың өзге де мүшелері жəне тасымалдау үшін бағыттық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар жолаушылардың қатарына жатпайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 690-бабына сəйкес, жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тапсыр- ған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді жəне оны теңдеме жүкті алуға құқық бе- рілген адамға беруге міндеттенеді, жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде — теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді [1].

Бұл шарт — тасымалдау жөніндегі міндеттемелердің бір түрі. Қазақстан Республикасының Аза- маттық кодексінің 34-тарауында жəне Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 40-тарауында осы шарт тасымалдаудың өзге де шарттарының арасында аталған (жүктерді тасымалдау, фрахт жүргі- зу).

Жолаушыларды тасымалдау шарты — дербес азаматтық-құқықтық шарт. Жолаушыларды тасы- малдау шарты мен жүктерді тасымалдау шартының арасындағы байланысын Х.И.Шварц келесідей белгілейді: «Бұл екі шарт өз орындарында болып, тасымалдау қызметін көрсету жөніндегі қатынас- тарды реттейді» [2]. Жүктерді тасымалдау шартының пəні сияқты жолаушыларды тасымалдау шар- тының пəні ретінде көліктік қызметтер танылады, яғни, адамдарды (жолаушыларды) басқа жерге тасу жөніндегі қызметтер. Осы шарттың көмегімен көліктің ең басты қызметі іске асырылады, халықтың ауыспалылық мұқтаждары қанағаттандырылады. Демек, жолаушыларды тасымалдау шартының бас- ты мазмұны тасымалдаушы жолаушыны жəне оның қол жүктерін баратын мекеніне жеткізу міндеті

[3]. Бұл осы шарттардың арасындағы ұқсастығы. Бірақ тасымалдауға жататын объектілердің сипаты

бойынша аталған шарттар бір-бірінен ажыратылады. Жүктерді тасымалдау шартының объектісі — материалдық объект — жүк (көптеген жағдайларда — тауар). Керісінше, жолаушыларды жəне жүк- терді тасымалдау шарты жеке тұлғаның — жолаушының, ал кейбір жағдайларда оның жүгін тасы- малдау жөнінде пайда болатын қатынастарды реттейді. Сонымен, тасымалдаушымен қызмет көрсету- дің тұтынушысы болып жолаушы табылады. Сондықтан жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау- мен байланысты қатынастарға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, көліктік заңдардан, ережелерден басқа, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының За- ңы да қолданылады. Жолаушыларды тасымалдау шартында қызметті тұтынушы ретінде тек қана же- ке тұлғалар бола алады.

Цивилист-ғалымдардың арасында жолаушыларды тасымалдау шарты жəне жүктерді тасымалдау шарты екі дербес шарттар ретінде қарастырылады. Ресей цивилисті О.Н.Садиковтің пікірі бойынша, жолаушыларды тасымалдау шарты бұл азаматтық-құқықтық шарттардың дербес түрі болып табыла- ды жəне «жолаушымен бірге қол жүктерін (жолаушының жеке иеленген заттарын) де тасымалдау бойынша шарттың мазмұны жүктерді тасымалдау бойынша талаптармен толықтырылады» [4].

С.С.Ушаковтың ойынша, жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау шарты — бұл жолаушылар- ды да, жүктерді де тасымалдау туралы талаптарды ұсынатын азаматтық-құқықтық шарттардың жеке дербес түрі [5]. М.Д.Блатнов осыған орай «бір-бірімен байланысы жоқ жолаушыларды тасымалдау шарты жəне жүктерді тасымалдау шарты — екі дербес шарттар» деген тұжырымға келген. Өз ойын шарттарды жасасу айырмашылықтарымен, шарттардың құжатты рəсімделуімен, тараптардың құқық- тары мен міндеттерінде жəне аталған шарттар бойынша жауапкершілігімен негіздейді [6].

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

Сонымен, О.Н.Садиковтың пікірі дұрыс деп есептейміз, өйткені жүктерді тасымалдау міндеті пайда болуы үшін, құқықтық факті ретінде танылатын қосымша келісім қажет. Демек, тасымалдаушы мен жолаушының арасында пайда болған күрделі келісімі тағы да бір құқықпен жəне оған жүкті та- сымалдау міндетімен толықтырылады. Егер де негізгі шарт жол жүру құжатымен рəсімделетін болса, қосымша келісім жүкті тасымалдауға алғанын растайтын жүк шот-түбіртегімен куəландырылады.

Көріп отырғанымыздай, жолаушыны тасымалдаудың негізгі шарты — консенсуалды шарт. Та- раптардың келісімге келген уақытынан бастап пайда болып, ол жол жүру құжатымен рəсімделеді. Та- сымалдаушының жүкті тасымалдау жөніндегі міндеті жəне осындай тасымалдауды талап ету құқығы нақты болып табылады. Олардың пайда болуы үшін, тасымалдаушыға жүк шот-түбіртегімен растал- ған жəне жолаушының жол жүру құжатында белгісі (штемпель) бар жүкті беру қажет. Жүкті тасы- малдаушыға жүктің жүру мекенінде немесе жол бойы тапсырғанына қарамастан, жолаушымен жол жүруі құжатын көрсеткен кезде ғана тапсырылады. Жүк жолаушының баратын мекеніне жетпей жа- тып, қайтарылуы мүмкін. Жүктің қайтарылуы жолаушыны тасымалдау міндетін тоқтатпайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шартын бөлек бапта қарастырады. Аталған шарт тұтынушылық шарттардың қатарына жатады. Тасы- малдаушы ретінде бұл қатынастарға коммерциялық ұйымдар (кəсіпкерлер) қатысады. Жолаушылар- ды жəне жүктерді тасымалдау шартын жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты деп тану- ға болады. Ол үшін тиісті коммерциялық ұйым заң, ережелер немесе лицензия (патент) жүзінде, кез келген тұлғаның жолдануы бойынша осындай тасымалдауды жүзеге асыруға тиіс. Азаматтық кодекс- тің 695-бабының 2-тармақшасына сəйкес, жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты жария шарт болып табылады. Тасымалдау шартының тұтынушылық сипаты оның жариялылығын белгілейді жəне жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шартының нормаларын белгілейді.

Тасымалдау шартының тұтынушылық сипаты жолаушыларды тасымалдау шартын да ерекше нақтылайды. Жолаушының кез келген көлiк түрiне жəне жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытында билет сатып алуға жəне сатып алған билетiне сəйкес орын алуға құқығы бар. ҚР АҚ 387-ба- бына сəйкес, бұл орынның категориясымен де, көлік құралындағы белгіленген орнымен қатысты.

Жолаушының поезда жүруіне тыйым салыну жəне оны поездан түсіріп тастау мына жағдайларда жол беріледі:

а) көлік құралында бос орындар болмаған жағдайда;

б) ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, Үкіметтің қаулысы бойынша жолаушыларды тасымалдау тоқтатылғанда;

в) жол жүру барысында мас күйінде болып, қоғамдық тəртіпті бұзып, басқа жолаушылардың ма- засын алса;

г) жолаушы тиісті көлік түрінде əрекет ететін ережелерге бағынбаған жағдайларда.

Жолаушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тасымалдың тікелей шарттары ғана емес, сонымен қатар тиісті қосымша қызмет жəне қажетті инфрақұрылымның бар болуы да маңызды [7].

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен байланысты операцияларды орындауға ашық стан- циялар осы операцияларды орындауды қамтамасыз ететін талаптарға сай болу керек. Вокзалдарда би- лет кассалары болуы керек, тасымалдың мөлшеріне байланысты жүктерді қабылдау жəне беру, сақ- тау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзит жолаушыларына, ана мен балаға арнал- ған демалыс бөлмесі, ресторан жəне тамақтану орындары, тағы басқа жайлары жабдықталуы қажет.

Жолаушыларды тасымалдау шарты ақылы шарттардың қатарына жатады. Жол құжатын (билет) сатып алған кезде, жолаушы тасымалға ақы төлеу міндетін орындайды, жүктерді тапсырған кезде оларды тасымалдау үшін жеке ақы төлейді. Жалпы пайдаланыстағы көлік пен жүктерді, жолаушы- ларды тасымалдауға ақы төлеу мөлшері көлік туралы заң актілерінде белгіленген тəртіппен бекітіл- ген тарифтер негізінде айқындалады. Жоғарыда айтылғандай, жүктерді тасымалдау сияқты көліктік заңнамасында тарифтердің айқын тəртібі əлі белгіленбеген. Темір жолы көлігін санамағанда, қалаара- лық жəне қалалық бағыттарында жүктерді жəне жолаушыларды тасымалдау кезіндегі тарифтердің реттелуі заңмен анықталған тəртіпте жүзеге асырылады.

Жолаушы құқықтарының басты кепілдемелерінің бірі — тасымалдаудан, яғни шартты орындау- дан, бас тартуы. Жолаушымен алдын ала тапсырған жол құжаттарының ақысы тасымалдаушымен қайтарылып беріледі. Бұл ережелер көліктің барлық түрлерінде əрекет етеді. Шарт жолаушының бас- тамасы бойынша тоқтатылған кезде, көліктік ұйымдар (шарттың тоқталған уақытымен байланысты) белгілі бір ақша сомасын ұстап қалады. Ұстап қалудың мақсаты шығындарды өтеу емес, ол шартты орындаудан біржақты бас тартқан үшін алдын ала жарияланған тұрақсыздық айыбын өтеу.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

Егер де тасымалдаудан тасымалдаушы бас тартатын болса, ол өз есебінен жолаушыны баратын мекеніне жеткізуге немесе шарттың тоқтатылуымен байланысты барлық шығындарды өтеуге міндет- тенеді.

Тасымалдау төлемдерін төлеген кезде жолаушылардың белгілі бір санаттарына артықшылықтар көрсетіледі. Жолаушылардың кейбір категориялары тасымалдау үшін төлеуден ҚР Заңдарымен, ал қалалық жəне жергілікті бағыттағы көлікте — жергілікті атқарушылық органдардың шешімімен боса- тылады. Артықшылықтар мен жеңілдіктерді көрсеткені үшін көліктік ұйымы бұл шығындарды тиісті бюджеттің қаражаттары арқылы жүзеге асырады.

ҚР АҚ 698-бабына сəйкес, тасымалдаушы теңдеме жүктерін, жолаушыны тиісті пунктке көлік туралы заң актілерінде айқындалған белгіленген мерзімде, ал бұл мерзімдер көзделмеген болса, қи- сынды мерзімде жеткізуге міндеттенеді. Жолаушы мен жүктің келу жəне кету мерзімдері тиісті кө- ліктік ұйымдардың жүру кестелері бойынша белгіленеді.

Жолаушы жолда аялдаған кезде қалалық жəне қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк тү- рiне билеттiң күшiн 10 тəулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялда- ған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы.

Жолаушыда тасымалдаудың барлық түрлерінде көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымал- даушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге жəне тасымалдау үшiн төленген со- маны қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тəртiбi көліктік ережелерімен белгіленеді.

Егерде жолаушы поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүру билетін тапсыр- са, жол жүру құнының толық құнын алады, ал 24 сағаттан аз уақыт қалғанда, бірақ поездың жөнелті- луіне дейін 6 сағат қалғанда тапсырып, билеттің құнын жəне плацкарт құнының 50 пайызын алады.

Поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз жəне поезд жөнелтілгеннен кейін 3 сағаттан аспайтын уақытта тапсырса, билеттің құнын алады, ал плацкарттың құны ұсталынып қалады.

Бірақ барлық жағдайларда тасымалдаудан бас тартуы бұл билетті сатып алған тұлғаның құқығы ретінде танылады, сəйкесінше, ол үшін ешқандай санкциялар қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жолаушының кез келген көліктегі басты құқық- тарын анықтайды. Осы құқықтардың əрқайсысы нақтылана отырып, көлік туралы нормативтік акті- лермен жəне оларға сəйкес белгіленген көліктің белгілі түріне қатысты тасымалдау ережелерімен то- лықтырылады.

Мысалы, жолаушы:

 əуе көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз жəне iшкi су жолы көлiктерiнде, қалаа- ралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық жəне қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей, 2 жасқа дейiнгi бiр баланы əуе көлiгiнде, оған жеке орын бермей тегiн алып жүруге немесе, халықаралық тасымалдарды қоспағанда, əуе көлiгiнде 2 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттi оның толық құнының 50 процентiн төлей отырып, сатып алуға;

 белгіленген нормалардың шегінде (олар көліктің кейбір түрлерінде əрекет ететін жолаушылар- ды жəне жүктерді тасымалдау туралы ережелерімен қарастырылады) өзімен бірге қол жүгiн те- гiн алып жүруге;

 тариф бойынша ақы төлеп, теңдеме жүкті тасымалдауға тапсыруға құқылы.

Аталған басты құқықтардан басқа көліктік заңнамасымен жолаушының қосымша құқықтары да қарастырылған (мысалы, науқастануына немесе қайғылы оқиғаға байланысты поезға кешіккен жағ- дайда, жол жүру құжаты (билет) алынған поезд жөнелтілгеннен кейінгі 3 тəулік ішінде емдеу-меди- циналық мекеме берген құжат негізінде қайтарылады, жолаушы жол жүру құжатын (билет) қосымша плацкарт ақысын төлеп, басқа поезға жаңарта алады немесе плацкарт құны шегерілген жол жүру құ- нын қайтарып ала алады жəне т.б).

Ал егер де жолаушының міндеттері туралы айтатын болсақ, тасымалдау үшін ақыны төлегеннен басқа, қоғамдық тəртiптi, жолаушы вагондарын жəне вокзал үй-жайларын пайдалану ережелерiн сақ- тауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға мiндеттi.

Көліктік заңнамада теңдеме жүк деп жолаушымен бірге тасымалданатын (арнайы жүк жинала- тын бөлімде), не жолаушыдан бөлек теңдеме жүктер тиелетін бөлімдерінде орналастырылатын, белгі- лі бір көлемнен (мөлшерден) жəне салмақтан аспайтын заттар танылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 690-бабына сəйкес, теңдеме жүкті тасымал- дау шарты бойынша, жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекен- ге жеткізуді жəне оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді, жолаушы жо-

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

лына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде — теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Тең- деме жүкті тасымалдауға құқықтың негізі болып жолаушыларды тасымалдау шартын жасасу табыла- ды. Сондықтан теңдеме жүкті тасымалдау шарты жолаушыларды тасымалдау шартына қатысты тəуелді жəне қосымша сипатта болады.

Теңдеме жүкті тасымалдау шарты оны тасымалдауға қабылданған сəттен бастап жасалған деп есептеледі, яғни нақты шарт болып табылады. Теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдау теңдеме жүктің түбіртегімен (жетон, үзіндімен) рəсімделеді. Бірақ бұл құжат жолаушыларды тасымалдау шартының əрқашанда жазбаша нысаны болып табылмайды. Əдетте ол тек қана жасалған шарттың болуын куə- ландырады. Сондықтан əдебиетте бұл шарт жолаушыларды тасымалдау шарты сияқты тек қана жаз- баша нысанда жасалып қоймайды [8].

ҚР Көлік туралы Заңының 13-бабында анықталғандай, əуе көлігіндегі, қала жəне қала маңында- ғы автобус тасымалдарында тегін алып жүретін қол жүгі мен теңдеме жүктің салмағы 20 кг-нан ас- пайтын болып белгіленеді [9].

Теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының міндеті болып теңдеме жүкті уақытылы сақтаулы күйінде жеткізу жəне оны теңдеме жүкті қабылдауға уəкілетті тұлғаға тапсыру табылады. ҚР заңнамалары бойынша тасымалдаушының бұндай міндеттері Жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау ережелерінде нақтыланады.

Жолаушының теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша негізгі міндеті — теңдеме жүкті тасы- малдау ақысын төлеу. Төлемақының ставкалары тарифтермен анықталады.

Тасымалдаушы жүк-багажды келген күннен бастап 30 күн бойы, кедендік бақылауымен келген жүк-багажды 15 күн бойы сақтауға міндетті (185–186 б.) [10].

Теңдеме жүктің жетіспеушілігі, жоғалуы, зақымдануы фактілері, жолаушының талап етуі бойынша, теңдеме жүкті беру сəтінде белгіленген нысандағы актімен рəсімделінеді.

Теңдеме жүкті тапсыру кезінде жолаушымен заң бұзушылықтарға жол берілген болса, онда ол көлік құқығымен анықталған мүліктік жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, көлік заңнамала- ры бойынша, тасымалдауға тапсырылатын теңдеме жүктен тасымалдауға тыйым салынған заттар анықталса, теңдеме жүктің иесі тарифпен белгіленген əрбір теңдеме жүктің орны үшін айыппұл тө- лейді. Жолаушы сондай-ақ осындай теңдеме жүкті тасымалдағаны үшін шығын да төлейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шар- ты бойынша кінə мен талаптар қою тəртіптерін реттемейді, сондықтан оған көліктік заңнамалардың нормалары пайданылады. Сондай-ақ бұндай қатынастарға Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заңы жəне соның негізінде қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілер де қолданылады.

ҚР Көлік туралы Заныңың 17–1-бабы бойынша, тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жө- нінде талап-арыз бергенге дейін оған міндетті түрде талап қойылады. Теңдеме жүкті жеткізіп беруді кешіктіргені үшін тасымалдаушы теңдеме жүкті алушыға кешіктірген мерзімнің əрбір тəулігіне тасы- мал үшін төленген ақының 10 пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді, бірақ ол тасымалдау үшін төлене- тін ақының 50 пайызынан аспауға тиіс (18-б.) [9].

Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кінə қоюға жолаушының, жөнелтушінің (жүк жөнелтушінің), алушының (жүк алушының) құқығы бар.

Өтініш берушінің кінə қоюға құқығы бар екендігін куəландыратын құжаттар жүк тасымалдау ережелеріне сəйкес, кінə қоюға қоса тіркелуге тиіс:

1) жолаушылар поезының жөнелтілуі кідіртілген немесе ол кешігіп келген жағдайда — жол жүру құжаты (билет);

2) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткізіп беру мерзімін бұзған жағдайда — багаждың, жүк багаждың квитанциясы;

3) багаж, жүк-багаж жетіспеген, бұзылған (бүлінген) жағдайда — багаж, жүк багаж квитанция- сы мен коммерциялық акт.

Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің 33-бабының 3-бөлімінде тасы- малдау шартынан туындайтын істер бойынша айрықша соттылықты орнатады — көлік ұйымының тұрақты əрекет етуші органының мекенжайы бойынша талап қойылады [11].

ҚР Көлік туралы Заныңың 17–1-бабы бойынша, талап қою мерзімі жүкті жəне (немесе) жолау- шыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз мерзімі заңдарда белгіленген тəртіппен реттеледі делінген. Демек, аталмыш Заң көліктік заңнамаларға сілтеме жасайды. Мəселен, ҚР Темір жолы көлігі туралы Заңының 93-бабына сəйкес, жолаушыларды теңдеме жүктерді тасымал- дау шарты бойынша талаптың ескіру мерзімі алты ай деп белгіленген.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

Сонымен, жоғарыда қарастырылып өтілген ғалым-заңгерлердің тұжырымды көзқарастарын зерт- теп, нормативтік-құқықтық актілер мен құқық қолдану тəжірибесінің материалдарына талдау жүргі- зіп, келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

Жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау шарты жүктерді тасымалдау шартымен са- ластырғанда заңды табиғаты бойынша өзара, ақылы жəне консенсуалды болып табылады, жасасу ны- саны — жазбаша, сəйкесінше, жол жүру құжатымен жəне жүк-багаждың квитанциясымен расталады.

Жаңашылық ретінде қалалық көлігіндегі құжаттардың нысаны əдеттегідей жергілікті атқарушылық органдардың шешімдерімен емес, заңмен бекітілуі.

Жолаушының кассадан жол жүру құжатын, содан кейін (мүмкін, бірнеше күн өткеннен кейін) орнын алған жағдайларда жолаушыларды тасымалдау шарты консенсуалды деп сипатталады. Бірақ, басқа тəртіпке сəйкес, қала көлігінде орын алуы немесе жолаушының конклюденттік іс-əрекеттерді орындауы (турникет–автоматқа тиындарды салу) жолаушы жəне тасымалдаушының арасында осы шарттың жасалғандығы туралы мəлімдейді. Жолаушыларды тасымалдау шартының ауызша ныса- нында жасасуы да мүмкін (мəселен, жеке таксомоторларда жүрістері).

Тасымалдау жөнінде қатынастардың тиісті құқықтық регламентациясына қарамастан, бұл қаты- настарды реттейтін заңнама əлі күнге дейін толық жетілдіруіне жеткен жоқ. Сондықтан тасымалдау шартының қарастырылған түрлерін толықтыру жəне тəжірибелі қолдану мақсатында, заңнаманың жетілдіруінің келесі жолдарын ұсынамыз.

Қазақстан Республикасында тасымалдаудың кең құқықтық регламентациясы жəне арнайы заңна- маның шашыраңқылығы қолдану кезінде кейбір қиыншылықтарды туғызады. Көліктік заңдарына сəйкес қабылданатын ережелер осы заңдарды кеңейту жəне нақтыландыру үшін қажет. Бірақ арнайы заңдарда жəне ережелердегі нормалардың бəсекелестігі кезінде Қазақстан Республикасының Азамат- тық кодексі немесе арнайы көліктік заңдардағы нормаларына басымдық беріледі.

Сондықтан, көліктік қызметтердің əр түрлі салаларын кешенді қамтитын көліктік кодексті қабы- дауды ұсынамыз, себебі бұл заңнаманың шашыраңқылығын жояды жəне осы саладағы заңдарды жүйелелендіріп, бірегейлендіруге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Əдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы жəне Ерекше бөлімдері). — Алматы: ЮРИСТ, 2010. — 178-б.

2. Шварц Х.И. Правовое регулирование перевозок на автомобильном транспорте. — М.: Юрид. лит., 1966. — С. 76.

3. Витрянский В.В. Понятие и виды договора перевозки. Система договоров перевозки // Хозяйство и право. — 2001. —

№ 1. — С. 61.

4. Комментарий к Гражданскому кодексу Российской Федерации. — Ч. ІІ / Ред. О.Н.Садиков. — М.: Юрид. фирма КОН- ТРАКТ; ИНФРА-М, 1997. — С. 455.

5. Ушаков С.С. Транспорт и пассажир. — М.: Юрид. лит., 1986. — С. 56.

6. Блатнов М.Д. Пассажирские автомобильные перевозки. — М.: Юрид. лит., 1989. — С. 56.

7. Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан. — Часть Особенная: Учебник. — Т. II. — Алматы: Данекер, 2002. —С. 68.

8. Cапрыкин Ф.И. Международно-правовые проблемы использования воздушного пространства государств-участников

СНГ // Московский журнал международного права. — 1993. — № 4. — С. 16.

9. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы. — 1994. — № 15. — 20-қ.

10. Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникациялар министрінің «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, бағажды жəне жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» 18 наурыз 2004 жылғы № 122-І Бұй- рығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 16 сəуір 2004 жылы тіркелді. Тіркеу № 2810 //

www.zakon.kz/ 2011.

11. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13 шілде 1999 жылғы № 411-I Заңы // Қазақстан Республи- касы Парламентінің жаршысы. — 1999. — № 18. — 644-қ.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

«пікір айтушылар», ал келесі «сарапшылар». Оқушыларға ойынның шартын түсіндіріп, екі топтың міндеттерін айту керек. Оларға кез келген идеяны , күлкілі

Сот тəжірибесіне жүргізілген жалпылама талдаулар нəтижесінде белгілі болғандай, банк қарызы шартында клиенттің құқықтарын бұзатын жағдайлар жиі кездеседі, бұлар:

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. нормаларын қолданудың теориялық жəне тəжірибелік мəселелерін айқындау, соның негізінде заңдылықты

Тікелей аралас тасымалдау шарты бойынша оператор, көліктің əр түрлерін пайдалана отырып тікелей аралас тасымалдар құжаты бойынша жеткізу пунктіне

Қазақстан Республикасының алқа билер институтын құруда аталмыш институтты құру тəртібіне, алқа билер мен кəсіби судьялардың өкілеттіліктеріне, алқа билердің

Ақылы білім беру бүгінде қоғамда қалыпты жағдайға айналып, ақылы түрде жоғары жəне орта кəсіби білім беру, тіпті ақылы түрде орта міндетті

Шетелдердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиялары қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетел азаматтарын есепке алады,

Сонымен бірге мақалада Қазақстан Республикасында ұлттық көлік жүйесіндегі Қазақстан Республикасының көлік саласындағы ЖІӨ-нің қосылған құны, жүктерді